Қазақстан республикасының халықаралық ҚҰҚЫҚсубъектілігінің ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері бозшаева Ақмарал Сеитқызы



жүктеу 75.94 Kb.

Дата23.02.2017
өлшемі75.94 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

ҚҰҚЫҚСУБЪЕКТІЛІГІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

Бозшаева Ақмарал Сеитқызы,  

«Халықаралық құқық» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің 2 курс магистранты 

 

 

 



Қазақстан  Республикасы  1990  жылы  ӛз  егемендігін  және  1991 

жылы ӛз тәуелсіздігін жариялауы еліміздің тарихындағы ұлы оқиға болды.  

 

Танымал халықаралық құқықтың орыс ғалымы мемлекеттерге қатысты 



келесідей  пікір  білдірді:  «Мемлекеттердің  негізгі  құқықтары  халықаралық 

қасиеттермен ажырамас байланыста, сондықтан халықаралық тұлға ретіндегі 

мемлекеттердің  барлық  жағдайымен  де  байланыста...  Бұл  құқықтарсыз 

мемлекеттер  халықаралық  ӛмірде  белгілі  мақсатқа  жете  алмайды;  оларсыз 

халықаралық қатынас мүшесі бола алмайды»[2]. 

 

Бұл 



пікір 

халықаралық 

құқық 

теориясында 



«халықаралық 

құқықсубъектілік»  санатымен  байланысты.  Мемлекеттің  халықаралық 

құқықсубъектілігі  туралы  айтуға  мүмкіндік  беретін  тікелей  фактор 

мемлекеттің  дербес  халықаралық  әрекет  етуіне  мүмкіндік  беретін  ішкі 

мемлекетке  тән  егеменді  жігер  болып  табылады.  Халықаралық  құқық  және 

құқық теориясында халықаралық құқықсубъектілікке үш белгі тән: 

 

-  халықаралық-құқықтық  құқықтар  мен  міндеттерге  ие  болу  және 



оларды  дербес  жүзеге  асыру  (бұл  құқық  теориясындағы  құқықсубъектілік 

туралы жалпы ережеге сәйкес); 

 

- халықаралық құқықшығармашылық ісіне қатысуға қабілеттілік



 

-  жеке  шығарылған  нормалардың  орындалуын  қамтамасыз  ету  (жеке 

немесе ұжымдық). 

 

Аталған белгілердің негізінде халықаралық құқықсубъектілік құқықтық  



нормалардың  негізінде  халықаралық  тұлғалардың  (бірінші  кезекте 

мемлекеттер)  ие  болатын  ерекше  құқықтық  және  қоғамдық-саяси  қасиеті 

деген  тұжырымға  келуге  болады.  Халықаралық  құқықсубъектіліктің  негізі 

халықаралық  аренадағы  белгілі  саяси  құрылымның  еркін  әлеуметтік  жігері 

болып  табылады.  Басқа  субъектілерден  халықаралық  аренада  аталған 

құрылымның  мақсаттары  мен  мүдделеріне  сәйкес  қызметін  дербес  атқаруға 

мүмкіндік  беретін    тәуелсіз  жігерінің  болуы  аталған  халықаралық  тұлғаның 

құқықсубъектілігі болуының негізгі критерийі [3]. 

 

Қазақстан  Республикасы  аталған  дербес  тәуелсіз  жігерге  ӛзінің 



егемендігі мен тәуелсіздігін жариялағаннан соң ие болды. Яғни, сол уақыттан 

бері Қазақстан халықаралық құқықсубъектілікке иеленді. 

 

Қазақстан  мемлекеттік  егемендігі  туралы  Декларация  мен  Қазақстан 



Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы  конституциялық  заңды 

қабылдағаннан  бастап  Кеңес  Одағының  жартылай  тәуелді  республикасынан 

егеменді,  тәуелсіз  республика  деп  жарияланды.  Қазақстан  Республикасы 

құқықтық  тұрғыда  егеменді,  тәуелсіз  мемлекеттің  барлық  белгілері, 

нышандарына иеленіп, халықаралық құқық субъектісі ретінде танылды. 


 

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ Кеңес социалистік республикасының (әрі 

қарай  –  Қазақ  КСР-і)  қабылдаған  Декларациясы  Қазақ  КСР-інің  заңдары 

КСРО  заңдарынан  басымдықтарын  жариялап,  онда  Қазақстан  мен  Орталық 

арасындағы қатынастарды ӛзгертетін қағидалар бекітілді.  

 

Қ.А.  Жиренчин  мен  Қ.Қ.  Айтхожинның  айтуынша,  «Қазақ  КСР-нің 



мемлекеттік  егемендігі  туралы  Декларациясы»  қабылданғаннан  кейін  ғана 

ежелгі  қазақ  жерінде  тәуелсіз  мемлекеттің  негізгі  параметрлерін  қалаған 

Қазақстанның  жаңа  конституциялық  құрылысын  құрудың  маңызды  ісіне 

бастама  алынды.  Декларация  Қазақ  Республикасын  дербес,  егеменді 

мемлекет ретінде мәртебесін анықтаған отандық тарихтағы конституциялық 

мәні бар акт болды» [4].  

 

Декларацияда  ұлттық,  халықтық,  мемлекеттік  егемендік  туралы 



ережелер  бекітілген,  Қазақстан  халқын  құрайтын  барлық  ұлт  азаматтары 

«мемлекеттік  биліктің  қайнар  кӛзі  мен  егемендікті  бірден-бір  сақтаушы» 

болып  табылатындығы  айтылған.  Осында  мемлекеттік  егемендіктің  негізгі 

қағидалары бекітілген. 

 

Декларацияны  әзірлеушілердің  бірі  академик  С.Сартаев  айтуынша, 



«Қазақ  КСР-нің  мемлекеттік  егемендігі  туралы  Декларация»  Қазақстан 

тарихындағы  жаңа  беттің  басталғандығын  және  оның  тәуелсіз  дамуының 

заңды рәсімделуін білдіреді» [5]. 

 

Декларацияда мыналар жарияланды: 



 

-  КСРО  мен  Қазақ  КСР-нің  арасында  қатынастар  шарттық  негізде 

болады; 

 



республика 

дербес 


әкімшілік-аумақтық 

құрылым, 

саяси, 

экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени-ұлттық  құрылыспен  байланысты 



сұрақтарды шешеді; 

 

-  республика  ӛз  аумағында  Қазақ  КСР-нің  заңдарын  бұзатын  КСРО 



заңдарының күшін тоқтатады; 

 



Қазақстан  аумағының  шекарасына  қол  сұғылмайтындығы, 

ажыратылмастығы және оның келісімінсіз ӛзгертілмейтіндігі жарияланды; 

 

-  Қазақ  КСР-нің  Жоғары  Кеңесінің  келісімінсіз оның  аумағында  басқа 



мемлекеттердің  әскери  құрамалары,  олардың  әскери  базалары  орнатыла 

алмайды; 

 

-  Қазақстан  жеке  ішкі  әскерге,  мемлекеттік  және  қоғамдық  қауіпсіздік 



органдарына ие болуға құқылы

 

- Қазақ КСР-і халықаралық қатынаста дербес, ӛз мүддесі үшін сыртқы 



саясатты белгілейді. 

 

Арнайы бапта Декларация жаңа Кеңестік шарт жасасу және Қазақ КСР-



нің жаңа Конституциясын жасауға негіз болып табылатындығы айтылды [6]. 

 

1991  жылғы  10  желтоқсанда  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 



Президенті  Н.Назарбаев  Парламентпен  қабылданған  Қазақ  КСР-нің 

Қазақстан Республикасы етіп аталуы туралы Заңға қол қойды. 

 

Ал,  1991  жылғы  16  желтоқсан  күні  «Қазақстан  Республикасының 



мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»  Конституциялық  заң  қабылданып,  күшіне 

енді. 


 

Қазақстан  бұл  Заңды  қабылдаған  уақытта  толық  тәуелсіздікке  бет 

бұрды. Егер Декларация Қазақ КСР-інің мемлекеттік билігі Кеңестік шартта 

белгіленген шекте республика ішінде және сыртқы қатынастарда дербестікке, 

басымдыққа  ие  болса,  Конституциялық  заңда  республиканың  егемендігін 

шектейтін ешқандай «шектеулер» туралы айтылмаған [3, 82-83 б.б.]. 

 

Заңның  1  бабында  Қазақстан  тәуелсіз,  демократиялық  және  құқықтық 



мемлекет деп жарияланды. Қазақстанның аумағы біртұтас, бӛлінбейтін және 

қол сұғылмайтындығы жарияланды. 

 

Заңның 2 тарауына сәйкес қазақ ұлтымен ортақ тарихи тағдырларымен 



біріккен  барлық  ұлт  ӛкілдерінен  тұратын  республиканың  азаматтары 

Қазақстанның бірыңғай халқын құрады, ол егемендіктің жалғыз сақтаушысы 

және  мемлекеттік  биліктің  қайнар  кӛзі  болып  табылады.  Республиканың 

аумағын  еріксіз  қалдырған  және  басқа  мемлекеттерде  тұратын  барлық 

қазақтар  үшін  заң,  егер  азаматтары  болып  табылатын  мемлекеттердің 

заңдарына  қайшы  келмесе,  басқа  мемлекеттердің  азаматтығымен  қатар, 

Қазақстанның азаматтығын иелену құқығын таныды. 

 

3  тарау  мемлекеттік  билік  және  басқару  органдарының  құрылысын 



анықтады.  Заң  бойынша  мемлекеттік  билік  заң  шығарушы,  атқарушы  және 

сотқа 


бӛліну 

қағидасына 

сәйкес 

жүзеге 


асырылады. 

Қазақстан 

Республикасының және оның атқарушы билігінің басшысы Президент болып 

жарияланды.  

 

4  тарау  мемлекеттің  экономикалық  негізін  анықтады.  Заңға  сәйкес, 



Қазақстан  дербес  экономикалық  жүйеге  ие  және  барлық  меншік 

нысандарының  алуандығы  мен  теңдігіне  негізделеді.  Жер  және  оның 

қойнауы,  су,  әуе  кеңістігі,  ӛсімдік  және  жануарлар  әлемі,  басқа  табиғи 

ресурстар мемлекеттің ерекше меншігі болып танылады. 

 

Қазақстан  Республикасы  халықаралық  құқықтың  субъектісі  және 



сыртқы  экономикалық  қызмет  сұрақтарын  шеше  алады.  Осы  күннен  бастап 

Қазақстан заң негізінде егеменді мемлекет ретінде ӛмір сүреді. 

 

1992  жылдың  бірінші  жартысында  саясат  саласындағы  стратегиялық 



мақсаттар келесідей болды: 

 

күшті  президенттік  республиканы  құруға  бағытталған  егеменді 



мемлекетті дамыту; 

 

жаңа  саясат  қайраткерлері  мен  кӛшбасшыларын  алға  шығаратын, 



демократиялық  құрылымдарды  тереңдететін  және  кӛпұлтты  қоғамның 

консолидациясына әсерін тигізетін кӛппартиялы жүйе құру; 

 

экономикалық  реформаларды  табысты  жүргізуге  қажет  шарт  ретінде, 



басты саяси мақсат ретінде тұрақтылықты қамтамасыз ету

 

Қазақстанның қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ететін кӛпжақты 



және алуан түрлі әскери-саяси және экономикалық одақтарды құру

 

адамның  демократиялық  құқықтары  мен  бостандықтарын  сақтау 



арқылы әлемдік қауымдастықта Қазақстанның саяси салмағын кӛтеру; 

 

әлемдік шаруашылық байланысқа кіру технологиясында Қазақстанның 



тиімді геосаяси жағдайын пайдалану [6, 33-34 б.б.]. 

 

Бұл  аталған  мақсаттарды  орындау  Қазақстанның  заңнамалық  базасын 

құрудан басталды. 

 

Сонымен,  мемлекеттік  егемендік  туралы  Декларация  мен  «Қазақстан 



Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»  Конституциялық  заңы 

негізгі  актілер  болып  табылады,  олардың  негізінде  әрі  қарай  ұлттық, 

конституциялық заңнама құрылды. 

 

1992  жылғы  2  наурызда  Қазақстан  Республикасы  Біріккен  ұлттар 



ұйымына  толық  заңды  мүше  болды,  осы  арқылы  мемлекеттің  халықаралық 

құқықсубъектілігі  расталды.  Мұндай  жаңа  бастауларда  Қазақстан  ӛзін 

бейбітсүйгіш мемлекет ретінде кӛрсетті. 

 

Сонымен,  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі 



туралы»  Конституциялық  заңын  қабылдаумен  қазақ  халқының  тарихында 

жаңа  кезең  басталды,  мемлекеттіліктің  жаңару  процесі,  әлемдік 

қауымдастыққа кіруде халықаралық құқықтың тең субъектісі. 

 

Қазақстан Республиксаның халықаралық құқықсубъектілігінің тағы бір 



құқықтық негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы.  

 

Қазақстан  Республикасының  алғаш  Конституциясы  1993  жылғы  28 



қаңтарда  қабылданды.  Бұл  Қазақсанның  мемлекеттік  және  қоғамдық 

құрылысын  жаңадан  анықтаған  тарихи  құқықтық  акт  болып  табылады. 

Конституция 

жаңа 


тәуелсіз 

мемлекеттің 

әлеуметтік-саяси 

және 


экономикалық  ӛміріне  жаңа,  «әлеуметтік  емес»  құқықтық институттарының 

толық кешенін алып келді. 

 

Алғаш  рет  Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  биліктің  бӛлінуі 



негізінде  ұйымдастырумен  кепілдендірілген  Қазақстан  халқының  егемендігі 

қағидасы  рәсімделді.  1993  жылғы  Конституцияны  әзірлеу  мен  қабылдауға 

қатысқан  ғалымдардың  айтуынша,  мазмұны  бойынша  бұл  акт  терең 

демократиялық, ӛзінде жалпыадамдық құндылықтарды іске асыратын болды 

[3, 84 б.]. 

 

Ең алдымен, «кеңестік» және «әлеуметтік» деген ұғымдардың болмауы 



кӛңіл  аудартады.  Сол  арқылы  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы 

негіз  етіп  таптық  емес,  қоғамдық  және  мемлекеттік  құрылымның 

жалпыазаматтық 

ізгілік 


қағидаларын 

алады. 


Онда 

қазақстандық 

мемлекеттілік қазақ ұлтының ӛзін-ӛзі анықтау нысаны ретінде белгіленеді. 

 

Қазақстанның  әлеуметтік  нарықтық  экономикаға  бағытталған  ӛтпелі 



кезеңіндегі  Негізгі  Заңның  құндылығы  оның  республиканы  әлемдік 

қауымдастықта  жаңа  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  заңдастырғандығында.  1993 

жылғы  Конституция  Қазақстан  ӛзін  қазіргі  ӛркениеттің  құрамдас  бӛлігі 

ретінде  тануға,  достық  қарым-қатынасқа,  кӛпполюсты  және  ӛзара  тиімді 

ынтымақтастыққа негізделген кӛрші болуға, жалпыадамдық құндылықтарды 

сақтайтындығын түсінуге мүмкіндік береді. 

 

«1993  жылы  қабылданған  Қазақстанның  тұңғыш  Конституциясы  да 



бұрынғы  мемлекеттің  теориясы  мен  практикасынан  жарты  қадам  ілгері 

кеткенімен,  сол  кездің  объективті  және  субъективті  ахуалдарға  байланысты 

қағидаларынан толық арыла алмаған-ды. 


 

Қазақстан  басынан  кешіріп  отырған  серпінді  ӛзгерістер  жаңа 

конституциялық бағдарламаларды талап етті. 

 

Сондықтан  елдің  Президенті  ретінде,  оның  болашағы  жолындағы, 



әрбір  қазақстандықтың, біздің балаларымыз бен  немерелеріміздің  болашағы 

жолындағы  жауапкершілікті  сезіне  отырып,  мен  осынау  аса  қиын  қадам  - 

елде  ауқымды  саяси  процестерді,  бүгінгі  күннің  ақиқат  шындықтары  мен 

келешегімізді  айқындайтын  жаңа  Конституцияны  жасауға  кірісу  қадамын 

жасадым», - деді Н.Назарбаев ӛзіне жаңа Конституцияны ресми табыс етудің 

салтанатты рәсімінде сӛйлеген сӛзінде. Әңгіме, Қазақстан Республикасының 

1993 

жылғы 


Конституциясында 

мемлекетте 

басталған 

қайта 


құрушылықтарды  ары  қарай  жүзеге  асыруға  кедергі  келтірген,  жойылуы 

тиісті  бірқатар  кемшіліктердің  болғаны  жайында  және  тиісінше  еліміздегі 

кӛптеген  жаңа  процестерді  Конституцияда  бейнелеу  қажеттілік  болып 

табылғандығы туралы болып отыр [7]. 

 

Әрине,  жаңа  Конституцияны  қабылдаудың  себептері  туралы 



ғалымдардың  пікірлері  алуан  түрлі.  Бұл  жӛнінде  біз  Н.Назарбаевтың  сӛзін 

айтып  ӛткіміз  келеді:  «Шын  мәнінде  біз  Кеңес  идеологиясы  мен  оның 

тәжірибелерінен  толық  арыла  алмаған  барлық  мемлекеттік  жүйенің  ӛн 

бойындағы  дағдарысты  басымыздан  кешірдік.  Бұл  дағдарыс  1995  жылға 

қарай  ӛзінің  шарықтау  шегіне  жетті  де,  дереу  оны  конституциялық  жолмен 

шешу  қажет  болды,  ӛйткені  мемлекеттік  құрылымда,  тиімді  іс-әрекеттерге 

бара  алмай,  сүріне  берді.  Осыдан  келіп  мемлекеттік  ӛкіметтің  барлық 

салаларын,  соның  ішінде  заңдылық  тармақтарын  конституциялық  жолмен 

реформалау туралы саяси шешім қабылданды» [8]. 

 

Жаңа  тәуелсіз  мемлекеттің  негізгі  параметрлерін  1995  жылғы 



Конституциясы 1 бабында былай анықтайды: «Қазақстан Республикасы ӛзін 

демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  ретінде 

орнықтырады,  оның  ең  қымбат  қазынасы  –  адам  және  адамның  ӛмірі, 

құқықтары мен бостандықтары». 

 

Қазақстан – жас мемлекет. Оның дамуы үшін егемендік, тұтастық және 



ӛз  мүдделерін  қорғауды  қатайту  қажет  болды.  Бұл  да  Конституцияда  ӛз 

кӛрінісін  2  бапта  тапты:  «Республиканың  егемендігі  оның  бүкіл  аумағын 

қамтиды.  Мемлекет  ӛз  аумағының  тұтастығын,  қол  сұғылмауын  және 

бӛлінбеуін қамтамасыз етеді». 

 

Қазақстанның  тәуелсіздігі  «әр  қазақстандыққа  ӛз  тағдырын  еркін 



таңдауға,  ал  мемлекетке  –  демократиясы  ӛрлеген  мемлекет  ретінде 

халықаралық аренада танылуына» мүмкіндік береді [9]. 

 

Сонымен,  Қазақстан  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  ӛмір  сүрудің  алғашқы 



күндерінен-ақ  халықаралық  құқықтың  жалпыға  танымал  қағидаларына 

сүйінетіндігін  жариялады.  Бұл  Қазақстанның  Конституциясында  анық 

айтылған.  Преамбулада  «дүниежүзілік  қоғамдастықта  лайықты  орын  алуды 

тілей отырып» халық Конституцияны қабылдайтындығы, ал 8 бабында былай 

деп  жазылған:  «Қазақстан  Республикасы  халықаралық  құқықтың 

принциптері  мен  нормаларын  құрметтейді,  мемлекеттер  арасында 

ынтымақтастық пен тату кӛршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен 


бір-бірінің  ішкі  істеріне  араласпау,  халықаралық  дауларды  бейбіт  жолмен 

шешу  саясатын  жүргізеді,  қарулы  күшті  бірінші  болып  қолданудан  бас 

тартады». 

 

Қазіргі  таңда  республика  әлемнің  100-ден  астам  мемлекетімен 



танылып,  150-ден  астам  мемлекетпен  дипломатиялық  қарым-қатынас 

орнатты.  Ондаған  шет  мемлекеттері  республиканың  елордасында  ӛз 

дипломатиялық  ӛкілдіктерін  ашып,  Қазақстанның  да  тӛтенше  және  ӛкілетті 

елшілері ӛз алдына шет мемлекеттерде республиканың атынан ӛкілдік етеді 

[10]. 

 

Қазақстан  Республикасы  мемлекеттердің  әлемдік  қауымдастығында 



теңқұқылы мүше болды, халықаралық ұйымдарға мүше болып қана қоймай, 

2010 жылдан бастап Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 

тӛрағасы етіп тағайындалды. 

 

Аталғанның  барлығы  Қазақстан  Республикасы  халықаралық  құқықта 



құқықсубъектілікке ие екендігінің айқын кӛрсеткіші. 

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясы: 

Қазақстан 

Республикасының                           

2007  жылғы  21  мамырдағы  №254-ІІІ  Заңымен  ӛзгертулер  мен  толықтырулар 

енгізілген ресми мәтін. Алматы, «Жеті жарғы». 2007 ж. 

2.

 



Мартенс Ф.Ф. Современное международное право цивилизованных народов. - Спб., 

1904. - Т.1. - 302 б. 

3.

 

Орманова  А.Ш..  Республика  Казахстан  как  субъект  международно-правовых 



отношений. Монография. - Астана, 2008 г. - 101-102 б. 

4.

 



Жиренчин  К.А.,  Айтхожин  К.К.  Сувероенитет  РК:  проблемы  теории  и  практики. 

Закон и время. - 2001.-№2.- 128 б. 

5.

 

Сартаев  С.С.,  Назаркулова  Л.Т.  Становление  Конституции  Республики  Казахстан: 



проблемы и перспективы. - Алматы, 2002. - 7б. 

6.

 



Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы: ЮРИСТ, 2009. 

7.

 



Кенжалиев З.Ж., Ким В.А. Қазақстан Республикасында конституциялық заңнаманың 

дамуы. Үшінші бӛлім: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2008. - 3-4 б.б. 

8.

 

Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында. - Алматы: Ӛнер, 1996. - 184 б. 



9.

 

Котов  А.К.  Конституционное  становление  Казахстана  как  нового  независимого 



государства. Мысль. - 2001. - №7. - 9 б. 

10.


 

Сарсембаев  МА.,  Сарсембаев  К.М.  Международное  право.  Учебник.  Алматы:  Жеті 



жарғы, 2009. - 398 б. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал