1. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен өтінім беруші арасында жазбаша нысанда жасалады, кемінде екі данада жасақталып, оған тараптар қол қояды. 2. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған бірүлгі шартты уәкілетті орган бекітеді. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шарттың елеулі талаптары: 1) шарттың мәні; 2) жұмыстардың құны; 3) жұмыстарды жүргізу мерзімі; 4) инспекциялық тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімдері; 5) тараптардың жауапкершілігі.