Қазір заңға өзгерістер енгізіліп, Парламент кем дегенде екі партиядан



жүктеу 0.69 Mb.

бет5/6
Дата08.03.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Белгілі режиссер Дамир Манабай 

«Лотерея» деп аталатын жаңа фильм 

түсіру үстінде. Бұл туындыны шығаруға 

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» 

киностудиясының тапсырысымен 

«Бәй  терек»  продюсерлік  орталығы 

жұмылдырылған. Фильмді түсіру 

жұмыстары биылғы наурыз айында 

басталған болатын.

Басты рөлді режиссердің өзі емес, 

жас актер Жасұлан Дінамжан сомдай-

ды. Режиссер бұл туындысында бір-екі 

сәт тік эпизодта ғана көрініп қала ды. 

Сонымен қатар фильмде Гюл Зия то ва, 

Асхат Үрпеков, Ерболат Төле ген ов, Дана 

Тұрарбек, Саттар Ерубаев, Фи 

липп 


Волошин, Мұрат Мұтұрғанов жә не әнші 

Гүлмира Ақүрпековалар ой 

н 

айды. 


Режиссердің айтуынша, жаңа ки 

но 


экранға келесі жылдың басында шы-

ғарылады деп жоспарланған. «Ло 

те-

реяны» түсіру жұмыстарының басым 



бөлігі екі ай бойы Алматы облысының 

Алдаберген ауылында жүргізілген. 

Сценарий авторы – танымал қазақ дра -

матургі Дулат Исабеков. Фильм жа-

зушының «Қашан сен есейесің?» пове-

сінің желісі бойынша түсірілуде. Бас ты 

кейіпкер – туған-туысы жоқ, ин тер натта 

тұратын 13 жасар бала. Аяқасты нан ол 

лотереядан «Волга» автокө 

лігін ұтып 

алады. Содан кейін оның айналасында 

көптеген туысы пайда болып, сол билетке 

талас-тартыс баста ла ды. Аталған туынды 

комедия жанрында түсірілуде.

ТАЛҒАМ 

Қалила ОМАРОВ, режиссер: 

Кенесарылар көлеңкеде қалды...

– Қалила аға, деректі кино сала-

сында дәл қазіргі уақытта жемісті 

еңбек етіп жүрген санаулы режиссер-

дің бірі де, бірегейі де өзіңізсіз. 

Сондықтан осы жанрдың жай-күйі, 

бағыт-бағдары туралы ойыңыз қан-

дай?

– Бүгінгі деректі кино туралы айту үшін, 

амал жоқ, оны кеңестік кезеңдегі деректі 

киномен салыстыруға тура келеді. Онсыз 

бүгінгі портрет толық ашылмайды. Бұл 

ретте кеңес өкіметі өз идеологиясына қыз-

мет ететін шығармашылық ұжымдарды, 

өнер қайраткерлерін өте жақсы пайда лан-

ды. Және соларға барлық жағдайды 

жасап, өздерінің идеологиялық құралына 

айналдыра бастады. Лениннің «кино – 

өнердің ішіндегі ең маңыздысы» деген сөзі 

бекер айтылмаған. Мысалы, бір киномен-

ақ бүкіл кітаптың, газеттің жүгін көтеріп 

кетуге, сондай-ақ ақты қара, қараны ақ 

етіп көрсетуге болады. Бұрын өмірде бо-

лып жатқан құбылыстарды жан-жақты 

зерттейтін үлкен зертхана жұмыс істеді. Ал 

қазір жаңа қоғам келді, біз капиталистік 

жүйеге бет бұрдық. Бірақ соның капита-

листік қоғам екені айтылмайды. Қарап 

тұр саң, әлі сол кешегі коммунистердің жа-

сап беріп кеткен сценарийімен өмір сүріп 

жатқан сияқтымыз. 

Шындап келгенде, бүгінгі қоғамда 

болып жатқан өзгерістерді, елдің соған 

сәйкес психологиясын ғылыми тұрғыда 

зерттейтін, осы құбылыстарға талдау жа-

сайтын, мән-маңызын, себеп-салдарларын 

ғалымдармен бірлесе отырып ашып көрсе-

тетін жүйелі жұмыстар атқарылып жат қан 

жоқ. Деректі фильм режиссерлері 

нің 

қазіргі түсіріп жүргендері – негізінен ме-



рей тойлық кинолар. Яғни ірі-ірі тұлғала-

ры мыздың пәлен жылдығын атап өтуге 

ақша бөлінеді, соның аясында кино түсі-

реміз, бала-шағамызды асыраймыз. Бұл 

– кинодокументалистиканың ең ауыр халі. 

Өйткені қоғамда болып жатқан ірі құбы-

лыстар назардан тыс қалып жатыр. 

Мысалы, бір ғана жайтты алып қарайтын 

болсақ, қазір қаншама жасөспірімнің өзін-

өзі өлтіру фактісі тіркеліп отыр. Бұл тіпті 

қоғамдық ауруға айналып бара жатыр. 

Егер осы тақырып документалистің қолына 

берілсе, мұны жан-жақты зерттеуге болар 

еді. Мысалы, өкпе ауруының өзді 

гінен 

емес, әлеуметтік жағдайдың салда рынан 



пайда болатыны бүгінде жасырын емес. 

Сол сияқты адамның жан дүниесінің ауруға 

ұшырауы да әлеуметтік жағдайларға 

байланысты. Яғни өзіне қол жұмсаушылық 

– қоғамда болып жатқан кереғар жайттар-

дың әсері. Және бұл әсерді психологиялық 

тұрғыда зерттеп, шешімін табу қажет. 

Сонымен бірге оны ғылыми-көпшілік 

фильм ретінде түсіріп, мектептерде, жоға-

ры оқу орындарында, тіпті телеарналар 

арқылы көрсетіп, мына қоғамның шынайы 

бет-бейнесін өзіне таныту керек. «Ауруын 

жасырған өледі» деген бар. Егер осындай 

жағдайлар саналы түрде зерттелсе, бәрінің 

алдын алуға болады. Бірақ деректі киноны 

кез келген адам түсіре алмайды. Оны 

ғылыми тұрғыда түсіріп, мәселенің мәнін 

ашу үшін режиссердің екі мамандығы 

болуы керек. Біріншіден, ол кинорежиссер 

болса, екіншіден, ғылымға бір табан 

жақын адам болуы қажет. Сол үшін кеңес 

өкіметі кезінде мектепті жаңа бітіріп келген 

балаларды режиссерлік факультетке ал-

майтын. Әуелі басқа бір мамандықты иге-

ріп, өмірді көріп, түсініп барып қана келу 

талап етілетін. Ал қазір кім қайдан ақша 

табады, кімнің қандай байланысы бар – 

сол кино түсіреді. Жас режиссерлердің 

көп 

 

шілігі клип түсірумен әуестенуге 



көшкен. 

 – Сіздіңше, нағыз деректі кино қан-

дай болуы керек? Жалпы, кәсіби тұр-

ғыда жасалған деректі киноның ере к-

шелігі неде? 

– Хабарды бір-ақ күнде жасауға бола-

ды. Ал мен соны деректі кино дәрежесінде 

түсіру үшін кейіпкерімнің соңында жыл 

бойы жүруім мүмкін. Сөйтіп барып, аста-

рын ашып, онымен тура роман жазғандай 

жұмыс істеймін. Деректі киноны бір көрген 

адам ешқашан ұмытпайды және ол оның 

өміріне әсер етеді. Өмірде болып жатқан 

үлкен бір саяси ойындардың шын бейнесін 

деректі кино режиссеріне берсе, бәрін 

орын-орнына қойып береді. Алайда нағыз 

деректі киноға сұраныс болмағаннан кейін 

соның клип, жарнама сияқты жанама 

бала 

малары дамып кетті. Ал деректі 



киноның өзі – дағдарыста. 

– Бүгінде деректі фильмдер ме-

рейтойлық, саяси-науқандық, «Мәде-

ни мұра» бағыттарында түсірі 

луде. 

Олардың кәсіби, көркемдік талаптарға 

жауап беруі – бөлек әңгіме. Осы орайда 

мұндай фильмдердің белгілі бір 

деректерді беруі қаншалықты шы-

найы, сол сияқты қандай бұрмалау-

шылықтарға жол беріліп жүр? 

– Мерейтойлық киноларды түсіру ба-

рысында режиссердің қолы өте байлаулы 

болады. Бекер адамға кино түсірілмейді. 

Яғни ол – тұлға. Ал тұлға – қоғамдық үлкен 

құбылыстармен байланыста болған адам. 

Мерейтойының үстінде сен оның толық-

қанды портретін жасап, күнгейі мен 

көлеңкесін ашып көрсете алмайсың. Қан-

ша тырысып, жан-жақты көрсеткің кел-

генмен, қырқылып, қырқылып, мақтаған 

жерің ғана қалады. Онымен қоймай, «біз 

саған мұның мерейтойына арнап түсір 

дедік қой, сен не істеп жүрсің» деген 

әңгімеге қаласың. Мерейтойлық киноның 

ең сорақы жері де  – сол. 

Ал саяси-науқандық фильмдер 

өздеріне жүктелген міндет шеңберінде 

түсіріледі, тапсырманы орындайды, басқа 

нәрсемен шаруасы жоқ. Никита Михал-

ковтың «кино үшке бөлінеді: біріншісі – 

жақсы кино, екіншісі – нашар кино

үшіншісі – үнді киносы» деген бір сөзі бар. 

Былайша айтқанда, бірінші және екінші 

топтағы кинолар туралы жақсылы-жаман-

ды пікір айтуға, көзқарас қалыптастыруға 

болатын болса, үшінші топ жөнінде айттың 

не, айтпадың не – бәрібір. Өйткені үнді 

киносы сенің ешқандай талап-талғамыңа 

бағынбайды.



– Әңгіме арасында айтқанымыздай, 

бізде телеарналардың өзінде өте 

оперативті түрде және аз қаржыға 

жасалып жатқан деректі хабарлар да 

бар. Жалпы, жұртшылық оларды 

деректі кино деп қабылдайды. Ал 

солардың көрерменге әсері қаншалық-

ты? Олар бізге қай тұрғыда қажет 

немесе қажетсіз? 

– Мен оларды түсіріп жүрген жігіттерді 

білемін. Бұл жерде олардан талантым 

артық немесе олардікі менен кем деп айта 

алмаймын. Бір білетінім, оларға маған 

жасалатын жағдай жасалмайды. Олар бір 

жылда он хабар жасауы мүмкін, ал мен бір 

жылда бір фильм түсіремін, сөйтіп, айды 

аспанға бір-ақ шығарамын. Қалай 

болғанда да, қалың көрерменнің күнделікті 

сұранысын өтеу тұрғысынан алғанда, 

телеарналарда түсіріліп жатқан деректі 

хабарлар қазір алға шықты. Соның 

әсерінен бүгінде нағыз деректі киноның 

иісін сезбейтін қоғам қалыптасып келе 

жатыр. Бұл, әрине, жақсы емес. Себебі 

деректі кино деген жай ғана атау емес қой. 

Оның ар жағында үлкен әлеуметтік 

зерттеулер, кешенді түрдегі ірі ғылыми 

жүйе жатыр. 



– Сіз кезінде ашаршылық тақы ры-

бында тартымды дүниелер түсірдіңіз. 

Кейінгі жылдары Алаш қайраткерлерін 

зерттеп, қуғын-сүргін құрбандарын 

де ректі кино арқылы дәріптеуге күш 

салып жүрсіз. Осы орайда дәл қазіргі 

уақытта ұлттық маңызы бар қандай 

мә селелер, нендей тақырыптар қам-

тыл май  жатыр? 

– Әдебиет пен өнер саласының қайрат-

керлері деректі кинода мүмкіндігінше 

зерттеліп жатыр, тіпті эфирден түспейді 

деуге болады. Ең қиыны, ғылым мүлде 

орбитадан түсіп қалды. Сосын жоғарыда 

айтқанымыздай, өзекті-өзекті мәселелерді 

көтеру кенжелеп жатыр. Керісінше, тарих 

үлкен саяси ойынның қолшоқпарына ай-

налып отыр. Негізі, еуропацентристік тарих 

пен ұлттық тарих арасында үлкен талас-

тартыс болып жатыр. Байқаймын, ұлттық 

көзқарастағы ғалымдар біраз көтеріліп 

қалып еді, кейін олардың бәрі шегіндіріліп, 

қазір еуропацентристік ұстанымдағы 

тарих  шылар көтеріліп кетті. Яғни үлкен 

тарих мейлі деректі киноның ішінде бол-

сын, мейлі телеарналарда болсын, қазір 

саяси күштердің ықпалында. Тарих деген 

– бәрін орын-орнына қоятын нәрсе. Бұл да 

математика сияқты, өтірік айтсаң, қисынын 

келтіре алмайсың. Қарап тұрсаң, бізде 

Кенесары туралы әлі жөні түзу бір кино 

түсірілген жоқ. Ал Кенесарының тағдыры 

талай нәрсені ашып береді. Кенесары сол 

кездегі қазақ қоғамында өте бір символға 

айналған фигура болды. Мысалы, бізге 

қазір қазақтан шыққан тұңғыш ғалым деп 

Шоқанды дәріптеу оңай. Оны орыстар да, 

қазақтар да жақсы көреді. Сен мықты 

болсаң, Шоқанды емес, оның бауыры 

Кенесарыны шығар. Кенесары патшалық 

Ресейдің қазаққа қарсы бүкіл саясатын 

әшкерелеп береді. Қазақтың өз ішіндегі 

ауыр жағдайларды түсінуге мүмкіндік 

туғызады. Осы тұрғыдан келе отырып, 

бүгінгі деректі киноның тақырыбы қандай 

болуы керек десек, әр дәуірдің, әр кезең-

нің өз Кенесарысы бар. Сол Кенеса-

рылардың бәрі қазір көлеңкеде. Бір ғана 

мысал, мен, мәселен, өткен ғасырдың ба-

сында өмір кешкен Алаш қайраткерлерін 

көрсете аламын. Ал өзім көзін көрген, бір 

дәуірдің ауасымен бірге дем алған күні 

кешегі Заманбек, Алтынбек сияқты заман-

дас тарым туралы ештеңе айта да, түсіре де 

алмаймын. Міне, деректі кино режиссер-

лерінің дәл қазіргі трагедиясы да – осын-

да... 

Сұхбаттасқан 

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Ж

АҢА ФИЛЬМ 



«Елес қуған...»

Тақырыбына қарап, бұл 

кинотуындыны мис 

тикаға толы 

дүние деуге болмас. Фильм бір мезгілде 

атақ-абыройдан, 

ға шы ғынан, 

ең 


қорқыныштысы – бас еркін 

ді 


гінен 

айырылған адамның әділдік жо лын дағы 

күресін бейнелейді. Адам тағ дыры кейде 

компьютерлік  ойынның  сце на рийіне 

көбірек ұқсайды. Бұл киноның кейіпкері де 

ойын мен өмірдің ара-жігін ажыратып, 

ақиқатты іздейді. Мақсатына жұмбақ 

жанның көмегімен жетеді. Сюжет 

барысында көрермен ақ пен қараны айы-

рады. Кинофильмнің түсірілімі биылғы 

ақпан айында басталған. Басты рөл дерді 

Голливуд жұлдызы Арманд Ассанте 

(Чарльз Ингрим), Кристанна Ло кен (Раш), 

Ресей актері, Алла Пуга че ва ның немересі 

Никита Пресняков (Зак) және біздің жас 

әртістеріміз Санжар Мәдиев (Ти мур) пен 

Әсел Сағатова (Кира) сом дай ды. Есте-

ріңізге сала кетейік, Кристанна Локен әйгілі 

«Терминатор-3»  блок бас те рінде  T-X 

рөлінде ойнаған. Түсірілім Ал ма ты, Астана, 

Тайландта, Камбоджада өт кен. Голливуд 

пен Украинаның тәжірибелі дизайнерлері 

киноны 30-40%-ға дейін жоғары сапалы 

графикамен безендірген. Про дюсер Ернар 

Мәліков бұл киноны «Об рат ная сторона» 

фильмімен  шатас тыр мау ды  өтінді.  Оның 

айтуынша, «Охота за приз раком» фильмі 

форматы жағынан да, та қы рыбы жағынан 

да өзгешелігімен ерек ше ленеді. Фильм 

2012 жылдың мамыр айында тұсауын 

кеседі. 

Кристанна ЛОКЕН,  америкалық кино-

актри са,  фотомодель:

– Менің кәсібім әлемнің барлық 

еліне баруыма себепші болды. Қазақ-

стан ды Астана мен Алматы қаласы ар-

қылы таныдым. Өте керемет қалалар. 

Ендігіде Қазақстанның барлық ай-

мағын көргім келеді. Әсіресе ауыл тұр-

ғындарының жағдайын, елдің таби ға-

тын аралап, көргім келеді. Ең алғаш рет 

«Охота за призраком» фильмін бое вик 

жұлдызы Марк Дакаскостан есті дім. Ол 

қазақ киносы жайлы жақсы пікірлер 

айтқан еді. Бұл кинода мен жаман 

адамның рөлінде ойнаймын. Менің 

кейіпкерім – өзінің өмірінде өт 

кен 

қиыншылықтары үшін өзгелерден кек 

алу мақсатындағы адам. Қазақстан ның 

кино түсіру процесіне келер бол сақ, 

бұл жас мемлекет болғандық тан, бар 

күш-жігерін мәдениетке салып жатыр. 

Санжар МӘДИЕВ, актер:

– Америкадағы Universal, Worner 

br. «киношаһарларына» барып, өзімізге 

қымбат тәжірибе жинадық. «Охота за 

призраком» атты киномызда сол еңбе-

гі міздің нәтижесі көрінеді деп ой лай-

мын. Өзімнің болашақта режиссер 

болу туралы ойым бар. 

Никита ПРЕСНЯКОВ, ресейлік  кино ак тер: 

– Мен Қазақстанды жақсы көремін. 

Биыл, міне, бұл елге үшінші рет келіп 

отыр мын. Жақсы көретінімнің тағы бір 

себебі: мен қазақ қызымен үйленгім 

келеді. Таңдаған қызым екеуміз қазір 

Нью-Йоркта тұрып жатырмыз. Киноға 

кел сек, біз кинода әрбір детальді, әр бір 

күрделі техникалық жұмысты жіті 

бақылауға алдық. Фильмде бо ла тын 

күрделі физикалық іс-қимылдарды Сан-

жар екеуміз ешқандай акробаттың 

көмегінсіз орындадық. Рөлді игеруге 

бала кезімнен айналысып жүрген спорт-

тық жаттығуларым көмектесті. Бо ла-

шақта режиссер болуды мақсат етемін

Ардақ ҚҰЛТАЙ

Танымал режиссер 

Марина Кунарованың 

«Охота за призраком» 

фильмі келер жылдың 

мамыр айында 

көрерменмен қауышады. 

Фильмде Арманд 

Ассанте, Кристанна Локен, 

Никита Пресняков секілді 

шетел киножұлдыздары 

ойнайды. 

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№129 (581) 26.07.2011 жыл, сейсенбі            



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Судан құтқару қызметінің бірыңғай 

байланыс нөмірі қандай?

ДАТ!


Алматыда қанша жоғары оқу орны бар?

ҚР Статистика агенттігінің де-

рек те ріне қарағанда, бүгінде елі-

міз 


де бар 

лығы 149 жоғары оқу 

орны қызмет етіп жатыр. 2003 жы-

лы бұл көрсеткіш 180 болған. Рес-

публика бойынша жо 

ғары оқу 

орын дарының Алматыда көп тір-

кел гені белгілі. Алматы қаласының 

әрбір бесінші тұрғыны – студент. 

Де  ген мен  «студенттер  қаласында» 

соң ғы кездері, шынымен де, жоғары 

және орта арнаулы оқу орын да-

рының қа та ры азайып келеді. Ай та-

лық, 2003-2004 оқу жылында оң-

түс тік астанада 70-ке жуық жоғары 

оқу орны қызмет еткен болса, биыл-

ғы оқу жылында олардың саны 52 

ғана болды. Рес пуб лика бойынша 

Алматы, Солтүстік Қазақстан, Аты-

рау, Маңғыстау  об лыс та рында да 

ЖОО саны аз, әр қай сысында екі-үш 

институт  немесе  уни вер си теттен 

бар. Елордада 13 жоғары оқу орны 

жұ мыс  істейді.



Бір кездері еліміздің бас қаласы болған Алматыда бүгінде жо ға-

ры оқу орындарының саны азайып бара жатыр дейді. Сол рас па?

Айнагүл ЖҰМАҒАЛИЕВА, Алматы қаласы

e-mail: info@alashainasy.kz

Тоқтар ЕСІРКЕПОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:

Ғаламдану үрдісінен ұлттық 

Ғаламдану үрдісінен ұлттық 

экономика қауіпсіздігін 

экономика қауіпсіздігін 

қамтамасыз етуде кедендік 

қамтамасыз етуде кедендік 

одақтың тарихи маңызы зор

одақтың тарихи маңызы зор

– 1 шілдеден бастап Кеден ода ғы 

мем лекеттері кеден бекеттерін алып, 

сырт қы  сауда-саттық  қа рым-қаты на-

сын ашық режимге көшір ді. Бұл Тәуел-

сіздік алғалы бергі эконо ми калық да-

муы мыздың тағы бір жаңа белесі деп 

айт сақ  та  болады.  Жаңа шыл дық тың 

өзімен мәні өзгеше өзге ріс алып келері 

сөзсіз. Кеден одағы елі міздің эко но ми-

ка сына қандай серпі ліс әкеледі деп ой-

лайсыз?

– Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан дү-

ние жүзілік экономиканың құрамдас бө лі-

гіне айнала алды. Негізі, кезінде КСРО құ-

ра мында жабық ел, жабық экономика бол-

ған мемлекеттің бүкіләлемдік ашық эко но-

ми 

каның құрамдас бөлігіне кіруі оңай 



ша 

руа емес. Сондықтан мұны елі 

міз 

дің 


жетістігі деп санауымыз қажет. 

Қазір әлемдік экономикада ғаламдас-

тыру үрдістері жүріп жатыр. Қарап отыр са-

ңыз, әлемдік тауарлар мен қызметтер экс-

пор тының үштен бір бөлігін бүгіндері үлкен 

ғаламдық ойыншылар – трансұлттық ком-

паниялар, трансұлттық банктер құрай ды. 

Оның үстіне соңғы жылдары жоғарғы қар-

қын мен дамып келе жатқан Қытай, Үндіс-

тан, Бразилия, Ресей, яғни БРИК мем ле кет-

тері секілді басқа да үлкен алпауыт елдер 

бар. Бұлар басқалармен са лыстырғанда 

жаһандық экономиканың басты ойыншы-

сы рөлін компания емес, мемлекеттік ква-

зикомпаниялар, тіпті бүтін мемлекет ретін-

де атқарады. Яғни бұл елдерде мемлекеттің 

эко 

номикаға қатысуы, субъект ретіндегі 



нарықтағы рөлі өте жоғары. Әрине, бұл 

экономикасы шағын және әлсіз мемлекет-

тер үшін қауіпті. Осы ған байланысты соңғы 

кездері Ресейде мемлекеттің экономикадағы 

үлесін азайту туралы мәселе көтеріліп жа-

тыр. Ал Қы тай экономикасында 1979 жы-

лы Дэн Сяопин бастаған реформалар 

бойын ша мемлекеттік меншіктің, мемле-

кеттік кәсіп орын дардың рөлі ерекше бол-

ды. Осы кезге дейін Қытай экономикасының 

тең жартысы мемлекеттік басқаруға жата-

ды. Демек, олардың компанияларының 

басым бөлігі – мемлекеттік компаниялар. 

Міне, ғалам дастыру кезінде ұлттық эконо-

мика осындай жолмен әлемдік эконо ми ка-

ның құрамдас бөлігі болып отыр. Соның 

сал дарынан ғаламдық экономика пайда 

болуда. Мұндай жағдайда ғаламдастыруға, 

ғаламдық ойыншыларға әр мемлекеттің 

төтеп беруі, олармен бәсекеге түсуі, бәсе-

кеге қабілетті экономика құру, сапа сы жо-

ға 


ры тауар өндіру өзектілік таны 

тады. 


Әлем дік тәжірибе көрсетіп отыр ған дай, ға-

лам  дастыру кезінде осындай үл кен ға лам-

дық ойыншыларға төтеп бе ре алатын бір-

бір субъект бәсекеге қа бі леттілік мүмкіндігі 

бар аймақтық бір лестіктер болып табыла-

ды.  Осы  мақ сат та  Қазақстан  Рес пуб ли ка сы-

ның, Ресей Феде ра циясының және Бела-

русь  Рес публи ка сының  басқо суын дағы 

Ке 

ден ода 


ғы был 

тыр жұмысқа кіріскен 

бола тын. 1 шіл деден бастап осы одаққа 

мүше мемлекет тер кедендік бекеттерін то-

лық тай алып тастап, біржола бірыңғай ба-

ғытта эконо ми калық қадамға көшті. Әрине, 

бұл Тәу ел сіздік алғалы бергі экономикалық 

да муы мыздың тағы бір жаңа белесі деп 

айта аламыз. 

Кеден одағының арғы жағында келесі 

жылы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай эко но-

ми 


калық кеңістік іске қосылады, одан 

кейінгі үшінші саты – бірыңғай валюталық 

жүйе құру. Әзірге оның мерзімі әлі нақты 

белгіленген жоқ, дегенмен санаулы уақытта 

осындай жоспарымыз бар. Кеден одағының 

құрылуы арқылы түбінде үш мемлекеттің 

шеңберінде Еуразиялық эко 

номикалық 

одақ пайда болады. Осы жа ғынан алғанда, 

ғаламдастыру процестеріне қарсы тұру, 

ғаламдық экономикадан ұлт тық эконо ми-

ка ның қауіпсіздігін қам та масыз ету жағынан 

бұл басқосудың үлкен тарихи маңызы бар 

деп айтуға болады.



– Бұл – сыртқы факторлар, ал ішкі 

эко  номикалық  қарым-қатынаста  жүр-

гізілетін біріздендіру саясаты аталған 

одаққа мүше мемлекеттердің өзара 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал