Қазақстан республикасының білім жəНЕ



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/10
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
1.
 
Бастапқы жəне инволюциялық формасы бар бактериялар 
культурасынан  препарат  даярлау.  Микроскоппен  қарап  зерттеу. 
Суретін салу.  
2.
 
Петри  аяқшасында  өскен  колония  формаларының 
өзгерісін байқап, сипаттау. Бұл үшін Петри аяқшасындағы S жəне R 
формалар  мен  диссоциацияланған  колонияларды  микроскоптың 
заттық  үстелшесіне  түбіне  жоғары  қаратып  қойып,  8  объективпен 
қарау керек. Суретін салу.  
3.
 
Бактериоциногения  нəтидесін  зеттеу.  Жазып  алып, 
суретін салу.  
4.
 
Қоректік заттарға мұқтаждығын зерттеп, жазып қою.  
5.
 
Антибиотикке  төзімді  штамдарды  алудың  нəтижелерін 
зерттеу. Жазып алып, суретін салу.  
 
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
ЕПС 
құйылған 
пробиркада 
 
өсірілген 
бактериялар 
культурасы, ЕПА  өскен микробтар колониясы бар Петри аяқшасы, 
микроскоптар,    бактериологиялық  ілмешектер,  Пфейфер  фуксині, 
Леффлер  көгі,  құтыға  құйылған  физиолгиялық  ерітінділер,  заттық 
əйнектер,  шыныға  жазатын  қарындаштар,  спиртовка,  самырсын 
майы.  
 
Тақырып
Тазалықты көрсеткіш микроорганизмдер 
 
Сабақтың
 мақсаты: 1. Тауарларды ластаудың негізгі көзі болып  
табылатын организмдермен танысу 
                                  2.Тазалықты – көрсеткіш  микроорганизмдердің 
мəні жəне олардың құрамын анықтауды 
үйрену.  

 
 
45
 
Бақылау
  сұрақтары 
1.
 
Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдері дегеніміз не? 
2.
 
Организмнің «қалыпты микрофлорасы» дегеніміз не? 
3.
 
Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдерді қандай мақсатта 
анықтайды? 
4.
 
Қандай бактериялар тазалықты – көрсеткіштікке жататынын 
атаңыз? 
5.
 
Сыртқы ортаның ішек таяшасымен ластануы нені көрсетеді? 
6.
 
Ауыз қуысында қандай микроорганизмдер кездеседі? 
 
Сабақтың
 мазмұны 
   Санитарлық-көрсеткіш 
микроорганизмдерінің 
адамзат 
өмірінде  маңызы  өте  зор.  Өйткені    санитарлық-көрсеткіш 
микроорганизмдерін анықтау арқылы азық-түліктің, судың жəне 
т.б.  пайдаланатын  заттардың  микроорганизммен  ластануын 
анықтап отырады. 
    Жануар  мен  адам  организмінде  тұрақты  (резидентті, 
қалыпты)  жəне  факультативті  микрофлора  болады.  Қалыпты 
микрофлора негізінен патогенді емес болады. 
    Организмде тіршілік ететін кейбір микроорганимздер үшін – 
организмнің белгілі бір органдары табиғи орта болып табылады. 
Егер осы организмдер сыртқы ортада  (суда, топырақта) кездессе   
олар    сыртқы  ортаға  тікелей  организмнен  түсті  деген  сөз. 
Мысалы,  зерттелеген  объектіде  ішек  таяқшасы  табылса,  олар 
нəжіс арқылы жаңадан түсті деп тұжырымдауға болады. 
     Сонымен объектілердің санитарлық жағдайын анықтау үшін 
санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерін анықтауымыз керек. 
Өнімдерді 
тұтынуға 
жіберу 
үшін 
олардың 
саапасы 
стандартқа сай болуы керек.  
Стандарт  –  бұл  заңды  күші  бар  құжат,  тəртіп  бұзушылық 
қылмыс ретінде  қаралады. Старндарт бақылау үшін міндетті түрде 
керек,  бұл  Мемлекеттік  қоғамдық  стандарт  (МҚСТ,  (ГОСТ))  деп 
аталады.  Егер  де  бекітілген  жəне  баспадан  шығарылмаған  МҚСТ 
болмаса,  онда  уақытша  техникалық  шарттар  (УТШ  (ВТУ)) 
жасалынады,  олар  уақытша  МҚСТ  күшінде  болады,  яғни  олар 
өндірістің  барлық  этаптарында,  өнімдерді  тұтынуға  жіберуде  жəне 
дайындауда міндетті түрде қолданады.  

 
 
46
МҚСТ  –  та  мынадай  міндеттер  көрсетілген,  яғни  өнімнің 
түрі, пішіні, органелептикалық жəне физико – химиялық қасиеттері 
қанағаттандырарлықтай    болуы  керек.  Стандартта  өнімнің  ыдысы 
мен оралуына, тасымалдану міндеттемесі келтіріледі. Жағдайы мен 
сақталу  мерзімі  көрсетіледі.  Сынама  алу  ережесі  мен  зерттеу 
əдістері МҚСТ -  та жеке бөлім болып табылады.  
Өнімдерді  биолгиялық  жəне  бактеиологиялық  зерттеу 
тəсілдері  нақты  əдіс  болып  табылады,  мұнда  басқа  тəсілдермен 
анықтай 
алмайтын 
өнімдерде 
кездесетін 
өзгерістерді 
(органелептикалық  жəне  физико  –  химиялық)  тексеруге  мүмкіндік 
бар.  Бактериялогиялық  зерттеу  өнімдерінің  микроорганизмдермен 
ластануын жəне олардың құрамын тексереді.  
Тауарларды  тұтынуға  жіберу  кезінде  инфекциялық  аурулар 
таралуы  мүмкін,  сапасы  төмен  тауарлар  арқылы  ауру  шығуы 
немесе  улануы  мүмкін.  Патогенді  микробтардың  көзі  организм 
болып  табылады,  инфекция  тудыратын  микробтар  организмнен 
суға, топыраққа, ауаға түсіп, инфекция көзіне айналады.  
Мал  мен  адам  организміндегі  микрофлора  резидентті 
(қалыпты,  облигатты  (қатаң),  тұрақты)  жəне  факультативті 
(уақытша)  болып  бөлінеді.  Организмнің  қалыпты  микрофлорасы 
көбінесе  зардапсыз  болып  табылады,  бірақ  кейбір  жағдайда 
зардапты  м  икробты  алып  жүрушілік  байқалады.  Сыртқа  ортада 
зардапты 
бактерияларға 
қарағанда, 
көбінесе 
сапрофитті 
бактериялар кездеседі.  
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерінің жалғыз табиғи 
резервуары  организм  болып  табылады.  Егер  де  мұндай  микробтар 
организмнен  тыс  жерде  –  суда,  ауада  немесе  басқа  да  ыдыстарда 
кездессе, онда олар мұнда организмнен түсті деп түсіну керек. Егер 
сыртқа  ортада  ішек  микрофлорасының  өкілдері  кездесетін  болса, 
онда 
олар 
мұнда 
ішектен 
нəжіс 
массасынан 
түсті 
деп 
қорытындылау  керек.  Сонымен  бірге  ішек  мирофлорасынан  басқа 
онда  ішек  инфекциясының  көптеген  қоздырғыштары  кездесуі 
мүмкін.  Егер  сыртқы  ортада  тыныс  мүшелерінде  тұрақты  тіршілік 
ететін  микробтар  кездессе,  онда  мұрын  сұйықтығы  арқылы 
ластанды  деп  ұғыну  керек,  яғни  онда  тыныс  жолдары 
инфекциясының  қоздырғыштары  болуы    мүмкін,  бөлінген 
микробтар  санитарлық  көрсеткіші  жағынан  таза  емес,  яғни 
инфекцияның өршуіне потенциалды мүмкіндік болып табылады.  

 
 
47
Тазалықты  –  көрсеткіш  микроорганизмдер  төмендегідей 
талаптарға жауап беруі керек.  
1.
 
Адам  мен  мал  организмінің  қуыстарының  тұрақты 
өкілдері  болып  табылады,  олардың  бөлінділерінде  кездеседі  жəне 
қоршаған ортаға көптеген мөлшерде түсіп отырады.  
2.
 
Оларда  адам  мен  мал  организмінен  басқа  табиғи 
резервуар жоқ.  
3.
 
Олар  қоршаған  ортада  өздерінің  тіршілік  ету  қабілетін 
сол  жолдар  арқылы  бөлініп  шыққан  зардапты  микробтардың  өмір 
сүру мерзімімен сəйкес сақтай алуы керек.  
4.
 
Олар қоршаған ортада көбеймеу керек.  
5.
 
Олар 
қоршаған 
ортада 
өздерінің 
биологиялық 
қасиеттерін өзгертпеуі керек.  
6.
 
Олар  жеткілікті  түрде  өздеріне  тəн  болуы  керек,  себебі 
оларды  дифференциациялау  жəне  идентификациялау  жəй  əдіспен 
орындалуы тиіс.  
Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдер 
1.
 
Нəжіспен ластану көрсеткіштері 
1.1.
 
Enterobacteriaceae    тұқымдасы,    Escherichia.  Citrobacter. 
Enterobacter.  Klebsiella    туыстарына  жататын  колифромды 
бактериялар  
1.2.
 
Streptococcaceae      тұқымдасы,  Streptococcus  туысына 
жататын энтерококтар.  
1.3.
 
Bacillaceae  тұқымдасы,  Clostridium  туысына  жататын 
клостридиялар.  
1.4.
 
Ішек таяқшасының фагтары.  
2.
 
Шіріген  заттармен  (қоқыстардың  ыдырауымен)  ластану 
көрсеткіштері,  
2.1.
 
Термофильдер.  
2.2.
 
Enterobacteriaceae    тұқымдасы,    Proteus  туыстарына 
жататын протейлер.  
3.
 
Ауыз тыныс жолдары бөлінділерімен ауа арқылы ластану 
көрсеткіштері.  
3.1.
 
Streptococcaceae      тұқымдасы,  Streptococcus  туысына 
жататын жасыл түсті немес гемолитикалық стрептококтар.  
3.2.
 
Micrococcaceae      тұқымдасы,  Staphilococcus  туысына 
жататын алтын түстес стафилококк.  
4.
 
Өндірістік  ластану  көрсеткіштері:  микроорганизмдердің 
өндірістік штамдары.  

 
 
48
 
Колиформды  тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдер. 
18963  –  73  «санитарлық  –  бактериологиялық  анализ 
тəсілдері»  МҚСТ  –  ына  сəйкес  ішек  таяқшасы  тобына  жататын 
бактерияларды  төмендегідей  дифференциалды  –  диогностикалық 
байланысты қарастырылады.  
1.
 
Себінділер біркелкі температурада +37°С өсуі керек.  
2.
 
Эндо қоректік ортасында өсуі – лактозалық тест. Күңгірт 
қызыл  түсті  колониялар  металл  түстес  жарқырауық  түзеді  (немесе 
түзбейді) 
3.
 
Оксидазалық  тест.  Идентификациялау  үшін  оксидазаға 
теріс колонияларды қалдырады. Оксидазалық тестке оң колониялар 
есепке алынбайды.  
4.
 
Грам  əдісі  бойынша  бояу.  Бактериялар  грамтеріс  боялу 
керек.  
5.
 
Глюкоза қосылған ортада ашу сынамасы оң болуы керек 
(газ түзілуі керек.) 
6.
 
Эндо  ортасында  37°С  температурада  24  сағаттан  кем 
емес  өскен  барлық  бактерияларды,  егер  де  олар  грамоң  жəне 
таяқша  тəрізді  пішінді  ғана  емес,  кокк  тəрізді  пішінді  болса  да, 
эндобактериялар  –  деп  аталады.  Эндобактериялар  деп  –  Эндо 
ортасында  өскен  грамтеріс  таяқшалар,  спора  түзбейтін,  оксидазаға 
теріс  колонияларды  айтады.  Қосымша  қасиеті  бар  бактериялар 
глюкозаны  қышқыл  мен  газға  дейін  ашытады.  37°С  температурада 
ІТТБ  сияқты  бөліп  шығарады.  ІТТБ  арасында  лактозаға  оң 
таяқшалар 
бөлініп 
шығады. 
Колиформды, 
олар 
37,5°С 
температурада  лактозаны  ыдырату  қабілетін  сақтай  алатын 
нəжістік  ішек  таяқшасын  бөліп  алады.  Нəжістік  ішек  таяқшасынан 
Escherichia Coli – ге цитратты ортада өспейтін бактерияларды ғана 
жатқызады.  Escherichia  Coli  жас  нəжіспен  ластану  көрсеткіші 
болып табылады.  
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
Эндобактерия  тұқымдасына  жататын  колонияларды  басқа 
грамтеріс  бактериялардан  ажырату  үшін  мембранды  фильтрге 
себілген  энтеробактериялар  жəне  басқа  да  грам  теріс  бактериялар 
колонияларын  фенилендиамид  ерітіндісі  реактивіне  малынған 
көлемі  жағынан  үлкен  дискілі  сүзгіш  қағазға  орналастырады. 
Реакция 
нəтижесінде 

– 

минуттан 
соң 
бакылайды. 

 
 
49
Энтеробактерия  тұқымдасына  жатпайтын  бактериялар  оксидазаға 
көкшілденген колониялар түрінде оң реакция береді немесе көкшіл 
сақина  пайда  болады.  Бояуды  өзгертпеген  жəне  грам  теріс 
таяқшалардан 
тұратын 
колонияларды 
ІББТ 
колонияларына 
жатқызады,  яғни  оларда  оксидазалық  белсенділік  болмайды, 
глюкоза  қосылған  ортадағы  ашу  сынамасын  көрсетеді.  Студенттер 
нəжістен  препарат  даярлайды,  оны  Грам  əдісі  бойынша  бояйды. 
Грам теріс ішек таяқшаларын табады.  
 
 
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
Іішінде  эндо  ортасы  бар  Петри  аяқшасында  өсірілген  ІББТ, 
ЛОТ.  НІТ,  ІББТ  –  ның  оксидазалық  тесті,  заттық  əйнек,  Пфейфер 
фуксині, 
генцианвиолет, 
йодталған 
спирт, 
спиртовкалар, 
бактериологиялық ілмешектер, микроскоптар, самырсын майы. 
 
Тақырып
Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдер-
энтерококтар 
Сабақтың
 мақсаты: Энтерококтардың морфологиялық,       
                                      Культуральдың қасиеттерімен танысу 
 
Бақылау
 сұрақтары 
1.
 
Зерттелетін 
материалда 
энтерококтардың 
болуы 
нені 
көрсетеді? 
2.
 
Стрептококтарды энтерококтардан қалай ажыратады? 
3.
 
Стафилококтардың  өзіне  тəн  белгілерін  қандай  орталарда 
анықтайды? 
4.
 
Зерттелетін  материалда  стафилококтардың  болуы  нені 
көрсетеді? 
Сабақтың
 мазмұны 
Энтерококтар  –  қалыпты  микрофлораның  өкілдері.  Олар 
Streptococcaceae      тұқымдасы,  Streptococcus  туысына  жатады. 
адамның  бөлінділерінде  S.  Salivarius  жəне  энтерококтар  S. 
Zimogenes,  кездеседі,    S.  Bovis  жəне    S.  Eguinus  –  ірі  қара  мен 
жылқы бөлінділерінен, сонымен бірге басқа малдардан да бөлінеді.  
Энтерококтар  сопақша,  ленцента  тəріздес  немесе  дөңгелек 
пішінді  болады,  кей  кезде  моншақ  тəрізді  орналасады,  грамоң, 
спора түзбейді, аурудан алынған материалда капсула түзуі мүмкін. 
Сұйық  орталарда  лайланып,  тұнба  түзеді,  қатты  орталарда 

 
 
50
энтерококтар колониялары көкшіл – сұр, мөлдір, шеттері тегіс, беті 
дөңес  жалтыраған  болып  келеді.  S.  liguefaciens  қан  агарын  ерітуі 
мүмкін, колониялар айналасында түсі өзгереді нəтижесінде егер де 
бұл S faecalis болса, гемоглобулин метгемоглобинге ауысады.  
Энтерококтар глюкоза мен маннетті қышқыл мен газға дейін 
ыдыратады,  каталазалық  белсенділігі  болмайды.  Энтерококтар 
физикалық 
жəне 
химиялық 
əсерлерге 
төзімді, 
нəжістік 
стрептококтар  ашық  суларда  көбейе  алмайды  жəне  организмнен 
тыс  көп  уақыт  өмір  сүре  алмайды.  Сондықтан  бұл  микробтардың 
нақты  саны  жас  нəжіспен  ластану  көрсеткіші  болып  табылады. 
Энтерококтар  мен  басқа  нəжістік  стрептококтарды  элективті 
орталарды  қолдана  отырып  оңай  бөліп  алуға  болады,  мысалы, 
глюкоза  мен  натрий  азиді  қосылған  спораны  қолдануға  болады, 
мұндай  спора  жиі  себу  қосымша  тест  ретінде  қолданылады. 
Осындай  ортада  өскен  стрептококтар  глюкоза  қосылған  спораға 
ауыстырылады.  Екі  соңғы  ингридиент  нəжістік  стрептококтардан 
басқа  микробтардың  өсуін  тоқтатады.  Бұл  қорытынды  тест  болып 
саналады.  Мұндай  спора  өскен  стрептококтар  толық  сеніммен 
нəжістікке жатқызып, бекітуге болады.  
Стрептококтар  шаң  –  тозаңда  бірнеше  күнге  дейін  сақталуы 
мүмкін,  сондықтан  алыс  жерда  орналасқан  мекен  –  жайларда 
спрептококтар  кездеспейді.  Стрептококтарды  табу  жəне  анықтау 
өте  қиын.  Мекен  –  жай  ауысуының  жаңа  ластану  көрсеткіші  – 
гемолитикалық  стрептококк  болып  табылады,  себебі  ол  əлсіз 
төзімді.  Энтерококтарды  стрептококтардан  ажырату  төмендегі 
кесте бойынша жүргізіледі.  
 
Белгілері
 
Энтерококтар
 
Стрептококтар
 
Өсу 
температурасының 
шамасы 
10 – 45С 
25 – 37 С 
Өсу рН – ы 9,6 тең 


40% өт спорасында өсуі 


6,5% 
натрий 
хлориді 
қосылған спорада өсуі 


1%  метилен  көгі  қосылған 
сүтте өсуі 


60°С – қа термотөзімділігі 


 
 

 
 
51
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
рН – ы 9,6 40% - ті өт сорпасында, 6,5 натрий хлориді қосылған 
сорпа,  1%  метилен  көгі  қосылған  сүтте  өсірілген  энтерокок  пен 
стрептокок өсінділері  
 
 
Тақырып
 Өсімдіктің эпифитті жəне ризосфералы микрофлорасы 
 
Сабақтың
 мақсаты: Өсімдіктің микрофлорасын зерттеу.  
 
Бақылау
 сұрақтар. 
1.
 
Эпифитті микрофлора дегеніміз не? 
2.
 
Ризосфера микроорганизмдері дегеніміз не? 
3.
 
Ризосфера организмдерінің өсімдікке пайдалы жағын атаңыз? 
4.
 
Өсімдіктің микрофлорасын зерттеу.  
 
Сабақтың
 мазмұны 
Өсімдіктің  сабағында,  жапырағында,  гүлінде  жəне  дəн 
сыртында  микроорганизмдердің  бірқатар  түрі  тіршілік  етеді. 
Олардың  біразы  ризосферадан,  қалғандары  шаң  –  тозаң  мен 
насекосдар арқылы келіп түседі. Бұл микроорганизмдерді барлығы 
эпифитті  микрофлора  деп  аталады.  Эпифит  микроорганизмдердің 
басым  көпшілігі  –  спора  түзбейтін  бактериялар.  Бациллалар  мен 
саңырауқұлақтар 
бұларға 
қарағанда 
азырақ. 
Бактериялар 
Pseudomonas 
туысына 
жатады. 
олардың 
ішінде 
басымы 
Pseudomonas  herbicola  қоректік  ортада  алтын  түстес  сары 
колониялар  түзеді.  Өңгіштігі  төмендеген  дəндерде  спора  түзетін 
бактериялар мен саңырауқұлақтар басым болады.  
Өсімдік  тамыры  айналасындағы  топырақта  орналасқан 
микроорганизмдерді  ризосфера  микроорганизмдері  деп  атайды. 
Олардың  басым  көпшілігі  тамыр  бетінде  шоғырланған.  Олар 
тамырдан  бөлінген  заттармен  қоректенеді.  Қоректік  зат  ретінде 
көбінесе  өлген  клеткалар  эпидермисі  мен  тамыр  талшықтары 
пайдаланылады.  Ризосферада  негізінен  топырақта  кездесетін 
микроорганизмдер 
болады, 
көбінесе 
онда 
спора 
түзетін 
Pseudomonas  туысы  мен  микробактериялар  кездеседі.  Бір  жағынан 
тамырдан  бөлінген  заттарды  жəне  олардың  қалдығын  ыдырата 
отырып  ризосфера  микроорганизмдері  санитарлық  роль  атқарады. 
органикалық  заттарды  минералдандыру  арқылы  олар  өсімдіктерге 

 
 
52
қажетті  элементтермен  қамтамасыз  етеді.  Кейбір  ризосфера 
микроорганизмдері  өсуді  қолдаушы  заттар  мен  витаминдерді  түзе 
отырып,  өсімдіктердің  өсуіне  қолайлы  жағдай  туғызады.  Олардың 
бірқатарының 
денитрификациялаушы 
қасиеті 
болғандықтан 
топырақ азотының шығынға ұшырауына қолайлы жағдай жасайды.  
 
Студенттердің
 өзіндік жұмысы 
1.
 
Эпифит  микроорганизмдерді  табу  үшін  5г  тұқымды 
ішінде  50  мл  залалсыздандырылған  түтік  суы  бар  колбаға  салады 
жəне  оған  бірнеше  грамм  залалсыздандырылған  құмды  қосады. 
Оны  10  минуттай  шайқайды  да  бернеше  сұйылту  дəрежесін  (10
-
2, 
10
-
3, 10
-
4, 10
-
5, 10
-6
) даярлайды. Əр сұйылтындыдан 1 мл алып ЕПА 
–  ға  себеді.  Термостатқа  қояды,  3  –  5  күннен  кейін  Петри 
аяқшасындағы 
колонияларды 
санап, 
олардың 
дəннің 
бір 
грамындағы санын есептеп шығарады.  
2.
 
Ризосфера  мзерттеу  үшін  топырақтың  бір  бүтін  кесегін 
қазып  алады.  Залалсыздандырылған  пинцетпен  өсімдік  тамырын 
оған жабысқан топырақтан əбден тазартады. Өсімдіктің тамырынан 
жас тамырдың бір бөлігін таңдап кесіп алады да 1 г өлшеп, ішінде 
99  мл  залалсыздандырылған  дистелденген  суы  бар  колбаға 
залалсыздандырылған  пинцетпен  алып  салады  да  2  минуттай 
шайқайды. Содан соң металл ілмешекпен жаңағы өсімдік тамырын 
іліп  алып,  ішінде  99  мл  залалсыздандырылған  дистелденген  суы 
бар  колбаға  салады  да  2  минуттай  тағы  да  шайқайды.  Содан  соң 
өсімдік  тамырын  №  3.  4.  5.  6.  7  ішінде  дистелденген  суы  бар 
колбаға  салып  2  минуттай  шайқап  ұстайды.  №  6  жəне  №  7 
колбадағы суы залалсыздандырудан бұрын 3 – 5 г алдын ала жақсы 
жуылған 
кварц 
құмын 
қосады. 
Құм 
тамырға 
жабысқан 
микробтарды одан  бөліп шығаруға көмектеседі.  
Ризосфералық  жəне  тамыр  айналасындағы  микробтардың 
саны 
мен 
сапасын 
тексеру 
үшін 
əрбір 
колбадан 
залалсыздандырылған  микротүтікшемен  шайынды  судан  0,05  мл 
алып,  Петри  аяқшасындағы  ЕПА  –  ға  себеді.  Температурасы  28  - 
30°С  термостатқа  қояды,  3  –  5  күннен  кейін  өсіп  шыққан 
колонияларды  санап,  сипаттап  жазады.  Олардан  жағынды  жасап 
микроскоппен қарайды. Суретін салады.  
 
 
 

 
 
53
Қажет
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
Сабаққа  қажет  материалдар  мен  құрал  –  жабдықтар:  дəннің 
орташа  үлгісі,  залалсыздандырылған  50  мл  колбалар,  металл 
қасықтар,  залалсыздандырылған  пинцеттер,  залалсыздандырылған 
құбыр  суы,  залалсыздандырылған  құм,  Петри  аяқшалары,  ЕПА, 
өсімдігі бар топырақтың тұтас бір кесегі, қайшылар, таразы, əртүрлі 
өлшегіштер,  ішінде  99  мл  залалсыздандырылған  дистелденген  суы 
бар 
250 
мл 
колбалар, 
сымнан 
жасалған 
ілмешектер, 
микротүтікшелер, есепшот, микроскоп.  
 
 
Тақырып
. Азық микрофлорасы 
 
Сабақтың
 мақсаты: Мал азығының микрофлорасын зерттеу.  
 
Бақылау
 сұрақтары 
1.
 
Өсімдікті сүрлемдеудің мəні неде? 
2.
 
Сүрлемнен жəне дрожжалған мал азығынан препаратты қалай 
даярлайды? 
3.
 
Азықтың санитарлық бағасы 
 
Сабақтың
 мазмұны 
Азық 
микрофлорасы 
температураға, 
ортаның 
ылғалдылығына  жəне  өсімдіктің  түріне  байланысты.  Ол  азықты 
дайындауда  жəне  сақтау  кезінде  өзгереді.  Өсімдікті  орғаннан  соң 
оның  қорғаныстық  қызметі  бұзылып,  микробтар  ішіне  еніп, 
қоректік  заттарды  қолданып,  ұлпаларын  бұзады.  Осы  кезде 
шіріткіш  микрофлора  қарқындап  дамып,  азықты  бұзады.  Орылған 
азықтарды кептіру немесе сүрлемдеу арқылы сақтауға болады.  
Азықта  зең  саңырауқұлақтарын,  шіріту  бактерияларын,  май 
қышқылы  бактерияларын  кездестіруге  болады.  мұндай  азық 
көбінесе,  ас  қорыту  мүшелерінің  жəне  басқа  жүйелердің  қызметін 
бұзып,  улануды  тудырады.  Зерттеу  нəтижесінде  азықтың  бұзылу 
себебін анықтап, аурудың алдын алуға болады.  
Сүрлемді  зерттеу  əдісі.  Сүрлемнің  аз  ғана  мөлшерін  фарфор 
табақшасына  салып,  үстіне  залалсыздандырылған  физиологиялық 
ерітіндіні  құйып,  жақсылап  ысады.  Осындай  массадан  жағындыны 
кептіріп,  бекітеді,  бояйды  содан  соң  микроскоппен  қарайды. 

 
 
54
Микроскопиялық  зерттеу  микроптардың  саны  мен  морфологиялық 
құрылымы жөнінде шамалы ғана түсінік береді.  
 
Студенттердің

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал