Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017



жүктеу 5.05 Kb.

бет1/16
Дата07.09.2017
өлшемі5.05 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 
 
 

УОК 070 (574)
ББК 76.01 (5 Каз)
П69
ISBN 978-601-06-4251-5
Идея авторы және жоба жетекшісі: Әділ Джалилов
Редакторлар: Анджела Ищанова, Жұлдыз Әбділда 
Дизайнер/қаттаушы: Анастасия Артюхова
Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» 
Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017.
ISBN 978-601-06-4251-5
«Қазақстандағы  практикалық  журналистика  3.0»  –  «MediaNet»  Халықаралық  журналистика  орталығы  2005 
және  2008  жылдары  шығарған  оқу  құралының  үшінші  бөлімі.  Басылымды  медиа  саласындағы  практик 
мамандар ұжымдаса отырып жазып, тәжірибелік тапсырмалар, ұсыныстар және бақылау тесттерін ұсынды.  
Кітапқа қазақстандық және шетелдік сарапшылар мен журналистер жазған тараулар кірді. Кітапқа классикалық 
медиа салалары да (мысалы, «Сұхбат»), қазіргі таңда өзекті болып отырған «Фактчекинг», «Дата-журналистика» 
сынды тараулар да кірді. 
Оқу құралы көпшілік оқырманға арналады, әйтсе де, ең алдымен журналистика факультеттерінің студенттері мен 
оқытушыларына, медиа сарапшыларына, PR мамандарына және ақпарат саласында қызмет істейтіндердің
«Қазақстандағы практикалық журналистика» кітабының үшінші басылымы ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар 
кеңсесі және Қазақстандағы Конрад Аденаэур атындағы қордың қаржылай қолдауымен жарық көріп отыр. 
Бұл  оқу  құралындағы  пікірлер,  тұжырымдар  мен  ұсыныстар  авторларға  тиесілі  және  олар  донорлардың, 
жоба демеушілерінің және «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының ұстанымына сәйкес келуі 
міндетті емес. 
©«MediaNet» ХЖО ҚҚ, 2017
©ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар кеңсесі, 2017
©Қазақстандағы Конрад Аденаэур атындағы қор, 2017
Басуға 15.05.2017 жылы қол қойылды
Форматы А4. Қағазы офсеттік, 80 г/м2.
Таралымы 500 дана.
Тапсырыс №6 «1-Момент Сервис» ЖШС баспаханасында 
басылды

ПРАКТИКАЛЫҚ
ЖУРНАЛИСТИКА
3.0
ҚазаҚСтанДағы
 
 
 

мазмұны
КіріСпЕ
АВТОрЫ
1-БөліМ. ЖурнАлИСТИКАДАғЫ ТӘСілДЕр 
МЕн ТрЕнДТЕр
ИнтеРнеттегі жАңАлыҚтАР.  Вячеслав абрамов
ФАКтчеКИнг Пен веРИФИКАцИя – 
жУРнАлИстің ҚұРАлы. михайло Кольцов
КРеАтИв сАРАПтАмА. Әділ Джалилов
 
2-БөліМ. АҚпАрАТ Алу
АҚПАРАт КөзДеРі: ДеРеККе тОлы ҚОРжыны. Сергей Домнин
сұХБАт жАнРының ҚыР-сыРы. Гүлмира Қамзиева
 
3-БөліМ. ВИзуАлИзАцИя
мУльтИмеДИА тұРғысынАн ОйлАУ. Игорь Братцев
мУльтИмеДИАлыҚ ҚұРАлДАР және ОлАРДы 
ҚОлДАнУ ПРИнцИПтеРі. назгүл Қожабекова
Data-жУРнАлИстИКА. асхат Еркімбай
 
4-БөліМ. МАМАнДЫҚ
әлеУметтіК тАҚыРыПтАғы мАтеРИАлДАРДы 
ҚАлАй әзіРлеУ КеРеК? Гүлнарa Бажкенова
ХАлыҚАРАлыҚ жУРнАлИстің жұмысы.  Викинтас Пугачаускас
жАңАлыҚтАР шығАРылымын жүРгізУші. Шолпан Елеусізова
ЭКОнОмИКАлыҚ жУРнАлИстИКА. мария Гордеева
меДИАДАғы әлеУметтіК мАРКетИнг: 
РеДАКцИяғА АРнАлғАн нұсҚАУлыҚ. Павел Банников
 
5-БөліМ. ЖАуАпКЕрШіліК ЖӘнЕ ҚҰҚЫҚ
КОнФлИКтіДен ХАБАР тАРАтУ. мұхтар Сеңгірбай
жУРнАлИстіК ЭтИКА. Жұлдыз Әбділда
ұлттыҚ БіРегейліК мәселелеРі немесе ЭтнОсАРАлыҚ 
ҚАРым-ҚАтынАстАРДы жАзУДА нені 
есКеРУ КеРеК? Есенгүл Кәпқызы
жУРнАлИст ҚАУіПсізДігі. Ольга Диденко
 
 
 
 
 
 
7
11
29
31
37
47
 
59
61
69
 
75
77
83
89
 
95
97
105
115
121
129
 
135
137
143
151
161
 

6
практикалық нұсқаулық

77
КІРІСПЕ
«Кіріспе» деп аталатын, біртүрлі және қажетсіз көрінетін (кітаптың өзін оқитын болған соң, кіріспені 
оқудың не қажеті бар?) жанрды қызықтырақ, шынайырақ қылып бастауды әркез ойлайтын едім.
Сонымен, «Қазақстандағы практикалық журналистика 3.0» – мезгілсіз қаза болған миллиардтаған 
жүйке талшығы.
Материал жиналып, өңделіп, аударылып болғанша, авторлар, үйлестірушілер, редакторлар және 
жоба бойынша жұмыс істеуге тиіс тағы қаншама адамның біреуі болмаса біреуі сапарға шығып 
кетеді, ауырып қалады, қырсығып, ренжіп, жыныңды келтіреді. Кейде бәрі бір мезгілде еркелікке 
басады...
Әйтсе де, құрбан болған менің ғана жүйке талшықтарым емес екені сәл де болса көңілге медеу.
Салмақты әңгімеге көшер болсақ, «Қазақстандағы практикалық журналистика 3.0» – 2006 және 2008 
жылдары жарық көрген кітаптың үшінші нұсқасы. Үш кітап та бірегей, бір-бірін қайталамайды. Тек 
концепциясы ортақ – қазақстандық және шетелдік медиа мамандарының практикалық тәжірибесі 
мен ұсыныс-кеңестерін бір басылымда толықтыру.
Осы 11 жыл ішінде бұл кітаппен көп журналист оқыды, олардың біразы қазір танымал маман болып 
қалыптасты. Отандық журналистиканың дамуына азғантай үлес қосқанымызды мақтан етеміз.
3000 дана таралыммен жарық көрген бірінші басылымда 18 автордың материалы жинақталды. Ал 
екіншісі – 39 автордың материалымен, 5000 дана таралыммен шықты.
Бұл басылым да үлкен ұжымның еңбегімен жарық көрді: 17 автор – журналист, редактор, эксперт, 
заңгерлер үлес қосты.
«Қазақстандағы практикалық журналистика 3.0» әзірге 500 дана шектеулі тиражбен шығып отыр. 
Алайда, желіде интерактив онлайн-курс түрінде бөлек жарық көретін нұсқасы бар. Онлайн-курс 
аясында  тараулар  саны  ұдайы  артып  отырмақ.  Тараулардың  барлығы  қазақ  және  орыс  тілінде 
қайталанады.
Кітаптың қазіргі баспа нұсқасы соңғы болуы да, ал жоба тек онлайн-курс аясында дами беруі де 
ықтимал. 
Бұл  кітапта  медиа  саласындағы  соңғы  трендтер  мен  жанрларға:  фактчекинг,  мультимедиа  (мұны 
қағаз жүзінде айтқан да қызық), дата-журналистика, SMM және т.б. көңіл бөлдік. Және бұларды 
назгүл  Қожабекова,  Асхат  Еркімбай,  Игорь  Братцев  және  павел  Банников  сынды  тәжірибелі 
мамандарға айтқыздық.
Сондай-ақ,  бұл  кітапта  қазір  онлайн-жаңалықтарды  қалай  жасау  керек  екені  жөнінде  еліміздегі 
ең сапалы да креатив бұқаралық ақпарат құралдарының бірі – Vlast.kz  негізін қалаушы Вячеслав 
Абрамовтың  кеңестері  ұсынылған.  Esquire.kz  шеф-редакторы,  ел  тарихындағы  мен  білетін  ең 
дарынды  журналистердің  бірі  Гүлнара  Бажкенова  көп  жылдық  бай  тәжірибесін  бір  тарауға 
сыйғызып ұсынып отыр. 
Ақпарат көздерімен жұмыс істеу жөнінде «Эксперт Қазақстан» редакциясының жетекшісі Сергей 
Домнин,  экономикалық  журналистика  туралы  –  елдегі  қаржы  журналистерінің  бірегейі  Мария 
Гордеева, сұхбат алу құпиялары туралы – телевизияда және басқа БАҚ түрлерінде орасан тәжірибесі 
бар Гүлмира Қамзиева айтады.
Жаңалықтар жүргізушісінің жұмысы туралы оңай да қызықты етіп танымал тележүргізуші Шолпан 
Елеусізова айтса, журналист мамандығының құқықтық қырлары жөнінде Internews заңгері, елдегі 
медиа саласындағы үздік заңгерлердің бірі Ольга Диденко жазды.
Кітаптың ерекше де маңызды бөлімі журналистік этикаға арналды. өкінішке орай, ақпарат саласы 
үшін  бұл  мәселе  әлі  де  өзекті  болып  келеді.  Танымал  журналистер  –  Жұлдыз  Әбділда,  Есенгүл 
Кәпқызы және Мұхтар Сеңгірбай қақтығыстардан хабар тарату мен ұлтаралық мәселелерді қалай 

8
практикалық нұсқаулық
қозғау керек екені туралы жазды.
Авторлар сапында сондай-ақ литва мен украина мамандары да бар. өтінішімізді жерге тастамай, 
тәжірибесін ортаға салуға келіскен журналистер – халықаралық журналистика жөніндегі тараудың 
авторы  Викинтас  пугачаускас  пен  фактчекинг  және  ақпаратты  тексеру  туралы  жазған  Михайло 
Кольцов.
Әрине, лайықты деген авторлардың бәрін бір кітапқа сыйғызу мүмкін емес. Алайда, үш кітаптың 
басын қосса, осы жобамен қазақстандық журналистиканың маңызды әрі жақсы бөлігін қамтыдық 
деуге болады.
Жоба барысындағы қызығы мен шыжығы көп жұмысты еске ала отырып, бүкіл шығармашылық 
топқа – үйлестірушілер, редакторлар, аудармашылар мен дизайнерлерге (олардың есімдері бөлек 
парақта аталады), барлық әріптестеріме осы «Кіріспенің» авторының бар қиғылығына шыдағаны 
үшін алғыс айтқым келеді.
Айтқандай, жобаға қолдау білдіргендерге де бүкіл тобымыз атынан ерекше алғыс білдіремін.
Әділ Джалилов
MediaNet халықаралық журналистика 
орталығының директоры
 

9

ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
10
практикалық нұсқаулық

11
АВТОРлАР
ӘДІл ДЖалИлОВ
MediaNet  Халықаралық  журналистика  орталығының  директоры,  медиа-
тренер, консультант. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің 
филология факультетін үздік бітірген, Германияда докторантурада оқыған. 
Бірқатар оқыту жобаларының бастамашысы және авторы: «практикалық 
журналистика»,  Медиа  Мектеп  (тәуелсіз  журналистика  мектебі), 
журналистика  факультеттеріне  арналған  журналистік  этика  бойынша 
арнайы  курс,  Internet4U/Интернет  Сіздер  үшін  (компьютерлік  және 
интернет  сауаттылық  жөніндегі  тегін  курс)  және  тағы  басқа,  сондай-ақ, 
зерттеу, әлеуметтік зерттеу бағытындағы бірқатар жобалардың авторы.
Vlast.kz  бас  редакторы,  Орталық  Азия  аймағындағы  «Оазис»  интернет-
журналының  Қазақстан  бойынша  өкілі  және  редакторы,  IWPR  Орталық 
Азия  бойынша  редакторы  (адам  құқығын  жариялау  жөніндегі  жоба), 
«панорама» газетінің шолушысы болып істеген.

12
АВТОРЛАР
ИГОРь БРатцЕВ
Тренер,  журналист,  консультант.  1997  жылы  Абай  атындағы  Алматы 
Мемлекеттік  университетінің  филология  факультетін  «Орыс  тілі  мен 
әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 
MediaRelations    бойынша  мемлекеттік,  халықаралық,  қоғамдық  және 
коммерциялық  ұйымдарға,  журналистерге,  ҮЕҰ  өкілдеріне  100-ден  аса 
тренинг өткізген. 
«практическая журналистика в Казахстане» (MediaNet) және «нпО, СМИ и 
государственные  органы:  ключи  к  эффективному  сотрудничеству»  (IWPR) 
кітаптарында тарау авторы.

13
АВТОРлАР
ИГОРь БРатцЕВ
СЕРГЕй ДОмнИн 
«Эксперт Казахстан» іскерлік журналының бас редакторы.
1987 жылы 6 қарашада павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге 
келген. 
2010  жылы  Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰу  тарих  факультетін  бітірген.  2013 
жылы  осы  университетте  магистр  дәрежесін  алған;  тарих  ғылымының 
теориялық  проблемаларына,  экономикалық  және  әлеуметтік  тарихқа 
маманданған.  
  2008-2009  жылдары  бірқатар  қоғамдық-экономикалық  онлайн  және 
офлайн  басылымдарда  автор  («Эксперт  Казахстан»,  Vox  Populi,  Капитал 
KZ). 2009 жылы «Эксперт Казахстан» қазақстандық іскерлік журналының 
командасына  қосылып,  қазақстандық  бизнес  бөлімін  басқарды.  Сәл 
кейінірек  бас  редактордың  орынбасары  ретінде  арнайы  жобалар 
сериясына  жауапты  болды.  Жүзеге  асқан  арнайы  жобалар  қатарында 
«Қазақстан: мемлекеттіліктің жүз жылдығы», «Индустриалды республика», 
«ТКШ жүйесінің реформасы» және т.б. бар. 
2015 жылдың қазан айынан – басылымның бас редакторы. 
Қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында еуразиялық 
интеграция, ұлттық өнеркәсіп пен сауда саясаты жөніндегі эксперт ретінде 
жарияланады.  MediaNet  ХЖО  жанындағы  Медиа  Мектепте  «Ақпарат 
көздері»,  «іскерлік  журналистика»,  «репортаж»  курстары  бойынша 
тұрақты тренер.

14
АВТОРЛАР
ОльГа ДИДЕнКО
заңгер, Интерньюс-Казахстан.
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Жарнама туралы», «Телерадиохабар 
тарату туралы» және тағы басқа көптеген заң жобаларын жасауға қатысқан. 
Қазақстан республикасы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңының жобасы 
мен Қазақстан республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу мәселесі бойынша 
Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен 
толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын жасау жөніндегі жұмысшы 
топтың мүшесі. Медиа-заңнама, журналистердің заң бойынша қауіпсіздігі, 
ақпаратқа қол жеткізу тақырыптарында тренингтер өткізеді.

15
АВТОРлАР
ОльГа ДИДЕнКО
ВИКИнтаС ПуГачауСКаС
LRT Television литва ұлттық телевидениесінде халықаралық жаңалықтардың 
аға  редакторы,  осы  телевидениеде  1997  жылдан  бастап  жұмыс  істейді. 
Әскери  кикілжіңдерден  бастап,  халықаралық  саммиттерге  дейінгі 
ғаламдық тақырыптарды жариялайды. 
2011 – 2014 жылдары баспасөз хатшысы ретінде литваның Еуроодақтағы 
өкілдігінде және ЕО Кеңесіндегі литва өкілдігінде литва дипломатиялық 
қызметінің  мүшесі  болған.  Викинтас  халықаралық  қатынастар  және 
саясаттану  бойынша  Вильнюс  университетінде  магистр  дәрежесін  алған 
және бірнеше жыл осы оқу орнында сабақ берген.

16
АВТОРЛАР
ПаВЕл БаннИКОВ
Журналист, редактор, контент-инженер
2005  жылы  «Аполлинарий»  әдеби  журналында  жұмыс  істей  бастаған, 
2006 жылдан бастап жылтыр және қоғамдық-саяси басылымдарда қызмет 
еткен.  Men’s  Health  және  «Вокруг  света»  басылымдарының  қазақстандық 
нұсқасында  редактор,  «Алау»  журналында  редактор  және  колумнист, 
«литер»  газетінде  кітап  шолушысы,  «Хабар»  телеарнасында  жүргізуші, 
«KZ»  журналында  бас  редактор  болып  қызмет  еткен.  RadioMM.kz-те 
радиожүргізуші.  Radiotochka.kz  сайты  мен  Central  Asia  Monitor  газетінде 
контент-маркетинг, веб-аналитика және сайтты жүргізуші болып істеген. 
Factcheck.kz фактчекинг жобасының қызметкері.
 

17
АВТОРлАР
ПаВЕл БаннИКОВ
ЖұлДыз ӘБДІлДа
Журналист, медиатренер. 1979 жылы 24 желтоқсанда Алматы облысында 
дүниеге  келген.  2000  жылы  Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰу  журналистика 
факультетін, 2002 жылы осы факультеттің магистратурасын бітірген.
2000  жылдан  бастап  «Түркістан»,  «Жас  Алаш»  газеттерінде,  «Алқа» 
журналында,  «өлке»  баспасында  істеген.  «BilimMediaGroup»  редакторы 
болған.  Қазақстан  Журналистер  Одағы  сыйлығының  лауреаты,  Сорос-
Қазақстан Қоры грантының иегері, Алтынбек Сәрсенбайұлы сыйлығының 
иегері. «Жас өркен» ЖШС бас директорының орынбасары. 2005 жылдан 
«MediaNet» ХЖО медиатренер, 2017 жылдан Factcheck.kz редакторы.  

18
АВТОРЛАР
мИхайлО КОльцОВ
Stopfake.org жобасының  администраторы, Могилян журналистика мектебі 
және  DW  Academie  оқытушысы.  негізінен  саяси  аналитика,  деректерді 
өңдеу және визуалдау бағытында жұмыс істейді, кәсіби қызметіне, сондай-
ақ, цифрлық контентті верификациялау мен фактчекинг кіреді.
2012 жылы Могилян журналистика мектебінде журналистердің компьютерлік 
сауатын  арттырып  қана  қоймай,  хакерлік  немесе  вирустық  шабуылдар 
жағдайында жұмыс істеуге дайындау мақсатымен журналистерге арналған 
цифрлық қауіпсіздік курсын қолға алды.
Stopfake.org жобасында алғашқы күннен жұмыс істейді. цифрлық контентті 
верификациялау  әдістемесін  жасауға  және  техникалық  инфрақұрылымын 
дамытуға  қатысқан.  DW  Academiе  дата  журналистика  және  қашықтықтан 
оқыту жүйесін жасау бойынша әріптестік байланыста.

19
АВТОРлАР
мИхайлО КОльцОВ
аСхат ЕРКІмБай
«Мінбер» 
журналистерді 
қолдау 
қоры 
жанындағы 
жаңа 
медиатехнологияларды зерттеу жобасының жетекшісі.
Бүгінгі  таңда  «Мінбер»  қорындағы  қызметінен  тыс,  Асхат  Сүлейман 
Демирел  университетінде  мультимедиалық  және  дата  журналистика, 
жаңа медиа бойынша дәріс оқиды. MediaNet Халықаралық журналистика 
орталығы жанындағы Медиа Мектепте тренер.
«Блог  бастайық»,    «Жаңа  медиа:  монологтан  диалогқа»,  «Мультимедиа 
анықтамалығы: Справочник по мультимедиа» кітаптарының авторы.
2011  жылы  Асхат  Вайоминг  университетінде  (АҚШ)  магистр  дәрежесін 
алды.
Асхат Еркімбай – қазақ тіліндегі танымал блогтардың бірінің авторы.

20
АВТОРЛАР
мұхтаР СЕңГІРБай
Халықаралық журналист, саясаттанушы, конфликтолог, саясаттану бойынша 
философия докторы (PhD).
Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰу-ды,  Грузия  қоғамдық  қатынастар  институтын 
(Тбилиси) және Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Түркістан» 
газетінің  шолушысы,  «Жас  Алаш»  газеті  бас  редакторының  орынбасары, 
«Хабар»  агенттігінің  редакторы  болып  істеген.  Қазақстандағы  АҚШ 
елшілігінде қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші қызметін атқарған. АҚШ-
тағы  президент  сайлауын,  Таулы  Қарабақ,  Оңтүстік  Осетиядағы  қақтығыс 
аймақтарындағы  жағдайды  жазған.  «Этникааралық  конфликтілерді  реттеу 
мен алдын алудың технологиясы» монографиясының авторы. 
Қазіргі  кезде  Сүлейман  Демирел  университеті  Әлеуметтік  ғылымдар 
кафедрасының меңгерушісі.

21
АВТОРлАР
мұхтаР СЕңГІРБай
ГүлнаРa БаЖКЕнОВа
Esquire  журналы  онлайн  нұсқасының  шеф-редакторы,  «Свободная 
Европа»/радио «Свобода» радиосының қазақ редакциясында автор және 
колумнист.
ҚазМу филология факультетінің түлегі.
Журналистикамен студент кезінен айналысады, «Караван» газетінің тілшісі, 
31-арнадағы  «Информбюро»  бағдарламасының  бас  продюсері,  «ТАҢ» 
телеарнасында бас редактор қызметтерін атқарған.
Internews – «Открытая Азия» сынды ірі жобаны басқарған, үш жыл (1999-
2002)  ВВС  –  «радиус»  және  New  Day  орыс  қызметінің  бағдарламалары 
үшін репортаждар жасаған.
Әр  жылдары  АҚШ-та  тағылымдамадан  өткен,  Missouri  университетінде 
тренингтен өткен.
2013 жылы Yvision ұйымдастырған Орталық Азия конференциясында үздік 
блогер болып танылды.
2016  жылы  Vласть  интернет  журналының  рейтингінде  жыл  публицисі 
атанды.

22
АВТОРЛАР
ГүлмИРа ҚамзИЕВа
 
Тәжірибелі мультимедиа журналисі. Еңбек жолын 31-арнадағы жаңалықтар 
қызметінен бастаған.
«Сто народов Казахстана» бағдарламасының авторы. «Азаттық» радиосының, 
«Интерньюс-Қазақстанның» тілшісі болып қызмет еткен.

23
АВТОРлАР
ГүлмИРа ҚамзИЕВа
 
ВячЕСлаВ аБРамОВ
Vlast интернет журналының бас редакторы. 
Қазақ  Ұлттық  педагогика  университетін  «Халықаралық  журналистика» 
мамандығы бойынша бітірген. Freedom House Inc, Интерфакс-Қазақстан, 
«MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, Kazakhstan Today, Voice 
of Freedom Central Asia және т.б. жұмыс істеген. 
Стратегиялық  жоспарлау,  ҮЕҰ  дамыту,  іскерлік  және  құқықтық 
журналистика, БАҚ-пен жұмыс, саяси PR бойынша тренингтер өткізеді.

24
АВТОРЛАР
маРИя ГОРДЕЕВа
Журналистикада 20 жылдан бері қызметте: «Казахстанская правда» газетінен 
бастап  Reuters  агенттігіне  дейін.  ТВ,  радио,  газет,  журнал  және  ақпарат 
агенттігінде жұмыс тәжірибесі бар. 
Экономикалық журналистикаға маманданған.    

25
АВТОРлАР
маРИя ГОРДЕЕВа
назГүл ҚОЖаБЕКОВа
Theopenasia.net және newreporter.org жобаларының редакторы, Internews-
тің сертификатталған медиатренері, филология магистрі.

26
АВТОРЛАР
ШОлПан ЕлЕуСІзОВа
Алматы қаласында дүниеге келген. 
Журналистика  магистрі.  радиодағы  тікелей  эфир  жүргізу  тәжірибесі  –  20 
жыл, телевидениеде – 10 жыл. Сондай-ақ, іТ университетінің журналистика 
факультетінде  «радиодағы  ақпараттық  жанрлар»  курсының  оқытушысы, 
«радио мектеп» тренері (Мәскеу)

27
АВТОРлАР
ШОлПан ЕлЕуСІзОВа
ЕСЕнГүл КӘПҚызы
Журналист,  медиа-тренер,  оқытушы,  «Мінбер»  журналистерді  қолдау 
орталығының жетекшісі, Сүлейман Демирел университетінің «Құқық және 
әлеуметтік  ғылымдар  факультеті»  «Журналистика»  бағдарламасының 
координаторы, филология ғылымдарының кандидаты. 

ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
28
практикалық нұсқаулық
1-БөлІм. 
ЖуРналИСтИКаДағы 
тӘСІлДЕР мЕн тРЕнДтЕР

ҚазаҚстандағы 
   
3.0 
   практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
29
1-БөлІм. 
ЖуРналИСтИКаДағы 
тӘСІлДЕР мЕн тРЕнДтЕР

ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
30
практикалық нұсқаулық
Авторы   
Вячеслав абрамов
Жұмыс орны/қызметі  
 Vласть интернет журналы
                       бас редактор 

ҚазаҚстандағы 
   
3.0 
   практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
31
ИнтЕРнЕттЕГІ ЖаңалыҚтаР. 
«ЖАғА ҰСТАТАр» ТАҚЫрЫпТАр зАМАнЫнДА ОҚуғА ТАТИТЫн 
ДҮнИЕні ҚАлАй ЖАзАМЫз?
2010-жылдардың ортасы болар, қазақстандық интернет БАҚ оқырман тартудың ең оңай жолы – 
«жаға ұстатар» жаңалықпен арбау екенін анық түсінді. Сайттар ойнақылық жағынан бәсекеге түсе 
бастады, тақырыпқа әлдекімнің әрекетіне баға беретін пікірлер шығарылып, мақаланың сапасы на-
зардан тыс қалды. Есесіне, БАҚ жаңалықты қалай жазуға болмайтыны туралы үйренетін көп себеп 
берді. 
 
ИнтЕРнЕттЕ ЖаңалыҚ Жазу нЕГІзДЕРІ 
Жаңалық веб-сайт үшін жазыла ма, әлде ақпарат агенттігі немесе газет үшін жасала ма, маңызды-
сы – ол жаңалықта қызық, мүдде бар-жоғы. Ол тек сіздің қандай басылымда жұмыс істейтініңіз бен 
оның аудиториясы қандай екеніне қарай ғана ерекшеленеді.   Бизнес-басылымның оқырмандары-
на спорт жарыстарының немесе Алматы облысы оқушыларының Кореяда химиядан өткен олим-
пиадаға қатысуының нәтижесі қызық бола қоюы екіталай. Бұқаралық интернет-басылымдарының 
журналистеріне  қиынырақ  –  олар  ауқымы  кең  тақырыптар  бойынша  хабар  таратып,  оқырманға 
әлемде болып жатқан дүниенің бәрінен  ақпар  беруі  керек.  
Сонымен, 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал