Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер



жүктеу 0.61 Mb.

бет4/6
Дата08.01.2017
өлшемі0.61 Mb.
1   2   3   4   5   6

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ,

ақын, Халықаралық

«Алаш» сыйлығының иегері:

– Ұлы Абай айтқан «тілге жеңіл, жү-

рекке жылы» өлеңдер Мұқағали Ма қа-

таев поэзиясының негізгі тіні екені дау-

сыз. Мұқағали – қазақ халқы ның бі р не-

ше буын ұрпағын тәрбиелеп келе жат-

қан шын мәніндегі ұлт ақыны. Бүгінде 

Алтай мен Атыраудың, Жетісу мен 

Арқаның арасында Хантәңірінің мұз-

балағы атанған ақиық ақынның жыр-

ларын жатқа айтып, оның сөзде рі не 

жазылған әндерді білмейтін жан жоқ 

шығар. Мұқағали табиғи таланты мен 

үлкен білімінің арқасында қазақ тың 

қара өлеңін жаңаша түлетіп, заң ғар 

биікке көтере білді. Ақынның өміріне 

қатысты әрқилы алыпқашпа пікірлер 

айтылып жүргенімен, Мұқа ға ли көзі ті-

рі сінде-ақ мойындалып, өз қатар лас та-

рынан оқ бойы озық тұрып, көп оқыл-

ған. Біз де бала кезімізде Мұ қаң  ның 

«Қар лығашым, келдің бе?», «Мавр», 

«Да риға жүрек» сынды кітап та рындағы 

жыр-дастандарды жатқа оқып өстік. Өз 

басым Мұғағалимен бір күн де туға ным-

ды мақтан тұтамын. Осы 

 

 

ны жақсы 

ырым ға  балап,  15  жа сым  да:

Ір кілмеген,  дүркіндеген

   

 

       жыр кімге,

Өлеңдетпей ғұмыр кешу

   

 

     мүмкін бе?!

Туған екем мұзарттағы мұзбалақ – 

Мұқағали ағамызбен бір күнде, – 

деп өлең жазып едім. Сондықтан да 

маған Мұқағали ерекше ыстық, бас-

қа лардан бір табан жақын секілді сезі-

леді. Жыл сайын 9 ақпанда мен ең 

ал ды мен  көпшілікпен  бірге  Мұқа ға ли-

дың тойын тойлап, кештеріне қатысып, 

өз туған күнімді одан кейін атап өтемін. 

Қазақ деген елі барда, қара өлеңнің 

қа дірін түсінетін оқырманы барда Мұ-

қа  ғали есімі де өшпек емес. Керісінше

оның соншалық қарапайым, соншалық 

мөл  дір  поэзиясы  ұрпақтан-ұрпаққа, 

ға сы р дан-ғасырға  үздіксіз  жалғасын 

таба бере тініне бек сенемін.

Басы 1-бетте

Лашын ӘЗІМЖАНОВА, Мұқағали Мақатаевтың жары: 

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын, «da 

Қазақстан» халықаралық журналының бас 

редакторы:

– Мұқағалидың алуан қыры мен сыры 

бар, адалдығы мен адамгершілігі мол, 

шығармашылық мүмкіндіктері ба рын ша 

толысып, кемелденген, өте бір ғажайып 

ақын екендігіне заманның өзі куә. Ол өзі-

нің өткен ғасыр мен осы ға сыр  дың және 

бұдан кейінгі ға сыр лардың да құрдасы 

болатын дығын  түй сігімен  се зіп,  айтып 

кеткен.  Бүгінде  ақын  ның  айт қа ны  ақи қат-

қа айнал ғанын көріп отыр мыз. 

Қазақ өлеңінің тарихында, тұла 

бойын  да әр пендеге тән кейбір кем ші-

ліктердің болуына қарамастан, жүре гіне 

иман ұялатқан ақындар көп болған емес. 

Мұқағалидың басты қасиеті – атеис тік 

қоғамда өмір сүрсе де, Алланы хақ деп 

танып, асыл дінінен айны ма ған дығында. 

Мысалы, Абай «Алланың сөзі де рас, өзі 

де рас» десе, Мұқа ға ли:

Бәрі рас айтқанының ақ Алланың,

Күн менен топырақтан жарал ған-

мын.

Тәнімде түйірі жоқ арам қанның... – 

деп ағынан жарыла келе, «күллі әлем  нің 

мұсылмандары, бірігіңдер» деген үндеу 

тастайды. Мұқаңның осы бір имандылық 

қыры мен Абай дәс тү рімен сабақтастығы 

турасында белгілі ақын Құл-Керім Елемес 

кезінде үлкен зерттеу мақала жазған. Өз 

өлеңінде «Пайғамбар Мұхаммедтің үм-

бе тімін» деп жаһанға жар салған ақын 

ті рісінде-ақ Хақ жолын мойындаса, бү-

гін де Алла тағала Мұқағалидың мәр те-

бе сін көтеріп жатыр. Ұлылар өмірі қа-

шан да бір-бі рімен сабақтас келеді. Мы-

салы, Ма хам беттің (батыста Мұхаммед 

пай ғам ба рымызды  Махамбет  деп  те 

атаған) аты да, Абайдың шын есімі Иб-

раһим мен Мұқағалидың азан шақырып 

қойылған аты Мұқаметқали – үшеуі де 

нұрлы есім. Махамбет – Қаройда, Абай 

– Қарауыл 

да, Мұқағали Қарасазда 

туған. «Қара» сөзі қазақта қасиеттілік пен 

ұлы лықты біл діреді. Демек, осы қа сиет ті 

үш Қараны қазақ руханиятының үш 

тұғыры деп та нып білуге болады.

Ғарифолла ЕСІМ, философия ғылымының докторы, академик:

– «Дін – ғылымның анасы». Бұл – Мұқағали Мақатаевтың 

өткен ғасыр дың 70-жылдары жазған өлеңінің алғашқы жолы. 

Ол заманда атеизм (дінсіздіктің идеологиясы) мемлекеттің саяси 

қызметін атқарғаны көпші лік ке белгілі. Дінді ғайбаттап сөз сөйлеу 

кеңестік мәдениеттің бір өлшемі болатын. Қоғамдағы саяси ағымға 

сай, ақындар да дінді сынап жазуды дәстүрге айналдыра бастаған. 

Сол «Құдайсыз заманға» тап болған ұрпақ тың өкілдерінің бірі ақын 

Мұқағали Мақатаев еді, бірақ оның сөзі өзге ше болды. Жоғарғы 

жақтағыларға дінді қаралап жазса ұнайтынын, марапат тарға ие 

болатынын ақын білді. Алайда Мұқағали ол жолға түспеді. Жаны 

жаралы  болып,  дүйім жұрттың  ішінде жалғызсы рап, сер гел деңде 

жүр ген де тұла бойына табиғи болмысымен енген мұсылмандық 

нұрын шаш пай-төкпей сақтап, ешкімге ұқсамайтын дін туралы 

өзінің формуласын ұсынды, оның дінді ғылымның анасы дегені 

даналықтың үлгісі еді.

Әбіш КЕКІЛБАЕВҚазақстанның Халық жазушысы:

– Мақатаев жырларындағы майда қоңыр саз бен жарқ-жұрқ көзге 

ұрмайтын жұмсақ нұрдың өзі де оның терең тебіреністі гуманистік 

мәнін айқындай түседі. Жас ақын зор адамгершілікті, биік гуманизмді 

елден ерек төтен ерліктерден емес, адамдардың бір-біріне деген мейір 

- пейілінен іздейді. Оның өлеңіндегі адамдар – шетінен жүзі игі, жүрегі 

жұмсақ жандар. Бірақ ақын өмірді май тозғысыз идиллия қылып сурет-

теуден аулақ. Ол әре кет шіл, мейірімді, өзгенің бақыты мен қуанышына 

тек тілектес қана болып қоймай, сол үшін бел шешіп күресе тін белсенді, 

қайырымды адам ту ра лы жырлайды. Ол сонау ұлы шай қас, Ұлы Жеңіс 

жылдарын да жар қы рап көрінген моральдық сапаны дәйім биікте 

ұстауға үндей ді. Ол қазіргі қылығымыз бен құлы ғы мыз ды да сол 

жылдардағы мораль дық биігіміздің деңгейімен өлшейді. 

«Дәуірмен бетпе-бет» кітабынан. 1972 жыл

МУЗА


Сырым да – осы, 

Жырым да – осы, 

 Алдыңда, 

 Байқашы бір, 

 Бықсыдым ба, жандым ба? 

 – Махаңдар жоқ, 

 Махаңдардың сарқыты – 

 Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Мұқағалидың жерлес, қаламдас 

ақын бауыры Еркін Ібітанов 1935 жы-

лы 6 маусымда Алматы облысы

Райымбек ауданы (бұрынғы На рын-

қол), Қаратоған ауылында дүниеге 

кел ген. Еңбек жолын бастауыш мек-

тепте ұстаздық қызметтен бастаған. 

Кейін аудандық «Хан-Тәңірі» (бұ-

рынғы «Советтік шекара») газетінде 

ре дакцияның бөлім бастығы, ре дак-

тордың орынбасары болды. Осы 

редакция жанынан құрылған М.Ма-

қа таев атындағы әдеби бір лес тіктің 

жетекшісі бола жүріп, бүгінгі таңдағы 

әдебиетіміздегі орны бар ондаған 

қалам  иелерінің  қалып та суы на  ықпал 

етті. Ол әдебиетімізге 1959 жы лы 

жарық көрген «Көктем ты ны сы» атты 

жас  ақындардың  топ та ма сында  жа-

рық көрген шуақты да отты өлең де-

рімен батыл қадам жа са ды. Содан 

соң сол кездегі әдеби ор таны та лассыз 

мойындатқан,  тың  та қы рып тағы 

«Қой шылар»  атты  поэ ма сымен  жар-

Мұқағали туралы айтылғанда Еркін Ібітановтың есімі қатар 

айтылады. Е.Ібітанов та Қарасазда туған ба?

Нұрзия ҚАЛИЕВА, Ақтөбе қаласы

қырай көрінді. Ақынның «Арман әле-

мі», «Хан-Тәңірі, қай да сың?», «Қасі-

рет ті де қасиетті ға сы рым», «Ел шен-

бүйрек» атты жыр жи нақтары өлең-

сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын 

туындыларына  ай нал ды.  Мұқағали 

Мақатаев екеуінің ара сын дағы ағалы-

інілік  сыйластық,  шы ғар ма шылық 

достық  байланысы  айрық ша  еді.            

Е. Ібітановтың «Мен білетін Мұ қа ғали» 

атты деректі эссесі – ұрпаққа үлгі 

боларлық тағылымы биік өнеге 

көрінісі. Ақын Еркін Ібітанов осыдан 

екі жыл бұрын 75 жасқа қараған ша-

ғын да дүниеден озды.



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№132 (584) 



29.07.2011 жыл 

жұма                



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

5

ТАҒЗЫМ



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Мұқағали өлеңдері неге сыналған?



«Кезінде Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына да сын айтылған» деп 

жатады. Әсіресе «оның поэзиясының көркемдік деңгейі төмен» дегендер де бол-

ған екен. Ақынның қандай өлеңдері сыналғанын білгім келеді. 

Бағдат ЕСІМ, Ақтау қаласы

Ақын ақпанда туған ба, наурызда ма?

Ақиық ақын шығармашылығын әдеби 

орта, расында да, сынға алған. Оған «Қа-

зақс тан Жазушылар одағы басқармасы сек-

ретариатының қаулысы «Қазақ әдебиеті» 

газетінде 14.06.1969 жылы жарияланған 

өлеңдер жайында» атты жазушылардың ке-

зек ті отырысы куә бола алады. Онда: «Қазақ 

әдебиеті» газетінің осы жылғы 14 күнгі са-

нын да М.Мақатаевтың бір топ өлеңі жария-

лан ды... Бірақ бұл жолғы талғамында редак-

ция басшылары (Н.Ғабдуллин, Ж.Тәшенов) 

газетке әзірлеген өлеңдерге жауапсыз 

қараған. М.Мақатаевтың жарияланған 

өлеңдерінде күңгірт, көмескі ойлар, жұмбақ, 

жұтаң жолдар баршылық. ...Кішкентай бө-

бегіне арналған алғашқы өлеңі мен «Тірімі-

сің, жүрегім?» атты өлеңінде айқын байқа-

лады», – делінген. 1969 жылы Қазақстан 

Жазушылар одағы басқармасының бірінші 

хатшысы Әди Шәріпов газет басшыларына 

ескерту жасап, қызметкерлердің жауапкер-

шілігін арттыру жөнінде тапсырма берді.   



Мұқағалидың туған күні неге бір жылда екі рет тойланады? Туған күні туралы 

мәліметтер неге әр алуан?

Ақкүн ҚОЙШЫБАЕВА, Алматы қаласы

Рас, Мұқағалидың туған күні жылына 

екі мәрте аталып өтеді. Себебіне тоқтала-

йық. Ақынның анасы Нағиман апа былай 

деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз 

айының 8-інде дүниеге келген болатын. 

Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам 

мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт 

кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже 

жасаймыз деп күтіп отырғанбыз. Мұқа ғали 

атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты 

Оразақын Асқар Мұқағалидың екінші ту-

ған күніне байланысты мынадай сөз айта-

ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан-

да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес 

білген кезде сол кездегі сайлау науқанына 

байланысты өзі жаздырып алған екен». 

Әдетте 8 ақпанда өзінің туған жері Қара-

сазда тойланса, 9 ақпанда өзі өскен, оқы-

ған, қызмет еткен қаласы Алматыда аталып 

өтеді. Республика көлемінде Мұқағали 

оқулары мен түрлі мүшәйралар, ақын 

өлең дерін жатқа айту, арнаулар оқу, әртүр-

лі көріністер қою секілді әдеби шаралар 

өткізіледі.

Басы 1-бетте

ТОЛҒАНЫС


Мұқағали мұңы, шыңы мен шыны...

Ақын мұңының бір ұшығы, «Айтып 

өткен ақында арман бар ма, Жүрегінің 

түбіне кір жасырмай?!» деп өзі жырлаған-

дай, жан-жүрегіндегі айтылар ойды айта 

алмай күңіренген ақындық табиғатында 

жатыр. Көптен озу, талантымен даралану 

тек даңқ әкелмейді, сонымен бірге қыз-

ғаныштан туындаған келеңсіз жайттармен 

ақын басын тағы мұңға тап қылады. «Если 

не трагичен, значит не поэт» деген ғой 

орыс халқының ұлы ақыны Пушкин. Лер-

монтов өлеңдерін қараңыз. Абай сөйлеткен 

«шайтанының» өзі «мұңлы» («Мұңлы шай-

тан Құдайдың қуғын жаны»). Әлем поэзия-

сына назар аударсаңыз, анау көне заман-

дардағы үш-ақ жолдан тұратын хайку мен 

бес жолдық танкасының өн бойы – мұңға 

тұнған жапон ақындары, әлдебір жоғын 

іздеген, сағымға көз тіккен Еуропа ақын-

дары мен сұлулықты адам жанынан іздеп, 

шерленген Шығыс шайырларының мұңы... 

Өз топырағымыздағы өткен дәуірлерге көз 

салсақ, мұң мен сағыныш қай-қайсысының 

да шығармаларының өзегіне айналған. 

Жалғыздығын мұң етіп шаққан Ақтамберді 

жырау, қызғыш құсқа мұң шаққан Махам-

бет... Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге 

болады. Мұқағали да жалғыз. «Мо ла сын-

дай бақсының, Жалғыз қалдым, тап шы-

ным» деген Абайдың шері Мұқағалиға 

ауысқан. Өйткені ақындар тағдыры – бі реу. 

Сол тағдырларымен де олар – бір-бірімен 

ет жақын туыс. Қазақ поэзиясының ұлы 

тұлғаларының біріне айналған Мұқа ға ли 

мұңы – асқақ та айбатты, сыршыл да сұлу 

поэзияның біте қайнасқан бір қасие ті. 

МҰҚАҒАЛИ ШЫҢЫ

Ұлы Абай туралы кемеңгер жазушы 

Мұхтар Әуезовтің «қазақ поэзиясының күн 

шуақты асқар биігі» деген тамаша пікір 

айтқанын білеміз. Егер поэзияны осындай 

асқақтықпен өлшесек, оған балама болар-

лық сұлу табиғатты асқақ шыңдар қазақ 

даласында жетерлік. Әрбір шың бір ақын-

ның символына, баламасына айналғаны 

тағы бар. Абайдай ұлының дәстүрін 

жалғастырып, поэзияны биіктен биікке 

асқақтатқан ақындар қатарында Мұқағали 

есімі де ерекше аталатынын жыр сүйер 

қауым, күллі қазақ жақсы біледі. Бейнелеп 

айтсақ, Мұқағали шыңы – мұңмен мұнар-

тып, риясыз шындықпен шуақтанған бір 

асқар. Талантты ақын Светқали Нұржанның 

Хантәңірі туралы жырлары бар. Оқыған 

болсаңыздар, сол жырда Мұқағали – 

Хантәңірі, Хантәңірі Мұқағали болып 

танылған. Жаңылмасам, сол шоғыр өлең-

нің бірі «Ұлы ақынның маңдайындай шың 

басы, Әлі талай жанарларды қарыр кіл» 

деген жолдармен басталса, енді бірінде 

Мұқағалидың ақындық болмысы: 

Хантәңірі!

Қостар мені  құс даусы, арқар үні.

Мың биік шың ішінде шын биіксің,

Тұңғиықсың  ақындай  арқалы,  ұлы,          

–  делініп бейнеленген. Мұқағалидың 

ақындық шыңы осы Хантәңіріндей биік, 

асқақ. ХХ ғасырдың 60-жылдарында ұлт-

тық поэзиямызға жаңа бетбұрыс әкелген 

Мұқағали да өзі жырға қосып, пір тұтқан, 

Қарқаралы сияқты киелі мекеннен түлеген 

Қасым, одан бұрынғы Мағжан мен Ілияс 

сынды қазақы жырдың аласармас асқар 

биігіне айналды.

МҰҚАҒАЛИ ШЫНЫ

Шындық – бар ұғым, ол туралы көп 

айтылудың өзінде мән бар. Ақын мұңының, 

асқақтығының барлығы да осы «шындық» 

деген ұғымға келіп, өлшемін табатындай. 

Өлең несімен құнды? Шынайылығымен, 

шыншылдығымен құнды. Бастан кешпеген 

жайтты, сезіне алмаған халді өлеңге ай-

нал дыру мүмкін емес. Нағыз өлең тек 

шын дықтан ғана туады. Шындық тек өлең-

де ғана айтылады. Ұлы Абайға тағы бір 

жүгінсек, «Өлең шіркін өсекші жұртқа 

жаяр, Сырымды тоқтатайын айта бермей» 

демей ме?! Мұнда ақын өлеңнің шындық-

ты, тек шындықты паш ететінін меңзеген. 

Мұ қағали «Айтарын ашып айтқан абайла-

май, Па, шіркін, Махамбеттер, Абайлар-

ай» де мей ме?! Ақиқатқа апарар жолды 

сұрайды, шындықтың алдына келіп жү гі-

неді. Жалпы, Мұқағали жырлары – жан 

дү ниесінің, сон дай-ақ күллі ғұмырының 

шындығына суарылған көркем мұра. Ға шық 

болса да, суынса да, күңіренсе де, шат танса 

да, бар сыры, бар шыны – осы өлеңде.

БО

ЛМЫС


«Дариға, домбырамды берші маған...»

ДОМБЫРА 

 «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қа зақ 

– домбыра». Екі шекті қарапайым ғана 

аспаптың халқымыз үшін қаншалықты 

қадірлі екенін Қадыр Мырза Әлі екі-ақ 

ауыз сөзбен осылайша түйіндейді. Қазақ 

поэзиясындағы домбыра бейнесі – ежелгі 

жыр-дастандардан бүгінгі жас толқынға 

дейін жырланып келе жатқан мәңгілік 

тақырып. Қашаған жыраудың «Қолымдағы 

аға шым – Алып жүрген домбыра. «Домбы-

ра – күнә» деген сөз – Тек бір айтқан дабы-

ра. Пайғамбарым туғанда, Бесік болған 

бұл ағаш. Ыбырайым Кәғбә салғанда, 

Мешіт болған бұл ағаш. Ықырам үйдің 

алдында, Есік болған бұл ағаш» деп төгілте 

жырла ғаны – домбыра. Ілияс Жансүгіровтің 

«Күй», «Күйші» поэмалары – қазақтың 

асыл өнері күй мен ұлттық мұрасы домбы-

ра ға жырдан қаланған ескерткіш. Одан 

берідегі Жұме кен: «Үйден алыс шыққанда 

мен екі аманат қалдырам. Бірі – ұлым, 

өзіңсің, екіншісі – домбырам», – деп, ұлы 

мен ұлтының мұрасы ның қаншалықты 

ардақты, қаншалықты құнды екенін өлеңі 

арқылы көрсетеді. Бұлардан басқа да 

қазақ өлеңінің тарихын да домбыраны 

жырға қосқан ақын көп. Әрқайсысы әртүр-

лі стильде жырласа да, ортақ тақырып, 

ортақ мұңның бір ұқсас тұсы бар, ол – 

ұлтының ұлы аспабына деген иісі қазақтың 

құрметі, сезімі мен ойы. Ал Мұқағали 

жырлаған домбыра қандай еді?



ӨЛЕҢ

Дариға, домбырамды берші маған

Жаныма келші, жарым, келші, балам! 

Бейуақ іңірдегі көңіліме, 

Күй болып күңіреніп енші, далам. 

Домбырам, қоңыр қазым, 

аққуым сың! 

Арманым, мұңым, 

сырым, шаттығымсың.

Домбырам, жүрегіммен үндес едің, 

Сенімен сырласымдай тілдесемін. 

Бабамнан қалған мұрам –

 сен болмасаң, 

Өнердің не екенін білмес те едім. 

Өсірген өнерімді Қызыр бабам, 

Үніңнен айналайын бұзылмаған! 

Киелі пернеңе бір қол соқпасам, 

Ішегің жетімсіреп ызылдаған. 

Домбырам, досым менің күй аңсаған, 

Өзімді, өмірімді қиям саған. 

Шағымда шабыттанған, қиялдаған, 

Шанағың бар шаттығын құяр маған. 

Ерке назым менің де, сазым менің, 

Шыбынсыз, шуақ шашқан 

жазым ба едің? 

Дариға, домбырамды берші маған, 

Айналып ұшсын аққу-қазым менің.

БҮГІН

Ақынға қымбат екі дүние 

болатын болса, оның біріншісі – сөз жоқ, 

қаламы, ал екіншісі – домбыра. Қаламы 

арқылы «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, 

Шекпен жауып, өзіне қайтарған» Мұқағали 

домбы рамен арман-мүддесін, күйініші 

мен сүйінішін, қуанышы мен өкінішін, 

қайғысы мен мұңын шертеді. Өмірінің ағы 

мен қа ра сын екі шекте егіз өрген ақын ның 

жоға ры дағы өлеңі кім-кімді де бейжай 

қал дыр масы  анық.  Осы 

өлең ді оқыған не әнші 

Мақпал Жүнісованың 

мақпал үнімен шырқатып 

жүрген әнін естіген қай 

қазақ та тебіренбей тұра 

алмайды. Өйткені бұл 

туынды – ұлы 

лардың 


үндестігіндей болып, 

шалқар шабыт пен қалана 

қалған ескерткіш. Қазақ-

тың қоңыр үнді дом быра-

сына қара өлеңмен соғыл-

ған ескерткіштің озық 

үлгісі. «Домбы раны қас-

тер лей білмеген қазақ тың 

баласы туған халқы ның 

жанын білмейді», – деп ті 

Бауыржан Момышұ 

лы. 


Бұл – мүмкін, үлкен өкіні-

шіміз, қазір қалалық жерді 

айтпағанда, ауыл балала-

рының өзі домбы 

раны 

ескілік тің қалдығы санай-



тын болды. Жаңа ком пью-

терлі домбыраның 

(ДЭККО) үнінен басқа, 

нағыз домбыраның сырлы 

сазын естіп көрмеген ұр-

пақ өсіп келеді. Бар өнер-

дің бастауы – ұлттық аспа-

бымыздың қадірі мен қасиетін көрсете 

білген Мұқағалидың осы бір өлеңінің 

маңызы осындайда арта түседі. Қазақтың 

әр шаңырағының төрінде даналығының, 

даралығының, дала ұлы ның белгісіндей 

болып үкілі домбыра ілі ніп тұрса, қандай 

ғанибет! «Киелі перне сіне қол жүгірмей, 

Қанша домбыра жетім сіреп тұр бүгін...» 

Бақытгүл БАБАШ

КЕШЕ. Бірі – ақын, бірі – сазгер. Қазақтың маңдайына біткен қас 

таланттары. «Әйгілі сазгер, домбырашы Нұрғиса Тілендиев ақын інісі 

Мұқағали Мақатаевты бір ай бойы төріне шығарып, құдайы 

қонағындай күтіпті» делінеді ел арасындағы әңгімеде. Соның 

нәтижесінде дүниеге 30 өлең мен ән келген екен. Композитордың 

«Дариға, домбырамды берші маған...» деп жары Дариғаға қарата 

айтқан сөзін естіген ақын осы бір сөйлемді өрістетіп, өрелі өлеңге 

айналдырады. Кейін ол өлең Нұрғиса аға жазған әуенмен әдемі ән 

болып елге тарады. 

АЙТЫЛАР ЕСТЕЛІКТЕР МЕН ТУРАЛЫ...

Менің таңғалғаным – о кісінің мүлдем 

кереғар екі мінезі-тін. Біріншісі – Жазу шы-

лар одағының небір беделді жиы лыс-

тарында мырың хатшылардың бетін тіліп-

тіліп ақыра айтып, залдан теңселіп шыға 

беретіні... Екіншісі, тап сол Мұқаң көшеде, 

кең дүниеде мүлдем басқа адам-тын: 

төңірегінде көбелектей қаптап жүретін 

өрім жастардың бетін жел болып желпіп 

көрмепті. Қақырата қатты айтқандағысы 

– «Әй, қызталақ!»

Ешкімді мақтамайтын да, жаманда-

май тын да. Және де білімсінбейтін. «Е, ту-

ма талант түк оқымай-ақ жаза береді екен 

ғой» деген осы кезде қалыптасқан теріс 

түсінік көп ақынға кейін кесір болып тиді: 

оқымау қағидаға айналып, ақыры аяқтары-

на жем түсті. 

Бұрынғы «Есік» кафесінде Мұқаңды 

ортаға алып, қау-қауласып отырғанбыз. 

Шашы жып-жылтыр бір семит шал кітап-

та рын құшақтап қасымызға жайғасты. 

– Бодлер ме? – деді Мұқаң гүр етіп.

Екеуінің аузы бір-біріне жабысты да 

қалды. Бодлер, Уитменнің «тәртіптері» 

талқыланып, әңгіме аяғы Португалияның 

400 жылдық тарихын өлеңмен баяндап 

беріп кеткен Комоэнс деген біреуге ауысты. 

Кетерінде әлгі кішкене шал (филологияның 

профессоры, докторы екен) Мұқаңның 

шәугімдей басын көтере құшақтап тұрып: 

– Жаным жадырап, бір жасап қалдым. 

Мұндай телегей-теңіз білімді қазаққа 

алғаш кездесуім, – деді.

«Мұқаң қайтыс болыпты» деген суық 

сөз Алматы көшелерінде оқтай зулады. 

...Кімді өлтіріп алғанын кеш білетін 

қазақ бұл жолы да аһ ұрып, жер тоқпақтады. 

Өтірік жылағандар қырғын. 

Мұқағалидың жер жүзінің әдебиетінде 

теңдессіз, алабөтен, бір шоқтықты шығар-

масы бар, ол – «Жан азасы». Білетін дер 

«ауру ханада ажалын тосып отырып жазған» 

деседі. «Жан азасы» – ақынның жарық 

дүние мен жылай-жылай қоштасуы әрі 

бізге қалдырған өсиеті, оның үстіне бұдан 

былайғы мәңгілік мекені – қара жер қойны 

– көрге ізетпен сәлем беруі-тін...




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал