Қазақстан Республикасының Прези



жүктеу 374.25 Kb.

бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі374.25 Kb.
  1   2   3   4

Қазақстан  Республикасының  Прези-

денті  Н.Назарбаев  «Қазақстанның 

үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  

қабілеттілік» 

атты 

Жолдауында  



«Бірінші  басымдық  –  экономиканың 

жеделдетілген технологиялық жаңғыр-

тылуы.  Біз  цифрлық  технологияны 

қолдану  арқылы  құрылатын  жаңа 

индустрияларды өркендетуге тиіспіз. 

Жаңа  индустриялар  қалыптастыру-

дың  маңызды  шарты  инновацияны 

қолдану және оларды өндіріске тезірек 

енгізу болып саналады» деген еді. 

Бұл – жаңа заман талабы. Сондықтан 

бұл  өміршең  міндет  ел  ішінде 

қолдау  тауып,  жүзеге  асуда  десек, 

қателеспейміз. 

Міне,  соның  бір  көрінісі  –  шалғай 

құмдағы 

екі 


қыстақ 

интернет 

байланысына  қосылды.  Мұны  жүзеге 

асырған  тағы  да  «Муса»  шаруа 

қожалығы.

Қожалық  басшысы  Тілеген  Мусин  – 

жаңалыққа жаны құмар және оны тиім-

ді пайдалануға аса ықыласты жан.

Ауданда да бірінші болып жел мен күн 

көзінен  электр  энергиясын  өндіретін 

құрылғы  қондырып,  игілігін  көрген  де 

Тілеген еді.

Енді  міне,  тағы  ауданда  алғашқы 

болып  шалғайдағы  екі  қыстағын 

интернет байланысына қосты.

Жаңалықты   естіп,  аудан  орталығы-

нан  70  шақырым  жердегі  Сәдір 

қыстағына 

атбасын 

тірегенімізде 

алматылық  ASTEL  компаниясының 

жігіттері  үй  шатырына  KAZSAT-3  

спутнигі  арқылы  сигнал  қабылдайтын 

Daraline  антенін  қондырып  жатыр 

екен.

-Бұл  –  отандық  құрылғы.  Біреуінің 



құны 285 мың теңге, әкеліп құрып беру 

ақысы 69 мың теңге. Мен екі қыстаққа 

екеуін  алдым.  Біреуін  ақысын  төлеп, 

біреуін  бес  айға  өсімсіз  несиеге 

алдым.  Және  екеуін  қатар  алғасын 

әкеліп қондыру ақысына 32 мың теңге 

жеңілдік берді,-дейді Тілеген Мусин.

Бұл  қондырғы  бір  телефон  мен 

интернет  байланысын  қамтамасыз 

етеді екен.

-Сәдір – інім Ербол Мусиннің қыстағы. 

Екіншісін  өзімнің  Жиекқұм  қыстағына 

қондыртамын. Осы аппараттар арқылы 

интернет  байланысы  орнап,  кез 

келген  жермен  телефонмен  сөйлесу 

қамтамасыз  етіледі.  Бұл  шалғай 

қыстақтарымыздағы  жағдайды  сәт 

сайын біліп отыруға мүмкіндік береді,-

дейді  жаңа  қондырғыны  қондыртып 

жүрген қожалық басшысы.

Ия,  Тілеген  –  асылтұқымды  ірі  қара 

малын  өсірумен  айналысатын  шаруа. 

Ал,  інісі  Ербол  Мусин  –  «Ақбота» 

шаруа қожалығының басшысы.

«Ақбота» шаруа қожалығы 2011 жылы 

құрылса,  күні  бүгін  365  бас  сиыры, 

300 бас қой мен 100 жылқысы, 40 бас 

түйесі  бар,  осы  малды  екі  қыстаққа 

қыстатып, 10 адамды жұмыспен қамтып 

отыр.  Биылға  дейін  жергілікті  сиыр 

тұқымын  өсіріп,  шаруасын  түзеп  алу 

үшін  жұмыстанса,  енді  ағасы  Тілеген 

сияқты мол өнім беретін текті тұқымды 

мал  өсіруді  қолға  ала  бастаған  екен. 

Биыл  65  бас  асылтұқымды  қашар 

алып, өсіруде.

Сонымен  қатар,  Ербол  биылғы 

Елбасы  Жолдауында  айтылған  жеке 

үй  шаруашылықтары  мен  шағын 

фермерлерді  кооперативтерге  тарту 

ісіне мұрындық болып, селолық тұтыну 

кооперативін құруға кірісіпті. Құптарлық 

іс емес пе? 

Біз  ауылға  беттеп,  Қаттықұдық 

қыстағына 

жеткенімізде 

Сәдірде 

қалған  Тілеген  телефон  шалды. 

Шалғай қыстақтан жеткен бұл қоңырау 

сол қыстақтың интернет байланысына 

қосылғанының белгісі еді.

Міне,  Елбасы  міндеттеген  жаңа 

технологияның шалғайдағы малшылар 

тұрмысына қолжетімді болғаны осы.



Өмірзақ АқбАсов.

   


Тәуелсіздік.    Достық.     Еңбек.

Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті.  

              батыс қазақстан облысы.

Газет 1934 жылдан 

бастап шығады

 №6 (7613) 

zhanarqan_onir@mail.ru

біздің электронды поштамыз:

      Сенбі

     11 ақпан

2017 жыл

Жолдау жүзеге асуда

Шалғайдағы қыстақ 

интернетке қосылды

қысТАн қысылмАуғА мүмкінДік бАр

Мал  қыстату  науқанының  барысын  білмек  болып, 

ауыл  шаруашылығы  бөлімінің    басшысы    Света 

Бекқалиеваға  хабарласқанымызда  «қалыпты,  еш 

қиындық  жоқ»  деген  жауап  алдық.  Бұлай  болатын 

реті  де  бар.  Биылғы  қыс  мал  баққан  елге  әзір 

жайсыз  болып  тұрған  жоқ.  Қар  ерте  түсті.  Аязды, 

боран-шашынды  күндер  көп  болды.  Көп  жерлерде 

төрт  түлік  мал  шөпке  ерте  тұрды.  Қаңтар  айының 

күрт  сутып,  күрт  жылынып,  біресе  қар  тастап,  кей 

сәтте  боран  тұрып  құбылуы  малды  ауылдарды 

азды-кем мазасыздандырғаны да рас. Ауа райының 

мұндай  құбылысы  тебіндегі  жылқы  малына 

жайсыздық әкелетін еді. Бірақ қалың қар қата қойған 

жоқ,  тебіндеуге  мүмкіндік  беріп  отыр.  Қыс  қазір 

қайтадан  өзінің  қалпына  түсті  деуге  болады.  Мұны 

біз  хабарласқан  ауыл  шаруашылық  мамандары  да 

құптайды.  

- Биыл  Жаңақала  ауданында  қыстаққа  48600  бас 

мүйізді ірі қара, 166473 бас қой-ешкі, 18853 бас жылқы, 

871  бас  түйе  кірді.  Биылғы  мал  қыстату  науқаны 

ауданда қалыпты жағдайда өтуде. Себебі біз жемшөп 

жағынан қысылмаймыз.  Аудан бойынша биыл 125,41 

мың  тонна  мал  азығын  дайындау  жоспарланса, 

177,30  мың  тонна  мал  азығы  дайындалып,  жоспар 

141,4 пайызға орындалды. Қазір барлық жерде шөп 

бар.  Ешқандай  алаңдарлық  мәселе  жоқ  сияқты. 

Ең  шөбі  көп  ауыл  –  Қызылоба  ауылдық  округі. 

Бұл  округ  –  ауданда  шабындығы  көп  округ.  Биыл 

бұл  округтің  шабындығынан  әр  гектарынан  17,5 

центнер  өнім  алынды.  Жалпы,  мал  азығы  жөнінен 

шаруа  қожалықтарында,  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестіктерінде ешқандай қорқыныш жоқ. Тек кейбір 

жекелеген үйлердің шөбінің толық жететініне кепілдік 

беру қиын. Қыс созылса, жемшөбі сарқылып қалатын 

жекелеген мал ұстаушылар кездесуі мүмкін ғой. Бәрі 

бірдей  жемшөп  қорын  жасап  алды  деуге  болмас. 

Қаржының тапшылығынан жеткілікті мөлшерде шөп 

түсіріп алмаған үйлер табылуы мүмкін. Егер оларға 

жемшөп  қажет  болатын  жағдай  туып  жатса,  шөп 

бар, жәрдем көрсетіледі. Қыс түскелі әзірге малдан 

шығын  жоқ.  Малды  ауылдарды  аралап,  шаруаны 

көріп  жүрміз.  Қашықтау  деген  қыстақтармен  үнемі 

байланысып отырмыз, көбісі ауылдардың жанында, 

шетінде  орналасқан.   Кейінгі  күндері  біздің  өңірде 

боран  жиі  соғып,  сай-салаларды  толтырып  жатыр. 

Бір  тәуірі  -  жылы,  салқындық  шамалы.  Мал 

қыстатуда  тап  қазір  еш  қиындық  жоқ,-дейді  Света 

Сәрсенбайқызы.

Маманның  әңгімесі  мал  қыстату  науқанының 

ауданда  табысты  өтетініне  нық  сенім  ұялатады. 

Әрине, біздің жақта қыс биыл ерте түсті. Бірақ қатты 

аяз, ызғырық жел бола қойған жоқ.

  -Киік  құмға  бет  алғанын  ескерсек,  қыс  аяғы  ұзап 

кетуі  ғажап  емес,-дейді  үлкендер  жағы.  Біздің 

ауданда көктем айы дегенмен, наурыздың да тосын 

мінез  танытатыны  бар.  Сондықтан  шаруаға  тізгінді 

босатуға болмайды. «Үркерлі айдың бәрі қыс», әркез 

қырағылық, сақтық керек.

н.ЕсЕТовА.


2

Жаңарған  

  ө  ң  і  р

   11 ақпан   

  2017 жыл

           Жолдау

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Назарбаев  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы: 

жаһандық бәсекеге  қабілеттілік» атты Жолдауын  

тұрғындарға  түсіндіру  және  одан  туындаған 

міндеттерді  талқыға  салып,  ел  пікірін  білуге 

келген  Қазақстан  Республикасы  Парламенті 

Мәжілісінің  депутаты  Мәкен  Бақтияр  Мәкенұлы 

Жаңақала ауданына келіп, барлық ауылдық округ 

өкілдері бас қосқан актив жиынына қатысты.

-Мемлекет  басшысы  әрбір  Жолдауында  ел 

дамуындағы  ең  маңызды  жаңа  міндеттерді 

көрсетіп  отырады.  Биылғы  Жолдауы  -  қазіргі 

тарихи  жағдайға,  қазіргі  ғаламдық  жағдайларға 

Елбасымыздың беріп отырған жауабы. Еліміздің 

бұдан  әрі  дамуына,  өркендеуіне  жол  ашатын 

өте  маңызды  стратегиялық  жоспар  болып 

саналатын  бұл  тарихи  құжатта  Елбасымыз 

Қазақстанның  жаңа  тарихи  кезең  шеңберінде 

ілгерілеу  бағыттарын  белгілеп  берді,-деген 

Мәжіліс  депутаты  Бақтияр  Мәкен  Жолдаудың 

мәні  мен  маңызына  тоқталып,  одан  туындайтын 

міндеттерді  саралап,  жүзеге  асыру  жолдарын 

әңгімелеп берді.     

Қашан  да  ел  үшін  мәні  зор  мәселеге  бейжай 

қарамайтын  жаңақалалықтар  Жолдау  жүктейтін 

міндеттерді талқылауда да белсенділік танытты.

-Жолдауда  сатып  алу  құқығынсыз  арендалық 

үйлер салады деген. Орынды. Десе де баспанаға 

мұқтаж  аз  қамтылғандар  жалдау  құнын  қалай 

төлейді?  Мұндай  баспана  олар  үшін  қолжетімсіз 

болмай ма?-деді Жолдау маңызына кең тоқталған 

аудандық мәслихат хатшысы, аудандық қоғамдық 

келісім кеңесінің төрағасы Закария Сисенғали.

Сондай-ақ,  ол  сапасыз  кадр  дайындайтын 

жеке  оқу  орындарын  азайту,  дәрі-дәрмек  бағасы 

қымбат, кез келген адам үшін     қолжетімсіз екенін 

де депутат қаперіне берді.

Тіл мәселесі жөнінде де өз ойын ортаға салды. 

-Жеке  аулалар  мен  дами  алмай  отырған 

шағын  шаруа  қожалықтарын  кооперативтерге 

біріктіріп,  оларды  үкімет  көмегі  арқылы  дамыту 

өте орынды,-деген ауыл шаруашылық саласының 

ардагері Жанболат Семенов мал өнімдерін сақтау 

мен  өткізу  жолдарын  іздестіруді,  алыс 

жайылымдарды игеруге Үкімет тарапынан 

көмек  керегін,  шетелден  етті  ірі  қара 

сатып алуға өтемақы төлеуді мәселе етіп 

көтерді.

Ал  мұнан  кейін  сөз  алған  аудандық 

кәсіпкерлік 

бөлім 


басшысы 

Ермек 


Меңдіхан Жолдауда айтылған осы саланы 

дамыту  шараларына  қанағаттанғанын 

жеткізіп,  несиелеуде  екінші  деңгейдегі 

банктер  жұмысын  оңтайландыра  түсуді, 

тоқтаусыз  өсе  беретін  баға,  тарифтерді 

бақылау,  реттеп  отыру  керегін  Мәжіліс 

депутатына ел тілегі ретінде жеткізді.

Келесі  кезекте  сөз  алған  «Нұр  Отан» 

партиясы аудандық филиалы төрағасының 

бірінші  орынбасары  Рухолла  Саматов, 

еңбек  ардагері  Нәсіпқали  Мақанов  та 

Жолдаудан 

туындайтын 

міндеттер 

төңірегінде ой бөлісті.

Сұрақ-жауапқа 

кезек 

келгенде 



аудандық 

статистика бөлімінің басшысы Қайырғали Жаймов 

малды  бірдейлендіруде  сырға  жетіспейтінін, 

экспортқа  ет  шығарудың  механизмі  керегін, 

еңбек  ардагері  Айтуған  Шарафутдин  сапалы 

кадр  дайындауды,  қыруар  мемлекет  қаржысы 

жұмсалатын  жол  салу  мен  жөндеудің  сапасына 

қатаң  бақылау  керектігін,  аудандық  мәслихат 

депутаты 

Серік 


Жардемалиев 

колледж 


жатақханасында  жататын  аз  қамтылған  отбасы 

балаларын  ыстық  тамақпен  бір  мезгіл  емес,  үш 

мезгіл тамақтандыруды мәселе етіп қойды.

-Білім  беру  саласында  реформа  көп.  Бірақ 

бәрі  де  басталады  да  аяғына  жетпейді.  Осы 

ескерілсе екен,-деген №3 ЖОББ қазақ мектебінің 

директоры  Әлихан  Досмұхамбетов  елімізде 

жеңіл  өнеркәсіпті  көтеруді,  ауыл  кәсіпкерлерінің 

үнемі  үкіметке  алақан  жаймай,  масылдық  пен 

енжарлықтан арылуды, ізденіп, жаңашылдықпен 

жұмыс істеуді, азаматтық қоғам құруды сөз етті.

-Ана тілінің 42 әрпін әлі толық танып үлгермеген 

балаға орыс, ағылшын тілін қатар оқыту асығыстық 

емес пе? Әуелі сауатын ашып, сосын басқа тілді 

оқытсақ жөн емес пе?-деп сұрақ салды, білім беру 

саласының ардагері Назым Өтешева.

Алқа жиынында сұрақтарға Парламент Мәжілісі-

нің депутаты Бақтияр Мәкен жауап беріп, жиынды 

аудан әкімі Лавр Хайретдинов қорытындылады.

Өмірзақ АқбАсов.

Халық қалаулысы Жаңақалада

Елбасы  Үндеуін  ауданның  мүмкіндігі  шектеулі  жандары  да    талқылады. 

Аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінде 

өткен жиынға мекеме басшылары, мүмкіндігі шектеулі адамдар және Ауған 

соғысының ардагерлері қатысты.  

-  Конституциялық  реформа  билік  тармақтары  арасындағы  құқықтық 

мәселелерді  айқындап,  заң  жүзінде  нақтылап  береді.  Сол  арқылы  Үкімет 

пен Парламенттің өкілеттігі күшейеді. Бұл – қоғамды демократияландыруға 

бағытталған қадам,- деп өз пікірін білдірген мүгедектер мен ардагерлер бөлімінің 

меңгерушісі А.Жылқыбаев одан әрі Қазақстан Республикасы Президентінің 

билік  тармақтары  арасында  өкілеттілікті  қайта  бөлу  мәселелері  жөніндегі 

Үндеуін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Жиында Айтуған Шарафутдин, Фазыл 

Сапаров сынды  ардагерлер өз ойларымен бөлісіп, жобада көзделген кейбір 

өзгерістерді әлі де нақтылау керегін жеткізді. Көпшіліктің пікірлері тыңдалып, 

Үндеуді  талқылау  аяқтала  келе  сөз  алған  мекеме  басшысы  Еркін  Сапаров 

биыл елімізде өтетін тағы бір елеулі оқиға – «ЭКСПО-2017»  көрмесі туралы 

әңгіме  өрбітсе,    мүгедектер  қоғамының  төрайымы  Халила  Нұрсұлтанова 

жиынға  қатысушыларды  өткен  және  алдағы  уақытта  өтетін  іс-шаралар 

жоспарымен таныстырды. Жиын соңында Елбасының Үндеуін талқылау үшін 

басқосқан мүмкіндігі шектеулі жандарға мекеме атынан  естелік сыйлықтар 

таратылып, алғыс айтылды. 

Сондай-ақ, осы күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-

лар  бөлімінің  басшысы  Е.Сапаров  бастаған  бір  топ  қызметкерлер  ауыл 

тұрғыны,  І  топ  мүгедегі  Көшербай  Мансуровтың  үйіне  арнайы  барып,  елде 

және ауданымызда болып жатырған жаңалықтармен  бөлісті.  Е.Базарғалиұлы 

зейнеткердің хал-жағдайын сұрап, бүгінгі таңның басты жаңалығы – Елбасы 

Үндеуі туралы әңгімеледі. Ол ардагерге Ата заңымыздың өзгеріске ұшырауы 

мүмкін  кейбір  тармақтарын  жалпақ  тілмен  түсіндіріп  берсе,  ардагер  Үндеу 

туралы  БАҚ арқылы құлағдар екенін айтып, «Елбасының Үндеуін толықтай 

қолдаймын» деген  көзқарасын білдірді. 



н.ХАЙДАр. 

 Елбасы Жолдауын  

талқылады

Қаңтардың 

соңғы 

жұлдызында  Елбасы 



халыққа арнап дәстүрлі 

Жолдауын  жолдады. 

Бүгінде  кез  келген 

ұжым  Жолдауды  ор-

таға  салып  талқылап, 

ой  өрбітуде.  Осыған 

орай  №3  жалпы  орта 

білім  беретін  қазақ 

мектебіндегі  ұстаздар 

қауымы  да  Елбасы 

Жолдауын  қызу  тал-

қылап,  ойларын  ор-

таға  салды.  Жиынға 

арнайы  «Нұр  Отан» 

партиясы 

аудандық 

филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары Р.Саматов қатысты. 

Бірінші  кезекте,  мектеп  директорының 

оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  Қазбек 

Қуанышұлы  Президент  Жолдауының 

басым  бағыттарын  таныстыра  отырып, 

түсінікті де тұшымды баяндама жасады. 

Сондай-ақ,  ол  білім  саласын  қамтитын 

төртінші  басымдылыққа  айрықша  көңіл 

бөлді.  Төртінші  басымдық  –  адами 

капитал  сапасын  жақсартуда  Елбасы 

оқушыларға  сыни  ойлау  қабілетін  және 

өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға 

бағыттау 

қажет 

екені 


айтылған. 

Сонымен қатар, IT-білімге де көңіл бөлу 

керектігі,  үш  тілді  оқуға  кезең-кезеңмен 

көшу  мәселесін  әңгімелеп,  Елбасының 

қазақ  тілі  басымдығы  сақталатыны 

туралы айтқан жолы ұстаздар арасында 

үлкен  қолдауға  ие  екенін  жеткізді. 

Сонымен  қоса,  денсаулық  сақтау 

жүйесіндегі өзгерістер, яғни, 1 шілдеден 

мемлекеттің, 

жұмыс 

берушілердің, 



азаматтардың  ортақ  жауапкершілігіне  

негізделген 

міндетті 

медициналық 

сақтандыру 

 

жүйесінің 



(ММСЖ) 

енгізілетіні, зейнеткерлердің де жағдайы 

Елбасының  назарынан  тыс  қалмағаны  

мұғалімдердің көңілінен шыққанын тілге 

тиек  етті.  Сөз  соңында  Қ.Қуанышұлы 

№3 ЖОББҚМ ұжымы Елбасы Жолдауын 

әрқашан қолдайтындарын, жүзеге асыру 

жолында  аянбай  еңбек  ететіндерін 

мәлімдеді.  Ал,  «Нұр  Отан»  партиясы 

аудандық филиалы төрағасының бірінші 

орынбасары  Р.Саматов  салиқалы  сөз 

өрбітіп,  елдің  ішкі-сыртқы  мәселелері 

бойынша  байыпты  әңгіме  қозғады. 

Сонымен  қатар,  Елбасы  Жолдауының 

ерекшеліктерін,  ертеңгі  өміріміз  үшін 

маңызын, 

Жолдаудан 

туындайтын 

міндеттер,  оны  жүзеге  асырудың  аудан 

жағдайындағы жолдарын сөз етіп, білім, 

денсаулық  саласына  кеңінен  тоқталып 

кетті. Бұдан кейін сөз алған №3 ЖОББҚМ 

директоры  Алихан  Декартұлы  Елбасы 

Жолдауын қолдайтынын айта келіп: 

-Қазіргі  таңда  Мемлекет  тарапынан 

шаруа  қожалықтары  мен  кәсіпкерлерге 

үлкен  қолдау,  көмек  көрсетіліп  отыр. 

Ол  елдің  бәріне  аян.  Солардың  көбі 

жағдайларын  түзеп  алды.  «Алмақтың 

да  салмағы  бар»  демекші,  енді  олар 

үкіметке  әлсін-әлсін  қол  жаюларын 

қоюы керек. Малдың етін, терісін қайда 

өткіземіз  деген  әңгіме  айтылады.  Міне, 

айтпағым  осы.  Ол  үшін  елімізде  жеңіл 

өнеркәсіпті  дамыту  қажет.  Неге  бізде 

жүн  өндіретін,  киіз  басатын,  аяқ  киім 

шығаратын  зауыт  жоқ?  Егер  ашылса 

малдың терісі де, жүні де далада қалмас 

еді.  Әрі  халқымыздың  әл-ауқаты  одан 

әрі  арта  түседі  деп  ойлаймын,-деп  өз 

ұсыныс-пікірін ашық білдірді.

Ақсұңқар сӘДір.

мүмкіндігі шектеулі 

жандар да қолдады 


3

Жаңарған  

  ө  ң  і  р

        Ардагер 

    11 ақпан   

  2017 жыл

Қамыс-Самар  елі,  Жаңақала 

өңірі - тарихы терең, қазақтың 

дәстүрлі  күй өнерінде ерекше 

орны бар өлке. Жиделі, Нарын, 

Бекетай құмдарында қазақтың 

күй  өнері  дүлдүлдері  дүниеге 

келіп,  сары  даладағы  күйдің 

эпицентріне  айналып,  "Қазақ 

даласындағы күйдің астанасы" 

деген  атқа ие болды. Күйшілік 

өнер  атадан  балаға  мұра 

боп  жалғасып,  күні  бүгінге 

дейін  ұрпақ  бойында  ерекше 

жанданып, 

қалыптасуы 

үрдіске  айналып  келеді.  Оған 

дәлел ауданда қазірдің өзінде 

жас  күйшілер,  домбырашы 

өнерпаздар түрлі шаралар мен 

республикалық  байқауларда 

биіктерден  көрініп  жүр.  Бұл 

-  Тәуелсіз  еліміздің  қарқынды 

дамуының үлесі. 

Қазақстан  Республикасының 

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

"...Өткенді  зерделеп,  жақсы 

мен  жаманды,  ақ  пен  қараны 

айырып,  оны  бүгінгі  күннің 

кәдесіне  жарату  -  қоғам 

алдында  тұрған  ең  өзекті 

мәселелердің  бірі.  Өйткені, 

айта  беретін  тәуелсіздігіміз 

осы  тарихты  тануға  тікелей 

байланысты:  өткенді  білмей, 

болашақты  анықтау  мүмкін 

емес" дегені белгілі. 

Осы  орайда  атақты  күйші-

домбырашы 

адамдарды 

іздеумен  айналысып,  біраз 

жылдан 


бері 

Жаңақала, 

Тайпақ,  Ақжайық,  Қаратөбе 

аудандарында  болдық.  Бұл 

жолы  сапарымыз  Жалпақтал 

елді  мекені  еді.  "Ауылға 

барсаң,  естілеу  біреу  ерте 

бар" деп өлеңде айтылмақшы, 

белгілі  домбырашы,  шебер 

Едіге  Нәбиев  ақсақалмен 

сапарлас  болдым.  Сапар 

барысында  Алғабас  ауылына 

соғып, күйші Төлеген Аршанов, 

Жұматай  (Бүкір  Жұматай) 

Айсұлтановтың  басына  құран 

бағыштадық.  

"Топырақсыз, тексіз ұл тумас"  

деп қазақ тегін айтпаса керек. 

Күй  атасы  -  Құрманғазы, 

Күй  анасы  -  Динаның  туып 

өскен  жерінен  шыққан  Мәмен 

Мұратұлы,  Қали  Жантілеуов, 

Оқап  Қабиғожин,  Ықсанғали 

Жетпісов,  Шатай  Арзығұлов, 

Шамғон  Қажығалиев,  Тұяқ-

берді 


Шәмелов, 

Мамай 


Отарбаев, 

Бақтығали 

Айтжанов,  тағы  басқа  күйші 

есімдерін  атауға  болады. 

Міне, осындай күйшілер өскен 

ортада  орны  бөлек  өзгеше 

дарын,  тамаша  домбырашы, 

күй  өнері  тарихында  есімі 

алтын  әріптермен  жазылған 

керемет 


күй 

орындаушы, 

тіпті,  әншілігі  де  бар  Сабыр 

Мұқатов  еді. 

Алыс-жақын 

мекендерді  аралап,  қазақтың 

киелі  домбырасын  серік  етіп, 

ән  айтып,  күй  өнерін  халық 

арасына насихаттап, өлшеусіз 

еңбегімен  есімі  тараған  оны 

ел  арасында    "Тесік  тамақ 

Сабыр"  деп  атайды.  Дәстүрлі 

күй  мектебін  жалғастырушы 

ретінде  домбыра  дарабоз-

дары  Шамғон  Қажығалиев, 

Әзидолла  Есқалиев,  Бақыт 

Қарабалина, 

Жұмекен 


Нәжімеденов, 

Сұлтанғали 

Лұқпановтар  содан  сабақ 

алды.  Есімі  елімізге  белгілі 

мәдениет қайраткерлері, өнер 

зерттеушілері  Мұрат  Әуезов, 

Болат  Қарағұлов,  Нариман 

Үлкенбаевтар  көзі  тірісінде 

сұхбаттасып, 

еңбектерінде 

жария  етсе,  жыр  жампозы, 

Сабырдың  шәкірті  Жұмекен 

Нәжімеденов  те  өзінің  "Ақ 

шағыл"  романында  әңгіме 

жасады.

Сабыр 1937 жылы Астарханда 



домбыра  тартып,  ән  айтып 

тұрғанда  тамағына  зақым 

келіп,  тыныс  алуы  нашарлап 

ауруханаға  түседі.  Сол  кезде 

дәрігерлердің 

көмегіменен 

тамағына  ота  жасап,    аман 

қалады. Содан бері тамағында 

үлкендеу  ілгек  тәріздес  тесігі 

бар темір (ел арасында "құрым" 

деп  атап  кеткен)  қондырғы 

тағылған екен. 

Сабыр  Мұқатов  1907  жылы 

Жаңақала  ауданына  қарасты 

Шалқар (26-ауыл) деген жерде 

дүниге  келген.  Әкесі  Мұқат, 

оның әкесі Ахмет Қызылқұрттың 

Соба 


бөлімінен. 

Әкеден 


Мәнет, 

Қазима, 


Әміржан, 

Фазыл,  Сабыр,  Сағидолла, 

Салақи  есімді  ұл-қыз  дүниге 

келеді.  Өзіне  тетелес  інілері 

Сағидолла  мен  Салақи  үшеуі 

бала  кезде  жаздың  аптап 

ыстығынан дамылдап шоқалда 

(үңгір  тәрізді  қазылған  үйінді 

құм)  отырған  кезде  құм 

опырылып құлайды. Сол кезде 

Сабыр  мен  кіші  інісі  Салақи 

қашып  шығып  аман  қалады 

да, 

Сағидолла 



балалық 

шағында  мерт  болады.  Содан 

қалған  жеті  ағайын  өсіп-өніп 

ұрпақтар  тарайды.  Сабыр  бес 

жасынан  қолына  домбыра 

алып,  тарта  бастаған.  Кейін 

домбыраны  жетік  меңгереді. 

Өлкедегі  атақты  күйшілер-

дің  күйлерін  орындап  жүре-

ді. 


Оның 

орындауындағы 

Құрманғазының 

"Қызыл 


қайың",  "Серпер",  "Қайран 

шешем"  күйлерін  журналист 

Ө.Әлімгереев 

мақаласында 

Нариман 

Үлкенбаевтың 

сөзіменен:  "Аталған  күйді 

кешегі құйын қолды Рүстембек, 

мейлі нөсерлеген нұрлы әлем 

Нұрғиса, 

болмаса 

кешегі 


Қаршыға  мен  бүгінгі  Айгүл 

тартсын,  бәрібір  Сабырдай 

қып 

сорғалата 



алмайды. 

Сорғалатар  да,  бірақ  оларда 

Сабырдікіндей  ананың  зары, 

жан  тебіренісі  жоқ"  деп 

келтіреді.  (Алтын  орда.  29 

наурыз, 2012 ж.)

- Менің әкем Нәбиев Қуанғали 

1909  жылы  туған.  Сабыр 

ақсақалменен    Жаңақалада, 

№26  ауылда  бала  кезден 

тетелес 

бірге 


өскен. 

Домбырамен 

күй 

тартып, 


ән  айтып,  жастық  дәурен 

кездерін  бірге  өткізген,-дейді 

домбырашы,  шебер  Едіге 

Нәбиев. 


- Кейін әкем отбасымен 1930 

жылдары  жер  аударылып 

Ресейге,  Астраханға  көшіп 

кетеді.  Сол  кезде  де  Сабыр 

деген  кісі  үйге  жиі  келетін 

болған.  Менің  есімде,  1961 

жылы 

Гагарин 


алғашқы 

ұшқан 


жылы 

Астрахань 

облысы,  Қарабайлы  ауданы 

(Харабалинский 

район), 

Басты  ауылға  осы  өңірден 

атпен  келіп,  біраз  күн  қонақ 

болды.  Сол  кезде  ауламызда 

киіз  үй  болатын.  Сол  киіз 

үйге 


ауылдан 

Сабырдың 

күйін  тыңдауға  көп  адамдар 

жиналатын.  Ол  кісі  әңгімені 

де  жақсы  айтатын.  Күйлердің 

шығу тарихын егжей-тегжейіне 

дейін  келтіріп  әдемі  айтатын. 

Біз  жастау  кезіміз,  киіз  үйдің 

сыртынан  тыңдап  жүреміз. 

Сонда  күй  тартуы  өте  ерекше 

еді.  Әкем  Нәбиев  Қуанғали 

да  домбырашы  болған  адам. 

Оның  домбырасы  -  әлі  күнге 

дейін  менің  қолымда,  әкемнің 

көзіндей жан серігім.

Сабыр  Мұқатовтың  төрт 

қызы  бар.  Солардың  үлкені 

Мұқсина  Сабырқызы.  Физика 

пәні 

мұғалімі, 



зейнеткер, 

қазіргі 


таңда 

Жалпақтал 

ауылында  тұрады  екен.  Ол 

кісімен  кездесіп  фотосуреттер 

мен  әкесі  жайында  біраз 

мағлұматтар алынды. 

-  Әкемнің  айтуы  бойынша 

1937 


жылы 

Астарханьда 

домбыра  тартып,  ән  айтып 

тұрғанда  тамағына  зақым  ке-

ліп, демі бітіп қалып, аурухана-

ға  түседі.  "Сол  кезде  дәрігер-

лер  ота  жасап,  тамағымды 

тесіп  аман  қалдым,  әйтпесе, 

үйде  жүрсем  бармын  ба, 

жоқпын  ба,  кім  білген?"-деп 

әкем  айтып  отыратын.  1978 

жылы 25 мамырда инсультпен 

құлады.  Тура  үш  ай  өткен 

соң  көз  жұмды,-дейді  қызы 

жетпіске  таяп  қалған  Мұқсина 

апамыз.


Біз  апаймен  қош  айтысып, 

ауылға  аттандық.  Алдағы 

уақытта  Сабырдай  серілердің 

өмірбаяны мен шығармашылық 

жолдарын халыққа насихаттау, 

келер  ұрпаққа  жеткізу  басты  - 

борышымыз. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал