Қазіргі кезде елімізде егемендігімізді нығайтып, дамыған елдердің қатарына ену үшін жасалынып жатқан игі



жүктеу 0.75 Mb.

бет3/4
Дата17.05.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4

 

2.2  Өлкетану  маериалдары  арқылы  оқушыларға 

патриоттық  тәрбие  берудің    мазмұны,  формалары  мен 

әдістері 

 

  Аймақтың 

өлкетану 

материалдары 

арқылы 

оқушыларға  патриоттық  тәрбие  беру  процесінің  тиімділігі 



мынадай  педагогикалық  шарттар  кешенінің  сақталуына 

байланысты: 

-

 

оқушылардың 



патриоттық 

тәрбиеге 

тұтас 

педагогикалық процестің маңызды бөлігі ретінде қарауы



-

 

оқушыларда патриотизм туралы ұғым қалыптастыру 



және  оны  саналы  түсіну  процесінде  аймақтың  өлкетану 

материалдарымен әрекет етуін қамтамасыз ету; 



 

62 


-

 

аймақтың өлкетану материалдарымен қарым-қатынас 



жасау  процесінде  оқушыларды  шығармашылық  іс-әрекетке 

баулу; 


-

 

 тәрбие 



жұмыстарында 

аймақтың 

өлкетану 

материалдары арқылы  патриоттық бағыттылықтың әртүрлі 

формаларын белсенді пайдалану. 

Үлгіні  іске  асыру  оқу  және  оқудан  тыс  әрекет 

барысында іске асырылды. Оқу іс-әрекеті барысында негізгі 

оқу пәні алғашқы әскери даярлық пәні алынды. 

Мектепте  өткізілетін  алғашқы  әскери  даярлық  пәні 

оқушыларға 

берілетін 

әскери-патриоттық 

тәрбиенің 

тереңдеуіне, 

Отанымыздың 

саналы 


және 

белсенді 

күрескерлерін  тәрбиелеуге,  оларды  халқының  игілігі  үшін 

еңбек  етуге,  егеменді  еліміздің  мүддесін  қорғауға  даярлау 

үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.  

Алғашқы  әскери  даярлық  пәнін  оқыту  барысында 

оқушыларға  әскери-патриоттық  тәрбие  беру  негізгі  мақсат 

болып  табылады,  ал  оның  міндеттерін  былай  бөліп 

көрсетуге болады: 

жастарға 



әскери-патриоттық 

тәрбие 


беруді 

жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау; 

-  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту  және  жастардың  Отанды 

қорғауға  психологиялық  даярлығының  бірлігін  қамтамасыз 

ету; 

-  патриотты  және  азаматты  тәрбиелеу  проблемасына 



бірегей көзқарасты қалыптастыру

-  жастарға  әскери  даярлық  пен  әскери  патриоттық-

тәрбие  беруді  ұйымдастыру  мен  іске  асыруда  мемлекеттік 

органдардың ролін анықтау; 

-  жастарға  әскери  істің  негіздерін  оқытудың  түрлері 

мен әдістерін жетілдіру; 



 

63 


-  жастарда  жоғары  патриоттық  сананы,  ұлттық 

мақтаныш  сезімін,  мемлекеттің  ұлттық  мүддесін  қорғау 

бойынша  азаматтық  және  конституциялық  міндеттерді 

орындауға даярлықты қалыптастыру. 

Бұл  міндеттердің  шешімін  табу  үшін  мынадай  іс-

шаралар ұйымдастырылуы қажет: 

-  жастарды  ҚР  Ата  Заңымен,  Отан  қорғау,  ҚР  Қарулы 

Күштерінде  әскери  борышын  өтеу  туралы  Заңдармен 

таныстыру; 

- әскери істің тарихымен таныстыру; 

-  ҚР  Қарулы  Күштерінің  және  басқа  жасақтардың 

міндеттерімен, құрылымымен таныстыру; 

- азаматтық қорғаныс негіздерін оқыту

-  әскери  істің  негіздері  бойынша  практикалық 

дағдыларды қалыптастыру; 

Отан 



алдындағы 

әскери 


борышын 

өтеуге 


психологиялық даярлық беру; 

-  өлкетану  және  ізденіс  жұмыстарын,  Әскери  Даңқ 

тарихы  мектеп  мұражайларының    іс-әрекетін ұйымдастыру 

және т.б. [62]. 

Біз  мектепте  әскери-патриоттық  тәрбие  беру  ісінде 

өлкетану  материалдарын  пайдаланудың  маңыздылығына 

тоқталмақпыз. 

Өлкетану  материалдары  оқушыларды  өз  жерін,  елін-

жұртын  жете  білуге,  ата-баба  ерлігін  мақтан  тұтуға 

тәрбиелейді,  әрі  туған  өлкеге  сүйіспеншілікті,  аялы 

көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді. 

Өлкетану 

материалдарын 

оқушылардың 

әскери-

патриоттық  тәрбие  ісінде  тиімді  пайдалану  үшін  мектепте 



алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы өлкетану және 

іздестіру  жұмыстарының  секциясын  ұйымдастыру  қажет. 

Бұл  секцияның  жұмысына  туған  өлкеге  топсеруендер  мен 


 

64 


саяхаттар  ұйымдастыру,  тарихи  өлкетану  материалдарын 

жинақтау,  әскери  ескерткіштер  мен  мемориалдарды 

қамқорлыққа алу, соғыс және еңбек ардагерлерімен, әскери 

борышын  өтеп  жүрген  мектеп  түлектерімен  кездесулер 

ұйымдастыру,  олармен  үнемі  байланыс  жасап  тұру 

шаралары жатады. 

Біз  Қарағанды  қаласында  оқушыларға  әскери-

патриоттық  тәрбие  беруде  өлкетану  материалдарын 

пайдалану бойынша біршама іс-шараларды ұйымдастырып, 

олардың  тиімділігін  өз  тәжірибемізде  аңғардық.  Мәселен, 

Қарағанды  өлкесінен  шыққан  батыр  ағамыз  Нүркен 

Әбдіровтің  ерлігі  оқушыларға  әскери-патриоттық  тәрбие 

берудің аса маңызды құралы болып табылады. 

Қарағанды 

облысының 

энциклопедиясында 

Н.Әбдіровтің  жасаған  ерлігі  туралы  былай  жазылған: 

«Әбдіров  Нүркен  (1919-1942)  әскери  ұшқыш-штурмовик, 

сержант.  1943  жылы  ерлікпен  қаза  тапқаннан  кейін  Кеңес 

Одағының  батыры  атағы  берілген.  1939  жылы  Қарағанды 

автоклубының  ұшқыштар  курсын  бітіріп,  запастағы  пилот 

мамандығын  алды,  сол  жылы  Коммунистік  партия 

мүшелігіне  кандидаттыққа  қабылданды.  Қызыл  Армия 

қатарына  1940  ж.  шақырылды.  Орынбор  авиация 

училищесін  бітіргеннен  кейін  (1942  ж.)  267-ші  авиация 

дивизиясының  808-ші  полкіне  жіберілді.  Шайқаста 

ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың 

оқ-дәрі,  қару-жарақ  қоймаларын,  адам  күші  мен  ұрыс 

техникасын  жойды.  16  рет  әуе  шайқасына  қатысып, 

фашистердің  12  танкісін,  28  жүк  автомобилін,  оқ-дәрі 

тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 

зеңбірегін  және  50-ден  астам  неміс  солдаты  мен  офицерін 

құртты.  17-жауынгерлік  тапсырмасын  алған  (19.12.1942  ж) 

Н.Әбдіров  жаудың  Сталинград  шебіне  енетін  Боков-



 

65 


Пономаревка 

ауданындағы 

қорғаныс 

бекінісі 

мен 

шоғырланған  танкілерін  жою  үшін  әуеге  көтерілді. 



Тапсырманы  орындау  кезінде  Н.Әбдіров  бірнеше  дзотты, 

зенит  артиллериясының  2  нүктесін,  6  танкті  жойды,  бірақ 

өзінің самолеті де зақымданды. Жалын шарпыған самолетін 

жау  техникасы  шоғырланған  тұсқа  бағыттап,  капитан 

Н.Ф.Гастелло сияқты қаһармандықпен қаза тапты...» [63]. 

Оқушыларға  батырдың  ерлігі  негізінде  әскери-

патриоттық тәрбие ісі мынадай шараларды қамтыды: 

-

 



Н.Әбдіровтің  өмірбаяны,  өскен  ортасы  мен  туған 

жері туралы деректер жинау

-

 

Н.Әбдіровтің  ерлігі  туралы  материалдар  жинақтап, 



рефераттар мен баяндамалар дайындау; 

-

 



Н.Әбдіровтің  фотосуреттерін  жинақтап,  альбом 

дайындау; 

-

 

Н.Әбдіровтің ескерткішіне және оның есімі берілген 



орындарға саяхаттар ұйымдастыру

-

 



Н.Әбдіров  туралы  жазылған  фильмді  көруді 

ұйымдастыру; 

-

 

«Нүркен  аға  ерлігі  –  бізге  өнеге»  атты  апталық 



ұйымдастыру,  апталықтың  мазмұнына  сурет  көрмесін 

ұйымдастыру,  әскери-спорттық  ойындар  өткізу,  әртүрлі 

спорт  ойындарынан  жарыстар  өткізу,  Н.Әбдіровтің  өмір 

жолы  туралы  жерлестерімен  кездесулер  ұйымдастыру, 

әдеби-музыкалық монтаж өткізу, т.с.с. шаралар енгізілді.  

Жүргізілген іс-шаралар оқушылардың қызығушылығын 

оятып,  жерлестері  ержүрек  батыр  Н.Әбдіров  туралы  мол 

мағлұматтар  алуына  мүмкіндік  берді.  Әсіресе,  болашақ 

Отан  қорғаушыларды  23  жасар  жас  жігіттің  қайсарлығы, 

қайраттылығы  мен  батылдығы  ерекше  таңдандарып, 

олардың 

күш-қуаттарын 

жандандырды, 

бойларында 

өжеттілік, ержүректілік сезімдерін ұялатты. 


 

66 


Оқушылар Н.Әбдіровтің мәңгі өшпес ерлік жасағанына 

оның  құрметіне  1958  жылы  орнатылған  Қарағанды 

қаласындағы  ескерткіш  және  есімі  берілген  даңғылдың, 

ауылдың  және  спорт  кешенінің  атаулары  арқылы  көздерін 

жеткізді.  Отан  үшін  жанын  пида  еткен  батырдың  ерлігі 

оқушылардың 

бойында 

отансүйгіштікті 

тәрбиелеуге 

мүмкіндік берді.         

Оқушыларға  Н.Әбдіровтің  ерлігі  негізінде  әскери-

патриоттық  тәрбие  беру  жұмыстарын  ұйымдастыра  білу 

мұғалімнің  шеберлігіне  байланысты.  Мұғалім  –  оқушыға 

өнеге  болатын,    батыр  ерлігіне  құштарлық  пен 

қызығушылық  сезімдерінің  оянуына  әсер  ететін  басты 

тұлға,  сондықтан  сабақтарда,  оқушылармен  жүргізілетін 

сыныптан  тыс  жұмыстарда  Н.Әбдіров  өмірінен  нақты 

жағдаяттарды  мысалға  келтіре  отырып,  оқушылардың 

сана-сезіміне тиімді ықпал жасай білудің маңызы ерекше. 

Мәселен,  батырдың  Отаны,  халқы  үшін  жасаған  ерлік, 

батырлық  ісі  туралы  айта  отырып,  оқушыларды 

психологиялық  тұрғыдан  Отан  қорғауға  даярлауға 

болады.  Қазір  мектеп  партасында  отырғандар  үшін  Ұлы 

Жеңістің 

құнын, 

оның 


өздерінің 

әрқайсысының 

тағдырындағы,    Қазақстан  халықтарының  және  дүние 

жүзі 


халықтарының 

тағдырындағы 

мән-маңызын 

сезінудің маңызы зор. Мұны Отан қорғаушылар рухының 

күшіне, ерлігіне таңқалу және оларға шын жүректен риза 

болу  үшін  ғана  емес,  олардан  Отан  тағдыры  үшін, 

келешек  ұрпақ  тағдыры  үшін  үлкен  жауапкершілікті 

қабылдап 

алу 

үшін 


білу 

керек. 


Бұл 

олардың 


Отанымыздың  және  халқымыздың  тыныштығын  сақтау 

үшін  аталған  білімді  меңгеруінің  қажеттілігін  түсінуін 

қамтамасыз етеді.  


 

67 


Әскери-патриоттық тәрбие беру алдымен оқушылардың 

сана-сезіміне,  одан  соң  іс-әрекетін  ұйымдастыруға  ықпал 

етуден  басталатыны  белгілі.  Осы  мәселе  тарихи-

педагогикалық тұрғыда әлі де тереңірек зерттеуді қажет етіп 

отыр.  Мектеп  оқушыларын  туған  өлкесіндегі  аға  ұрпақтың 

ерлік  істері,  ата-баба  салт-дәстүрі  арқылы  адамгершілікке, 

инабаттылыққа, 

отансүйгiштікке 

тәрбиелеу 

ерекше 


маңызды  болып  табылады,  мұның  өзі  жергілікті  жерде 

мекен ететін халықтың ұлылығын, оның парасатын көрсете 

отырып,  сол  халықтың  Отанына  деген  сүйіспеншілігiн, 

патриотизмiн, еңбексүйгіштiгiн, т.б. қасиеттерін анықтайды. 

Н.Әбдіровтің ерлігі өткен ұрпақтан жаңа ұрпаққа үлгі-өнеге 

болатын  батырлық  үлгісі,  оның  өміршендігі  мен  әсерлілігі 

ұрпақтан-ұрпаққа  өмір  тәрбиесі  арқылы  жалғаса  отырып, 

адамзат  психологиясына  әсер  етеді,  жаңа  ұрпақта 

адамгершілік, патриоттық, интернационалдық сана-сезімнің 

берік сапаларын қалыптастырады.  

Аймақтың  өлкетану  материалдарын  оқушылардың 

әскери-патриоттық  тәрбиесінде  пайдалануда  тәрбиелік 

жұмыстарды  ұйымдастырудың  формалары  және  әдіс-

тәсілдерін  тиімді  таңдап  алудың  да  маңызы  зор.  Мәселен, 

ұлы  адамдардың  өмірі,  қызметі  үлгісінде  тәрбиелеудің 

әдістемесі  тақырып  тандап  ала  білу,  баяндама  әзірлеу, 

әдебиеттер  тауып  қолдану,  оқушылардың  жас  және 

психологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес  жұмыс  түрлерін 

таңдап  алу,  топсеруендер,  туристік  жорықтар,  саяхаттар, 

кездесулер, кинофильмдер көрсету сияқты жұмыс түрлерін 

қамтиды.  Осыған  орай  тәрбиелік  іс-шараларда  ескеретін 

қағидалар  -  тұжырымды  дәлелдер  келтіру,  батырлардың 

адамгершілік сапаларын көрсету. 

Ерлік  және  еңбек  дәстүрлерінде  патриоттық  тәрбие 

беру туралы соғыс жылдарындағы жеңістің кепілі - тылдағы 


 

68 


халықтың қажырлы еңбегі екенін айта келіп, жоғары сынып 

оқушыларын 

жауынгерлік 

дәстүрге 

тәрбиелеудің 

бағыттарын  танып  білу  үшін  зерттеу  және  практикалық  іс-

әрекетті 

ұйымдастыру 

керек. 

Зерттеу 


бағытында 

оқушылармен  тарихи  орындарға  экспедиция  ұйымдастыру, 

ерлік істерді көзімен көрген адамдардан естелік жазып алу, 

практикалық 

бағытта 

әскери-техникалық 

білімдерді 

меңгеруін қамтамасыз ету жүзеге асырылады.  

Оқушыларға  әскери-патриоттық  тәрбие  беруде  бірегей 

бағдарлама  болудың  маңызы  зор.  Бұл  бағдарлама  алғашқы 

әскери  даярлық  пәні  мұғалімінің  іс-әрекетін  жоспарлы 

түрде  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Соның  негізінде 

мектепте  жоғары  сынып  оқушыларымен  жүйелі  жұмыс 

түрлері  өткізіліп,  оқушыларға  әскери-патриоттық  тәрбие 

беру  мақсатқа  бағытталып  жүргізіледі  Бұл  өз  кезегінде 

оқушылардың  туған  өлкесі,  оның  байлығы  мен  тұрмысы 

туралы жан-жақты білім алуларына және туған жеріне деген 

патриоттық қатынастарын тәрбиелеуге жағдай туғызды.  

Туған 

өлкенің 


батырларының 

ерлігі 


арқылы 

оқушыларға 

патриоттық 

тәрбие 


берудің 

мынадай 


ерекшеліктерін атап өтуге болады: 

оқушылар  өз  өлкесінің  Ұлы  Отан  соғысы 



жылдарындағы тұрмыс-тіршілігімен танысады; 

-  өз өлкесінің батырларының өмірбаянымен және Отан 

үшін  жасаған  ерлігімен  таныс  болып,  оны  саналы  ой 

елегінен өткізеді; 

-  елдің  басына  қиындық  туған  шақта  Отан  үшін  тылда 

аянбай  еткен  өлкенің  біртуар  азаматтарының  патриотық 

рухтарына  бас  иіп,  олардың  ерен  еңбектерін  бағалауға 

үйренеді; 



 

69 


Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  қаламгер 

майдангерлердің  шығармашылығымен  танысып,  соғыстың 

сұрапыл жылдарындағы ел өмірінен хабардар болады

- туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктері мен мақтаныш 

сезімдері  артып,  туған  жері  мен  елі  алдындағы  перзенттік 

парызын түсінеді; 

-  өлкеде  тұратын  өзге  ұлт  өкілдеріне,  олардың  тіліне, 

мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарайтын болады; 

-  туған  жерін,  ел  намысын  қорғауға  дайындайтын 

отансүйгіштік сезімі мен санасы оянады. 

Өлке  батырларының  ерлігі  арқылы  оқушыларға 

патриоттық  тәрбие  беру  бойынша  ұжымдық  тәрбиелік 

істерді  ұйымдастыру  технологиясы  мынадай  қағидаларға 

негізделеді: 

а)  алдағы  жұмыстың  мақсатын  нақты  айқындау, 

басынан аяғына дейін толық шолу жасап шығу; 

ә)  әрбір  ұжым  мүшесінің  міндеттерін  нақты  көрсетіп 

беру; 

б) алдағы жұмысқа қажеттілердің барлығын дайындау; 



в) қол жеткізуге болатын нәтижелер мөлшерін бекіту

г)  жауапты  адамдарды  тағайындау,  есеп  беру  уақытын 

белгілеу; 

д)    әрбір  орындаушыларға  істі  жүзеге  асыру  бойынша 

нақты нұсқаулар беру. 

Ұжымдық  тәрбиелік  істерге  қатынасу  алға  қойған 

мақсатқа  жету,  жауапкершілік,  бастаған  істі  аяғына  дейін 

жеткізу  біліктілігі,  тәртіптілік,  орындаушылық  сияқты 

тұлғалақ сапаларды тәрбиелейді.   

Тәрбиелік  іс  -  бұл  тәрбиеленушілердің  нақты  іс-

әрекетін  ұйымдастырудың  және  іске  асырудың  бір  түрі. 

Оның негізгі ерекшеліктері: қажеттілігі, пайдалылығы, іске 



 

70 


асырылатындығы.  Тәрбие  процесі  өзара  қиылыспайтын 

тәрбиелік істердің тізбегінен тұрады. 

Тәрбиелік  істер  ұжымдық  және  шығармашылық 

сипатқа  ие  болады,  сондықтан  ұжымдық  тәрбиелік  істер 

немесе    ұжымдық  шығармашылық  істер  деп  аталады.  ХХ 

ғасырдың  60-жылдары  ленинградтық  педагог  И.П.Иванов 

ұжымдық  шығармашылық  іс  әдістемесін  жасады,  оның 

негізгі  мәні:  1)  бұл-қоғамдық  іс,  өйткені  ол  өз  ұжымының 

өмірі  мен  айналадағы  өмірді  жақсарту  үшін  қамқорлық 

жасайды,  жалпыға  бірдей  қуаныш  пен  игілік  әкелуге 

арналған 

практикалық 

және 

ұйымдастырушылық 



әрекеттердің  жиынтығы  болып  табылады;  2)  бұл-ұжымдық 

іс,  өйткені  ортақ  азаматтық  қамқорлық  ретінде  мұны 

оқушылар  мен  тәрбиешілер  бірлесіп  жоспарлайды, 

дайындайды,  талқылайды  және  іске  асырады;  3)  бұл-

шығармашылық 

іс, 


өйткені 

ойластырылған 

істі 

жоспарлаудың,  іске  асырудың,  істелінген  істі  бағалаудың 



негізінде 

барлық 


оқушылар 

тәрбиешілермен 

бірге 

болашаққа 



сабақ 

ала 


отырып, 

тәрбиешілердің 

басшылығымен  өмірлік  маңызды  практикалық  міндеттерді 

шешудің  жетілдірілген  жолдарын,  тәсілдерін,  құралдарын 

іздестіреді,  оның  үстіне  бұл  догмаға  айналмай,  шаблон 

бойынша  істелінбей,  әрқашан  жаңа  нұсқалар  түрінде 

көрінеді.  

Бұл  әдістеме  коммунарлық  деп  аталды,  оның  негізгі 

мақсаты  -  коллектившілдерді  (ұжымшылдықты)  тәрбиелеу 

болды.  Қазіргі  уақытта  адам  мүддесі  туралы  ұғым 

өзгергенімен,  И.П.Ивановтың  әдістемесі  өз  мәнін  жойған 

жоқ, себебі ол ересектер мен балаларды ұжымдық іс-әрекет, 

дербес 

және 


ұжымдық 

шығармашылық 

арқылы 

ынтымақтастыққа үйретуді көздейді. 



 

71 


Ұжымдық тәрбиелік істердің кезеңдері: 1)  мақсат қою 

(жағдайды  талдау,  тәрбие  мақсаттарын  айқындау);  2) 

ұжымдық  тәрбиелік  істі  ұжымды  түрде  жоспарлау;  3)  істі 

ұжымды  түрде  ұйымдастыру  және  әзірлеу;  4)  ұжымдық 

тәрбиелік істі өткізу; 5) ұжымды түрде қорытындылау (қол 

жеткізген нәтижелерді талдау). 

Ұжымдық  тәрбиелік  істерді  ұйымдастыру  барысында 

мынадай талаптарды басшылыққа алу керек: 1) әрбір ұжым 

мүшесінің  құқылары  мен  міндеттерін  нақты  анықтау, 

атқарған  жұмысы  туралы    кімге  және  қашан  есеп  беру 

тәртібін  айқындау;  2)  тәрбие  ісіне  қатынасушыларға 

мүмкіндігі  мен  ынтасы  бойынша  бір  ғана  жұмысты 

тапсыру,  бірнеше  тапсырмалармен  ауыртпалық  түсірмеу, 

істің  ерікті  екендігін  естен  шығармау;  3)  оқушылардың 

ұйымдастыру  дағдылары  қалыптаспағандығын  есепке  ала 

отырып,  жеңілден  күрделіге  принципін  негізге  алу;  4) 

балаларды  ұйымдастыру  біріккен  күшті  қажет  ететіндігін, 

күш - бірлікте екендігін түсіндіру. 

Ұжымдық  тәрбиелік  істерді  жоспарлау  ұжымның 

жалпы  жиынында  өтеді.    Жоспарлау  барысында  мынадай 

мәселелердің  түйіні  шешіледі:  Бұл  істі  кім  үшін  өткізу 

керек?  Оны қалай  жақсы  өткізу  керек?  Бүкіл  ұжым  немесе 

жекеленген  шағын  ұжымдар  (қалауы  бойынша)  немесе 

еріктілер  қатысқан  жөн  бе?  Іске  кім  басшылық  жасауы 

керек? Бұл істі қай жерде өткізген қолайлы болады?  Қашан 

өткізу керек? 

Күрделі  тәрбиелік  істерді  тізбекті  сызба  әдісімен 

жоспарлауға  болады.  Мұндай  жоспарда  көрнекі  және 

қабылдауға  жеңіл  болатындай  етіп  мақсат-міндеттерді, 

оларға  жету  жолдарын,  қатынасушыларды,  жұмыстың 

формалары мен әдістерін, аралық кезеңдерді айқын көрсету 

және  идеяны  түсіну  үшін  қосымша  ақпараттар  беру 



 

72 


көзделеді.  Тізбекті  сызбалар  көрнекі  жерге  ілінеді. 

Өткізілген бөлімдер арнайы белгімен белгіленіп отырады. 

Ұйымдастырылған  ұжымдық  тәрбиелік  істер  мектепте 

патриоттық  тәрбие  беру  мазмұнын  байытуға,  оларды 

ұйымдастыру  формалары  мен  технологиясын  жетілдіруге 

мүмкіндік  береді.  Ең  бастысы,  аймақтың  өлкетану 

материалдары  арқылы  оқушыларға  патриоттық  тәрбие 

беруде  атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан  жауынгерлік 

және  ерлік  дәстүрлерін  дәріптеу  арқылы  оқу-тәрбие 

процесін жетілдіру қажет, мұның өзі ұлттық дәстүрге берік, 

елін, 

жерін 


сүйетін 

азаматты 

тәрбиелеуге, 

яғни 


оқушылардың  бойында  туған  жеріне  деген  сүйіспеншілік 

сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Ұлы  Отан  соғысы  патриотизмнің  дамуына  өзінің  игі 

әсерін  тигізді.  Барша  халық  неміс  басқыншыларына  төтеп 

беру  үшін  бар  күш-жігерін  аямады.  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарындағы  батырлардың  жанқиярлық  өнеге  істері 

халқымыздың  ерлік  даңқын  асырды.  Отан  қорғау  жолында 

өмірін  қиған  ерлерді  еске  алып  отыруды,  әкелердің  ерлік 

істеріне  құрметпен  қарауды  жас  буынға  үйретіп  отырудың 

мәні  зор.  Сондықтан  да  оқушыларды  халқымыздың  ерлігі 

рухында тәрбиелеу бүгінгі мектептің тәрбие жұмысының басты 

саласы болуы тиіс. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  бойында  патриотизмді, 

туған  өлкесіне  сүйіспеншілікті  қалыптастыру,  олардың  іске 

асырылуы  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыруға 

тікелей байланысты. 

Сыныптан тыс жұмыс мектептегі оқу-тәрбие процесiнiң 

ажырамас  бөлiгi.  Пән  бойынша  өткізілетін  сабақтардың 

жалғасы,  толықтырушы  бола  отырып,  ол  мазмұны, 

ұйымдастыру  формасы  мен  алдына  қойған  мiндеттердi 

жүзеге  асыру  әдiстерi  тұрғысынан  өзiндiк  ерекшелiкке  ие 


 

73 


болады.  Сыныптан  тыс  жүргізілетін  жұмыстардың  түрлері 

өте көп. Бәрінің де мақсаты оқушыларға жан-жақты тәрбие 

беру,  тұлғалық  сапаларды  қалыптастыру  болып  табылады. 

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  мақсаты    -  аймақтың 

өлкетану  материалдары  арқылы  туған  өлкесін  сүйетін, 

қорғай, қадірлей білетін оқушы тұлғасын тәрбиелеу.  

Сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыруда  мынадай 

принциптер басшылыққа алынады: 

 

үздiксiздiк пен бiрiздiлiк; 



 

оқушылардың  жас  және  дербес  ерекшеліктерін 



есепке алу; 

 



жүйелiлiк пен сабақтастық; 

 



ұжымдық жұмыс формаларының үйлесiмдiлiгi; 

 



 бiлiм 

беру, 


тәрбиелеу 

және 


дамыту 

функцияларының үйлесiмдiлiгi. 

Сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастырудың  осы 

принциптерін  іске  асыру  және  бұл  салада  табысқа  жету 

үшін  жалпы  білім  беретін  мектептерде  оқу-тәрбие 

процесінің 

және 

сыныптан 



тыс 

жұмыстардың 

ұйымдастырылу  деңгейін  айқындап  алдық.  Осыған  орай 

жалпы  білім  беретін  мектептерде  сыныптан  тыс 

жұмыстарды  жүргізгенде  оқушыларға  тиянақты  білім  беру 

мен  туған  өлкесіне  сүйіспеншілігін  қалыптастырудың 

олардың  патриоттық  қасиеттерін  тәрбиелеп  қана  қоймай, 

оны өлкетану  материалдары арқылы ары қарай дамытудың 

жолдарын  іздестіріп,  сыныптан  тыс  жұмыстардың  белгілі 

бір  жүйемен  жүргізілуін  де  ойластырдық.  Аймақтың 

өлкетану  материалдарын  пайдалану  сабақ  жүйесінде  іске 

асырылумен  бірге  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстарында 

жалғасын  тауып,  сабақта  алған  білім,  білік,  дағдыларды 

толықтыруға қызмет етуі керек. 



 

74 


Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушылардың  туған 

өлкесіне 

сүйіспеншілігін 

қалыптастыру 

мұғалімнің 

тұлғалық  қасиетіне,  оның  кәсіби  білімі  мен  шеберлігіне 

және  сыныптан  тыс  қоғамдық  жұмыстарды  ұйымдастыру 

мен  жүргізу  қабілетіне  тікелей  байланысты.  Егер  осы 

қасиеттің  бәрі  бір-бірімен  ұштасып  жатса,  оқушылардың 

патриоттық сезімдерінің қалыптасуына жол ашылады. 

Оқушылардың 

туған 


өлкесіне 

сүйіспеншілігін 

қалыптастыратын  сыныптан  тыс  жүргізілетін  жұмыстарда 

мынадай міндеттерді белгілеуге болады: 

- бағдарлама бойынша берілген материалдар мазмұнын 

оқушылардың 

туған 

өлкесіне 



сүйіспеншілігін 

қалыптастыратын 

өлкетану 

материалдарымен 

байланыстыра отырып меңгерту; 

оқушылардың  туған  өлкесіне  сүйіспеншілігін 



қалыптастыру 

арқылы 


олардың 

оқу-іс 


әрекетінде 

белсенділіктерін арттыру; 

-  сыныптан  тыс  жұмыстар  өткізу  арқылы  оқушыларды 

туған өлкесіне бақылау жүргізуге үйрету; 

-  аймақтық  өлкетану  бойынша  қажетті  әдебиеттер  мен 

бұқаралық 

ақпарат 

материалдарымен, 

Интернет 

ресурстарымен жұмыс істету; 

-  сыныптан  тыс  жұмыстарды  оқушылардың  іскерлігін 

арттыратын 

педагогикалық 

білім, 


туған 

өлкесіне 

сүйіспеншілігін  қалыптастыруда  басты  орын  алатын  бағыт 

ретінде қарастыру. 

Оқушылардың 

туған 


өлкесіне 

сүйіспеншілігін 

қалыптастыратын  сыныптан  тыс  жұмыстардың  түрлері, 

өзіндік  ерекшеліктері  көп  болғанымен,  олар  мынадай 

әдістемелік талаптарды қанағаттандыруы керек: 

- сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне оқушылардың 

қатысуының тек қана ерікті түрде іске асырылуы; 


 

75 


-  сыныптан  тыс  жүргізілетін  жұмыс  түрлерінің  әр 

оқушының  ықыласына,  біліміне,  бейімділігіне,  қабілетіне, 

жас ерекшелігіне байланысты өткізілуі

-  ұйымдастырылған  қандай  да  жұмыстың  түрі 

болмасын 

оқушылардың 

белсене 

қатысуына, 

ізденімпаздығы  мен  қызығушылығын  арттыратындай 

бағытта болуы; 

-  ұйымдастырылған  жұмыстардың  әртүрлілігі  мен 

оқушылардың арасында өзара үйлесімділіктің болуы; 

-  жұмыс нәтижелі  болуы үшін оның нақты белгіленген 

күні, мерзімі, айқын кестесінің белгіленуі; 

туған 


өлкесіне 

сүйіспеншілікті 

арттыру 

жұмыстарының кешенді түрде іске асырылып отырылуы; 

-  сыныптан  тыс  жұмыстарға  оқушыларды  түгелдей 

қатыстыру жолдарының іздестірілуі. 

Мектеп 

бағдарламасы 



бойынша 

сабақтардың 

мазмұндары 

шектеулі 

болғандықтан, 

оқушылардың 

патриотизмін  қальштастыруға  қажетті  аймақтың  өлкетану 

материалдары  күнделікті  оқу  процесінің  ағымындағы 

жаңалықтарды  жан-жақты  қамти  алмайды.  Сондықтан 

сыныптан  тыс  жұмыстарда  тиімді  ұйымдастырылған 

жұмыстың  әр  түрлері  мен  өзара  үйлесім  тапқан  іс-әрекет 

қана 


оқушылардың 

патриоттық 

тәрбиелілігін 

қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Аймақтың  өлкетану  материалдары  арқылы  жоғары 

сынып  оқушыларына  патриоттық  тәрбие  берудің  негізгі 

формаларының  кейбіреулерінің  мазмұндық  сипаттамасын 

ашып көрсетейік. 

Тақырыптық көрме. 

Аймақтың  өлкетану  материалдары  арқылы  патриоттық 

(отан  сүйгіштік)  тәрбие  берудің  әсерлі  бір  түрі  - 

тақырыптық  көрме  ұйымдастыру  болып  табылады. 



 

76 


Тақырыптар әртүрлі болуы мүмкін: «Қарағанды – Ұлы Отан  

соғысы 


жылдарында», 

«Қарағандылық 

майдангер 

жазушылар»,  «Қарағанды  -  әсем  қала»,  «Құт  қонған 

Қарағанды»,  т.с.с.  Туған  өлкедегі  осындай  құндылықтарды 

көрсету  көрермендерді  көркемдікке,  ұлттық-отандық 

сүйіспеншілікке баулиды. 

Аймақтың  өлкетану  материалдарына  байланысты 

тақырыптық 

көрмелерді 

ұйымдастырудың 

мазмұны 


көбінесе, 

сынып 


жетекшісінің 

терең 


білімі 

мен 


тапқырлығына,  шеберлігіне  байланысты.  Тақырыптық 

көрменің  тақырыбы,  мазмұны,  көрмеге  қатысушылар, 

көрменің  орны,  күні  бұрын  (ең  кем  дегенде  2  аптада) 

белгіленеді. 

Көрмені 

ұйымдастырушылар

көрме 

экспонаттарын  бағалаушылар  алдында  белгіленіп,  жоғары 



бағаланған еңбек иелері марапатталады. 

Мектепте кеш өткізу дәстүрі 

Оқушылар  тәрбиелік  әсері  мол  арнайы  кеш  өткізу 

дәстүрі  қазақ  мектептерінде,  әсіресе  елуінші  жылдардан 

бері  дамып,  қалыптасты.  Мектепте  өткізілетін  кештер: 

пәндік,  тақырыптық,  мерекелік  кештер  болып  бірнеше 

салаға  бөлінеді.  Әсіресе,  мерекелік  кешті  өткізу  үшін 

көптеген  дайындық  және  ұйымдастыру  жұмыстары 

жүргізіледі.  Әрбір  кештің  дайындық  кезеңі  және  өткізу 

кезеңі  болады.  Мерекелік  кештің  дайындық  кезеңінде 

мынадай жұмыстар жүргізіледі: 1. Болатын кештің жоспары 

жасалып,  бекітіледі.  2.  Мерекелік  кештің  дайындық 

жұмыстарын  ұйымдастырушылар  белгіленіп,  олардың 

жеке-жеке міндеттері көрсетіледі. 3. Мерекелік кешке дейін 

тақырыптық  апталық  өткізіледі.  Онда  мереке  тақырыбына 

сөйкес  тәрбие  сағаттары  өтіп,  жеке  әндерге,  хорларға, 

билерге,  күйлерге,  сурет  салу  өнеріне,  сыныптық  және 

мектептік  газеттерге,  тақпақ  айту,  көркем  сөз  оқу  өнеріне, 



 

77 


шығармаларға  конкурс  жарияланып,  болатын  кеште 

олардың қорытындылары айтылады. 

Кешті  өткізу  кезеңінде:  кеш  басталғанға  дейін  түрлі 

қызықты  ойындар  ұйымдастырылады,  әділ  қазылар  алқасы 

белгіленеді, 

кештің 


құрметті 

меймандары 

орналастырылады, оған жауапты адам болады. 

Кештің  баяндау  бөлімінде  тақырыптық  түйін  сөз, 

қүттықтау  сөздер  айтылады.  Кештің  көркемдік,  негізгі 

бөлімінде  қызықты  қойылымдар  көрсетіледі,  өнерпаздар 

өнер  көрсетеді.  Мысалы,  «Қазыналы  өлкем  –  Қарағанды» 

деген тақырыптық кеште Қарағанды тарихы туралы көркем 

шығармаларды  көрсетуге  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Әсіресе, 

Ә.Әбішевтің 

«Жас 

түлектер» 



романынан 

үзінді-


инценировка 

көрсету, 

жерлес 

ақындарымыз 



Қ.Аманжоловтың,  С.Ақсұңқарұлының,  С.Бексейіттің,  т.б. 

шығармаларынан  тақырыпқа  сай  үзінділерді  көркемдеп 

айту кештің тәрбиелік мәнін арттыра түседі. 

Қарағанды аймағы туралы тақырыптық, мерекелік кеш 

өткізіп, оқушылардың отан сүйгіштік сезімін арттыру үшін, 

ең  әуелі  алынған  тақырыптың  айналасында  зерттеу 

жұмыстары жүргізіледі. Мысалы,  «Қарағанды қаласындағы 

«Желтоқсан»  оқиғасы»  деген  тақырыпта  кеш  өткізу  үшін 

кешті  ұйымдастырушылар  желтоқсан  оқиғасы  туралы 

тарихи  шындықтың  мәнін    жақсы  білуге  міндетті. 

Желтоқсан  оқиғасына  қатысты  деректермен,  тарихтың 

ақтаңдақ  құпиясын  оқушыларды  (кешке  қатысушыларды) 

таныстыра білу ләзім. 

Бұл  кешті  басқарушылар  мен  бағалаушылар  (әділ 

қазылар  алқасы)  кештің  неғұрлым  қызықты  өтуі  үшін 

кештің  дайындық  апталығында,  кешті  өткізу  кезінде 

тапқырлықпен  қиялды  және  қисынды  іс-әрекет  таба  білу 

керек.  Желтоқсан  оқиғасы  туралы  түсінік,  желтоқсан 



 

78 


оқиғасына 

қатынасушылармен 

кездесулер, 

ой 


тапқыштардың 

өнер 


жарысы, 

Желтоқсан 

оқиғасы, 

тәуелсіздік  туралы  ән  айтып,  күй  тартушылардың  өнері, 

«Тәуелсіздік жаңғырығы» қойылымын сахнада көрсету, т.б. 

түрлі 


ойындар 

мен 


аудиовизуалдық 

көріністер 

оқушылардың  отансүйгіштік  сезімін,  Отанға  деген 

махаббатын  қалыптастыратындай  әсерлі  болу  керек.  Ең 

әуелі  сахнаны  еркіндік,  егемендік  болмысына  лайықтап 

безендіріп,  табиғаттың  таңғажайып  құбылыстарын  затпен 

де,  әуезбен  де  әсерлеп  көрсету  қажет.  Бұл  іске 

оқушылармен бірге мұғалімдердің бәрі  түгел  қатысу қажет 

болады.  Әсіресе,  тарих  сабағы  мен  тіл  сабағын  оқытатын 

мұғалімдер  бұл  істе  басты  роль  атқарады.  Сахнаны 

безендіру, 

ондағы 


қойылымды 

қызықты 


өткізу 

оқытушылардың  парасат  пайымдауларына  байланысты. 

Әсіресе,  көкжиектен  көкке  бойлап  Тәуелсіздіктің  келуі 

тебіренерлік текті күймен астасу керек. Өйткені, тәуелсіздік 

еркіндіктің,  теңдіктің,  бейбітшіліктің  белгісі  деген  мәнді 

білдіреді.  Тәуелсіздік  күнін  жаны  жадырап  қарсы  алатын 

адамзаттың  ақыл-ойына  әсер  ететін  әсемдікті  әсерлендіре 

көрсету үшін тапқырлық пен білімділік қажет.  

Аймақтың  өлкетану  материалдарына  байланысты 

оқушыларды  отансүйгіштікке  тәрбиелейтін  тақырыптарды 

тандап, кеш өткізуді мектептерде дәстүрге айналдыру керек. 

«Туған  жерім  менің  –  Қарағанды»,  «Жазушы,  ғалым-

әдебиеттанушы, аудармашы Сейділ Талжановтың туғанына 

100  жыл»,  «Ерлік  -  ел  мұраты»,  «Өткеннен  өнеге  қалған», 

«Отан  -  оттан  ыстық»,  «Қалың  елім  –  қазағым»,  «Елім  деп 

туған  ерлер»,  т.б.  тақырыптарда  кеш  өткізіп,  кештің 

отансүйгіштікке тәрбиелейтін әсерлі сәттерін тапқырлықпен 

қисынды қиыстыруға болады. 



 

79 


Сонымен қатар пәндік кештердің мазмұн-мағынасын да 

аймақтың 

өлкетану 

материалдарының 

тәрбиелік 

тәсілдерімен  толықтырып,  оны  қызықты,  әсерлі  өткізуге 

болады.  Өйткені,  өлкетану  барлық  пәндермен  байланысты. 

Оны  ойлап,  тани  білу  ұстаздың  ұлағаттығы  мен 

жауапкершілігіне, шеберлігіне байланысты.  

 

Тақырыптық газет 



Аймақтың  өлкетану  материалдарының  патриоттық 

төрбие  берудегі  мәнін  оқу-тәрбие  ісіне  пайдаланудың    бір 

тәсілі    мұғалімнің  көркем    плакат,    кесте  жасап,  газет 

шығаруды ұйымдастыруынан көрінеді. 

Кесте  қисынды  (логикалық)  жүйе  мен  көркем  жасалу 

қажет. 


Мысалы, 

«Қарағанды 

жылнамасы» 

деген 


тақырыптың  мазмұнын  түйіндеп  көрсететін  кесте  әр  жылы 

болған  оқиғалардың  мәнін  ашатындай  болуы  керек.  Кесте 

түрлі  түсті  қаламмен  көрнекті  және  ұқыпты  жасалуға  тиіс. 

Оны  ең  әуелі  мұғалімнің  өзі  жасай  біліп,  одан  соң 

оқушыларға 

кесте 


жасай 

білуді 


үйрету 

керек. 


Мүмкіндігінше,  көрнекі  құралдарды  сурет  өнерінен  білімі, 

дарыны  бар,  іскер  адамның  жасағаны  тиімді  де  әсерлі 

болады.  

Плакат  жасап,  оны  отансүйгіштік  тәрбие  ісіне 

пайдаланудың да тәсілдері мен мән-мағынасы бар. Мысалы, 

«Отан - оттан ыстық», «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі», 

«Отаның үшін отқа түс  –күймейсің»,  «Басқа елдің сұлтаны 

болғанша,  өз  еліңнің  ұлтаны  бол»  деген  сияқты 

мақалдардан  көрнекі  плакаттар  жасап,  көз  түсетін 

орындарға  іліп  қоюға  болады.  Әртүрлі  тақырыптарға 

осындай  плакаттарды  ұқыпты  жасап,  оларды  оқу-тәрбие 

ісінде қисынды пайдаланудың  мәні зор. 



 

80 


Плакатты  көбінесе,  мұғалім  мен  оқушылар  бірлесіп 

жасайды,  содан  кейін  белгілі  бір  тақырыптарда  (әуелі 

дәптерге,  содан  кейін  арнайы  ақ  қағаздарға)  оқушылардың 

плакат  жасауын  талап  еткен  жөн.  Әрине,  ол  үшін  мұғалім 

оқушыларға 

плакат 


жасаудың 

жолын 


үйретеді, 

дағдыландырады, ол істі дәстүрге айналдырады. 

Кесте  «ірі  блок»  тәсілімен  білімді  бекіту,  тәрбие  ісін 

әсерлі  ету  үшін  де  өте  қажет  болғандықтан  мектептердегі 

оқу-тәрбие  ісінде  кесте  қолдану  ісі  кеңінен  өріс  алғаны 

дұрыс.  Ал,  плакат,  егер  жақсы  жасалса,  көбінесе  көрнекі 

жерде ілулі тұрады да, оқушылардың көзіне көбірек көрініп, 

ондағы  өнегелі  сөздер,  ғылыми  түйіндер  әрбір  шәкірттің 

есінде  қалады.  Плакат,  көбінесе,  бейнелі  суреттермен, 

шешендік,  өнегелі  түйінді  сөздермен  безендіріледі. 

Сондықтан  оны  жасаушының  білімі,  терең,  қиялы  жоғары 

болуға тиіс. 

Плакат  -    сөз  құдіретін  түсініп,  әрі  оқып  есте 

қалдырудың  қуатты  құралы.  Оны  пайдалана  білудің 

тәлімдік тәсілдері бар. 

Газет  шығаруды  ұқыпты  ұйымдастырып,  онда 

аймақтың  өлкетану  материалдарының  тәрбиелік  мәнін 

ашатын  мақалалар  мен  безендірулердің  көркемдік  сапасын 

жауапкершілікпен 

қараудың 

мәні 

зор. 


Әдетте, 

жалпымектептік  тақырыптық  кеште  мектептің  жоғары 

сыныптары  «өнер  жарыстарын»  ұйымдастырып,  өз 

газеттерін  шығарады,  плакаттар  жасап,  бейнелі,  сюжетті 

суреттер салып, оны көрме ретінде көрермендерге ұсынады. 

Кешті  өткізуге  сайланған  басқарушылар  мен  әділ  қазылар 

алқасы бұл көркем жұмыстарды (газетпен қоса) ұпай қойып

бағалайды.  Сөйтіп,  әділ  қазылар  алқасының  ұйғарымы 

бойынша көркем де мәнді газеттер мен плакаттар, суреттер 

бағасын алып, марапатталады. 



 

81 


Инсценировка  және  сценарий  жасап,  оны  балалар 

сахнасы  арқылы  отансүйгіштік  тәрбие  ісіне  пайдаланудың 

күрделі әдіс-тәсілдері бар. 

Инсценировка  —  белгілі  бір  шығарманың  мазмұнын-

мәнін  көрсетуге  лайықтап,  қойылым  даярлау.  Мысалы, 

Ғ.Мұстафиннің  «Қарағанды»  романының    туған  жерді 

қадірлеуге,  отансүйгіштікке  тәрбиелейтін  мән-мәнісін 

әсерлендіре көрсету үшін сол романның арқауына лайықтап 

инценировка  даярланды.  Онда  оқиға  желісі  жүйелі 

көрсетілумен  қатар  сахналық  безендіру  мен  мизосценалық, 

әуездік,  көркемдік  табиғи  және  қиял-ғажайып,  заманға 

сәйкес техникалық, т.б. қосымша жұмыстар орындалды. 

Мектеп  сахнасының  жағдайына  байланысты  кейде 

көлемді  романның  белгілі  бір  тараулары  мен  бөлімдеріне 

инсценировка  жасалынады.  Инценировканы  тәрбие  ісіне 

тиімді  етіп  жасай  білу  үшін  мұғалімнің  драматургиялық 

білімі, ыңғайы болу керек. 

Сценарий — белгілі бір тақырып бойынша өткізу үшін 

және  тәрбие  сағаттарын  өткізуге  арналып  жасалынады. 

Мысалы, мектепте «Ер — ел үшін туады» деген тақырыпта 

кеш немесе тәрбие сағатын өткізу үшін әуелі  кешті  немесе 

сынып сағатын өткізудің жоспарын жасап алып, сол жоспар 

бойынша  сахналық  көріністердің  мазмұнын  белгіледік,  ол 

қойылымдық шығарма болды. Қойылымды сахнаға шығару 

үшін дайындық жұмыстары ұйымдастырылады. 

Пікірталас    кезінде  әркім  өз  пікірін  еркін  айтты,  теріс 

не  жеткіліксіз  пікірлер  сыналды,  айқындалды,  айтылған 

пікірдің  дұрыстығы  дәлелденіп,  пікірлесушілер  дұрыс 

шешім  жасай  отырып,  ой  қорытты.  Ой  қорыту  кезінде 

«Қырық  -  бір  жақ,  қыңыр  —  бір  жақ»  болу  -  пікірлесудің 

нөтижесі  емес.  «Қыңыр»  мен  «Қырсық»  пікірді  дұрыс, 

айқын  пікір,  яғни  шындық  жеңіп  шығу  керек.  Ол  үшін 



 

82 


дәлелдеу,  айқындау  тәсілдері  неғұрлым  ұғынықты  және 

қисынды 


болуға 

тиіс. 


Пікірталасты 

ұйымдастыру 

барысында  шындыққа  жету  тәсілдері  (анықтау,  дәлелдеу) 

қолданылды. 

Конкурс  өткізу  тәсілі  -  оқушылардың  өнерпаздық, 

білгірлік  қабілеттерін  арттыру  үшін  ұйымдастырылады. 

Конкурс  белгілі  бір  тақырып  бойынша  жарияланады, 

конкурстың  мақсаты  айқын  көрсетіледі,  дайындық  және 

өткізу мерзімдері белгіленеді, оны ұйымдастырушылар, әділ 

қазылар  алқасы  бұл  жұмысқа  аса  жауапкершілікпен  қарап, 

мазмұнын жан-жақты зерттеп, жақсы білуге міндетті. 

Мысалы,  туған  өлкені  сүюге  арналған  халық 

мақалдарын жинаушылар конкурсын ұйымдастыру  арқылы 

оқушылардың  ізденімпаздылығы,  отан  сүйгіштігі  артады, 

Отансүйгіштік  тақырыбына  шығарылған  мақал-мәтелдерді 

жинауда  оқушылардың  бір-бірінен  «айнытпай»  көшіріп 

алуы  сияқты  «оңай  жол»  іздеушілер  болса,  олардың 

келеңсіз  іс-әрекеттері  қатты  сыналып,  баға  қоюда,  ұпай 

жинауда ол ескеріледі. Ал «Қарағандым-туған жерім» және 

«Қарағанды туралы өлеңдер мен әндерді айту» конкурсында 

әрбір  оқушының  өз  дарыны  айқын  көрініп  тұрады.  Ондай 

жағдайда 

әділқазылар 

алқасы, 


тәрбиеші 

ұстаздар 

өнерпаздарға әділ бағасын бере білуге міндетті. 

Әрбір конкурс (өнер жарысы, білім жарысы, т.б.) өткен 

сайын  оның  қорытындылары  жарияланып,  конкурста  озып 

шыққандар  марапатталып  отырылды.  Конкурста  озып 

шыққандарды  марапаттау  ісі  сол  озаттардың  одан  әрі  де 

ынта-жігерін  арттыру  мақсатында  болу  керек.  Яғни,  сол 

озаттың оза беруіне марапат-тірлікті тізгін болуға тиіс. 

Оқушылар 

конференциясын 

өткізу 


дөстүрінің 

оқушылардың  отансүйгіштік  тәлім-тәрбиесі  үшін  де  мәні 

зор.  Танымдық  дәрістері,  Қарағанды  туралы  әңгімелер, 


 

83 


повестер мен романдардан үзінділер, поэмалар мен аңыздар, 

мақалалар 

баспасөз 

беттерінде, 

баспалар 

арқылы 


жариялануда. Осы көркем әдебиет туындыларын оқушылар 

арасында  кеңінен  насихаттап,  оқушылар  конферециясын 

белгілі  бір  тақырыптың  айналасында  немесе  нақтылы  бір 

тақырып  бойынша  оқушылар  конференциясын  өткізуге 

болады. Ол үшін оқушылар конференциясының тақырыбы, 

уақыты,  оны  басқарушылар  және  конференцияны  өткізу 

жоспары түзіледі. 

Мысалы,  «Туған  жердей  жер  болмас,  туған  елдей  ел 

болмас»  деген  тақырыпта  конференция  үшін  оқушылар 

Қарағанды тарихы, табиғаты, білімі мен ғылымы, өнері мен 

мәдениеті  бойынша  баяндамалар  жасап,  өзара  пікірлесті, 

өлеңдер  оқып,  әндер  айтып  соңында,  қойылым  қойып, 

белгілі  тақырып  бойынша  оқыған-тоқығандарын  есте 

қалдырып, тәлім алды. 

Оқушылар  конференциясы  кезінде  өлкетану  туралы 

шығарманы  талқылап,  талдап,  баға  беріп,  қорытынды 

пікірлер  айтумен  қатар  өлкетану  материалдарының 

өркениетті мәдени үрдістері туралы пікірлесу тәсілдері   де 

қолданылды,  тақырып  бойынша  шығармалар,  кітаптар 

көрмесі  ұйымдастырылып,  газет  шығарылды,  іскерлер 

марапатталды. 

Сыныптан          тыс          уақытта        оқушылардың  

патриотизмін 

қалыптастыруда 

топсеруендер 

мен 


танымжорықтардың  маңызы  ерекше.  Осының  негізінде   

өлкетану жұмыстары атқарылады.    

Топсеруен  -  тарихи  ескерткіштер  мен  табиғи 

көріністерді  әсерлене  көріп,  тәлім  алудың  іс-әрекеттік 

құралы.  Аймақтың  өлкетану  материалдарын  бағалай  біліп, 

бағдарлы  тәлім  алу  үшін  оның  тарихын,  мәдени  негіздерін 

көзбен көріп, құлақпен естудің тәлім-тәрбиелік мәні зор. 


 

84 


Тарихи  мұражайларға  барып,  ондағы  өлкетануға 

байланысты  экспонаттармен  танысып,  көркем  суреттерді 

көру  арқылы  оқушылар  қаламыздың  ертеден  дамып  келе 

жатқан  мәнді  де,  сәнді  мәдени  үрдістерін  өз  көздерімен 

көріп,  таныды,  білді,  өркениетті  озық  мәдени  үлгілерді 

үйренуге ықыластанды. 

Топсеруеннің пәндік, тақырыптық жөне саяхаттық тағы 

да  басқа  түрлерін,  оны  өткізу  уақыттары,  орны  мен 

мазмүны оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. 

Топсеруеннің негізгі көзі табиғи және қоғамдық объект 

болып табылады. Топсеруен арқылы туған өлкенің қасиетті 

де  көрікті  орындарын  танып-білуге,  соның  негізінде  ел 

тарихы мен жер тарихы, табиғаты туралы терең білім алуға 

мүмкіндік  туады.  Қарағанды  аймағына  жоғары  сынып 

оқушыларымен арнайы құрылған жоспар (кесте 1)

 

бойынша 



топсеруендер  ұйымдастырып,  оқушылардың      туған 

өлкесімен  тікелей  байланыста  болуын,  оның  қыр-сырын, 

құбылыстары  мен  заңдылықтарын,  табиғи  объектілерін 

анықтауға,  оқушылардың  дала  жағдайындағы  іскерлігін, 

атамекен  жайындағы  білімдерін  арттыруға  жағдай  жасауға 

болады. 


 

Кесте 1 – Жоғары сынып оқушыларымен ұйымдастырылатын 

топсеруендердің жоспары 

 

р/с  Топсеруендердің мазмұны 



Қарағанды  облысының  мемлекеттік  мұрағатына  бару, 

құжаттармен  танысу,  мұрағат  материалдарын  оқып-

үйрену 


Қарағанды  облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайына 

бару, тақырыптық кештерге, көрмелерге қатынасу 

Археология және этнография мұражайына бару  



 

85 


1-кестенің жалғасы 

Бейнелеу  өнерінің  мұражайының  коллекцияларымен 



танысу 

Е.А.Бөкетовтың  мемориалдық  мұражайына  барып, 



ғалымның өмір жолымен танысу 

Н.Б.Гоголь  атындағы  кітапхананың  өлкетану  бөліміне 



бару,  Қарағанды  аймағы  бойынша  материалдармен 

танысу, жерлестеріміздің шығармаларын оқып-үйрену 

Туған  өлке,  яғни  Қарағанды  қаласы  туралы  тарихи-



географиялық  мәліметтерді  жинау.  Туған  жерін 

қорғау  жолында  ерлік  көрсеткен  батырлар  жайында 

мәліметтер жинастыру 

 

 



Топсеруен 

барысында 

Қарағанды 

аймағына 

байланысты  ұйымдастырылған  жұмыстар  Отанға,  туған 

жерге, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың бірден-

бір құралы болып саналады. 

Өлкетану бойынша жүргізілген жұмыстар төмендегіше 

қаралады: 

- бақылауға алынған объектілерді іріктеп алу

-  қоғамдық  объектілердің  жағдайын  саналы  да  ұқыпты 

анықтау. 

Біз  жүргізілген  топсеруен  барысында  бір-бірімен 

байланысты үш міндетті көздедік: 

1.  Туған  өлкені  сүю,  қорғау  талаптарын  ескеріп, 

оқушылардың  патриоттық  сана-сезімдерін,  сенімін  және 

мінез-құлқын қалыптастыру және дамыту. 

2.  Туған  жердің  қасиетті  орындарын  қорғауға  алу, 

қалдық  заттардан  тазарту,  қираған  жерлерді  қалпына 

келтіру, т.б. жұмыстарды жүргізу. 



 

86 


З.  Оқушылардың  іс-әрекетін дұрыс  ұйымдастыру  және 

өткізу.  

Бағдарламалық 

топсеруенді 

осы 

мақсаттағы 



оқушылардың 

туған 


жерге 

сүйіспеншіліктерін 

қалыптастыратын  сұрақтармен  толықтырып,  топсеруен 

барысында мына мәселелерді шештік: 

а) Қарағанды аймағына бақылау жүргізуді үйрету. 

ә) Өз өлкесін, Отанын терең білуге бағыттау. 

б)Жеке  адамның  туған  өлкесін  қорғаудың  тәртіп 

ережесін жасату. 

в)  Теориялық  білімді  іс-тәжірибеде,  күнделікті  мінез-

құлықтарында қолдану. 

Осыған  байланысты  сыныптардағы  топсеруенді  өткізу 

мезгілі мен мазмұнының ерекшеліктері белгіленді. 

Топсеруеннің  жоспарын  жасау,  бағдар  белгілеу,  естіп-

көру,  әңгімелесу,  ой  қорыту,  болашақ  іске  шешім  жасау 

сияқты  іс-әрекет  жүйелерін  оны  ұйымдастырушы  терең 

біліп, тегіс орындауға міндетті. 

Танымдық дәрістері - ұрпаққа өлке туралы терең білім 

берудің  қуатты  құралы.  «Қарағанды  тарихы»,  «Құқық 

негіздері»,  «Қарағандылық  батырлар»,  т.с.с.,  сабақтары 

арқылы  оқушылар  туған  өлкеміздің  тарихымен,  құқық 

негіздерімен, 

қаланың 


тұрмыс-тіршілігмен 

тереңірек 

танысып,  үйренеді,  білгенін  арттырады,  халқын  сүю  үшін, 

оның  салтын  сүйіп,  бүкіл  адамзаттық  өлкетану  негіздерін 

санасына сіңіреді. 

Ой  тапқыштар  клубы  (көңілділер  мен  ой  тапқыштар 

клубы)  -  оқушылардың  ізденімпаздығын  арттырып, 

дүниетанымын,  білімін  дамытатын  ұжымдастық.  Бұл 

ұжымдастық  тақырыптық,  пәндік,  жалпы  мектептік 

кештерде  әріптестерімен  өнер-білім  жарысына  түсіп, 

жеңіске  ие  болу  үшін  белгіленген  тақырыпқа  сәйкес 


 

87 


дайындық 

жұмыстарын 

ұйымдастырады. 

Клубқа 


қатысушылар  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  болу  үшін 

талаптанады,  дарынын,  білімін  дамыту  үшін  ізденеді, 

үйренеді. 

Қарағанды  аймағы  туралы  өлкетану  негіздерін  жақсы 

біліп,  оны  кеш  немесе  пікірталас  кезінде  әрбір  команда 

(жасақ) әдептілікпен көрсете білу керек. 

Өнер-білім  сынасу  кезінде  әрбір  команда  мүшесі 

сұраққа  жауап,  өнер  көрсету,  білімділігін  байқату 

үрдістерінен  мүдірмей  өтуге  тырысады.  Әріптестер  белгілі 

тақырыптар  бойынша  даярланады  да,  бірін-бірі  сынау 

кезінде  тосыннан  сұрақтар  қойып,  ойланбастан  іс-қимыл 

жасап, өнер көрсетеді, дарындылық нышандар байқатады. 

Көңілділер  мен  тапқыштар  клубының  өнер-білім 

сынасуындағы  озық  ерекшеліктерін  әділ-қазылар  алқасы 

дұрыс бағалап, марапаттай білуге міндетті. 

Күнтізбе туған өлкенің айтулы оқиғалары мен мейрам-

тойларын  патриоттық  тәрбиесіне  пайдалану  үшін  арнайы 

жасалынып, көркем түзілсе, оның тәрбиелік мәні зор. 

Күнтізбе  өлкетануға  лайықталып  жасалынатын  болса, 

сол  айларда  болатын  тойлар  мен  айтулы  оқиғаларға 

лайықталған  инсценировкалар  мен  сценарийлер,  қысқа 

аңыздар мен тұжырымдар, сол айларда туған қарағандылық 

белді  азаматтар  туралы,  қызықты  және  тарихи  оқиғалар 

туралы  мәліметтер  беріліп,  оқушыны  отансүйгіштікке 

тәрбиелеу мақсатқа орындалады.  

Жоғары 


сынып 

оқушыларының 

патриоттық 

тәрбиелілігін  қалыптастыру  және  дамыту  олардың  туған 

өлкесі 

туралы 


теориялық 

бiлiмiне 

байланысты 

болғандықтан, аталған проблема бойынша сыныптан тыс iс-

әрекеттiң орталығы ретiнде «Қарағандытану» атты ғылыми-

теориялық  үйiрме  ұйымдастыруға  болады,  олардың 



 

88 


жұмысына  жоғары  сынып  оқушыларының  ат  салысуын 

қадағалау  қажет.    Мектепте  үйірме  отырысы  айына  екі  рет 

өткізіліп отырады.  

Үйірме  жұмыстарында  мынадай  мүмкіндіктер  жүзеге 

асырылады: 

-оқу  процесімен  салыстырғанда  сыныптан  тыс 

жұмыстарда 

оқушылардың 

туған 

өлкеге 


сүйіспеншіліктерін қалыптастырудың мүмкіндіктері мол; 

-оқушылардың 

туған  өлкесіне  сүйіспеншілігін 

дамыта 


түсу 

үшін 


олардың 

әрқайсысының 

қызығушылықтарына  сәйкес  көзқарастары  мен  іс-әрекетін 

іске асыруға мүмкіндік жасау; 

-  оқушыларды  үйірме  жұмыстарына  қатыстыру 

арқылы  олардың  өз  бетімен  ізденуін,  өлкетануға 

қызығушылықтарын арттыру. 

Үйірме  жұмысының  негізгі  мақсаты  -  оқушылардың 

аймақтың 

өлкетану 

материалдары 

арқылы 


Отанға 

сүйіспеншіліктерін  қалыптастыру,  дамыту,  патриотизмді 

тәрбиелеу.  Осы  мақсат  мынадай  міндеттердің  шешімін 

табуды көздейді: 

- үйірме жұмысын туған өлке материалдарымен, табиғи 

ортамен тікелей байланыстыра жүзеге асыру; 

шығармашылық 



жұмыстарды 

жандандыру, 

атамекенге  деген  сүйіспеншілік  сезімін  дамыту,  білік  пен 

дағдыны қалыптастыру. 

Әсіресе, осы үйірме жұмыстары жергілікті жерде, туған 

өлке 


аясында 

жүргізілсе, 

оқушылардың 

Отанға 


сүйіспеншілігін  қалыптастыруға  жағдай  жасайды,  оларды 

сарамандық  жұмыстарда  қолданылу  жолдарын  көрсетуге 

мүмкіндік береді. 

Үйірме  жоспарында  төмендегідей  жұмыстар  мазмұны 

қарастырылған: 


 

89 


-  Отанға  деген  сүйіспеншілікті  қалыптастыратын 

өлкетану материалдарын жинақтау; 

-  Қарағандытану  арқылы  туған  өлкеге  сүйіспеншілікті 

қалыптастыратын  кештер,  апталықтар,  ұжымдық  тәрбиелік 

істер, пікірталас, т.б. іс-шаралар өткізу

- Қарағанды аймағына танымжорықтар ұйымдастыру; 

 - тарихи-мәдени аймақтарға топсеруендер жасау. 

Сонымен бірге мектепте  

Патриоттық 

тәрбиенің 

теориялық 

сипаттамасын 

ғалымдар  өмірдегі  қажеттілік  тұрғысынан  қарау  және  әр 

адамның  маңызды  өмір  сүруі  үшін  патриотизмге 

қызығушылық  құлқын  ояту  мақсатында  саралайды.  Қай 

халықтың  болмасын  мемлекет  тарапынан  ғалымдардың 

назарын  патриоттық  тәрбиені  зерттеуде  ең  ұтымды,  тиімді 

жолдарын таба білуге бағыттап және саяси жұмыстың өмір 

тіршілігінің 

тынысынан 

алшақ 

кетпей, 


сапалы 

жүргізілуімен  жалпы  тәрбие  ісіндегі  құрама  әдіс-

амалдардың  әдіснамалық  соның  ішінде,  патриоттық 

тәрбиенің  өз  мәнінде  жүзеге  асуын  қадағалап  отыру 

бағдарланады. 

Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаның, 

әлеуметтік  топтың патриоттық  іс-әрекеттерін  саналы  түрде 

меңгеріп  алудағы  талпынысын  айқындайтын  саяси-

моральдық,  кәсіптік,  психологиялық,  дене  шынықтыру 

сияқты сапаларды қалыптастыру болып табылады. 

Жоғары  сынып  оқушыларына  патриоттық  тәрбие  беру 

бағытында 

ұйымдастырылатын 

тәрбиелік 

істерге 

патриоттық 

сана-сезімді, 

білімді, 

мінез-құлықты 

қалыптастыру,  соның  негізінде  оқушыларда  қазақстандық 

және ұлттық патриотизмді тәрбиелеу жатады.  


 

90 


Жоспардағы  iс-шаралардың  мазмұны  жоғары  сынып 

оқушыларына  патриоттық  тәрбие  беруде  аймақтың 

өлкетану материалдарын тиімді пайдалануға бағытталған.  

Жоғары  сынып  оқушыларына  аймақтың  өлкетану 

материалдары 

арқылы 


патриоттық 

тәрбие 


беруге 

байланысты  тәрбиелік  шараларды  өткiзу  барысында 

төмендегiдей педагогикалық талаптар тұжырымдалды: 

-  ұйымдастырушылардың  патриоттық  тәрбие  беру 

бойынша өлкетанудан тиiмдi материалдарды пайдалануы;  

-  оқушылардың  өлкетану  материалдарын  меңгеруi, 

өзiнiң жеке шығармашылығын көрсетуi; 

-  оқушыларға  патриоттық  тәрбие  беруде  өлкетану 

материалдарын шеберлiкпен пайдалануға ұмтылуы.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

91 



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал