Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер



жүктеу 0.61 Mb.

бет1/6
Дата08.01.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

№132 (584) 

29 шілде

жұма


2011 жыл

Қазақтың Мұқағалиы туралы 

жұртшылық арасында әңгімелер, 

аңызға бергісіз шындықтар көп. 

Жұрт Мұқағалидың ақындығымен 

қоса, оның өткен өмірі, жасаған 

ортасы, қоршаған айнала-

сы туралы әңгімелерді ақын 

замандастарының аузынан естіген-

ді бек ұнатады. Тіпті баз біреулер 

үшін мүлдем сенгісіз дүниелердің 

өзіне қалың жұртшылық ұйып, 

Мұқағалиға одан сайын қайран 

қалып жататыны да даусыз. Бұл 

да – «өлмейтін Мұқағалидың» 

ұлылығы. Ондай ұлылықты 

қазақ мойындайды. Мойындап 

қана қоймай, ондай ұлылықтың 

құбылысын тереңнен тергеп, білгісі 

келеді. Сондықтан да Мұқағалиды 

әр қырынан алып зерттей түсу, 

оның ішінде тұлғаның адамдық, 

азаматтық, ақындық тұлғасын 

түрлендіріп, таныта түсудің 

маңызы әркез жоғалмайды.

ДАТ!

6-б

етте

Cәрсенбі ДӘУІТОВ:

Мұқағали 

ғасырлармен бірге 

жаңарып, келер 

ұрпақпен бірге 

жасай береді

ТО

ЛҒАНЫС


www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

145,9

209,42

5,26

22,59

1,43

12302,55

1978,2

1529,19

118,08

1621

Әйтсе де «Мұқағалидың мұңы», «Мұқаға лидың 

шыңы» һәм «Мұқағалидың шыны» деген әңгіменің 

еш өлмесі анық. Расында, Мұқағалидың мұңы 

қазақтың мұңы болса, оның шыңы – қазақ 

поэзиясының шыңы, Мұқағали шындығы – сол 

замандағы қазақтың басындағы шындық. Тұтас 

ақындық тұрғыдан алсақ, 60-жылдардан бастап 

лирикада сыршылдық бағыттың үлкен лебін 

тудырған Мұқағали қазақ әдебиетінде адамның 

ішкі жан дүниесін, оның толғанысын, көңіл күйін 

білдіретін дүниелерді жеткізу серпілісін тудырды. 

Осындай өлеңдердің арқасында қалың оқырман 

Мұқағалиды жылы қабылдады, атын көкке көтеріп 

әкетті.

Сол ақын Мұқағали аз ғұмырында өзін мәң-



гілікке қапысыз танытып кетті. Әйтсе де ақын 

шыңы бүгін қолға алынып жатқан бір ғана 80 

жылдық мерейтоймен шектеліп қалмақ емес. 

Бұл — Мұқағали секілді ұлы тұлғаға жараспай-

тын дүние. Мерейтой қарсаңында біз де Мұқа-

ғали 


дың мұңы, шыңы мен шыны туралы 

мәселені ақын мұрасынан терең сусындап, 

соған етене жақындап өскен ұрпақтан сыр 

суыртпақтатып көріп едік. 



МҰҚАҒАЛИ МҰҢЫ

Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ, ақын,

филология ғылымының кандидаты:

– Мұң – ақынмен қатар аталатын ұғым. Күллі 

адам баласына тән болғанымен, ақындар ғана 

айтып жеткізе алатын сезімдік құбылыс. Ақын 

мұңы – адамзаттың мұңы. Мұқағали мұңы – 

жалпы адам ғұмырының күнгейі мен көлеңкесі, 

шаттығы мен қасіреті, күлкісі мен қайғысы тайта-

ласқан тынымсыз, қат-қабат тартыс пен сырға 

толы болмысын паш еткен мұң. «Жаны жара бір 

жанмын, қаны қара», «Мен бір жұмбақ адам-

мын, оны да ойла» деген Абайдан, «Қызыл тіл, 

қолым емес кісендеулі, Сондықтан жаным күйіп 

жанады да» деген Мағ жаннан бастау алған мұң 

сазы Мұ қа ғалида «Жалғыз түп ағаш көріп пе 

ең, Жабырқап өскен далада», «Емен деп мені 

бағала», «Мәңгілікке өзіммен ала кеткен, Менің 

нәзік жанымды кім түсі 

нер» деген сыршыл 

қалыппен көрінген бола тын. Ақын – ақиқаттың, 

риясыз тазалықтың адамы. Бірақ қоршаған орта, 

заман, тіршілік қағидалары үнемі тек ақи қатпен, 

тек ізгілікпен ғана тыныстамасы тағы ақиқат. 

Уақыты маңдайына тар келіп, заманының қалы-

бына сыймаған ақындар мұңданбағанда, кім 

мұңданбақ? Мұқағали мұңы — осында. 

ОЙ-КӨКПАР 



Мұқағалитануды ғылыми айналымға түсіре алдық па?

ИӘ

– Бүгінде мұқағалитануда ізденістер 

жоқ емес. Бұған қоса, еліміздегі түрлі бас-

палардан жыл сайын Мұқағалидың кітап-

тары қайта басылып, естеліктер топтасты-

рылған жинақтар шығып тұрады. Бірнеше 

жылдан бері «Мұқағали» журналы да 

үзбей шығып келеді. Бұл басылым бола-

шақта жасалатын үлкен «Мұқағали» эн-

циклопедиясын жасау ға негіз бола алаты-

ны сөзсіз. Сондай-ақ қан шама газет-жур-

нал мен интернет-сайт тарда Мұқаға лиға 

қатысты дүниелер жа рияланып тұрады. 

Осының бәрі мұқа 

ға 

литануға тікелей 



әсерін тигізбей қой майды. Өзім ұс таздық 

ететін ҚазҰУ-де Мұқағали шы ғармала-

рына байланысты бірнеше кан дидаттық 

жұмыстар қорғалды. Бұған қоса, еліміздің 

өзге де жоғары оқу орындарында осы 

тақырыпқа орай қорғалған бірнеше ғы-

лыми жұмыс бар. 

3-бетте

Аян НЫСАНАЛИН, 

ақын, Халықаралық «Алаш» 

сыйлығының иегері:

Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, 

филология ғылымының 

докторы, профессор:

Соңғы жылдары қазақ әдебиеттану ғылымында 

мұқағалитану үрдісі қалыптасып келеді. Артынан 

мол шығармашылық мұрасын қалдырған ақиық 

ақын дүниеден өткеннен кейін оның өмірі мен 

шығармашылығына тереңірек үңілу үдерісі бас-

талды. Десек те, Тәуелсіздік алған жылдарға дейін 

Мұқағали мұрасына ғылыми тұрғыдан жан-жақты 

талдаулар жасала қоймады. Ақынға қатысты 

дүниелер бұған дейін көбіне естеліктер түрінде 

жазылып жүрді. Сондықтан да ондай дүниелердің 

өзегінде ақынның туындыларына ғылыми тұрғыда 

баға беріп, сараптау жағы кемшін болды. Бүгінгі 

әдебиеттану саласында абайтану, жамбылтану, 

әуезовтану, бейімбеттану сынды бағыттар өз зерт-

теушілерін тауып, әлдеқашан ғылыми айналымға 

түсіп кеткен. Осы бағыттардың ізін ала даңғыл 

жолға түсе бастаған мұқағалитану барысы қазіргі 

кезде біршама жүйелене бастағанын айту керек. 

Десек те, біз мұқағалитануды ғылыми айналымға 

түсіре алдық деп айта аламыз ба?

ЖОҚ

– Мұқағалидың өмірі мен шығар ма шы-

лығы туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген 

жоқ. Осы кезге дейін ақын мұрасын ары-бері 

ақтарған біршама дүниелер жазылды. Алай-

да осының барлығын жинақта ғанның өзінде 

біз Мақатаевты ғылыми тұрғыда танып-білдік 

деп айта алмаймыз. Мұқағалиға деген біздің 

жақындығымыз өлеңдерін оқып, әндерін 

орын дап, естеліктер жазумен ғана шектеліп 

қалған сияқты. Қазақ поэзиясын жалпы алып 

қа райтын бол сақ, біз Мұқағалидың өзін же-

кеше бө ліп-жарып зерттей алмаймыз. Біз 

оның шы ғармашылығын байырғы жыраулар 

поэзиясымен, Абай дәстүрімен, Қасым сти хия-

сымен және басқа да рухани құндылық тармен 

сабақтастыра отырып зерделеуіміз қажет. Ал 

бүгінгі әдебиеттану ғылымында, сондай-ақ 

қаламгер, журналистер арасында Мұқа ғалиға 

қатысты қалам тербемегені кемде-кем шығар. 

Рас, Мұқағали – ең көп оқылатын ақын. 

Қара өлеңнің Хантәңірі

Қанат ҚАЗЫ

Жалғасы 5-бетте 

Мұқағали мұңы, шыңы мен шыны...

Ақтамберді болып ақтарылып, Махам-

бет болып кектенген, Абай болып терең 

күрсінген, Жамбыл болып жырлаған, Мағжан 

болып мұңайған, Қасым болып от кешіп, 

Төлегендей сағынышқа енген қасиетті қазақ 

өлеңінің төрінде ақиық Мұқағалидың ала-

тын орны алабөтен. Қарасаз атты қараша 

ауылда туып-өсіп, Хантәңірінің етегінен түлеп 

ұшқан мұзбалақ ақынның жырлары бүгінде 

әр қазақтың көкірегінде сайрап тұр. Ол өлең 

өлкесіне өзінің ерекше үнімен келіп, қарапайым 

да асқақ болмысымен, шыншыл да шымыр 

өлеңдерімен жадымызда мәңгі қалып қойды.

Талайлы тағдыр маңдайынан сипай қой-

маса да, қазақтың қара өлеңін кие тұтқан 

ақын ағынға қарсы жүзіп, түптің түбінде 

жұл дызының биіктен жарқырап тұратынын 

жан-жүрегімен сезіп, сәулелі санасымен 

бол жай  білді. 

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,

Алынбаған ақым бар сенде менің... – 

деп, ақындық жолындағы қиын кедергі-

лер ге қасқайып тұрып қарсылық білдірген 

ақын ның жұдырықтай ғана жүрегі қаншама 

бат пан салмақты көтере білді! Ақын жырла-

ры негізінен лирикаға құрылғанымен, он да-

ғы нәзік қалтарыстардан салмақты ой мен 

сіз бен біздің кеуде тұсымызды шымыр лат-

пай қоймайтын ауыр бір мұң сезіліп тұра-

ты ны сөзсіз. Ақын шығармаларына үңіл ген 

са йын әркім өзін танып жататыны және аян. 

Ен деше, оқырман Мұқағалиды емес, Мұ қа-

ға ли оқырманын өзі тауып алатын сияқ ты. 

Мұн да әлдебір тылсым күштің әсері сезі ле тін-

дей. Расында да, «махаббатпен басталып, па-

ра сатқа ұласқан» Мұқағали поэзиясы еш кім ге 

ұқсамайтын мазмұн-сипатымен тым ер ек ше, 

әр сөзі сондай анық әрі жүрекке жақын.



Алмат ИСӘДІЛ

Жалғасы 4-бетте 

2-бет

5-бет

7-бет

Мұқағалидың 

өлеңдерін қытайлар 

іздеп жүріп оқиды

«Дариға, домбырамды 

берші маған...»

Поэзиялық потенциалды 

прозалық парасатқа 

ұластырған...

ӨНЕГЕ


Осы уақытқа дейін көптеген адамдар редакция-

мызға хабарласып, хат жолдаған еді. Бізге келіп түс кен 

материалдардың дені ақын жайлы естеліктерге негіз-

деліп жазылған. Олардың бірқатарын бұған де йін газет 

бетіне жариялаған болатынбыз. Жуырда ре дакциямызға 

белгілі ақын Мінуар Әкімханов ағамыз арнайы ат басын 

бұрып, кезінде Мұқағалидың өзі қол таңбасын жазып 

берген екі бірдей кітапты ала келіпті. Мінуар Әкімханов: 

«Бұл қос кітапты Мұқағали ағам ның қос қарашығындай 

40 жылдан астам уақыт жеке мұрағатымда сақтап кел-

дім. Бұл жинақтарды 80 жылдық тойы қарсаңында 

Қарасаздағы ақын мұра жайына тапсырсам деп жүр 

едім. Мұражайға қалың көпшіліктің жолы жиі түсе бер-

мес, бұл да бір ақын өміріне қатысты шағын дерек қой, 

оқырман жұрт мұны «Алаш айнасы» арқылы біле жүрсін 

деген ниетім еді», – деді. Мінуар ағамыз Мұқағалидың 

«Қарлығашым, кел 

дің бе?» кітабын қолтаңбасымен 

ақынның үйіне барғанда, ал «Мавр» кітабын ауруханаға 

халін сұрай барғанда алған. Қайран Мұқаң «Маврды» 

ұсынарда: «Әй, қызталақ, арқаңды тос», – деп, кітаптағы 

қолтаң баны Мінуар інісінің арқасына қойып тұрып жа-

зып берген екен...

Алмат МҰРАТҰЛЫ

Қос қарашықтай 

қос қолтаңба

Бүгін Мұқағали Мақатаевтың туған жері – 

Қарасаз ауылы мен атақты Шалкөде жайлауында 

ақынның 80 жылдық мерейтойы республикалық 

дәрежеде кеңінен атап өтілмек. «Алаш айнасы» 

газеті жыл басында осынау игілікті шараның шын 

жанашыры екенін және М.Мақатаевтың өмірі 

мен шығармашылығына қатысты жаңа заман 

көзқарасындағы тың пайым-пікірлер мен жаңа 

деректерді жариялауға даяр екендігін жеткізген 

болатын.

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№132 (584) 



29.07.2011 жыл 

жұма


www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

2

?



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

АҚИЫҚ


Әлемдегі халықаралық әдеби сыйлықтарды білеміз бе?

Мені Тәуелсіздіктен кейінгі әдебиет зерттеушілерінің еңбектері қатты қызықтырады. 

Осы кезеңге жататын зерттеушілердің аттарын және еңбектерін қысқаша білгім келеді.

Тайбек ҚАСЫМҰЛЫ, Алматы қаласы

Мұқағали Мақатаев атында әдеби сыйлықтың бары белгілі. Әлемде халықаралық және өзге елдердің 

беделді әдеби сыйлықтары бар ма? 

Жанар ДАСТАНҚЫЗЫ, Алматы

Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет 

зерттеушілерін білгім келеді

Әлемдегі айтулы әдеби сыйлықтардың ішіндегі шоқ-

тығы биігі және ең ежелгілерінің бірі – 1901 жылы бекі-

тілген әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы. Одан өзге, 

франкотілділік Рамбер сыйлығы (1898 ж.), француздық 

Гонкуров сый лығы (1903 ж.) мен «Фемина» (1904 ж.), Гер-

ма 

ниядағы халықтық Шиллер сыйлығы (1905 ж.), 



испандық Фастенрат сыйлығы (1909 ж.), АҚШ-тағы Пу-

литцер сыйлығы (1913 ж.) қазіргі кезде де ең беделді 

әдебиет, өнер, мәдениет саласын дағы сыйлықтардың бірі-

нен саналады. 

Беделді халықаралық әдебиет сыйлықтары ның қата-

рында Чино дель Дук сыйлығы, Нейштадт әдеби сый лығы

Иерусалим сыйлығы, Гёте сыйлығы, Астурийский 

ханзадасының әдеби сыйлығы, Гринцане Кавур сыйлығы, 

Ганс-Христиан Андерсен сыйлығы, Виленица сыйлығы, 

Оранж әдеби сыйлығы бар. Бұлардан өзге, Брита ния дағы 

Букер сыйлығы, Сомерсет Моэм сыйлығы, Ирландиядағы 

Дублин халықаралық сыйлығы, Фран циядағы Медичи 

сыйлығы, Германиядағы Георг Бюхнер сыйлығы, Испа-

ниядағы Мигель де Сервантес сыйлығы, Италиядағы Стре-

га сый лығы, Виареджо сыйлығы, Жапониядағы Ёмиури 

сыйлығы, Чехиядағы Франц Кафка сыйлығы, Ресейдегі 

«Русский букер» сыйлығы (20 мың АҚШ доллары көлемінде 

сыйақы), «Ясная Поляна» сый лығы, М.А.Шолохов атындағы 

сыйлық, В.С.Пикуля атын дағы сыйлық, сондай-ақ Петрар-

ка халықаралық сыйлығы ең танымал болып саналады. 

Біз бұл сұраққа жауап беру үшін он том-

дық «Қазақ әдебиетінің тарихы» сериясын 

қарап шықтық. Ондағы «Тәуелсіздіктен кейін-

гі қазақ әдебиеті» сериясында сақа әдебиет-

тану шы лармен қатар, орта буын, жас зертте-

ушiлер де қатыстырылған. Олардың iшiнде, 

атап айтқанда, филология ғылымының док-

торы, профессор Ш.Елеукенов («Алғы сөз», 

«Кiрiс 

пе», «Роман», «Повесть, хикаяттар»), 



жазу шы, сыншы, «Қазақ әдебиетi» газетiнiң 

бөлiм меңгерушiсi Д.Рамазан («Әңгiме»), 

фи 

ло 


логия ғылымының кандидаты С.Бай-

жанов, әдебиетшi К.Бейсенбiқызы («Де ректi 

әдебиет»), филология ғылымының док торы 

А.Мархабаев («Фантастика»), жазу шы, оқы-

тушы ғалым Ү.Уәйдаұлы («Сатира»), фи-

лология ғылымының канди 

даты Ә.Қа 

йыр-


беков («Лирика»), филоло 

гия ғылымының 

докторы, профессор Ә.Нарым бетов («Поэма», 

«Әдеби өмiр шежiресi», «Әдебиет көрсеткiшi» 

– 1991-1997 жылдар) сынды және тағы басқа 

әдебиет зерттеушілері бар. 



Бірлігі бекем ақын отбасы

Құдай қосқан қосағы Лашынмен мұз-

балақ ақын бес перзент сүйді. Тұң ғышы 

Майгүл тағдырдың жазуымен оқушы 

шағында мотоцикл қағып кетіп, жазым 

болған. Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шол-

пандар қазір үйлі-баранды. Әкесі өмірден 

өтерде небәрі тоғыз жаста болған сүт 

кенжесі Шолпан әке мен ана арасындағы 

махаббатты ел-жұрт бейпіл сөзбен был-

ғағаннан ада, пәк, шынайы махаббат пен 

сыйластық болғандығын айтады. 

МҰҚАҒА

ЛИ – ҰРПАҚ



насихаттауды қолға алған Жұлдыздың 

жары Бақытгүл апай 2005 жылы М.Ма қа-

таев атындағы халықаралық қорды ашып, 

ерлік жасады. 



Бақытгүл АЙДАРОВА, 

Мұқағалидың келіні:

– Атамыз өзінің күнделігінде: «Егер 

менің шығармаларым қатталып басы-

Лев Толстой өзінің 

атақты романында 

«Бақытты отбасылар 

бірдей бақытты» деген 

екен. Шындығында, со-

лай ма? Өйткені танымал 

адамдардың өмірі мен от-

басы қарапайым халықты 

қызықтырмай қоймайтыны 

анық. Абайдың айналасы 

туралы «Абай жолынан» 

білеміз. Ал өз ғасырының 

шоқ жұлдызындай жарқ 

еткен біртуар ақын 

Мұқағалидың шаңырағы 

туралы не білеміз?

Шолпан МАҚАТАЕВА, 

ақынның кенжесі:

– Әкеміз жазуға отырғанда, жұмыс 

істегенде анамыз: «Әкелеріңнің ма-

засын алмаңдар. Жұмыс істесін», – 

деп бізді бөлек алып кететін. Үйде өлі 

тыныштық орнағанда, әкем ерекше 

шабыттанып: «Маған өлең құйылып 

келеді, жазып үлгермей қаламын», – 

дейтін. Жұмыстан тыс уақытта бала-

ларын ойнатып, қыдыртуға да уақыт 

табатын. Есімде қалғаны, Республика 

сарайы ашылған тұста әкем шешем 

екеумізді ертіп, өзбек өнерпаздарының 

кон цертіне барған едік. Концертке әкем 

апыл-ғұпыл киінбей, алдын ала да-

йын далып, ерекше әрленіп баратын.

Мұқағалидың жары Лашын апа 

мыз 

жан серігінің барлық шығармасын жи-



нап, басуға мұрындық болғанын біле-

міз. Жұбайы өмірден өтсе де, тек жақ-

сылығын айтып, есіне алып, үнемі ау-

зынан тастамаған екен. Мұны қазақтың 

маңдайына біткен дарынның қадіріне 

жете білгендігі деп ұққан жөн. Лашындай 

анасының ізін басып, Мақатаев мұрасын 

Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

Жасы үлкен ағалардан поэзия пыра-

ғын мінген ақынның Сыр бойына келгені 

жайлы естеліктерді естіп қаламыз. Төбесі 

көк тіреген Хантәңірінің баурайында 

дү ние есігін ашқан дарабоз дария бо-

йындағы дүйім елмен емен-жарқын сыр 

бөлісу үшін бірнеше мәрте сапарлап кел-

ген көрінеді. 60-жылдардың шамасын-

да ардақты аға мыз Қазалы ауданында 

болған екен. Ел мен жерді армансыз 

аралаған ақынның жүрегінен содан 

кейін жыр болып төгілген «Қазалы 

желі» өлеңі сол сапардың бір куәсіндей 

болып тұр. 

Құрыш қазақ атанған Зейнолла Шүкі-

ров ағамыз да Мұқағалимен сырлас, пі-

кірлес болған. Зейнолла ағамыз бауырына 

басып, баласындай мәпелеп өсірген інісі 

Алпысбай бұл сөзімізді құптап:

– Мұқағали ағаның біздің аймаққа 

келгенін талай мәрте көзіммен көрдім. Сол 

сапарларында менің әкеммен жолығып, 

екеуара әңгіме-дүкен құруға уақыт табу-

ға тырысатын. Кейде құлағымыз шалып 

қалады, бір-бірімен жолыққан сәт те күн-

ұзақ шығармашылық жайында әңгі 

ме-


леуден жалықпайтын. Әкемнің мұра 

ға-


тында Мұқағали ағаның жазған бірнеше 

хаты бар, – дейді. 

Сондай хаттардың бірінде Мұқаң «Зей-

нолла, мәңгілік өмір сүрмесең, басымды 

кесіп берейін. Жібергеніңнің барлығын 

сол қалпында ұсындым» деген жолдар 

кездеседі. Расында да, қос қаламгер Алаш 

баласының жүрегінде мәңгілікке жатта-

лып қалды. Бір-бірін тани білген ардақты 

ағалардың осындай көрегендік қасиеттері 

де бізге ерекше сезімді тарту етеді. Қайран, 

ағалар-ай!.. 



Әділжан ҮМБЕТ,

Қызылорда облысы 

Қайран, ағалар-ай!

Қазақтың әдебиет әлемінде шоқтығы биік Мұқағалиды бар-

ша жұрт ет жақын етене туысындай көреді. Байтақ даланың қай 

қиырына барсаңыз да, ол жайында жылы лебіз білдірмейтін 

адам жоқ. «Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне 

тарту еткен» абзал ақын жайында ел ішінде айтылар әңгімелер 

көп-ақ.

ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГІ БАР

ЖҮРЕК СӨЗІ

Поэзиялық потенциалды прозалық 

парасатқа ұластырған...

Жыр жампозы Мұқағали ақынның 

1988 жылы жарыққа шыққан «Қош, ма-

хаббат!» прозалық кітабы қалың оқыр-

манның қолдан-қолға түспей оқыған 

туын дысы болғандығын бүгінде біреу біл-

се, біреу білмес. Өйткені «күпі киген қазақ-

тың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қай-

тарған» ақын поэзия әлемінде мәңгілік 

құбылыс болып қалды. Қазақтың жанына 

оның өміршең өлеңдері жақын. Жырлары 

жұрттың жадында сақталған. Сол себепті 

де болса керек, Мұқағалидың прозалық 

туындысынан гөрі поэзиясының таразы 

басын тартып тұратындығы. Алайда мұны 

ақиық ақынның прозалық туындысының 

сәтсіз шыққандығынан емес, туындыгердің 

табиғи болмысына тән жазған дүниесін 

халықтың қабылдау ықылас-махаббаты 

деп қараған абзал болар.

Белгілі бір кезеңнің ұғымдық стандар-

тына бағынбайтын, алайда уақыт өте келе 

келесі қоғамдық формацияда жаңалық 

болмай, оқылмай қалатын да туынды-

лар кездесіп жатады. Мұқағалидың ауыл 

өмірін суреттеген, адам болмысының 

құпиясын ашуға ұмтылған қуатты, шынайы 

һәм поэзиялық лириканың элементтері 

мол әңгіме-повестері (санаулы ғана болса 

да), сыни еңбектері – бұл кезде де поэзия-

сымен қатар оқылатын құнды дүниелер. 

Алайда сол дүниелердің насихаты кемшін, 



халықтың қолында жоқ деуге болады. 

Нұрдәулет АҚЫШ, 

жазушы, әдебиетші ғалым:

– Менің түсінігімде, өлең жазған 

ақын дар прозада көп елене бермейді. 

Немесе қаламгерлердің шынайы 

жазған өлеңдері ескерілмейді. Мұқаға-

ли прозасына қатысты да осындай 

жағдайлар орын алған сияқты. Әйтпесе 

Мұқағалидың про за жанрында аз бол-

са да еңбектері бар. Дегенмен оның 

ақындық таланты, тегеу ріні басып тұр-

ған соң, прозасына көп мән бере бер-

мейтініміз рас. Себебі осы болуы керек. 

Мұқағали прозада да өзінің ешкімнен 

кем еместігін көрсете білді. Мұқағали-

дың Ала тау дай асқақ дарыны проза 

жан рында азғана әңгіме-повесть жаз-

са да, көрініп тұрды. Шығармашы лық 

адамының басқа жанрға ауысуы, сол 

жанрда бағын сынап көруі – бұл оның 

ішкі қайшылығынан, күйзелісінен, сер-

пілісінен туындайды. Ол айтар ойын 

ашық жеткізе алмағандықтан, проза 

жанрына қалам тербеді деу қателік бо-

лар. Өйткені басқа — басқа, дәл Мұқа-

ғали айшықты ойын поэзияда да ашық 

жеткізе білетін еді. Кейде қаламгер 

оқиғаны, ситуацияны басқа ракурстан 

көргісі келеді, өзінің мүмкіндігін сынау-

ға бел буады. Проза мен поэзия егіз 

жанр болған соң, сөз өнерін құрау-

шылар бір-бірінің егініне түсе береді. 

Оның еш сөкеттігі жоқ. 


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал