«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет10/49
Дата04.11.2022
өлшемі0.59 Mb.
#23286
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні
 
 
Əдебиеттер:
1. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 
2. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994 
3. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971. 
4. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
5. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 
6. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 
7. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 
8. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992. 
9. Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. Алматы, 1981. 
10. М.Серғалиев.А.Айғабылов.О.Күлкенова. Қазіргі қазақ əдеби тілі.А.,1991. 
11.Ə.Аблақов.С.Исаев.Е.Ағманов. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен 
лексикалану процесі. Алматы, 1997. 
12.К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1972. 
13.Қазақ тілінің грамматикасы, 2-бөлім. Алматы, 1967. 
14.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. 
ОСӨЖ: Предикаттық емес қатынастар.
Анықтауыштық 
қатынас 
сын-сапалық, 
сан-мөлшерлік, 
меншіктік 
мағыналарды білдіреді. Мысалы: Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде 
қызғылт, күңгірт сəулесі бар тас шам жанып тұр (М.Əуезов). Сөйлемнің 
ішіндегі анықтауыштық қатынасқа дөңгелек, қызғылт, күңгірт сөздерінің 
жұмсалуын жатқызар едік. 
Толықтауыштық қатынас – қимылдық немесе сапалық күйдің затқа тікелей 
немесе жанама түрде ауысып түсуіне байланысты тура объектілік 
қатынастарды білдіреді. Мысалы: – Не əкелгенімді білемісің саған? 
Ойыншық машинаны алып бердім (Ш.Айтматов). Мұндағы не əкелгенімді, 
саған, машинаны сынды сөзтұлғалар толықтауыштық қатынастың көрінісі. 
Пысықтауыштық қатынас – мезгілдік, мекендік, себептік, мақсаттық, 
амалдық, сын-мөлшерлік мағыналарды білдіреді. Əсіресе, Ұйғыр көшесі 
сияқты сырт аймақтарда ұзын-ұзын барақ, жеке-жеке оңаша жай ағаш үйлер 


тіпті көп болатын (Ə.Нұршайықов). Сөйлемдегі қос сөздер мен сырт 
аймақтарда сөзтұлғаларын осындай қатынасқа жинақтауға болады. 

жүктеу 0.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет