Қазақстандық патриотизм, демократиялық ҚҰндылықтар және тарих сабақтастығЫ



жүктеу 121.42 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі121.42 Kb.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 

ПАТРИОТИЗМ, 

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ 

ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ТАРИХ САБАҚТАСТЫҒЫ   

 

Жүгенбаева Гүлбану, тарих ғылымдарының докторы,  

Ш.Ш.Уәлиханов  атындағы  Тарих  және  Этнология 

институтының  Тарихнама,  деректану  және  тарих 

методологиясы бөлімінің меңгерушісі 

 

Тәуелсіздікке ие болу арманы  сан ғасырлық мұратына айналған қазақ 

халқы  бодандықтың  сабағы  мен  азаттықтың  құдіретін  терең  пайымдаған. 

Рухының биіктігі мен сағы сынбас  болмысын талай мәрте тарих сынағынан 

өткізген халқына елбасы  болу міндеті жүктелген тұңғыш президентіміз Н.Ә. 

Назарбаевтың    саясаткерлігі  мен    қайраткерлік  тұлғасы  әлемді  мойындатып 

отыр.  Империялық  отарлық  билікті,  кеңестік  тоталитарлық  жүйені  көрген, 

бір  кездері  саны  келімсек  ұлттардан  азайып  кеткен  елде  мемлекеттілікті 

жариялап,  түрлі  сипаттағы  қақтығыстармен,  дүмпулердің  алдын  алып, 

қоғамда жасампаздық рухты қалыптастырды.  

  Адамзат  үшін  ең    басты  құндылық  –  бейбіт,  берекелі  өмір.  Бұл 

құндылық  қазақ  мемлекетінде  1995  жылы  30  тамызда  қабылданған  елдің 

негізгі  заңы  –  конституцияның  бірінші  бабында  айқын  негізделіп 

жүйеленген,  яғни,  республика  қызметінің  түбегейлі  принциптері:  қоғамдық 

татулық  пен  саяси  тұрақтылық;  бүкіл  халықтың  игілігін  көздейтін 

экономикалық  даму;  қазақстандық  патриотизм;  мемлекет  өмірінің  аса 

маңызды 

мәселелерін 

демократиялық 

әдістермен, 

оның 

ішінде 


республикалық  референдумда  немесе  Парламентте  дауыс  беру  арқылы 

шешу[1].  Сондай-ақ  1995  жылы  1  наурызда  Қазақстан  халықтарының 

Ассамблеясының  құрылуы[2]  көп  ұлтты  қазақстандық  қоғамда  тыныштық 

пен  тұрақтылық  жағдайын  орнықтыруға  жасалынған  лайықты  шешім 

болатын. 

Сіз  бен  біз  куә  болып  отырған  еліміздің  амандығы  мен  бүтіндігі  ең 

алдымен халқымыздың тарихи жадының мықтылығы мен тарих сабағына ден 

қоятын  зерделілігінен  десек  керек.  Тіптен  осы  заманғы  демократиялық 

құндылықтарға  басымдық  таныту,  ұлттық,  тектік  бірлікті  тарихи  зердемен 

тоғыстыру,  басқа  ұлттарды  мұқатпау,    діни  және  ұлт  араздық  ықтимал 

жәйттердің  алдын-алу,  ортақ отандастар  тағдыры  сынды  мемлекет үшін  аса 

маңызды  мәселелердің  ерекше  нысанаға  алынғанын  өткен  ХХ  ғасыр 

басындағы тарихымыздан көреміз.  

Бұл  істің  басында    ұлт  мүддесіне  қызмет  етуді  өмірлік  қағидатқа 

айналдырған  қазақ  халқының  өз  арасынан  шыққан  зиялы  қауым  тұрды. 

Сондықтан  ділінде  дархандық  пен  жомарттық,  кеңпейілділік  пен  ашықтық, 

қабілет  пен  даналық  үйлескен  халқымыздың  тарихи  деректердегі  ұлттық 

белсенділігін,  ұйыстырушы  рөлін  айқындап,  насихаттаудың  қазіргі 

қазақстандық қоғам мен жас ұрпақ үшін тағылымдық мәні зор. Саяси азаттық 

пен  рухани  азаттықтың  тең  дәрежеде  жүргізілуі  ұлттың    өзін-өзі 



мойындауына,  дербес  ірі  ұлттық  мемлекет  ретінде  өркендеуіне  аз  әсер 

етпейді. 

Жоғарыда  жазғанымыздай,  ХХ  ғасыр  басында  қазақ  халқының  өз 

алдына  дара  жұрт  болып  ұйысуында  демократиялық  құндылықтарды 

енгізуге,  ұлтаралық  келісімді  орнықтыруға    қоғамдық-саяси  қызметтері  мен 

қоғамдық-саяси  көзқарастарында  ұлт  зиялылары  көрсетті.  Мұны  сан  алуан, 

әр  түрлі  тарихи  деректер  нақтылап,  айғақтап  береді.  Мәселен,  1917  жылы 

түркі  халықтарының  заманауи,  демократиялық  ел  болуға  ықыласын 

«Түркістан» автономиясы мен «Алаш» автономиясы жүзеге асырды. Ұлттық 

автономиялар  тарихына  қысқаша  тарихи  шолу  жасау,  қазақ  халқының  ғана 

емес,  туыстас  түркі  халықтарының  да  еңсесін  көтеріп,  жігерлендіреді, 

жаһанданудың  теріс  зардаптарынан  сақтандырады,  тәуелсіз  мемлекеттің 

азаматы мәртебесін сезінуге, қадірлеуге шақырады. 

Сол  кезеңде  түркі  халықтарының  арасында  қоғамдық-саяси  күрес 

сынағында  қазақ  зиялыларының  үлесі  аз  болмағаны  мәлім.  1917  жылы 

қараша  айында  құрылған  Түркістан  автономиялық  үкіметінде  қазақ 

зиялылары  көшбасшылық    жасады.  Түркістан  халықтарының  Ресей 

империясына 

тәуелді 

кезеңінде 

тұңғыш 

ұлттық-демократиялық 



мемлекеттілікке  ұмтылысы  қазақ  зиялылары  Мұхамеджан  Тынышбаев[3], 

Мұстафа Шоқай[4] есімдерімен тығыз байланысты болды. 

 Түркістан автономиясының ғұмыры ұзақ болмаса да, оның  идеясы XX 

ғасыр  басында  қаланған.  Өлкедегі  ұлт-азаттығы  күресі  идеологиясының 

қалыптасуында  өзіндік  орны  бар  жәдиттік  қозғалыс  ықпалдылық  танытқан. 

Мәдени-ағартушылық 

бағыт 

ұстанған 



қозғалыс, 

бірінші 


орыс 

революциясынан  (1905-1907  жж.)  соң  саяси  сипат  ала  бастаған.  Жәдидтік 

қозғалыстың  көрнекті  өкілдері  М.  Бехбуди,  М.  Қари,  У.  Ходжаев  және  т.б. 

қоғамдық-саяси  көзқарастары  М.  Тынышбаев,  М.Шоқай  сияқты  зайырлы, 

кәсіби білім алған қазақ зиялыларының ой-пікірімен толысты.  Жәдидшілер 

Түркістан  өлкесін  реформалау  жолында  күрес  жүргізеді.  Олар  патша 

үкіметінен  өлке  халқының  ұлттық  дамуына  жауап  бере  алатын  саяси 

жеңілдіктерді  талап  етті.  Бұл  мақсатқа  жету  үшін  үкіметке  петициялар 

жазып,  Мемлекеттік  Дума  мінбелерінде  пайдаланады.  Оларды  бұл  кезеңде 

мәдени-ұлттық автономия мәселесі ғана толғандырған [5]. 

Түркістан  өлкесіндегі  ұлттық  қозғалысқа  1917  жылғы  ақпан  төңкерісі 

күрделі  бетбұрыс  әкеледі.  Бүкіл  Ресей  империясы  халықтары  өмірін 

өзгертетіні  туралы  ақпан  төңкерісінің  “қағидаларына”  сенген  жәдидшілер 

қоғамды  жаңарту  ісіне  атсалысуға  кірісті.  Төңкерістің  демократиялық 

мүмкіндігі  көп  кешікпей  сарқылса  да,  ұлттық  қозғалыс  жаңа  қарқынмен 

күшейе  түсті.  Жаңа  тарихи  жағдайға  байланысты  енді,  ұлттық-

территориялық  автономияға  қол  жеткізу  үшін  күрес  басталады.  Мұндай 

белсенділік  Түркістан  өлкесіндегі  келімсектерден  құралған  түрлі  саяси  

партияларды  қатты  алаңдатты.  1917  жылы  9-16  сәуір  аралығында  Ташкент 

қаласында  өткен  Түркістан  өлкесінің  атқару  комитеттері  съезі,  мұсылман 

саяси  ұйымдары  мен  европалықтар  арасында  болған  қызу  пікір-таласымен 

көзге түседі. Дискуссия “демократиялық Ресейдің” болашақтағы мемлекеттік 



құрылымын  анықтау  туралы  мәселеден  шықты.  Мұнда,  белгілі  қайраткер 

А.З.  Валиди  Ресейдің  федерациялық  құрылымға  негізделуі  туралы  ұсыныс 

жасап,  Түркістанға  кең  көлемде  автономия  берілуін  айтқан  болатын.  Бұған 

съезге  қатысушы  европалықтар  барынша  қарсы  шығады.  Олар  жергілікті 

халықтың  мәдениетін  сынап,  отар  елдерге  шектеулі  ғана  автономиялық 

құқықтар берілуі тиіс деген пікір айтты. М. Тынышбаев және М. Бехбуди, И. 

Шоахмедов бастаған түркі зиялылары бұған қарсы батыл тойтарыс беріп, кең 

көлемді автономия алуға Түркістанның толық құқысы бар екенін дәлелдейді 

[6]. 

М.Тынышбаев  кейін,  өзі  төрағалық  еткен  Сырдария,  Ферғана,  Жетісу 



және Самарқанд облыстары қазақтарының съезінде  осы пікірін де қалды [7]. 

Оның  Ресейдің  федеративтік-демократиялық,  парламентттік  республика 

болуын жақтаған ұсынысын съезд қабылдайды. Түркістан өлкесіндегі ұлттық 

қозғалыстың  белгілі  өкілі  демократиялық  принципті  берік  ұстанды.  Оны 

Ташкентте маусым айында өткен “Біртұтас Түркістан Думасы” және “Сайлау 

туралы  заң”  үшін  болған  мәжілісте  тағы  дәлелдеді.  Түркі  зиялыларының 

арасына  от  тастап,  мұсылман  халықтарын  менсінбеген  еврей  Фиттерманға: 

“...  Бұл  мәжілісте  орыстар  атынан,  великоросс,  украиндық,  не  еврей  сөйлей 

ме,  бізге  бәрібір,  ал  сіз  болсаңыз  тайпааралық  қақтығыс  сынасын  біздің 

арамызға  қаққыңыз  келеді.  Біздерде  де,  сіздердегідей  жекелеген  саяси 

партиялық топтар болуы мүмкін, бірақ тайпалық жекелеген топтар емес. Ұлт 

ретінде  біздер  біртұтаспыз.  Мен  Жетісу  губерниясының  қазағымын,  бірақ 

Валидимен пікірлеспін. Сондықтан да, басқа да мұсылман зиялылары тәрізді 

осында,  халық  санына  сәйкес  жалпыға  бірдей  сайлау  құқы  туралы 

демократиялық  заңды  қалаймын”[8]  -  деп  жауап  қайтарады.  Оның  кейін 

Түркістан  автономиясын  басқарған  кезінде  де,  демократиялық  тәртіп 

орнатуға тырысқанын дәлелдейтін фактілер жеткілікті. 

17-20  қыркүйек  аралығында  Ташкентте  өткен  Түркістан  және  қазақ 

мұсылмандарының  съезі  де  автономия  алу  идеясын  іс  жүзіне  асыруда 

маңызды  қадам  болған  еді.  Съезде  Түркістан  өлкесін,  Ресей  демократиялық 

мемлекеті  құрамындағы  территориялық-  автономиялық  федерация  ретінде 

құру туралы шешім қабылданады [9]. 

Қазан    төңкерісі  өлкедегі  автономиялық  қозғалысты  одан  сайын 

жандандыра түсті. Большевиктердің 1917 жылы 2 (15) қарашада жарияланған 

“Ресей  халықтарының  құқықтары  туралы  әйгілі  декларациясы”  мен  20 

қарашада  (3-желтоқсан)  жарияланған  “Ресей  мен  Шығыстың  еңбекші 

мұсылмандарына” атты үндеуі [10] алғашқы кезде түркістандықтарды өзінің 

“жүрекжарды”  мазмұнымен  баурап  алды.  Отар  елдер  өзін-өзі  билеуге,  тіпті 

бөлініп шығып жеке мемлекет құруға толық құқылы екендіктері, мұның бәрі 

төңкерістің  күшімен  оның  органдары  арқылы  барынша  қорғалатындығы 

жөнінде  Лениндік  басшылық  берген  уәде,  өлке  халқына  ұлттық  және 

әлеуметтік  езгіден  азат  болатындығы  туралы  үміт  берді.  Алайда,  орталық 

Ресейдің  әлеуметтік  төңкерісінің  Түркістанда  шовинистік  пиғылдағы 

отаршыл-келімсектер  қолымен  жүзеге  асырылуы  сонымен  бірге,  сенімсіздік 



туғызды.  Бұл  себептер  автономшыларға  нақты  шешімдер  қабылдауға 

мәжбүрледі. 

1917  жылы  26  қарашада  Қоқан  қаласында  ІV  Төтенше  өлкелік 

мұсылмандар съезі ашылды. Оған Ферғанадан - 150, Сырдария облысынан - 

22,  Самарқандтан  -  21,  Закаспийден  -  1,  Бұхарадан  -  4  адам,  сонымен  бірге 

Шурои исламиядан, Шурои улемадан, мұсылман-әскерлер кеңесінен, өлкелік 

еврейлер  ұйымынан,  европалық  партиялардан  өкілдер  қатысады.  Съезді 

Өлкелік  мұсылман  кеңесінің  және  съезді  ұйымдастыру  бюросының  мүшесі, 

Петербург университетінің заң факультетінің түлегі Мұстафа Шоқай ашады. 

Ол  кіріспе  сөзінде  қазан  төңкерісінің  нәтижесі  -  Түркістанның  өз  тағдырын 

өзі шешуі керектігін көрсеткенін жеткізді [11]. 

Бұл  съезд  -  кеңестік  тарихнамада  ұлтшылдар  мен  реакциялық 

діншілдердің  тобыры  деп  бағаланды.  Керісінше,  съезд  барысында  айтылған 

пікірлер,  қабылданған  шешімдер  “барып  тұрған  ұлтшылдар  мен  соқыр 

сенімге  ессіз  берілген  діншілдердің”  өресінен  әлдеқайда  жоғары  еді.  Үш 

күнге  созылған  съезд  қорытындысы  бойынша,  бүкіл  үкімет  билігі  М. 

Тынышбаев басқаратын Түркістан Уақытша Үкіметі (министрлер кеңесі) мен 

54  мүшесі  бар  Халық  билігі  кеңесіне  берілді.  Сыртқы  істер  министріне  М. 

Шоқай, ал ішкі істер министрлігінің орынбасары болып Әбдірахман Оразаев 

тағайындалды  [12].  Үкіметтегі  мұндай  жауапты  қызмет  орындары  қазақ 

зиялыларына  тапсырылуы,  олардың  ерекше  беделін  және  халыққа 

танымалдылығын  көрсетеді.  Мұның  өзі  “Түркістан  автономиясының” 

Қазақстан тарихында  арнайы қарастырылуы қажеттігін дәлелдейді. Сонымен 

бірге,  қазан  төңкерісі  қарсаңында  Түркістан  генерал-губернаторлығы 

құрамында  қазақтар  болғанын  ескерсек,  аталмыш  мәселенің  тарихымыздың 

құрамдас бөлігі болып табылатынын көреміз. 

Съезд  қабылдаған  резолюцияда  Түркістанның  болашағы  былай 

көрсетілді:  “ІV  Жалпымұсылмандардың  өлкелік  төтенше  съезі  ұлы ресейлік 

төңкеріс  жария  еткен  негізде,  Түркістан  халықтарының  өзін-өзі  билеуіне 

ықылас  білдіре  отырып,  Түркістанды  Ресей  Федеративтік  республикасымен 

ынтымағы бір территориялық автономия жариялады.  Автономия шарттарын 

белгілеп  бекітуді  таяуда  шақырылатын  Түркістан  Құрылтайы  еркіне  береді, 

сондай-ақ  Түркістанда  тұрып  жатқан  басқа  да  халықтардың,  құқығы  толық 

сақталатындығын салтанатты түрде мәлімдейді”[13]. 

ІV өлкелік мұсылмандар съезі өзінің ерекше демократиялық бағытымен 

көзге  түсті.  Халық  билігі  кеңесіндегі  54  орынның  18-і  өлкедегі  түрлі 

европалық  ұйымдарға  берілуі,  автономияның  демократиялық  негізін 

көрсетеді.  Мұндай  демократиялық  көрініс,  болашақ  сайлау  жүйесінде  де 

анық  байқалды.  Автономияшылар  Түркістан  өлкесіндегі  ірі  этникалық 

топтарға сайлануға шектеулі ғана орын белгілейді. 1917 ж. 28 қарашада жаңа 

мемлекеттік  құрылымға  Түркістан  автономиясы  (“Түркистон  Мухторияти”) 

атауы  берілді[14].  Осылайша  өлкедегі  автономиялық  қозғалыстың  нәтижесі 

демократиялық мемлекеттікті  өмірге әкелді. 

Түркістан автономиясының жағдайы ауыр болды. Экономикалық және 

саяси тұрғыдан автономия әлсіз еді. Оның үстіне түркістандық большевиктер 


“әлі  де  санасы  оянбаған  ұлтшылдармен”  билікті  бөліскісі  келген  жоқ. 

Дегемен, М. Тынышбаев басқарға Уақытша Үкімет олармен ымыраға келудің 

жолдарын  іздестіріп,  бейбіт  қатынастар  орнатуға  тырысты.  Осы  мақсатпен 

25-желтоқсанда  Қоқан  қаласында  жұмысшы,  солдат  және  мұсылман 

депутаттарының  І  төтенше  съезі  шақырылды.  Бұған  қалалық  жұмысшы, 

солдат  ұйымдарынан,  облыстық  кеңестерден  және  өлкенің  облыстары  мен 

қалаларынан  200  депутат  қатысады.  Демократия  мәселесі  тағы  да  назарға 

алынды.  Сөйтіп,  съезге  қатысушы  жұмысшы,  диқан  депутаттары  Халықтық 

Кеңес  құрамына  енгізілді.  Мұның  өзі  олардың  Кеңестің  үштен  бірін 

құрауына  әкелді.  Съезд  Түркістан  автономиясын  толық  қолдап, 

Петроградтағы  Халық  Комиссарлары  кеңесіне  төмендегідей  мазмұндағы 

жеделхат  жолдайды.  Онда  Түркістан  өлкесіндегі  қоғамдық  ұйымдар,  түрлі 

шерулер автономиялық үкіметті мойындайтындығы хабарланды.  

Жеделхатта  Түркістанда  барлық  үлес  салмағы  2-ақ  пайыз 

еуропалықтардың Халықтық Кеңес құрамында 33 пайыз екендігі көрсетілді. 

Съезд  лениндік  үкіметті  Ресей  демократиялық  республикасының  жоғары 

билік  органы  ретінде  қабылдайтынын  білдіреді.  Соған  сәйкес  үкіметтен, 

Ташкент  Халық  Комиссариаты  Кеңесін  тарату  туралы  бұйрық  беруді,  ал 

М.Тынышбаев  басқаратын  Уақытша  Үкіметті  өлкенің  заңды  билік  орны 

ретінде тануды сұрады. Бұл шараның, Түркістанға ірі апат  әкелетін анархия 

мен  қосүкіметтіліктің  алдын  алуға  мүмкіндік беретіні ескертілді.  Смольный 

әрине,  бұл  телеграф  нотасына  селт  еткен  жоқ.  Ешқандай  жауап 

қайтарылмады [15].  

Осы  кезеңнің  куәгері,  белгілі  қазақ  зиялысы  Нәзір  Төреқұлов, 

автономияның басты үкіметпен (бүл жерде Кеңес үкіметі) қатар өмір сүрудің 

барлық саяси этикетін және осыған байланысты сол заманғы саяси әдептілік 

шарттарын  толық  сақтағанын  жазады  [16].  Алайда,  бұл  да  большевиктік 

биліктің “түземдік” өкіметке көзқарасын өзгертпеді. 

1918  жылы  қаңтар  айының  соңында  большевиктер  автономияны 

күшпен  таратып  жіберді.  Қоқан  қаласы  қызыл  қанға  боялды.  Сөйтіп, 

түркістандықтардың  Ресей  «демократиясына»  сүйеніп,  өз алдына  ел  болмақ 

талпынысы қасіретпен аяқталды. 

Келесі  қазақ  түркілерінің  мемлекеттік  бірігуінің  белгісі  «Алаш 

автономиясы»  тағдыры  да  осындай  сипат  алды.  1917  жылы  5-13  желтоқсан 

аралығында  Орынбор  қаласында  Екінші  жалпықазақ  съезі  өтеді.  Съезд 

төмендегідей  қаулы  қабылдайды:  “...қазанның  аяғында  Уақытша  Үкімет 

түскенін,  Русия  мемлекетінде  халыққа  сенімді  және  беделді  үкіметтің 

жоқтығын,  әкімшілік  жоқ  болған  соң,  халық  арасы  бұзылып,  пышақтасып 

кететіндігі,  бассыздық  күшейіп,  бүкіл  мемлекет  бүліншілікке  ұшырап, 

күннен күнге халықтың күйі нашарлауын және бұл бүліншілік біздің қырғыз-

қазақтардың  басына  да  келуін  мүмкін  деп  ойлап,  бүкіл  қазақ-қырғызды 

билейтін үкімет керектігін ескеріп, съезд бір ауыздан қаулы қылады: 

1)  Бөкей  елі,  Орал,  Торғай,  Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Сырдария  облыстары, 

Ферғана,  Самарқанд  облыстарындағы  және  амудария  бөліміндегі  қазақ 

уездері,  Закаспий  облысындағы  және  Алтай  губерниясындағы  іргелес 


болыстардың жері бірыңғай, іргелі - халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі 

бір болғандықтар өз алдына ұлттық жерлі Автономия құруға

2) Қазақ-қырғыз автономиясы “Алаш” деп аталсын

3) Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі 

болсын; 

...5)  Қазақ-қырғыз  арасында  тұрған  аз  халықтың  құқықтары  теңгеріледі. 

Алаш  автономиясына  кірген  ұлттардың  бүкіл  мекемеде  санына  қарай  орын 

алады... 

...6)  Алаш  облыстарын  қазіргі  бүліншіліктен  қорғау  мақсатымен  Уақытша 

Ұлттық  Кеңес  құрылсын.  Мұның  аты  “Алашорда”  болсын.  Алашорданың 

ағзасы  25  болып,  10  орын  қазақ-қырғыз  арасындағы  басқа  халықтарға 

қалдырылды. Алашорданың уақытша тұратын орны - Семей қаласы. 

Алашорда  бүгіннен  бастап  қазақ-қырғыз  халқының  билігін  өз  қолына 

алады”[17]. 

Бірақ 1917 жылғы қараша айынан бастап, 1918 жылдың сәуіріне дейінгі 

аралықта  Қазақстан  территориясында  Кеңес  үкіметінің  орнауы  Алашорда 

қызметін  тоқтатып  тастады.  Алашорданың  орталық  Кеңес  үкіметімен 

жүргізген  келіссөздері нәтижесіз аяқталды.  

Алаш  қайраткерлерінің  басқа  да  ұлттық  қозғалыстар  тәрізді 

федерацияны  қолдағаны  белгілі.  Олар  қазақ  қоғамының  сол  кезеңдегі  даму 

жағдайын  ескерді.  Ал  Кеңес  үкіметі  үшін  федерация  тек  социалистік 

унитаристік  мемлекетке  барар  жолдағы  өтпелі  кезең  ғана  болды.  Олар 

федерацияны жұмысшылар мен шаруалардан құралған Кеңес үкіметі түрінде 

ғана “қабылдады”. 

 Большевиктердің  таптық  мүддесіне  жалпыұлттық  мүддені  қарсы 

қойған Алашорда Кеңес үкіметімен нақты келісімге келе алмады. Мұның өзі 

“контрреволюциялық” әрекетпен қоса, күннен-күнге белең алып келе жатқан 

азамат  соғысында  Алашорданың  ұстанар  бағытын  анықтауды    қажет 

етті.1918  жылдың  маусым  айының  басында  Сібірде  большевиктерге  қарсы 

төңкеріс жасалды. Бұл хабарға тағы да М. Тынышбаев сөзімен айтсақ, “дала 

жандана 

бастайды”. 

Алашорда 

үкіметі 


“бостандықтың 

жауы-


большевизммен”  күресу  үшін,  кеңестік  билікке  наразы  жақпен  бірікті. 

Осындай күштер қолдауы арқылы Алашорда өз мақсаттарына жетуді көздеді. 

Алашорданың бұл бағыттағы алғашқы байланысы, Уақытша Сібір үкіметімен 

болды.  Уақытша  Сібір  үкіметі,  1918  жылы  8-ақпанда  большевиктер 

тұтқындаған  Сібір  облыстық  Думасының  орнына  жасырын  құрылды  [18]. 

Алаш  қайраткерлерінің  Сібірмен  нақты  байланысы  негізінде,  бұдан  да 

ертерек жасалды. 

 1917  жылы  15-қазанда  Сібір  автономиясын  құру  туралы  шешім 

қабылдаған  Жалпысібір  съезі  өтеді.  Онда  қазақ  елі  Сібір  автономиясы 

құрамына уақытша қосылатындығы туралы келісім жасалды. Үкімет органы - 

Сібір кеңесіне жалпықазақ жұрты атынан Ә. Бөкейханов пен М. Тынышбаев, 

облыстардан  Х.  Fаббасов,  И.  Итбаев  және  С.  Досжанов  кірді.  Бірақ  көп 

кешікпей  Қазақстанның  солтүстік  қалаларын  Кеңес  үкіметінің  басып  алуы, 

Сібірмен  байланысты  үзіп  тастады.  Енді  Кеңес  үкіметінің  құлауы  бұрынғы 



байланыстарды  жалғастыруға  мүмкіндік  берді.  Уақытша  Сібір  үкіметінің 

күшейе бастағанына сүйенген Алашорда, өз алдына белсенді әрекет жасауға 

кіріседі.  Екінші  жалпықазақ  съезі  шешімдерін  іс  жүзіне  асыру  талпынысы 

байқалады.Оны  жүзеге  асыруды  үкімет  төрағасы  Ә.  Бөкейханов,  үкімет 

мүшелері М. Тынышбаев, Х. Fаббасов 24 маусымда Кеңес үкіметінің барлық 

декреттерінің, автономия территориясында күші жойылатыны туралы қаулы 

қабылдаудан бастайды. Сол күні Алашорда үкіметінің бірнеше мынадай заң 

актілері  де  өмірге  келеді:  1.  Үкімет  жанында  үш  адамнан  тұратын  әскери 

кеңес (жергілікті жерлерде әскери кеңес құрумен, жігіттерді большевиктерге 

қарсы күреске шақыру құқы берілген әскери министерство функциясы) құру; 

2.  Жергілікті  жердегі  темір  жол  (автономия  территориясында  темір  жол 

құрылысын,  Алашорда  арқылы  салу)  туралы;  3.  Мемлекеттік  салық 

(Халықтан  жиналатын  мемлекеттік  салық  Алашорда  кассасына  түсуі  және 

түтін  салығын  жинауға  жедел  кірісуі)  туралы;  4.  Алаш  автономиясының 

территориясында  уақытша  жер  пайдалану  (Бүкілресейлік  құрылтай 

жиналысы  жер  туралы  заң  қабылдағанша,  Қазақстанда  жерге  деген 

жекеменшіктің  жойылатындығы,  жер  мен  су  байлықтарын  пайдаланудың 

Алашорда рұқсатымен болатындығы, қазақтар мен орыстар арасындағы жер 

дауын жергілікті өзін өзі билейтін земстволық органдар шешуі т.б.) туралы; 

5. “Ар-ождан, сөз, баспасөз, жиналыс, одақ бостандығы және жеке адам құқы 

(Автономия  территориясында  жаңа  заң  шыққанға  дейін,  аталған  мәселеге 

байланысты  Уақытша  Үкімет  жарлығының  күшінде  қалатыны)  туралы;  6. 

Земство туралы (Уақытша Үкіметтің 1917 жылы 17 маусымда енгізген заңы 

бойынша,  Кеңес  үкіметі  таратып  жіберген  земство  мекемелерін  қалпына 

келтіру  т.б.)”.//  Қосымша  да  қазақ  емес  халықтар,  Алаш  автономиясына 

қалуға  ниет  білдірсе,  онда  кеңестердің  земство  жиналысында  сайланатыны 

ескертілді [19]. 

Билікке  таласқан  ресейлік  саяси  күштердің  қай-қайсысы  да  Алашорда 

үкіметімен  келіссөздерінде  ең  алдымен  өз  мүдделерін  алдыңғы  орынға 

шығарды. Мәселен, Уақытша Сібір үкіметі болса, іс жүзінде ұлыдаржавалық 

пиғыл  танытты.  Олар  Алаш  қайраткерлерінің  ел  ішіндегі  беделін  өздерінің 

мақсаттарын  жүзеге  асыруға,  мәселен,  қажетті  сәттерде  әскер  күшін 

жасақтау,  соғыстың  бүкіл  салмағын  халық  мойнына  арту  тағы  басқа 

пайдалануды  көздеді.  Бұл  үкімет  -  Алашорданың  белгілі  бір  үкімет  органы 

ретінде  дербес,  белсенді  әрекет  жасауына  келісе  қоймады.  Олардың 

арасындағы байланыста соған сәйкес, келіспеушілікке толы болды.  Мұрағат 

деректері, өлкеге толық билік жүргізуге ұмтылған Сібір үкіметінің мүддесін 

жүзеге  асырушы  эмиссарларға  аз  да  болса  дербестікке  ұмтылған  Алашорда 

үкіметінің  батыл  қарсылық  білдіріп  отырғанын  көрсетеді.  Мұның  соңы 

Алашорданың,  қазақ  автономиясын  ресми  тану  туралы  талабын  Сібір 

үкіметінің, “нағыз сепаратизмнің белгісі” деп айыптауымен аяқталды [20].  

Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер, тағы бір үкімет 

- Самарадағы Комучпен (Комитет членов Учредительного собрания) қарым-

қатынас  жүргізді.  1918  жылы  8  маусымда  өмірге  келген,  негізінен  эсерлер 

басқарған  бұл  үкімет  демократиялық  принциптерге  беріктігін  бірден-ақ 


байқатты.  Олардың  Алашорда  үкіметіне  жасаған  қатынасынан  да  көрінеді. 

Тамыз  айында  Комуч,  Бүкілресейлік  Құрылтай  жиналысы  шақырылғанға 

дейін,  құрылып  жатқан  басқа  да  үкіметтердің  (Башқұрт,  Орынбор,  Орал 

үкіметтері)  қатарында  Алашорданы  танитындығын  мәлімдеді.  Комитет 

құрамына  -  Құрылтай  жиналысына  Алаш  партиясы  атынан  мүшелер  Ә. 

Бөкейханов, 

А. 

Байтұрсынов, 



Жаханша 

Досмұхамедов, 

Халел 

Досмухамедов,  А.  Бірімжанов,  М.  Тынышбаев,  М.  Шоқай  және  т.б. 



қайраткерлер кірді [21].  

Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады.  Оппозициялық күштерді біріктіру 

мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа 

кеңесі  өтеді.  Кеңесте  жоғарыда  аталған  қайраткерлер  қатынасып, 

бұратаналар  атынан  сөйлеген  Ә.  Бөкейханов  өздерінің  сепаратизмнен  аулақ 

екендігін,  демократиялық-федеративтік  Ресеймен  біртұтас  екендігін 

айтты[22]. 23 қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде, Уақытша Бүкілресейлік 

үкімет Директория жарияланды.  

 Директория  өзі  жойылардан  аз  ғана  бұрын,  4  қарашада  шыққан 

бұйрығымен,  бөлінбейтін  Ресейді  қалпына  келтіру  үшін  барлық  облыстық 

үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, 

уездік  ұйымдарын  ғана  қалдырды.  Орнына  Алашты  басқаратын  (мәдени 

тұрмыстық,  экономикалық  мүдделер  тұрғысынан)  Бас  Уәкілдік  қызметін 

енгізді  [23].18  қарашада  Омбыдағы  төңкеріс  нәтижесінде  бүкіл  билік,  өзін 

“Жоғары  Билеуші”  деп  жариялаған  адмирал  Колчактың  қолына  өтті. 

Автономия  тағдыры  Колчак  кезінде  қалай  болғанын  А.  Байтұрсынов 

“Революция  и  киргизы”  деген  белгілі  мақаласында  былай  деп  көрсетеді: 

“Вчерашний царский слуга Колчак предстал перед киргизами во всем своем 

величии военного диктатора и со всеми прелестями царизма, которые еще не 

изгладились из памяти народа”[24].  

Алаш қайраткерлерiне Бүкiлресейлiк Орталық Атқару комитетiнiң 1919 

жылғы  4  сәуiрдегi  және  1920  жылғы  15  сәуiрдегi  шешiмiмен  амнистия  

жариялаған  [25],  Кеңес  үкiметi    олардың  өткенiн    ұмыта  қоймады.  Түрлi 

әдiспен бүркеленген қудалау ақыры, түркі демократиясының қайраткерлерін 

жаппай қудалап, қырғынға ұшыратып, халық жадынан аластаумен жалғасты. 

 Соған  қарамастан    халықтың  демократияға  бейілдігі,  мемлекетшілдік, 

елдік  бітімі  тоталитарлық  жүйенің  құрсауы  кезінде  де  төмендемеді.  1937-

1938  жылдардағы  саяси  қуғын-сүргіннің  бүкіл  зобалаңын  бастан  өткізген 

халықтың екінші дүние жүзі соғысы жылдарындағы  отаншылдық, батырлық 

келбеттері  аңыз  болып  қалды.  Ал  азаттыққа    ұмтылыстың  мұндай  сыни 

уақытта  да  тоқтамағанын  Мұстафа  Шоқай  мен  оның  серіктерінің  ырықсыз 

мұғажырлықтағы күресі дәлелдейді[26]. 

 Атақты  1986  жылғы  желтоқсанда  қазақ  халқының  жас  өркен  ұл-

қыздарының  демократиялық  бас  көтерулері  тәуелсіздіктің  қадыр-қасиетін 

арттыра түседі[27]. 

Тәуелсіздігін тарихи,  саяси себептермен 100-ден астам ұлттың өкілдері 

қоныстанған  елінде  жариялаған  қазақ  халқы  демократиялық  қоғам  құрудың 

үлгісін жаңа жағдайға байланысты негіздеп, әлемге көрсете алды. Қазақстан 



халықтарының ассамблеясы осының бір көрінісі. Нәтижесінде демократияны 

ту  еткен  елде  этносаралық  төзушілікпен  қоғамдық  келісімнің  қазақстандық 

сыпаты 

пайда  болды.  Саяси 



тұрғыдан 

мәртебесі 

ерекшеленген  

Ассамблея[28]      қазақстандық  патриотизмді,  ортақ  Отан,  елдестер  ұғымын 

сіңіру  және  оны  насихаттауға,  бәсекеге  қабілетті  қазақстан  халқын 

қалыптастыруға қызмет жасайды.  

Демократиялық  заманауи  мемлекетін  құруда  тарих  сабақтастығын 

нақтылы  Қазақстан  жағдайында  айшықтаған  қазақ  халқының  және  оның 

отандастарының  болашаққа  сенімі  нық.Тарихымыздың  тағылымды  сабаққа 

толы кезеңдері мен тәуелсіз ел болуға ұмтылған ата- бабаларымыздың  ерік-

жігерлері мен күрестері  бүгінгі ұрпаққа өсиет, өнеге. 

 

Әдебиеттер 



 

1.

 



Конституция Республики Казахстан. А.,2006. - 40 с. 

2.

 



Қазақстан халықтарының Ассамблеясы http://www.assembly.kz/ 

3.

 



Жүгенбаева  Г.  Мұхамеджан  Тынышбаевтың  өмірі  мен  қызметі.  А., 

2000.-228 б. 

4.

 

Есмағамбетов  К.  Әлем  таныған  тұлға  (М.  Шоқайдың  дүниетанымы 



және қайраткерлік болмысы) - А., Дайк-Пресс. 2008. - 504 б. 

5.

 



Агзамходжаев  С.Туркистон    мухторияти:  борьба  за  независимость: 

Дисс. д.и.н. ...Автореферат. Ташкент, 1996. - 24-26 с. 

6.

 

Валиди  А.З.  Воспоминания.  Борьба  народов  Туркестана  и  других 



восточных  мусульман-тюрков  за  национальное  бытие  и  сохранение 

культуры. Кн.1. Уфа: Китап, 1994. -178-179 с. 

7.

 

Краткая  биография  в  Учредительное  Собрание  //  Семиреченские 



ведомости. - 1917. - 7 октября.  

8.

 



Валиди З. Воспоминания. - 192 с. 

9.

 



Түркістан  автономиясы  //  Бірлік  туы.  -1917.-N17;  Хасанов  М. 

Альтернатива.  Из  истории  Кокандской  автономии  //  Звезда  Востока.-  1990.-

№7. -105с. 

10.


 

Данилов  А.А.  История  России.  ХХ  в.  /Справочные  материалы.  М.: 

Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1996.- 88 с. 

11.


 

Хасанов  М.  Альтернатива.  Из  истории  Кокандской  автономии.  -

Б.107. 

12.


 

Сонда. -Б.108. 

13.

 

Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. -Б. 342-343. 



14.

 

Жугенбаева  Г.Мұхамеджан  Тынышбаевтың  өмірі  мен  қызметі.  А., 



2000. - 56-б. 

15.


 

Турекулов Н. Кокандская автономия. - 60-61с. 

16.

 

Сонда, -Б.62. 



17.

 

Нұрпейісов  К.  Алаш  hәм  Алашорда.  -Б.153-154;  Ермеков  Ә. 



“Жасасын, Алаш, жасасын”. //Сарыарқа.-1918. -22-қаңтар. 

18.


 

Временное Правительство Автономной Сибири // Красный Архив. -

1928. -Т.4(29). -86 с. 


19.

 

Алаш-Орда. Сборник документов. -109-110, 112-113с. 



20.

 

Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История 



движения  Алаш.  -  72-80  с.  ;  Сообщение  о  предложении  Алаш-Орды 

//Сибирская речь. - 1918. - 5 августа. 

21.

 

Байтұрсынов  А.  Революция  и  киргизы  //  Жизнь 



национальностей. -1919. -3 августа; РФ ММ. 749-қ., 1-т., 5-іс, 2-3-пп. 

22.


 

 Жүгенбаева  Г.  Мұхамеджан  Тынышбаевтың  өмірі  мен 

қызметі. А., 2000., - 64-б. 

 

23.



 

Указ 


Временного 

Всероссийского 

правительства 

правительству 

Алаша 



Алаш-Орде 



// 

Вестник 


Временного 

Всероссийского Правительства. -1918. -16 ноября. 

     

24.


 

Байтурсунов А. Революция и киргизы. 

25.

 

Собрание 



законодательства 

Казахской 

Автономной 

Советской  Социалистической  Республики  (1920-1936  годы).  -Алма-Ата: 

Наука, 1969., - 55 с. 

26.


 

Есмағамбетов  К.Л.  Әлем  таныған  тұлға  (М.  Шоқайдың 

дүниетанымы және қайраткерлік болмысы) - А., Дайк-Пресс. 2008. - 504 б. 

27.


 

Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес 

томдық. А., 5-т., 2010. - 90-92 бб. 

28.


 

Қазақстан 

халықтарының 

Ассамблеясы 

http://www.assembly.kz/ 

 

 



 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал