Қазақстан тарихын қашықтықтан оқыту тәсілдері мен әдістері Ералина Акмарал Ериковна



жүктеу 51.42 Kb.

Дата04.04.2017
өлшемі51.42 Kb.

 

Қазақстан тарихын қашықтықтан оқыту тәсілдері мен әдістері 

Ералина Акмарал Ериковна 

А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 

Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова 

Kostanay State University named after A.Baitursynov 



 

Қазіргі  педагогика  адамзаттың  мұқтаждықтарына    жауап  беретін  білім  беру 

мақсаттарына  сәйкес  қоғамды  қайта  құру  мен  прогрессивті  дамудың  әлеуметтік  роліне 

көңіл бөледі.Сондықтан жоғары білімді ақпараттандыру үрдісі және сонымен байланысты 

оқытудың  жаңа  ақпараттық  технологиясы  білім  берудің  жаңа  мазмұнына  едәуір  әсерін 

тигізді.  Жоғары  білім  беруді  ақпараттандырудың  негізгі  бағыттарының  бірі  және 

неғұрлым  оңтайлы  тәсілі  ретінде  қашықтан  оқытуды  ұйымдастыруды  кеңінен  енгізу 

ұсынылып  отыр.Күндізгі  оқумен  салыстырғанда  қашықтан  оқыту  сырттай  бөлімі  үшін 

елеулі білімділік мәні бар  бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие.Оқытудың бұл формасы 

оқуға  түрткіні  дамыту  үшін  оңтайлы  алғы  шарт  жасай  отырып,тұлғалық, 

дербестік,жауапкершілік сапаларын қалыптастырады,субъектінің шығармашылық қуатын 

ашады.Оқытудың  ауқымды  және  жергілікті  жүйелерін  ойдағыдай  пайдалана  білудің 

нәтижесінде  білімнің  базалық  және  деректердің  банкілік  мәліметтеріне,  клиент  -  сервер, 

мультимедиа,  компьютерді  оқып-үйренуші  жүйелерге,  электрондык  оқулыктарға,  оку-

әдістемелік  материалдарға,  қашықтықтан  оқыту  жүйесінің  технологиясымен  үйлесімді 

болып  келетін,  алдағы  уақытта  оқыту  тәсілдерінің  ішінде  кең  тараған  бес  аспап  әрі 

өміршең  түрлері  бола  алатындай  жайлы  окулыктарға,  бағдарламаларға  еркін  кіруге 

болады. 


Осындай сан қырлы, әрі  күрделі  мәселелерді  жүзеге асыруда оқытушының атқарар 

рөлі  орасан.  Оған  әрі  ауыр,  әрі  жауапты  міндет  жүгі  жүктеледі:  ол  курстың 

бағдарламасының  құрылымын  дайындап,  оны  қашықтықтан  білім  беру  жүйесімен 

астастырып  бейімдейді,  оқу  үрдісінің  барысын  қадағалап,  тапсырмаларды  орындау 

барысында,  өз  бетімен  бақылау-пысықтау  жұмыстарын  орындау  жөнінде  ұсыныстар 

береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту  жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, 

психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс 

істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық 

жүйелерін жетік біліп, олармен   іс жүргізу  ісін орындау шарт. 

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа 

да адамдарға бірнеше талаптар қойылады: 

·Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет. 

·Қашықтықтан  оқытудағы  мақсаттары  мен  міндеттері,  оның  алдағы  уақытта 

ақпараттық  технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі  

қажет. 

·Қашықтықтан  оқыту  технологиясын  жетік  білетін,  білім  саласындағы 



қызметкерлерді, студенттерді таныстыра білуі қажет. 

·Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет. 

·Оқытудың  телекоммуникациялық  құралдарын  қолдану  ісіне  дағдылануын 

қалыптастыру,  атап  айтқанда:  тұтынушылар  арасында  ақпараттар  алмастыру  және 

ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет. 

·Жинақталған  түрде  оқу  бағдарламасын  құрайтын  белгілі  бір  тәртіптегі  модульдік 

курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет. 

·Оқу  үрдісін  қашықтықтан  оқыту  шеңберінде  жүргізу  ісіне  жан-жақты  даярлау, 

қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет. 

 Қашықтықтықтан  оқыту  -  білім,  білік  дағдыларды  алу  үрдісі,  бұл  кезде  оқыту 

процедураларының  тұтас  немесе  белгілі  бір  бөлігі  оқытушы  мен  студенттің 


территориялық  алшақтығына  қарамастан  жаңа  ақпараттық  және  телекоммуникациялық 

технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. 

Қашықтықтықтан  оқыту  технологиясының  кейс  және  желілік  технология  деген 

түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады. 

Қашықтықтан  оқыту  технологиясынын  дамуына  Интернеттің  әсерін  бағалау  қиын. 

Ол  ара  қашықтықтықты  қысқартумен  қатар,  оқытушы  мен  студентке  анағұрлым  көп 

еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы 

уақытта  айналыса  алады.  Оқытушы  материал  мазмұньн  жедел  түрде  өзгерте  алады. 

Қашықтықтан  оқыту  технологиясының  дамуы  -  біздің  білім  беру  жүйесінің  болашағы 

болып  табылады.  Шетелде  күндізгі  немесе  қашықтықтан  білім  берудің  қайсысының 

дұрыстығы  жөнінде  сөз  де  болмайды.  Өйткені,  басты  орынды  қашан  да  сапалы  білім 

алады. 


Қашықтықтан  оқытуда  өз  бетінше  жүргізілетін  жұмысты  сөзжұмбақтар,  шарада 

немесе  тапсырмалар  арқылы  ұйымдастыру,  жаңа  тақырыптарды  меңгеру  үшін  өте 

ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар 

назарын  өзінен  тыс  қалдырмауға  қабілеттілігіне  байланысты  болады.  Жаңа  тақырып 

бойынша  берілетін  материал  баспаға  шығарылған  түрде  қашықтықтан  оқыту  курсында 

электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай 

баяндау  кезінде  сабақтың  басты  элементі  форум  немесе  чат  болып  табылады.  Мұндай 

баяндаулар  алдын  ала  жоспарланып,  алдын  ала  даярланған  сценарий  бойынша 

жүргізіледі.  Оқу  үрдісіне  тьютор  белсенді  қатысады.  Қашықтықтан  оқытуда  жаңа 

материалды  баяндаудың  тағы  бір  нұсқасы  виртуалды  шебер.  Әдетте  оқу  материалын 

баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі. 

Жазбаша  тапсырмалар-қашықтан  оқытуда  кеңінен  қолданылатын  тапсырмалар 

жүйесінің бірі.Онда белгілі бір тапсырмаларды жазбаша түрде орындау,сұрақтарға жауап 

беру  сұралады.Онда  оқулықтар,  тьютор  ұсынған  әдебиеттер,  өз  тәжірибесі  мен 

бақылауларынан  алынған  ақпараттарды  белгілі  бір  формада  жазып  тапсыру 

сұралады.Тьтор жұмыс парағының оң жақ бөлігіндегі бос кеңістікке немесе келесі бетіне 

өзінің 

пікірін 


жазып,ұсыныстар 

береді,қателіктерді 

көрсетіп,түзету 

жолдарын 

ұсынады.Жазбаша жұмыстарды тапсыру мерзімі,көлемі,түрі көрсетілуі тиіс. 

Тапсырма берушіге кеңестер: 

-Тапсырмалар нақты міндеттер қоятындай анық жазылуы керек; 

-Ақпарат көздері,әдебиеттер,бөлімдер,беттер,жаттығулар нөмірі 

нақты көрсетілуі тиіс

-Түсініксіз,мағынасы екіұшты сөздерді қолданбаған дұрыс; 

-Тым ресми тілден қашқақтаңыз; 

-Аралық қорытынды шығатын тапсырмалар жүйесін енгізіп отыру тиімді; 

-Жазу анық болып,белгілер қоятын орын қалдыруды ұмытпаңыз; 

-Сызба,кестелерді қосымша ретінде қолдануға болады. 

 Қашықтықтан  оқыту  жүйесін  әрқайсысы  өз  кезегінде  бірнеше  компоненттерден 

тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар: 

- Дидактикалық жүйе; 

- Технологиялық жүйе; 

- Қамтамасыз ету жүйелері.   

 Қашықтықтан  оқыту  үшін  оқытудың  жалпы  дидактикалык  бес  әдісін  қолдануға 

болады:  

1. 


Ақпараттық-рецептивті;2. 

Репродуктивті;3. 

Мәселелік 

мазмұндау;4. 

Әвристикалық;5. Зерттеу 

Қашықтықтан оқытудың оң ықпалдары: 

Икемділік 

/уақыт, 


орын,ыңғайлы 

қарқын,мөлшер;қосарлылық 

негізгі 


оқумен,жұмыспен  ұштастыру/;оңтайлылық  /ыңғайлы  кесте  ;қамтушылық  /білім  алушы 

саны  өлшем  емес/;рентабелдік  /  басқа  нысандарға  қарағанда  арзан/;оқытушы  / 

оқытушының жаңа рөлі /;білім алушы / білім алушының жаңа рөлі 

Ақпаратты технологиялар 

Әлеуметттілігі.Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар 

мен  оқытушылардың  бір-бірінен  кеңістікте  алыстатылған  оқу  формасы.  Ал, 

тармағынадағы  қашықтықтан  оқу  ұғымы  тындаушылар  мен  оқытушылар  арасындағы, 

сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және 

жоғаргы  дәрежедегі  қазіргі  жаңа  ақпаратгық  технологияларды  (аудио-визуальды 

кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі 

бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі. 

 Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар: 

 Кейс-технология 

оқытушы-тьюторлардың  дәстүрлі  және  қашықтықтан 



консультацияларды 

үйымдастыру 

кезінде 

мәтіндік, 

аудиовизуальды 

және 


мультимедиалық 

оқу-әдістемелік 

материалдарды 

жинау 


және 

оларды 


пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. 

 Кейс 

технологиясы  (ағылшынның  сasе—портфель)  оқытуда  жасалынған 

әдістемелік материалдармен іске асырылады.  

Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар: 

1.Әдістемелік 

нұсқалар. 

Оқу 


құралдары 

мен 


глоссарий. 

Оқушыларға 

оқужоспарындағы  пәндер  бойынша  әлектрондық  тасымалдауышта  (CD-ROM)  оқу-

әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық  әдістер, 

жобалау  әдістері  пайдаланылады.  Мұндай  әдістер  тыңдаушылардың  белсенділігін 

арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге 

2. Жұмыс дәптері. 

3. Анықтама. 

4. Оқу, аудио, бейне материалдары. 

5.Бақылау және емтихан материалдары. 

Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері: 

- курстың терминдер  мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы

-  пайдаланушыға  ыңғайлы  құрылым  –  мұғалім  материалды  беру  реті  мен 

бейнелеудің  бірнеше  түрін  таңдай  алады.  Сол  арқылы  бір  оқу  материалын  әр  түрлі 

аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.  

- Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ.  Кең таралған документтер 

мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады. 

- Оқушы оқулықтың кез келген бетін  қағазға шығара алады. 

-  Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-

ROM). 


- Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.  

- Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады. 



Желілік  –технология  -  білім  алушы,  оқытушылар,  әкімшілік  арасындағы 

интерактивті  өзара  әсері  мен  оның  оқу-әдістемелік  қүралдармен  жабдықталуын 

қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген; 

Оқытудың желілік –технологиясына жатады: 

- Интернет желісін пайдалану; 

- Әлектрондық поштаны пайдалану

- Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану; 

-  Мультимедиамен  жабдықталған,  Интернетке  шығу  мүмкіндігі  бар  желелік 

компьютерлік класс; 

Электронды  почта  тыңдаушыларға  курстың  негізгі  мәселелері  бойынша 

конфиденциалды  хат  жазысуға  мүмкіндік  береді.  Электронды  почта  арқылы  ақпаратты 

жоғары  жылдамдықпен  жіберу  мүмкіндігінің  арқасында  тыңдаушыға  көмек  дер  кезіңде, 



сұранысты  алған  соң  бірден  көрсетіледі.  Интернет  көмегімен  тыңдаушылармен  кері 

байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады. 

 Қашықтықтан оқыту технологиясы артықшылықтары: 

Заман  талабына  сай  ақпараттық-телекоммуникациялық  технологиялар  мен 

құралдарды қолдану;  

Интерактивті  әрекеттесу  формалары;  сапалы  білім  алу;  уақытты  үнемдеу;  ыңғайлы 

уақытта оқу; территориялық шектеулер жоқ; денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.  

Қашықтықтан  оқыту  технологиясы  бойынша  оқытушының  негізгі  міндеті  білім 

алушының  келесі  түрдегі  орындалатын  өз  бетінше  жұмысын  басқару  болып  табылады: 

туындайтын  мәселелерді  қарастыру;  мақсат  пен  міндеттерді  қою;  білім,  тәжірибелерді 

беру;  ұйымдастыру  қызметі;  білім  алушылардың  арасында  өзара  байланысты 

ұйымдастыру;  оқу  процесін  бақылау.  Тыңдаушылар  қашықтықтан  оқыту  кезінде  білім 

беру процесінің негізін  қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі  өз  бетінше 

жұмыс  құрайды.  Сондықтан  тындаушылар  өз  бетінше  жұмысты  техникасы  мен 

әдістемесін,  жоғарғы  деңгейде  білімді  өз  бетімен  толықтыру  негіздерін  меңгеруі  қажет. 

Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен 

жұмыс істей білуі тиіс. 

 Сонымен,  қашықтықтан  оқыту  —  адамның  білім  алуға  және  ақпарат  алуға  деген 

құқықтарын  іске  асыратын  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  нысандарының  бірі  ретінде 

мамандардын  негізгі  қызметін  атқара  жүріп  білімін,  біліктілігін  арттыруға  мүмкіндік 

береді. 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1.Антонова  Т.С.,  Харитонов  А.Л.  История  нас  рассудит!  Методика  применения 

мультимедийного курса истории. /Компьютер в школе. 1999. №8-9. 

2.  Антонова  Т.С.,  Харитонов  А.Л.  Концепция  мультимедийного  учебника  истории. 

//Опыт  компьютеризации  исторического  образования  в  странах  СНГ.  Сб.  ст.  /Под  ред. 

В.Н. Сидорцова, Е.Н. Балыкиной. Минск. БГУ. 1999. 

3.Ладысев  В.С.,  А.Б.  Шакаримова  Организация  контроля  знаний  в  системе 

дистанционного  обучения  //  Материалы  международной  конференции  «Национальные 

системы высшего образования в условиях глобализации», Петропавловск, 2001 г. 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал