Қазақстанның стратегиялық жоспары өзгерді иә, тура он жылдан кейін Ресей өз жеріндегі



жүктеу 0.68 Mb.

бет1/6
Дата12.03.2017
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ӨЗГЕРДІ

Иә, тура он жылдан кейін Ресей өз жеріндегі 

«Восточный» атты жаңа ғарыш айлағының құрылысын 

толығымен аяқтайды. Биыл осы ауқымды жоба үшін 

Амур облысында жер бөлініп, Углегорск деген жабық 

қаланың маңайында зымыран ұшыру кешенінің құ ры-

лысы басталды. 2015 жылы бұл жерден алғашқы пи-

лот сыз зымыран тасығышын, ал үш жылдан кейін ға-

рыш қа адам ұшыру жоспарланып отыр. Демек, бүгінде 

орыстар бар күш-жігерін «Восточный» ғарыш айлағына 

салып жатыр деген сөз. Енді олар үшін Байқоңырдың 

техникалық жағдайын дамыту тиімсіз болуы мүмкін. 

Сол себепті еліміздің Ұлттық ғарыш агенттігі биыл 2011 

– 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарға 

өзгерістер енгізіп, Байқоңырға бөлінетін бюджет қар-

жы сын көбейтті. Мәселен, Ресейдің жалдау құзыретінен 

шы ғарылған нысандарды сақтауға биылдың өзінде 

78,4 млн теңге бөлінсе, келесі жылы бұл қаражаттың 

көлемі 104,5 млн-ға артады. Ал байланыс және хабар 

тарату ғарыш аппараттарын басқару саласына бөлінетін 

бюджет қаржысы үш есе артады: 2011 жылы «Байланыс 

және тарату аппараттарының басқаруын қамтамасыз 

ету» бағдарламасы аясында 1,3 млрд теңге жұмсалса, 

2014 жылда оған 2,9 млрд теңге бөлінеді. Осылайша, 

Қа зақстан «Байқоңыр» ғарыш айлағына ақша салып, 

оның техникалық жағдайын сақтап қалуға тырысады. 

Ал Ресей біртіндеп «Восточныйға» көшіп кетсе, таңғал-

ма ңыз. Дегенмен «жаңа ғарыш айлағының басты мақ-

са ты – Байқоңырдың орнын алмастыру емес, оның 

жүк  темесін төмендету» дейді ресейлік мамандар. Се-

бебі бүгінде Байқоңыр зымыран тасығыштарды ұшы ру 

жағынан әлемдегі 30 ғарыш айлағы ішінен бірінші 

орын ға  шықты.

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Жалғасы 2-бетте 

ДАБЫЛ!


Қатты дауылдан біраз дүние зардап шеккен. Оның 

ішінде адамдар да бар. Төтенше жағдайлар министр-

лі гінің берген дерегіне сүйенсек, дауыл «Өркен» ық-

шамауданындағы бес қабатты екі үйдің шатырын жұ-

лып әкеткен. Сонымен қатар №18, №19 көпқабатты 

үй дің, «Өзенмұнайгаз» компаниясына тиесілі екі ғима-

рат тың, №1, 6, 10, 20 орта мектептердің, Тұрма-

ғанбетұлы атындағы Мұнай және газ колледжінің және 

үш сауда нысанының шатыры қирап, үш жеңіл авто кө-

лік бүлінген. Ал №6 лицейдің спортзалы суға кетіпті. 

Жаңаөзен әкімдігіне зардап шеккен нысандардың 

иелерінен 66 өтініш келіп түскен. 

Толассыз жауған нөсерден «Шұғыла», «Самал», 

«Көк тем», «Өркен» ықшамаудандары жарықсыз қал-

ған. Ал «Ақсу» ықшамауданында 11 жасар баланы тоқ 

соққан.


Бұдан басқа, Ақтаудан 74 шақырым жердегі 14- 

разъ 


ез 

де теміржол желілері су астында қалыпты. 

Соған байланысты №037 «Маңғыстау – Астана» жо-

лау  шы лар пойызы – 2 сағат 10 минут №313 «Маң-

ғыс тау – Атырау» пойызы 3 сағат 13 минут кідірді.

Төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрыл-

ды. Төтенше жағдайды жоюға жергілікті атқарушы ор-

ган ның 64 қызметкері мен 45 техника жұмылдырылды. 



Салтан СӘКЕН, 

Астана

Жаңаөзенде төтенше 

жағдай болды

ОЙ-КӨКПАР



Еңбек адамының құқығы толыққанды қорғалуы үшін кәсіподақ ұйымдарының орталық кеңесі тәрізді құзырлы орган құру қажет пе?

Қазақтілді көрерменнің құқығы 

бұзылып тұр

БАСҚА ЕЛДЕ ҚАЛАЙ?

Алысқа ұзамай-ақ тіл үшін жан 

алысып, жан берісіп, төбелесуге бар 

Украинананың астанасы Киев қала-

сын да әлемдік прокаттағы шетелдің 

кез келген киносы тек қана жергілікті 

тілге аударылып беріледі екен. Тіпті 

кинотеатрдың кіреберісіндегі кино 

туралы ақпарат ілінген тақтайшалар 

мен брошюралардың өзінде «шетел-

дің шедеврі» украин тілінде сөй лей-

ді. Мейлі өзге жұрт тілін түсінбегені 

үшін кинотеатрға барып, шетелдің 

киносын көрмей-ақ қойсын, алайда 

туған тілдерінің жетімсіремеуі үшін 

бәріне даяр украиндіктерден қалай 

айналмассың?! Жанталасып өзбек 

тіліндегі кинолар қатарын көбейтіп, 

кинотеатрларындағы олардың 

үлесін де арттырып қана қоймай, өз 

тілінде өзгелердің экранына ұсынып 

жатқан өзбектерге қалай сүйсін бес-

сің?! Тілге деген құрметтің бәрінен 

жо ғары тұруы кім кім үшін де үлгі 

екені сөзсіз.

Жазғы демалысқа кетер алдында бір топ Мәжіліс 

депутаттары еліміздің Премьер-министрі мен Бас 

прокурорының атына депутаттық сауал жолдады. Бұл жолы 

еліміздің кинотеатрларының «қазақ тіліндегі фильмдерге 

сұраныс жоқ» деген пікір қалыптастыруға себепші болып 

отыруы депутаттардың шамына тисе керек. Рас, кез келген 

жерде шетқақпай көріп, етектен орын тиіп жүрген ана тіліміз 

кинокөрсетілім саласында да «есіктен сығалауға мәжбүр» 

болып отыр. Баз бір елдер шетелдің дүниесін өз еліне әкеліп, 

ана тілдеріне аударып беруге тырысып жүрсе, еліміздегі 

кинотеатрлардың өз жерімізде өз ана тілімізде түсірілген 

киноның көрерменге орыс тіліндегі нұсқасын ұсынып, 

тіпті киноны көрермендердің көруіне ыңғайсыз уақытқа 

орналастыруға тырыспауы тілге деген қастық емей немене?!

Мамандардың бағалауы 

бойынша, «Байқоңыр» ғарыш 

айлағының технологиялық 

құрал-жабдықтарының 

табиғи және моральдық 

тозуының қалған мерзiмi 

шамамен тағы да 10 жылды 

құрайды. Оның Ресей 

аумағындағы «Восточный» 

ғарыш айлағы құрылысының 

белгiленген мерзiмiне сәйкес 

келуi кездейсоқ емес. Ендеше, 

Ресей қанша жерден «біз 

Байқоңырдан кетпейміз» деп 

мәлімдеп жатса да, ғарыш 

айлағын түбінде өзіміз 

игеруге (басқаруға) дайын 

болғанымыз жөн сияқты.

МӘСЕЛЕ


Жалғасы 2-бетте 

Арман АСҚАР

Алматы


+23..  +26

о

+16..  +19



о

+30..  +34

о

+21..  +24



о

Астана


АҢДАТПА

ЭКОНОМИКА АЙНАСЫ

ИƏ

ЖОҚ

– Қазір бізде Қазақстан кәсіп тік 

одақтар федерациясы құрыл ған. 

Бірақ ол ештеме шеше ал май ды, 

еңбек адамының құқын қор ғай 

алмай отыр. Егер кәсіп одақ фе-

дерациясы еңбек адамы 

ның 


құқын қорғай алмаса, жәр демақы 

алып бере алмаса, жұ  мысшысы 

ауырып қалған жағ дайда санато-

рийлерге жібере алма са, онда ол 

несіне кәсіподақ фе 

дерациясы 

болып отыр? Сон дықтан халықтың 

қамын ойлай ал майтын мұндай 

федерацияны таратып, тікелей 

Президентке не 

месе Үкіметке 

бағынатындай құ 

зырлы орган 

құруымыз қажет. Олар ешқандай 

кәсіпорынға тә уел ді болмай, тек 

Елбасының тап сырмасымен өзін-

ше дамуы тиіс.  

– Бізде онсыз да еңбек ада мының 

құқығын қорғайтын Еңбек және ха-

лық ты әлеуметтік қорғау министрлігін-

де арнайы комитет бар. Аталмыш 

министр ліктің өзі осы мәселемен ай  -

на   лысып отыр. Оның үстіне, бізде Қа-

зақстан кә сіп тік одақтар федерация сы 

құ рыл ған. Енді оған тағы да кәсіп одақ 

ұйым да рының  құзырлы  ор ганын  құру-

дың қажеті не? Қос-қос тап құ зыр лы 

орган аша бер ген нен гөрі, кеңес үкіме-

тінен бері келе жат 

қан кәсіподақ 

ұйым  да рына  қа тысты    заңға  өзгеріс-

тер мен то 

лық 

тырулар енгізгеніміз 



дұрыс деп есептеймін. Бұл ретте Елба-

сы ның айтқаны өте орынды, біз кә-

сіподақтар  институтын  жаңғыр туы  мыз 

керек. Қа зақстан кәсіптік одақтар фе-

дерация 

сына заңдық тұрғыдан 

құзырет берге німіз жөн. 

дедім-ай, ау!

Мырзағалидың 

«мазасыз» 

жігіттері-ай...



-бетте

-бетте

-бетте

4

5



7

ДАТ!

Мал шаруашылығына 

нағыз кәсіби 

көзқарас керек



149,95

183,00

23,51

12777,09

997,84

1591,60

4,59

1,21

1369,45

102,71

ДОЛЛАР


ЕВРО

РУБЛЬ


ЮАНЬ

EUR/USD


DJIA

KASE


RTSI

BRENT


GOLD

(ICE)

(NYMEX)

с

с



с

с

Айдос САРЫМ, 



саясаттанушы: 

– Шенеуніктердің үш түрі бар: 

жырт 

қыштар, қыртқыштар және 



құрт  қыштар.

(http://www.facebook.com/ 

парақшасынан) 

Астана уақытымен сағат 18:00 бойынша

Байқоңыр – бізге бақ анық, 

басқара алсақ, жарадық

Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, 

қоғам қайраткері:

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ,

 Мәжіліс депутаты:

-бетте

3

Бізде еңбек қатынастары төңірегінде әлі де түйткілдер бар. 



Жұмысшы мен жұмыс беруші, жалдаушы мен жалдамашының 

арасындағы түсінбестік, кикілжің қоғамда ара-тұра болса да 

бой көрсетіп тұрады. Жұмысшылардың үш-төрт айлап жалақы 

ала алмай жүретін кездері де кезігуде. Енді мұны ретке 

келтіру үшін не істеу керек? Оның үстіне, қазір 

кәсіпорынның ішінен құрылған кәсіподақтар кәсіпорын 

басшысына тәуелді болып қалды. Олар еңбек 

адамдарының құқын қорғай алмай отыр. Ал еліміздің 

кәсіподақтар федерациясының құзыреті шектеулі. 

Осы ретте кейбір мамандар мұны жетілдіру үшін 

бұрынғы кеңес үкіметі кезіндегідей, кәсіподақ 

ұйымдарының орталық кеңесі секілді құзырлы 

орган құру қажеттігін айтуда. Шынында да, 

бізге осындай орган керек пе? Алайда бұған 

қарсы пікір айтушылар да табылды. 

бетте

6

Жексенбі күні Жаңаөзен қаласынан 



төтенше жағдайдың дабылы қағылды. Бір 

жарым сағат бойы соққан сұрапыл дауыл мен 

шелектеп құйған нөсер жауын жұртты біраз 

әбігерге салыпты. Бұл жағдайда жаңаөзендік-

тердің жанынан табылайын деген төтенше 

жағдайлар министрі Владимир Божко «Қаз-

әуе құтқарудың» «Ан-30» ұшағына отырып, 

Маңғыстау облысы  Жаңаөзен қаласына 

аттанды. Сонымен қатар төтенше жағ дайды 

жою үшін Атырау қаласынан «Ми-171» 

ұшағымен Батыс аймақтық аэромо бильді 

жедел құтқару отряды да жетіпті. 

№123 (805) 

17 шілде, сейсенбі

2012 жыл


       БІЗДІҢ ОЛИМПИАДАШЫЛАР

Жалғасы 7-бетте 

Гимнастиканың 

қас шеберлері

Лондон Олим пиадасында үш гимнасшымыз өнер 

көрсетеді. Оның екеуі спорттық гимнас ти каның өкілі 

болса, үшіншісі – көркем гимнасти каның қас сұлуы. 

Әлбетте, үшеуінен де жақсы нәтиже күтеміз. Деген-

мен Алябьеваға артып отырған үмітіміз айрықша.

Төлеген ИБРАЕВ:

Абай ОМАРОВ (коллаж)



Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

қазіргі қазақ киносы осы биікке көтеріле алды ма?

«КИНО – ҰЛТТЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ» 

«КИНО – ҰЛТТЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ» 

ГЕНЕТИКА:  

аза ты   гендік инженериясы  

жа ашылды тан кенде емес

ГЕ

ГЕ



аза ты ген

аза ты генді



№123 (805) 

17.07.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Қазақстанда бұрын шығарылмаған 

106 өнім игерілді

Еліміздегі Үдемелі индустриялық-инновациялық даму 

бағдарламасының нәтижелері қандай? Қанша жаңа өндіріс орындары 

ашылды? 

Алмас Ардақжанов, Алматы облысы

Индустрияландыру бағдарламасы 

іске асырыла бастаған 2,5 жылдың ішін-

де елімізде 443 жаңа өндіріс ашылып, 

солардың арқасында экономиканың 

құры лымы өзгере бастады. Қазақстанда 

бұрын өндірілмеген жаңа өнімдер шыға-

рылуда, Индустрияландыру картасының 

443 өндірісі жұмыс істеп жатыр. Жаңа 

индустрияландыру үрдісі өнеркәсіптің 

базалық салаларының өсуіне жағдай жа-

сады. Атап айтқанда, машина жасау 

сала сында жалпы қосымша құны 169,4 

пайызды құрады, өндіріс көлемі 300 

млрд теңгеден 500 млрд теңгеге дейін 

ұлғайды. Ал химия саласында өндіріс 

көлемі 1/3 өсті, жоғары үлесті өнімдердің 

экспорты 2010 жылғы деңгейден 2 есеге 

артты. Құрылыс индустриясында жалпы 

қосымша құны 160 пайыздан асты, 

жоға ры технологиялық өнімдердің экс-

порты 58 пайызға артты. Оған қоса, 

өңдеу өнеркәсібіндегі шикізаттық емес 

экспорттың үлесі 2015 жылға жоспар-

лан ған көрсеткіштен асып, 70 пайыздан 

Еліміздегі Индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың қаншасы 

іске қосылып үлгерді?

Берік, Алматы облысы

Елдегі индустрияландыру нәтижелері қандай?

НАРЫҚ

Индустрияландыру картасына енгізілген 



жобалардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 1,18 

пайызды құрады. Бұл туралы Индустрия 

және жаңа технологиялар министрі Әсет 

Исеке шев мәлімдеген болатын. Оның ай-

туынша, өнер кәсіптің жалпы көлеміндегі 

шы ға рылған тауарлар мен қызметтерінің 

үлесі 7,3 пайызды құраса, оның ішінде 

өңдеу ші өнеркәсіптегі үлес 12,8 пайызға 

жеткен. 

150 жоба 70 пайыздан астам қуаттылық 

деңгейіне көтерілді. Жалпы, жобаларды іс-

ке қосу кезеңінен бастап, оның жобалық 

қуат тылыққа шығу кезеңі белгілі бір уақыт-

ты талап етеді. Индустрияландыру картасы 

шең берінде Қазақстанда бұрын шығарыл-

маған 106 өнім игерілген. Бұлар дың ара-

сында газ айдау агрегаттарына арналған 

турбиналық және компрес сорлық қалақ-

шалар, металл-пластикалық құбыр 

лар, 


ұшақ тарға арналған синтети калық жуу құ-

рал дары және басқалары бар.

ТҮЙТКІЛ

Байқоңыр – бізге бақ анық,

басқара алсақ, жарадық

Роскосмостың бұрынғы басшысы Ана-

толий Перминовтің сөзіне сенсек, «Вос-

точный» ғарыш айлағы Байқоңырды ал-

мастырмайды. «Ресей Президенті Влади-

мир Путиннің жаңа ғарыш айлағын құру 

жөніндегі шешімі Байқоңырды жалға алу 

мерзімін уақытынан бұрын тоқтатуға се-

беп бола алмайды. Аталған халық ара лық 

келісім 2050 жылға дейін ұзартылған бо-

латын. Біз оны бұзбаймыз», – деп атап 

көрсеткен еді А.Перминов мырза қазақ-

стандық БАҚ өкілдеріне берген бір сұх-

батында. Ал енді бір жағынан қарасақ, 

2050 жылға дейін Байқоңырды жалға алу 

орыстар үшін тиімді деп айта алмаймыз. 

Бүгінде Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағын 

жалға алғаны үшiн – 115 млн АҚШ дол-

ларын, ал ондағы нысандарды ұстап 

тұрғаны үшін жыл сайын 100 млн доллар 

төлеп тұра ды.1994-2010 жылдар ара-

лығында Бай қоңырдан ел бюджетiне 1,9 

млрд доллардан астам қаржы түскен. Ал 

жаңа «Восточный» ғарыш айлағының құ-

ры лысы шамамен 9 млрд долларға баға-

ланып отыр. Демек, 2050 жылға дейін 

Ресей тағы 4 млрд долларға шығындалуы 

тиіс. Бұл – «Восточныйға» бөлінетін қар-

жының жартысы.

Олег АХМЕТОВ,

 

ғарыш саласының сарапшы-маманы:



– Бүгінгі таңда Ресейді жайлаған сы-

байлас жемқорлықтың ауқымын еске-

ретін болсақ, ол жерде аз уақыттың ішін-

де жаңа ғарыш айлағы салынады деп 

айта алмаймын. Біздің жағдаймыз да 

оңып тұрған жоқ. Дегенмен Ресейде 

жем қорлықтың деңгейі тым жоғары бо-

лып тұр. Сондықтан болашақта Бай-

ОЙТОЛҒАҚ


Бақша өнімдері басым болмай

баға тұрақтамайды

Бұл үрдістен Тәуелсіздік алғаннан бергі 

20 жылда толығымен құтылдық деп тағы 

айта алмаймыз. Алматының апорты жо-

йылуға жақын. Керісінше Қытай мен Поль-

шаның құдайы беріп тұр. Атасы афри-

калық банан мен кивиге көз аларт пай-ақ 

қояйық. Дегенмен картоп пен пиязды – 

башқұрттан, қарбыз-қауын, қияр-қыза-

нақ ты өзбектен алғанымыз қалай? Биылғы 

жылдың алғашқы үш айының өзінде ҚХР-

дан әкелінген көкөніс өнімінің жалпы 

сомасы 12 млн АҚШ долларын құраған. 

«Кісідегінің кілті – аспанда» емес пе? Қыс 

пен көктемде шарықтап өскен баға – со-

ның дәлелі. Бағамен күрестің нәти жесіздігі 

тағы түсінікті. Өйткені «ішкі нарықта кем 

дегенде 70 пайыз отандық бау-бақша өні-

мі болмаса, бағаны төмендетуге жасалған 

барлық әрекет – Дон Кихоттың жел диір-

менімен егесіндей мағынасыз дүние» 

дейді мамандар.

Көкөніспен қамту деңгейін көтеріп

маусымдық баға секірісін болдырмаудың 

тағы бір жолы жылыжай шаруашылығын 

дамыту екендігі даусыз. Осы орайда елдегі 

жылыжайлардың 70 пайызы орналасқан 

Оңтүстік Қазақстан облысы ерекше үлгі. 

Оңтүстіктің үлгісін батыстағы бағбандар да 

алып жатыр. БҚО ауыл шаруашылығы 

басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірде 

жалпы аумағы 15,3 мың шаршы метрлік 

38 жылыжай жұмыс істеуде. Оның ең ірісі 

– 2000 шаршы метрлік Зеленов ауданы-

ның «Алтын Болашақ» ШҚ-ның жылы-

жайы. Өткен жылы жылыжайлардан 120 

тонна көкөніс өнімі алынып, негізінен, 

жабық мекемелер мен базарларға жөнел-

тілген.

ҚОЙМА БОЛМАСА, 

ТІРЛІК ОҢБАЙДЫ

Қазір елімізде көкөніс пен жеміс-жи-

дек тің 70 түрі өсіріледі. Бұл – статистика. 

Ал айда осы 70-тің шамамен 10-12 түрі 

ғана кең таралған. Жалғыз картоп-пиязбен 

алысқа бармасымыз аян. Сондықтан адам 

ағзасына аса пайдалы аскөк, сарымсақ, 

жуа, орамжапырақ, бұрыш және тағы да 

басқа «шөп-шалам» алқабын ұлғайту 

қажет. Республиканың оңтүстігінде ол бар, 

басқа өңірлерде қолға алынса құба-құп. 

Ең бастысы – әуелі өзімізді жарылқау, қа-

лып жатса, артығын сыртқа шығару – ер-

тең гі күннің еншісі. Сапалы, өзіндік құны 

арзан өнім болса, алушы алысқа кетпейді. 

Ол үш ін ірі қалаларда бау-бақша өнімін 

өткі 

зумен, жеткізумен шұғылданатын 



логисти калық орталықтар құру – кезек 

күттірмейтін мәселе. 

Айтпақшы, көкөністі өсірдіңіз делік. Ен-

ді оны жыл бойы қайда сақтайсыз? Гәп – 

осында. Елдегі бау-бақша өніміндегі баға-

ның өсуіне мұның да қатысы бар. Себебі 

бағбан алған өнімін сақтайтын қоймасы 

болмағандықтан, тез сатуға тырысады. 

Шіл де-тамызда сатып құтылады. Қара күз 

бен қыста, әсіресе ерте көктемде картоп 

пен пияздың келісі – 250, қияр мен қы-

занақтың келісі 1000 теңгеге дейін барып 

қалатыны содан. «Қазагромаркетинг» АҚ 

дерегі бойынша, Қазақстанға күні бүгін 

640 мың тонна жеміс-жидек пен көкөніс 

сақтайтын қойма керек екен. Шымкентте 

дәл осындай көкөніс қоймасы салынды. 

Батыс Қазақстанда 33,05 мың тонналық 

28 қойма бар. Тек соңғы жылдардың 

өзінде – 15,8 мың тонналық, соның ішінде 

«Аттис-Орал Агро» ЖШС – 4 мың тон-

налық, «Предко», «Август» шаруа қожа-

лық тарының әрқайсысында – 2 мың тон-

налық, «Гудилов» ЖК – 1,4 мың тонналық, 

«Десумбаев» ШҚ – 2,4 мың тонналық, 

«Куб лей» ЖШС 4 мың тонналық үлгі жоба-

дағы қойма салып алды. Қазір Теректі 

ауданының «Орал Агро Сервис» шаруа 

қожалығында сыйымдылығы 4,8 мың 

тонналық заманауи көкөніс қоймасының 

құрылысы жүруде. Облыстарда жалпы 16 

қойманың жобасы мақұлданды. Енді тек 

іске кірісу қажет. 

коммерциялық ұшыруларға тапсырыстар 

орындаумен ғана байланысты болады. 

Коммерциялық iске қосулар бо йынша не-

гiзгi жүктеменi «Протон» зымыран тасы-

ғышы көтередi. Алайда «Протон» улы лығы 

өте жоғары зымыран отынын пай дала-

нады, сондықтан 2017 жылдан бастап 

оның орнына экологиялық жағы 

нан 


қауiпсiз «Бәйтерек» зымыран-ғарыш ке-

шені келуi тиiс», – делінген агенттіктің 

Стратегиялық жоспарында. 

Ұлттық ғарыш агенттігі елімізде толық-

қанды ғарыш инфрақұрылымының жоқ-

ты ғын мойындап отыр. «Байқоңыр» ға-

рыш айлағы табысты жұмыс iстеуі үшiн 

он дағы нысандарды дамытумен қатар, 

же ке өндірістік базаны қалыптастыру қа-

жет деп санайды. Осының арқасында ғана 

Қазақстан отандық жерсеріктерін құру жұ-

мысына толыққанды қатысып, келешекте 

спутник жүйелерiн өзі құрастыра алады.

Сейіл САУЫТБЕКОВ,

 Еуразия ұлттық 



университетінің ғарыштық техника және 

технологиялар кафедрасының 

меңгерушісі, профессор:

– Меніңше, Ресейдің жаңа ғарыш 

айлағын салуға күші жетеді. Себебі оның 

тәжірибесі мол. Әрине, Байқоңырға қа-

зақ стандық мамандарды көптеп жинау 

қажет. Бірақ Ресей оған біздің маман-

дарды оңай кіргізе қоймас. Себебі әрбір 

мемлекеттің өз құпиялары болады ғой. 

Мәселен, ғарыш саласындағы бір жаңа-

лыққа 20 жылға дейін уақыт кетеді. Оны 

өз қолымен немесе тапсырыспен жасай-

тындар болады. Міне, осындай тапсы-

рыстарды да ресейлік ғалымдар орын-

дайды. Ал оның астарында әскери бағ-

дарламалар тағы бар. Меніңше, Ресей 

Байқоңырдан кеткен жағдайда Қазақ-

станның аталған ғарыш айлағын игеріп 

кетуі екіталай. Сондықтан бізге барынша 

дайындалу қажет. Олар кеткен кезде біз 

Байқоңырдың озық технологиясын иге-

ріп әкете алатындай болуымыз қажет.


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал