Қазақтың қай өңірі де қасиетті, киелі. Аңызақ- та шөлдеп, тілім құрғады демей, текті бабала



жүктеу 79.18 Kb.

Дата28.05.2017
өлшемі79.18 Kb.

Қазақтың қай өңірі де қасиетті, киелі. Аңызақ-

та шөлдеп, тілім құрғады демей, текті бабала-

рымыз құт-мекен санаған  құмы да құдіретті, 

әрбір тасында бір тамаша жылылық бар, туған 

өлкенің иісі балдай, жусаны қандай?! Содан да 

шығар, халқымыздың туған жерден артық 

жұмақ, елден артық тұрақ жоқ деп, кіндігін сол 

даланың бір тал жусанына байлап, дөңгеленген 

дүниенің қай түкпірінде жүрсе де туған топыра-

ғына айналып соға беретіні. Сондай аяулы да 

қасиетті өлке - кіндік қанымыз тамған, бүгінде 

жаңарған, жайнаған Жаңаарқа! Сексен жылдан 

астам тарихы бар осы ауданнан шығып, егемен 

еліміздің болашағы үшін терін төгіп, еңбек етіп 

жүрген азаматтарымыз баршылық. 

Арғы жағын айтсақ Сайдалы Сары Тоқаның, 

қобызшы Ықыластың жері, кезінде еліміздің 

егемендігін аңсап, бабалар дәстүрін берік ұстап, 

сол үшін өмірлерін қиған жерлестеріміз, мемле-

кет және қоғам қайраткерлері Сәкен Сейфул-

лин, Жанайдар Сәдуақасов, Бәкен Серікбаев, 

Шәбден Ералиевтерді дүниеге әкелген қасиетті 

Жаңаарқаның тарихта алатын орны өте ерекше. 

Атыңнан айналайын, ағаларым, 

Сағынсам іздеп барар паналарым. 

Бауырыңа ізіңдегі қарап жүр деп, 

Қалдырған өздеріңді бабаларым, - деп ақын-

дар жыр еткендей, бабаларымыздың 

игілікті дәстүрлерін жалғастырып, 

егемен елімізде еңбекте, білімде, өнер-

де, ғылымда, спортта өз үлестерін 

аямай қосқан, ертерек өмірден озған 

алдағы буын ағаларымызды тәу-

елсіздігіміздің 20 жылдығы аясында 

еске алу жөн секілді. 

Соңғы шамалы жылдардың ішінде 

Жаңаарқа ауданын өздерінің есімде-

рімен төрткүл дүниеге танытқан бірнеше аяулы 

ағаларымыз бен бауырларымыз өмірден кенет-

тен өтіп, көптің қабырғасын қайыстырып кетті. 

Тіршіліктегі ерен еңбегі жұртшылықтың есін-

де қалған, Жаңаарқаның экономикасы мен мәде-

ниетінің, білімінің дамуына өз үлестерін қосқ-

ан «Жеңіс» АҚ-ның президенті болған, «Қазақ-

станның еңбек сіңірген қайраткері» Нұрғали 

Кенжетаев, Социалистік Еңбек Ері, екі мәрте 

Ленин орденінің иегері Ыдырыс Жұмабеков, 

кезіндегі білгір басшы, Еңбек Қызыл Ту ор-

денінің иегері, «Жаңаарқа ауданының құрметті 

азаматы» Қоңырбай Асанов ағаларымыз ерте-

рек фәни жалғанмен қоштасып, бақилық дүни-

ені тұрақ етті. 

Жаңаарқа ән өнерінің бәйтерегі, дәстүрлі әнші 

Игілік Омаров, ұлағатты ұстаз Түркен Кенжеғ-

ұлов, облыстық бірнеше ән байқауларының же-

ңімпазы, әнші Сембі (Қарақойшы) Мұхамедин, 

сүйікті ағамыз Қайрат Байбосыновтың дарын-

ды шәкірттерінің бірі, жас әнші, «Серпер» то-

бының жетекшісі Биғазы Тұтқабековтер сұм 

ажалдың құрығынан құтыла алмады. 

Нарықтың қыспағына қысылмай, дұрыс жо-

лын тауып табысқа кенелген жеке кәсіпкер 

Шәкір Зәрубайұлы да көз жұмды. 

Тәуелсіз еліміздің медицина ғылымының да-

муына өзінің сүбелі үлесін қосқан, өз заманы-

ның озық, біртуар, ойшыл, қайталанбас тұлға-

ларының бірі, бірі емес-ау бірегейі, медицина 

ғылымдарының докторы, академик Ғабдолла 

Құлқыбаев ағамыз еді. Қайырымсыз ажал ол 

кісіні де мезгілсіз құшағына алды. Қазақстан-

ның еңбек сіңірген қайраткері, химия ғылымда-

рының докторы, профессор Болат  Қасенов 

ағамыз: 

«Ғабеке, ерте кеттің, асылаға, 

Тұрушы ең жұрттан бөлек, жеке дара. 

Түскенде еске әркез жарқын бейнең, 

Жүректі шалғандай бір жеке нала, - деп жа-

зғандай, жастайынан өмірге, өнерге, ғылымға 

ғашық болған Ғабекең халқымыздың мақтаны-

шы, елінің сүйіктісіне айналды, тіршілігінде бар-

ша қазаққа үлгі бола білді. Кең пейілді, үлкен-

кішіге ілтипатты, мейірім-шуағы мол, достарға 

деген ықыласы ерекше ағамыз жастарға тәлім-

тәрбие беріп, қаншама ғалымдарды тәрбиеледі. 

Ғабекеңмен кездесе қалғанымда мені жас бала-

дай маңдайымнан иіскеп, «Әкең Төкебайдан 

аумай калғансың. Жасымызда сенің палуан 

әкеңнің иығында Ғазиз бауырымыз екеуіміз оты-

рып өскенбіз. Содан болар, Ғазиз бауырым атақ-

ты палуан болды, мен де құр алақан емеспін» -

деуші еді. Шындығында ертеде «Жиделі» кол-

хозында (қазіргі Ералиев селосы) Әбдіқожа 

әкеміз торағалық еткен жылдары біздер қоржын 

үйде тұрған екенбіз. Сол жылдары мен өмірге 

келіп, содан кейін бір жылдан кейін Ғабекеңнің 

кенже інісі Қазбек дүниеге келіп, бір бесікке 

бөленген екенбіз. 

Ынтымағы жарасқан сол бір қызықты да қиын-

дығы көп болған жылдар туралы құрметті де-

малыстағы Зейнегүл апамыз сағынышпен еске 

алып, айтып отырады. Біздің Ғабекеңдей, өмірде 

өшпестей із қалдырған ағамызбен осындай жа-

қындығымыз болған еді. 

Тағдырдың жазуына не шара! Өмірден біре-

удің ерте, біреудің кеш өтіп жатқанының куә-

гері болып жүрміз. Орны толмас осындай 

өкініштің бірі - таланты да, мінезі де ерекше 

жаратылған, кемел ойлап, кесімді пікір айтатын, 

ұлт мақтанышы, асыл тұлға, белгілі жазушы, 

әдебиет зерттеушісі, сазгер, ҚР Мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты, филология ғылымдары-

ның докторы Ақселеу Сланұлы Сейдімбек 

ағамыздың кенеттен өмірден озуы болды. 

1989 жылдың наурыз айында Жаңаарқа ауда-

нының сол кездегі партия комитетінің бірінші 

хатшысы Секен Әбішевтің тапсырмасы бойын-

ша Жаңаарқа ауданының 60 жылдық торқалы 

тойын жаз айында өткізу мәселелері бойынша 

Алматыға бардым. Ертеңінде Назымбек Мұха-

меджанұлы Боқаев ағамыз екеуіміз таңер-

теңгілік Құрманғазы атындағы консерватория-

ның сол кездегі ректоры, жерлес ағамыз Дүйсен 

Қорабайұлы Қасейіновте болып, түстен кейін 

Жазушылар одағының ғимаратында отырған 

Ақселеу ағаның кабинетіне келдік. Әңгіме ба-

рысында ауданымыздың дүбірлі тойын өткізу 

жайлы барлық жоспарларымызды Ақаңа баян-

дап, шақырылатын қонақтардың тізімін бекіттік. 

Арада өткен 4-5 сағаттың ішінде Ақаң ашық 

тұрған терезеден Алатауға қарап отырып Жаңа-

арқаның, оның халқының басқа жерден ерек-

шелігін айта келіп, өз еліне, аулына деген 

сүйіспеншілігінің шексіз екендігін айтып, тебі-

ренгендігінің куәсі болдым. 

Республика жұртшылығы ардақ тұтатын 

ағамыз өзі қадірлеген алтын ұя, арайлы Жаңаа-

рқа төріндегі «Қарауылтөбеге» келіп мәңгілікке 

орын алды... 

Сонымен қатар таяу арада Қазақстан Журна-

листер одағының мүшесі, танымал ақын, «Жа-

рқалық жастарға ұстаз, тірек болды. Марқұм 

Рахима жеңгеміз әрқашанда дастарханын жай-

ып қарсы алып, ақылын айтып, құрмет жасай-

тын. Биылғы жылдың басында ерте өмірден кет-

кен Бақтығали бауырымыз көз алдымызда ер-

келеп өскенеді... 

Ал Танау Нығызбаев ағамыз маған мектепте 

физика пәнінен сабақ берді. Тәкең өз пәнін өте 

жақсы меңгерген білімді ұстаз, ортасына өте 

сыйлы жан еді. Тәкеңді Қарағанды педагогика-

лық институтының физика-математика факуль-

тетін бітірген 60-жылдардың орта кезінде Са-

ран  қаласындағы педагогикалық училищеге 

жіберген екен. Бірақта ауылға барып, ауылдың 

білімін, спортын көтеруді мақсат тұтқан Тәкең 

Саранға бармай, Түгіскеннен бір-ақ шығыпты. 

Ол жайында ағамыз ерекше бір толғаныспен 

айтатын. Кезінде еркін күрестен  Қазақстан 

Ұлттық  құрамасында Аманжол Бұғыбаев, 

Жәкен Тәтиевтермен бірге күрескен Танау 

ағамыз институттан соң ауыл спортын дамытуға 

ат салысты. Соның нәтижесі болар, өзі дирек-

торлық қызметте болған Түгіскен, Ералиев се-

лолық округтерінде Тәкеңнің соңынан топты 

жарып, лек-легімен палуандар Құрал Әбілдин, 

марқұм Марал Шубаев, Ділдәш Рахымтаев, Бал-

таш Тапанов, Қалкен Әбенов, Мұрат Майауы-

Өмір - мәңгілік ұйқының алдындағы аз ғана 

серуен дегендей, алдамшы мына бір өмірді өз 

дәрежесінде маңызды өткізгенге не жетсін?! 

Осыны білсе де, түсінбейтін адамдар қаншама? 

Әрине, өкінішсіз өмір болмайды. Оған да 

көнесің. Аталған асыл ағалар аман болса әлі де 

бірқатар игілікті істер атқаратын еді. Амал не, 

бәрі бір алланың қолында, дегенмен өкініш ізі 

өшпейді екен... 

... Олар ағайында бесеу еді. Сайран әке мен 

Райхандай ананың бауырынан өрбіген осы 

ұлдардың алғашқы үшеуі - Қанат, Талғат, Жа-

нат Байшолақовтар кешегі КСРО-дай алып им-

перияда самбоның өз алдарына бір шоғыр 

жұлдыздары атанды. Күреске кейінірек түскен 

Жасұлан мен Жандос та ағаларының артынан 

самбо күресінен спорт шеберлері атанды. Өлім 

- қапыл, ажал - болжаусыз. Дей тұрсақ та өмір 

соқпағын енді ғана сомдап, Қазақстан спортын 

дүниежүзіне танытып жүрген, самбо күресінен 

екі дүркін әлем чемпионы, Еуропа чемпионы, 

дзю-до күресінен Қазақстан Ұлттық құрама ко-

мандасының аға жаттықтырушысы Қанат Сай-

ранұлы Байшолақов ердің жасы елуге жетпей 

бақилық болды. 

Ер көңіл Қанат бауырыммен 1982 жылдың 

күзіне қарай таныстым. Бұрынғы К.Маркс атын-

дағы совхоздың комсомол комитетінің 

хатшысы қызметінде жүргенмін. Бір 

күні аудандық комсомол комитетінің 

бірінші хатшысы Батырхан Жанатов 

телефон шалып, ауылымызға самбо-

дан қазақ жастары арасынан шыққан 

тұңғыш әлем чемпионы, жерлесіміз 

Қанат Байшолақовты алып ке-

летіндігін айтты. Онда Қанаттың Жам-

был мелиоративтік институтында 

оқып жүрген кезі еді. Қуанышымызда шек бол-

мады. 


Ертеңіне Қанат бауырымыз бастаған қонақ-

тарды жолдан тосып алып, ән-жырмен қарсы 

алып, Толағай және Көнек тауларының биігіне 

шығардық. Кешке қарай Аралтөбе елді мекені-

ндегі Қанаттың жездесі, мал дәрігері Жаманқа-

ра Қоңыров пен апасы Раушанның үйіне апар-

дық. Бұл сапарында Қанат Сайранұлы мен Ба-

тырхан Жанатов біздің ауылда екі күнге жуық 

болды. Уақыттың аздығына қарамай ауыл жас-

тарының әлем чемпионы Қанатпен кездесуін 

өткізіп, артынан салтанатпен шығарып салдық. 

Міне, сол сәттен бастап біздің ағалық-інілік 

қимас достығымыз басталды. 

Өмірден өтерден екі айдай бұрын Қанат бау-

ырыммен Қазыбай Тәттімбеков үшеуіміз Қара-

ғанды қаласында кездесіп, бірге дем алдық, біраз 

сырластық, ән айттық. Сонда Қанат жоғарыдағы 

Ералиев ауылында болған кездерін қайта-қайта 

еске түсіріп, алла жазса биылғы жылы жазда 

сол Толағай, Көнек тауларының басына шығып, 

бір демалыс жасап, Ілия Жақанов ағамыздың 

Толағай әнін шырқап қайтсақ деген өтінішін 

білдірген еді. Өмірден ерте кеткен жездесі Жа-

манқара мен тәтесі Раушанды да еске алып, 

мұңайған сәті есімде... Қанаттың ол ұсынысын 

қабыл алып, жаз айында бір кездесуді жоспар-

лаған едік. Бірақта тойымсыз ажал оған жеткі-

збей, асыл азамат, ардакты жан, аяулы әке Қанат 

Сайранұлын арамыздан бір-ақ күнде алып кетті. 

Амал қанша, «Жазмыштан озмыш жоқ» деген 

осы екен. Қайғыдан қабырғамыз қайыса оты-

рып, ініміздің аққан жұлдыздай қысқа ғұмырын-

да атқарған істерін әрі қарай балалары мен бау-

ырлары жалғастырсын деп ниетімізді білдірдік. 

Ең бастысы, Қанат бауырымыз артында сонар-

лы із, өшпес өнеге қалдырды, қаншама ізбасар 

талантты спортшылар дайындап шығарды. 

Осы қазаның аддында ғана ағайынды Байшо-

лақовтарды күреске тартып, жоғары биіктерге 

көтерілуіне дем берген белгілі күрес бапкері, 

қазақ халқының мақтанышы, Еңбек Қызыл Ту 

орденінің иегері, Қазақстан Республикасына 

еңбегі сіңген жаттықтырушы Диқанбай Дүржа-

нұлы Биткөзов ағамыз да Марал жеңгемізбен 

мәңгілікке қоштасқан еді. Осындай қиыншылық 

сәттер басына түскен Диқанбай ағаға денсаулық 

тілей келе, қимастарыңыздың жаны жәннатта 

болсын дейміз. 

Қанат інім, жатқан жерің жарық, топырағың 

торқа болып, пейіште нұрың шалқысын дей оты-

ра: 

Ардақтайтын маған  Қанат бауыр ең, 

Жаратылдың тумысыңда көңілің кең. 

Ажал арсыз алып кетті-ау тым ерте, 

Мәңгілік боп жүрегімде қалдың сен, - деген 

жыр жолдарын арнаймын. 

Сайып келгенде, өмірден өткендерді еске алу, 

оларға  құрмет жасап, тағзым ету тірілердің 

міндеті деп есептеймін. Бұл мақаланы қолға ал-

ғандағы негізгі мақсат - мезгілсіз өмірден өткен, 

алдымыздағы ақыл беретін асыл ағаларымыз 

бен артымыздан жарық жұлдыздай жайнап шы-

ғып, қапияда өшкен, жоғарыда аталған азамат-

тарымыздың аруағына тағзым етіп, еске алу 

болды. Ақын Кәкімбек Салықов ағамыз: 

«Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы, 

Біреу ерте, біреу кеш бір  құлайды», - деп 

жырлағандай, бақи дүниелік болған ардақгыла-

рымыздың қабірлері нұрға толып, имандары 

өздеріне серік болсын демекпіз. Елге келсек, 

қуанышқа келуге жазсын, ағайын! 

Есенғали ТӨКЕБАЙҰЛЫ, 

Қазақстан Журналистер 

одағыныц мүшесі 

ңаарқа» аудандық газетінің бұрынғы редакто-

ры, елі сыйлаған Қалиакпар Көшекұлы Әбілдин 

жездеміз де бақилық болды. Кең пейілді, мейірімі 

мол Қалақаңмен бірге қызметтес болған жыл-

дар ешқашан да ұмытылмайды. Соңғы жылда-

ры осындай асылдарынан айрылған ауданымыз-

дың тұрғындарының бүгінгі күні иіні түсіп 

тұрғандай көрінеді маған. 

Ғылым - білім - мәдениет және спорт әрқа-

шанда егіз. Қасиетті Жаңаарқа елімізге талант-

ты спортшы, палуандарымен танымал екендігі 

баршаға аян. Осы аз уақыт ішінде тәуелсіз 

еліміздің мақтанышы болған төрт палуанымыз 

өмірден қас-қағым сәтте кенетген өмірден өтіп, 

қош айтыстық. Өткен 2010 жылдың соңғы ай-

ларында Самбо күресінен қазақ жастарының 

арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері, 

белгілі палуан, КСРО кәсіптік-техникалық білім 

беру саласының үздігі, Жаңаарқада ұлттық ат 

спортының «Сайыс» атты жаңа түрін өмірге 

келтіріп, оқу құралын жазып, насихаттаушы 

Дүйсенбай Бөкенаев пен сүйікті апамыз, ардақ-

ты ана Көкетайтегі Ғайни Әбілдақызы жол апа-

тынан қайтыс болды. 

Арада бірнеше күннен кейін Ш.Ералиев се-

лосының тумасы, біртуар азамат, ұлағатты ұстаз, 

еркін күрестен Жаңаарқа ауданынан шыққан 

тұңғыш КСРО спорт шебері, бірнеше мәрте 

КСРО және Қазақстан чемпионы болған Танау 

(Жақсыкүн) Нығызбаев та 70-тен жаңа асқан 

шағында дүниеден өтті. 

Ағайын-туыстарына, бауырларына пана, сая 

бола білген Дүйсекең мен Танау нағашымыздың 

достығын ерте кезден білетінмін. 1971 жылдың 

қыркүйек айының соңғы күндері Түгіскен се-

лосының орта мектебінің 10-сыныбында оқып 

жүргенмін. Сыныптас досым, марқұм Қоразбай 

Кемалов келіп, кешке физика пәнінің мұғалімі 

Танау Нығызбаевтың үйіне келген қонақтарды 

қарсы алуға баратындығымызды айтты. Кешке 

жақын Танау мұғалімнің үйіне келсек, кеш 

қонағы өзіміз сырттай естіп жүрген «Самбо» 

күресінен спорт шебері, ол кезде №178 Жаңаа-

рқа кәсіптік-техникалық училищесі филиалы-

ның директоры Дүйсенбай Бөкенаев ағамыз 

екен. Сол түні Дүйсекеңмен бірге әйгілі әнші-

ұстазым Игілік Омаров, менің ағам Болат Рама-

занов, Мәрлен Асқаров, ұстазымыз Жақсытай 

Әлиев, Наурызбай Жалмахановтар болды. 

Қонақтың құрметіне түнімен ән айтылып, дас-

тархан жайылды. Игілік ұстазымыздың сондағы 

шырқаған әсем әні, әдемі майда үні әлі құлағым-

нан кетпейді. 

Ертеңінде Түгіскен орта мектебінде №178 

кәсіптік-техникалық училишесінің филиалы 

ашылып, онда оқушыпардан «Тракторист-маши-

нист» мамандығын дайындайтындығын хабар-

лады. Біз сол курсқа жазылып, мектеп бітірген-

де «Тракторист-машинист» куәлігін Д.Бөкена-

ев ағамыздың қолынан алдық. 

Одан кейін мен 1983 жылы Жаңаарқа аудан-

дық партия комитетіне қызметке келгеннен бас-

тап Дүйсекең мен Ғайни апайымыздың отбасы-

мен тікелей араластық. Үлкендері Ардақ тұрмы-

сқа шыққанда, ұлдары Азат пен Әділет үйлен-

генде тойларын бірге өткіздік. Ғайнекеннің кіші 

інісі Кенжеғалимен Қарағанды мемлекеттік уни-

верситетінде бірге оқыдық. Үлкен бауыры Ша-

һизада Әбілдин ағамызбен бен Рая жеңгеміздің 

үйіне жұбайым Гүлнәрды алғашқы рет келін етіп 

түсірдім. Дүйсекең мен тәтеміз біздің барлық 

қуанышымыздың басы-қасында болды. 

Ғайни тәтеміздің туған ағасы, «Ғасыр адамы», 

профессор, физика-математика ғылымдарының 

докторы Темірғаи Көкетаев Қарағанды мемле-

кеттік университетінде оқыған көптеген жаңаа-

зовтар шықты. Міне, мұның бәрі ұстаз еңбегі 

екені сөзсіз. 

Өзінің саналы ғұмырында Бақытжандай асыл 

жеңгемізбен отау құрып, ұрпақ өсіріп, немере-

лер сүйді. 



Тағдыр шіркін неге сонша тым қатты, 

Тіршілік жоқ мәңгі бақи тұрақты. 

Өмірден өтіп Тәкең, Ғайни, Дүйсекең, 

Бәрімізді еріксізден жылатты. 

Жастайынан еңбекпенен тел өскен, 

Бағы жанып, маңдайынан жел ескен. 

Дер кезінде таң қалдырып Одақты 

Ағалардың даңқы шыққан күреспен. 

Ұстаздықты таңдап алды қос палуан, 

Бар білгенін аямаған жастардан. 

Ұзақ жылдан еңбек етіп халқына, 

Үлес қосты нарыққа да жаңадан. 

Көкіректе жазылмастай арман бар... 

Аман болсын артындағы балалар. 

Дүниеден өтті ағып жұлдыздай 

Ғайни тәте, Дүйсекең, Тәкең тарландар. 

Халқың келді қоштасуға жиылып, 

Ыстық жасын төгіп көзден, күйініп. 

Бір алланың шапағаты тисін деп, 

Мен де жүрмін рухтарына бас иіп. 

Осы жылы ғана өмірден озған ағаларымыз-

дың ішінде Әбдіахмет Ижанұлы Қалжановтың 

есімі мен үшін бір төбе. «Әбдеш» деп халқы 

құрмет тұтқан Әбекең алыс-жақын шет елге есімі 

танылған спорт ардагері еді. Самбо күресінен 

Өзбекстанның,  Қырғызстанның чемпионы, 

КСРО чемпионатының жүлдегері, КСРО спорт 

шебері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, 

«Кәсіптік білім беру ісінің үздігі», өмірінің соңғы 

күндеріне дейін Жаңаарқа балалар мен жасөсп-

ірімдер спорт мектебінің директорлығы қыз-

метін атқарды. 

Менің Әбекеңмен етене таныстығым 1983-

1984 жылдары қазіргі Астана, бұрынғы Цели-

ноград қаласында басталды. Сол жылдардағы 

аудандық комсомол комитетінің екінші хатшы-

сы Серікбай Исатайұлы Жәркешов екеуіміз 

Целиноград ауыл шаруашылығы институтының 

экономика факультетіне сырттай оқуға түстік. 

Орта мектепте бір сыныпта оқып, Қарағанды 

мемлекеттік университетінде бір факультетте 

білім алған Секең екеуіміздің тағы да бір қалада 

сырттай оқуымыз жақсы бір кезең болды. Се-

кең мен Әбекең бір ауылдан, жерлес, өте сыйлас 

аға мен іні еді. Әбекеңді маған етене таныстыр-

ған Серікбай досым болды. Сол кезде Әбе-

кеңнің аталған институттың зоотехникалық фа-

культетінде сырттай соңғы курсында, ал Серік 

Оспановтың архитектура институтында оқып 

жүрген кезі болатын. Біздер бір мезгілде Це-

линградта сессияда кездесіп қалдық. 

Бір күні Әбекең Серік Оспанов екеуімізді сол 

кездегі ауылшаруашылық институтының дека-

ны, досы М.Әбеуовтің үйіне қонаққа алып бар-

ды. Әнші Серік Оспанов бауырымыз екеуіміз 

түннің бір мезгіліне дейін кезектесіп ән салдық. 

Сонда Әбекең мархабаттанып, «менің інілерімнің 

әні мәңгілік шарықтайды» деген еді. Соның 

шапағаты тиген болар, Серік «Қазақстанның 

еңбек сіңірген артисі» атанды. 

Әбекең сегіз қырлы, бір сырлы абзал жан еді. 

Аңшылығын ел білетін, дос, ағайын-туысқа де-

ген адал ниеті, ақ пейілі үнемі жарқын болатын. 

Жеңгеміз өмірден ерте кетіп, өкініш бойлап 

жүргенде өзі де мезгілсіз ол дүниелік болып 



кетті. 

Жаңаарқа. - 2011. - 12 наурыз (№ 12). - 5 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал