Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында



жүктеу 52.01 Kb.

Дата04.06.2017
өлшемі52.01 Kb.

 

Қосымша 


Қазақстан Республикасы                                                               

Ішкі істер министрінің                                                                        

2016 жылғы «22»   08                                                                        

№ 840 бұйрығымен бекітілген 

 

                    Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында  



    мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру туралы ереже 

 

1.

 

Жалпы ережелер  

 

1.



 

Қазақстан  Республикасының  ішкі  істер  органдарында  мемлекеттік 

тілді  оқытуды  ұйымдастыру  жөніндегі  ереже  (бұдан  әрі  -  Ереже)  Қазақстан 

Республикасы  ішкі  істер  органдары  қызметкерлеріне  (бұдан  әрі  - 

Қызметкерлер)  мемлекеттік  тілді  оқытуды  ұйымдастыру  тәртібін 

айқындайды.  

2.

 

Мемлекеттік  тілді оқыту  –  ғылыми  түрде  тиімділігі дәлелденген 



оқытудың  бес  деңгейлік  «ҚАЗТЕСТ»  жүйесімен:  қарапайым  (А1),  базалық 

(А2),  орта  (В1),  ортадан  жоғары  (В2),  жоғары  (С1)  деңгейлері  бойынша 

жүзеге асырылады.  

3.

 



Мемлекеттік  тілді  оқыту  курсына  орта  мектепті,  арнайы  орта 

және  жоғары  оқу  орындарын  орыс  тілінде  оқып  бітірген,  сондай-ақ  орта 

мектепті,  арнайы  орта  және  жоғары  оқу  орындарын  қазақ  тілінде  бітірген, 

бірақ тереңдетілген деңгей бойынша қосымша оқуды қажет ететін ішкі істер 

органдарының  қызметкерлері  мен  әкімшілік  мемлекеттік  қызметшілер,                   

сондай-ақ  ІІМ  оқу  орындарының  қызметшілері  (бұдан  әрі  –  тыңдаушылар) 

тартылады. 

4.

 



Оқытудың міндеттері: 

1)

 



оқыту  бағдарламасына  «ҚАЗТЕСТ»  жүйесін  енгізу  және  осы 

жүйе бойынша қызметкерлердің қазақ тілін білу деңгейін бағалау; 

2)

 

қызметкерлерге  мемлекеттік  тілді  оқытуды  А1,  А2,  В1,  В2,  С1 



(қарапайым,  базалық,  орта,  ортадан  жоғары,  жоғары)  деңгейлері  бойынша  

ұйымдастыру; 

3)

 

әдістемелік  тұрғыдан  сабақтың  тақырыбы  мен  грамматикалық 



материалдардың үйлесімділігін қамтамасыз ету; 

4)

 



қызметкерлердің  тілді  ауызша  және  жазбаша  қолдану 

ерекшеліктерін  тереңдете  меңгерту,  яғни  мемлекеттік  тілдегі  мәтіндерді 

(құжаттарды)  орфоэпиялық  нормаға  сай  оқуын  ауызекі  сөйлесуде  дұрыс 

қолдануын,  өз  тарапынан  кез  келген  құжатты  дайындай  білуге,  өз  пікірін 

еркін жеткізуге үйрету; 

5)

 



мемлекеттік  тілді  кәсіби  салалық  қызмет  аясында  қолдануға 

дағдыландыру; 

6)

 

қазақ  тілінде ойды реттеуге арналған жаттығулар арқылы ресми 



жазылу техникасын меңгерту. 

        5.  Оқытудың  мақсаты:  қазақ  тілінде  қарым-қатынас  жасай  алу 

коммуникативтік  құзыретін  дамыту  арқылы    қызмет  барысында  сөйлеу 

әдебін  сақтай  отырып,    қарым-қатынаста  еркін  қолдана  білуге  және  іс 

қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге үйрету. 

   6.  Оқытудың  міндеттері  мен  мақсатын  орындауға  мыналар  арқылы  қол 

жеткізіледі:  

1)

 

 қызметкерлердің  мемлекеттік  тілді  оқып-үйренуіне  бағытталған 



тұрақты және мақсатты ұйымдастырушылық жұмыс

2)

 



 оқыту  бағдарламасын  ұдайы  жетілдіріп,  жоғары  теориялық 

әдістемелік және практикалық деңгейде сабақтар өткізу; 

3)

 

 сабақтардың  ұйымдастырылуы  мен  өткізілуін  ұдайы  бақылауға 



алу; 

4)

 



 басшы 

құрамның 

мемлекеттік 

тілді 


оқып-үйренуші 

қызметкерлердің сабаққа қатысуын толық қамтамасыз етуі

5)

 

 оқытушының  жоғары  әдістемелік  даярлығы,  өзінің  кәсіби 



біліктілігін үнемі арттыруға саналы қарауы

6)

 



 сабақтарды саналы түрде өткізу, оқу базасын дайындау және оқу 

үрдісін материалдық қамтамасыз ету. 

         7.  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігі  комитеттерінің 

төрағалары,  департаменттер  мен  өзге  де  құрылымдық  бөліністерінің  

бастықтары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі 

істер  департаменттерінің  (бұдан  әрі  –  ІІД,  КІІД),  ведомстволық  білім  беру 

ұйымдарының бастықтары қарамағындағылардың мемлекеттік тілді меңгеруі 

үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етуі тиіс.  

         8. 

Ішкі 


істер 

органдарының 

мемлекеттік 

тілді 


оқытуды 

ұйымдастырушылық  және  әдістемелік  тұрғыдан  қамтамасыз  етілуін,  оның 

жай-күйін  бақылауын,  практикалық  және  әдістемелік  көмек  көрсетілуін                  

Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігінің  Мемлекеттік  тіл  және 

ақпарат департаменті жүзеге асырады.  

         9.  ІІД,  КІІД-де,  ведомстволық  білім  беру  ұйымдарында  мемлекеттік 

тілді  оқытуды  ұйымдастыру  функциялары  құрылымдық  бөліністердің 

басшыларына жүктеледі.  

         10.    Тыңдаушылардың  оқу  нәтижелері  олардың  сабаққа  қатысуы  мен 

үлгерімі  есепке  алу  журналында,  емтихан/сынақ  нәтижелері  арнайы 

ведомость  арқылы  көрсетіледі.  Олардағы  мәліметтерге  ай  сайын  талдау 

жасалып,  оның  нәтижесі  сабаққа  себепсіз  қатыспаған  қызметкерге  шара 

қабылдау үшін қызмет басшыларына ұсынылады. 

         11.  Мемлекеттік  тілді  оқытудың  үлгі  бағдарламалары  қажет  болған 

жағдайда жыл сайын жетілдіріліп отырады.   

12.


 

 Әрбір деңгей бойынша сабақтың ұзақтығы 10 айды құрайды.  

13.

 

Сабақ  аптасына  екі  рет  өткізіледі.  Бір  сабақтың  ұзақтығы              



1 академиялық сағатты (45 минут) құрайды. Жалпы курстың ұзақтығы – 

72 сағат. 

14.

 

Оқу  жылы  басталар  алдында  қызметкерлердің  деңгейін  анықтау 



арқылы  (сынақ)  немесе  ұсынуы  бойынша  берілген  тыңдаушылардың  тізімі 

тамыз айының 10-на дейін Министрліктің орталық аппаратында Мемлекеттік 

тіл  және  ақпарат  департаментіне,  ал    аумақтық  ішкі  істер  органдарында 

мемлекеттік тіл және ақпарат бөліністеріне ұсынылады. Сондай-ақ желтоқсан 

айының  20-нан  кешіктірілмей  тыңдаушылардың  мемлекеттік  тілді  білу 

деңгейін  анықтау  үшін  аралық  сынақ  өткізіледі  және  маусым  айының           

20-на дейін сынақ қорытындысы шығарылады.  

15.

 

Оқудың  аралық  сынақ  қорытындысы  және  оқу  жылының 



қорытындысы бойынша есеп жартыжылдық есеппен (бірінші кезең 5-шілдеге 

дейін, екінші кезең 5-қаңтарға дейін) бірге ұсынылады.  

 

2.

 

Оқытуды ұйымдастыру тәртібі 

 

16.


 

Мемлекеттік  тілді  оқытуды  ұйымдастыру  үшін  Министрліктің 

орталық  аппаратында  Қазақстан  Республикасының  ішкі  істер  органдарында  

мемлекеттік  тілді  оқытуды  ұйымдастыру  жөніндегі  ережені  бекіту  туралы 

бұйрық  шығарылады  және  осы  бұйрықтың  негізінде  оқу  бағдарламасы 

әзірленеді. 

17.

 

Оқыту  ІІМ-нің  орталық  аппаратында,  ішкі  істер  органдарының 



барлық  аумақтық  ішкі  істер  бөліністерінде  «Қазақ  тілі»  кабинетінде 

және/немесе  келісім  бойынша  жергілікті  әкімдіктер  жанында  құрылған 

тілдерді оқыту орталықтарында жүргізіледі.  

18.


 

Тыңдаушылардың  мемлекеттік  тілді  білу  деңгейін  анықтау 

мақсатында  оқытушы  оларға  сынақ  жүргізеді.  Сынақ  барысында 

тыңдаушының сөйлеу, жазу қабілеті ескеріледі.  

19.

 

Сынақ  қорытындысы  бойынша  қызметкерлер  мемлекеттік  тілді 



білу деңгейіне сәйкес топтарға бөлінеді.  

20.


 

1  топта    15-20  (қызмет  ерекшелігіне  байланысты)  адам  болуы 

тиіс. 

21.


 

Тыңдаушылар  оқу  кезеңіне  оқу-әдістемелік  материалдармен, 

сөздіктермен, оқулықтармен қамтамасыз етіледі.  

22.


 

Оқу жылының бірінші кезеңі тамыз-желтоқсан айлары аралығын, 

ал оқудың екінші кезеңі қаңтар-маусым аралығын қамтиды.  

23.


 

Маусым-шілде  айлары  –  демалыс  айлары  (каникул)  болып 

есептеледі. 

24.


 

Оқудың  толық  курсын  аяқтап,  сол  деңгейді  растаған  тыңдаушы 

келесі оқу деңгейіне өткізіледі.  

25.


 

Әрбір  деңгей  бойынша  қорытынды  шығару  емтихан/сынақ 

түрінде  жүзеге  асырылады.  Емтихан/сынақ    билеттері  жазбаша,  ауызша 

тапсырмалар немесе электрондық тестілеу түрінде  болуы тиіс. 

26.

 

Әкімдіктер 



жанындағы 

оқу 


орталықтарында 

оқитын 


қызметкерлер  үшін  оқыту  процесі  орталықтың  оқу  бағдарламасына  сәйкес 

жүргізіледі.   

27.

 

Оқытушыға қойылатын талаптар: 



1)

 

білімі  жоғары,  мамандығы  –  қазақ  тілі  мен  әдебиетінің 



оқытушысы, орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы; 

2)

 

дербес компьютерді пайдаланушы деңгейінде меңгеруі



3)

 

орыс  және  қазақ  тілінің  грамматикасын  жақсы  меңгерген,  оны 



салыстырмалы түрде түсіндіре алатын. 

28.


 

Оқытушы оқу бағдарламасына сәйкес: 

1)

 

тақырыптық жоспарды әзірлейді



2)

 

күнделікті сабақ жоспарын әзірлейді



3)

 

сабақ кестесін әзірлейді



4)

 

ашық сабақтар өткізеді; 



5)

 

тыңдаушылардың сабаққа қатысуы туралы есеп береді



6)

 

сабақта  көрнекі  құралдар  мен  электрондық  оқу  құралдарын 



пайдаланады; 

7)

 



әдістемелік  оқу  құралдарын  әзірлейді  және  сабақта  қолданған 

материалдарды жинақтайды; 

8)

 

сабақта заманауи техникаларды кеңінен пайдаланады.  



 

3.

 

Оқытуға жауапкершілік және оның жай-күйін бақылау 

29.


 

Оқытуды  ұйымдастыру  және  оның  жай-күйін  бақылау  ІІМ-нің 

Мемлекеттік  тіл  және  ақпарат  департаментіне,  ІІД,  КІІД-нің  тиісті 

бөліністеріне жүктеледі.  

30.

 

Қазақстан  Республикасы  ІІМ  комитеттерінің  төрағалары, 



департаменттері  мен  дербес  басқармаларының,  облыстар  мен  Астана, 

Алматы  қалаларының,  Көліктегі  ішкі  істер  департаменттерінің  және            

ІІМ жүйесіндегі оқу орындарының бастықтарына: 

1)

 



мемлекеттік  тілді  тегін  оқытуға  жағдай  туғызуға,  оқыту  ісінің 

заман  талабына  сай  қажетті  материалдық-техникалық  құралдармен  толық 

жабдықталуына; 

2)

 



қызметкерлердің сабаққа қатысуын бақылауға

3)

 



оқу-материалдық  базасын  дамытуға,  оның  жабдықталуы 

бойынша нақты шаралар қабылдауға

4)

 

жоғары тұрған ішкі істер органдарына өткен оқу жылының есебін 



белгіленген тәртіппен уақытында ұсынуды қадағалауға; 

5)

 



мемлекеттік  тілді  оқыту  кабинеттерімен,  олардың  толық 

материалдық-техникалық 

оқу 

құралдарымен 



қамтамасыз 

етілуіне 

жауапкершілік жүктеледі. 

 

_______________________ 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал