Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер



жүктеу 0.61 Mb.

бет2/6
Дата08.01.2017
өлшемі0.61 Mb.
1   2   3   4   5   6

Нұрғали ОРАЗ, жазушы, Халықаралық 

«Алаш» әдеби сыйлығының иегері: 

– Проза мен поэзия құстың қос 

қанаты секілді. Сондықтан да дарынды 

ақындарда ақындық қасиетпен бірге 

жазушылық, ал жазушыларда жазушы-

лықпен қатар ақындық қасиеттер бо-

лады. Бұл жерде мәселе формаға ғана 

байланысты. Мәселен, қаламгер өзінің 

айтар ойын поэзиялық формамен жет-

кізе ме, прозалық қалыпқа сала ма, 

оны туындыгердің ішкі түйсігі шешеді. 

Айталық, кейбір ойды оқиға арқылы, 

кеңінен баяндап, суреттеп жеткізу үшін 

ақын прозалық форманы таңдайды. 

Дағыстандық ақын Расул Ғамзатов 

«Менің Дағыстаным» деген еңбегін 

неге прозалық жанрда жазды? Өйткені 

бұл осылай жазылуға тиісті дүние еді. 

Себебі оның жазған өлеңдері, баллада-

ларының барлығы проза тілінде «Ме-

нің Дағыстаныма» жинақталған. Осын-

дай жағдай Мұқағалида да болды. 

Және осындай ниет те болған сияқты. 

Егер де Алла Мұқағалиға тағы біраз 

ғұмыр бергенде онда ол өзінің туған 

жері, туған өлкесі туралы көлемді 

прозалық шығарма жазар ма еді деп 

ойлаймын. Жалпы, ақындар жасы 

ұлғайғаннан кейін прозаға көшеді. 

Өйткені проза — формалық жағынан 

мүмкіндігі мол жанр. Поэзия – жалт ет-

кен сезім, жарқ еткен найзағай сияқты 

болса, проза – теңіз сияқты телегей, 

қазақ даласы сияқты кең. Сондықтан 

да ақындардың прозаға ауысуы табиғи 

жағдай. Әбіш Кекілбайдың, Тәкен 

Әлімқұловтың, Ілияс Есенберлиннің, 

Әбу Сәрсен баев тың, Ғафу Қайырбе-

ковтің прозаға ауысуы, бет бұруы, ат-

салысуы жоғарыда айтқан екі жанрдың 

құстың қос қана тындай қатар өріліп 

отыратындығын көрсетсе керек. Шын-

дап келгенде, поэзия да — прозаның 

бір формасы және керісінше. 

Мұқағали поэзия жанрында көп 

еңбек етті. Прозада көп жаза алмады. 

Оған оның әлеуметтік жағдайы әсер 

етуі мүмкін. Сосын ол ерте кетті өмірден. 

Қырық бес жас деген прозаға енді бет 

бұратын кез. Әдебиет әлеміне енді 

кеңінен қанат жаятын кезде ғұмыры 

үзілді. Жалпы, әлем әдебиетінде қалып-

тасқан бір пікір бар ғой, «проза қырық-

тан соң келеді» деген. Бұған да дәлел-

дерді мыңдап айтуға болады. Әлемдік 

деңгейде танылған ақындар дың ішінде 

де қырықтан соң прозаға шындап кіріс-

кендері бар. 

Мұқағали ақынның көзі тірісінде про-

залық еңбегі топтастырылып, кітап болып 

шықпады. Тек өмірден өткеніне 12 жыл 

толғанда барып оның бір топ әңгі мелері 

мен повестері, пьесасы баспа бетін көріп, 

тұтастай тасқа басылды. Сол кезеңде халық 

Мұқағалиды жаңа қырынан танып, оның 

прозалық шығармаларының да өмір шең 

екендігіне көз жеткізіп еді. Алайда 90-

жылдардағы аласапыран мен ха лықтың 

басына түскен әлеуметтік ауырт 

палық 

жұртшылықты кітап оқу үрдісінен жырақ-



татып әкетті. Одан беріде ел еңсесін түзеді. 

Кітапқа деген көзқарас қайта қал пына келе 

бастады. Дегенмен Мұқаға лидың таңда-

малы шығармалары осыған дейін неше 

қайтара басылса да, оның прозалық туын-

дысы қалың оқырманның қолына қайта 

тимеді. Ендігіде мұңмен өрілген, музаға 

табынған Мұқағалидың ақындық ғұмы-

рының бір белгісі болып қалған, әлі де жас 

ұрпақтың талғамына татитын оның про-

залық шығармаларын қайта бастыру – 

уақыт талабы, парасатты елдің парызы. 



Мұқым қазақты сырлы 

да нәзік, шынайы мөлдір 

жырларымен табындырған 

Мұқағали ақынның проза 

жанрындағы еңбегі жай-

лы бұл күнде көп айтыл-

майтын болды. Сөз өнерін 

жанына жалау еткен, жазу 

машығын өмірінің өзегіне 

айналдырған адамның 

шығармашылығына 

біржақты баға беру – обал-

ды іс. Оның тағдырлы 

талантына, рухани кемел-

дігіне қиянат. Әлбетте, біз 

бұл жерде Мұқағали өзіне 

лайықты бағаны әлі алма-

ды деуден аулақпыз. Тек 

оның халық жадындағы 

бет-бейнесін тірілтуде 

ақсап жатқандығымыз бен 

ақынның жанкешті жанр 

деп саналатын прозалық 

еңбектерінің насихаттал-

май, жаңа буынның ара-

сында қызу талқыға түспей 

жатқандығынан туған ой-

ұшқын ғана.

Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ

Ақынның теріскейдегі шаһарға сапа ры 

жайлы жергілікті ақын Мүтәллап Қанғожин 

былай еске алады:

– 1974 жылдың жазы. Күнделікті күй-

беңмен жұмыс бөлмесінде отыр едім, теле-

фон шылдыр етті. Трубканы көтерсем – ар 

жағынан гүрілдеген біреу мені сұ рай  ды. 

«Мен Мұқағалимын. Осындағы қо нақүй-

де ауырып жатырмын. Тез жет», – деді. 

Көп ойланатын уақыт жоқ. Мұқаңа де-

реу медициналық көмек керек. Бауыры-

на жағатын тамақ әзірлеу қажет. Мұқаң 

үйіме де, ауруханаға да баруға қарсы 

болды. Қалалық, облыстық дәрігерлер 

ем-домын қонақүйде жасады. Әйтеуір, 

үш тәулік дегенде ақын ағаны аяғынан 

бастырдық-ау.

Мұқаң осы сапары барысында об лыс-

тық телеарнаға бірнеше сұхбат берді. «Ақ-

қулар ұйықтағанда» поэмасы тұңғыш рет 

облыстық «Ленин туы» газетінде жарық 

көрген екен. Мүтәллап Қанғожиннің ай-

туынша, Алматыдан ренжіп келіп, ауырып 

қалған ақын Қызылжардан жаңа леп алып 

қайтқанға ұқсайды. Мұны мынау өлеңінен 

де аңғаруға болады:

Сән түзеген Есілдің өңірінде,

Ақ қайыңдар әлі тұр көңілімде.

Ерекше еді ол жердің көлі мүлде,

Ерекше еді ол жердің елі мүлде.

Ерекше орын алып жүр көңілімде.

Суып барғам, суытқан қылықтардан

Жылып қайтып кеткен ем, 

(суып барғам)...

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

Қызылжар

Мұқағали – бар қазаққа ортақ жан. Ол қазақ жерін батыс пен 

шығыс, оңтүстік пен солтүстік деп алаламады, бірдей сүйді. Мұны 

қазақ ақын-жазушылары ат басын сирек бұратын Қызылжарға 

келген сапарынан да аңғарамыз. Қазағы аз қаланы жатсынбай, 

бірнеше күн болып, шығармашылықпен айналысқан.

Суып барып, жылып қайтқан

МҰҚАҒАЛИ-ПРОЗА

Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» жинағына (1988) әр жылдары 

жазылған «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері, 

«Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері мен «Қош, махаббат!» пьесасы, бір-

неше сыни еңбектері енген. «Рух және сезім», «Сезім найзағайы», «1969 жылғы 

қазақ поэзиясы» атты әдеби сын еңбектерінде Олжас Сүлейменов, Мұзафар 

Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Сырбай Мәуленов т.б. 

шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайды.

МҰҚАҒАЛИ-ПРОЗА

Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» жинағына (1988) әр жылдары 

жазылған «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері, 

«Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері мен «Қош, махаббат!» пьесасы, бір-

неше сыни еңбектері енген. «Рух және сезім», «Сезім найзағайы», «1969 жылғы 

қазақ поэзиясы» атты әдеби сын еңбектерінде Олжас Сүлейменов, Мұзафар 

Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Сырбай Мәуленов т.б. 

шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайды.

«Алаш айнасы» газеті ақын мұрасын 

түгендеуге әрқашан атсалыспақ. Алматы-

ның бір кездегі студенттері, ақын ның за-

мандастары – бүгінгі қазыналы қарттар 

қазір рес 

публиканың түкпір-түкпірінде, 

кейбірі шетел дерде тұрып жатыр. Егер осы 

кісілердің қолында Мұқа 

ғалимен бірге 

түскен суреттері, ақынның өз қол таңбасы, 

жарияланбаған жырлары, дауысы, бей-

несі жазылған таспалар болса, біздің ре-

дак циямызға  хабар ласуларыңызды  өті не-

міз. Қарап отырсақ, қолымызда М.Мақа-

таевтың бірде-бір жартымды бейнетаспа-

сы жоқ екен. Ол, бәлкім, бір кісілерде бар 

да шығар. Егер бар болса, оны ақпараттық 

ғасырдың игілігіне айналдыру керек деп 

санаймыз. Мұқаң жайлы деректер молай-

сын десек, ақынға қатысты дүниелердің 

жарыққа шығуына атсалысайық, ағайын! 



Редакция мекенжайы:

050051, Алматы қаласы,  

Бегалин көшесі, 148/1А

Телефон: 8(727)388-80-60, 

факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

www.alashainasy.kz

Ақын жайлы 

дерек молайсын 

десек...

ҚАПЕРГЕ!


лып шығар болса, өзінің жазылған 

уа 

қыт ретін сақтаса екен», – деген 

ойын жазған екен. Сол арманын жүзе-

ге асырмақ ниетте осы уақытқа де йін 

шық 

қан атамыздың барлық шы 

ғар-

ма сын  хро нологиялық  ретпен  топ-

тас тырып, 1500 беттен тұратын үлкен 

кітап етіп шығарып, ақынның 80 жыл-

дық тойына тарту етпекпіз. Бұл кітапты 

шығаруға Мәдениет министр лігі қол-

дау білдірсе, тағы бір өлең дер жинағын 

Тұңғыш Президент қоры шығарып жа-

тыр. Ал атамыздың өлең дерін орысша 

сөйлеткен Жанат Мұ хам бетовтің аудар-

ма кітабын мерейтойға әзірлемек едік, 

бірақ үлгермей жатырмыз. 

Менің негізгі мамандығым – 

құрылыс инженері. Қара шаңыраққа 

ие болып отырған соң, өзімнің жо-

бам бойынша арнайы үй салдырт тық. 

Үлкен үйді сал дыр тудағы басты мақ-

сатымыз – атамыздың туған күні 9 

ақ панда жылда дәстүрлі түрде Мақа-

таев тардың басын қосып, ата мыздың 

бала-шағасын жинап, атаның өлең-

дерін оқып, ән шырқап, еске алу ке-

шін ұйымдастыру.

Өмір дегенге 

Тірлікте, сірә, жетер ме ой, 

Жарық сәуледен басқаның 

бәрі бекер ғой. 

Бекер ғой бәрі, 

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой, 

Өмір дегенің бір күндік сәуле 

екен ғой!..

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№132 (584) 



29.07.2011 жыл 

жұма


www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

3

ТҰЛҒА



АЙТЫЛАР ЕСТЕЛIКТЕР МЕН ТУРАЛЫ...

Нағиман БАТАНҚЫЗЫ, 

Мұқағали Мақатаевтың анасы:

Қаламын қолынан 

тастаған жоқ

Неге біз Мұқағалиды кино 

саласында дәріптей алмай келеміз?

МӘСЕЛЕ


Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Мұқағалитануды ғылыми 

айналымға түсіре алдық па?

  

Мұқағали оқуларының деңгейіне көңіліңіз тола ма?



Темірхан 

МЕДЕТБЕК, 

ақын, Мемлекеттік 

сыйлықтың иегері:

Оразақын 

АСҚАР, 

ақын, 

Халықаралық 

«Алаш» 

сыйлығының иегері:

Жарас СӘРСЕК, 

ақын, Халықаралық 

«Алаш» 

сыйлығының 

иегері:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Оқулар, негізі, Мұқағали жырларын оқудан басталып еді. Кейін жапа-

тармағай барлық ақынға телініп кетті. Негізі, «оқулар» деген нәрсе, менің-

ше, тек Мұқағалиға ғана жарасатын секілді. Мен екі мәрте Мұқағали 

оқуларында қазылар алқа сының құрамында болдым. Өте жоғары дең гейде 

өтті. Керемет әсер алдық. Шыны керек, мұның Мұқа ғалиға да керегі жоқ. 

Мұндай оқулардың Мұқа ғалидан гөрі кейінгі ұрпаққа берері көп. Жастар 

Мұқағали жырларын оқу кезінде үлкен дайын 

дықтан өтеді, оның 

өлеңдерімен сусындайды. Сондықтан Мұқағали оқуларының жал ғаса бе-

руін құптаймын. Біреулер аталмыш шараны «ақын ның туған жері — Қара-

сазда өткізгеннен гөрі Алматы, Астана секілді үлкен қалаларда республи-

калық дәрежеде ауқымды етіп өткізу керек» деген пікір айтып жүр. Алайда 

мен бұған қарсымын. Оны Қара сазда өткізудің маңызы зор. Болашақ ұрпақ 

Мұқағали оқуларына қатысу кезінде ақынның туған топырағын, Мұқағали 

өскен табиғатты көріп әсерленеді. Ал Алматыда өтсе, оның ондай әсері 

болмас еді. Мұқағали оқулары Алматы мен Астанада өтсе, ресмиленіп ке-

теді. Ал мұндай іс-шараны ресмилендірудің еш қажеті жоқ. Ақынның жа-

нын түсіну үшін аталмыш шара туған топырағында ғана өтуі тиіс.

– Мұқағали оқуларын өткізу дің өзі 

– үлкен жетістік. Ақын жырла рын дағы 

көтерген тақырыптарына, өлең дерінің 

ішкі иірімдеріне, оның та биғатына 

толық бойлай білу мүл дем мүмкін 

емес. Сондықтан бүгінгі өтіп жүрген 

Мұқағали оқулары осы 

ның бәрін 

қамти алады деп айта ал маймыз. Де-

генмен осындай оқу лар арқылы ақын-

ның болмысын ашып, жан дүниесін 

түсінуге деген ұм ты лыстың өзі қуан-

тады. Сондықтан Мұқа ғалидың ұмы-

тылмай, жыл сайын жырларының оқу-

лары арқылы жаң ғырып, өтіп тұруын 

қолдауымыз қа жет. 

– Елімізде ақындардың оқулары жиі ұйымдастырыла бастады. Негізі, мұндай 

оқулардың жастарға берер тәлім-тәрбиесі көп. Бұл – жас ұрпақтың кешегі өткен 

ақындарымызды ұмытып қалмауы үшін, жастардың сана сезімін, ой-өрісін ұлғайту 

үшін ұйымдастырылатын іс-шара. Көңіліңіз тола ма дегенде, біз бұл іс-шараның 

жастарға көмекші құрал, ынталандыру ретінде ұйымдастырылатынын ескеруіміз 

керек. Сондықтан бұл жерде көңілім толмайды, дәрежесін өсіру қажет деудің қажеті 

жоқ. Бүгінгі деңгейде ұйымдастырылуы өте дұрыс. Мен Мұқағали, Жамбыл, Абай 

оқуларын өткізу кезінде басы-қасында жүремін, үнемі қатысамын. Сонда көзімнің 

жеткені, мұндай оқулардың жастарға берері көп. Ел ішінде Абайдың барлық 

өлеңдерін жатқа білетін балалар бар. Тіпті өзге ұлт өкілдерінің ақындарымыздың 

барлық өлеңін жатқа оқығанының да куәсі болғанмын. Бұл мақтаныш емес пе?! 

Мектеп көбінесе балаларға өтетін дәрісімен ғана шектеледі. Ал ақын оқулары 

балалардың жырға деген талпынысын арттырады, сондай болмаққа ұмтылады. 

Осы орайда айта кететін жайт, ақын оқулары халықтық мерекеге айналса, нұр үстіне 

нұр болар еді. Бүгінде аталмыш іс-шара оқушы мен ұстаздар айналасында ғана 

шектеліп қалып жатыр. Осы жағы өкінішті. Сондай-ақ ақын оқуларына түрлі ақын-

жазушыларды халыққа үлгі ретінде жиі қатыстырған жөн дер едім.



Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

...Мұқағалидың әкесі Сүлей-

мен шаруа адамы еді. Колхозда 

сушы, шалғышы болып жүреді 

екен. Мен оның ауылымен ірге-

лес жатқан Сарыбастаудың 

қызымын. Тағдыр айдап, дәм 

жаз ды ма, екеуміз үйленіп, жас 

отау болдық. Тиын деген енем 

бар еді. Мейірлі, кісілігі мол жан 

болатын. Жоқшылық замандағы 

көп қиынды ғы мызды тең бөлі-

сіп, жел жағымызға пана болып, 

мәпелеп өсірді. Мұқағали тұң-

ғы  шым болған соң ба, енеме 

та биғи болып, мені жеңге есебі-

не санайтын. ...Соғыс деген пәле 

басталғанда, Сүлеймен осы Қа-

расазда бір топ жігітпен бірге 

майданға аттанды. Мұқағали 

он да он жаста. Ес кіріп қалған 

бала. 


...Бастауыш кластарды Қара-

саз өңі ріндегі шағын ауылдарда 

оқып, орта мектепті аудан орта-

лығы – Нарынқолдағы интер-

натта бітіріп шықты. Ауқаттылар-

дың балалары Алматы асып, 

үл кен оқу іздеп жатқанда, ол 

ауыл дық кеңеске хатшы болып 

қыз метке тұрды. 14-15 жасынан 

жаза бас таған өлеңінен қол үз-

ген жоқ. Төбесі ап-аласа үйге 

қа лың-қалың кітаптарды үйіп 

тас тап, бірінен кейін бірін оқи-

тын да жататын. Ауылдың атқа 

мі нер лері сол кезде-ақ таңдана-

тын. «Нағиман шеше, сіздің тен-

те гіңіз осынша орысшаны қай-

дан үйреніп жүр?» дейтін... Сөйт-

 сем, өзін-өзі оқытыпты ғой шы-

ра ғым. Кейін ауылдағы мектепте 

де қызмет істеді. Содан аудан дық 

газетке барды. Өлең дері жиі жа-

риялана бастады. Содан не керек, 

1962 жылдың жаз айын да аяқ-

асты бұзылды. Мені жең ге орны-

на санап, Нақа дейтін. Бір күні 

аса көңілді қалпында: 

– Ал, Нақа, бұйырса, алма-

тылық бо ласың, көшеміз, – деді 

әй-шәй жоқ. Шынымды айтсам, 

мен бұған нанбадым. Өйт кені 

астанаға бала-шағамен көше 

қоя тындай жинаған қорының 

жоғын білемін. Екі інісі де, бала-

лары да жас. Мен болсам отыр-

ған бір масылмын. 

– Сонда қайда барамыз? 

Үйді қайтесің, балам-ау? – дей-

мін. 

– Қорықпа, Нақа! Өлеңім 



өлтірмейді. Асырайды бәрімізді, 

– дейді маңдайы жарқырап. 

Сөйтіп, ауылдан астанаға көш-

тік. Дайын тұрған үй қайда?! 

Тас тақ тан  Шынықұл  деген  қазақ 

шалдың кішкентай екі ауыз үйін 

жалға алды. Рас, ол кезде пәтер-

ақы арзан. Ақша да тапшы. Ба-

лам радиода, газет-журналдар-

да қызмет істеді. Анда-санда 

мәз болып жаңа шыққан өлең-

де рін көрсетеді. Арагідік болс а 

да қаламақысын алып, мәре-

сәре болады. Кең жайлауда 

өскен адамға ығы-жығы қалада 

күн кешу қайдан оңай болсын?! 

Қысылып-ақ жүрдік. Мен де, 

келінім Лашын да, Мұқағалидың 

өзі де сыр бермедік. Сөйтіп 

жүргенде, біздің шаңырақ аяқ-

астынан шайқалды. Мұқағали-

дың Майгүл деген қызы жол 

апатынан жазым болды. Міне, 

осыдан бастап балам сеңдей 

бұзыл ды. Қатты күйзелді. Иығы 

түсіп, сылынып сала берді. Мі-

незінде де өзгеріс пайда болған-

дай болды. Сөйтсем, не кітабын 

шығара алмай, не қамқор ала-

қан ның  шуа ғына  бөлене  алмай 

қиналып жүрген кезі екен ғой. 

«Жығылғанға – жұдырық» де-

гендей, оған қызының өлімі қо-

сы лып, жүнжіп-ақ кетті. Сөйтіп 

жүріп, толассыз жаза берді. Не 

жазғанын қайдам...

Пәтер жалдап бірталай жыл 

әуре-сарсаңға түстік. Бірді-екілі 

жұқа кітаптары шықты. Қазір 

қай жыл екенін де ұмытып отыр-

мын, Интернациональная деген 

көше ден екі-үш ауыз тас үй ти-

гендегі қуанғаны әлі есімде. 

Мұқағалидың тіршілігінде 

мансап пен байлықтың қызығын 

көрмегеніне туған анасы – мен, 

жан жары Лашын куә. Бірақ 

дәулетімді молайтайын, қызме-

тім ді жоға рылатайын деп басын 

қатырған емес. Кейде апталап 

үсте лінен тұрмай, өлеңмен ар-

палыс қанда үйінде не бар, не 

жоққа назар да салмайтын. 

Сондайда Лашынға жаным да 

ашитын. Кейбіреулер: «Ой, ол 

ондай еді, мұндай еді» дейтін де 

шығар. Баламның оны шаршат-

қан кезі болған жоқ деп қалай 

айтайын?! Еркелеп кететін кезін 

де көрдік. Түнерген аспандай 

мұңды сәті де болатын. Қуанса, 

өлең үшін, жаңа шыққан кітабы 

үшін қуанатын. Туған жері – Қа-

ра сазын мақтана айтатын. Ауыл-

ға жиі қатысуды армандайтын. 

Барып, еркелеп, мауқын басып 

та тұрды. 

Жасы 40-тан асқан соң-ақ

не ауру екенін қайдам, әйтеуір, 

бір дерт жабысты. Анда-санда 

тарығып отырып қиналғанын, 

ұйықтай алмай шыққанын айта-

тын. Ара-арасында ауруханаға 

жатып, емделіп те жүрді. Қайта-

дан ауырды. ...Өлерінен біраз 

жыл бұрын Мәскеу барып, әде-

биетшілердің үлкен оқуын оқы-

ды емес пе? Оны да тауысқан 

жоқ. «Олардың білетінін өзім де 

біледі екенмін. Алматымды са-

ғын дым. Балаларымның қасын-

да болайын деп кеттім де қал-

дым, Нақа», – деп, менің ар-

қам   нан  қағып  қоятын  жары ғым. 

Е, жалған дүние-ай! 

Бір байқағаным, ауру жаны-

на батқанда қатты күйзеліп-ақ 

жүрді. Әншейінде тау тұлғалы 

шырағымның еті қашып, ірі сү-

йек тері саудырап сала берді ғой. 

Несін айтайын... Әйтеуір, қала-

мын қолынан тас 

таған жоқ. 

Оңа ша үйде күбірлеп сөйлеп, 

толғатқан анадай күй кешкен 

кездерін де көрдім. Сөйтсем, 

мы на жалғаннан арғы ауылға 

аттанатынын сезіп, соңына сөзін 

қалдыру қамымен жанталасқан 

екен ғой жазған бала... 



Нағиман БАТАНҚЫЗЫНЫҢ 

естелігінен ықшамдалып 

дайындалды. 

(Мұқағали: Естеліктер – 

Алматы: Жалын, 1995) 

Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ,  

филология ғылымының докторы, профессор

Аян НЫСАНАЛИН, 

ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері

Мақатаев лирикасы» деген тақырыпта доктор-

лық еңбекке ұластырып, өз зерттеуін ары қарай 

тереңдетіп, толықтыру үстінде. 

Мұқағали шығармашылығы жөнінде кезін-

де жылы пікір білдіріп, алғашқы мақала жазған 

қаламгерлер Сайлаубек Жұмабекұлы, Әбіш 

Кекілбаев, Төлеген Тоқбергеновтерден бүгінгі 

жастарға дейінгі аралықта қаншама құнды де-

ректер мен шынайы пікірлерге толы дүниелер 

түзілді. Бүгінгі күні Мұқағали турасында белгілі 

философ ғалым Ғарифолла Есім мен талғампаз 

сыншы Амангелді Кеңшілікұлы, талантты ақын, 

Бауыржан Жақып сынды қаламгерлер тұшым-

ды пайымдамалар жазып жүр. Дегенмен әде-

биетші ғалымдар мен қаламгерлердің ақын 

шығармаларына ғылыми тұрғыда жасаған 

тал даулары қарапайым бұқараға толыққанды 

жете бермеуі мүмкін. Сол себепті де көпшілік 

қауым мұқағалитанудың аяқ алысынан бей-

хабар болуы мүмкін. Ғылым қашанда зерделі 

сана мен уақытты қажет етеді. Осы тұрғыдан 

алғанда, жалпы, әдебиеттану да, оның ішінде 

мұқағалитану бағыты да болашақта өз жемісін 

бермей қоймас. Ғылымның игілігі адамзатқа 

қызмет етеді емес пе?!

Жас ғалымдардың Мұқағали мұрасына 

ден деп, қызығушылық танытуы әсіресе 2000 

жылдан бері белең ала бастады. Бір айта ке-

терлігі, кейінгі зерттеушілер ақын шығар ма-

ларын бүгінгі заман барысымен сабақтас-

ты 


рып, Тәуелсіздік биігінен және ұлттық 

сана тұрғысынан саралауға едәуір талпыныс 

жасап келеді. Мұның бәрі Мұқағалиды сан 

қырынан тануға, оның болмыс-бітімі мен жа-

зып қалдырған туындыларына тың көзқарас-

тармен үңілуге мүмкіндік береді. Нақты мы-

сал келтіретін болсақ, осыдан бес жыл бұрын 

өзімнің шәкірттерімнің бірі Бибіжан Бегманова 

«Мұқағали Мақатаев лирикасының ұлт тық си-

паты» деген тақырыпта кандидаттық дис сер-

тация қорғады. Қазір жас ғалым бұл жұмы сын 

«60-70-жылдардағы қазақ поэзиясы жә 

не 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал