Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы



жүктеу 0.57 Mb.

бет1/6
Дата01.06.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Enciklopediya Sbb.indd

101

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

өндіретін «Наука-Восток» акционерлік қоғамы жұмыс жасайды. Қалада барлығы 4,5 

мың шағын кəсіпорын бар. 

Білім беру жүйесі саласында Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау 

техникалық университеті, Көкшетау экономика жəне менеджмент институты бар.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Ақтөбе облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Орталығы – Ақтөбе қаласы. 

Ақтөбе облысында 12 əкімшілік аудан (Алға, Əйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, 

Мартөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Хромтау, Шалқар), 7 қала (Ақтөбе, Алға, 

Қандыағаш, Хромтау, Шалқар, Темір, Ембі), 3 кент (Шұбаршы, Бадамшы, Шұбарқұдық) 

бар. 


Облыс қазба байлықтарға бай. Облыста хромит, никель, кобальт, фосфор, титан, 

алтын, боксит, күкірт, мұнай мен табиғи газ (Жаңажол, Шұбарқұдық, Кеңқияқ кен 

орындары), тас көмір, калий тұздары өндіріледі. 

Өзендері Мұғалжар тауынан, Жайық жəне Жем үстірттерінен басталады. Елек, Қобда, 

Ор, Ойыл, Жем, Ырғыз, Торғай, Өлкейек өзендерінің суы қар еріген кезде молайып, 

күзге қарай өзендердің көбі бөлек-бөлек қарасуларға айналады. Облыста көл аз. Тұщы 

көлдер облыстың шығыс бөлігінде орналасқан, ең үлкені – Шалқар. 

 Ақтөбе қаласы



102

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

АҚТӨБЕ

Ақтөбе – Қазақстандағы ірі индустриялы қала, Ақтөбе облысының əкімшілік 

орталығы (1932 жылдан). Қала Мұғалжар тауының солтүстік-батысында, Елек өзенінің 

сол жағалауында орналасқан. Қаланың атауы жота, төбелердегі тастардың, кварцтардың 

түстеріне қарай «Ақ» жəне «төбе» сөздерінің бірігуінен жасалған.Ақтөбе – темір жол, 

əуе жəне автомобиль қатынастарының маңызды торабы.

Ақтөбе қаласының іргесі 1869 жылдың мамырында патша əскерінің Қазақстан мен 

Орта Азияны жаулап алуы үшін соғыс бекінісі ретінде қаланған. Кейін 1891 жылдың 

25 мамырынан уездік қалаға айналып, Торғай облысындағы Ақтөбе уезінің орталығы 

болады. 1920 – 30 жылдары қалада паровоз жəне вагон депосы, механикалық зауыт, 

диірмен, элеватор, нан комбинаты, «Металлист» артелі салынады. Ұлы Отан соғысы 

жылдарынан кейін хром жəне ферроқорытпа, тамақ жəне жеңіл өнеркəсіп орындары 

ашылады. Мұнда 1946 жылы құрылған «Ақтөбеқұрылыс» тресі – ірі құрылыс ұйымы 

жұмыс істейді.

Қазіргі таңда қалада 11 жоғары оқу орны мен 16 колледж экономика саласына 

мамандар даярлауда. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Медицина академиясы, 

Т.Бигелдинов атындағы республикамыздағы жалғыз Əскери Жоғары авиация училищесі, 

т.б. бар.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Атырау облысы – 1938 жылы 15 қаңтарда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы болып 

құрылған. Қазіргі Атырау облысының құрамында 1 қала, 7 аудан, 15 кент бар. Облыс 

орталығы – Атырау қаласы. 

Облыстағы жер беті сулары Еділ өзенінің сол жақ тармақтарынан, Жайық, Ойыл, 

Сағыз жəне Жем өзендерінің төменгі ағыстарынан жəне үлкенді-кішілі көлдерден 

тұрады. Өзендерден Жайық пен Жем ғана Каспий теңізіне құяды, ал Ойыл мен Сағыз 

оған жетпей, құмға сіңіп кетеді. Ірі көлдері – Индер, Жамансор, Айғыркөл, т.б.

Жер қойнауында мұнай мен газдың ірі кен орындары шоғырланған (Теңіз, Құлсары, 

Байшонас, Қараарна, Кенбай, т.б.). 

Атырау облысында мұнай өндіру, балық аулау жəне оны өңдеу, машина жасау, 

металл өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ химия, тамақ жəне жеңіл 

өнеркəсіп салалары дамыған. Мұнай түрлі кəсіпшіліктерде өндіріліп, Атырау 

мұнай өңдеу зауытында өңделеді. Сөйтіп, Ресейдегі, т.б. шет елдердегі мұнай өңдеу 

зауыттарына жіберіледі. Балық аулау мен өңдеу өнеркəсібі, негізінен, Каспий теңізінде 

орналасқан.



103

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

АТЫРАУ

Атырау – Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан байырғы қалалардың бірі. 

Ертеде Каспий теңізінің тартылып кеткен табанына ел қоныстанып балық жəне мал 

шаруашылығымен айналысқан. 1640 жылы ағайынды орыс көпестері Гурьевтер осы 

жерге қала салдырған. Сол себепті қала алғашында Гурьев аталған. Жергілікті қазақтар 

оны Үйшік деген. Ал 1992 жылдан бері Атырау деп өзгертілді.

Қала – елеулі тарихи, саяси оқиғалардың орталығы. Мұнда атақты тарихи тұлға лар 

– ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда шаруалар көтерілісінің ұйымдастырушысы болған Исатай 

Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына, қазақтың күйші-композиторы Құр манғазыға 

ескерткіштер орнатылған. 

Атырау 1938 жылдан Атырау облысының əкімшілік орталығы болып табылады. Қала 

маңында ежелгі Сарайшық қаласының орны бар.

Атырау өнеркəсібінің басты саласы – мұнай-химия өндірісі. Республикамыздағы 

тұңғыш мұнай өңдеу зауыты да осында салынды. Мұнда «Ембі мұнайгаз», «Атырау 

жылу электр орталығы» жəне т.б. өндіріс орындары орналасқан. Сонымен бірге 

мұнай өңдеу құралдарын шығаратын, механикалық жəне кеме жөндеу зауыты, балық 

консервілеу, ет, сүт жəне нан комбинаттары бар. 

 Атырау қаласы


104

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Алматы облысының жері ежелден сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз 

қазақтарының атамекені болған. ХІХ ғасырдың ортасында Жетісуды патшалық Ресей 

жаулап алады. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы болып құрылады. 

1944 жылы 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. 

Талдықорған облысы 1959 – 67 жылдары Алматы облысы құрамында болып, 1967 жылы 

23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 жылы 22 сəуірде Талдықорған облысы таратылып

оның аудандары Алматы облысына қосылды. 

Бүгінгі күні облыс аумағында 16 аудан жəне 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, 

Талдықорған, Текелі) бар. Əкімшілік орталығы – Талдықорған қаласы. Қалалары: 

Алматы, Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Талғар, Жаркент, Үштөбе, Үшарал, Қаскелең, 

Есік, Сарқант.

Алматы облысының экономикасы көп салалы. Өнеркəсіпте электр энергетикасы, 

машина жасау жəне металл өңдеу, құрылыс материалдары, тамақ өнеркəсібі, ұн, жарма 

жəне құрама жем салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркəсіп, ағаш өндеу, 

фарфор-фаянс өндірістері қалыптасқан. 



ТАЛДЫҚОРҒАН

Талдықорған қала атағын 1944 жылы алған. 

2000 жылдан Алматы облысының орталығы 

болып саналады. Қала Қазақстанның оңтүстік-

шығысында, Жетісу (Жоңғар) Алатауының 

батысында, Қаратал өзенінің жағалауында 

орналасқан. 

Қаланың даму тарихы ерекше. 1869 жылы 

Талдықорған қыстауының орнына Гавриловка 

ауылы бой көтереді. 1922 жылы ол Қапал 

уезінің орталығы болып, қайтадан Талдықорған 

аталады. 1932 – 44 жылдары аудан орталығы

1944 жылы Алматы облысынан бөлінген 

Талдықорған облысының орталығы болып 

бекітіледі. 1959 жылы облыс таратылады. 1968 

жылы Талдықорған облысы қайта құрылып, 

қала оның орталығына айналады. 1997 жылы 

облыс тағы таратылып, Алматы облысына 

▲ Талдықорған қаласындағы Қабанбай 

батыр ескерткіші


105

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

қосылады. 2000 жылы 14 сəуірде облыс орталығы Алматыдан Талдықорған қаласына 

көшіріледі. 

Қаланың атауы екі сөздің бірігуінен: «талды» – «талы көп», «қорған» – «қамал», 

«бекініс» мəніндегі сөздерден құралған. Атаудың мағынасы «талмен қоршалған қамал, 

бекініс, қорған» дегенді білдіреді.



БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Батыс Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 

жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Əкімшілік жағынан Батыс Қазақстан 

облысы 12 ауылдық, 1 қалалық əкімшілік ауданға, олар 4 кенттік жəне 155 ауылдық 

əкімшілік округтерге бөлінген. Орталығы – Орал қаласы. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі 

кенттері: Бөрілі, Деркөл, Зачаганск, Круглоозерное, Чапаев. 

Облыста ұзындығы 100 км-ден асатын 14 өзен бар. Бастысы – Жайық өзені, ол 

солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі ұзындығы 500 км-

ге созылған. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Деркөл, Елек, Шыңғырлау, 

Барбастау өзендері құяды. Батыс Қазақстан облысы аумағында 140-тан астам көл бар. 

Суы тұщы, маңызды көлдері: Қамысты, Самар, т.б.

Батыс Қазақстан облысының экономикасында ауыл шаруашылығының үлесі басым. 

Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру жолға 

қойылған. Облыста мұнай, газ өндіру, металл өңдеу жəне машина жасау, тамақ жəне 

жеңіл өнеркəсіп, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу, 

халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден 

Қарашығанақ газ-конденсат комбинаты, «Металлист», «Зенит», «Металл өңдеу», 

«Омега» зауыттары, т.б. кəсіпорындар жұмыс істейді. 

Облыстың жер қойнауы мұнайға, əсіресе, газға мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы 

зерттелген газ қорының 90 %-дан астамы шоғырланған (Қарашығанақ газ конденсаты 

кен орны). 

ОРАЛ

Орал қаласы – Қазақстандағы əсем қалалардың бірі, 1932 жылдан Батыс Қазақстан 

облысының орталығы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр 

тұсында орналасқан. 

Қаланың іргесі ХVІІ ғасырдың І ширегінде Ноғай хандығымен шекарада шағын 

əскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы деген атпен салынған болатын. 1613 

жылы қала қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. 1775 жылдан Жайық қалашығы 

Орал қаласы болып өзгертілді. 


106

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Жамбыл облысы 1939 жылы 14 қарашада құрылған. Орталығы – Тараз қаласы. Облыс 

аумағында 10 аудан, 4 қала бар. Қалалары – Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу. 

Облыстағы ең үлкен өзендер – Шу, Талас өзендері. Асы өзені суы мол жылдары 

Таласқа қосылады. Көптеген орта жəне кішігірім өзендер (Шабақты, Бүркітті, 

Ырғайты, Құрағаты, т.б.) Қырғыз Алатауы мен Шу – Іле тауларынан жəне Қаратаудың 

беткейлерінен бастау алады. Көлдердің көбі жазда құрғап, сорға айналады. Ең ірілері – 

Ақжар, Ащыкөл, Ақкөл, Билікөл, Үлкен Қамқалы, Кіші Қамқалы, т.б. 

Жер қойнауынан газ, фосфорит, түсті металдар (алтын, күміс), тас көмір, барит, гипс, 

селитра, ас тұзы жəне т.б. əр түрлі құрылыс материалдары табылған. 

Жамбыл облысында өнеркəсіптің əр түрлі салаларымен бірге суармалы егіншілік 

жəне жайылымдық мал шаруашылығы жақсы дамыған. 

Облыс өнеркəсібінің жетекші салалары – тау-кен, химия, жеңіл жəне тамақ 

өнеркəсіптері. 

Облыс аумағы Х – ХІІІ ғасырларда салынған тарихи-архитектуралық ес керт-

кіштерімен дүние жүзіне кең танымал. Мұнда Айша бибі, Бабажы қатын, Ша мансу-

ра мұражайлары мен Қарахан мазары сақталған. Ежелгі Тараз ескерткіштері нен 

мемлекеттік қорық-мұражай ұйымдастырылған. 

Қалаға ірілі-ұсақты 16 елді мекен қарайды. Ірілері: Зачаганск, Деркөл, Круглоозерное, 

Серебряково, т. б.

Қалада «Зенит» зауыты, «Омега», «Металлист», Орал механикалық зауыты, Орал 

арматура зауыты, Орал полипласт зауыты жəне т.б. кəсіпорындар бар. Қала өзен 

бойындағы ірі өзен айлағы болып табылады. Орал қаласында ХVІІІ ғасырда салынған 

көптеген сəулет ескерткіштері сақталған.



Орал вокзалы

107

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

ТАРАЗ

Тараз қаласы Орта Азиядағы ең көне қалалардың бірі болып саналады. Ол 

Қазақстанның оңтүстігінде, Талас өзенінің сол жағалауында орналасқан. Тараз қаласы 

– қазіргі уақытта Жамбыл облысының əкімшілік орталығы. 

Тараз қаласының тарихы бастан кешкен бір жайт – түрлі себептермен қала атының 

бірнеше рет өзгеруі. Мысалы, ерте ортағасырда Янги, 1853 жылы – Əулие Ата, 1936 

жылы – Мирзоян, 1938 жылы – Жамбыл атауларын алған. Ал 1997 жылы қаңтар айында 

ежелгі Тараз аты қайтарылып берілді.

Қазіргі уақытта Тараз гүлденген жасыл қалаға айналды. Тамаша сəулет 

ескерткіштерінің бірі – қаланы қақ жарып ағып өтетін Талас өзенінің үстіне салынған 

«Тас көпір». 



ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Облыстың құрамына 11 қала, 

39 кент қарайды. Əкімшілік орталығы – Қарағанды қаласы. Қалалары: Қарағанды, 

Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Сəтбаев, Теміртау, 

Шахтинск. 

▲ Тараз қаласының орталық алаңы


108

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

Қарағанды облысы Ұлытау қыраттарынан Қарқаралы, Қарағайлы, Қызыларай 

тауларына дейін 1000 км-ге созылып, қазақтың ұсақ шоқысы – Сарыарқаны түгелімен 

қамтиды. Оның аумағына Еуропаның Англия, Бельгия, Голландия, Дания сияқты 

мемлекеттері сыйып кетеді. 

Бұл аймақтың тарихына көз жүгіртсек, ХІХ ғасырдың басынан сауда-саттық 

орталығына айнала бастаған. Қоянды, Баянауыл жəрмеңкелері жұмыс істеп, Қытай, 

Орта Азия жəне Ресеймен сауда қатынасы орнаған.

Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан бұл аймақтың жер асты қазынасы ежел -

ден мəлім. Оның мысын, жезі мен əктасын кезінде бүкіл Орталық Азия пайдаланған. 

Облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы шикізатының негізінде 

көмір өндіру, энергетика, қара жəне түсті металлургия, химия өнеркəсібі, машина жасау 

жəне металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл жəне тамақ өнеркəсіптері дамып, 

облыс экономикасының негізгі салаларына айналған.

Өлкенің негізгі байлығы – Қарағанды алабының кокстелетін тас көмірі мен Жезқазған, 

Қоңырат, Саяқ мыс кендері. Көмір өндіру, кокс шығару кеніштерінің бастылары: 

Қарағанды, Шахтинск, Абай, Саран, Тентек, Күзембаев шахталары, Шұбаркөл, Қушоқы 

қималары. Саранда «Сабырхан» көмір байыту фабрикасы жұмыс істейді. 

Сонымен қатар темір, марга нец кендері, полиметалдар, сирек металдар кездеседі. 

Темір мен марганецтің 40-қа жуық кен орындары белгілі. Маңыздылары: Ақтау, 

Қаражал, Қарсақпай, Балбырауын, Жезді, Найзатас, Үшқатын, Қамыс. Құрамында 

қорғасын, мыс жəне түсті металдар болатын полиметалдар кені Гүлшат, Қызылеспе, 

Ақшағыл, Қарағайлы, Жəйрем кен орындарынан өндіріледі. Сирек металдардың: 

вольфрам, молибден, ванадий, висмут, кобальт, сынап, сурьма, күміс, кадмий, т.б. мол 

қоры табылған жəне бұл металдар республика бойынша түгелге дерлік осы аймақта 

өндіріледі. Ерекше кокстелетін көмірдің, шойын мен болаттың, марганецтің 100 %-ы 

осында шығарылады. Жез (марганец) кенінің қоры бойынша дүние жүзінде ІІІ орында, 

ал ТМД елдері арасында Украинадан кейін ІІ орында.

Облыста мыс өнеркəсібі екі орталықта дамыған. Оның біріншісі – «Қазақмыс» 

корпорациясына қарайтын Жезқазған кен-металлургия комбинаты. Екіншісі – 

«Балқашмыс» кен-металлургия комбинаты. Жезқазған, Балқаш кен-металлургия 

комбинаттары мыс балқытумен қатар, таза алтын, күміс, т.б. сирек металдар алумен де 

шұғылданады. 

Ауыл шаруашылығының жетекші саласы – қой шаруашылығы. Мұнда жергілікті 

жердің қатаң табиғатына бейімделген етті-майлы еділбай қойы өсіріледі.

Қарағанды облысы өзендерінің маңыздылары – Нұра, оның сол салалары – Шерубай-

нұра жəне Құланөтпес пен Кеңгір өзендері. Сонымен қатар Жарлы, Қарқаралы, Талды, 

Есіл, Өлеңті, Шідерті, Түндік өзендері жəне Сарысу, Терісаққан, Торғай, Ұлыжыланшық 

өзендерінің жоғарғы ағыстарының маңызы өте зор. Облыстың оңтүстік-шығысын 

Мойынты, Жəмші, Тоқырауын, Құсақ, т.б. өзендер суландырады. Облыста ірілі-ұсақты 



109

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

ҚАРАҒАНДЫ

Қарағанды – облыс орталығы, республи-

ка бойынша жер көлемі жағынан ең үлкен, 

экономикалық əлуеті жағынан жетекші қа-

ланың бірі. Халық арасында Қарағандыны 

«Кеншілер қаласы» деп атайды. Тарихына 

көз жіберсек, бұл жерде алғашқы елді 

мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір қазып алуға 

байланысты пайда болған екен.

Қарағанды атауының мағынасы «қара-

ғаны көп жер» дегенді білдіреді.

Кеңестік кезең жылдары қанат жайып 

өркендеген жаңа қалалар қатарына жатса 

да, оның 170 жылдай тарихы бар. 

1833 жылы қазақ жігіті Аппақ Байжанов 

суыр інінің жанынан жылтыр қара тас тап-

қан. Оның тас көмір екендігі анықталып, 

кейіннен осы маңда қала көтерілді. Ал 1936 

жылдан облыс орталығына айналды.

Қарағанды – ірі өнеркəсіп орталығы. 

Мұнда «Қарағандыкөмір», «Көміринвест», 

«Қарағанды маргарин зауыты», «Қара ған-

1910 көл бар. Олардың ірілері – Балқаш, Қарасор, Қыпшақ, Керей, Қарақойын, Қияқты, 

Шошқалы, Балықтыкөл, Шыбынды, Тассуат, Ащысу. 

ды  нан», «Қарағанды кəмпиті», машина жасау-құю зауыты жəне тағы басқа көптеген 

кəсіпорындар бар.

Облыс жеріндегі табиғаты көркем жерлердің бірі – қарағай жəне қайың ормандары 

көздің жауып алатын Қарқаралы өңірі.

Қарағанды – Қазақстанның мəдени жəне ғылыми орталықтарының бірі. Қалада 

демалыс саябақтары, аквапарктер мен этнографиялық парктердің орны ерекше. Сондай-

ақ республикалық Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі мен ғылыми-

зерттеу жəне жобалау институттары, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ, медициналық, поли-

техникалық, педагогикалық, кооперативтік институттар, арнайы орта кəсіптік білім 

беру орындары, өлкетану мұражайы бар. 

▲ Қарағанды қаласындағы кеншілерге 

арналған ескерткіш


110

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

ЖЕЗҚАЗҒАН

Жезқазған – Қарағанды облы-

сына қарайтын ірі қала, Қа зақ-

стандағы түсті метал 

лур 


гияның 

негізгі орталығы. Қала Сары-

арқа ның батысында, Ұлытау жо-

та 


сының оңтүстігіндегі Кең 

гір 


бөгенінің оңтүстік-батыс жаға-

лауында орналасқан. 

Жезқазғанның іргесі 1939 жылы 

3 мың халқы бар Кеңгір ауылының 

орнында тұрғызылған. 1941 – 54 

жылдары Үлкен Жезқазған кенті 



БАЛҚАШ

Балқаш – Қарағанды облысында, Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 

487 км қашықтықта, Балқаш көлінің солтүстік жағалауында орналасқан өнеркəсіпті 

қала. Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені 

мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құры лы-

сына байланысты салына бастады. Қысқа мерзім ішінде салынған 10-нан аса жұмы с шы 

қалашықтарының бірігуінің нəтижесінде 1937 жылы Балқаш қаласы пайда болды. 

Балқаш – еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұн-

да мыс жəне түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен кү кірт 

қышқылын алатын химия өнеркəсібі бар. Сонымен қатар асыл металдар (жылына 600  т 

күміс, 3,5 – 5 т алтын өндіреді) зауыты, жаңа қондырғылармен жабдықталған мы рыш 

зауыты, кірпіш, механикалық жөндеу зауыты, балық консервілеу комбинаттары жұ мыс 

істейді. «Балқашмыс» комбинаты – республикадағы ең ірі кəсіпорынның бірі. 

Қаланың атауы Балқаш көлінің атына байланысты аталған.

деп аталды, 1954 жылы ол қалаға айналды. Қала 1973 – 1997 жылдарда Жезқазған 

облысының орталығы болды. Ал қазіргі уақытта Қарағанды облысының Жезқазған 

қалалық əкімшілік орталығы. 

Жезқазғанда «Қазақмыс» корпорациясы, «Казкат» біріккен кəсіпорны, «Кеңгір» 

химия-өндірістік кəсіпорны, электр жабдықтарын шығаратын «Симпл» серіктестігі 

жəне т.б. жұмыс істейді. 

Қаланың атауы «жез» жəне «қазған» сөздерінің бірігуінен жасалған. Бұл – «жез 

қазылып алынған, жез кені өндірілген» деген мағынадағы көне атау.


111

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

СƏТБАЕВ

Сəтбаев – Қарағанды облысы Жезқазған қалалық əкімдігі құрамындағы қала. 

Қала Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Іргесі 

Жезқазған кентінің мыс кенін игеруге байланысты 1954 жылы қаланған. 1973 жылы 

Жезқазған кеніші мен оның төңірегіндегі кəсіпорындардың жұмысшылары тұратын 

қалаға айналды. 

Сəтбаев – республикадағы ірі кен орталықтарының бірі. Өндірістік кəсіпорындардың 

көпшілігі түсті жəне сирек металдарды барлау жəне оларды өндіру ісімен шұғылданады. 

Қалада шахта құрылысы тресі, геологиялық барлау экспедициясы, Жезқазған тоқыма 

фабрикасының бөлімшесі, нан, сыра зауыттары жұмыс істейді. Сондай-ақ кен колледжі, 

мəдени-ағарту мектебі бар. 

Қалада 1928 – 41 жылдары академик Қаныш Сəтбаев тұрып, орасан зор еңбек 

атқарған. Осыған байланысты қалаға əйгілі ғалымның есімі берілген.



ТЕМІРТАУ

Теміртау – Қарағанды облысындағы ірі өнеркəсіптік қаланың бірі. Жетекші саласы 

– қара металлургия. Ол Қарағанды қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде, 

Нұра өзенінің бойында орналасқан. 

Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Мұнда Саратов губерниясынан қоныс 

аударушылар келіп орнығып, елді мекеннің негізін қалаған. Олар ауылдың атын сол 

▲ Балқаш қаласы


112

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Қостанай облысы 1936 жылы 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай 

губернияларының негізінде құрылған. Құрамында 5 қала, 13 кент, 16 аудан бар.

Қостанай облысы өзендер мен көлдерге бай. Өзендер Тобыл мен Торғай жəне 

Ұлыжыланшық өзендерінің алабына жатады. Қостанай облысында 7 мыңнан астам 

көл бар. Олар көбіне тұщы келеді. Тұзды көлдердің ішінде кейбіреулерінің (Əулиесор, 

Сабынды, Қарабасты, Қарақалпақ, Жылысор, Балықты, Ақсуатсор, т.б.) емдік жəне 

курорттық маңызы бар. 

Облыс өндірісінің басты саласы – темір, боксит жəне асбест өндіріп, байытатын ірі 

кəсіпорындары бар тау-кен өнеркəсібі болып саналады. Оған көмекші салалар есебінде 

энергетика, машина жасау, металл өңдеу өнеркəсіптері дамуда. 

Тау-кен өнеркəсібінің ірі кəсіпорындары – Соколов-Сарыбай (Рудный қаласында), 

Қашар (Қашар кентінде), Лисаков (Лисаковск қаласында) кен байыту комбинаттары. 

жердегі Жауыр шоқысының атауымен Жауырөткел деп атап кеткен. 1909 жылы оның 

аты Самарқан деп өзгертілген. 1945 жылы қазан айында Теміртау атауы берілген.

Теміртаудың негізгі өнеркəсібі – болат балқыту комбинаты. Қазіргі таңда болат 

балқыту жөнінен дүние жүзінде жетекші орында. Сонымен бірге Теміртау – қара 

металлургияның, химия, энергетика өндірісінің жəне құрылыс индустриясының ірі 

орталықтарының бірі.

▲ Теміртау қаласы


113



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал