Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер



жүктеу 0.61 Mb.

бет6/6
Дата08.01.2017
өлшемі0.61 Mb.
1   2   3   4   5   6

мен керемет үндескен мейлінше 

шынайы шығармалар... 

– Мұның себебі – талантты адамның көп 

жағдайда бала мінезді болатындығында. 

Меніңше, бала мінезді болу – бақыт. Бала 

таза, бала мөлдір, балада арамдық жоқ. 

Жаны таза адам баланың мінезін, оған не 

ұнайтынын жақсы біледі. Жаны сондай 

кіршік сіз болғандықтан да, Мұқаң балалар-

ға соншалықты жақын, ұғынықты өлеңдер 

жазды. 


– Талай рет Мұқағали 

Мақатаевтың жинақтарын 

құрастырдыңыз. Қалай ойлайсыз, 

Мұқағалида нашар өлең бар ма? 

– О баста жазылған аңғал, риясыз 

өлеңдері болуы ықтимал. Бірақ олардың 

өзін нашар деп айтуға болмайды. Жалпы, 

Мұқағалида осал өлең жоқ. 

– Кезінде өзі біраз өлеңдерін 

қолжазба күйінде жоғалтып алған 

екен. Оларды біреулердің иемденіп 

кетуі мүмкін бе? 

– Олай деп ойламаймын. Ол кісінің 

өлеңдерін ешкім иеленіп кете алмайды. 

Өйткені Мұқағалидың қолтаңбасы ешкімге 

ұқсамайды, ол бірден дараланып тұрады. 

Сондықтан жоғалған өлеңдерінің әлі де 



табылып қалуы мүмкін. 

– Әңгімеңізге рақмет. 

Сұхбаттасқан Роза РАҚЫМҚЫЗЫ 

ӨМІРДАСТАН

 

Ұлт ақыны Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек 

ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. 

 Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір 

жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген 

Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл 

жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты 

деп санауға болады. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында 

комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби 

қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде

«Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар 

одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған. 

 Тырнақалды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» 

(қазіргі «Хан тәңірі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 

жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») 

журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген 

сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған. 

 Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын 

ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің 

«Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, 

әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән 

шығарған. Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға 

ұшырағанда да «Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана» деген 

байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған. 

 М.Мақатаев қаламынан «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға-жүрек», 

«Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-дастан» т.б. жыр 

жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың 

екінші өмірі – өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол 

мұрасы – «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір-өзен» т.б. 

жыр кітаптары, «Қош, махаббат!»атты прозалық кітабы оқырманның 

қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды. 

 Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали «Жан азасы» 

(реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. «Аққулар ұйықтағанда» 

поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, 

«Райымбек, Райымбек!» дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде 

қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек батыр ерлігін суреттейді. 

 М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, 

ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір 

мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. 

тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен 

кестеленген.

Мұқағали ғасырлармен бірге жаңарып, 

келер ұрпақпен бірге жасай береді

Мақатаев сыйлығы кімдерге берілген?

Еліміз Тәуелсіздік алғанға 

дейін қазақ әдебиетіне еңбегі 

сіңіп, елеулі шығармаларымен 

ерекше ленген  қалам герлерге 

белгілі  ақын-жазу шы лар  атын-

дағы ар найы сыйлық тар беріліп 

келді. Ке йін атаулы сыйлықтардың 

басы біріктіріліп, Халықаралық 

«Алаш» әдеби сый лы ғы ретінде 

тағайын да латын  бол ды.  Қа зақ-

стан Жазу шы лар одағы тағайын-

даған Мұқа ғали Мақатаев атын-

дағы сыйлық 1985 жылдан 1990 

жылға дейін беріліп келді. Ал 

қазіргі уақытта кейбір орталықтар 

ұйымдас тырған ақынды еске алу 

шараларында өнер адамдарына 

үлестіріліп жүрген Мақатаев сый-

лығы кезін дегі шығарма шылық 

одақ  бас қар масының  арнайы 

ше ші мімен  бел гіленген  сыйлы-

ғының дәрежесін 

дей емес. 

Сонымен,  қа лам гер лер:

• 1985 жылы Несіпбек Айтұлы 

Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық кімдерге берілген? 

Бүгінде ол сыйлықты тағайындау неге тоқтап қалды?

Мұрат ӘРМИЯҰЛЫ, Алматы қаласы

– «Күміс күйме» поэмалар 

кітабы үшін;

• 1986 жылы Жүрсін Ерман 

– «Арай лы күн» жыр жинағы 

үшін;


• 1987 жылы Ерік Асқаров 

– «Кө 


гіл 

дір» атты өлеңдер 

кітабы үшін;

• 1989 жылы Аманхан Әлім 

–  «Жа  ным ның  жапырағы» 

жинағы үшін;

• 1990 жылы Бауыржан 

Жақып – «Көзімнің нұры» жыр 

кітабы үшін және Жаңабек 

Шаға тай «Көкө зек шақ» әңгі ме-

лер жина ғы үшін   М. Мақатаев 

сый  лығы ның  нағыз  иелері деп 

таныл ған.

Ақынның табиғи мүсіні қай жерде?



Жақында бір танысымның қалта телефонынан Мұқағали ақынға 

ұқсай тын үлкен тас мүсіннің суретін көріп едім. Естуімше, бұл – 

адамның емес, табиғаттың күшімен жасалған мүсін екен. Бұл ғажайып 

құбылыс қай жерде орналасқан?

Сәкен ӨМІРТАЙҰЛЫ, Тараз қаласы

Алматыдан Нарынқолға қарай 

бағыт алғандағы Құлжа күре жолының 

шама мен 160 шақырымдай жерінен 

Көкпек жоталары басталады. Арғы 

жағы бірша ма аумақты алып жатқан 

жазық дала. Осы Көкпек жоталарынан 

батысқа қарай 30 шақырымдай 

жердегі жоталардың бірі жылдар бойы 

мүжіліп құлап, жартас пайда болған. 

Сол жартас қатпарларының бір бөлігі 

тылсым табиғаттың күшімен Мұқағали 

бейне 

сіне ұқсап қалған. Ақыннан 



аумай қалған табиғи мүсінді осыдан 

екі жыл бұрын Мұхаммед есімді саятшы 

тапқан. Күре жолдан шеткері жатқан 

бұл жар тасқа көлікпен бару да оңай 

емес. Бұл маңнан көбіне саятшы-

аңшылар мен малшылар ғана өтеді. 

Осы жақтағы аңғарлар арқылы ары 

қарай атақты Асы жайлауына өтуге 

болады. Бұл жер ге былайғы жұрттың 

табаны тие де бер мейді. Әлгі мүжілген 

жотаның кескіні Шарын шатқалының 

табиғатына келіңкірейді. Бір қызығы, 

осы бір жұп-жұмыр жоталардың 

ішінен біреуі ғана белгісіз бір табиғи 

тылсым күштің әсерінен жақпарланып, 

Мұқаңның кейпіне келген. Ел адамда-

ры бұл жерге «Қазақтың ұлы ақыны 

Мұқағали Мақатаевтың табиғи мүсіні» 

деген ескерткіш-тақта орнатып қойған. 

Мүсінді көргендер «Мұқаң өзі де тегін 

адам емес еді, бұл да бір жұмбақ 

құбылыс болды» деген таңданыстарын 

жасырмайды. Ақиық ақынның жүрек 

түкпірінен толқып шыққан жырла ры-

ның астарында қандай тылсым болса, 

оның болмыс-бітімінде де әулиелік 

болғандығы жайында аңызбен көм-

керіліп, ақиқатқа айналған әңгімелер 

көп-ақ. 

Қазынам бар, 

 Қисапсыз шектеледі, 

 Қызғанады біреулер, жек көреді. 

 Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін, 

 Алам десең, 

 Алдымен зертте мені...


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№132 (584) 



29.07.2011 жыл 

жұма                 



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

7

МЕРЕЙ



МҰҚАҒАЛИ – ӘН

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Ақиық – бүркіттің бір түрі

Ақиық — бүркіт тұқымдасына жататын, 

сұңқар тәрізді ірі құс. Негізінен, Алматы 

облысының таулы аудандарын мекен-

дейді. Ересегінің түсі қара қоңыр, иығында 

ақ дағы болады. Балапан кезінде түсі 

бірыңғай ақ болады. Ал мұзбалақ – ол 

бүркіттің жас мөлшерлерінің бірі. Хал-

қымыз бүркіттерді жасына қарай төмен-

дегідей атаған:

Бір жастағысы – балапан, екі жас та-

ғысы – қантүбіт, үш жастағысы – тірнек, 

төрт жастағысы – тастүлек, бес жастағысы 

– мұзбалақ, алты жастағысы – көктүбіт, 

жеті жастағысы – қана, сегіз жастағысы 

– жаңа, тоғыз жастағысы – майтүбіт, он 

жас  тағысы – барқын, 11 жастағысы – 

баршын, 12 жастағысы шөгел деп атала-

ды. Жалпы, белгілі ғалым Әлкей Мар ғұ-

лан ның зерттеуінше, қазақ тілінде тікелей 

бүркітке қатысты 1,5 мыңдай ұғым бар. 

Бүркіттің аяғы төрт саусақты. Олардың 

артқысын– тегеурін, ішкісін – жембасар, 

ортаңғысын – сығым, шеткісін шеңгел деп 

атайды. 


Бүркіт – сұңқар тәрізділер отрядына, 

қаршыға тұқымдасының қырандар 



Ақын Мұқағали туралы айтылғанда оның есіміне «ақиық», «мұзбалақ» 

деген сөздерді қосып айтамыз. Бұл сөздердің мағынасы қандай?

Айдана, Ақтөбе қаласы

Бүгін және ертең Алматы облысы 

Райым 

 

бек ауданы Қарасаз ауылында 



ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 

жылдық мерейтойына арналған салтанатты 

шаралар өтеді. 

Бұған дейін еліміздің барлық өңірінде 

Мұқағали мерейтойына арналған әдеби-

көпшілік шаралар мен ғылыми-танымдық 

конференциялар көптеп ұйымдастырыл-

ған. Ал ақынның туған ауылында кеңінен 

аталып өтпек негізгі тойдың  бағдар-

ламасында төмендегідей іс-шараларды 

жүзеге асыру көзделген:

29 шілде

• Алматы – Нарынқол тас жолының 

бойында орналасқан Райымбек батыр 

ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, баба 

рухына тағзым ету;

• Қарасаз ауылында М.Мақатаевтың 

сөзіне жазылған әндерден республикалық 

«Жырлайды жүрек» байқауының, ақынның 

өлеңдерін оқудан өнер көрсеткен жеңімпаз 

балалардың концерттік бағдарламасы;

• қайта жөндеуден өткен М.Мақатаев 

ескерткіші мен мемориалды мұражайының 

салтанатты ашылуы;

Қарасазда өтетін Мұқағали тойының бағдарламасы қандай шараларды 

қамтиды? Той барысы жөнінде қысқаша ақпар берсеңіздер.

Тәкен ӨСКЕНБАЙҰЛЫ, Талғар қаласы

Ақын тойы қалай өтеді?



Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, 

 Алынбаған ақым бар сенде менің. 

 Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенім, 

 Бура бұлттар – бусанып терлегенім. 

 Аспаныңдай кей сәтте күрсінемін, 

 Жас талыңдай жауқазын бүршік едім. 

 Кең дүние, керемет қалпыңменен, 

 Жүрек болып кеудеме кірші менің.

МҰҚАҒА


ЛИ – МЕРЕЙ

Ақын тойынан алар ғибрат мол

– Мұқағалидың 80 жылдық 

ме рейтойы қандай ерекше лік-

терге негізделеді деп ойлай-

сыз?

– «Құдай тойдан айырмасын» 

дей ді қазақ. Кең пейілді ата-баба-

ла рымыздың өмірден жақсылық-

тарды күткені, ырым 

дағаны – 

дұрыс ниет. Ал ақынға арнап той 

жа сау де ген одан да дұрыс. Мұ қа-

ға ли се кілді жыр жампозының асыл 

мұрасы – ұлтты азаттық рухына тәрбиелеуге 

қыз мет ететін рухани құрал. Солай емес 

пе?! Қалың жұрт болатын тойдың маз мұ-

ны нан осын дай ерекшеліктерді көре алады 

ғой деп ойлаймын.

Ақын өлеңдерінде «Халқымның өз 

айтқанын қайталадым» деген тіркестер 

бар. Мұны ұйқас қуғанның екпіні деп түсін-

беу керек. Ақын оны айтқанда, дала дара-

боздарының ұлылығын сабақтас тырып, 

оны бүгінге сырымен, сипаты мен, үнімен, 

бояуымен жеткізе алдым дегенді меңзеп 

отыр. Солардың жағып кеткен шы рақтарын 

сөндірмей, ұрпақтар қолына ұстату мін-

детін мінсіз атқарды. Сондықтан ақынның 

80 жылдық мерей тойынан ала тын ғиб-

ратымыз, дарытатын өнегеміз аз болмаса 

керек.

– Той қарсаңында ақын елінде 

қандай игі шаралар еңсерілді?

– Мерейтойдың басты шаралары бүгін 

және ертең Қарасаз бен Шалкөде жай-

лауында дүркіреп өтпек. Кезінде облыстың 

бұрынғы әкімі Серік Үмбетов мырза бұл 

жұмыстардың бәрін өзі бастап, өзі қостап, 

сәті мен жалғастырып тиянақтады. Нәти-

жесінде ақын мұражайы қайта салынды. 

Бұрынғы нұсқаға қосымша бірқатар құры-

лыс қосылды. Ішкі безендірілуі де осы 

заман ның талаптарына сай жаңа мазмұн-

мен жасақталды. Қарасаздағы Мәдениет 

үйі күрделі жөндеуден өтті. Ауыл абаттанды. 

Қысқасы, көрсе көз тойғысыз елді мекенге 

айналды десек болғандай. Ішкі жолдар да, 

сыртқы жолдар да даңғыраған қалыпқа 

келді. Ақынның анасы Нағима әжейдің 

басына граниттен өрілген кесене көтерілді. 

Жыр перзентінің кіндік қаны тамған ескі 

Қарасаз да назар дан тыс қалған жоқ. 

Облыстың бүгінгі әкімі Аңсар Мұсаханов 

бұрынғы жұмыстарды одан әрі жандан-

дырды. Той өткізуді ұйымдастыратын жұ-

мыс шы топ үнемі Қарасазда болып, бәрін 

жіті сараптамадан өткізіп келді. Шалкөде 

жайлауына апара тын жол да көпшілік 

көңілінен шығып тұр.

Қарасазда Мұқағали шығармашылы-

ғына арналған ғылыми-теориялық кон-

ференция және жазба ақындардың мү-

шәй  расы өтеді. Оған Қазақстан Жазушылар 

одағы жетекшілік жасайды. 30 шілдеде – 

негізгі той. Сол күні кең жазира Шалкөде 

жайлауы қара өлең мен қазақ поэзиясының 

да жайлауына айналатын шығар.

– Өзіңіз жетекшілік жасайтын «Мұ-

қа ғали» журналы және оның осы тойға 

ықпалының қандай болғанын айта 

кетсеңіз.

– Ақынның 80 жылдық тойындағы ең 

басты жаңалық «Мұқағали» журналы ның 

жарық көріп, оның қалыптасуы еді. Алты 

жыл ішінде ақын атындағы басылым ақ па-

рат кеңістігінен өз орнын тапты. Оқыр ман-

дар саны молайды. Біз осыған қуана мыз.

Журнал ақын шығармашылығы мен 

ақын өміріне қатысты жайлардың барлы-

ғын назардан тыс қалдырмауға ден қояды. 

Осының арқасында мұқағалитану үрдіс те-

рінің алғашқы нобайлары көріне бас-

тады.

Ал ақын туралы сөздің үлкені әлі алда. 



Журнал соған апаратын бірінші соқпақты 

жасауға үлес қосты. Әсілі, қазына деген 

нәрсе тек тереңде жатады. Осылай десек, 

Мұқағали тереңіне бойлайтын білімді ұр-

пақ тың қолына қалам алып, уақыт мін-

берінен ашылып сөйлейтін кездері де иек 

астында тұрған секілді көрінеді. Жур нал ер-

теңгі нағыз зерттеушілер пайда лануға тиісті 

шикізаттарды дайындап беріп жа тыр.

Мерейтойды не үшін және оны қалай 



Батық МӘЖИТҰЛЫ, ақын, «Мұқағали» журналының бас редакторы:

Бірде-бір айтулы кеш, концерт, жиын-

той, тіпті шағын отырыс та Мұқағали өле-

ңіне жазылған әнсіз өтпейтіні белгілі. Нұр-

ғали Нүсіпжановтың орындауында ша рық-

 таған «Саржайлау» (әні: Нұрғиса Ті лен -

диев), Роза Рымбаеваның шырқата са ла тын 

«Нау рыз-думаны» (әні: Талғат Са рыбаев), 

Мәдина Ералиева сы зылтқан «Кү рең күз» 

(әні: Гүлнәр Дәу ке но ва), «Есіңе мені ал ғай-

сың» (әні: Лена Әб ді ха лықова), «Қазағым-

ай», «Сәби бол ғым келеді» (әні: Тұрсынғазы 

Рахымов), «Құм ған алған» (әні: Мұратхан 

Егінбаев) әндері қазақ сахарасында еркін 

самғаған кез келген қазақ баласының өмірі 

мен бет-бейнесін айшықтап тұрғандай. Мұ-

қаға лиды тұңғыш әнге айналдырған  Нұр-

ғиса Тілен диев атамыз болса, Тұр сын ғазы 

Рахы мов тың композитор ретінде тұ сауын 

кескен де – Мұқағалидың отты жыр лары. 

«Аякөз-ару», «Отыздан асып бара мын», 

«Қазағым-ай», «Бибігүлге» сынды елдің 

аузында жүр ген 30-ға жуық ән Тұр сынғазы 

ағаның  ком по зи торлық  өнеріндегі  өзгеше 

бітімін айқындап бергендей. Мұ қа ғалидың 

80 жылдық, өзінің 60 жылдық мерей-

тойына орай үстіміздегі жылдың ақпа-

нының 18-інде Астанада  Пре зи денттің мә-

дениет ор та лығында басталған кешімен 

компо зи тор Алматы мен Шығыс Қазақстан 

өңірі мек тептерін аралап шықты.  

Композиторлар неге Мұқағали 

өлеңдеріне құмар?

Тұрсынғазы РАХЫМОВ, композитор:

– 1979 жылы 13 сәуірде Сұңқар 

есімді тұңғышым дүниеге келгенде,  

қуан ғаннан Мұқағалидың сөзіне қол-

ма-қол ән жаз дым. Содан бастап ре ні-

шім де, қуанышым да – барлық ішкі 

тол ға нысым  Мұқағалидан  табыла 

берді. Жеті-сегіз оқып жүрген шағымда 

Ая көздің Тарбағатай өңірінің Малтыкөл 

ауылына  ағам Ерғазы Мұқағали ақын-

ды ертіп келді. Менің домбырамен сал-

ған әнімді тыңдаған ақын ағама: «Ер-

ғазы, інің құлын дауысты әнші екен. 

Сах  наның әншісі болатын секілді», – 

деп ри зашылығын білдірді. Сол сөз 

мені ән шілікке, ақын өлеңдеріне ән 

жазуға  жете леді.  Мектепте  Мұ қа ға ли-

дың өлең дерін жат қа оқып, жарысып 

жүретінбіз. Тілге жеңіл, адамның кө-

кейіне тез құйы латын, өзі айтқандай, 

«шек 

пен жауып, өзіне қай 

тарған» 

қазақ тың қара өлеңі әр қазақтың жан 

дүниесімен үндес, сырлас. Мен әуелі 

әуен жазбаймын, ең бірінші сөзге қарап 

жазамын. «Сәби болғым келедіден» 

кейін Мұқағали өлеңдеріне ғашық бол-

дым да, ән жаза бердім. 

Мұқағали сөздерінен тебіренбеген жан 

кемде-кем шығар. Тіпті өмірінде ән шы-

ғармаған Тұрарбек Төлендиевтің маман-

дығы дәрігер болса да, ақынның «Арулар 

– асыл жандар», «Қарлығашым, қайда-

сың?» өлең дерін оқыған соң, сезімге толы 

кеудесі серпілмей қалмапты. 



Тұрарбек ТӨЛЕНДИЕВ, ҚР денсаулық 

сақтау ісінің үздігі, композитор:

– Мұқағали өлеңдерінің барлығы 

адамның жан дүниесімен дөп түседі. 

Әр өлеңінен ән төгіліп тұрады. «Аңса, 

жаным» деген өлеңін билейтін ән қы-

лып жібер гендер де бар. Ол – кәдімгідей 

адам жү регінен аңсап шығатын ән, аң-

сау дан туған. Әнді бұзып, тыпырлатып 

жі бер гендерге  рен жулімін.  Музыканы 

өлеңге лайықтап жазу керек. Мұқағали 

сөздерінің кейбірі мұңданатын, кейбірі 

шаттанатын ән тілеп тұр. Жанрлық жа-

ғы нан бір сарынды емес, барлық жанр-

да жазылатын өлең бар. Му зыкадан 

ха бары бар, сезімі бар адам өлеңін ән-

мен төгілдіріп жіберетін еді. 

Ақын ның «Отыздан асып барамын», 

«Жалаң аяқ қыз» өлеңдерін оқыған адам 

ол жерде мұң, ой, шындық, мәселе барын 

тү сінер еді. Ал оларды өзін-өзі жұлып 

...Мұқағалидың өлеңдерін тәржі ме ле-

ген де мен Санжы облыстық әкімдіктің Хат-

шылар басқармасының бастығы болып 

жұ мыс істеуші едім. Біздің басқармада Мұ-

рат бек деген қазақ жігіті бар еді. Қашан 

көр  сем, қолынан бір кітапты тастамай 

оқып жүретін. Бір күні: «Ей, Мұратбек, қо-

лың дағы кітапты тастап, жұмыс істесеңші!» 

– дегенім сол екен, ол: «Апай, мынау Шың-

жаң жас тар баспасынан шыққан «Қаздар 

қайтып барады» деген өте керемет кітап. 

Авторы – қазақстандық Мұқағали деген 

ақын. Сіз оқы саңыз, жылайсыз», – деді. 

«Мені жы ла  татындай қазақта қандай ақын 

бар? Қазір жиналысқа кіргелі тұрмын. Мен 

шық қан ша бес-алты өлеңін таңдап қой», 

– дедім. Жиналыстан шықсам, Мұ рат бегім 

ақынның біраз өлеңін дайындап отыр екен. 

«Ал оқы», – дедім. Мұратбек оқи жөнелді. 

Ал дымен «Соқпақ», «Поэ зия», одан кейін 

«Махаббат диалогы», «Ба балар, сіздерге 

рах мет»... Оқып жатыр, оқып жатыр... 

Алла, не деген керемет!

– Мұратбек, тоқта! Мына қытайдың 

жұ  мы сын қояйық, – деп есікті ішінен құ-

лып тап. – Сен оқып отыр, мен сөзбе-сөз 

қытай тіліне тәржімелейін, – дедім. Сөйтіп, 

екі сағат он минутта алты өлеңді аударып 

бол дық. Болғанша көзімнің жасы сорғалап 

ағып тұрды. «Тәуба, қазақта да осындай 

өлең жазатын керемет ақын бар екен ғой» 

деп таңғалып, Мұратбекке:

– Ертең таңертең Хатшылар бас қар ма-

сын да жиналыс болады. Автордың атын 

жазбай, өлеңдерді көбейтіп, қытайларға 

таратып берейін, – дедім.

Хатшылар басқармасында менен басқа 

14 қытай хатшы бар. Бәрі ақын, жазушы 

ғой. Ертесіне Мұқағалидың өлеңдерін бә-

ріне үлестіріп бердім. Әлгілер оқып алып: 

«Не деген керемет өлеңдер, қайсы өлкенің 

ақыны?» – деп таңдай қағысты. «Кімнің 

өле ңі, қайсы өлкенің ақыны» деп қазбалап 

сұрап отырғандары қытайдың атақты 

ақын дарының бірінің өлеңі деп дәмеленіп 

отырғаны ғой.

– Қазақстандық Мұқағали Мақатаев 

де ген ақынның өлеңі, – десем, қытайлар:

– Мұқағали деген қазақ па? – деп шу 

ете түсті.

– Иә, мен сияқты кәдімгі қазақ.

– Үй, о немелер де өлең жаза ала ма 

екен? – демесі бар ма! 

Қытайлардың осы сөзінен кейін қа са-

қана Мұқағалидың өлеңдерін тәржімелеп, 

Қытайдың ең таңдаулы бес-алты жур на-

лына жарияладым. Қытай оқырмандары 

із деп жүріп оқыды десем, артық айтқан 

бол маспын.



(«Есіңе мені алғайсың», Алматы,

«Са рыжайлау» қоғамдық қоры, 2010)

Хантәңірінің мұз қатқан шыңдарынан жырларына табиғаттың 

ызғарын емес, жылылығын алып, бар қазақтың жүрегін селт еткізген 

Мұқағали өлеңдері композиторлар қауымын да бейжай қалдырмады. 

Тіпті ән жазуды мансұқ етпегендердің де шабытын шақырып, өлеңнің 

салмағына қарай салмақты әндер тудыртты.  Айға ұшу, ҚазҰУ-ға түсу, 

шетелге бару, сүйген жарды құшу сынды әркімнің бір арманы сияқты, 

Мұқағали өлеңіне ән шығару – композитор үшін арман. Себебі 

мұзбалақ ақынның сөздері кез келген әннің бағын ашады десек, 

қателеспейміз.

 Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

Әнші Сара Тыныштығұлова апайымыз Қазақ радиосының көркемдік кеңесінде 

тұшымды бір ән тыңдай алмай: «Өкінішті, екі сағат келіп отырамыз, тыңдайтын 

ештеңе жоқ. Әннің көбі ұрланған, орыстардан, қазақтар бірінен-бірі ұрлайды. 

Бәрі алады да, Мұқағали өлеңдеріне ән жазады. Мақатаевтан басқа ақын жоқ 

па?!» – деп ашынған екен. Бұлай дейтіндей жөні бар. Есті композитор ессіз сөзге 

өлең жазып, есалаң ән тудырғысы келмейді. Мұқағалидың әр өлеңі поэзия 

ретінде оқысаң да, әнге салсаң да, тігісі тегіс жата кететін әжеміздің көрпесі 

сынды. Өлең жазғанның барлығы ақын емес. Бір-екі өлең жазып, ән шығартып, 

аты шығып, «жер өртеп» жүргендер қаншама! Өлеңді ән жазылсын деп емес, 

оқырман ішінен ой түйсін деп жазғанда ғана қадірі артып, сөздің парқына 

жетпек. Қоғам шындығын, өмірдің тың үнін, адамның ішкі жүрек бұлқынысын 

жазуды ғана көздеген Мұқағали өлеңдері сондықтан да құнды, сондықтан да 

өміршең. Асылдың өзі кетсе де, жауһар жырлары оқылып, әуезді ән болып төгіле 

бермек. 

туысына жататын, оның ең ірісі және 

бірбеткейі саналатын жыртқыш құс. Қазақ 

халқы оны жеті қазынаның бірі санап, кие 

тұтқан. Қазіргі Көк байрағымызда да күн 

астында қанатын кеңге жайған қыран 

бейнеленген. Мұқағали туған таулы өлкеде 

бүркіттердің бірнеше түрі кездеседі.

• Қарасаз ауылдық мәдениет үйінде 

М.Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына 

арналған ғылыми конференция;

• «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін!» 

атты жазба ақындардың республикалық 

жыр мүшәйрасы;

• Орталық алаңда «Жырлайды жүрек» 

атты М.Мақатаевтың сөзіне жазылған 

әндерден мерекелік концерт.

30 шілде  

• Шалкөде жайлауында мерейтойдың 

салтанатты ашылуы; 

• Театрландырылған қойылым және 

мерекелік гала-концерт;

• Киіз үйлер қалашығында Мұқағалиға 

арнап ас беру; 

• Ат спорты түрлерінен жарыс;

• Жиынды қорытындылап, қонақтарды 

шығарып салу.



Қайша ТӘБӘРІКҚЫЗЫ,

Қытайда тұратын

қандасымыз, аудармашы,

белгілі қаламгер: 

Мұқағалидың 

өлеңдерін 

қытайлар іздеп 

жүріп оқиды

жейтін, билейтін әнге айналдырғандарға 

не жорық?! Мұқағали «Отыздан асып 

барамын» өлеңінде:

Қуанып кейде қаламын, 

Қуарып кейде қаламын. 

Аттанған ата-ананың 

Артынан қуып барамын, – деп адамның 

жастық ғұмырының мәңгілік тұрмайтынын, 

кәрілікке, өлімге қарай барлығымыздың 

да қадам басатынымызды меңзеп тұрса, 

«Жалаң аяқ қызда»: 

Қара да тұр, қайтесің, қара да тұр, 

Бұлаң еткен бұл сурет қалады ақыр. 

Жалаң аяқ... 

Балтыры жалт-жұлт етіп, 

Ғайып болып жастығым бара жатыр, – 

деген жолдар арқылы жастықтың да мәңгілік 

еместігін, бұлаң етіп өтетін қас-қағым өмір 

сәттерін суреттейді. Ал жас тар сүйіп тың-

дайтын Ерболат Құдай бергенов «Сүйгісі келе 

берер сүйген ерін, Сүй, жаным, сүйкімді бір 

күйге енемін» деп өріліп келетін «Бойжеткен» 

өлеңін сүюге құмартып, өліп-өшіп тұрған 

жігіттің сөзі іспетті әнге қосыпты. Бәлкім, жас 

буынның жүрегіне жол тарту үшін бұл да 

табылған ақыл шығар. Дегенмен артық 

қыламыз деп, тыртықтыққа жол беріп, ойлы 

сөзді ойыншыққа айналдыра берудің еш 

қажеті жоқ.

өткіземіз деген сұрақтар туған кезде «Мұ-

қағали» журналы оған тиісті жауаптар 

қайтаратын міндетті атқара алды. Идеялар 

көтерді, ойлар туғызды. Журналдың ме-

рей тойға ықпал, әсері дегенде біз осындай 

жайларды мысал етеміз. Журналдың жа-

рық көруінен мұқағалишыл оқырман ұт-

па са,  ұтылған  жоқ.

«Тойдың болғанынан боладысы қы-

зық». Дүбірлеп, дүркіреп өтеді де шығады. 

Ал «Мұқағали» журналы үшін әрбір ай 

ақынның туған күні сияқты. Сөзін, әңгімесін 

әрі қарай жалғастырып, ырғағын ширата 

бермек. 


– Мерейтойға арналған нөмір шы-

ғып жатқанынан құлағдармыз. Оған 

қосатын тағы қандай жаңа лықтарыңыз 

бар?

– Журналдың ұйымдастыруымен биыл 

«Мұқағалитану бастауы» деген серияның 

жобасы жасалып, ол бойынша нақты жұ-

мыстар жүзеге асып жатыр. «Білгің келсе, 

ал дымен зертте мені», «Есіңе мені алғай-

сың», «Мен, сірә, өлмейтін шығар мын» 

де  ген үш томдық жарық көрді. Оны оқыр-

мандар ілтипатпен қабылдады.

Мерейтойға осы серия негізінде құрас-

тырылған төртінші томды апарамыз. Ақын 

сөзіне жазылған композиторлардың ән-

дері бірінші рет жеке жинақ болып шықты. 

Әннің нотасы мен мәтіні, басқа да ою-өр-

нектері түрлі-түсті бояулармен бе ріліп, бе-

зен дірілген. Оқуға да, сөреге қоюға да өте 

тар тымды. Біздің той-шашуымыз осын-

дай.


– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Алмат ИСӘДІЛ

АЙТЫЛАР ЕСТЕЛІКТЕР МЕН ТУРАЛЫ... 

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№132 (584) 



29.07.2011 жыл 

жұма                  



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

8

ДУМАН



№132 (584) 29.07.2011 жыл, жұма            

www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

Ке

зекшi  ред



ак

тор – Дарх

ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ

Республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ  Бас ред

ак

тордың бiрiншi орынб



ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН  Бас ред

ак

тордың орынб



ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


ау

апты х


атшы

Талға


т КIРШIБ

А

ЕВ  – 



ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат 

 

минис



трлiгiнде тiрк

елiп, бұқар

алық ақпар

ат құр


алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ред

акция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

ау

ап

 



бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


атын ма

териалд


ар

 

қабылд



анб

айды.


«Алаш айнасынд

а» ж


арияланған ма

териалд


ар мен с

уре


тт

ердi


 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

аты


 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №991

Ас

тана  қаласы «А



ст

ана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1505

Шымк

ент қаласы «Оңтүс



тiк по

лигр


афия» б

аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 


8 

(7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №7235

Бағасы  к

елiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

йн

ас



ы» г

аз

ет



е ж


аз

ыл

у и



нд

екс


i: 6

42

59



Ре

да

кц



ияның

 м

ек



ен

жайы


Ал

ма



ты

 қ

ал



ас

ы,05


005

1,

 Б



ег

ал

ин



 кө

ш

ес



і, 1

48

/1 А



e-

m

ail



inf

o@

alashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

Атыр


ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары: Құб

аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с

аяси бюро, т

ел.: 

388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

ел.: 


388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел.: 

388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

ел.: 


388-80-62

БҮГІН:

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

ШІЛДЕ

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

29

30



31

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

ТАМЫЗ

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28

29



30

Тар


ат

у қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


на

 б

ю



росының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

Арман А

СҚАРОВ – тілші



Шілденің 29-ы

Алаштың атаулы күні:

• 1936 жылы Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан 

облыстары құрылды.

• 1990 жылы Алматыдағы «Медеу» мұзайдыны кешенінде тұңғыш 

рет Халықаралық «Азия дауысы» танымал әндер мен жас 

орындаушылар фестивалі өтті. 

• 2000 жылы Семей ядролық полигонының соңғы бағаны 

жойылды.


• Жүйе әкімшілері күні.

Туған күн иелері:

Қайыр Жұбанов (1935) – техника ғылымының докторы, профессор, 

академик;



Ермек Жұмабаев (1949) – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

Мағауия Сембаев (1955) – Қарағанды облыстық «Орталық 

Қазақстан» газетінің бас редакторы;



Тоқтасын Ерубаев (1963) – Шығыс Қазақстан облысы санитарлық-

эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры;



Руслан Әлішев (1978) – Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат 

басқармасы бастығының міндетін атқарушы.



Шілденің 30-ы

Алаштың атаулы күні:

• 1954 жылы Қытайда Іле қазақ автономды ауданы құрылды.

• Қазақстан 1992 жылы Кабо-Верде, 1993 жылы Уругвай Республи-

ка ларымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.



Туған күн иелері:

Әлібек Дінішев

 (1951) – опера әншісі, КСРО және Қазақ КСР Халық 

әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері;

Барыс Жапаров (1955) – «КазРЕНА» Қазақстан ғылыми білім беру 

компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас 

директоры, техника ғылымының докторы, профессор;

Ермек Оқаев (1960) – «Қазақтелеком» АҚ Тәуелсіз директор 

тағайындау және марапаттау комитетінің төрағасы, Аудит жөніндегі 

комитеттің мүшесі;

Талғат Әбдіхалықов (1963) – «Евразийский банк» АҚ басқарма 

төрағасының орынбасары;



Азамат Бердібай (1963) – ҚР Катар мемлекетіндегі Төтенше және 

өкілетті елшісі;



Нұрлан Ноғаев (1967) – Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші 

орынбасары;



Ақбота Әзірбек (1984) – Алматы қалалық ІІД Жол полициясы 

басқармасының баспасөз қызметкері.



Шілденің 31-і

Алаштың атаулы күні:

• 82 жыл бұрын астроном Николай Черных ашқан жаңа ғаламшарға 

қазақтың тұңғыш академигі, көрнекті ғалым әрі қоғам қайраткері 

Қаныш Сәтбаевтың есімі берілді. Бұл ғаламшар Жерге әр бес жыл 

сайын жақындап тұрады.

• 19 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Молдова 

арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

• 1996 жылы Қазақстанда тұңғыш рет қолдан ұрықтандыру әдісі 

арқылы сәби өмірге келді.

Туған күн иелері

Ғұмарбек Дәукеев (1948) – Алматы энергетика және байланыс университетінің 

ректоры, профессор;



Сергей Айтышев (1950) – «Қазхиммонтаж-холдинг» АҚ президенті, техника 

ғылымының докторы;



Гүлназ Ахметова (1952) – Білім беру жүйесі басшы және ғылыми- 

педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институттың 

директоры, педагогика ғылымының докторы;

Бигелді Ғабдуллин (1955) – тележүргізуші, Сеntral Asia Monitor газетінің бас 

редакторы;



Амангелді Айтқұлов (1966) – Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары, 

техника ғылымының докторы;



Аңсар Мұсаханов (1966) – Алматы облысының әкімі, ауыл шаруашылығы 

ғылымдарының кандидаты.



Тамыздың 1-і

Алаштың атаулы күні:

• 2540 жыл бұрын (б.з.д 530) Сырдария өзені бойын мекендеген сақ тайпалары 

мен оларды жаулап алуға келген парсы тайпалары арасындағы ұрыста парсы 

патшасы Кир қаза тапты. Тұмар ханым (Томирис) Кирдің басын кесіп алып, қан 

толтырылған торсыққа салып қойған. Геродоттың қолжазбалары бойынша осы 

шайқас кезінде парсы жағының шығыны 200 мың адамға жуық болған.

• 800 жыл бұрын (1210) Талас өзенінің маңында қарақытай ұлысы мен 

Хорезмшаһ әскерлері арасындағы шайқас өтті. Қарақытайлар жеңіліске ұшырап, 

Баласағұнға қарай шегінді.

• Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі тұңғыш концертін берді. Тұсаукесер өнер кеші 

1967 жылы Баянауылда өтті.

Туған күн иелері:

Еркеғали Рахмадиев (1932) – сазгер, КСРО және Қазақ КСР Халық әртісі, Мем-

ле кеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайратке рі;



Байзақ Момынбаев (1946) – педагогика ғылымының докторы, профессор, 

академик;



Ілияс Бақтыбаев (1948) – Конституциялық Кеңестің мүшесі, 2-сыныпты 

мемлекеттік әділет кеңесшісі, заң ғылымының кандидаты;



Қуандық Тұрғанқұлов (1949) – Орталық сайлау комиссиясының төрағасы;

Амангелді Шабдарбаев (1950) – Президент кеңесшісі, генерал-лейтенант;

Таласбек Әсемқұлов (1955) – жазушы;

Салидат Қайырбекова

 (1961) – ҚР денсаулық сақтау министрі, медицина 

ғылымының докторы;

Еркін Қыдыр (1962) – «Егемен Қазақстан» АҚ вице-президенті.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры:

ӘЛІБЕК – арабтың «али» (ұлы, жоғары, күшті) және қазақтың «бек» (ел билеуші) 

сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Ислам діні жаңадан ел ішіне тарай 

бастаған тұста Әзірет Әлінің құрметіне, оның әділдігі мен батырлығына сүйсінген 

түркі жұртында «әлі» сөзі тіркескен есімдер көптеп қойыла бастаған. ӘЛІБЕК – 

жаңа туған сәбиге «ел басқарған серке болсын, жолы оңғарылсын» деген 

тілекпен қойылатын есім. Ел ішінде жиі кездеседі. 



Ауа райы

 +28+31

о

 

 +18+20

о

+37+39

о

 

+21+24

о

+34+36

о

 

+22+24

о

 +38+40

о

 

+23+25

о

 +34+35

о

 

+24+26

о

 

+26+29



о

 

+18+20

о

 

+26+28



о

 

+16+18

о

+31+33

о

 

  +22+24

о

+35+37

о

 

+21+24

о

+33+35

о

 

 +23+25

о

+25+27

о

 

+16+18

о

 +28+30

о

 

   +20+23

о

  

+26+28

о

 

 +16+18

о

 

+30+33

О

 

+18+20

О

  

+26+28

о

 

+17+19

о

        


+26+28

о

 

+13+16

о

  

+25+27

о

 

 +9+10

о

 

+29+31

О

 

+18+21

О

Кеше

Кеше

Бүгін

Бүгін

 

 



Қарасаз. М. Мақатаев мұражайының бұрынғы келбеті

Жаңарған мұражай

Жазылар естеліктер мен туралы, 

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. 

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, 

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы. 

Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды, 

Қылығымды ұнатқан жұлынуды. 

Жақсы көрген дер мүмкін 

 

 

                  «жылынуды», 

Әйтеуір, қазбас былық-шылығымды. 

Жоқ жанды қиған емес жамандауға, 

(Сол үшін рақмет адамдарға!!!) 

Білемін, әйтеуір, бір замандарда  

Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға... 

Жазылар естеліктер нешелеген, 

Көрерміз оның бәрін пешенеден. 

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе – 

Көшеді өлең немесе өшеді өлең! 

Қулары таудың қызыл түлкісі дер, 

Момындар біздің үйдің кірпіші дер. 

Мәңгілікке өзіммен ала кеткен  

Менің нәзік жанымды кім түсінер!?

М. Мақатаев

Жазылар естеліктер мен туралы

МҰҚАҒАЛИ МҰРАЖАЙЫ

Бүгін Алматы облысы, Райымбек ауданы, 

Қарасаз ауылында Мұқағали Мақатаев тың         

80 жылдық мерейтойы республикалық деңгей де 

тойланбақ. Ақын тойы туған ауылы Қара   саздан 

бастау  алып,  Алматы,  Астана  қалала рын   дағы 

үлкен мәдени іс-шаралармен жалғаспақ. Той 

қарсаңында ақын туған аспантаулар өлкесінде 

бір  шама игі шаруалар атқарылды. Ауыл 

көркейіп, ескі жолдар жөн деліп, мұражай 

алдындағы ақын ескерт кіші де жаңарды. 

Жуырда ғана Қарасаздағы Мұқағали 

Мақатаев мұра  жайы күрделі жөндеуден өтіп, 

жаңаша түр-сипат қа ие болды. Бұл әдеби-

мемориалды мұражай ақын ның 60 жылдық 

мерейтойы қарсаңында 1991 жылы 4 шіл деде 

ашылған. Қазіргі уақытта мұражайда 800-ге 

жуық экспонат бар. Ол әр кезеңдерде 

толықтырылып оты ры л ады. Негізгі қорда         

М.Мақатаевтың өзі пайда ланған кітаптар, 

өлеңдерінің қолжазбалары мен көзі тірісінде 

тұтынған заттары бар.

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал