8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған күні мен негізін; 9) аккредиттеу аттестатын жою күнін; 10) аккредиттеу аттестатынан айыру күні мен негізін; 11) аккредиттеу аттестатының телнұсқасын беру туралы белгіні қамтуы тиіс. 3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпарат негіздеме пайда болған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектісінің тізіліміне енгізіледі. 4. Аккредиттеу субъектісінің тізіліміндегі ақпарат онымен жеке және заңды тұлғалар танысу үшін ашық болып табылады.