Қазіргі қазақ қоғамы әлі күнге дейін Тәуелсіздік күнін жалпыхалықтық деңгейде



жүктеу 0.64 Mb.

бет4/6
Дата25.02.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

Ұлттық әуе компаниясы 

пилоттарының біліктілігі жоғары

Соңғы екі жыл ішінде қаржыландыруды ұлғайту арқасында «Эйр 

Астана» әуе компаниясы пилоттардың біліктілік деңгейін айтарлықтай 

шыңдауға мүмкіндік алды. Бұл – компанияның пилоттар тобының 

ҚР Парламенті Мәжілісіне жазған хатына қатысты алдын ала ресми 

мәлімдемесі. Бірақ әуе компаниясы пилоттар тобының аталған хаты 

туралы хабардар болмағандықтан, оған қатысты пікір айта алмайды.

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


Бұқаралық ақпарат құралдарының 

қазақстандық нарықты дамыту мәселелері 

бойынша жыл сайын өткізілетін медиа 

құрылтайы аясында «ҚазМұнайГаз» ұлттық 

компаниясы «Қазақстан» баспасөз клубы-

мен бірлесіп, мемлекеттік тілде шығатын 

БАҚ-тардағы экономика және өнеркәсіп 

тақырыбын дамытуға арналған дөңгелек 

үстел өткізгені биылғы құрылтай жұмысы 

жетістіктерінің бірі болды десек, асыра 

айтқандық емес шығар.

Дөңгелек үстелге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 

Басқарма төрағасының орынбасары – 

атқа 


рушы директор Болат Палымбетов, 

республикалық және аймақтық газет, 

журналдардың бас редакторлары мен 

теле-радио саласының жетекші жур-

налистері, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-

нің журналистика факультетінің оқыту-

шылары мен масс-медиа саласының басқа 

да сарап шылары қатысты. 

Олар ақпарат кеңістігіндегі қазақтілді 

бұқаралық ақпарат құралдарын әрі қарай 

дамыту үшін қандай қадамдар жасалу 

керектігі жөніндегі өз ұсыныстарымен 

бөлісті. «Айқын» газетінің бас редакторы 

Нұр төре Жүсіп: «Экономика – қиын тақы-

рып. Қиын болса да қызық тақырып. Өйт-

кені ол – өмірдің өзегі. Сондықтан оны 

қара 

пайым ұғынықты тілмен жаза білу 



керек», – деп, мемлекеттік кәсіпорын дар-

дың ұлттық баспасөзбен бірлесе жұмыс 

істеуге бет бұруы ақпараттық қауіпсіздіктің 

кепілі екенін баса айтты.

 Ал «Қазақстан» ҰТА бас директоры 

Қайнар Олжай телеарналарда жаңалық 

сипатындағы қысқа хабарлар ғана бол-

маса, бұл тақырыптың жілігін шағып, елге 

егжей-тегжейлі түсіндіретін сауатты бағ-

дарламалар жоқ, көбісі орыс тілінен сәтсіз 

аударылған өнім екенін ашына айтты. Ол: 

«Айта кететін бір жайт, «Астана» телеар-

насында берілетін «Экономика и люди» 

атты орыс тіліндегі жақсы бағдарлама осы 

«ҚазМұнайГаз» компаниясының қолдауы-

мен шығарылып жүр. Енді сол бағдар-

ламаны қазақша шығаруды қолға алу 

қажет. Жалпы, қазақ тіліндегі экономика-

лық бағдарлама телеарналарда жоқтың 

қасы. «Қазақстан» телеарнасында сырттан 

дайындалған «Капитал әліппесін» ұсынып 

жүрміз. Бірақ ол да орыс тіліндегі «Азбука 

капиталаның» сәтсіз аудармасы болып 

тұр ғаны жасырын емес», – деді.

 Ал қазақ тілінің қолданыс аясын кеңіту 

мен ақпарат алмасудағы аса маңыз 

ды 

бағыттардың бірі – қазақ интернетін 



дамыту және оның болашағы жайында 

www.abaі.kz. қазақ сайтының үйлестірушісі 

Айдос Сарым ой бөлісті. Дөңгелек үстелде 

«Алаш айнасы» газетінің бас редакторы 

Серік Жанболат: «Қазақ тіліндегі сауатты 

жасалған экономикалық түсіндірме сөздік 

шығару керек» деген тамаша ұсыныс жа-

сады. Шын мәнінде, көптеп шығып жатқан 

мардымсыз дүниелерден гөрі пайдалы әрі 

тиімді болатын сөздік шығару – орынды 

ұсыныс.

 Атырауда жарық көретін халықаралық 



«Алтын ғасыр» газетінің бас редакторы 

Жұмабай Доспанов, «Шалқар» радио-

сының жетекшісі Көпен Әмірбек, сарапшы 

Расул Жұмалы және басқалар қазақтілді 

бұқаралық ақпарат құралдарындағы эко-

но мика және өнеркәсіп тақырыбын жұрт-

шылыққа толық жеткізу үшін, жалпы, қазақ 

журналистикасын осындай тығы 

рықтан 

алып шығу үшін не істеу қажеттігі жөніндегі 



өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Өндіріс сала-

сындағы ақпараттың ашық 

тығы мен 

халыққа жеткiзiлуiнiң қол 

жетімділігінің 

төмен деңгейде екендігі де әңгімеге арқау 

болды. 

Отырыс соңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 

Басқарма төрағасының орынбасары – 

атқарушы директор 

Болат ПАЛЫМБЕТОВ: 

– Әрине, бұл алғашқы кездесуде 

бәрі бірден шешілмейді. Әлі талай 

кездесеміз. Біз экономика, бизнес, со-

ның ішінде мұ най-газ саласы туралы 

қазақ тіліндегі ма териал дардың сапасын 

тек бірлесіп қана жақсарта аламыз. Біз 

сіздердің барлық ұсыныстарыңызды 

қарауға әзірміз. Ұлттық компания қоғам 

үшін қашан да ашық, – деді.

Отырысқа жиналғандар компания 

басшылығына алғыс айтып, қуаныштарын 

жасыра алмады, өзге де осындай ірі ком-

паниялар бұл бастаманы іліп әкетеді деген 

сенім білдірді. 

Айтылған нәрсе жерде қалмай, іс 

жүзінде жүзеге асырылса екен деген үлкен 

үмітті бәріміз арқалап кеттік. 

ТӘЖІРИБЕ


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№202 (428) 20.11.2010 жыл, сенбі                      



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz



Басы 1-бетте

ҚОҒАМ


 

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Тәулікпен жұмыс істейтіндердің 

демалыс ақысы қалай есептелінеді?

ОҚИҒА


Өскеменде қар көшкіні жүрді

ТҮЙТКІЛ


Мысты қаланың мысы басылып қала ма?

Мәлік ОМАРОВ, геолог, 

«Жезқазғантүстіметалл» комбинаты, 

«Қазақмыс» корпорациясы өндірістік 

басқармасы бас директорының 

геологиялық мәселелер туралы кеңесшісі: 

– Негізінен, Жезқазғанның жерасты 

байлығы сонау сақтардың заманынан 

бері белгілі болған, бірақ қазақтардың 

алдындағы малын жаз жайлау, қыс 

қыс тауға айдап, көшпенді тұрмыс сал-

тын  кешіп жүрген тұсын пайдаланып, 

қазына байлығының игілігін өзгелер 

көрген. 1910 жылы Болл атты ағылшын 

зерттеушісі келіп, мұндағы сол байлық-

ты анықтап, Жосалыдан бері теміржол 

тартып, зауыт сала бастаған. 1916 жылы 

Байқоңыр көмір кенішін, Жезқазған 

мыс зауытын сала бастаған. 1926 жылы 

Қарсақпай зауыты басталған. Бірақ 

1928 жылы Қаныш Сәтбаев келгенше

екі-ақ бұрғылау станогы тек жазда жұ-

мыс істеп, қыста тоқтап тұратын болған. 

Қаныш келген соң станоктар саны 17-ге 

жетіп, олар қысы-жазы істейтін болған. 

Қарқынды жұмыс нәтижесінде екі жыл-

да бұл жерден миллионнан аса тонна 

пайдалы қазбалар аршып алынған. 

Жезқазғанның бүгіні мен болаша-

ғына келсек, 1916 жылдан бастап қа-

зы лып алына бастаған кен орындарының 

орта есеппен 11-12 жылға жететін қоры 

бар дейді. «Степной» кені шамамен 24 

жылға жетеді деген болжам бар. Тағы 

да сол сияқты шағын кен орындары 

бар, жерасты қоры әртүрлі уақытқа 

жетеді. 

ҮРЕЙДІ ҚАЛАЙ ҮМІТКЕ 

ЖЕҢДІРЕМІЗ?

Егер, шынында, 10-12 жылда Ұлытау-

Жезқазған өңірінде мыс түгесілер болса, 

онда тұрғындардың 65 пайызы жұмыссыз 

қалады екен. Жұмыссыздық жайлаған 

жерден елдің үдере көшетіні белгілі. Бұл 

мәселе жайлы Жезқазған қаласының әкімі, 

ұлт жанашыры Берік Әбдіғалиев былай 

деген-ді: 

– Жасыратыны жоқ, қазір жез-

қазқазғандықтардың бойында «бола-

шақ та Арқалық сияқты болып қалмай-

мыз ба?» деген де үрей бар. Олай 

бо ла тын себебі – мұндағы халықтың 

тағдыры «Қазақмыс» корпорациясымен 

өте тығыз байланысты. Мыс азайып, 

түбінде жұмыс орындарының қысқаруы 

да мүмкін. Қала қаншалықты соған 

дайын? Сондықтан таяу арадағы 10-15 

жылда қаланың корпорациядан тәуел-

сіздік алғаны дұрыс. Тәуелсіздік деген-

де, ертеңгі күні мыс қоры азайып жат-

қан да да, біз басқа өндірісті дамытуға 

дайын болуымыз керек. Мұнай өңдеу, 

битум зауытын салу немесе теміржол 

салынып, сондай экономиканың басқа 

да жақтарын дамытсақ, сонда қала 

тұрақты дамыр еді. Әйтпесе, шынында, 

Арқалықтың күйін құшып қалуымыз 

ғажап емес. 

«Қабырғасына сызат түскеннен дабыл 

қағылған үйге құлау қаупі төнбейді» деген 

екен ғұламалардың бірі. Алайда «қазанның 

түбі көрінбей, тамақ таусылды демейтіні» 

секілді, бұрғылау доғарылмайынша, үміт 

отының өшпейтіні анық. Осы орайда, сары 

уайымға батып бара жатқан Жезқазған 

жұр 

тына қолын созар «осы заманның 



Сәтбаевы» керек. Бұл «Сәтбаев» академик 

Сәтбаевтың жанқиярлық еңбегін жалғас-

тырып, ел басшылығына кен орындарын 

бірыңғай тек бұрғылай бермей, жаңа кен 

орындарын іздеу керектігіне көзін жеткізуі 

қажет. Кезінде Қаныш Имантайұлы жасаған 

картада Қазақстан жерінде 3450 кен 

ошағы көрсетілсе, соның 1478-інде мыс 

бар делінген. Мыс кенінің 400-і осы Ұлытау 

мен Жезқазған өңірінде деп көрсетілген. 

Сәтбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында 

соның барлығына емес, тіпті жүзден бір 

бөлігіне ғана бұрғы салынған. 1957 жылы 

өңірде 83 бұрғылау бригадасы жұмыс 

істеп, жылына 300-350 тоннаға дейін мыс 

және одан өзге де асбест, марганец, темір 

т.б. қазба байлық өндірілген. Бірақ 

академик өмірден озғаннан кейін жағдай 

күрт өзгеріп, бүгінде алынған мыстың орны 

толықтырылмай келе жатқанына отыз 

жылдай болыпты. Сондай-ақ жаңа кен 

ошағын іздеу жұмыстары жүргізілмеген-

діктен, 10-15 жылда Ұлытау-Жезқазған 

өңіріндегі кен таусылады деген түйін жа-

сал ған. Сондықтан қарап жатып, қайғыға 

бата бермей, бүгіннен бастап геологтер 

Сәтбаевтың еңбектері мен картасына 

жүгінер болса, онда өңірдің әлі талай 

ұрпақты азықтандыруға қуаты жетеді. 

ШАҒЫН СҰХБ

А

Т

Еліміз бойынша әрбір төртінші туылған 



нәресте оңтүстікте дүниеге келеді 

– Айша Мұхамедиқызы, жалпы, 

Түркістандағы денсаулық сақтау 

жүйесінің бүгінгі ахуалы қалай? 

Қаладағы қырым қанды қызбасы-

нан қауіптенудің реті жоқ деп толық 

айтуға бола ма?

– Әрине, қазіргі кезде қауіп сейілді. 

Деген мен қауіп жоқ екен деп, арқаны кеңге 

салуға болмайды. Бұл реттегі профилак-

тикалық жұмыстарды ұдайы жүргізіп, 

халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс 

жасай беруіміз қажет. Бұл ретте қалалық 

дәрігерлер аянбай еңбек етті. Өйткені ин-

фек циялық ауру, бірінші, дәрігерлердің 

өздеріне айтарлықтай қауіп төндіріп тұрса 

да (инфекцияның жұғуынан үш дәрігер 

қайтыс болды. — Авт), олар жұмыстарын 

тастап кетпей, аяғына дейін күресті. 

Ал енді қалалық денсаулық сақтау жүйе-

 сінің қазіргі ахуалы төңірегінде сөз қозғайтын 

болсақ, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тың  ден-

саулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлуі-

нің арқасында, Үкімет пен сала министрлі-

гінің тиімді бағдарламалар қабылдап, оны 

облыстық денсаулық сақтау басқармасы-

ның басшысы жүйелі түрде жүргізе білген-

діктен, аймақта көптеген оңды нәтижелерге 

қол жеткіздік. Облыстық денсаулық сақтау 

басқармасының басшысы Жұмағали Қа-

зы байұлы – өзі небәрі 29 жасында доктор-

лық диссертация қорғаған жас ғалым, 

медицина ғылымының докторы, профес-

сор. Медицина саласында бірнеше лауа-

зым ды қызметтерді абыроймен атқар ған 

білікті стратег басшы. Оның шебер ұйым-

дас тырушылығының  арқасында  ай мақ тың 

денсаулық сақтау жүйесі жақсарып келеді. 

Осы ретте нақты сандарға жүгінетін болсақ, 

2010 жылдың тоғыз айлық көрсеткіштері 

бойынша Түркістанда бірде-бір ана өлімі 

тіркелген жоқ. Осыдан біраз бұрын облыс 

басшысы Асқар Исабекұлы барлық 

денсаулық сақтау бөлімдеріне арнайы 

меморандум бекіткен еді. Демек, біз ме-

мо  рандумда  көрсетілген  көрсеткіш терден 

аспауымыз қажет. Егер одан жоғары бол-

сақ, онда жұмысымыздың ақсағандығы 

болып табылады. Осы тұста қалада нәресте 

өлімі 100 мың тірі туылған дарға шаққанда, 

18,6 болып тұр. Ал меморан-

дум бойын ша 19,6-дан ас-

пауымыз қа 

жет. Жү 


ректің 

иши   миялық  ау ру лары  бо-

йынша бекітіл ген меморан-

дум 88,5 болса, біз 50-де 

тұр мыз. Сондай-ақ туберку-

лезбен науқастану меморан-

дум бойын ша 57,2 болса, біз 

50,3 болып тұр мыз. Ал ту-

бер кулез бойын ша өлім жағ-

дайы меморан дум да 0,7 бо-

лып көрсетілсе, біз де ол 0,5 

болып, төмен тұр. Мұның 

бар  лығы  —  мем ле кет тік  қам-

қорлықтың әрі қолға алын ған 

бағдарла ма ның  дұрыс  ба-

ғытта  жүр гізіл гендігінің  нақ  ты 

айғағы.  Алда ғы  уа қыт  та  да 

біз  көр сет кіш терді  бұдан  да 

төмен  дәре же ге  жет   кіземіз 

деген  сенім де мін.



– Қаладағы медицина 

мекемелерінің  мате р иал дық-

техникалық базасы қанша лықты 

деңгейде? Олардың қатары жаңа 

нысандармен толығып отыр ма?

– Жақында ғана Түркістан қалалық 

орталық емханамыз толық күрделі жөндеу-

ден өтті. Оның жөндеу жұмыстарына 76 

млн теңге бөлінді. Жылдан-жылға мате-   

р иа л дық-техникалық  базаларымыз  ұлғаю-

да. Елбасымыздың 100 мектеп, 100 ауру-

хана салу жөніндегі бағдарламасына орай, 

биылдың өзінде бес медициналық мекеме 

пайдалануға берілді. Оның ішінде үшеуі 

дәрігерлік амбулатория болса, екі жаңа 

емхана іске қосылды. Барлығы жаңа ғима-

рат тарда заманауи құрал-жабдықтармен 

жабдықталған. Тағы бір қуаныштысы – 

биы л дан бастап қаладағы туберкулез дис-

пансері жаңа ғимаратқа көшпек. Олардың 

мұның алдында тұрған нысандары 54 жы л-

 дан бері келе жатқан ескі ғимарат бола-

тын. Енді ол да жаңаланды. Оның да іші 

барлық құрал-жабдықтармен, соңғы үлгі-

дегі жаңа қондырғылармен толықпақ.

Осыдан біраз бұрын Түркістанда 

қырым қанды қызбасы белең 

алды. Аталмыш індеттен бес 

адам көз жұмып, біршама 

дәрігерлердің үстінен 

қылмыстық іс қозғалды. 

Жалпы, кене нақты саны 1073 

адамды шаққанымен, аурудың 

алдын алу дер кезінде қолға 

алынғандықтан, індеттің 

таралуы ауыздықталды. Енді 

қазіргі таңдағы қаланың 

денсаулық сақтау жүйесінің 

жағдайы қалай, не жаңалық, не 

өзгерістер бар? Міне, осыларды 

білу мақсатында біз Түркістан 

қалалық емханасының бас 

дәрігері, іскер басшы Айша 

Мырзахметовамен аз-кем 

сұхбаттасқан едік. 

– Қаладағы денсаулық сақтау 

саласында маман дәрігерлер 

жетіспеушілігі сезіле ме? Жалпы, 

жас білікті кадрлардың білімін 

жетілдіру үшін оларды республика 

аймағына немесе шетелдерге оқуға

тәжірибе жинауға жіберіп 

тұрасыздар ма?

– Біздің денсаулық сақтау мекеме ле-

рімізде жұмыс атқарып жатқан жас маман-

дар жеткілікті. Өйткені таяуда ғана Шым-

кент тегі медицина факультеті бізге көшті. 

Бұл ретте біздің потенциалымыз жоғары 

тұр. Осыны біз дұрыс пайдалана білуіміз 

керек. Сонымен қатар облыстық денсаулық 

сақтау басқармасы басшысы тарапынан 

көптеген мүмкіндіктер беріліп жатыр. Лит-

вадан, Ресейден, Израильден т.б. өрке-

ниет ті елдерден білікті дәрігерлер шақы-

рылып, тәжірибе алмасулар өткізілуде. 

Жақында құрамында бөлім меңгерушісі, 

анестезиолог, реаниматолог, акушер-

гинеколог, акушері бар литвалық мамандар 

облысымызға келіп кетті. Біздер үшін мұ-

ның пайдасы орасан зор. Себебі «болмасаң 

да, ұқсап бақ» демекші, олардың озық үл-

гі лерін, іс-тәжірибелерін үйренген артық-

тық етпейді. Бүгінгі таңда облыстық денсау-

лық сақтау басқармасының басшысы 

Жұмағали Қазыбайұлы мұны уақытша 

нау қанға айналдырмай, жүйелі түрде жұ-

мыс істеуді мақсат етіп отыр. Айта кетейін, 

литвалық әріптестеріміз бірінші рет 

Қазақстанға, оның ішінде оңтүстікке келіп 

отыр. Сонымен қатар жас білікті кадрларды 

шетелде оқыту да жақсы жолға қойылып 

келеді. 


– Елбасымыз биылғы Жолдауын-

да ана мен бала өмірін қорғау, 

инфекциялық түрлі аурулардың 

алдын алу жөнінде нақты тапсыр-

ма лар берді. Бұл ретте қалада 

қандай шаралар атқарылуда?

– Негізі, еліміз бойынша әрбір төртінші 

туылған нәресте оңтүстікте дүниеге келеді. 

Оның ішінде Түркістан қаласында да 

халық 

тың саны жылдан-жылға өсуде. 



Демек, бізде туу көрсеткіші жоғары. Осы 

тұста қалада «Қауіпсіз ана» бағдарламасы 

қолға алынған. Нәрестені қалай дұрыс 

босану керек, сәбиді қалай тәрбиелеген 

дұрыс? Біз бұл жөнінде жиі конференциялар 

өткізіп, жергілікті теледидар мен басылым-

дар да ұдайы сұхбаттар жүргіземіз. Жалпы, 

Түркістан қаласының денсаулық сақтау 

жүйесі жақсарып келеді. Бұл ретте жергілік-

ті дәрігерлер халық денсаулығы үшін аян-

бай еңбек етуге әрқашан дайын.

Серік ЖҰМАБАЕВ

Айша МЫРЗАХМЕТОВА, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері: 

Жалақы тағайындауда жоғары білімім ескеріле ме?



Мен мамандығым бойынша жұмыс табылмағандықтан, мемлекеттік 

мекемеде іс жүргізуші болып қызмет жасаймын. Кеден саласы бойынша 

жоғары білімім бар. Еңбекақы төлеу кезінде университеттік дипломым ескеріле 

ме және маған G-дің қай санаты бойынша жалақы төленуі керек? 

     Маржан ЖӘҢГІРОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы 

төлеу басқармасының сарапшы мама-

нының мәліметінше, азаматтық қызмет-

шілерге еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 

желтоқсандағы  «Аза мат тық  қызмет ші лер-

ге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 

ұсталатын ұйымдардың қыз мет керлеріне, 

қа зыналық  кәсіпорын дар дың  қызмет-

керлеріне еңбекақы төлеу жүйесі тура лы» 

№ 1 400 қаулысы мен (бұдан әрі – Қаулы) 

реттеледі.

Қаулының 3-тармағына сәйкес ұйы м-

дар қызметкерлерінің лауазымдық жа ла-

қылары (ставкалары) (ЛЖ) атқа 

ра 

тын 


лауазымдарының лауазымдар санат-

тарына жатқызылуына және мамандығы 

бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған 

біліктілік разрядтарына (жұмысшылар 

үшін) қарай лауазымдық жалақыларын 

(став каларын) есептеу үшін бекітілген 

тиісті коэффициент 

терді Қазақстан 

Республи 

касының Үкіметі белгілеген 

база лық  лауа зымдық  жалақы ның  (БЛЖ) 

мөл ше ріне көбейту жолымен айқын-

далады.

Қаулымен бекітілген азаматтық қыз-



мет шілердің  (білікті  жұмысшы лар ды 

қоспағанда) санаттар бойынша лауа -

зым дарының тізіліміне сәйкес, техни-

калық орындаушыларға, соның ішінде 

іс жүргізу 

шіге еңбекақы төлеу G-14 

категориясы бойынша жүргізіле ді.

ДЕМОГРАФИЯ

«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ орта-

лық аппаратының Бухгалтерлік есептеу де-

партаментінің менеджері Әсел Махамбет-

шина – имиджілік топтың белсендісі ре тін де 

елордаға іссапармен келген компания 

қонақ тарының салтанатты және мерекелік 

шараларының ажарын кіргізіп қана қой-

май, өз ісінің маманы ретінде де кез келген 

жанның өресі жете бермейтін, таңнан қас 

қарайғанға дейін таусылып болмайтын сан 

мыңдаған цифрлардан тұратын қасаң 

есеп-қисаптарды тасқаяқтай қағыстыратын 

шебердің бірі де бірегейі. 

 Ал күйеуі Жандос та Астана пайдалану 

депосының техникалық бөлімінің бастығы 

ретінде күндіз-түні жұмыстан қолы боса-

майтын қажырлы қызметкерлердің қатары-

нан саналады. 

Құдай сұрағанға емес, барша сынақтан 

өткен жандарға ғана барлық сыйын тарта-

тын 

дығын діни ғұламалар жиі айтады. 



Десе дегендей, Жандостың шағын отба-

сын да дүние есігін ашқан Нұрлан, Рамазан, 

Сұлтан есімді сәбилер екеуінің бақытын 

еселей арттырды. 

Бүкіл уақытын ұлттық компанияның 

қайнаған аппарат жұмысына арнап келген 

жас ана Әсел сол қайрат-қажырын үшемнің 

қас-қабағына қараумен өткізеді. Қарапа-

йым аналар бір бала үшін түн ұйқысын төрт 

бөледі. Ендеше, оны үшке көбейтіп көрі-

ңіз.

Бұрын ертелі-кеш Астана локомотив 



пайдалану депосының көсегесін көгертуді 

ғана ойлайтын Жандостың ендігі жерде 

бар ойы – үйі жақта. Себебі жаңа туған ша-

қалақтардың салмағы бар-жоғы бір жарым 

келіден сәл ғана асса, жақында ғана төрт 

келіге жетісе бастады. Қазақ шақалақ қыр-

қынан шыққанға дейін өз балам деп есеп-

темейді. Күпті көңілінің ағын тек қырық 

бірінші күні ғана ақтарады. Мұсағұловтар 

отбасы да тіл-көзден, көз-сұқтан сақтанған-

дықтан, жақында ғана ұлттық компания 

өкілдеріне есік ашты. 

Ұлттық компанияда бұрыннан қалып-

тасқан дәстүр сабақтастығы, корпоративтік 

қолдау деген рәсімдер бар. Жандостың 

сәбилері Нұрлан, Рамазан, Сұлтан да одан 

құралақан емес. Біріне орауының қыртысы 

жақпай шыр етсе, қалғандары да оны қол-

дап шыға келеді. «Хорға» қосылады. Бұл, 

бір жағынан, бауырлық беймазалық. 

 – Барлығы сырт көзге бірдей секілді 

көрінгенімен, әрқайсысының мінезі әр-

түр лі, – дейді үшемнің әкесі Жандос ағы-

нан жары лып, – Сұлтан маңызды, менмен. 

Өзі не алды мен көңіл аударғанды сүйеді. 

Мама сына жақындауы – сол. Тек қана 

әже сі мен Әселдің апасы ғана уақытша 

жақын дау мүмкіндігіне ие бола алады. 

Нұрлан ты ны ш тау болғанымен, өзінің ті-

лек-тала бы ның жерде қалғанын жақтыр-

майды. Рама зан – ішіндегі пысығы, шира-

ғы.  Ол  бас  қала рынан  кішілеу,  шағындау  

әрі салмағы да бір жарым келі болды. 

Енді, керісінше, салмақ қосудан ағаларын 

басып озатын түрі бар. Түбі осы ұлымның 

жетекшілік, көшбасшылық қабілеті жоға-

ры болатын шығар. 

Әселдің тұқымында егіз тапқандар 

болғанымен, үшем тауып отырғаны – өзі. 

Үшемге отбасы мүшелері ғана емес, 

ұлттық компанияның басшылығы да ба-

рын ша қамқорлық көрсетіп бағуда. 

Күні кеше ғана жас отбасының пәтеріне 

үшемге қызмет көрсетуге үш басшы – 

«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ персоналды 

басқару және әлеуметтік жұмыстар 

жөніндегі вице-президенті Асхат Акчурин, 

әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма 

бастығы Қорлан Медиханова, Ішкі хаттама 

және бұқарамен жұмыс департаменті бас 

менеджері Алма Сәулебаева үйіп-төгіп 

базарлықтарымен барды. 

– Бұл – сіздердің ғана қуаныштарыңыз 

емес. Біз сәбилерді болашақ теміржол-

шылар деп есептейміз. Балаларыңызға 

әзір ше қоларба, киім, үшеуіне арналған 

үстел алып келдік, – дейді Асхат Акчурин. 

– Егер де компания тарапынан қандай да 

көмек қажет болып жатса, қысылмай-қым-

ты рылмай айтыңыздар. Біз сіздерге барлық 

уақытта көмек қолымызды созамыз. Әселге 

өзіне тиесілі барлық әлеуметтік жердемдері 

сақталады. 

 Тағы бір қуанарлығы, үшемнің атасы 

да, әжесі де – маман дәрігерлер. Олар 

немерелеріне туыстық сезіммен ғана емес, 

кәсіби мамандығы тұрғысында да сынай 

қарап, сәбилердің жақсы жетіліп келе жат-

қандығына ризашылықтарын білдіреді. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал