Қазақстандық телекоммуникация және байланыс саласының журналы



жүктеу 391.67 Kb.

бет1/5
Дата10.03.2017
өлшемі391.67 Kb.
  1   2   3   4   5

Қазақстандық телекоммуникация және байланыс саласының журналы

Казахстанский отраслевой журнал о телекоммуникациях и связи

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3   [ 2 7 ]

Kcell қайтадан нарық жетекшісі

Ұялы байланыс антенналары: мифтер және нақтылық

DualCarrier: 3G эволюциясы жалғасуда



Баспагер:

«Apriori Communications» ЖШС



Бас редактор:

 

Аида Досаева



Шеф-редактор: 

Наталья Еськова



Директор:

 

Динара Шериева



Корректор:

 Елена Ким 



Дизайн:

 Давид Джубаев [www.vkartinke.com] 

Қазақ | ағылшын тіліне аударма:

«InterBridge-A» аударма бюросы



Мәтін авторлары:

Наталья Еськова

Иван Глущенко

Айша Арынова

Санжар Бимамиров

Дмитрий Парамонов



Суретшiлер:

Сәкен Нығмашев

Валерий Аяпов

Редакцияның мекен-жайы:

050000 Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

Мақатаев көшесі, 118, 6 пәтер

тел.: 8 [727] 232 71 408

ұялы тел.: +7 701 211 31 77

e-mail: edition.voxcom@mail.ru



Gerona Print House баспасында басылған

Сәтпаев көшесі, 30а/3, 124-офис

Тел.: 7 (727) 250-47-40, 398-94-59, 398-94-60

 

Журнал Қазақстан Республикасының Байланыс 



және ақпарат министрлігінде 19.10.2011

жылы қайта тіркелген.

Есепке қою туралы куәлік нөмірі 12052-Ж

Енді сіз VOX.com-ды өз 

мобильді телефоныңыздан 

оқи аласыз



ЖаңалықтаР

4 TeliaSonera жаңалықтары

8 Kcell жаңалықтары

талДау

6 Kcell қайтадан нарық жетекшісі

22 Ұялы байланыс антенналары: мифтер және нақтылық   

СұхБат

26 «Жол» жобасы: «Ең бастысы-байланыс дерлік

барлық жерде бар»



МаРКет

12 Kcell Cloud – бұлтты бағындырамыз

14 DualCarrier: 3G эволюциясы жалғасуда

16 Смартфонды қалай 100 пайыз істетуге болады

18 Роуминг: өзіңді үйдегідей сезін!

20 Әдемі нөмір – жылдам әрі қолайлы

34 Dual Carrier-ді қолдайтын телефондар

ФотоЖаРиялаМа

30 TEDxAlmaty. Extra – жаңа қалыптылық

Жаңалықтар



TeliaSonera International Carrier 

Anywhereization трендін ұсынады

TeliaSonera Финляндияда  4G-ге 

арналған жиіліктерге инвестиция салуда 

Еуразиядағы шектеулі сауда өсімі

Tesla Motors компаниясы электрмобилдермен сымсыз радио байланысты қамтамасыз 

ету үшін TeliaSonera ұялы операторының  M2M қызметін таңдады

TeliaSonera 3 тоқсанда: 

болжалды нәтижелерден

асып түсу

TelIaSonera InTernaTIonal Carrier 

(TSIC) 22—23 қазанда Лондонда өткен 

Apps World Europe 2013 конференциясы-

на демеушілік көрсетті. Қосымшаларды 

әзірлеушілерге арналған конференция мен 

көрме осымен төртінші рет өтуде. Биыл 

оған 250-ден аса қатысушы мен 8000-нан 

астам келушілер тіркелді.

Операторларға арналған семинар ба-

рысында TSIC өнімдерін басқару жөніндегі 



TelIaSonera-ның 

ФинляндиядағыSonera филиалы 800 МГц 

диапазонында жұмыс істейтін 4G жаңа 

жиіліктеріне инвестиция салуда. Бүгін 

Көлік және коммуникация министрлігі 

2013 жылдың қаңтар айында ашылған 

800 МГц-ке лицензия беру аукционының 

нәтижелерін жариялады. Sonera 800 МГц 

диапазонында жұмыс істейтін екі 10 МГц 

жиілігін қамтамасыз етті. 

4G-мен қамту аймағын едәуір ұлғайтуға 

мүмкіндік беретін жаңа жиіліктер 

Финляндияның ең  ауқымды кең жолақты 

ұтқыр желіні құрудағы аса маңызды 

қадамға айналмақ. Клиенттеріміздің 

байланысқа деген сұранымы дерек 

берудің жылжымалы жүйелерін дамытуға 

септігін тигізіп отыр, ал жиіліктер қуат 

арттыруды қамтамасыз етіп, жайлардың 

ішіндегі желілерді қамтуды жақсартуға 

септігін тигізеді. 

2013 жылдың 3 тоқсанында 

TeliaSonera-ның құрамына «Кселл» АҚ 

кіретін Еуразия бөлімшесі сатып алулар 

мен шеттетулерсіз жергілікті валюта-

да 2012 жылдың үшінші тоқсанымен 

салыстырғанда, 11,1 пайызды құрайтын 

шектеулі сауда өсімін көрсетті. Пайда 

көлемі, Грузияны санамағанда, барлық 

нарықтарда Ucell, Tcell және Ncell-де сауда 

өсімі екі мәнді санға жетті. Kcell, Azercell 

және Moldcell-де сауда өсімі бір мәнді 

санмен көрсетіледі.

Деректерді беру қызметінен түсетін 

табыс барлық нарықта – орта есеппен 2,5 

пайызға артты. Жалпы пайда көлемінің 

аталған қызмет түрінен түсетін табыс үлесі 

Ncell мен Geocell-де 6%, Moldcell-де 8% 

және TeliaSonera Еуразияның қалған төрт 

компаниясында 11% -дан 14%-ға дейін 

қаржылық сарапшылардың 

пікірінше,TeliaSonera үшінші қаржы 

тоқсанында болжалды нәтижелерден 

асып, өз рентабельділік деңгейін арт-

тырды, бұл, көбіне шығындарды бақылау 

шараларының арқасында мүмкін болып 

отыр. Күрделі экономикалық талаптар 

мен интерконнект қызметінің төмен 

мөлшерлемелері топтың таза сатылым көлеміне 

бұрынғыша әсер етті. Таза сатылым көрсеткіші 

сатып алулар мен шеттетулерді ескермегенде, 

жергілікті валютада тұрақты болып қалды. Есептік 

валютада таза пайданың көлемі 1,8 пайызға 

төмендеп, 25 381 млн. швед кронын құрады.

TeliaSonera (BA Eurasia) Еуразиялық бөлімі 

бойынша таза сатылымдар жергілікті валюта-

да 11,1 пайызға артты, ал Мобильді қызметтер 

(Mobility Services) және Кең көлемді қол жеткізу 

қызметтері (Broadband Services) секілді бағыттар 

бойынша табыстар сәйкесінше  3 және 2,4 

пайызға төмендеді.

КЕшЕ инновациялық 

электрмобильдерді өндіруші Tesla Motors 

өзінің танымал Model S электромобилін 

телекоммуникациялық қызметтер желісіне 

қосу үшін TeliaSonera компаниясын 

таңдады. Tesla Motors компаниясының 

Швеция, Дания, Финляндия, Эстония, Литва 

мен Латвия клиенттері үшін марапатқа 

ие болған Model S автомобилінде байла-

нысты қамтамасыз ету үшін TeliaSonera 

компаниясын таңдап алуы күннің ең 

қызықты жаңалығы болып отыр. Бұндай 

ынтымақтастық Tesla компаниясына 

өндіруші зауыттан бастап клиентке дейінгі 

тізбекте өз электрмобилдерінің байланыс 

директор Эндрю Хайнес өзінің «Кемпірқосақ 

аяқталған жерде де желілер қол жетімді» атты 

презентациясында «Сен қай-жерде-жүрсең-

де» (Anywhereized) және «Қосымшалар алға 

жетелейтін» (App-powered) атты даму үстіндегі 

трендтері бар әлемдегі желілік қызметтермен 

қамтудың эволюциясы мен аса маңыздылығын 

атап өтті. 

«Кселл» АҚ корпоративтік байланыстар 

жөніндегі директоры Аида Досаева  

мобильді төлемдерге арналған бөлімнің 

панелді пікірсайысына қатысты. Ол «Кселл» 

компаниясының мобильді төлемдер бойынша 

кейстеріне сүйене отырып,  Қазақстандағы 

мобильді төлемдердің даму мүмкіндіктері 

туралы айтып берді.

құрады. Деректерді беру қызметінен 

түсетін табыс, Грузияны санамағанда, 

барлық нарықта артты.

Еуразияның барлық компа-

ниялары бойынша абоненттердің 

жалпы саны 44,1 млн. жетті, бұл 2012 

жылдың 3 тоқсанының соңымен 

салыстырғанда 3 млн. абонент-

ке артық және 2013 жылдың  2 

тоқсанының соңымен салыстырғанда 

0,9 млн-ға артық. Абоненттік қордың 

өсімі Непал мен Қазақстанда 

жоғарырақ болды.

EBITDA бойынша маржа негізінен 

шығындарды азайту шараларының 

арқасында 53,9 пайызға (2012 

жылдың 3 тоқсанында 50,3 және 2013 

жылдың 2 тоқсанында 51,7 пайызға) 

дейін артты.

желісін пайдалану мен басқару процесін 

оңтайландыруға мүмкіндік береді. Tesla 

Model S электромобилі автомобильдің 

жәй-күйін алшақтан тексеру,  Интер-

нет-радио, веб-беттерді қарау сияқты 

желілік қызметтермен бірге автомобильді 

басқарудың мүлдем жаңа жүйесін 

қамтамасыз етеді және осының барлығы 

17 дюймдік сенсорлық дисплейді пайда-

лана отырып және машинаға орнатылған 

бағдарламалық жасақтаманы үнемі 

алшақтан жаңарта отырып, жүзеге асыры-

лады.

— Tesla компаниясының Model S үлгісі 



телекоммуникациялық желіге қосылған 

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

4

5

жаңалықтары



4G ұтқыр желілерінің жоғары 

жылдамдығы мен өткізу қабілеті 

интерактивті теледидарды, 

бейнефильмдерді, озық онлайн-ойын-

дарды және кәсіби қолданбаларды оңай 

пайдалануды қамтамасыз етеді. 

800 МГц  диапазонына берілетін 

лицензиялар 2014 жылдан бастап 20 

жыл ішінде қолданылады, ал жаңа 

жиілік блоктарының бағасы әкімшілік 

аукциондық алымдарды қосқанда 41,2 млн. 

евро құрайды. Ficora төлемді беске бөліп 

келер бес жыл ішінде төлемек. 

Sonera қазірдің өзінде құрған 1800 

және 2600 МГц  жиіліктерінде жұмыс 

істейтін  4G (LTE) желісі халықтың 40 пайы-

зын қамтыды. Лицензияға 3 жыл ішінде 

халықтың 95 пайызын, 5 жыл ішінде 99 

пайызын 4G желісімен қамту кіреді, со-

нымен қатар оған басқа жиіліктерде де  

4G-мен қамту енгізілген. 

автомобильдердің оны жүргізуден 

мүлдем жаңа әсер  алуға мүмкіндік 

беретіндігін және зияткерлік қызмет 

көрсету мен байланысты басқарудың 

арқасында барынша тиімді болып 

табылатындығын көрсетеді. Біз Tesla 

компаниясына ұсынатын қызметтер  авто-

мобиль нарығында қолданылатын біздің 

мобильді желіміздің  арқасында  және 

Tesla  сияқты компанияларға  өз өнімдері 

мен қызметтерінде байланысты басқаруға 

мүмкіндік беретін біздің жаңа M2M-

платформамыздың арқасында мүмкін 

болды, — деді TeliaSonera Global M2M 

басшысы Ханс Дальберг.



Kcell қайтадан

нарық көшбасшысы атанды

Наталья Еськова

2013 жылдың

 22 қарашасында «Эксперт РА 

Казахстан» рейтинг агенттігі мен «Эксперт 

Казахстан» журналы ұйымдастырған 

«Сарапшы-200- Қазақстан» ірі бизнестің V-ші 

экономикалық форумы болып өтті. 2013-жылғы 

форумның басты тақырыбы — «Қазақстанның 

жаңа экономикасын кім жасайды»

елдері компанияларының алдындағы қазіргі басымдығы баянсыз 

болып барады деп санайды. Мұның себебі рейтингтің 50 алдыңғы 

қатарлы тобына жатқызылған қазақстандық компаниялардың 

көпшілігі ірі шетелдік компаниялардың еншілес құрылымдары 

болып табылатындығында. Рейтингке кірген қазақстандық 

компаниялардың жалпы саны 16 болса, олардың ішінде Kcell ғана 

шикізаттан тыс секторға жатады екен. 

«Қазақстанның жаңа экономикасын кім жасайды» 

тақырыбындағы панельдік пікірталаста сөйлеген сөзінде «Кселл» 

АҚ бас қаржылық директоры Бауыржан Аязбаев тәуелсіз Қазақстан 

мен Kcell бұл жолдың көп бөлігін бірлесіп өткергенін атап өтті. 

«Осы елде қызмет атқарған 15 жыл ішінде компаниямыз салық пен 

басқа да төлемдер түрінде мемлекет бюджетіне $2 млрд-тан астам 

қаражат төлеген, елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын 

дамытуға салған инвестицияларымыз да $2 млрд-тан астам 

ақшаны құрады. Kcell көптеген бағыттар бойынша Қазақстан 

үкіметінің сенімді серіктесіне айналды — оған халыққа байла-

ныс қызметін көрсету жөніндегі лицензиялық міндеттемелердің 

орындалуы және бірқатар бірлескен жобалардың орындалуы, атап 

айтқанда, АКТ дамыту қорын қолдау, ЕҚЫҰ саммиті, Қысқы Азиада 

ойындары сияқты іс-шараларға қатысуымыз жатады», — деді ол. 

Қазіргі кезде телекоммуникациялар елдің ІЖӨ-не елеулі үлес 

қосуда. Бұл көрсеткіш бойынша ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар индустриясының үлесі 2011-жылы 

3,4%-ды құраса, 2012-жылы 4,4%-ға жеткен. 2012-жылы Deloitte 

және Cisco компаниялары GSM бірлестігіне арнап өткізген зерттеуге 

сәйкес ұялы байланыстың 10%-ға артуы ІЖӨ-ді 1,2%-ға арттырады, 

дерек беруді пайдаланудың артуы ІЖӨ-ді 0,5%-ға ұлғайтады, ал 3G 

байланысының 10%-ға артуы бір адамға шаққандағы ІЖӨ-ді 0,15%-

ға өсіреді екен.

Бүгінде Қазақстан барлық халықаралық рейтингтерде ілгері 

жылжуда. 2013-жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның 

есебіне жүгінсек, қазір Қазақстан ұялы байланыс қызметінің 

құны бойынша әлемде 42-ші орынды алып отырса, ұялы бай-

ланыс абоненттерінің саны бойынша 11-ші орынға көтерілген. 

2013-жылдың қазан айында Халықаралық электр байланысы 

одағы Қазақстанның ең арзан байланыс рейтингінде 22-ші орынды, 

ал ТМД көлемінде 1-ші орынды иеленіп отырғанын жариялады: 

елімізде бір адамға шаққанда ішкі ұлттық өнім  $8220, ал байла-

ныс құны ІҰӨ-нің 1%-ын құрайды. «Біз осы үдерістің белсенді 

қатысушысы болғанымызға қуаныштымыз. 2009-жылдың 

қаңтар айынан 2013-жылғы наурыз айына дейінгі аралықта ғана 

«Кселл» компаниясының желісіндегі 1 минуттың орташа құны 

3 еседен астамға төмендеп, дауыстық трафик 4 еседен астамға 

ұлғайды. 2013-жылдың қазанның 17-сіндегі жағдай бойынша 

біздің желіміздегі 1 минуттың орташа құны 4,7 теңгені құрады 

(2012-жылғы қазан айында ол 5,3 теңге болған). 2009-жылдың 

қаңтар айынан 2013-жылғы маусым айына дейінгі кезеңде Kcell 

желісіндегі 1 Мб интернет-трафиктің орташа құны 17 еседен 

астамға төмендеп, трафик 166 есе өскен. Бұл компаниямыздың 

елдің дамуына және жоғары дамыған елдермен сандық теңсіздікті 

жоюға қосқан үлесі», — деп атап көрсетті Бауыржан Аязбаев.

«Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігінің бас директоры Әділ 

Мамажанов атап өткендей, биыл марапаттарды табыс ету кезінде 

тауар не қызмет өндірумен айналысып, өз салаларын дамытуға 

нақты үлес қосып отырған жаңа экономика компанияларына 

басымдық берілді. «Ол — кеңестік заманнан кейін пайда болып, эко-

номиканы әртараптандыруға және оның тұрақты өсіп отыруына 

септігін тигізіп отырған шикізаттық сектордан тыс компаниялар» 

— деді ол. 



Биыл ҚазаҚстанның 

аса ірі компанияларының рейтингі 

екі есе өсті, қазір онда 200 отандық бизнес кәсіпорны қамтылған. 

«Сарапшы-200» қатысушыларының үлесіне елдің ІЖӨ 74%-ы 

келеді екен. Бұл тізімнің кеңеюі қазақстандық компаниялар 

айналымының жоғары шоғырлану дәрежесіне жеткенін көрсетіп 

отыр: ең ірі 10 компания рейтингтегі жалпы кірістің 60%-нан 

астамын берсе, келесі жүз компания осы көрсеткіштің 9%-ын 

ғана берген. Дегенмен, қалған компаниялар Қазақстанның 

шикізаттан тыс секторын айқындауға мүмкіндік берді, себебі 

олардың қатарында пайдалы қазбаларды өндіретіндері аз ғана. 

Жаңа экономика сегментіне тәуелсіздік жылдары ішінде 

құрылған немесе түбегейлі жаңғыртылған және жер қорын 

өндірумен айналыспайтын компаниялар енгізілді. Еліміздің ең 

ірі  200 компаниясының ішінде 100-ден астамы осы талапқа 

сай келді. 2012- жылдың қорытындысы бойынша олардың 

кірісі 20%-ға ұлғайып, 4,5 трлн теңгені құрады (бұл рейтингтегі 

жиынтық кірістің 20%-ы). Бұл орайда әңгіме бірінші кезекте сауда, 

коммерциялық банктер және телекоммуникациялар жайлы болып 

отыр. Рейтинг агенттігі тізімінің жартысынан астамын құрайтын 

кәсіпорындар осы салаларда жұмыс істейді екен. 

 «Сарапшы-200» Қазақстанның ең ірі компаниялар рейтингі» 

деректеріне жүгінсек, Қазақстанның ең ірі  200 компаниясының 

2012-жылдың ішіндегі өткізу көлемі 22,3 трлн теңгені ($149,6 

млрд) құраған, яғни былтырғымен салыстырғанда 6%-ға ұлғайған. 

Алайда былтырғы рейтинг кезінде белгіленген отыздан астам 

пайыз өсімге қарағанда, бұл осал көрсеткіш. Рейтингке кірген 

компаниялардың жиынтық кірісінің осылайша тежелуі мұнай 

және газ өндіруші, сондай-ақ металлургия кәсіпорындары кірісінің 

баяулағанынан шығып отыр. 

«2012 жылдың қорытындысы бойынша мұнай компания-

лары кірісінің өсімі 0,4%-ды құраған, ал былтыр негізгі мұнай 

компанияларының өнім өткізу көлемі 40%-ға ұлғайған болатын, 

— деп әңгімеледі «Эксперт РА Казахстан» бас директоры Әділ Ма-

мажанов. — Бұл жер мен көктей айырмашылықты, бір жағынан, 

кен өндіру көлемінің, екінші жағынан, көмірсутегі бағасының 

тұрақтантануымен түсіндіруге болады. Атап айтсақ, 2011 жылы 

Brent сұрыпты мұнайдың әлемдік бағасы 39%-ға өссе, 2012-ші 

жылы оның өсімі 1%-дан кем мөлшерді құрады».

Биылғы жылы көпшілік сұранымға бағдарланған салалар, 

соның ішінде сауда, қаржы секторы және телекоммуникация 

салаларындағы компаниялар ірі өсім берген. 

Сонымен қатар форум аясында Қазақстанның аса ірі компа-

ниялары марапатталды. Еліміздің аса ірі 200 компаниясының 

ішінде 17-ші орынды алған Kcell компаниясы қатарынан 

екінші рет Қазақстанның телекоммуникациялық саласының 

көшбасшысы мәртебесін иеленді. «Эксперт РА Казахстан» 

сарапшыларының бағалауынша, 2012-жылдың қорытындысы 

бойынша өнім өткізу көлемінен Kcell Қазақстанның 

телекоммуникациялық саладағы ең ірі компаниясы болып табы-

лады. 

Бұл марапат туралы сөйлеген сөзінде «Kcell» АҚ бас атқарушы 



директоры Али Аган: «Біз үшін «Телекоммуникация саласының 

көшбасшысы» аталымында екінші рет жеңімпаз атануымыз 

— ерекше мақтан тұтар жағдай. Біз ел тәуелсіздігі кезеңінде 

туындап, табысты түрде дамып отырған Қазақстанның жаңа 

экономикасының дамуына қуана үлес қосамыз. Өзіміздің бірегей 

біліміміз бен сараптамамызды озық байланыс технологияларын 

дамыту үшін қолдануды жалғастырып, ұялы байланысты бұдан 

да қолайлы әрі қолжетімді ететін өнімдер мен қызметтерді 

нарыққа шығармақпыз».

Үстіміздегі жылдың қазан айында компания еңбек өнімділігі 

бойынша Ресейде өткізілген «Эксперт РА»  рейтингінде ТМД 

елдерінің ірі бизнестегі 50 көшбасшысы қатарына кірді. Бұл 

рейтингте Kcell Ресей мен Украинаның өзге ұялы байланыс 

операторларынан озып түсті. Сарапшылардың бағалауынша, 

Kcell компаниясындағы еңбек өнімділігі «Газпром», «Роснефть», 

«Трансаэро» және «Балтика» сияқты корпорациялардағыдан 

жоғары. «Сарапшы-400» тізіміне енген компаниялардағы 

еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда орташа есеппен $183 мың 

құрайды екен. «Эксперт РА» талдаушыларының пікірінше, еңбек 

өнімділігін арттырудың негізгі құралдары бизнес үдерістерін 

жақсарту, озық технологияларға ауысу және кадрлардың 

біліктілігін арттыру болып табылады. Бұл орайда ресейлік рей-

тинг агенттігінің сарапшылары ресейлік компаниялардың ТМД 

Б

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

7

талдау


Кселл 2013 жылдың 

3 тоқсанына есепті 

жариялады

Kcell «тур алматы»

веложарысын қолдады

Kcell — III 

Еуразиялық спорт 

ойындарының ресми 

ұялы байланыс 

операторы

Kcell 6 қазан Күні оңтүстіК 

астанада өткен «Тур Алматы» («Tour of 

Almaty») халықаралық веложарысының 

ресми демеушісі болды. «Тур Алма-

ты»  қатысушылары әлемнің 16 елінен 

келді. Жарыста жеңіс үшін 20 команда 

күресті: үш кәсіби континентальдық

12 континентальдық команда,  үш 

ұлттық, бір аймақтық және бір клуб. 

Қазақстандық спортшыларға «ITERA-

KATUSHA TEAM», азербайжандық 

веложоба «Synergy Baku Cycling Project» 

секілді атақты спорттық ұжымдар, 

Италия, Австрия, Украина, Латвия, Иран, 

Ирландия, Бруней, Нидерланды, Франция, 

Польша, Өзбекстан, АҚШ және Молдавия 

командалары қарсы тұрды. Қазақстаннан 

қатарынан үш команда шығады: ұлттық 

құрама, континентальдық «Astana» ко-

мандасы және «Vino 4-ever» клубы.

Осы оқиға жайлы айта отырып, 

«Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Али 

Аган: «Біз үшін Қазақстан жерінде өтіп 

жатқан алғашқы кәсіби халықаралық 

веложарыс – «Тур Алматының» рес-

ми демеушісі болу үлкен мәртебе. 



Kcell 2013 жылдың қыркүйек 

айының 14-нен 20-на дейін Алматы-

да өтетін қыздар мен жасөспірімдер 

арасындағы III Еуразиялық спорт 

ойындарының ресми ұялы байланыс 

операторы болды. Еуразиялық ойындар 

ауыр атлетика және жеңіл атлетика, 

бокс, суда жүзу, велоспорт, спорттық 

және көркем гимнастика, қазақша күрес 

және т.б. секілді спорттың 13 түрінен 

тұрады. Жарысқа Қазақстаннан, Бела-

русиядан, Ресейден, Қырғызстаннан 

және Тәжікстаннан 1000 спортшы 

және 500 жаттықтырушы қатысты. 

Ойындар Еуразиялық кедендік одақ 

шеңберінде ұйымдастырылып, ЕурАзЭҚ 

Мемлекетаралық кеңесінің қолдауымен 

өткізілді.

«Қазақстанда дарынды спортшы-

лар көп. Қазақстандықтар 13 медаль, 

соның ішінде 7 алтын медаль жеңіп 

алған Лондонда өткен соңғы Олимпи-

ада ойындары осының дәлелі. Аталған 

жарыс Қазақстанға жақын болашақта 

әлем және Олимпиада ойындарының 

Чемпиондарының тізімін толтыра алатын 

жаңа есімдерді ашуға көмектесетініне 

сенімдімін» — деп атап өтті, «Кселл» АҚ 

бас атқарушы директоры Али Аган.

Қазақстандық «Astana Pro Team» 

кәсіби велокомандасы  тек ел ішінде 

ғана емес, сонымен қатар, шет елдер-

де де танымал. Қазақстанда кәсіби 

велоспортпен қоса, велоқозғалыс та 

белсенді дамып келеді, оған қосылған 

адамдар саны жылдан жылға артуда, 

соның ішінде, біздің компанияның 

қызметкерлері де бар. 

«Тур Алматы» — бұл Қазақстанның 

ең жоғарғы деңгейдегі халықаралық 

тас жолдық веложарыстар өткізілетін 

елдердің санына қосылуына септігін 

тигізетін бірінші қадам екендігіне 

сенімдімін» — деп атап өтті.

«Тур Алматы» — бұл Қазақстан 

жеріндегі Халықаралық 

Велосипедшілер Кеңесінің (UCI) 

қамқорлығымен ұйымдастырылған 

алғашқы кәсіби веложарыс. Оған 

кәсіби тас жолдық велокомандалар 

қатысады. UCI және Қазақстанның 

велосипед спортының Федераци-

ясы бір күндік «Тур Алматы» тас 

жолдық жарысының өткізілуі туралы 

меморандумға 2013 жылдың ақпан 

айында қол қойды. 

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

8

9



жаңалықтары



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал