Қазір заңға өзгерістер енгізіліп, Парламент кем дегенде екі партиядан



жүктеу 0.69 Mb.

бет1/6
Дата08.03.2017
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ИӘ

–  Қазір заңға өзгерістер енгізіліп

Парламент кем дегенде екі партиядан 

құралуы тиіс деген талап енгізілді. Сон-

дықтан, менің ойымша, қыркүйек 

айында депутаттар демалыстан келіп, 

өздерінің жұмысын тоқтатып, сайлау 

тағайындап жатуы әбден мүмкін. Мұн-

 

дай жағдайда бұрынғы бір партия 



бұрынғыдай доминанттылық көрсете 

алмайды. Мұндай жаңалықты елі міз-

дегі өзге партиялар да ескеріп, дайын-

далып жатыр. Соңғы кездегі «Ақ жол» 

партиясындағы өзгерістер – соның бір 

дәлелі. Сайлауға қатысып, электорат-

тың дауысын жинап, жеңіске жетіп, 

елдің заңнамалық жұмыстарына ара-

ласамын деген белсенді партиялар өз 

жұмысын бастап кетті. Парламент 

көппартиялық бола ма, екі партиялы 

бола ма, ол партиялардың белсен-

ділігіне байланысты. 

ЖОҚ 

–  Көппартиялы жүйе – әрине, 

жақ сы құбылыс. Дегенмен дәл қазіргі 

жағдайда парламенттік сайлауды 

мерзімінен бұрын өткізуге аса бір 

қажеттілік бар деп ойламаймын. 

Кері   сінше, зиянды тұстары бар. Жал-

пы, бұл тақырып соңғы кездері қазақ-

стандық баспасөз құралдарында жиі 

талқыланып жатыр. Соған қара мас-

тан, биыл мерзімінен тыс сайлау пар-

ламенттік сайлау болады деп ойла-

маймын. Оған түрлі себептер бар. 

Біріншіден, мұндай шара биылғы 

жыл  дың  бюджетінде  қарастырылған 

жоқ. Жоспар келесі жылға бекітіліп 

қойған. Бұл менің жеке пікірім емес, 

мұндай шешімді Орталық сайлау 

комитеті бекітті. Жалпы, күз ай лары-

ның саяси науқаны қыс мезгіліне 

қарағанда әлдеқайда күрделі. 

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

№129 (581) 

26 шілде

сейсенбі


2011 жыл

3-бетте

Марат ШИБҰТОВ, 

Шекаралас аймақтар ынтымақтастығы 

қауымдастығының сарапшысы:

Нұрлан СЕЙДІН, 

ҚР Президенті 

жанындағы Қазақстан стратегиялық 

зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі:

ОЙ-КӨКПАР 



Парламент көп партиялы болуы үшін мерзімінен бұрын сайлау өткізу тиімді бола ма?

2007 жылы еліміздің «Сайлау туралы» 

Заңына өзгерістер еніп, Парламентті көп 

партиялы негізде жасақтауға жол ашылған 

болатын. Содан кейін-ақ сарапшылар 

қауымы мерзімінен тыс парламенттік 

сайлау өткізу мәселесін талқылай бастады. 

Депутат Ирак Елекеевтің Парламентті 

сынға алуынан кейін-ақ баспасөзде жиі сөз 

бола бастаған бұл тақырыпты кеше 

ресейлік «Коммерсантъ» басылымына 

сұхбат берген Президент кеңесшісі 

Ермұхамет Ертісбаев та сөз етті. Ол 

қазақстандық парламентке өзін-өзі 

тарқатып сайлау мерзімін белгілеу жөнінде 

табанды ұсыныс жасады. Бұл жөнінде 

сарапшылар қауымы әртүрлі болжам 

айтып отыр.

АЛЬП Д'ЮЭЗДІҢ БИІККЕ 

ӨРЛЕГЕН БҰРАҢ ЖОЛЫ

«Тур де Франстың» 19 кезеңдік жарысы Альп Д'Юэз 

тауының жоғары өрлеген бұраң жолдарында өтті. Бар 

болғаны 109 шақырымдық «қысқа» жарыс болса да, 

велошабандоздарға оңайға түскен жоқ.

Велоспортшылардың алдына түсіп алып, көмбе 

тігілген таудың басына қарай өрлеп келеміз. Тар 

жолдың екі шетіне адамдар қаз-қатар орналасқан. Бұл 

күні халық күндегіден де көп сияқты. Өйткені «Тур де 

Франстың» тағдыры көбінесе осы тауда шешілетін. 

Биыл да жоғары тартқан тас жолы ирелеңдеп жатқан 

осы таудағы жарыс шешуші кезеңге тап келіп отыр. 

Жолдың екі шетіндегі халықтың арасынан «Астана» 

клубының жанкүйерлерін іздейміз. Тым көп болмаса 

да, аз емес. Қол бұлғап, «Ас-та-на» деп айқайлаушылар 

көп. Бір кезде Голландия жанкүйерлеріне тап болдық. 

Ерігіп отыр ма, әлде дегбірлері қозған ба, әйтеуір біз 

мінген екі көлікті қоршап алды. Қаумалап, өткізер 

емес. Өздері тым көп. Қызғылт-сары жейделерін киіп 

алған. Би билеп, әндетіп, тау етегін бастарына көтерді. 

Бәрі де тауда емес, тойда жүргендей мәз. Сытылып 

шығып, одан әрі өрлеп келеміз. Қос тігіп, жайғасып 

алғандары да көп.

Бұл күнгі жарыста Контадор қарекет қылуға 

тырысты. Өкшесіне түсіп, ізін аңдыған ағайынды 

Шлектер мен Эванстан қара үзіп кетуге тырысты. 

Олардан озып кетіп, алға қара ентелеген. Алайда 

көмбеге жақындағанда оны француз Пьер Роллан мен 

өзінің жерлесі Самуэль Санчес қуып жетіп, алдын орап 

кетті. Сөйтіп, Контадордың ойы мен мақсатының күлі 

көкке ұшты. Енді оның жеңіске жете алмайтындығы 

белгілі болды. Ал ағайынды Шлектер мен Эванс мәре 

сызығын іркес-тіркес қиса, бірнеше күн бойы 

көшбасшы киетін сары жейдеден айырылмай жүрген 

Томас Фоклер ақыры шаң қапты. Оларға ілесе алмай, 

діңкесі құрыды. «Астана» сапынан Реми Ди Грегорио 

көмбеге 25-ші болып жетіп, жалпы есептегі жағдайын 

біршама түзеді.



ЭВАНСҚА ҚАНАТ БІТІП, 

ШЛЕКТІҢ ШАБЫТЫ ШАУ ТАРТТЫ

Осы кезеңдік жарыстан кейін кіші Шлектің жеңіске 

жететіндігіне шүбә келтірушілер аз болды. Енді ше? 

Ағасынан 53 секунд, ал Эванстан 57 секунд озық 

тұрды. Қалғандарын айтудың өзі артық. Мәселен, 

Фоклер 2 минут 10 секунд кейін қалды. Әрі Энди де 

«сары жейдені Парижге дейін шешпейтініме сенім-

дімін, мен мұнда жеңіс үшін келгенмін» деп отқа май 

құя түсті. Алайда іс жүзінде олай болмады...

Елисейде Эванстың 

айдарынан жел есті

Сонымен 98 рет өткізілген «Тур де Франс» 

көпкүндігі де аяқталды. Жалпы есепте 

Австралияның 34 жастағы тіс қаққан тарланы 

Кэдел Эванс топ жарып, алғаш рет мәртебесі зор 

аламан бәйгенің жеңімпазы атанды. Люксембург 

саңлағы Энди Шлек үшінші жыл қатарынан екінші 

орынмен шектелді. Үшінші орында – оның ағасы 

Фрэнк.

6-б

етте

Жалғасы 7-бетте 

ВЕЛОСПОР


Т

Тоқтар ЕСІРКЕПОВ:

Ғаламдану үрдісінен 

ұлттық экономика 

қауіпсіздігін 

қамтамасыз етуде 

кедендік одақтың 

тарихи маңызы зор

ДАТ!

Сотталғандар сотқа беріп жатыр

Өскеменге «экологиялық апат 

аймағы» мәртебесін беру керек пе?

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

Өндірісті қала – 

Өскеменнің экологиялық 

ахуалы мәз емес екені 

әлімсақтан белгілі. Қоршаған 

ортада кездесетін зиянды 

заттардың салдарынан 

әртүрлі сырқатқа шалдығып, 

аурухана жағалаған адамдар 

қатары соңғы бір-екі жылда 

тіптен көбейіп кетті қалада. 

Әсіресе бұл жағдай дәрігер 

мамандардың ана мен 

бала денсаулығына қатты 

алаңдаушылығын туғызып 

отыр. Қарапайым халықтың 

қабырғасына бататын да – 

осы проблема.

Ресми мәліметтерге сенсек, Өскеменнің экологиясы 

жыл дан-жылға жақсарып келеді, ауаның негізгі лас таушы 

көзі болып табылатын шаһардағы ірі кәсіп орындар өн-

дірістік қалдықтарды тазартатын заманауи сүзгілермен 

және тазартқыш құралдармен тас түйін жабдықталған. 

Олар 

дың жұмысын тиісті орындар то 



лық бақылауға 

алған, табиғатқа қылдай қиянат кел тіруге жол бергіз-

бейді... Бәлкім, солай да шығар, деген мен мұның нәтиже-

лері тұрғындар денсаулығына оң әсерін тигізіп жатқаны 

шамалы. Осы орайда жер гілікті жердегі қоғамдық ұйым-

дар бірлесіп, Өске менге экологиялық апат аймағы мәрте-

бесін беру қажет деген бастама көтеруде. Мұндай қадамға 

барудың да себебі бар, ол – тұрғындардың денсаулығы. 

Халқының саны жағынан Алматыдан бірнеше есе кем 

бола тұра, анемия сырқатына шалдыққандар көр сеткіші 

бойынша екі есеге асып түсетін Өскеменде әрбір оныншы 

ана мерзімінен ерте босанады. Шығыс Қазақстан облысы 

Ана мен бала орталығының директоры Рая Рахимо ваның 

айтуынша, қаладағы әрбір үшінші әйел перзентханаға 

«ұрық гипоксиясы» дертімен келіп түсетін көрінеді.

Рая РАХИМОВА, Шығыс Қазақстан облысы 

Ана мен бала орталығының директоры:

– Біздің орталық пен ҚР педиатрия және 

хирургия ұлттық ғылыми орталығының бірлесе 

отырып жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде біраз 

мәліметке қол жеткіздік. Айталық, Алматыда топы-

рақтың ауыр метал мен ластануы қалыпты жағдай-

дан 1,2 есеге асып түссе, Өскеменде 10 есеге жо-

ғары. Сол сияқты то пырақтың мырышпен ластануы 

– бес есеге, жеміс-жидектер мен көк өніс тердің, 

сүттің қорғасынмен ластануы 3,2 есеге көп. Кішкен-

тай балалардың тырнақтары мен шашындағы қор-

ғасын мен мырыштың құрамы 1,5 есе артық. Өске-

мендегі өндірістік қал дықтардың әсерінен балалар-

дың бронхалы демікпесі мен онкоауруларға шалды-

ғуы өсіп келеді. 2011 жылдың алғашқы жартысында 

онкоаурулардан екі бала қайтыс болды. Егер бұлай 

жалғаса берсе, адамдардың денсаулығына үлкен 

қауіп төнуі әбден мүмкін.

Жалғасы 2-бетте  

Бізде қалыптасып қалған бір қа-

ғида бар: темір тордың арғы жа-

ғын дағы тұр мысты көріп келгендерді 

адам санатынан сызып тастап жа та-

мыз.  Олар дың  әлеуметтік  мә се ле-

ле ріне мән беріле бермейтіні де 

содан болса керек. Облыстық жұ-

мыс 

пен қамтуды үйлестіру және 



әлеу меттік  бағдар ламалар  басқар-

ма сына жыл басынан бері қы л мыс-

тық жазасын өтеп келген 53 адам 

ха барласыпты. Аталған басқарма 

бас  ты ғының  міндетін  атқарушы 

Г.Шакиро вадан білгеніміздей, олар-

дың 20-сы – тұрақты, 13-і қоғамдық 

жұмыс тарға орналасқан. Екі адам 

– әлеуметтік жұмыс орын дарына, 

11 адам кәсіби мамандыққа оқуға 

жі 

берілген. Ал бұрын сотта 



лған 

сегіз адам әлеу меттік қолдаудан бас 

тартыпты. «Индер, Мақат, Қызыл-

қоға, Исатай, Махамбет ау дан да-

рын да жазасын өтеп шыққандарды 

квоталау туралы қаулы қабылданды. 

Атырау қаласында, Құр 

манғазы, 

Жылыой аудан 

дарында осындай 

қаулы қабылдау үшін сараптама 

жүр гізіліп жатыр», – дейді Г.Ша-

кирова. Тағдырдың түрлі тал қы сы-

мен түрмеге түскендердің еңбекке 

тар тылуы облыста біраз шешімін 

тап қан. 



Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ, 

Президент кеңесшісі: 

– Адам кешқұрым бір партия-

дан шығып кетеді, ертесі таң-

ертең келесі бір партияның 

съезіне барып қатысып, сол 

партияның төрағасы болып 

шыға келеді. Әрине, жүздеген 

Нострадамустар, Ванга әжейлер 

де мұндайды болжап бере 

алмас еді. Сондықтан Перуа-

шев тің маған айтқан сын-пікі-

ріне келісемін – мен мұндайды 

болжап бере алмадым

(kommersant.ru сайтынан)

...де

дiм-ай, а

у!

3-бет

4-бет

Америкалық ұлтты 

ұйыстырған – 

үш фактор

Астыққа 

«пана болар» 

элеваторлар сынға 

шыдас бермеді 



7-бет

AIBA Астанаға 

оң бағасын берді

ТҮЙТКІЛ


www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

145,90

209,57

5,27

22,64

1,43

12681,16

1970,87

1526,06

117,54

1601,30

Атырау қалалық сотында «елден ерек» бір іс қаралу үстінде. 

УГ-157/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар 

жекеменшік бір фирманы басқарып отырған бизнесменді сотқа 

беріп жатыр. Сөйтсе, төсеніш тас дайындайтын фирма бастығы, 

атағы дардай кәсіпкер жұмысқа түрмедегі жазасын өтеушілерді 

тартып, ақырында олардың еңбекақыларын беруден басын 

алып қашыпты. УГ-157/10 түзету мекемесінің заңгері 

Айдын Қисметовтің айтуынша, мекеме мен фирма арасында 

келісімшарт жасалған, соның негізінде жазасын өтеушілер 

төсеніш тас дайындайтын цехта жұмыс істейді, ал кәсіпкер 

оларға ай сайын 15 мың теңгеден жалақы төлеуге тиіс болған. 

Бірақ өткен жылдың қараша айынан бері «тас қопарып» жатқан 

жазасын өтеушілер 15 мың теңге тұрмақ, тиынның да сылдырын 

естімепті. Осы күнге дейін 349 мың теңге қарыз болып отырған 

бизнесмен жұмысшыларының заңды жалақысын төлеуге 

мүдделі болмағаннан кейін, УГ-157/10 мекемесінің әкімшілігі 

сотқа арыздануға мәжбүр болған.

Жалғасы 2-бетте   

Бақытгүл БАБАШ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№129 (581) 26.07.2011 жыл, сейсенбі       



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

ҚОҒАМ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Қысқартуға байланысты өтемақы 

қандай жағдайларда төленеді?

Мен мектепте есепші болып жұмыс істеп келген болатынмын. Орталықтандыруға 

байланысты мектеп есепшісінің штаты қысқартылып, мені мектепке басқа жұмысқа 

қабылдады. Енді маған жұмыстан қысқаруыма байланысты өтемақы төленуі тиіс пе?  

Жалпы жұмыстан қысқартуға байланысты өтемақы қандай жағдайларда төленеді? 

Сәнем ТОҚМҰРАТОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы

ҚР Еңбек және халықты әлеу меттік қорғау 

министрлігінің Ең 

бекті нормалау және 

еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы 

маманы 


ның мәліметіне сүйенер болсақ, 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 

157-бабына сәйкес,  жұмыс берушi мынадай 

жағдайлар да:

1) жұмыс берушi – заңды тұлға таратылған 

не жұмыс берушi – жеке тұлға қызметiн тоқтат-

қан жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы 

бойынша еңбек шарты бұ зылғанда;

2) қызметкерлердiң саны немесе штаты 

қысқарған жағдайда жұмыс берушiнiң баста-

масы бойын ша еңбек шарты бұзылғанда қыз-

меткерге жұмысынан айырылуына байланыс-

ты айына айлық орташа жалақысы мөл-

шерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.

Балабақша есепшісінің еңбекақысы 

қай G санаты бойынша төленуі тиіс?

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы 

төлеу басқармасы маманының мәліметін-

ше, азаматтық қызметшілерге еңбекақы 

төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік 

бюджет қара 

жаты есебінен ұсталатын 

ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық 

кәсіпорын дардың қызметкерлеріне еңбек-

ақы төлеу жүйесі туралы» № 1400 қаулы-

сымен (бұ дан әрі – қаулы ) реттеледі.

Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйым-

дар қызметкерлерінің лауазымдық жалақы-

лары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауа-

зым 


дарының лауазымдар санаттарына 

жатқызылуына және мамандығы бойынша 



Мен мемлекеттік балабақшаға есепші болып жұмысқа орналастым. Менің 

білгім келетіні, мемлекеттік балабақша есепшісінің еңбекақысы заң бойынша 

қай G санаты бойынша төленуі тиіс? Біреулер «G-10 санаты бойынша» десе, 

енді біреулер «G-13 санаты бойынша төленуі тиіс» дейді. Осы туралы нақты 

айтсаңыздар екен.

Хадиша ХАКИМОВА, Қызылорда облысы

жұмыс стажына, тағайындалған біліктілік 

разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай 

лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) 

есептеу үшін бекітілген тиісті коэффи-

циенттерді Қазақстан Республикасының 

Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық 

жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту 

жолымен айқындалады.

Қаулыға 1-қосымшамен Азаматтық 

қыз метшілердің санаттар бойынша лауа-

зым 


дарының тізіліміне сәйкес, есепшіге 

(біліктілігі жоғары деңгейдегі маман) ең-

бек 

ақы төлеу G-10 цсанаты бойынша, 



білік тілігі орта деңгейдегі мамандарға G-13 

са наты  бойынша  жүргізіледі.

Бас есепшінің лауазымы басшы орын-

басарының лауазымынан бір санат төмен 

болады.

Басы 1-бетте

МӘСЕЛЕ


Өскеменге «экологиялық апат 

аймағы» мәртебесін беру керек пе?

Ана мен бала орталығының директоры 

экологиялық жағдайды бағалауда ең 

бірін  ші адамдардың денсаулығы тұруы 

тиіс екендігін, сондықтан тез арада сауық-

тыру шараларын қолға алу қажеттігін жет-

кізді. 

Иә, мемлекеттің баға жетпес байлығы 



– халық, оның денсаулығы. Ата Заңымызда 

солай деп жазылған. Ендеше, түтінге 

тұншыққан тұрғындардың жайына көз 

жұма қарамағанымыз абзал.

– Өскемен қаласының ауасы жылдан-

жылға ластанып барады. Мұның салдары 

қала тұрғындарының денсаулығына ора-

сан зор зиян келтіруде. Жыл сайын адамдар 

шамамен 200 келідей әртүрлі зиянды қал-

дықпен тыныстайды. Соның ішінде кәсіп-

орындардан шығарылатын заттардың 

үлесі баршылық. Соңғы жылдары зауыт-

тардан бөлінген улы заттардың рұқсат 

етілген шекті көлемі сақталмай отыр. 

Мысалы, оның көлемі рұқсат етілген 

нормадан аспауы керек болса, бізде бұл 

көрсеткіш 10 пайызды құрайды. Сондықтан 

шаһарға экологиялық апат аймағы деген-

нен гөрі, төтенше экологиялық ахуал 

қалыптасқан аймақ мәртебесін беру қажет. 

Сол арқылы өңір жұртын алаңдатқан 

мәселе лердің түйінін тарқатуға мүмкіндік 

туады. Ушыққан жағдайды реттеудің бір-

ден-бір жолы – осы, – деп түсіндіреді қо-

ғамдық кеңестің экология бойынша жұ-

мыс 


шы тобының төрағасы Геннадий 

Корешков.

Алайда эколог маманның мына пікірі-

мен кейбір әріптестерінің келіскісі жоқ. 

Олар дың ойынша, мемлекет пен кәсіп-

орындардың ымыраласып атқарған іс-

әрекеттерінің арқасында Өскеменнің ауасы 

жыл сайын жақсарып келеді. 

– Қалаға мәртебе берудің қажеті жоқ. 

Қазіргі уақытта онсыз да экологияны 

жақсарту бағытында көптеген іс атқарылып 

жатыр. Заң талаптары да күшейтілген. 

Мәселен, «Қазцинк» ЖШС, «ТМК» АҚ, 

«ҮМЗ» АҚ сияқты ірі кәсіпорындарда өн-

діріс қалдықтарын бірнеше сатылы сүзгіден 

өткізіп барып, сыртқа шығаратын талап-

тарға сай тазартқыштар орнатылған. Заңды 

аттағандар жауапқа тартылады. Бақылаушы 

органдармен қатар, қоғам өкілдері де 

зауыттардың жұмысын қадағалап, қал-

дықтардың зияндылығын анықтауға ат-

ЭКО-ДЕРЕК

ШҚО статистика департаментінің хабарлауынша, 1489 мың тонна зиянды 

қалдықтың 147 мың тоннасы – ауаға шығарылатын зиянды заттар. Бұл көрсеткіш 

2010 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға жоғары. Мәселен, Өскемен қаласының әрбір 

тұрғынына – 195 келі, Риддерде – 159 келі, Зыряньда – 106 келі, Семейде 90 келі 

уланған ауа тарайды екен. 

Exclusive журналы анықтаған зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, еліміздегі 

экологиясы ең нашар, ластанған аймақ «атағын» Шығыс Қазақстан облысы «жеңіп» 

алған. Соның ішінде үш бірдей ірі кәсіпорынды бесігінде бөлеген Өскемен қаласының 

алатын орны ерекше. Демек, қаланың экологиялық жағдайын қалпына келтіруге 

қарекет жасау – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Өнеркәсіптердің өнімі өз 

алдына, ал адамның өмірі – ең басты құндылық. 

салысуда. Бұдан бөлек, қосымша тексеру 

бекеттері жұмыс істейді, олар әр сағат 

сайын қаланың экологиялық жағдайы 

туралы деректер беріп тұрады. Тізе берсек, 

осы сияқты нақты жүзеге асырылып жатқан 

ша 

руалар аз емес. Олай болса, босқа 



байбалам салудың не керегі бар?! Өскемен-

ге экологиялық апат аймағы мәртебесін 

беру қисынсыз және біздегі ахуал оның 

(экологиялық апат аймағы мәртебесін 

беру. – С.Ә.) талаптарына сәйкес келмейді, 

– дейді Ертіс экологиялық департаменті 

Шығыс Қазақстан филиалының бас мама-

ны Наталья Сергеева.

Департамент қызметкерінің сөзіне құ-

лақ ассақ, төтенше экологиялық ахуал қа-

лыптасқан жағдайда заңға сәйкес мынадай 

іс-шаралар атқарылуы тиіс: біріншіден, 

қоршаған ортаны ластаушы нысанның 

(кәсіп орындар, зауыттар, өнеркәсіп орын-

дары. – С.Ә.) қызметіне шектеу қойылады 

немесе толық тоқтатылады; екіншіден, та-

биғат ресурстарын қайтадан қалпына кел-

тіру жұмыстары қолға алынады; үшінші ден, 

сол жердің тұрғындарын уақытша не бол-

ма са тұрақты түрде қауіпсіз аймаққа көшіру 

іске асырылады; төртін 

шіден, ка 

ран 

тин 


белгіленіп, міндетті санитарлық-эпидемия-

лық шаралар жүргізіледі. Осы ауандағы 

басқа да бірқатар жұмыс эколо гиялық апат 

орын алған уақытта міндетті түрде орын-

далуы қажет. Сонымен қатар қалаға апат 

ай 


мағы мәртебесін беру үшін алдымен 

тиісті сала мамандарынан жасақ талған ар-

найы комиссия құрылып, барлық шарт 

бойынша кешенді тексерулер жүр гізіледі. 

Содан кейін жұмыстың қорытын дысы Қор-

шаған ортаны қорғау министр лігіне жол-

данады. Барлық құжат мұқият қа 

ралып, 


қойыл ған шарттарға сай келетін болса ғана 

мәртебе беру туралы шешім қабыл дана ды. 



Серік ӘБІЛХАН,

Өскемен

ТҮЙТКІЛ


Сотталғандар 

сотқа беріп 

жатыр

Қылмыстық-атқару жүйесі мекеме-

лерінде еңбек ететін сотталғандар саны 

314-ті құрайды. Соның ішінде УГ-157/10 

мекемесінде  сотталған дардың  бар лығы 

да жұмыспен қамтылған. УГ-157/9 

мекемесінде «Еңбек-Атырау» бөлімшесі 

арқылы мекемелердің қажет тілігін қам-

тамасыз ету үшін темір кереует, қоқыс 

контей 


нерлерін шығаратын жаңа өн-

дірістер ашылып, жұмыс істеп жатыр. УГ-

157/11 мекемесінде тігін цехы ашы лып, 

34 сотталушы жұмысқа тұрыпты. Алайда 

жазасын өтеушілердің өніміне деген 

сұраныс аз болып тұр. Қылмыстық-атқару 

жүйесі Атырау облысы бойынша 

департаменті бастығының орынбасары 

Б.Жүнісов тапсырыстың тапшылығынан 

өздері шығарған өнім – темір кереует-

терге өздері тапсырыс беретіндерін ай-

тады. Қосымша тігін цехының өнімдері де 

осы күйді бастан кешіп отыр. Тігін цехынан 

шыққан өнімдерді жергілікті денсаулық 

саласының мұқтажына пай далану туралы 

ұсыныс берілгенімен, шыққан қорытынды 

жоқ. Бұл жайт жөнін де облыстық ден сау-

лық сақтау бас 

қармасы бастығының 

орын басары 

Т.Нұржігітов: «Бізге аталған меке менің 

басшылары келген жоқ. Келсе, қосымша 

келісім жасап алуға дайынбыз», – дегенді 

айтады. Сонымен жазасын өтеп жатқан-

дардың қолынан шыққан өнім 

дер 


дің 

кәдеге жаратылуы әзірге «сен салар да, 

мен салар, атқа жемді кім салардың» 

кебін киіп тұр.



Атырау облысы

КӨЗҚАР


А

С



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал