Қазақстан республикасының білім жəНЕ



жүктеу 5.01 Kb.

бет9/10
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 
 
86
Қажетті
 материалдар мен құрал жабдықтар 
ПР  қоюға  арналған  компаненттер,  зерттелінетін  экстракт, 
преципитациялаушы  қан 
сарысуы,  қалыпты  қан  сарысуы, 
физиологиялық  ерітінді,  қалыпты  экстракты,  преципитациялаушы 
қан  сарысуы  бар  топалаңнан  өлген  жануарлардың  мүшелері, 
капиляр 
түтікшелер, 
Уленгут 
пробиркалары, 
Уленгут 
пробиркасына арналған штатив.  
 
 
Тақырып
Вирусология зертханасында жұмыс істеу тəртібі 
 
Сабақтың
 мақсаты: 1. Вирусология зертханасында жұмыс   істеу 
тəртібімен танысу.  
                                     2. Вирустарды зерттеуге қолданатын      
                                        ыдыстарды даярлауды үйрену.  
 
Жаттығу
 сұрақтар  
1.
 
Вирусаология зертханасының атқаратын қызметі? 
2.
 
Вирустармен жұмыс істегенде қауіпсіздік сақтау ережелері.  
3.
 
Зертханалық құжаттар  
4.
 
Зертханалық 
ыдыстарды 
жұмысқа 
дайындау 
жəне 
залалсыздандыру 
 
Сабақтың
 мазмұны 
Вирусология  –  биология  ғылымдарының  негізгі  бір  бөлігі. 
Вирусаология  ғылымының  дамуына  бактерия,  өсімдіктер  жəне 
жануарлар дүниесінің вирустарын зерттеу көп əсер етті. 
«Вирус» деген сөз латын тіліндегі «у» деген ұғымнан алынған. 
Вирусаология 
ғылымы 
биологияның, 
ветеринарияның, 
медицинаның  негізгі  бөлігі  болып  саналады.  Себебі  вирустар 
адамдардың, жануарлар дүниесінің, өсімдіктердің ауруын таратады.  
Вирустардың құрылымдық макро – молекулалық ерекшеліктері 
оларды генетика, молекулалық биология ғылымдарын зерттеу үшін 
бірден  –  бір  таптырмайтын  құрал  етіп  пайдалануғамүмкіндік 
береді.  
Вирус  дегеніміз  клеткасы  жоқ,  өзіне  тəн  геномы  бар  жəне 
жоғары  сатыдағы  организм  клеткаларының  ішінде  ғана  тіршілік 
етіп, көбейе алатын арамтамақтар. Вирус – құрыысы өте қарапайым 
ғана жанды нəрсе.  

 
 
87
Соңғы  кезге  дейін  тірі  нəрселердің  бəрі  клеткадан  тұрады  деп 
келдік. Ал бертін келе клеткаға дейін тірі нəрсенің бар екені белгілі 
болды. Олар – вирустар.  
Оларды 
бактерия 
клеткасымен 
салыстырып 
көрсекғ 
бактерияларда  зат  алмасады,  өзіне  тəн  химиялық  реакциялар 
болады. ал вирустарда олардың бірде – бірі жоқ.  
Вирусаологиялық  зертханада  ғылыми  –  зерттеу,  өндірістік 
жəне оқу жұмыстары атқарылады. Зертхана 5 – 6 бөлмеден тұрады. 
Қабылдағыш  бөлме,  онда  зертханаға  келіп  түскен  патологиялық 
материалдар  қабылданады  да,  тіркеуге  алынады,  материалды 
тексеруге  дайындау  бөлмесі,  Вирусаологиялық  зерттеу  бөлмесіғ 
оған  залалсыздандырылған  арнайы  бөлме  кіреді,  жарық  жəне 
бактериоциттік шамдармен жабдықталады, автоклав қоятын бөлме, 
мұнда 
зерттеу 
жүргізуге 
қолданылатын 
ыдыстар 
залалсыздандырылады, 
инфекциялық 
материалдар 
зарарсыздандырылады,  ыдыс  жуатын  бөлме  виварий,  мұнда 
зертханалық жануарлар күтіп – бағылады.  
Жұмыс  істегенде  арнайы  киім  киеді.  Қалайда  болса  вирус 
ауруларының 
таралуына 
жол 
бермеу 
қажет, 
вирустық 
материалдарға  басқа  микроорганизмдердің  түсіп  кетуіне  жол 
бермеу  керек,  вирусты  сақтау  жəне  онымен  жұмыс  істегенде  жеке 
бастың  қаупсіздігін  сақтау.  Вирусологиялық  жұмыстарда  тек 
стерильді  ыдыстар  қолданылады.  Зертханада  темекі  шекпейді, 
тамақ ішпейді, жұмыс үстінде зертханада бөтен адамдар жүрмейді, 
əңгімелеспейді.  Зерттеуші  өте  ұқыпты  жəне  жинақы  болуы  қажет. 
Ол  жұмыстың  алдында  жəне  соңында  жұмыс  істеген  орнын 
дезинфекциялауға міндетті.  
Вирусаология зертханасында мынадай құжаттар болуы қажет.  
1.
 
Зертханада  сақталатын  музейлік  вирустарды  тіркейтін 
кітап.  
2.
 
Стерилизация 
жəне 
инфекциялық 
материалдарды 
зарарсыздандыру жазып отыратын дəптер.  
3.
 
Зертханадағы  вирустардың  сақтау  жолдарын  тіркейтін 
дəптер.  
4.
 
Вирус жұқтырылған зертханалық жануарларды тіркейтін 
дəптер.  
5.
 
Зертханаға  түскен  материалдардан  табылған  вирустарды 
тіркейтін дəптер.  

 
 
88
Зертханалық ыдыстар таза жəне стериальді болу керек, оларды 
сабынмен,  содамен,  сонан  соң  ағынды  сумен  жуады,  ақырында 
дистелденген  сумен  шайқайды,  кептірілгеннен  кейін  пергамент 
қағазына орап, автоклавта залалсыздандырады.  
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
Зертханалық  ыдыстарды  жуу,  кептіру  жəне  заласыздандыру 
үшін орап буу. 
 
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
Зертхана  бөлмелері,  құрал  –  саймандар,  ыдыстар,  əр  түрлі 
аспаптар.  
 
 
Тақырып
. Вирустар морфлогиясы 
 
Сабақтың
 мақсаты: Вириондардың морфологиясымен танысу. 
 
Бақылау
 сұрақтары 
1.
 
Вирустардың өмір сүру түрлері.  
2.
 
Капсид симметриясының түрлері.  
3.
 
Капсид симметриясының капсомерлердің орналасу 
жолдарымен байланысты.  
4.
 
Вириондар көлемі.  
5.
 
Вириондардың молекулалық салмағы.  
6.
 
Вириондардың физикалық құрылысы.  
 
Сабақтың
 мазмұны 
Вирустар 
– 
адам, 
жануарлар, 
өсімдіктер, 
жəндіктер, 
бактериялар,  қарапайымдылар,  т.  б.  тірі  жандар  клеткасының 
арнайы паразиті.  
Табиғатта олар əр түрлі кездеседі. 
1.
 
Вирион – клеткадан тыс түрі.  
2.
 
Клеткада  өсіп  –  өнетін  түрі.  Басқаша  мағынада  «вирус  – 
клетка кешені» деп атайды.  
3.
 
Провирус  –  вирус  геномы  клетка  геномының  құрамына 
кіреді.  
4.
 
Ди  –  бөлшектер  –  интерференция  туғыза  алатын 
зақымдалған вирус. Бұл вирустардың кемшілігі бар толықсыз түрі. 

 
 
89
Олар  клеткада  толық  вирустардың  өсіп  –  өнуіне  кедергі  жасайды. 
Мұны интерференция дейді.  
Сыртқы пішініне қарай вириондар дөңгелек, икосаэдр, шыбық, 
жіп,  сперматозоид  секілді  болып  бөлінеді.  Вириондар  құрамында 
нуклейн  қышқылы  жəне  əр  түрлі  белектар  бар.  Белоктардың 
көпшілігі  капсид  дейтін  қабық  құрайды.  Нуклейн  қышқылымен 
бірге  бұл  екеуін  нуклейокапсид  деп  атайды.  Капсидті  құрайтын 
бөлшектер – капсомерлер, бұл бөлшектер вирустың сыртқы пішінін 
жасайды.  Капсомерлер  де  өз  алдына  əр  түрлі  химиялық 
бөлшектерден тұрады.  
Құрылысы  күрделі  вирустарда  капсидтің  сыртқы  тағы  бір 
липопротеид  қабығы  болады.  оны  суперкапсид  немесе  пеплос  деп 
те  атайды.  Пеплостың  сыртында  пепломерлер  деп  аталатын 
бұршіктері  болады.  жоғары  да  ай  тылғандай  капсомерлердің 
орналасуына  орай  вирус  капсидтері  үш  түрлі  симметиря  құрады. 
Спираль, куб тəрізді, күрделі түрлі.  
Спираль 
тəрізді 
симметрияда 
капсомерлер 
нуклейн 
қышқылының  спиралін  орап  орналасады  да,  онымен  байланысып 
отырады.  Мұндайда  нуклейн  қышқылын  бөліп  алу  үшін  барлық 
капсидті  түгел  бұзады.  Спираль  тəрізді  симметриямен  көпшілік 
өсімдіктер  вирустары  жəне  РНҚ  –  ды  корона  -,  ортомиксо  -, 
парамиксо - , рабдовирустар құрастырылғаг.  
Куб тəрізді симметрия ДНҚ – ды вирустарға жəне кейбір РНҚ – 
ды вирустарға тəн.  
Куб 
тəрізді 
симмтриялы, 
икосаэдр 
пішінді 
виустарда 
капсомерлер үшбұрыштың төбесіне, қабырғаларына, қырларына екі 
–  екіден,  үш  –  үштен,  бес  –  бестен,  алты  –  алтыдан  орналасады. 
Мұндай 
жағдайда 
капсомерлер 
нуклейн 
қышқылымен 
қатынаспайды. 
Əр 
вирустың 
өзіне 
тəн 
химиялық 
жəне 
морфологиялық  бөлшектерден  тұрады.  Сондықтан  капсомерлердің 
көлемі де əр түрлі болады.   
Капсомерлер  саны  вирустар  түрінің  бір  белгісіне  жатады. 
мысалы; герпесвирустарда 162 капсомер бар.  
Вирустар  көлемі  нанометрмен  өлшенеді.  1  мм  –  1000  мкм,  1 
мкм – 1000 нм, 1 нм – 10 А бар.  
Вирустарды ірі, орташа жəне ұсақ деп бөледі. Ірі вирустар 150 
– 450 нм, орташалары 100 – 150 нм, ұсақтары 20 – 45 нм.  
Вирустардың молекулалық салмағы дальтонмен (Д) өлшенеді.  
1 Д – 1 атом сутегінің салмағы. Ол – 1,67 · 10
-24
г 

 
 
90
1000 Д – 1 килодальтон (КД) 
1000000 Д – 1 мегадальтон (МД) 
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
1.
 
Əр түрлі вирустардың суретін салу.  
2.
 
Вирустардың физикалық құрылысын түсіндіру.  
3.
 
Вирус модельдері бойынша олардың түрлерін ажырата білу.  
 
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
Кестелер, сызбалар, суреттер, вирустардың моделдері.  
 
Тақырып
Вирустарды қолдан өсіру 
 
Сабақтың
 мақсаты: Вирустарды қолдан өсіру ерекшелігімен   
                                      танысу.  
 
Жаттығу
 сұрақтар 
1.
 
Вирустарды қолдан өсіру ерекшеліктері.  
2.
 
Зертханалық  жануарлардың  вирусологиядағы  мəні,  оларды 
вирусологияда қандай мақсатпен қолданады? 
3.
 
Зертханалық жануарларға ауру жұқтыру əдістері.  
4.
 
Вирустарды  зертханалық  жануарлар  организмінде  өсірудің 
басқа əдістерден кемшілігі.  
5.
 
Тауық эмбрионын вирусологияда қолдану. Оларға қойылатын 
талаптар.  
6.
 
Тауық 
эмбрионының 
зертханалық 
жануарлардан 
артықшылығы.  
7.
 
Тауық эмбрионын зақымдау.  
8.
 
Клетка өсіндісі дегеніміз не? Олардың түрлері. 
9.
 
Клеткаларды вируспен зақымдау.  
 
Сабақтың
 мазмұны 
Вирустарды  қолдан  өсіріп,  көбейту  дегеніміз  оларды  жасанды 
жағдайларда.  Жануарлар  организмінде,  тауық  эмбрионында,  жəне 
организмнен бөлек өсетін клеткаларда өсіріп, көбейту деген сөз.  
Вирустарды  зертханалық  жағдайларда  қолдан  өсіру  үшін 
белгілі  бір  шарттар  қажет:  вирустарды  көбейтуге  арналған 
клеткалар,  тауық  эмбриондары  жəне  вирусты  көбейтуге  арналған 

 
 
91
организмдер  өздерінің  жағдайына  сəйкес  болуы  қажет.  Сонда  ғана 
вирустардың осы аталған ортаға бейімделуі тезірек болады.  
Қазіргі 
кезде 
вирустарды 
көбейту 
үшін; 
зертханалық 
жануарлар, тауық эмбриондары, клетка өсінділері,  қолданылады.  
Зертхана  жануарлары  дегеніміз  тəжірбие  жасауға  арнайы 
питомниктерде  немесе  зертханаларда  өсірілетін  əр  түрлі  ұсақ 
малдар.  Олар  жұқпалы  ауруларға  балау  қою,  неше  түрлі 
патологиялық  жағдайларды,  оған  қарсы  қолданатын  дəрілерді, 
диогностикалық  сарысуларды,  вакциналарды  тексеру  үшін  жəне 
клетка өсіндісін алу үшін керек. Зертханалық жануарлардың ішінде 
вирусологияда 
жиі 
қолданылатындары; 
ақ 
тышқандар, 
атжалмандар, 
егеуқұйрықтар, 
қояндар, 
теңіз 
шошқалары, 
балапандар.  
Зертханалық
  жануарларды  таңдау.  Бір  топтаға  барлық 
жануарлардың салмағы, жасы, физиологиялық күйі, дене қызуы бір 
– біріне өте жақын юолуы керек.  
Сондықтан  жануарларды  ең  алдымен  топ  –  топқа  бөледі. 
Оларды  дұрыстап  таңдау  –  вирустарды  табысты  зерттеудің  бір 
үлкен  кепілі.  Ауру  жұқтыру  үшін  алатын  жануарлардың  саны  жұп 
болуыкерек. 
Бұлай 
ету 
вирустың 
тəжітбиеге 
алынған 
жануарлардың  50%  -  ін  ауырту  немесе  өлтіру  мөлшерін  анықтау 
үшін өте қажет.  
Жануарларға ауру жұқтыру əдістері. Зертханалық жануарларға 
ауру  жұқтыру  жолдары  көп.  Оларды  таңдау  вирустың  түрі  жəне 
оның қай мүшені зақымдауға икемді екендігімен байланысты.  
Егу  əдісіне  қарай  жануарға  наркоз  беріледі,  олүшін  жануарды 
арнайы  қақпақтың  астына  отырғызады,  оның  ішіне  эфир  не 
хлороформға  малған  мақта  салады.  Біраздан  соң  жануар 
ұйықтайды.  
Егу жолдары: тері астына, бұлшық етке, жүрекке, венаға, ауыз 
арқылы, танау арқылы, миға, құрсақ қуысына егу.  
Вирус  егілген  жануарды  күнге  бақылап  отырады.  Егудің 
нəтижесінде  жануарлар  əр  түрлі  жағдайға  ұшырайды.  А)  өледі,  Б) 
ауырып  жазылады.  Осыған  орай  оларды  əр  түрлі  жолдармен 
зерттейді.  Егер  жануар  өлсе,  онда  таза  вирусты  оның  денесінен 
бөліп алу керек, немесе оны, не оның антигенін микроскоп арқылы 
іздеу  керек.  Егер  де  мал  ауырып  жазылса,  одан  не  вирустың  өзін 
іздеу  керек.  Немесе  қан  сарысуынан  серологиялық  реакциялар 
арқылы вирусқа қарсы антиденелерді іздеу керек.  

 
 
92
Тауық
 
эмбрионы
. 
Қауызын 
жармаған 
тауық 
эмбрионындакөптеген вирустар өсіп – өне алады,  өйткені олардың 
құрылысында  əр  түрлі  4  бөлім  бар.  Бұлардың  əрқайсысы  əр  түрлі 
вирустар өсіруге жарайды.  
Тауық 
эмбрионының 
зертханалық 
жануарлардан 
артықшылығы. 
А) зақымдалу жəне вирус қосындыларын алу жолдарыжеңіл.  
Ə)  өте  көп  вирустарға  сезімтал,  себебі  қоршаған  жүйелері 
толық жетісе қоймайды.  
Б) вирустарды өсіру үшн дайын таза орта.  
В) күтім жəне жемдеу тілемейді.  
Г) арзан.  
Вируспен  зақымдауға  қолданылатын  тауық  эмбрионына 
қойылатын талаптар.  
А)  тіршілік  қабілетінің  жоғары  болуы.  Тауық  эмбрионының 
тіршілік  белгілері,  ұрық  қохғалып  тұрады,  хорионаллантоис 
қабығындағы  қан  тамырлары  анық  көрінеді.  Өлі  ұрық  белгілері: 
ұрық қозғалмайды, қан тамырлары солып қалады.  
Ə) қауызы таза, шұбар болмауы керек.  
Таза жəне ауруға шалдықпаған фабрикадан алынуы.  
Вируспен  зақымдау  алдында  ұрықталған  жұмартқаларды 
овоскоп  арқылы  тексереді.  Онда  эмбрионның  тіршілік  қабілеті, 
жатқан орны мен жайлы анықталады. Қарындашпен жұмыртқадағы 
ауа  қуысының  шеті  жəне  эмбрионның  басы  жатқан  жері 
белгіленеді. 
Содан 
соң 
жұмыртқаның 
сыртқы 
қабығын 
дезинфекциялайды.  Ол  үшін  йодталған  спиртке  малынған  мақта 
жалынымен  аластайды.  Тазаланғанжұмыртқа  шприцпен  вирус 
енгізеді. Жіберетін вирус мөлшері 0,1 – 0,2 мл – ден аспайды.  
 
Вирусты
 аллантоис қуысынна енгізу 
Жұмыртқаның  жұмыр  жағын  жоғары  қаратып  арнайы  ұяға 
орналастырады  да,  ауа  қуысының  орасынан  қауызды  теседі.  Оған 
шприц инесін 10 – 12 мм тереңдікке енгізеді де, вирусты жібереді. 
Қабықтағы тесікті ерітілген парафинмен бетейді.  
Тапсырма: 
Студенттер  ұрықталған  жұмыртқаларды  овоскоп  арқылы 
тексереді,  дезинфециялайды,  аллантоис  қуысына  вирус  енгізеді. 
Жұмыртқа 
қауызына 
қарындашпен 
оны 
қашан, 
немен 

 
 
93
зақымдағанын,  өзінің  аты  мен  тобын  жазып,  кезекшіге  өткізеді. 
Кезекші жұмыртқаларды арнайы термостатқа қояды.  
Клетка
  өсіндісі.  Вирусологияның  кейінгі  50  жыл  ішінде  тез 
дамуына  көбінесе  тірі  клеткаларды  организмнен  тыс  яғни 
зертханалық жағдайда өсіруді үйренумен байланысты.  
Клетка  өсіндісі  деп  –  адам  мен  малдың,  жан  –  жануарлардың 
организмінен  тыс,  зертханалық  жағдайда  арнайы  қорек  ортасы 
құйылған ыдыстарда өсіп – өнетін клеткаларды айтады.  
Қазіргі  кезде  клетка  өсіндісі  вирусологияның  көп  саласында 
қолданылады.  
1.
 
Вирустың биологиясын зерттеу.  
2.
 
Вирустардың  сандық  сапасын  жəне  олардың  əсерінен 
қанда пайда болатын антиденелерді тексергенде 
3.
 
Ауру  малдан,  жан  –  жануарлардан  қоздырушыны 
диогностикалық мақсаттар үшін бөліп алу.  
4.
 
Диогноз  қою,  дауалау  əне  емдеу  үшін  қолданатын 
арнайы вирус препараттарын шығару.  
Клетканы  қолдан  өсіру  əдісі  ыңғайлы,  үнемді.  Дегенмен,  олар 
да  жасырын  вирустармен,  микроплазмалармен  жəне  т.  б. 
микроорганизмдермен ластануы мүмкін.  
Вирусологияда  қолданылатын  клетка  өсінділерін  дара  қабат 
жəне жүзінді деп бөледі.  
Дара  қабат  клеткалар  шыны  ыдыстардың  қабырғасына 
жабысып,  жайылып  өсіп  –  өнеді.  Олардың  қалыңдығы  бір 
клетканың қалыңдығындай ғана болады.  
Жүзінді  клеткалар  шыны  ыдыстың  қабырғасына  жабыспай, 
сұйық қорек ортада жүзіп жүріп өсіп, көбейеді.  
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
1 тапсырма 
1.
 
Микроскоппен  дара  қабат  жəне  жүзінді  клеткалардың 
өсуін байқау. Өсу ерекшеліктеріне назар аудару.  
2.
 
Клеткалардың суретін салу.  
3.
 
Клеткаларды  вируспен  зақымдау.  Ол  үшін  түтас  дара 
қабат құрған клеткалы пробиркаларды таңдапалады, қорегін төгеді, 
клеткаларды 2 рет Хэнкс ерітіндісімен жуады, содан соң құрамында 
0,1  мл  вирусы  бар  материалды  құяды  да  45  минутқа  вируспен 
клетка  жанасу  үшін  термостатқа  қояды.  Одан  кейін  əр  пробиркаға 
0,9  мл  сүйемелдейтін  қорек  ортасын  құйып,  қайтадан  термостатқа 

 
 
94
қояды.  Салыстырмалы  тəжірбие  үшін  бірнеше  пробиркаға  вирус 
қоспайды, тек қорегін ауыстырады.  
2
 
Тапсырма
:  
Жұмысқа 2 – 3 студент бірігіп кіріседі. Біреуі бір ақ тышқанды 
ұстайды, екіншісі оны егеді. Содан соң студенттер орын алмасады. 
Тышқандардың  тері  астына,  бұлшық  етіне  егіп  үйренеді.  Егетін 
материал  мөлшері  егу  жолына  сəйкес  əр  түрлі  болуы  керек. 
Алдымен  егетін  жерді  йодталған  спиртпен  өңдейді,  вирусты 
жібереді. Одан соң егілген жануарлырға белгі салад 
 
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
Зертханалық  жануарлар,  шприцтар,  йодталған  спирт,  мақта 
тампоны,  вирус  материалы,  тауық  эмбрионы,  арнайы  ұя,  овоскоп, 
қарындаш,  дара  қабат  жəне  жүзінді  клетка  өсінділері,  микроскоп, 
пробиркалар, Хэнкс ерітіндісі, қорек орталар.  
 
Тақырып
. Бактериофагтар 
 
Сабақтың
 мақсаты: Бактериофагтарды анықтау.  
 
Бақылау
 сұрақтары 
 
1.
 
Бактериофагтар дегеніміз не? Олардың түрлерін атаңыз.  
2.
 
Бактериофагтарды анықтау.  
3.
 
Фагтарды практикада қолдану.  
 
Сабақтың
 мазмұны 
Бактериофагтар  –  бактерия  клеткасын  зақымдайтын  вирус, 
олар  бактерияда  өсіп  өне  алады.  Онда  көбею  нəтижесінде 
бактерияларды  ерітіп,  құрытып  жібереді  де,  олар  өсіп  тұрған 
қоректік ортаға өсіп шығады.  
Бактериофагтар  топырақта,  суда,  адам,  мал  жəне  құстың 
ішегінде, нəжісінде, сүтте жəне т. б. көп тараған.  
Бактериофагтар  орташа  жəне  вирулентті  болвп  бөлінеді. 
Вируленттілер 
бактерия 
клеткасын 
ерітеді, 
ал 
орташалры 
бейімделгіш  бактериялармен  ерекше  қарым  –  қатынасқа  кіреді. 
Орташа фагты – профаг деп атайды.  
Бактериофагтар  бактерияның  түрлерін  диогноз  қою,  аурудың 
алдын – алу жəне емдеу үшін қолданады.  

 
 
95
 
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
Петри  аяқшаларына  1,5%  ет  –  пептонды  агарды  құяды.  Агар 
қатқаннан  соң  аяқшаның  түбін  шыныға  жазатын  қарындашпен 
екіге  бөледі.  Агардың  бетіне  16  –  18  сағаттық  бактерия  өсіндісін, 
себеді, 5 – 10 минут өткен соң оның бір жағына бактерияға тəн, ал 
екінші  жағына  тəн  емес  фагтар  тамызады.  Аяқшаларды  кептіреді 
де, аударып 18 – 24 сағатқа термостатқа қояды. 
Тəжірбие нəтижесі:  
1.
 
Фаг  тамызған  жерде  бактерия  өспейді.  Бұл  өте  белсенді 
бактерия фагы. 
2.
 
Ұсақ бляшкалар пайда болады. əлсіз бактериофагтар.  
 
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
 Петри  аяқшалары,  пастер  түтікшелері,  бактериологиялық 
ілмешектер,  1%  ЕПА,  бактерия  өсінділері,  фаг,  шыныға  жазатын 
қарындаш. кестелер.  
 
 
Тақырып
Топалаң қоздырғышы 
 
Сабақтың
 мақсаты: Топалаң қоздырғышының морфологиялық  
жəне культуралық қасиеттерін зерттеу. 
 
Бақылау
 сұрақтары 
1.
 
Топалаңның əр түлік малдағы қазақша атауларын атаңыз.  
2.
 
Топалаң  қоздырғышының  морфологиялық,  культуралдық 
жəне биохимиялық қасиеттері.  
3.
 
Патологиялық  материалды  алу  тəртібі  жəне  топалаңды 
бактериялогиялық балау.  
 
Сабақтың
 мазмұны 
Топалаң – жіті өтетін, өлі тиіп, күйдіргі тектес қабыну ретінде 
байқалатын  жұқпалы  ауру.  Топалаңның  малдың  əр  түрлігіндегі 
қазақша  атаулары:  қойда  –  топалаң.  Ірі  қарада  –  қараталақ, 
жылқыда  –  жамандат,  ешкіде  –  шек  –  шек,  түйеде  –  ақшелек, 
қарабез деп аталады. Адамда дерттің түріне қарай түйнеме, күйдіргі 
деп атайды. Жалпы атауы – топалаң.  

 
 
96
Қоздырғышы – Bacillus anthracis.  
Морфологиясы:  бацилла  тұрқы  1  –  2,5  x  5  –  10  мкм,  ірі  түзу, 
қозғалмайды,  грамоң.  Қоздырғыш  оттегі  бар  жерде,  12  -  43°С 
температурада  спора,  ал  организмде  капсула  түзеді.  Қоректік 
орталарда  бациллалар  тізбектер  түзсе,  ал  организмде  жұптасқан 
немесе жеке клеткалар ретінде кездеседі.  
Себінді себу. Топалаң бацилласы – факультативті аэроб. Өсуіне 
қолайлы  температура  37°  -  38°С.  Микроб  жай  əмбебап  қоректік 
орталарда  жақсы  өседі.  Ет  –  пептонды  агарда  ірі,  кедір  –  бұдыр, 
күңгірт түсті, шеті иректелген, медузаның басына ұқсас колониялар 
түзеді.  Кейде  S  –  пішінді  колониялар  байқалады.  Қан  агарында 
гемолоиз  жоқ.  Пенициллин  қосылған  агарда  өскенде  домаланып, 
шарға  ұқсайды.  Ет  –  пептонды  желатинаға  шаншып  сепкенде 
аударылған  шырша  тəріздес  өседі.  Ет  –  пептонды  сорпада  мақта 
ұлпасын тəрізді тұнба түзіліп, спорасы мөлдір болады.  
Биохимиялық  қасиеттері.  Топалаң  бацилласында  липаза, 
диастаза,  протеиназа,  желатина,  цитохормоксидаза,  пероксидаза, 
каталаза  жəне  т.  ю.  Ферменттердің  бар  екені  анықталды.  Кейбір 
штамдары  күкіртті  –  сутегін  түзеді  əне  аммиак  бөліп  шығарады. 
Глюкозаны,  альтозаны  қышқыл  түзіп,  ал  сахарозаны,  трегалозаны, 
фруктозаны  баяу  ферменттейді.  Лепитиназаны  синтездейді,  тауық 
жұмыртқасының  сарыуыз  ерітіндісін  ұйытады.  Метилен  көгін 
редукциялайды  жəне  нитраттарды  нитриттерге  ауыстырып  қайта 
құрады. Сүтті ірітеді.  
Төзімділігі.  Микробтың  вегетативті  түрі  əр  түрлі  қолайсыз 
жағдайларға  төзімсіз.  Олар  бірнеше  тəуліктің  ішінде  өледі. 
Сойылмаған шірігін өлекседе 7 тəулікте ыдырайды. Споралары өте 
төзімді. Олар шіріген өлекседе тіршілігін сақтайды. Споралары өте 
төзімді. Олар шіріген өлекседе тіршілігін сақтайды. Споралары өте 
төзімді. Олар шіріген өлекседе тіршілігін сақтайды. Споралары өте 
төзімді. Олар шіріген өлекседе тіршілігін сақтайды. Споралары өте 
төзімді.  Олар  шіріген  өлекседе  тіршілігін  сақтайды.  Суда  жылдар 
бойы, топырақта ондаған жылдар сақталады.  
Топалаңнан өлген малдың өлексесін союға тиым салынады.  
Балау.  Зертханаға  жаңа  өліктің  құлағының  көк  тамырындағы 
қаннан  даярланған  қалың  жағындыны  жібереді.  Қан  алған  кезде 
терінің  тілінген  орнын  күйдіреді.  Жағындыны  көлеңкеде  кептіріп, 
бекітпейді.  Сонымен  бірге  тексеруге  кесіліп  алынған  құлақты 

 
 
97
зертханаға жібереді. Ол үшін өлік жатқан жердің астыңғы құлағын 
кесіп, түбін екі жерден байлайды. Кесілген жерді күйдіреді.  
Зертханада 
жағындыны 
микроскоптайды. 
Тексерілетін 
материалды  қоректік  ортаға  себеді  жəне  зертханалық  жануарларға 
жұқтырады.  1  –  3  тəуліктен  соң  жануарлар  өледі.  Зертханалық 
жануарлардың  ішкі  мүшелері  мен  ұлпаларынан  бөлініп  алынған 
қоздырғыш    топалаңға  қойылған  диогнозды  растайды.  Басқа 
мүмкіндік  болмаған  жағдайда  зарарсыздандырылған  материалмен 
преципитация реакциясын қояды.  
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал