Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы



жүктеу 175.16 Kb.

Дата28.04.2017
өлшемі175.16 Kb.

Қазақстан Республикасының Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  

Қазақстан халқына Жолдауы.  

2014 жылғы 17 қаңтар 

   


 

Қазақстан жолы – 2050: 

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ 

 

 



 

Қымбатты қазақстандықтар! 

 

Құрметті депутаттар! 

 

 Бір  жыл  бұрын  мен  еліміздің  2050  жылға  дейінгі  дамуының  жаңа 



саяси  бағдарын  жария  еттім.  Басты  мақсат  –  Қазақстанның  ең 

дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  қосылуы.  Ол  –  «Мәңгілік 

Қазақстан»  жобасы,  ел  тарихындағы  біз  аяқ  басатын  жаңа  дәуірдің 

кемел келбеті. 

 

 

 Қазақ  елі  ӛткен  22  жылда  қыруар  іс  тындырды.  Біз  үлгілі  дамудың 



ӛзіндік  моделін  қалыптастырдық.  Әрбір  отандасымыздың  жүрегінде 

елімізге 

деген 

шексіз 


мақтаныш 

сезімін 


орнықтырдық. 

Қазақстандықтар  ертеңіне,  елінің  болашағына  сеніммен  қарайды. 

Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның 

жыл ӛткен сайын жақсара түскенін айтады. 

 

 Бүгінде  Отанымыздың  жетістіктері  –  әрбір  азаматтың  ұлттық 



мақтанышы.  Күшті,  қуатты  мемлекеттер  ғана  ұзақмерзімдік 

жоспарлаумен, 

тұрақты 

экономикалық 

ӛсумен 

айналысады. 



«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  –  барлық  саланы  қамтитын  және 

үздіксіз  ӛсуді  қамтамасыз  ететін  жаңғыру  жолы.  Ол  –  елдігіміз  бен 

бірлігіміз,  ерлігіміз  бен  еңбегіміз  сыналатын,  сынала  жүріп 


шыңдалатын  үлкен  емтихан.  Стратегияны  мүлтіксіз  орындап, 

емтиханнан мүдірмей ӛту – ортақ парыз, абыройлы міндет! 

 

Құрметті отандастар! 

 

 ХХІ  ғасырдың  Қазақстаны  –  талантты,  еңбекқор,  толерантты 



халықтың небәрі екі онжылдықта «нӛлден» бастап құрған елі. Бұл  – 

біздің  бәріміз  мақтан  тұтатын  ортақ  жемісіміз!  Бұл  –  біздің  шексіз 

сүйетін ұлы туындымыз! 

 

 Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін 



«Қазақстан-2050»  Стратегиясын  қабылдадық.  Бүгінде  кӛптеген 

табысты  елдер  –  Қытай,  Малайзия,  Түркия  ұзақмерзімді  жоспар 

бойынша  жұмыс  істеуде.  ХХІ  ғасырда  стратегиялық  жоспарлау  ең 

ӛзекті  қағида  болып  саналады.  Егер  ел  ӛз  бағыты  мен  баратын 

айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 2050 Стратегиясы 

айқын  шамшырақ  секілді  басты  мақсатымыздан  кӛз  жазбай, 

азаматтарымыздың  күнделікті  тіршілігінің  мәселелерін  шешуге 

мүмкіндік  береді.  Бұл  біздің  30-50  жылда  емес,  жыл  сайын  халық 

тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді. 

 

 Стратегия 



– 

күннен 


күнге, 

жылдан 


жылға 

елімізді, 

қазақстандықтардың  ӛмірін  жарқын  ете  түсетін  нақты  практикалық 

істер  бағдарламасы.  Бірақ  нарықтық  жағдайда  аспаннан  нәпақа 

күтпей,  тиімді  еңбектену  керектігін  әркім-ақ  түсінуі  тиіс. 

Мемлекеттің міндеті – осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің 

озық  елдері  арасындағы  Отанымыздың  лайықты  Болашағы  ғана 

қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін. 

 

 Бүгін мен дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынғым 



келеді.  Менің  тапсырмам  бойынша  Үкімет  нақты  тұжырымдама 

жобасын  жасады.  Осы  Жолдаудағы  менің  тапсырмаларым  ескеріле 

отырып  жӛнделгеннен  кейін  түпкілікті  бекітілетін  бұл  құжатты 

жалпы алғанда қолдадым. Кӛптеген болжамдар бойынша, алдағы 15-

17  жыл  Қазақстанның  ауқымды  серпілісі  үшін  «мүмкіндіктер  кӛзі» 

болмақ.  Бұл  кезеңде  сыртқы  ортаның  қолайлылығы,  ресурстарға, 

энергияға 

және 


азық-түлікке 

сұраныстың 

артуы, 

Үшінші 


индустриялық  тӛңкерістің  пісіп-жетілуі  сақталады.  Біз  бұл  кезеңді 

пайдалана білуге тиіспіз. 



 

 Біз  2050-дің  мақсатына  қарай  күрделі  жаһандық  бәсекелестік 

жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің ӛзінде 

біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы 

болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. ХХІ ғасырда 

«жеңіл-желпі  жүріп  ӛту»  деген  болмайды.  Ғасыр  ортасы  да  таяп 

қалды.  Әлемнің  дамыған  елдері  соған  сай  нақты  стратегияларын 

дайындауда.  ХХІ  ғасырдың  орта  тұсы  күрделі  болары  даусыз,  ал 

жаһандық  отыздық  тобының  тізіміне  кіретін  үміткерлер  саны  тым 

шектеулі  болады.  Мен  «дамыған  ел»  ұғымының  уақытқа  сәйкес 

ӛзгеріп  тұратын  категория  екенін  бірнеше  рет  айттым.  Дамыған 

елдерде халықтың мүлде жаңа ӛмір сапасы пайда болуда. 

 

 Бүгінде  дамығандықтың  іргелі  кӛрсеткіштерін  Экономикалық 



ынтымақтастық  және  даму  ұйымына  (ЭЫДҰ)  мүше  мемлекеттер 

кӛрсетіп  отыр.  Оған  әлемдік  ішкі  жалпы  ӛнімнің  60  пайыздан 

астамын ӛндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге тағы 6 ел – Бразилия, 

Қытай,  Үндістан,Индонезия,  Ресей  және  Оңтүстік  Африка 

Республикасы үміткер болып отыр. Ұйымға мүше барлық елдер терең 

жаңғыру  жолынан  ӛтті,  инвестицияның,  еңбек  ӛнімділігінің,  шағын 

және орта бизнесті дамытудың, халық ӛмірі стандарттарының жоғары 

кӛрсеткішіне  ие  болып  отыр.  Әлбетте,  ЭЫДҰ  елдерінің  болашақ 

ұзақмерзімді  қарқыны  ескерілгендегі  индикаторлары  –  жер  жүзінің 

дамыған  30  мемлекетінің  қатарына  кіру  жолындағы  біздің  базалық 

бағдарымыз осы. 

 

 Мен 



Қазақстанда 

ЭЫДҰ-ның 

бірқатар 

қағидаттары 

мен 

стандарттарын  енгізу  жӛнінде  міндет  қойдым.  Олар  Тұжырымдама 



жобасында кӛрініс тапқан. 

 

 Экономикада  ішкі  жалпы  ӛнімнің  жыл  сайынғы  ӛсімін  4  пайыздан 



кем  қылмау  жоспарлануда.  Инвестиция  кӛлемін  қазіргі  18  пайыздан 

бүкіл  ішкі  жалпы  ӛнім  кӛлемінің  30  пайызына  дейін  ұлғайту  керек. 

Экономиканың  ғылыми  қамтымды  моделін  енгізу  Қазақстанның 

экспорттық  әлеуетіндегі  шикізаттық  емес  ӛнімнің  үлесін  70  пайызға 

дейін арттыру мақсатын кӛздейді. 

 

 Экономиканың  жоғары  технологиялық  жаңа  салаларын  құру 



ғылымды  қаржыландыруды  ішкі  жалпы  ӛнімнің  3  пайызынан  кем 

емес  деңгейге  дейін  арттыруды  талап  етеді.  Ішкі  жалпы  ӛнімнің 

энергия  тұтыну  ауқымын  2  есе  азайту  маңызды.  Шағын  және  орта 

бизнес  2050  жылға  қарай  Қазақстанның  ішкі  жалпы  ӛнімінің  қазіргі 

20  пайызы  орнына  кемінде  50  пайызын  ӛндіретін  болады.  Еңбек 

ӛнімділігін  5  есеге  –  қазіргі  24,5  мыңнан  126  мың  долларға  дейін 

арттыру керек. 

 

 Әлеуметтік  саланы  дамытудың  2050  жылға  дейін  басты  бағдарлары 



нақты  индикативті  цифрларда  кӛрсетілген.  Біз  ішкі  жалпы  ӛнім 

кӛлемін  жан  басына  шаққанда  4,5  есе  –  13  мың  доллардан  60  мың 

долларға  дейін  арттыруымыз  керек.  Қазақстан  халық  құрылымында 

орта  тап  үлесі  басым  елге  айналады.  Урбанизацияның  жаһандық 

үрдісіне  орай  қалалық  тұрғындар  үлесі  барлық  халықтың  қазіргі  55 

пайызынан  70  пайыздай  деңгейге  дейін  ӛседі.  Қазақстанның 

қалалары  мен  елді  мекендерін  сапалы  жолдар  мен  кӛліктің  барлық 

түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады. 

 

 Саламатты 



ӛмір  салтының  орнығуы,  медицинаның  дамуы 

қазақстандықтардың ӛмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. 

Қазақстан 

медициналық 

туризмнің 

жетекші 


еуразиялық 

орталықтарының  біріне  айналады.  Озық  және  бәсекеге  қабілетті 

ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады. 

 

 Қазақстан  әлемде  адамдар  үшін  қауіпсіз  және  тұруға  жайлы  елдің 



біріне  айналуға  тиіс.  Бейбітшілік  пен  тұрақтылық,  әділ  сот  және 

тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі. 

 

Құрметті отандастар! 

 

 Қазақстанның  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  кіру 



тұжырымдамасында  алдағы  жұмыстың  ұзақмерзімді  басымдықтары 

белгіленген. Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді 

шешуіміз керек. 

 

 Бірінші.  Инновациялық  индустрияландыру  трендін  түзеу  және 



күшейте түсу маңызды. Мен Үкіметке 2016-2019 жылдарға арналған 

Үдемелі индустрияландырудың Екінші бесжылдығы жобасы жӛнінде 

бірқатар  тапсырмалар  бердім.  Индустрияландыру  басымдықтары 

санын шектеу керек. 



 

 Бізге  дәстүрлі  ӛндіруші  секторлар  тиімділігін  арттыру  маңызды. 

Бұлар  –  біздің  бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз.  Бізге мұнай-

газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, ӛндіру 

және кӛмірсутектерді ӛңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен 

газ  ӛндірудің  ықтимал  сценарийлері  бойынша  түбегейлі  шешімге 

келу  керек.  Сирек  металдардың  ғылыми  қамтымды  салалар  – 

электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық 

жабдықтар  салалары  үшін  маңыздылығын  ескере  отырып,  оларды 

игеру ауқымын ұлғайту қажет. 

 

 Қазақстан  геологиялық  барлау  саласы  бойынша  әлемдік  нарыққа 



шығуға  тиіс.  Тиісті  заңнаманы  жеңілдете  отырып,  бұл  салаға 

шетелдік  инжинирингтік  компаниялардан  инвестиция  тартқан  жӛн. 

Жалпы, дәстүрлі салаларға қатысты біздің оларды дамыту жӛніндегі 

бӛлек  жоспарларымыз  болуы  керек.  Әрбір  келесі  бесжылдықтың 

нақты нәтижесі экономиканың жаңа салаларын қалыптастыру болуға 

тиіс.  Бірінші  бесжылдық  аясында  автомобиль  және  авиақұрастыру, 

тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары ӛндірісі жолға қойылды. 

Оларды кеңейтіп, сыртқы нарықтарға шығару керек. 

 

 Сонымен, 2050-ге дейінгі қалған жылдар жеті бесжылдыққа бӛлінеді, 



олардың  әрқайсысы  бір  мақсат  –  дамыған  30  елдің  қатарына  кіру 

мәселесін шешеді. 

 

 Екінші 


және 

одан 


кейінгі 

бесжылдықтарда 

мобильді, 

мультимедиялық,  нано  және  ғарыштық  технологиялар,  робот 

техникасы,  гендік  инженерия  салаларын,  болашақтың  энергиясын 

іздеу мен ашудың негізін салған  жӛн. Мемлекет жұмысының негізгі 

бӛлігі  Қазақстан  бизнесін,  әсіресе  шағын  және  орта  бизнесті 

дамытуға  барынша  қолайлы  жағдай  жасау  болмақ.  Таяудағы  10-15 

жылда  ғылыми  қамтымды  экономикалық  базис  жасау  керек,  онсыз 

біз  әлемнің  дамыған  елдері  қатарына  қосыла  алмаймыз.  Мұны 

дамыған ғылым арқылы шешуге болады. 

 

 Екінші.  Қазақстанның  агроӛнеркәсіп  кешенін  инновациялық 

бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке 

деген  қажеттілік  арта  береді.  Бұл  секторға  инвестиция  кӛбірек 

салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына 


байланысты  кездейсоқ  жетістіктерді  малданып  қалмай,  ӛндірістің 

ӛсімі  жӛнінде  ойлануға  тиіс.  Жаһандық  ауыл  шаруашылығы 

ӛндірісінде бәсеке ӛсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең 

алдымен,  жаңа  технологияларды  енгізіп,  ӛнімділікті  үздіксіз 

арттыратындар, 

жұмысын 


әлемдік 

стандарттар 

негізінде 

жүргізетіндер болуы керек. 

 

 Бірінші  кезекте,  әсіресе  баға  қалыптастырудың  ашық  механизмдері 

арқылы  тиімді  жер  нарығын  құру  маңызды.  Ауылшаруашылық 

жерлерін инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп 

жалға  бергенде  ғана  бәсеке  күшейеді.  Ауыл  шаруашылығында 

бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді 

пайдалануға бӛгет жасайтын барлық кедергіні жойған жӛн. 

 

 Болашақ  –  аграрлық  секторда,  әсіресе,  шағын  және  орта  бизнес 



түріндегі  жаңа  ӛңдеу  кәсіпорындары  желісін  құруда.  Бұл  тұста  біз 

бизнесті  несие  арқылы  қолдауға  тиіспіз.  Фермерлер  ұзақмерзімді 

қаржыландыру  мен  ӛткізу  нарықтарына  делдалсыз,  тікелей  шыға 

алатын  болуға  тиіс.  Ауыл  ӛндірушілерінің  қарыздарын  кепілдендіру 

және сақтандырудың тиімді жүйесін құру да ӛзекті мәселе. 

 

 Қазақстан  ет  және  сүт  ӛнімдерін  экспорттайтын  ӛңірлік  ірі  елге 



айналуға  тиіс.  Егін  шаруашылығында  суды  кӛп  қажет  ететін 

тиімділігі  тӛмен  дақылдар  кӛлемін  қысқарту,  оларды  кӛкӛніспен, 

майлы және азықтық ӛнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. 

Агрохимикаттарды  тиімді  тұтынудың,  қуаң  жерлерде  топырақты 

нӛлдік 

ӛңдеудің 



заманауи 

технологиялары 

мен 

ӛзге 


де 

инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді шаралары қажет. 

 

 «Жасыл» экономикаға кӛшу жӛніндегі қабылданған тұжырымдамаға 



сәйкес,  2030  жылға  қарай  егіс  алқаптарының  15  пайызы  суды 

үнемдеу  технологияларына  кӛшірілетін  болады.  Біз  аграрлық 

ғылымды  дамытып,  сынақтық  аграрлық-инновациялық  кластерлер 

құруымыз  қажет.  Уақыт  кӛшінен  қалмай,  табиғи  азық-түлік 

ӛндірумен  қатар  құрғақшылыққа  тӛзімді  гендік-модификацияланған 

ӛнімдер ӛндірісін де жүргізу маңызды. Айтылған міндеттерді ескере 

келіп,  Үкіметке  агроӛнеркәсіп  кешенін  дамыту  жоспарына  түзету 

енгізуді тапсырамын. 

 


 Үшінші.  Ғылыми  қамтымды  экономика  құру  –  ең  алдымен 

Қазақстан  ғылымының  әлеуетін  арттыру.  Бұл  бағыт  бойынша 

венчурлік  қаржыландыру,  зияткерлік  меншікті  қорғау,  зерттеулер 

мен  инновацияларды  қолдау,  сондай-ақ  ғылыми  әзірлемелерді 

коммерцияландыру  жӛніндегі  заңнаманы  жетілдірген  жӛн.  Үкіметке 

биылғы  жылдың  1  қыркүйегіне  дейін  тиісті  заң  жобалары 

топтамасын  әзірлеп,  Парламенттің  қарауына  енгізуді  тапсырамын. 

Ғылымды қаржыландыру кӛлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған 

елдердің кӛрсеткіштеріне жеткізу жӛнінде нақты жоспар қажет. 

 

 Шетелдерден инвестиция тартуды толықтай елімізге білім мен жаңа 



технологиялар  трансферттеу  үшін  пайдалану  керек.  Шетелдік 

компаниялармен бірлесіп, жобалық және инжинирингтік орталықтар 

құру  қажет.  Бізге  ірі  мұнай-газ  және  тау-кен  металлургиялық 

нысандарында  жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды 

олар  осында  ӛз  қажеттілігі  мен  сервисін  қамтамасыз  ету  үшін 

ӛндірістер 

құруға 

шақырғанымыз 



жӛн. 

Мен 


кейбір 

ірі 


компаниялардың бұған дайын екендігін білемін. Үкімет осы мәселені 

қайта  пысықтап,  қажет  болған  жағдайда  бұл  үшін  барлық  жағдайды 

жасағаны  жӛн.  Жабдықтарды  ӛз  елімізде  ӛндіруімізге  де  болатын 

кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ. 

 

 Ұлттық  инновациялық  жүйенің,  оның  негізгі  институттарының 



тиімділігін  арттыру  маңызды.  Олардың  белсенділігін  стартаптарды 

және венчурлік мәмілелердің бастапқы кезеңдеріне қолдау кӛрсетуге 

бағыттаған жӛн. Ірі қалалық агломерациялардағы, әсіресе Астана мен 

Алматыдағы технологиялық парктердің жұмысын жандандыру керек. 

Алғашқы  зияткерлік-инновациялық  кластер  қазір  Астанадағы 

Назарбаев  университетінің  арқауында  табысты  жұмыс  істеуде.  Ал 

Алматыда  мұндай  кластер  –  «Алатау»  ақпараттық  технологиялар 

паркі.  Технопарктерде  қазақстандық  ірі  компаниялардың  қосалқы 

ӛндірістерін  орналастыру  үдерісін  ынталандыру  шараларын 

ойластыру маңызды. 

 

 Төртінші. Инфрақұрылымдық үштаған  – агломерацияның, кӛліктің, 

энергетиканың 

қарқынды 

дамуын 


қамтамасыз 

ету 


керек. 

Агломерациялар 

– 

Қазақстанның 



ғылыми 

қамтымды 

экономикасының  ұстыны.  Елдің  орасан  зор  аумағын,  халықтың 

орналасу  тығыздығының  тӛмен  екенін  ескерсек,  агломерациялар 



қалыптастыру мен дамыту – маңызды мәселе. Қазақстанның алғашқы 

заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар – Астана мен Алматы, 

одан  соң  –  Шымкент  пен  Ақтӛбе  болады.  Олар  халықтың  және 

инвестициялардың  шоғырлану  орталықтарына  айналады,  сапалы 

білім беру, медицина, әлеуметтік-мәдени қызметтер кӛрсетеді. 

 

 Кӛлік 



инфрақұрылымы 

– 

индустриялық 



экономика 

мен 


қоғамымыздың  тамырына  қан  жүгіртетін  жүйе.  Сапалы  заманауи 

магистральдарсыз  дамыған  ел  болмайды  деп  мен  талай  рет  айттым. 

Бұған қоса, Қазақстанның қатынас жолдары оның Еуропа мен Азия, 

Солтүстік  пен  Оңтүстік  арасында  орналасуы  тұрғысынан  маңызды 

мәнге ие. Елде жолдар желісін жасау үшін біз «Астана – Қарағанды – 

Алматы»,  «Астана  –  Павлодар  –  Ӛскемен»,  «Алматы  –  Қапшағай  – 

Ӛскемен»  автожолдарын  салуды  бастадық.  Осы  бағыттар  бойынша 

пойыздар қазірдің ӛзінде екі есе жылдам жүріп жатыр. 

 

 Логистикалық қызмет көрсету секторын дамыту қажет. 

 

 Ең  алдымен  біздің  жүктерімізді  тасымалдау  үшін  Кеден  одағы 



аумағын барынша пайдалану туралы сӛз болып отыр. «Батыс Еуропа 

–  Батыс  Қытай»  дәлізінің  құрылысы  да  аяқталуға  таяу,  Парсы 

шығанағына  шығу  үшін  Түрікменстан  мен  Иранға  теміржол 

тартылды.  Келешекте  Қазақстан  теңізге  шығатын  жолдары  бар 

елдерде  логистика  орталықтарын  құруға  инвестиция  салуға  тиіс. 

Жүктерді  кедендік  ӛңдеу  мерзімдерін  қысқартып,  шекара 

ӛткелдерінің  ӛткізу  мүмкіндігін  арттырып,  Ақтау  портының 

қуаттылығын 

күшейтіп, 

экспорт-импорт 

операцияларының 

ресімдерін жеңілдету керек. 

 

 Біз ұзындығы 1200 шақырым болатын Жезқазған – Шалқар – Бейнеу 



жаңа  теміржолын  салып  жатырмыз.  Ол  орталықтың  кӛптеген 

аудандарына  жан  бітіріп,  елдің  шығысы  мен  батысын  тікелей 

байланыстырады.  Бұл  орасан  құрылыс  2015  жылы  аяқталады.  Бұл 

магистраль  Каспий  мен  Кавказ  арқылы  Еуропаға  шығуға  мүмкіндік 

береді.  Ал  шығыста  Тынық  мұхиттағы  Ляньюньган  порты  арқылы 

шығамыз,бұл жӛнінде ҚХР-мен келісім бар. 

 

 Біз  энергетиканың  дәстүрлі  түрлерін  дамытатын  боламыз.  Жылу-



электр  стансаларынан  шығатын  қалдықтарды  тазарту  жӛніндегі 

ізденістер  мен  жаңалықтарға,  ӛндіріс  пен  тұрмыста  жаңа 

технологиялар  арқылы  жаппай  электр  қуатын  барлық  жерде 

үнемдеуге  қолдау  кӛрсету  қажет.  Таяуда  Еуроодақтың  ірі 

компанияларының  алғашқы  ондығы  Еуроодақтың  әйгілі  жасыл 

экономика  тұжырымдамасы  негізінде  қабылданған  энергетикалық 

стратегиясына  қарсылығын  жариялады.  Еуроодақ  оны  жүзеге 

асырған  тӛрт  жылда  51  гигаватт  энергия  қуатын  жоғалтты.  Жасыл 

экономика  бағдарламасымен  жұмыс  жүргізе  отырып,  біз  осы 

қателікті ескеруіміз керек. 

 

 Астанадағы  Дүниежүзілік  ЭКСПО-2017  кӛрмесіне  дайындықты 



болашақтың  энергиясын  іздеу  және  жасау  жӛніндегі  озық  әлемдік 

тәжірибені  зерделеу  мен  енгізу  орталығын  құру  үшін  пайдалану 

керек.  Мамандар  тобы  Назарбаев  университетінің  қолдауымен  осы 

жұмысқа  кірісуге  тиіс.  Біз  қоғамдық  кӛлікті  отынның  экологиялық 

таза түрлеріне кӛшіруге, электромобильдерді енгізуге және олар үшін 

тиісті  инфрақұрылым  қалыптастыруға  жағдай  жасауымыз  керек. 

Еліміз бензинді, дизель отынын, авиация керосинін молынан ӛндіруді 

қажет етіп отыр. Жаңа мұнай ӛңдеу зауыттарын салу қажет. 

 

 Сонымен  қатар,  ядролық  энергетиканы  дамытудың  келешегін 



ұмытпау  керек.  Әлемнің  таяудағы  даму  келешегінде  арзан  атом 

энергиясына  деген  қажеттілік  ӛсе  түсетін  болады.  Қазақстан  –  уран 

ӛндіруде  әлемдік  кӛшбасшы.  Біз  АЭС  отыны  үшін  тӛл  ӛндірісімізді 

дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз. 

 

 Бесінші.  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  –  ХХІ  ғасырдағы 

Қазақстанды  индустриялық  және  әлеуметтік  жаңғыртудың  басты 

құралы.  Мұндағы  менің  ұстанымым  айқын  екенін  білесіздер,  оны 

талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі 

артқан  сайын  Қазақстанның  дамуы  да  орнықты  бола  түседі.  Бізде 

шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2,4 

миллионнан  астам  қазақстандық  еңбек  етеді.  Бұл  сектордағы  ӛнім 

кӛлемі тӛрт жылда 1,6 есе ӛсті және 8,3 млрд. теңгені құрап отыр. 

 

 Жаһандық  рейтингке  сәйкес,  Қазақстан  бизнесті  жүргізуге  ең 



қолайлы  жағдайы  бар  елдер  тобына  кіреді  және  біз  бұл  үрдісті 

ӛрістете  түсуге  тиіспіз.  Шағын  және  орта  бизнес  –  біздегі  Жалпыға 

ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін 


жеке  меншік  институтын  заңнамалық  тұрғыда  нығайтатын  кешенді 

шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар 

құқықтық  нормалардың  күшін  жою  керек.  Шағын  бизнес  ұрпақтан-

ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс. 

 

 Шағын  бизнесті  мамандандыруды  келешекте  оларды  орта  деңгейге 



кӛшіру  перспективасымен  дамыту  шараларын  қабылдау  маңызды 

болмақ.  Осы  сектор  субъектілерінің  банкроттығының  айқын 

тетіктерін енгізген жӛн. Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық 

кәсіпорындар 

тӛңірегінде 

дамуға 


тиіс. 

Мен 


Үкіметке 

индустрияландырудың екінші бесжылдығы жоспарын «Бизнес-2020» 

жол картасымен үйлестіруді тапсырдым. Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер 

палатасымен  бірлесіп,  жұмысын  жаңа  бастаған  бизнесмендерге 

әдістемелік кӛмектің тиімді тетіктерін жасауы керек. 

 

 Алтыншы.  Біздің  болашаққа  барар  жолымыз  қазақстандықтардың 

әлеуетін  ашатын  жаңа  мүмкіндіктер  жасауға  байланысты.  ХХІ 

ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы 

мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? 

 

 Біріншіден,  барлық  дамыған  елдердің  сапалы  бірегей  білім  беру 



жүйесі  бар.  Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын 

жақсартуда  бізді  ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр.  2020  жылға  қарай 

Қазақстандағы  3-6  жас  аралығындағы  балаларды  мектепке  дейінгі 

біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи 

бағдарламалар  мен  оқыту  әдістемелерін,  білікті  мамандар  ұсыну 

маңызды.  Орта  білім  жүйесінде  жалпы  білім  беретін  мектептерді 

Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. 

Мектеп  түлектері  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  білуге  тиіс. 

Оларды  оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы  ойлау,  ӛзіндік 

ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. 

 

 Таяудағы  3  жыл  ішінде,  2017  жылға  дейін  орын  жетіспеушілігін 



жойып,  қажетті  жерлерде  елдегі  барлық  мектепті  екі  ауысыммен 

оқытуға  кӛшіру  керек.  Үкімет  пен  әкімдер  осы  міндетті  орындау 

үшін бюджет қаражатының бӛлінуін қарастырғаны жӛн. Таяудағы 2-3 

жылда  дуальдік,  техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің  ұлттық 

жүйесінің  негізін  қалыптастыру  керек.  Келешекте  жастардың 

техникалық  білім  алуын  мемлекеттік  кепілдендіруге  кӛшіруді 



қарастыру қажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе 

бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. 

 

 Жетекші  университеттерді  академиялық  және  басқарушылық 



автономияға  біртіндеп  кӛшіруге  жоспарлы  түрде  кірісу  қажет. 

Үлгерімі  жақсы  студенттер  мен  оқушыларды  қолдаудың  тиімді 

жүйесін  жасау  қажет  деп  санаймын.  Үкіметке  2016  жылғы  1 

қаңтардан  бастап  стипендиялар  мӛлшерінің  25  пайызға  ӛсірілуін 

қамтамасыз етуді тапсырамын. 

 

 Екіншіден,  денсаулық  сақтау  саласындағы  басты  басымдық  – 

алғашқы  медициналық-санитарлық  кӛмекті  дамыту.  Міндетті 

медициналық  сақтандыру  енгізу  мәселесін  зерттеген  жӛн. 

Мемлекеттің,  жұмыс  берушілердің  және  қызметкердің  денсаулық 

үшін  ортақ  жауапкершілігі  –  медициналық  қызметтің  барлық 

жүйесінің  басты  қағидаты.  Спортпен  шұғылдану,  дұрыс  тамақтана 

білу,  жүйелі  профилактикалық  тексерілу  –  аурудың  алдын  алудың 

негізі. 

 

 Үшіншіден,  жалпықазақстандық  мәдениетті  дамытуға  жаңаша 

серпін берген жӛн. Мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасын 

әзірлеу  қажет.  Онда  қазақстандықтардың  бәсекеге  қабілетті  мәдени 

ментальдігін  қалыптастыруға,  заманауи  мәдениет  кластерлерін 

дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек. 

 

 Қазақ  тілі  бүгінде  ғылым  мен  білімнің,  интернеттің  тіліне  айналды. 



Қазақ  тілінде  білім  алатындардың  саны  жыл  ӛткен  сайын  кӛбейіп 

келеді.  Еліміз  бойынша  мемлекеттік  тілді  оқытатын  57  орталық 

жұмыс  істейді.  Олардан  мыңдаған  азаматтар  қазақ  тілін  үйреніп 

шықты,  әлі  де  үйренуде.  Былтырғыға  қарағанда  биыл  қазақ  тілін 

білемін  деген  ӛзге  ұлт  ӛкілдерінің  саны  10  пайызға  ӛскен.  Бұл  да 

біраз  жайттан  хабар  береді.  Тек  соңғы  3  жылда  мемлекеттік  тілді 

дамытуға  республика  бойынша  10  миллиард  теңге  бӛлінді.  Енді 

ешкім  ӛзгерте  алмайтын  бір  ақиқат  бар.  Ана  тіліміз  Мәңгілік 

Елімізбен  бірге  Мәңгілік  тіл  болды!  Оны  даудың  тақырыбы  емес, 

ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жӛн. 

 

 Төртіншіден,  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  әлеуметтік  қорғау 



қызметкерлерінің  әлеуметтік  пакеттерін  қайта  қарастырған  жӛн. 

Үкіметке  азаматтық  қызметшілер  еңбекақысының  жаңа  үлгісін 

әзірлеуді  және  2015  жылғы  1  шілдеден  бастап  енгізуді  тапсырамын. 

Ол  қызметкерлердің  еңбекақыларын  денсаулық  сақтау  саласында  – 

28,  білім  беру  саласында  –  29,  әлеуметтік  қорғау  саласында  40 

пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. 

 

 Бесіншіден,  мүмкіндігі  шектеулі  азаматтарымызға  кӛбірек  кӛңіл 



бӛлу  керек.  Олар  үшін  Қазақстан  кедергісіз  аймаққа  айналуға  тиіс. 

Бізде  аз  емес  ондай  адамдарға  қамқорлық  кӛрсетілуге  тиіс  –  бұл 

ӛзіміздің  және  қоғам  алдындағы  біздің  парызымыз.  Бүкіл  әлем 

осымен  айналысады.  Мүмкіндігі  шектеулі  адамдар  тұрмыстық 

қызмет 

кӛрсету, 



тағам 

ӛнеркәсібі, 

ауыл 

шаруашылығы 



кәсіпорындарында  жұмыс  істей  алады.  Мен  барлық  кәсіпкерлерге 

оларды жұмысқа орналастыруға кӛмектесіңіздер деп тағы да айтқым 

келеді.  Сондай-ақ,  5-10  адамға  арналған  арнайы  квотаны  енгізу 

мүмкіндігін қарастыруға болады. 

 

 Біз оларды белсенді ӛмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана 



қоймайды,  сонымен  бірге,  ӛздерін  қоғамның  мүшесі,  пайдалы 

еңбеккер  ретінде  сезінетін  болады.  Біздің  барлық  әлеуметтік 

институттар,  үкіметтік  емес  ұйымдар,  «Нұр  Отан»  партиясы  осы 

жұмысты қолға алғандары жӛн. Егер қажет болған жағдайда Үкімет 

бұл  мәселені  барлық  компаниялармен  бірлесе  пысықтап,  тиісті 

шешім  қабылдауы  керек.  Мүгедектігіне  және  асыраушысынан 

айрылуына  байланысты  әлеуметтік  жәрдемақы  кӛлемін  Үкіметке 

2015  жылғы  1  шілдеден  бастап  25  пайызға  арттыруды  тапсырамын. 

Мүгедектер  бірлестіктері  қызметінің  құқықтық  базасын  жетілдірген 

жӛн. 


 

 Үкіметтен  бастап  жергілікті  әкімдерге  дейінгі  барлық  мемлекеттік 

органдардың  олармен  жұмысын  күшейткен  маңызды.  Кедейлік 

деңгейін  одан  әрі  тӛмендетіп,  жұмыссыздықтың  ӛсуін  тежеген  жӛн. 

Бұл ретте масылдық пиғылдың ӛрістеуіне жол бермеу маңызды. 

 

 Мемлекеттік  кӛмек  алушылардың  барлығы  үшін  жұмыспен  қамту 



және  әлеуметтік  бейімделуге  кӛмектесетін  бағдарламаларға  міндетті 

қатысу туралы ереже енгізу керек. 

 


 Жетінші.  Мемлекеттік  институттар  жұмысын  жетілдіру.  Әлемнің 

дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, 

әділеттілік,  заңның  үстемдігі  және  жоғары  құқықтық  мәдениет 

ахуалы қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен 

ӛзара  іс-қимылының  жаңартылған  тәсілдері  керек.  Заң  алдындағы 

теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс. 

 

 Сот  жүйесі  іс  жүзінде  ашық  және  қолжетімді,  қарапайым  және 



барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау 

жүйесі  жұмысының  сапасын  арттыру  қажет.  Зор  ӛкілеттілік  пен 

құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби 

деңгейімен ерекшеленуге тиіс. 

 

 Аса  маңызды  міндет  –  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  жаңа 



стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру.Әкімшілік 

реформа  қажетсіз  қағазбастылық  пен  құжат  айналымының  қолайсыз 

үдерісіне  айналмауға  тиіс.  Халық  алдында  есептілігін  арттырып, 

нәтижеге  деген  жауапкершілігін  күшейте  отырып,  жергілікті 

жерлердегі  басқару  органдарына  кӛбірек  дербестік  беру  керек. 

Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін 

осы айтылған барлық мәселелер жӛнінде кешенді ұсыныстар енгізуді 

тапсырамын. 

 

 Мемлекеттік  кәсіпорындардың,  ұлттық  компаниялар  мен  бюджеттік 



мекемелердің  кадр  саясатына  меритократия  қағидаттарын  енгізуді 

жалғастыру 

қажет. 

Үкіметке 



«Б» 

корпусы 


мемлекеттік 

қызметшілерінің  еңбекақысын  2015  жылғы  1  шілдеден  бастап  –  15 

пайызға,  ал  2016  жылғы  1  шілдеден  бастап  –  тағы  15  пайызға 

арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. 

 

 Мемлекетіміз  бен  қоғамымыз  алдында  тұрған  әлемнің  дамыған  30 



елінің қатарына қосылу жолындағы нақты міндеттер осындай. Біздің 

алдымызда  оларды  заң  жүзіне  және  нақты  шешімдерге  айналдыру 

міндеті тұр. 

 

 



 

 

 

Құрметті депутаттар және Үкімет мүшелері! 

 

 Әлемнің  дамыған  30  елінің  қатарына  қосылуға  ұмтылысымызды  біз 



екі кезеңде жүзеге асыруымыз қажет. 

 

 Бірінші  кезең  XXI  ғасырдағы  «мүмкіндіктер  кӛзін»  пайдалана 



отырып, жаңғыру серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейінгі 

кезеңді  қамтиды.  Қазақстан  осы  уақыт  ішінде  дамыған  елдердің 

ӛткен  жүзжылдықтағы  индустриялық  дүмпу  кезінде  жасағанын 

жүзеге  асыруы  қажет.  Мұны  іске  асыруға  әбден  болады.  Оңтүстік 

Корея,  Сингапур  осындай  жолдан  ӛтті.  Бұл  кезеңде  біз 

экономикамыздың 

дәстүрлі 

салаларының 

қарқынды 

ӛсімін 


қамтамасыз етіп, қуатты индустриялық ӛңдеуші сектор құрамыз. 

 

 Екінші  кезеңде  2030  –  2050  жылдар  аралығында  еліміздің  ғылыми 



қамтымды  және  жасыл  экономика  қағидаттарына  негізделген 

орнықты  дамуын  қамтамасыз  ету  қажет.  Біз  қуатты  ӛңдеуші 

ӛнеркәсіп  қалыптастырамыз.Дәстүрлі  салаларда  жоғары  ӛңделген 

ӛнімдер  шығаруға  кӛшу  жүзеге  асырылып,  ғылыми  қамтымды 

экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтер дамиды. 

 

 Кӛп  нәрсе  қалай  бастауға  байланысты  екенін  ескере  отырып,  енді 



биыл атқарылуға тиіс шараларға тоқталайын. 

 

 Үкімет  пен  Ұлттық  банкке  осы  жылға  арналған  нақты  тапсырмалар 



беремін. 

 

 Бірінші.  Үкімет  биыл  экономика  ӛсімін  6-7  пайыз  деңгейінде 

қамтамасыз  етуге  тиіс.  Бұл  орайда  биылғы  жыл  қорытындысы 

бойынша,  халықтың  жан  басына  шаққандағы  ішкі  жалпы  ӛнім  14,5 

мың доллардан кем болмауға тиіс. 

 

 Екінші.  Ұлттық  банк  пен  Үкіметке  2014  жылғы  1  мамырға  дейін 

инфляцияны  орта  мерзімді  перспективада  3-4  пайызға  дейін 

тӛмендетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын. 

 

 Үшінші.  Үкімет  Ұлттық  банкпен  бірлесіп,  2014  жылғы  1  маусымға 

дейін  Қаржы  секторын  дамытудың  2030  жылға  дейінгі  кешенді 

бағдарламасын әзірлеуі қажет. 


 

 Төртінші. 

Үкімет 

«Самұрық-Қазына» 



қорымен 

бірлесіп, 

мемлекеттің қатысы бар барлық компанияларға талдау жүргізіп, жеке 

секторға  берілетін  кәсіпорындар  тізімін  анықтауы  керек.  Тура 

осындай жұмысты қалған мемлекеттік секторларда да жүргізу қажет. 

Биылғы  жылдың  бірінші  тоқсанында  Жекешелендірудің  2014-2016 

жылдарға арналған кешенді бағдарламасы қабылдануға тиіс. 

 

 Бесінші.  Үкімет  жылдың  соңына  дейін  Астана  және  Алматы 

қалаларында  агломерациялар  қалыптастырудың  2030  жылға  дейінгі 

кезеңге арналған стратегиясы жобасын әзірлеуі керек. 

 

 Алтыншы.  Үкімет  халықаралық  сауданы  іске  асыру  кезіндегі 

кедергілерді 

алып 


тастау 

мәселелерін 

қарастыра 

отырып, 


Қазақстанның  транзиттік  әлеуетін  дамытудың  2030  жылға  дейінгі 

бағдарламасын 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін әзірлесін. 

 

 Жетінші. 

Тӛртінші 

мұнай 

ӛңдеу 


зауыты 

мен 


атом 

электрстансасының орны, инвестициялар кӛзі мен құрылыс мерзіміне 

қатысты мәселелерді Үкімет биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін 

шешкені жӛн. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Құрметті қазақстандықтар!  

Менің серіктестерім! 

 

 Біздің  Стратегия-2050-дегі  басты  мақсаттарға  жетуді  кӛздейтін 



барлық іс-әрекеттеріміз нақты қағидаттарға негізделуге тиіс. 

 

 Біріншіден,  қабылданатын  барлық  шешімдердің  прагматизмі  мен 

эволюциялылығы қағидаты. 

 

 Экономикада,  саясат  пен  әлеуметтік  тұрмыста  ешбір  секіріске, 



жӛнсіз  сынақ  пен  авантюраларға  жол  беруге  болмайды. 

Айналамыздағы  әлем  қалай  тез  ӛзгеретін  болса,  еліміз  бен 

қоғамымыз да солай жылдам ӛзгеруге тиіс. 

 

 Екіншіден, ӛзара тиімді ашықтық қағидаты. 



 

 Біз  экономикамызға  шетелдік  инвестициялар,  технологиялар  мен 

инновацияларды  кеңінен  тартатын  боламыз.  Инвесторлар  үшін 

жұмысқа қолайлы жағдайлар жасаймыз. Біз дамыған 30 елдің тобына 

кірудің  осы  маңызды  тетігі  арқылы  экономикамыздың  ӛңірлік, 

жаһандық  экономикалық  жүйемен  терең  ықпалдасуын  айқын  кӛріп 

отырмыз.  Бұл,  ең  алдымен,  Еуразиялық  экономикалық  одақ 

қалыптастыруға  қатысуымызға,  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына 

кіруімізге байланысты. 

 

 Үшіншіден,  бұл  –  қазақстандықтардың  әл-ауқатын  арттыру 

қағидаты. Қарапайым адамдардың әлеуметтік кӛңіл-күйі біздің басты 

мақсатқа ілгерілеуіміздің маңызды индикаторы болуға тиіс. 

 

 Төртіншіден, бүкілхалықтық қолдау қағидаты маңызды мәнге ие. 

 

 Менің халыққа Жолдауым біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді 



түсіндіретін  басты  құжат  болып  табылады.  Әрбір  министр,  әкім, 

кәсіпорын  басшысы  осы  Жолдауды  түсіндіру  жұмысына  және  оған 

баршаны  қатыстыру  ісіне  жетекшілік  етуге  тиіс.  Жолдаудың 

мақсаттары  мен  міндеттерін  жүзеге  асыру  жӛніндегі  нақты 

шаралардан  әрбір  қазақстандық  хабардар  болуы  қажет.  Бұл  «Нұр 

Отан» партиясы қызметінің негізгі мәселелерінің біріне айналады деп 

сенемін. 


 

 Ол 


үшін  ең  алдымен  мемлекеттік  қызметшілердің  ӛздері 

Стратегиямыздың идеяларын білуге және мәнін терең ұғуға тиіс. 

 

 Президент  Әкімшілігі  мен  Үкіметтің  бүкіл  құрамының,  барлық 



деңгейдегі  әкімдердің  жұмысы  барлық  осы  міндеттерді  орындауға 

бағытталуға  тиіс.  Жалпы,  мемлекеттік  органдардың  құрылымы 

алдағы 

міндеттердің 



шешімімен 

үйлесім 


тауып, 

2050 


Стратегиясының мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі керек. 

 

Қымбатты отандастар! 



Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! 

 

 Біз  үшін  ортақ  тағдыр  –  бұл  біздің  Мәңгілік  Ел,  лайықты  әрі  ұлы 

Қазақстан! 

Мәңгілік 

Ел 

– 

жалпы 



қазақстандық 

ортақ 


шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. 

 

 Егеменді 



дамудың  22  жылында  барша  қазақстандықтарды 

біріктіретін,  ел  болашағының  іргетасын  қалаған  басты  құндылықтар 

жасалды. 

 

 Олар  кӛктен  түскен  жоқ.  Бұл  құндылықтар  –  уақыт  сынынан  ӛткен 



Қазақстандық жол тәжірибесі. 

 

 Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. 



 

 Екіншіден,  бұл  –  қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік,  бейбітшілік  пен 

келісім. 

 

 Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият. 



 

 Тӛртіншіден,  бұл  –  индустрияландыру  мен  инновацияларға 

негізделген экономикалық ӛсім. 

 

 Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. 



 

 Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. 

 


 Жетіншіден,  бұл  –  еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі  және  бүкіләлемдік, 

ӛңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. 

 

 Осы  құндылықтар  арқасында  біз  әрдайым  жеңіске  жеттік,  елімізді 



нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. 

 

 Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмнің  идеялық  негізі  осы  мемлекет 



құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. 

 

 Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына 



«Қазақстан-2050»  жалпыұлттық  қозғалысымен  бірлесіп,  «Мәңгілік 

Ел»  патриоттық  актісін  әзірлеп,  қабылдауды  ұйымдастыруды 

тапсырамын. 

 

 Біз  ӛз  халқымыздың  игілігі  жолында  ұлы  мақсаттарды  алға  қоямыз, 



сондықтан  мен  барлық  саяси  партияларды,  қоғамдық  бірлестіктерді, 

барша  қазақстандықтарды  2050  Стратегиясының  басты  мақсатына 

жету жӛніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын! 

 

 Әсіресе,  жастарымызға  мынаны  айтамын.  Бұл  Стратегия  сіздерге 



арналған. 

 

 Оны  жүзеге  асыратын  да,  жемісін  кӛретін  де  сіздер.  Ӛз  жұмыс 



орындарыңызда 

отырып, 


осы 

жұмысқа 


әрқайсысыңыз 

атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар. 

 

 Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар! 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қадірлі халқым! 

 

 Мәңгілік  Ел  –  ата-бабаларымыздың  сан  мың  жылдан  бергі  асыл 



арманы. 

 

 Ол  арман  –  әлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас  құрып,  әлем 



картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. 

 

 Ол  арман  –  тұрмысы  бақуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне 



сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. 

 

 Біз  армандарды  ақиқатқа  айналдырдық.  Мәңгілік  Елдің  іргетасын 



қаладық. 

 

 Мен  қоғамда  «Қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  қандай  болуы  керек?» 



деген  сауал  жиі  талқыға  түсетінін  кӛріп  жүрмін.  Біз  үшін 

болашағымызға  бағдар  ететін,  ұлтты  ұйыстырып,  ұлы  мақсаттарға 

жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. 

 

 Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. 



 

 Біз 


еліміздің  жүрегі,  тәуелсіздігіміздің  тірегі  –  Мәңгілік 

Елордамызды тұрғыздық. 

 

 Қазақтың  Мәңгілік  Ғұмыры  ұрпақтың  Мәңгілік  Болашағын  баянды 



етуге арналады. 

 

 Ендігі  ұрпақ  –  Мәңгілік  Қазақтың  Перзенті.  Ендеше,  Қазақ  Елінің 



Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! 

 

 Мен  Мәңгілік  Ел  ұғымын  ұлтымыздың  ұлы  бағдары  –  «Қазақстан-



2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. 

 

 Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гӛрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. 



 

 Бұл  –  әлем  кеңістігінде  ғұмыр  кешкен  талай  халықтың  басынан 

ӛткен  тарихи  шындық.  Ӛзара  алауыздық  пен  жан-жаққа  тартқан 

берекесіздік  талай  елдің  тағдырын  құрдымға  жіберген.  Тіршілік 



тезіне  тӛтеп  бере  алмай,  жер  бетінен  ұлт  ретінде  жойылып  кеткен 

елдер қаншама. 

 

 Біз  ӛзгенің  қателігінен,  ӛткеннің  тағылымынан  сабақ  ала  білуге 



тиіспіз.  Ол  сабақтың  түйіні  біреу  ғана  –  Мәңгілік  Ел  болу  біздің  ӛз 

қолымызда.  Бұл  үшін  ӛзімізді  үнемі  қамшылап,  ұдайы  алға 

ұмтылуымыз керек. 

 

 Байлығымыз  да,  бақытымыз  да  болған  Мәңгілік  Тәуелсіздігімізді 



кӛздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. 

 

 «Қазақстан-2050»  –  Мәңгілік  Елге  бастайтын  ең  абыройлы,  ең 



мәртебелі  жол.  Осы  жолдан  айнымайық,  қадірлі  халқым!  Әрбір 

күніміз  мерекелі,  әрбір  ісіміз  берекелі  болсын!  Дамуымыз  жедел, 

келешегіміз  кемел  болсын!  Жарқын  іспен  күллі  әлемді  таң  қылып, 

Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік! 



 

   


 

Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал