Қазақтың дара тұлғасы, ғылым және мәдениет қайраткері, жазушы, публи



жүктеу 370.23 Kb.

бет1/4
Дата20.01.2017
өлшемі370.23 Kb.
  1   2   3   4

2

Қазақтың  дара  тұлғасы,  ғылым  және 

мәдениет  қайраткері,  жазушы,  публи-

цист,  қазақ  әдебиетіндегі  роман  жан-

рының  негізін  қалаушы,  аудармашы, 

драматург  Жүсіпбек  Аймауытұлының 

асыл  мұрасын  бүгінде  халқы  танып, 

зор  бағалануда.  Өзі  аңсаған  тәуелсіз 

еркін елінде есімі дәріптеліп, елі үшін 

сіңірген еңбектері еленіп жатқаны қан-

дай ғанибет.

бет

Cана


Мүдде

Салауат


ЖАСТАР ГАЗЕТІ



8

 (56)

30 қырқүйек, 2014 ж.

ҚАЗАҒЫН СҮЙГЕН 

МҰХТАР

ҚЫЗ – ҰЛТТЫҢ 



ҚАЗЫНАСЫ

АЛАШТЫҢ МАҚТАНЫ –

ЖҮСІПБЕК

3

-бет

6

-бет

ГАЗЕТ 2005 ЖЫЛДЫҢ 

28 ҚАЗАНЫНАН 

БАСТАП ШЫҒАДЫ

Жастар – болашақтың кепілі

АТПЕН ЖҮРІС



4

-бет

2

SMS ақпарат



ПАВЛОДАРДА ЖАС АҚЫНДАР 

МҮШӘЙРАСЫ  ӨТТІ 

Қазақстан 

Республикасы 

«Тіл туралы» 

заңының қа-

былданғанына 

жəне халықара-

лық «Қазақ тілі» 

қоғамының 25 

жыл толуына 

орай ұйым-

дастырылған 

«Туған тілім – 

айбыным!» 

атты облыстық 

жас ақындар 

мүшəйра-байқауының қорытындылары шығарылды, деп 

хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі облыстық тілдерді 

дамыту жөніндегі басқармасына сілтеме жасап. 

Шара аталмыш ведомство жəне «Ертіс Медиа» ЖШС-ның мұ-

рындық болуымен өтті. Байқауға 16-25 жас аралығындағы талап-

керлер қатысып, өнерлерін ортаға салды. Бəйгеде ПМПИ-дің сту-

денті Махаббат Шынар өз қарсыластарынан оқ бойы озып, І-ші 

орынға ие болды. ІІ-ші орынға С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің 

студенті Мұрат Марғұлан, ал ІІІ-ші орынға Баянауыл ауданының 

Ш. Айманов атындағы қазақ гимназия мектебінің оқушысы Айнұр 

Мұратбек ие болды. Ал ПМПИ-дің студенті Алмас Ақтасов ынта-

ландыру сыйлығымен табысталды.



pavlodarnews.kz

 



ДҮРБІ



 



ШАРА



ТІЛ – ХАЛЫҚ 

МӘДЕНИЕТІНІҢ ДІҢГЕГІ

2014  жылдың  22  қыркүйек  күні  С.Торайғыров  атындағы 

Павлодар  мемлекеттік  университетінде  Қазақстан  халықта-

рының тілдері күні құрметіне «Тіл – халық мəдениетінің дің-

гегі» тақырыбына арқау болған дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шара студенттерді басқа диаспоралардың тіл мəде-

ниетінің  ерекшеліктерімен  таныстырып,  жəне  де  əр  тілдің  біре-

гейлігі мен өзгешілігін ашуға бағытталды.

Дөңгелек  үстел  университетіміздің  көптеген  ұлт  өкілдерінің 

басын  қосты.  Шараға  қатысушылар  лингвистикалық  жағдайды 

жақсарту бойынша өздерінің мəселелері мен ұсыныстарын алға 

тартты.  Дөңгелек  үстел  жұмысы  барысында  қатысушылар  өз-

дерінің ана тілдерінің ерекшелігі туралы баяндамаларын ұсын-

ды.  С.Торайғыров  атындағы  ПМУ  гуманитарлы-педагогикалық 

факультетінің  «Шетел  филологиясы  жəне  аударма  ісі»  кафед-

расының студенттері Карина Мержоева мен Махамбет Макулов 

Қазақстан Республикасындағы ағылшын тілі мен қазақ тілінің та-

рихын баяндады. Ал, ингуш тілінің мəдениеті жөнінде қызықты 

мəліметтерге  қанық  еткен  Гуманитарлы-педагогикалық  факуль-

теттің «Психология жəне педагогика» кафедрасының студенті – 

Эсет Хайхороева.

Қазақстан халқының тілдері күні ҚР Президенті Нұрсұлтан На-

зарбаевтың  1998  жылғы  20  қаңтар  күнгі  жарлығымен  22  қыркү-

йегінде  тойланады  деп  бекітілген  болатын.  Бүгінде  мектеп  оқу-

шылары  Қазақстан  мектептерінде  қазақ  тілінен  өзге  онға  жуық 

тілдерді  меңгереді.  Елімізде  ұлттық  мəдени  орталықтарда  тіл-

дерді үйренуге бағытталған жексенбілік мектептер жұмыс жасай-

ды. Сонымен қатар, неміс, корей, ұйғыр, украина тілдерінде газет 

жарық көріп, алуан түрлі теле-радио бағдарламалар шығып тұра-

ды. Мұның бəрі де Қазақстандағы саны аз ұлт өкілдері өз мəде-

ниетін, тарихын өз туған тілінде білуіне мүмкіндік береді.

Павлодар  мемлекеттік  университетінің  тəрбие  жұмысы  жəне 

əлеуметтік мəселелер департаментінің маманы Тілек Мəсəлімнің 

айтуы бойынша əр азамат өзінің туған тілінде сөйлеуге құқылы. 

«Біздің университетте бірінші кезекте ұлтаралық бірлікті, келісім 

мен ауызбіршілікті нығайтуға бағытталған студенттік «Бірлік» ас-

самблеясы мен «Қазақстан халықтарының кітапханасы» оқу залы 

ашылған», – деп мəлімдеді департамент маманы.

Елбасымыздың  үштілділік  туралы  идеясын  жүзеге  асыру  ая-

сында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универси-

тетінде көптілді білім беру бағдарламасы іске асып, оқу процесіне 

қазақ тілі, орыс тілі жəне ағылшын тілінде оқытуды енгізген.



АЛАШТЫҢ 

МАҚТАНЫ – 

ЖҮСІПБЕК

Қазақтың  дара  тұлғасы,  ғылым  және  мәдениет  қайрат-

кері,  жазушы,  публицист,  қазақ  әдебиетіндегі  роман  жан-

рының  негізін  қалаушы,  аудармашы,  драматург  Жүсіпбек 

Аймауытұлының  асыл  мұрасын  бүгінде  халқы  танып,  зор 

бағалануда.  Дүниеден  озғанына  85  жыл  өтіп,  өзі  аңсаған 

тәуелсіз  еркін  елінде  есімі  дәріптеліп,  елі  үшін  сіңірген  ең-

бектері еленіп жатқаны қандай ғанибет.

2014 жылдың 19 қыркүйек күні 

С.Торайғыров  атындағы  Павло-

дар  мемлекеттік  университетін-

де  «Аймауытов  оқулары»  рес-

публикалық  ғылыми-тəжірибелік 

конференциясы өтті.

Конференция 

шымылды-


ғы  халқымыздың  біртуар  пер-

зенті  Жүсіпбек  Аймауытұлының 

өмірінің жаңа қырлары мен шы-

ғармашылығының  тың  белес-

терін  айғақтайтын  «Кемеңгер» 

деректі  фильмді  көпшілік  наза-

рына ұсынудан ашылды.

Конференцияның  модератор-

лық қызметін ҚР Мəдениет жəне 

спорт  министрлігінің  кеңесшісі, 

ҚР  ҰҒА  академигі,  философия 

ғылымдарының  докторы,  про-

фессор  Ғарифолла  Есім  мыр-

заның  өзі  атқарды.  Ғарифолла 

Қабдыжаппарұлы  конференция-

ның  ашылу  салтанатында  қазақ 

əдебиетін  дүниежүзілік  əдебиет 

аренасына шығарған, тың жанр-

ларға  жол  салып  кеткен  Жүсіп-

бек  Аймауытұлының  шығар-

маларының  халқы  үшін  құнды 

екенін атап өтті.

Павлодар  облысы  əкімі  Қанат 

Бозымбаев  құттықтау  сөзінде 

жерлесіміз  Жүсіпбек  Аймауытұ-

лының мəдени-тарихи мұралары 

мен  сан  қырлы  да  ерекше  шы-

ғармашылығын  насихаттаудың 

маңыздылығын  ескере  келе, 

Павлодар  облысындағы  əрбір 

орта  мектептерде  «Аймауытов 

оқуларын»  өткізуді  дəстүрге  ай-

налдыруды  ұсынды.  Сондай-ақ, 

жазушы шығармашылығын тану-

ға бағытталған мұндай шаралар-

ға жоғары оқу орындары да ұйыт-

қы болады деді облыс басшысы.

С.Торайғыров  атындағы  ПМУ 

ректоры, э.ғ.д., профессор Серік 

Өмірбаев  өз  сөзінде:  «Жүсіпбек 

Аймауытов  асқан  таланты  мен 

таудай  талабының  арқасында 

əдебиетімізді  еуропалық  жəне 

дүниежүзілік  көркем  əдебиеттер 

қатарына  қосты.  Əсіресе,  көр-

кем тілі, адам жанының не қилы 

пернелерін баса білетін психоло-

гизмі күні бүгінге дейін оқырман-

ды таңдандырмай қоймайды», – 

деп  ақын  шығармашылығының 

ерекшелігіне тоқталды.

Сондай-ақ,  конференцияның 

пленарлық  отырысында  Қазақс-

тан  Жазушылар  одағының  мү-

шесі,  ҚР  еңбегі  сіңген  мəдениет 

қайраткері  Сайлау  Байбосын, 

ақын, Қазақстан Жазушылар ода-

ғы  төрағасының  бірінші  орынба-

сары Ғалым Жайлыбай, қазақтың 

белгілі жазушысы əрі драматургі, 

Қазақстан Жазушылар одағының 

мүшесі  Əкім  Тарази,  С.Торайғы-

ров  атындағы  ПМУ  Ж.Аймауы-

тов  атындағы  этнопедагогика 

жəне білім берудің инновациялық 

технологияларды  оқытудың  ғы-

лыми-тəжірибелік  орталығының 

басшысы п.ғ.д., профессор Еңілік 

Жұматаева 

баяндамаларын 

көпшілікке ұсынды.

Мұнымен  қоса,  конференция-

ның  құрметті  қонақтары  ретінде 

мемлекет  қайраткерлері,  белгілі 

ғалымдар,  ҚР  Мəдениет  жəне 

спорт вице-министрі Асқар Бөрі-

баев, ҚР Парламенті Мəжілісінің 

депутаты  Алмас  Туртаев,  ҚР 

еңбек  сіңірген  қайраткері,  театр 

сыншысы  Əшірбек  Сығай  жəне 

басқалары қатысты.

Жүсіпбек Аймауытұлының құр-

метіне  өткізіліп  отырған  шара 

барысында  туыстары  мен  ұр-

пақтары Римма Аймауытова мен 

Василий  Аймауытовқа  зор  құр-

мет-сый көрсетілді.

Конференция  жұмысы  бары-

сында  С.Торайғыров  атындағы 

ПМУ  концерттік  залында  қонақ-

тар мен қатысушылар назарына 

«Жүсіпбек  Аймауытұлы  –  жазу-

шы, драматург, аудармашы, əде-

биеттанушы жəне педагог» атты 

кітап көрмесі ұсынылды.

Аталмыш  конференция  қазақ-

тың кемеңгер ұлдарының бірі де 

бірегейі  –  Жүсіпбек  Аймауытұ-

лының  туғанына  125  жылдығын 

тойлау  аясында  өтіп  жатқан 

шаралардың  бірі.  Дəл  осы  күні 

Павлодар облысы Ж.Аймауытов 

атындағы қазақ музыкалық дра-

ма  театры  алдында  Жүсіпбек 

Аймауытұлының  ескерткіші  бой 

көтерді. Астаналық шебер Ермек 

Тоқтаровтың  қолынан  шыққан 

биіктігі  7,6  метр  болатын  қола 

мүсін күрең қызыл граниттен жа-

салған тұғырға қойылды.

Одан  ары  қарай  мереке  Бая-

науыл  баурайында  «Жүсіпбек  – 

алаш ардақтысы» атты ауқымды 

іс-шарамен жалғасын тапты.

Естеріңізде  болса,  осы  жыл-

дың  қыркүйек  айының  басында 

Баянауылдың  бір  уыс  топыра-

ғы  Жүсіпбек  Аймауытұлы  жер-

ленген  Мəскеу  қаласындағы 

Ваганьково  зиратына  жеткізіл-

ген  болатын.  Алаштың  ардақ-

тысы  –  Жүсіпбекке  атамекеннің 

бір уыс киелі топырағы осылай-

ша  бұйырды.  Ресейдің  орталық 

мұрағатынан  Аймауытұлының 

сүйегі  Ваганьково  зиратындағы 

«бауырластар  қабірінде»  жер-

ленген деген мəліметпен жауап-

хат келген. Бұл қабірде қазақтың 

басқа да саяси қуғын-сүргін құр-

бандары жерленген көрінеді.

Сөз  түйін.  Ертіс-Баян  өл-

кесінің  тумасы  –  Жүсіпбек 

Аймауытұлындай  елінің  тау 

тұлғалары  болмаса,  қазақтың 

өнері,  ғылымы,  əдебиеті  өркен 

жаймас еді. Қазаққа бергені көп, 

қызметі  қыруар  еді,  ұлты  үшін 

тартқан  азабы  да  мол  болды. 

Өмір қиындығы мен қатал дəмін 

татып жүрсе де, қазағына деген 

жанашырлығы  мен  адалдығы-

нан  таймады.  Қазақ  əдебиетін-

де  орыны  толмас  дүниелерді 

əкелді,  құнды  зерттеу  еңбек-

терін  жасады,  жаңаша  бағыт-

тарға  жол  салды.  Сондықтан, 

бүгінде  оның  мұрасы  асылға 

баланып, кейінгі ұрпаққа рухани 

мол  азыққа  татыды.  Қазағыма 

үйреткені  мен  тоқытқанының 

маңыздылығын  ескерсек,  əлі 

талай  ұрпақ  қаламгер  рухына 

тағзым етері хақ.

Жанар ЕЛЕШОВА


3

Қыз Жібек 

ЫЗ –  ЛТТЫ   АЗЫНАСЫ

Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият 

аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұр-

мағанын жақсы сезінуіміз – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухы-

мыз биік болғанда ғана Адам деген асыл есімге кір жуытпай қала 

аламыз.  Діні  мен  ділі  берік  ел  –  алынбас  қамал.  Ал  оның  болаша-

ғы ұлттың адаспай ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, 

мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп әйелге, келешек Ана болар 

қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.

Нəзік  жандылар  басқа  елдердің  өрке-

ниеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол 

мəдениет  үлгісі  ата  салт-дəстүріміздің 

тұнығын  лайлатпаса  екен,  болашақ  ана 

екендерін  ұмытпаса,  өз  денсаулықтары-

ның  қадірін  түсінсе,  заман  ағымына  сай 

жаңа технологияларды меңгерсе, білімді, 

білікті  өз  маманының  шебері  болса,  ең 

бастысы  ұлттық  құндылықтарын  қыз  ба-

лаға тəн қасиеттерін жоғалтпаса игі. Міне 

қазіргі  қоғамның  осындай  өзекті  мəсе-

лесін  шешудің  бір  тетігі  болып  табылған 

«Қыз жібек» клубы туралы сөз етсек.

2014 жылдың 16 қыркүйегінде С.Торай-

ғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік 

университетінің «Қыз Жібек» қыздар клу-

бының белсенділері республикалық жоға-

ры оқу орындарындағы «Қыз Жібек» қыз-

дар  клубының  филиалдары  арасындағы 

«Қыз – ұлттың қазынасы» атты республи-

калық телекөпір жұмысына қатысты.

С.Торайғыров атындағы ПМУ «Қыз Жі-

бек» клубы 2013 жылдың 16 қыркүйек күні 

қыздарға алғаш есігін ашты. «Қыз Жібек» 

клубы  танымдылық,  ғылыми-білімдік,  қо-

ғамдық  бағыттарда  қоғамға  пайдасы  зор 

талай  ізгі  істердің  басын  қайырды.  Осы 

бір жыл ішінде қандай қомақты да ұтқыр-

лы  жұмыстар  атқарылғандығы  жайында 

нəзік  жандылардың  жанашыры,  клуб  тө-

райымы С.Торайғыров атындағы ПМУ Қа-

зақ тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., 

профессор  Айман  Зейнулина  баяндап 

берді.

Онлайн  конференцияға  Қазақ  мемле-



кеттік  қыздар  педагогикалық  универси-

теті,  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 

мемлекеттік  университеті,  Ш.Уалиханов 

атындағы  Көкшетау  мемлекеттік  универ-

ситеті,  Қорқыт  ата  атындағы  Қызылорда 

мемлекеттік  университеті,  Х.Досмұхаме-

дов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  уни-

верситетінің  «Қыз  Жібек»  клубтарының 

мүшелері мен белсенділері қатысты.

Аталмыш  телекөпір  еліміздегі  жоғары 

оқу орындарындағы «Қыз Жібек» қыздар 

клубы  филиалдарының  жұмысымен  та-

нысу, ортақ мақсат-міндеттерге сай өзара 

пікір  алмасу,  өзара  тəжірибе  алмасуды 

мақсат тұтты.

«Қыз  –  ұллтың  қазынасы»  атты  теле-

көпір  Қазақ  мемлекеттік  педагогикалық 

қыздар  университетінің  70  жылдық  ме-

рейтойын  мерекелеу  аясында  өтіп  жат-

қан шаралардың бірі. Сондықтан онлайн 

конференцияның  өтуіне  ҚазМҚПУ  ұйыт-

қы  болып  отыр.  Былтыр  ҚР  Дін  істері 

агенттігінің  бастамасымен  ҚазМҚПУ  ба-

засында қыздарды ұлттық дəстүрлер мен 

төл  дүниетаным  аясында  тəрбиелеуді 

мақсат  еткен  «Қыз  Жібек»  қыздар  клубы 

ашылған болатын. Кейіннен қыздар клуб-

тары  басқа  да  Қазақстанның  жоғары  оқу 

орындарында құрылды.

Конференция  жұмысы  барысында  Ал-

маты,  Павлодар,  Көкшетау,  Атырау,  Қы-

зылорда  мемлкеттік  университеттерінің 

«Қыз Жібек» клубтарының бір жыл бойғы 

жетістіктері  мен  табыстары,  атқарған  игі 

еңбектерінің нəтижелері сараланып, баға 

берілді,  болашаққа  жоспарлар  жария 

етіліп, мақсаттар айқындалды.

  Конференция  соңында  С.Торайғыров 

атындағы  ПМУ  Студенттік  филармония 

басшысы,  клубтың  үйлестірушісі  Айнұр 

Азимханқызы  клубтың  бір  жылдық  туған 

күнімен клуб мүшелерін құттықтап, жиыл-

ғанға жүрекжарды лебізін арнады.

Айман Зейнулина,

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, 

С.Торайғыров атындағы ПМУ «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі

С.Торайғыров  атындағы  Пав-

лодар  мемлекеттік  универси-

тетіндегі «Қыз Жібек» клубының 

ұстанымы  үлкенді  сыйла,  сыпа-

йы жүр, əдемі күл, терең ойлан. 

Біз  осы  ұстанымға  берік  қазақ-

тың биязы да парасатты, ақылы-

на  көркі  сай  қыздарын  тəрбие-

леуді мақсат тұтамыз.

Клуб  танымдық  бағытта  қыз-

дарымыздың  салт-дəстүр,  тіл, 

дін, ұлттық киім, ас-мəзірі сынды 

құндылықтарымызды танытатын 

іс-шараларды 

ұйымдастырып 

келеді. Осы тұста студенттердің 

діни  сауаттылығын  арттыруға 

бағытталған  «Білім+»  жобасы 

бойынша  белсенді  жұмыстар 

жасалуда.  Дəстүрлі  дініміздің 

насихатталуы,  қыздарымыздың 

хиджаб  кию  мəселесі  мен  бұ-

рыс  ағымдар  туралы  ақпарат 

беретін  семинарлар,  дөңгелек 

үстелдер  өткізілді.  Ал  тəрбие 

бағыты  бойынша  қыздарымыз-

дың салауатты өмір сүру салтын 

ұстануы,  гендерлік  саясат,  бо-

лашақ  ана  денсаулығының  ма-

ңыздылығы  мен  қыз  тəрбиесіне 

қатысты  дəрістер  мен  кездесу-

лер  өткізуге  мұрындық  болдық. 

Қоғамдық жəне бұқаралық ақпа-

рат құралдары бағыты бойынша 

біздің  белсенділер  теле-радио 

бағдарламаларға  қатысып,  жас 

қыздарымызға  келелі  кеңестері-

нен аянып қалмады. Сондай-ақ, 

клуб  мүшелері  тастанды  бала-

ларға  барып,  қарттар  үйіндегі 

жалғыз  басты  қарияларымызға 

да  қамқорлық  танытты,  қарттар 

үйінде сауалнама жүргіздік.

Нақты тоқталсам, «Ирбис» те-

леарнасында  «Айтарым  бар», 

«Қазақстан – Павлодар» телеар-

насында  «Сырсандық»  бағдар-

ламаларында  жəне  Павлодар 

облыстық  радиосында  клуб  жұ-

мыстарын  айшықтап,  қыздары-

мызға  ұлттық  тəрбие  маңызды-

лығы  мен  оның  бүгінгі  дəуірмен 

үйлесім  табуы  туралы  талай 

əңгімелерді  тарқатып,  бойжет-

кендерімізбен сырлас болдық.

2014 жылдың 24 сəуірінде Қыз 

Жібектің  символына  айналған 

«Қыз  Жібек»  фильміндегі  Қыз 

Жібек аруды сомдаған қазақ кино 

өнерінің жұлдызы, Қазақстанның 

еңбек  сіңірген  əртісі  Меруерт 

Өтекешовамен  клуб  мүшелері 

қыздарымен  кездесу  өтті.  Кез-

десуде  қыздарымыз  қазақ  кино 

өнерінің қыр-сырларынан бөлек, 

Қыз  Жібек  фильмінің  тарихы, 

түсірілім  алаңында  ұшқындағын 

баянды  махаббаты  турасында 

сұрақтарға жауап алды. Кеш өте 

тағылымды да қызықты өтті.

Қазір  «Бұрымды  қыз,  сырғалы 

сұлу» атты жоба бойынша жұмыс 

жасап жатырмыз. Бұл жоба Ұлыс-

тың  ұлы  күнінде  «Ұйқыашарды» 

мерекелеу  барысында  өткізуді 

көздеп  отырған  жайымыз  бар. 

«Бұрымды  қыз,  сырғалы  сұлу» 

байқауы қазақ қыздарының бойы-

на ұлттық тəрбиені, ұлттық салт-

дəстүрлер  мен  қазақи  сананы 

сіңіруге бағытталып отыр.

Біз  бір  жылдық  ғұмырымызда 

қоғамға маңызды істерді атқарып, 

университетіміз  бен  өңірімзде 

болып  жатқан  игі  істердің  басы-

қасында жүрдік, ұлттық салт-дəс-

түрді  насихаттауда  ұйытқы  бол-

дық деп ойлаймыз. Алда да клуб 

мүшелерімен  бірлесе  атқаратын 

шаруалар көп-ақ.

«Қыз  Жібек»  клубының  мү-

шелері  мен  белсенділерін  шын 

жүректен  туған  күндерімен  құт-

тықтаймын.  «Қыз  Жібектен» 

тəлім алып шыққан қыздарымыз 

ертеңгі  күні  бір-бір  шаңырақтың 

отынын  түтетіп,  өнегелі  келін, 

асыл жар, аяулы ана болып, қо-

ғамның белді мүшесі болатыны-

на  сенімдімін.  Қыздарыма  ден-

саулық,  табыс,  шығармашылық 

жетісітктер  мен  жеңісті  сəттер 

тілеймін.



«ҚЫЗ ЖІБЕК» – ҚАЗАҚ КИНО ӨНЕРІНІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Пəк махаббат пен шынайы сезімнің ны-

шаны «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының 

сарқылмас  қазынасы.  Өшпес  мұра  «Қыз 

Жібек»  жырының  желісімен  түсірілген 

Сұлтан  Қожықовтың  «Қыз  Жібек»  көркем 

фильмі  қазақ  киносының  алтын  қорына 

айналды.


1968-1970  жылдары  түсірілген  «Қыз 

Жібек»  көркем  фильмінің  тұсауы  1970 

жылы  Алматы  қаласындағы  «Целин-

ный» кинотеатрында кесілген болатын. 

Бүкілодақтық  тұсау  кесері  1971  жылы 

Мəскеу қаласында өтті.

Фильм сценарийін жазған Ғабит Мүсі-

репов Жібек пен Төлегеннің махабаттын 

ғана  жазып  қоймай,  ел-жұртты  бірлікке 

шақырып,  қазақ  халқының  əдет-ғұрпы 

мен  салт-дəстүрді  көрсетуге  ұмтылған. 

Фильм  музыкасын  саз  сайыпқыраны 

Нұрғиса  Тілендиев  ұлттық  нақышқа 

келтірсе,  əн  өлеңдерін  Қадыр  Мырза 

Əлі жазған.

Жағалбайлы  елінен  шыққан  Төлеген 

(Құман Тастанбеков) жар іздеп, көп қыздың 

арасынан Сырлыбайдың (Кененбай Қожа-

беков) қызы Жібекті (Меруерт Өтекешова) 

ұнатады.  Алайда,  өзара  руға  бөлініп,  екі 

жақ тартыстың салдарынан Төлеген əкесі 

Базарбайдың  (Кəукен  Кенжетаев)  бата-

сынан  аттап  кетіп,  сүйіктісі  Жібектің  елі-

не кетеді. Жібектің елінен шыққан сарбаз 

Бекежан  (Асанəлі  Əшімов)  қос  ғашықтың 

махабатын көре алмай, үш ай Сырлыбай 

елінде болып, өз еліне сапарға шыққан Тө-

легенді өлтіреді. Сүйгенінің қазасын білген 

Жібек Жайық өзеніне батып өледі.

Фильм 1972 жылы Қазақ КСР Мемле-

кеттік сыйлығына ие болды.

Фильм  режиссері  Сұлтан  Қожықов, 

сценарий  авторы  Ғабит  Мүсірепов, 

басты рөлдерді сомдаған актерлер Ме-

руерт  Өтекешова,  Құман  Тастанбеков, 

Асанəлі Əшімов Қазақ КСР Мемлекеттік 

сыйлығын иеленді.

1972 жылы Тбилиси қаласында өткен 

Бүкілодақтық  кинофестивальде  «Үздік 

көркемдік шешім» номинациясы бойын-

ша жеңімпаз аттанды.

Аталған фестивальде Гүлфайруз Ыс-

майылова,  Кененбай  Қожабеков,  Сұл-

тан Қожықов дипломмен марапатталды.

2010 жылдың 27 желтоқсанында «Құ-

лагер» ұлттық кинематографиялық бай-

қауында Асанəлі Əшімов, Меруерт Өте-

кешова,  Құман  Тастанбековке  құрмет 

грамотасы  мен  «Экран  шебері-2010» 

төс белгілері табыс етілді.

Бастысы  –  фильм  қалың  халықтың 

ыстық ықыласы мен үлкен марапатына 

ие болды.

Қызықты мəліметтер

Фильмді  түсіру  жұмыстары  Семей, 

Көкшетау,  Ақтау  өңірлері  мен  Алматы 

облысының  сол  кездегі  Күрті  ауданын-

да,  Жаркент маңында, Іле  өзенінің  жа-

ғалауында жүргізілген.

Басты  кейіпкер  Жібек  рөліне  лайық-

ты  бойжеткенді  табу  мақсатында  1968 

жылы  1  қаңтарда  «Лениншіл  жас» 

(қазіргі таңда «Жас Алаш») газетіне ха-

барландыру жарияланады.

Төлегеннің  ақсауыты  мен  Жібектің 

бүрмелі  көйлегі  бұл  күнде  «Қазақ-

фильм» мұрағатында сақтаулы.

Бішкек  қаласының  хайуанаттар  бағынан 

киноға түсіру үшін арнайы аққулар əкелінген.

Түрлі  себептермен  киноның  500 

метрлік  лентасы  қиылған.  Түпнұсқада 

фильм ұзақтығы 3 сағаттан асады.

Фильмге  сегіз,  он,  он  алты  қанатты 

жалпы саны отыздан асатын киіз үйлер 

арнайы тігілген.

Фильмнің  бас  суретшісі  Гүлфайруз 

Ысмайылова  киноны  көркем  безендіру 

үшін мың жарымнан астам эскиз жаса-

ған екен.



Мəліметтер Массагет 

сайытынан алынған


  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал