Қазақстанда шешендік өнердің зерттелуі



жүктеу 22.19 Kb.
Дата02.11.2022
өлшемі22.19 Kb.
#23180
Қазақстанда шешендік өнердің зерттелуі

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Шешендік өнер ұлы даланың тіршілігімен өмірге келген табиғи туындысы, ұлттық рухымыздың биігі, ауыз əдебиетінің ерекше бір жанры. Шешендік талай ғасырлар бойы халық сынынан өткен, екшелген, сұрыпталған аса құнды мұра, адамзаттың өзімен бірге жасасып келе жатқан көне өнер түрі. Ертеде халық шешендікті «өнер падишасы» деп атап, шешенді аса жоғары бағалаған. Ежелгі грек, римде шешендік жеке «риторика» пəні ретінде оқытылған. Шешендік өнер қазақ халқы үшін де ұлттық мəдениеттің құнды саласы болып табылған. Қазақ халқы асыл сөздің қадірін бағалап, «сөз қадірі өз қадірім» деп, от ауызды, орақ тілді сөз ділмарларын ерекше құрметтеген, мойындаған. Қазақ халқының саяси-əлеуметтік, қоғамдық өмірі əр кезеңде тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқан шешендерді тудырып отырған. Қазақ шешендік сөз өнерінің тарихы тереңде, көне замандарда жатыр. Ол Майқы, Аяз билерден (XII XIII) бастау алады да, Жиренше шешен, Қарашаш, Асан қайғы есімдерімен (XIV-XV) ары қарай толыса түседі. Шортанбай, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Əйтеке бабаларымыз шешендік өнердің өркендеуіне өз үлестерін ерекше қосты. Шешендік өнер мемлекет басқару, ел түзу, қоғамдағы адами қатынастарды реттеу, ұрпақ тəрбиесі сияқты өзекті мəселелермен байланысты туып, дамып отырған. Ел мен жер, ұрпақ тағдыры шешілер тұста төрелік айтып, шешім шығарудың əлеумет алдындағы салмағы ауыр. Шешендіктің қыр-сыры, шешеннің болмысы, қоғамдағы рөлі, орны мен тұлғасы, шешен сөйлеудің əдіс-тəсілдері ерте кезден-ақ зерттеу еңбектеріне арқау болып келе жатыр. Шешендік өнер табиғатын назарға алу сонау көне Демосфен, Цицерон, Квинтилиан, əл-фараби, Ы. Алтынсарин, В.В. Радлов, А. Левшин, А. Янушкевич, А. Байтұрсынұлынан бастап қазірге дейін зерттеушілер назарынан тыс қалған жоқ. Баса назар аудара айтатынымыз қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың ғалымдары жоғары бағалаған. Мысалы академик В.В. Радлов: «Қазақтар мүдірмей, кідірмей ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дəл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлегеннің өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың» дейді. Ғалым қазақ тілінің тазалығы мен қазақтардың тапқырлығына ерекше тəнті болған. Сондай-ақ қазақ шешендік сөздерін жинап, жариялағандардың бірі Ыбырай Алтынсарин болды. Ыбырай Алтынсарин халық даналығының өскелең ұрпақты тапқырлыққа, адамгершілікке тəрбиелеудегі рөлін жете түсініп, өз еңбектерінде пайдаланып отырған. Ұстаз «Ізбасты», «Байұлы», «Жəнібек батыр», «Жиренше шешен» сияқты даналардың даналық сөздерін сол кезде-ақ оқуға ұсынған. Аталы сөздің құнын сол кезде-ақ түсінген жылғы «Дала уəлаяты»газетінің 24 санында ұлт көсемдерінің бірі Əлихан Бөкейханов ескі билердің шешендік сөздеріне аса ілтипат көрсетіп, оларды жинау, саралау, насихаттау идеясын көтеріп мақала жазған. Қазақ шешендік өнер тарихы тым əріде жатқанмен оны ғылым ретінде теориялық тұрғыдан толық зерттеу А. Байтұрсынұлынан басталады (Гүлбану Қосымова. 2007: 31). Ш. Уəлиханов, С. Сейфуллин, М.О. Əуезов, шешендік өнерді ауыз əдебиетінің бір жеке саласы ретінде қарастырып, ғылыми тұрғыдан зеттеулер жүргізген. Шешендік сөздердің жинастырып, билер сөзінің тəрбиелік мəнін, философиясын, бишешендердің қазақ қоғамындағы орнын түсіндіріп берді. Ə. Мəметова, Б. 21
3 Адамбаевтар шешендік сөздерді алғаш рет зерттеу нысаны ретінде ала отырып қарастырған. Кандидаттық диссертация қорғаған. А. Байтұрсынұлы қазақ шешендігінің сипаттаған алғашқы ғалым жылғы «Əдебиеттанытқыш» атты еңбегінде арнайы «Шешен сөз» деген тарау арнап, шешендік сөздерді бес түрлі жанрлық үлгілерге жіктеп көрсеткен. Ауыз əдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп, онын орны мен сипатына ғылыми тұжырымдама берген. Əр топқа қолданыс орнына қарай қысқаша түсініктер мен анықтамалар беріп кеткен. Ғалым: «Əділ билер қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дəрі еді», деп, қасиетті билер сөзінің ұмытылмайтын халық мұрасы екеніндігін баса айтады. Ұлттық шешендіктанудың ғылыми негіздерін жасаған А. Байтұрсынұлын шешендік сөздердің алғашқы теоретигі деуге толық негіз бар. Ғалым шешендіктің амал-тəсілдерін терең түсінген жəне атауларын қазақтың төл атауларымен қалыптастырған. М.О. Əуезов 1927 жылғы «Қазақ əдебиетінің тарихы» атты еңбегінде «Билер айтысы» деген тақырыппен шешендік сөздердің кей түрлеріне тоқталған. Ал ғалым Халел Досмұхамедов «Қазақ халық əдебиеті» атты зерттеу еңбегінде халық əдебиетін қырық алты түрге жіктей отырып, соның бір үлгісін «Билік сөз» деп атап, шешендік сөздерді жатқызған. «Əр түрлі сот істері кезіндегі билердің тамаша үкім сөздері, екі жақтың ұтымды даулары мен тапқыр жауаптары, əдетте, ұйқасты мəтел не өлең түрінде айтылады. Поэзияның бұл түрі билік сөз деп аталады» деп көрсетеді аталмыш еңбегінде. С. Сейфуллин шешендік өнер аясында пайда болған шешендік сөздердің əдебиет тарихынан алатын орнына тоқталып, «Билер айтысы» деген атаумен бұл саланың əлі де тың зерттеулермен толыға түсу керек екеніне тоқталып өтеді. С.Сейфуллин сонымен қатар қазақ билерінің қоғамдағы орнын, билер қызметінің халық өмірімен тығыз байланыстылығын көрсете білді. Кейінгі кезеңдерде шешендік өнердегі билердің рөлін зерттеген кейінгі зерттеушілер Сейфуллин еңбегіне арқа сүйеген. Зерттеуші Ə. Маметованың 1945 жылы қорғаған «Қазақ билерінің шешендік сөздері жəне оның əдебиеттегі тарихи орны» атты диссертациясында белгілі қазақ билерін атап, олардың шешендік сөздерінің мəнін толығырақ аша түскен. Ғалым Балтабай Адамбаев шешендік өнерді əдеби тұрғыдан қарастырып, жинақ етіп құрастырған бірден-бір ғалым. Оның еңбектерінде ұлттық шешендік өнер теориясы дамуының келесі бір кезеңі көрініс тапқан. Ғалым өзіне дейінгі зерттеушілер ұсынған «билер сөзі» деген терминді «шешендік сөздер» терминімен алмастырып, тақырыптар аясын айқындап, мазмұндық, құрылымдық жағынан топтарға жіктеп берген. «Шешендік сөздердің əлеуметтік жəне əдеби эстетикалық мəнін, жанрлықкөркемдік ерекшеліктерін ашып анықтау үшін сөз нұсқаларын талдаймыз жəне мазмұнына шешендік арнау, шешендік дау, шешендік толғау деп үш салаға топтап зерттейміз» деп көрсетеді (Б.Адамбаев. 1999: 195.). «Шешендік өнер» деп аталатын еңбегінде шешендік өнерді зерттеуге үлес қосқан ғалымдар: Ш.Уəлиханов, А. Васильев, С. Сейфуллин, Ə. Мəметова. М.Ж. Көпеев, М.Əуезов есімдерін, олардың би-шешендер туралы айтқан пікірлері мен жинаған шешендік сөздері туралы жазады. 22
4 Тілші-ғалым Рабиға Сыздық шешендік өнер мен шешендік сөздің ара-жігін ашып, анықтама береді. Ғалым бұл еңбегінде шешендік өнерге қойылатын шарттарды көрсетіп береді (Р. Сыздық. 1987). Сондай-ақ Р. Сыздық шешендік мен поэзияның айырмашылығын ашады. Ол шешендіктің көркем əдебиеттегі берілуі мен публицистика тіліне қатысын көрсетеді. Поэтикалық құралдар мен айшықтау тəсілдері троп пен фигураның түрлеріне кеңінен тоқталады. Қазақ шешендіктану ғылымында алғаш рет шешен нені білуі керек, шешенге қандай талаптар қойылады деген мəселелерге жауап іздеген. Қазіргі таңда да қазақ шешендік өнерінің қыры мен сыры, өзіндік ерекшеліктері туралы теориялық еңбектерде кеңінен сөз қозғалып жүр. Мысалы: С. Садырбаев, С. Негимов, Г. Қосымова, Ж. Дəдебаев, Б. Əбдіғазиев сынды ғалымдар Төле, Қазыбек, Əйтекеден қалған сөз дəстүрінің əр жылдарда жиналып басылуына атсалысып, ғылыми тұжырымдар жасап жүр. С. Негимов «Шешендік өнер» (С. Негимов ж.) еңбегінде шешендік өнер тарихына жалпы шолу жасай отырып, ежелгі грек, рим шешендерінің өміріне, пікірлеріне тоқталады. Ғалым қазақ шешендік өнерінің тарихын билер шешендігінен бастайды. Қазақ билерінің қоғамдағы орны, олардың шешендік сөздерінің мазмұнына тоқталады. С. Негимов ұлттық шешендік өнерде А. Байтұрсынұлының орны ерекше екеніне тоқталады. Сонымен бірге ғалым сшешенннің сөйлеу дағдылары, мəдениеті, тақырып таңдау сияқты мəселелерді жеке-жеке талдайды. Қазақ шешендік өнердің қағидалары туралы бұдан соңғы еңбек ретінде зерттеуші А.С. Қадыршаевтың «Шешендіктануды оқытудың ғылыми-əдістемелік негіздері» тақырыптағы диссертациялық жұмысын айтуға болады. Зерттеу жоғары оқу орындарында шешендіктануды оқыту əдістемесін негіздеуге бағытталған. Шешендіктануды оқыту теориясы, шешендік өнерге үйрету əдістемесі, оқыту психологиясы, шешендіктану тарихы, қағидалары, шешендіктану ілімінің теориялық мəселелері,оқыту бағдарламасы жəне оқыту əдістері қарастырылған. Ғалым Гүлбану Қосымова жалпы шешендік өнердің ғылым ретінде қалыптасуына көңіл бөле отырып, ежелгі Грек, Рим, ежелгі Қытай, ежелгі Үнділердің, Ресейдегі шешендік өнерге кеңінен тоқталған. Профессор Гүлбану Қосымованың «Шешендік өнердің негіздері» атты еңбегінің басқа зерттеушілер еңбегінен ең басты айырмашылығы жəне баса айтып кететін маңызды жағы түркі шешендігі өнерінің ғылым ретінде сонау орта ғасырларда-ақ қалыптасқандығын танытуға ұмтылды. Ғалым қазақ ұлттық шешендігінің негізі етіп ежелгі сақ, ғұн, көне түркі шешендігін алып шешендік өнердің қалыптасу тарихын, ақын-жыраулар шешендігін, билер шешендігін кезеңдерге бөліп қарастырған. Автор қазақ шешендігін сол түркі шешендігінің жалғасы екендігін дəлелдейді. Ғалым өзге елдің шешендігіне тамсана бермей, өз асылдарымызға уақыт бөлетін заманның жеткенін ашып айтады. «Ежелгі түркі шешендігін алдымен аңызға айналған əңгімелерден іздеу керек.... Зерттеушілердің айтуынша, скифтердің арасында аңыз бен жыр өте көп тараған». (Қосымова Г. 2007: 41.). Ғалым Г. Қосымова түркі халықтарының даңқты шешендері Алып Ер Тұңға, Афрасиаб, Анақарыс, Тұмар патшайым (Томирис), сақ аруы Зарина сынды алыптардың батырлық тұлғасы мен шешендігіне тоқталған. Сондай-ақ көне түркі шешендігінің сөйлеу тəсілдерін, тілдің дүниетаным құралы ретінде, билер, ақын- *жыраулар, қазіргі шешендіктің сөйлеу тəсілдеріне тоқталған. 23
5 Қорыта айтқанда жалпы қазақ шешендігін зерттеген қай ғалым болмасын қазақ шешендіктану ғылымына айрықша өз үлестерін қосты. Қай еңбек болмасын шешендік өнердің ғылым ретінде қалыптасуына, дамуына септігін тигізген. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. Адамбаев. Б. Алтын сандық. Алматы: Жазушы, 1989 ж. 2. Қадыршаев А.С. «Шешендіктануды оқытудың ғылыми-əдістемелік негіздері». Алматы, 2001 ж. (автореферат) 3. Қосымова Г. «Шешендік өнердің негіздері». Алматы, 2007 ж. 4. Негимов С. «Шешендік өнер». Алматы, 1997 ж. 5. Сыздық. Р. Шешендік сөз//қазақ əдеби тілінің ауызша түрі. Алматы, 1987 ж. 24
жүктеу 22.19 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет