«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет21/49
Дата04.11.2022
өлшемі0.59 Mb.
#23286
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні
 
СӨЖ: Н. Оралбаева. 328-341 – жаттығу.
 
Қолданылатын əдебиеттер: 
А.Байтүрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. 
2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 
3. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994 
4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971. 
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 
7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 


8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992. 
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996. 
12-дəріс 
Дəріс тақырыбы:  Синтаксистік байланыс. 
Дəріс мазмұны: Салалас байланыс, сабақтас байланыс, орайлас
байланыс, аралас байланыс. Сабақтас байланыс – салалас байланыстың 
қарама-қарсы көрінісі. Сабақтас байланыс – қатар тұрған сөзтұлғалар мен 
сөйлемдердің түрлі амал-тəсілдер арқылы бір-біріне бағына жұмсалатын 
түрі. Сабақтас байланыстың көптеген жолдары сөйлемдегі сөздердің 
байланысу түрінен шығып жатады. Əдеби тілімізде сабақтас байланыстың 
қызметіне бағынған сөздер молынан ұшырасады. Мұнда синтаксистік 
бірліктердің бір-біріне иек арта, бағына байланысуы бар. Бұл байланыс 
түрінің де синтаксистің үш саласы үшін қызметі айқын. 
Орайлас байланыс – бұл екі жақты байланыс. С.Исаев пікірінше, мұнда 
салалас байланыста болатындай бірыңғайлық, тең дəрежелік немесе 
сабақтаста болатындай бағыныңқылық жоқ
8
. Екіншіден, мұндай байланыс 
түрінде бірінші сыңардан екіншіге немесе керісінше, екіншіден біріншіге 
сұрақ қоюға болады. Үшіншіден, екеуінің орнын алмастыра бересің. Ең 
ақыры, бұл салалас байланыс сияқты сөзтұлға синтаксисіне, сабақтас сияқты 
сөз тіркесі синтаксисіне қатысты емес. Қайта, сөйлем синтаксисіне, оның 
ішінде жай сөйлем синтаксисіне тікелей қатысы бар. Тек осы орайлас 
байланыс нəтижесінде ғана сөйлем түзіледі. Қараңыз: Аңшы ауыр күрсінді 
(Ғ.Мүсірепов). Асты сызылған бірліктердің алғашқысынан қайтті? сұрағы 
туындаса, соңғысынан кім? сұрағы қойылады. Мұндай қатысты сұрақ қою 
алғашқы синтаксистік нысандар бойынан табылмайды. Орайлас байланыс 
құрмалас сөйлемнің ішкі құрылым жүйесінде де болады. Мұндайда жеке 
сөйлемде кемі екі орайлас байланыс болады. Бұл оның негізгі өлшемінің бірі.

жүктеу 0.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет