Қазақстан республикасының білім жəНЕ



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/10
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Меллер
  əдісі  бойынша  спораны  бояу.  Бацилла  спорасы 
кептіруге,  қыздыруға,  сілті  жəне  қышқылдармен  өңдеуге  өте 
төзімді,  бұл  олардың  əсіресе,  клетка  қабықшасының  ерекше 
құрылымымен  сипатталады.  Сондықтан  споралар  бояудың 
əсеріне де төзімді болып келеді. (8 - сурет) 
1.
 
Жағындыны кептіріп бекітеді.  
2.
 
Жағындыға  5%  -  ті  хорм  қышқылының  сулы  ерітіндісін 
құйып, бір минуттай ұстайды.  
3.
 
Сумен шаяды.  
4.
 
Препарат  бетіне  сүзгіш  қағаз  тілімін  салып,  оған  Циль 
фуксинін 
құяды 
да, 
спиртовкамен 
бу 
шыққанша 
қыздырады. Сол күйінде бояуды 3 – 5 минутқа қалдырады.  
5.
 
Қағазды алып 5% - ті күкірт қышқылының ерітіндісімен 10 
секундтай түссіздендіреді.  
6.
 
Сумен шаяды.  
7.
 
Қосымша 5% - ті 3 минуттай уақыт бояйды.  
8.
 
Сумен шайып кептіреді.  
Микроскоптық  бейне:  спора  –  қызыл  түске,  вегетативтік 
клеткалар – көк түске боялады.  
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
1.
 
Грамоң  жəне  грамтеріс  бактериялар  өсінділерінің  қоспасынан 
жағынды даярлау.  
2.
 
Жағындыны грам əдісі бойынша бояу.  

 
 
23
3.
 
Жануарлардың  ішкі  мүшелерінен  даярлаған  препаратты 
Михин əдісі бойынша бояу.  
4.
 
Препарат  даярлау  жəне  спора  түзетін  бактерияларды  меллер 
əдісі бойынша бояу.  
 
Қажетті
 материалдар мен құрал –жабдықтар 
Генценвиолет,  иодталған    спирт,  Пфейрфер  фуксині, 
Леффлер  көгі,  хорм  қышқылының  сулы  ерітіндісі,  күкірт 
қышқылының  ерітіндісі,  Циль  фуксині,    бактериялар  өсіндісі, 
СТИ вакцинасымен зақымдалып өлген ақ тышқандардың ішкі 
мүшелерінен 
дайындалған 
препараттар, 
спора 
түзуші 
бактериялар 
өсінділері, 
стафилакоктар 
мен 
ішек 
таяқшаларының пробиркадағы қоспасы. 
 
 
Тақырып
Аэробты микробтарды өсіру əдістері 
 
Сабақтың
 мақсаты: Бактерияларды қатты жəне сұйық  орталарда 
өсіру əдістерін меңгеру  
 
Жаттығу
 сұрақтар 
 
1.
 
Қоректік орталарды атаңыз? 
2.
 
Жасанды қоректік орталарды не үшін қолданады? 
3.
 
Қоректік орталарды даярлауға қойылатын талаптар.  
4.
 
Аэробтар дегеніміз не? 
5.
 
Қатты жəне сұйық орталарға себінді себу тəртібі.  
 
Сабақтың
 мазмұны 
Бактерияларды  өсіру  үшін  қоректік  орталар  даярланады. 
Қоректік  орталардың  құрамында  бактериялардың  өсуіне  қажет 
заттар: азот, көміртек, сутек, оттегі, фосфор, калий, күкірт, натрий, 
магний, 
темірден 
тұратын 
неорганикалық 
қосылыстар, 
микроэлементтер  болуы  керек.  Бұл    элементтердің  барлығы 
микроорганизм  оңай  сіңіретін  түрінде  болуға  тиіс.  Микроб  оттегі 
мен сутегін негізінен клеткаға келіп түсетін судан алады. 
Микроб қоректік заттарды қоректік ортаның белгілі бір рН-да 
ғана  сіңіреді.  Өйткені  микроб  клеткасының  қабырғасының 
өткізгіштігі  ортаның  рН-на  байланысты  болады.    Микроб 

 
 
24
клеткасында  қоректік  заттар  эндоферменттердің  əсерінен  өзгеріске 
ұшырайды.  Энергияның  басты  көзі  катаболиттік  реакция  болып 
табылады.  
Катобализм  –  бұл  күрделі  заттардың  қарапайым  заттарға 
ыдырауының  нəтежиесінде  АҮФ  түрінде  энергияны  бөліп  шығару 
процесі.  Оттегіне  қатысы  жөнінен  микроорганизмдер,  екі  топқа 
бөлінеді. Бірінші – аэробты микроорганизмдер, яғни тіршілігі үшін 
ауадағы 
оттегін 
пайдаланатындар 
екінші 
– 
анаэробты 
микроорганизмдер,  яғни    тіршілігі  ауадағы  оттегінің  қатысынсыз 
жүретіндер.  
Қоректік  орталарды  дайындау  үшін  жануар  тектес,  өсімдік 
тектес  өнімдерді,  органикалық  жəне  неорганикалық  қосылыстарды 
қолданады. 
Қолданылуына  байланысты  қоректік  орталар    жай  жəне 
арнайы  деп  ажыратылады.  Жай  қоректік  орталарға  ет-пептонды 
агар (ЕПА), ет-пептонды сорпа (ЕПС), ет-петонды желатина (ЕПЖ) 
жатады. 
Бұл 
қоректік 
орталарды 
 
көптеген 
патогенді 
микроорганизмдерді  өсіру  үшін  жəне  басқа  қоректік  орталарды 
дайындаудың негізі ретінде қолданады. 
Арнайы  қоректік  орталарды  элективті  жəне  диагностикалық-
дифференциалдық деп бөледі. 
Элективтік қоректік орталар микробтардың белгілі бір түрінің 
негізгі 
биохимиялық 
жəне 
энергетикалық 
қажеттіліктерін 
қаматамасыз ету  үшін жасалады. 
Диагностикалық-дифференциалдық 
қоректік 
орталар 
микробтардың  зат  алмасу  ерекшеліктерін  негізге  ала  отырып, 
зерттелетін микробтарды түрге дейін ажырату үшін жасалады. 
Қоректік орталарға бірнеше талаптар қойылады: 
1.
 
Құрамында  микробтың  қоректенуі  үшін  қажет  қоректік 
заттардың болуы. 
2.
 
Микрбтың түріне байланысты оптимальді рН болуы. 
3.
 
Жеткілікті  ылғалдылық  болуы  керек.  Өйткені  микробтар 
диффузия жəне осмос заңы негізінде қоректенеді. 
4.
 
Изотоникалық болуы керек. 
5.
 
Стерильді болуы керек. 
Микробтарды  қатты  жəне  сұйық  қоректік  орталарда  беттік 
өсіру  кезінде,  олар  оттегін  ауадан  алады.  Қоректік  орталарды 
бактериологиялық  пробиркаларға  немесе  түбі  жалпақ  ыдыстарға 
(Петри аяқшасы, Тартаковский колбасы жəне т. б.) құяды.  

 
 
25
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
Қиғаштала
 қатырылған агарға микроб егу əдісі. 
1) Ішінде таза өсіндісі бар жəне залалсыздандырылған ортасы 
бар  пробирканы  қисайта  сол  қолға  қысып  ұстайды.  Бұнда  өсіндісі 
бар пробирка жұмыс істеуші жағына қарай орналасқан болуы тиіс.  
2)  Ілмешекті  тіктеп  қалам  сияқты  оң  қолға  ұстап,  спиртовка 
шілтерінің жалынында қыздырады.  
3)  Пробиркаларды  мақта  тығынын  оң  қолдың  шынашағымен 
алақан арасына қыса суырып алып, микробты себу кезінде үстелге 
қоймай тік ұстап тұру керек.  
4) Ашық пробиркалардың аузын спиртовка жалынына шарпып 
алып,  залалсыздандырылған  ілмешекті  алдымен  микроб  бар 
пробиркаға 
сұғады. 
Бұнда 
ілмешекті 
алдымен 
пробирка 
қабырғасына  тигізіп,  аздап  суытып  алған  жөн.  Əйтпесе  ыстық 
ілмешекті тигізгенде  микробтар күйіп қалуы мүмкін.  
5)  Ілмешекпен  қармаған  микробты  пробиркаға  кіргізіп, 
иректей  қозғап  қоректік  орта  бетіне  себеді.  Мұнда  ілмешекті 
пробирка  қабырғасына  тамшы  күйінде  жиналған  суға  тигізбеу 
керек.  
6)  Пробиркалар  ауыздарын  жəне  тығындарын  спиртовка 
жалынында  шарпып  алып  жабады  да,  ілмешекті  күйдіріп 
залалсыздандырады.  
7)  Пробирка  сыртына  өсіндінің  атын  жəне  себу  мерзімін 
көрсетіп жазып қояды.  
Сұйық
  орталарға  себу.  Сұйық  қоректік  ортаға  себу 
техникасы пробиркада қиғаштай қатырылған қатты қоректік ортаға 
себуден  аса  көп  айырмашылығы  жоқ.  Тек  мұнда  ілмешектегі 
материалды  пробирка  қабырғаларына  үйкейді  де,  артынан  сол 
ілмешекпен балғап араластырады. Бұнда мына жағдайларды ескеру 
қажет.  
1)
 
Пробирка горизонталь жағдайға келгенде сұйық қоректік 
орта төгілмеуі тиіс.  
2)
 
Сұйық  пробирка  қабырғалары  мен  мақта  тығынын 
ылғалдамауы керек.  
3)
 
Бір  сұйық  ортадан  екінші  сұйық  ортаға  микробтарды 
сепкенде 
ілмешекті, 
залалсыздандырылған 
градуирленген 
түтікшені  немесе  Пастер  түтікшесін  пайдалануға  болады.  пастер 
түтікшесінің  ұшын  пинцетпен  сындырып,  спиртовка  жалынында 

 
 
26
күйдіреді,  микробты  себуге  кіріседі.  Бұнда  түтікшені  сұйыққа 
батырып, екінші шетінен ептеп сорады (түтікшенің соратын жағына 
алдын  ала  мақта  тығып  қоюды  ұмыптау  керек.)  Түтікше  ішінде 
сұйық  енгеннен  соң,  оның  ауыз    жағындағы  шетін  саусақпен 
шапшаң 
баса 
қою 
керек. 
Түтікшені 
осы 
күйінде 
таза, 
залалсыздандырылған  екінші  ыдыстағы  ортаға  құяды.  Сеуіп 
болғаннан  соң  түтікшені  дезинфекциялық  ерітіндіге  батырады. 
Пробиркаларды 1 – 2 тəулікке термостатқа (t – 37 - 38°С) қояды.  
 
Қажетті
 материалдар мен құрал–жабдықтар 
Пептон, ас тұзы, Петри аяқшасындағы агар – агар, ЕПА жəне 
ЕПС  бар  пробиркалар,  сапрофитті  микробтар  өсіндісі,  пастер 
түтікшелері, 
бактериологиялық 
ілмешек, 
шыныға 
жазатын 
қарандаштар, спиртовкалар, сіріңке.  
 
 
Тақырып
: Анаэробты микробтарды өсіру əдістері. 
 
Сабақтың
 мақсаты: Анаэробтарды өсіру əдістерін білу жəне 
топырақтан анаэробтар өсіндісін бөліп алуды 
үйрену.  
 
Бақылау
 сұрақтар 
1.
 
Анаэробтар қалай тыныс алады? 
2.
 
Анаэробиозды жағдайды туғызудың қандай тəсілдері бар? 
3.
 
Анаэробтар өсіру үшін анаэробты жағдайы бар қандай 
қоректік орталарды қолданады? 
4.
 
Китт – тароцци отасына себінді себу тəртібі.  
 
Сабақтың
 мазхмұны 
Тыныс  алу  сипатиына  байланысты  микробтар  аэробтар  жəне 
анаэробтар  деп  бөлінеді.  Аэробтар  тіршілігі  үшін  оттегі  қажет. 
Оларда тыныс алу тотығу-тотықсыздану реакциясы типімен жүреді. 
Анаэробтар керісінше оттегі жоқ жерде тіршілік етуге бейімделген. 
Молекулярлық  оттегі  оларға  токсикалық  əсер  етеді.  Анаэробтар  
тіршілігі  үшін  қажет  энергияны  қоректік  ортаның  құрамындағы 
органикалық 
жəне 
неорганикалық 
қосылыстарды 
ыдырату 
нəтижесінде алады. Анаэробтар облигатты жəне факультативті деп 
бөлінеді.  Облигатты  анаэробтар  үшін  оттегі  у  болып  саналады,  ал 

 
 
27
факультативті  анаэробтар  тіршілік  ету  ортасына  қарай  анаэробтық 
тыныс  алу  типінен  аэробтық  типке  айналады.  Оларды  шартты 
анаэробтар  деп  те  атайды.  Бұл  топқа  микроорганизмдердің  
патогенді түрлерінің көбісі жатады. 
Анаэробтарды  өсіру  үшін  қоректік  ортаның  құрамын  жəне 
оны  қоршаған  сыртқы  ортаны    молекулярлық  оттегінен  арылту 
керек,  яғни    анаэробиоз  жағдайын  жасайды.  Оның  үш  əдісі  бар: 
физикалық, химиялық жəне биологиялық. 
Анаэробтарды қореткік орталарға егу əдістері: 
а)  қант  агарынан  жасалған  пробиркада  биік  етіп  қатырылған 
ортаға анаэроб культурасын тікелей шаншып себу.  
ə) ортадан ауаны (оның ішіндегі оттегін) механикалық жолмен 
айдап  шығару.  Бұл  үшін  ауаны  сорып  алатын  арнаулы  насос 
аспапты  –  анаэростаттарды  пайдаланады.  Анаэростаттар  жоқ 
болған жағдайда эксикаторды қолданады.  
б)  ауаны  индифферментті  газбен  (мысалы,  сутегімен) 
алмастырады.  
в)  аудағы  оттегін  химиялық  тəсілмен,  мəселен  арнаулы 
пробиркадағы  пирогаллолдың    сілтілі  ерітіндісі  (10%  -  ті  сілті 
ерітіндісі мен пирогаллолдың қосылысы) арқылы сіңіріп алу.  
г)  аудағы  оттегін  биологиялық  тəсілмен  алу  үшін  жабық 
герметикалық  түтікшеде  аэробтар  мен  анаэробтар  қосып  себеді. 
Алдымен  аэробтар  өседі.  Олардың  əсерінен  аяқшадағы  оттегі 
таусылғаннан соң анаэробтар өсе бастайды.  
Анаэробтарды  өсіруге  арналған  кеңінен  таралған  бірден  –  бір 
қоректік орта Китт – Тароцци ортасы болып саналады. Бұл орта ет 
– пептонды сорпадан 0,5% глюкозадан жəне ауаны сорып алу үшін 
бауыр  кесекшелерінен  немесе  ет  фаршынан  тұрады.  Оның  бетіне 
ауа  өткізбеу  үшін  вазелин  майын  құяды.  Анаэробтарды  себу  үшін 
алдымен ортаны регенирациялайды, яғни оттегін айдап шығу үшін 
қайнатады.  
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
100° С температурада қыздырылған топырақ езіндісін шайқап 
оны  тұндырады,  ірі  кесекшелері  тұнған  кезде,  пастер  түтікшесі 
арқылы  лайланған  сұйықтықтан  алып,  залалсыздандыру  ережесін 
сақтай  отырып,  Китт  –  Тароцци  ортасы  бар  пробирканың  түбіне 
жібереді. Пробирканың сыртына жазып, оны термостатқа қояды.  
 

 
 
28
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
Топырақ езіндісі, Китт – Тароцци ортасы, пастер түтікшелері, 
спиртовкалар,  пробиркада  тіктеп  қатырылған  балқытылған  ЕПА, 
эксикатор, анаэростат.  
 
Тақырып
Микроорганизмдердің биохимиялық 
  қасиеттерін зерттеу 
 
Сабақтың
 мақсаты: Бактерияларды идентификациялауды үйрену 
 
Бақылау
 сұрақтар 
1.
 
Микробтардың морфологиялық жəне тинкторалды қасиеттері.  
2.
 
Қатты жəне сүйық қоректік оталарда өскен 
микроорганизмдердің сипаты. ЕПЖ –да  өсіру.  
3.
 
Микробтардың биохимиялық қасиеттерін қалай анықтайды? 
 
Сабақтың
 мазмұны 
Микробтардың 
тіршілігінде 
ферменттер 
үлкен 
роль 
атқарады. Олар микроорганизмдердің қоректену, тыныс алу, көбею 
кезіндегі  жүретін  биохимиялық  реакциялардың  міндетті  түрдегі 
өкілдері 
болып 
табылады. 
Цитоплазмалық 
құрылыммен 
байланысына жəне түзілген жеріне байланысты ферменттер  клетка 
ішілік жəне клеткадан тыс деп бөлінеді. Микроорганизмнің əр түрі 
өздеріне тəн тұрақты ферменттер түзеді жəне олардың кейбіреулері 
белоктар  мен  көмірсуларды  ыдыратса,  екіншілері  тотығу-
тотықсыздануға қатысады. 
Бактериялардың    ферментативтік  жүйесінің  тұрақтылығы 
олардың 
биохимиялық 
қасиеттерін 
 
микроорганизмдерді 
идентификациялау  кезінде  морфологиялық,  культуральдық  жəне 
басқа тұрақты қасиеттерімен қоса қолдануға мүмкіншілік береді. 
Микробтардың  биохимиялық  қасиеттерін  анықтау  үшін 
оларды 
арнайы 
диагностикалық-дифференциалдық 
қоректік 
орталаларға егеді. 
Микроорганизмдердің  биохимиялық  қасиеттерін  зерттеу 
кезінде мынандай қасиеттері анықталады: 
- қанттың (көмірсудың) ашу барысында қышқыл мен газ түзу 
қабілеттілігі; 
- протеолитикалық белсенділігі (ақ затты ыдыратуы) 
-  бояғыш заттардың реакциясы (қалпына келуі) 

 
 
29
-  гемолитикалық белсенділігі (активтілігі) 
-  уреазалық белсенділігін анықтайды.  
Андрэдэ 
жəне 
Эндо 
орталарында 
қантты 
ыдырату 
белсенділігін, сүт қосылған ЕПА – да протеатикалық белсенділігін, 
эритроциті бар ЕПА – да гемолитикалық белсенділігін көрсету.  
Метилен көгі бар ЕПС – да бояулардың реакциясы. ЕПС – да 
күкіртті  сутегінің  бөлінуі  –  күкіртті  сутегі  сірке  қышқылды  – 
қорғасын ерітіндісінде ылғалданған қағазбен анықталады.  
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
1.
 
Ауа  микрофлорасын  бөліп  алу  əдісі  арқылы  колониялардан 
жекеленіп алынған ЕПА – да өсіп шыққан микробтардың таза 
өсіндісін көру. Өсіп шыққан колонияларды анықтау, өсіндіден 
препарат жасап көру.  
2.
 
Өсіп  шыққан  таза  өсіндінің  биохимиялық  белсенділігін 
зерттеу: 
протеолитикалық 
белсенділікті 
анықтау 
үшін 
микробтарды  сүті  бар  ЕПА  –  себу.  Қант  ыдыратушы 
белсенділікті  анықтау  үшін  құрамында  лактоза.  Сахароза, 
глюкоза жəне манниті бар Гисс ортасына себу.  
3.
 
Биохимиялық  белсенділіктің  нəтежиесін  есепке  алу  келесі 
сабаққа жүргізіледі.  
Студенттер құрамында сүті бар ЕПА – да өскен микробтарды 
өз  беттерінше  қарайды,  ортаның  мөлдірленуін  (белоктардың 
ыдырауын) бақылайды. Протеолиз аймағын өлшейді.  
Қанттың  ыдырауын  Гисс  ортасында.  Оның  түсінің  өзгеруі 
арқылы  есепке  алады.  Пробиркаға  қосылған  көк  түсті  индикатор 
қант  ыдырағанда  (қышқыл  түзілгенде)  сары  түске  ауысады.  Қант 
ыдырағанда  газдың  түзілуін  Гисс  ортасында  орналастырылған 
түтікше  қалтқының  қалып  шығуымен  анықтайды.  Бактериялардың 
қантты ыдырату белсенділігінің нəтежиесін дəптерге жазып қояды.  
4.
 
Ақырында бөлініп алынған таза өсіндіге толық сипаттама 
беріледі.  
а)  морфологиялық  (препараттарды  қарай),  бояу,  қозғалысын 
бақылау.  
ə) культуралдық қасиет (ЕПА – ғы колониялар сипаты) 
б)  биохимиялық  белсенділік  қантты  ыдыратушылық  қасиет, 
протеолитикалық қасиет, пигмент түзу.  
 
 

 
 
30
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
Студенттер  өздері  бөліп  алған  бактериялардың  таза 
өсінділері,    Андрэдэ  жəне    Гисс  орталары,  күкіртті  сутегін  жəне 
индолды  анықтауға  қажет  тиісті  жолмен  өнделген  сүзгіш  қағаздар 
тілімі  жəне  көгі  бар  сорпа  (ЕПС),  ілмешектер,  спиртовкалар, 
бояулар, микроскоптар, самырсын майы.  
 
 
Тақырып
Ауа микрофлорасы 
 
Сабақтың
 мақсаты: Кох əдісі (тұну, шөгу) бойынша ауадағы 
бактериялардың жалпы санын анықтауды игеру.  
 
Бақылау
 сұрақтар 
1.
 
Ауаның микроорганизмдермен ластану көздері  
2.
 
Ауа микрофлорасын анықтау əдістері (бактеиялардың жалпы 
саны жəне патогенді микробтардың болуы) 
3.
 
Ауа микрофлорасының мəні не? 
 
Сабақтың
 мазмұны 
Ауа микроорганизмдер өсіп – өнуі үшін қолайсыз орта болып 
есептеледі.  Онда  қоректік  заттар  жəне  қажетті  мөлшерде  ылғал 
жоқ.  Микроорганизмдер  ауаға  топырақтан  ұшқан  шаң  – 
тозаңдармен  түрлі  өсімдіктерден,  жануарлар  мен  адамдардан 
тарайды.  Жел  көтерген  шаң  –  тозаңмен  дем  алғанда,  жөтелгенде 
бөлінетін  ылғалдың  тамшылары  микробтарды  өзімен  бірге  ауаға 
көтереді.  Ауа  микрофлорасының  сандық  жəне  сапалық  құрамы  əр 
түрлі  факторларға  байланысты  болады:  климаттық  жағдай,  жыл 
мезгілі жəне т. б. 
Ауа  негізінен  кебу  мен  ультракүлгін  сəулелерінің  əсеріне 
қарсы төзімді əр түрлі микрококтар,сарциналар, бактерия спорасы, 
саңырауқұлақтар,  дрожжылар  кездеседі.  Олардың  арасында 
патогенді  (зардапты)  микроорганизмдер,  мысалы,  тубезкулез 
таяқшасы,  зардапты  стрептококтар,  вирустар  жəне  тағы  басқалары 
кездесуі мүмкін.  
Ауаның  ластануын  бактериологиялық  жолмен  зерттеуде 
оның  белгілі  бір  көлеміндегі  микробтардың  жалпы  санын  жəне 
микрофлорасын 
сапалық 
құрамын 
есептейді. 
Ауаның 
микробиологиялық  зерттеудің  бірнеше  тəсілдері  бар,  бірақ 

 
 
31
солардың 
ішінде 
ең 
қарапайым 
Кох 
əдісі, 
яғни 
шөгу 
(медиментациялық) əдісі.  
Кох  боынша  микробтарды  тұндыру  əдісі.  Ішінде  ЕПА  бар 
Петри аяқшасын мал қораларында (немесе басқа жерлерде) 20 – 30 
минут  ашып  қояды.  Содан  соң  қақпағын  жауып,  37°  С 
температурада термостатта 1 – 2 тəулікке қалдырады.  
Өсіп 
шыққан 
колониялардың 
санына 
қарай 
ауаның 
микроорганизмдермен ластану дəрежесін бағдарлайды.  
Əрине  Кохтың  тұндыру  əдісі  жетілген  тəсіл  деп  айту  қиын, 
өйткені  ондағы  қолданылатын  орта  көптеген  микроорганизмдерді 
(мəселен,  туберкулез  қоздырғыштары  құрамында  жұмыртқа, 
глицерин,  картоп  сияқты  заттары  бар  тек  арнайы  қоректік 
орталарда 
өседі) 
анықтауға 
жарамсыз. 
Бұлəдіс 
ауадағы 
микробтардың  санын  тек  бір  көлемде  ғана  анықтауға  мүмкіндік 
береді.  
Мəселен, Омелянский дерегіне қарағанда ауданы 100 шаршы 
см (см
2
) тең орта бетіне 5 минут аралығында өсетін микробтар саны 
шамамен ауаның 10 м
3
 микробтар санына тең болады.  
Бірақ  аяқшалардың  ашық  тұру  уақыты  мен  олардың 
аудандары  тең  болғанда,  өгу  əдісі  зерттелетін  бөлмедегі  ауаның 
микробтармен  ластануы  жөнінен  шамамен  дұрыс  мағлұмат  алуға 
көмектесед.  Аудағы  микробтар  санын  біршама  дəл  анықтау  үшін 
Кротов аппаратын қолдану керек.  
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
Ішінде  ЕПА  бар  Петри  аяқшаларын  ауа  микрофлорасын 
зерттейтін  объектілерде  қақпағын  ашып  əр  түрлі  уақыт  арлығына 
қояды.  Содан  соң  осы  уақыт  аралығында  агардың  бетіне  шөккен 
микробтарды  өсіру  үшін  37
0
С  термостатқа  24-48  сағатқа  қояды. 
Нəтижесінде  өсіп  шыққан  колониялардың  санын  жəне  олардың 
сапасын анықтайды. 
 
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
Ішінде  ЕПА–ы  бар  Петри  аяқшалары,  бояушы  ерітінділер, 
спиртовкалар, 
бактериологиялық 
ілмешектер, 
микроскоптар, 
Лафардың санағыш камерасы. 
 
 
 

 
 
32
Тақырып
Микроорганизмдердің таза 
 өсіндісін бөліп алу əдістері. 
 
Сабақтың
 мақсаты: Колониялардан бөлу əдісімен таза өсіндіні 
алуды игеру.  
 
Бақылау
 сұрақтары 
 
1.
 
Микробтар «өсіндісі» дегеніміз не? 
2.
 
«Таза өсінді» дегенімізне? 
3.
 
Таза өсіндіні бөліп алудағы мақсат.  
4.
 
Таза өсіндіні бөлін алудың қандай əдістері бар? 
 
Сабақтың
 мазмұны 
Таза  өсінді  дегеніміз    микробтың  жеке  колониясынан  бөлініп 
алынған  микроорагинзмдердің  бір  түрі.  Колония    деп  микробтың 
бір  түрінің  көбеюінің  нəтижесінде  алынған  микроорганизмдер    
жиынтығы. 
Таза  өсінді  бөлу  кез  келген  бактериологиялық  зерттеудің 
міндетті  түрдегі  этапына  жатады.  Таза  өсінді  зерттелетін 
микробтың 
морфологиялық, 
культуральдық, 
биохимиялық, 
биохимиялық жəне антигендік қасиеттерін анықтау үшін қажет. 
Аралас микрофлорадан таза өсінді бөліп алудың тəсілдері өте 
көп.    Соның  ішінде  көп  тарлағаны    зерттелетін  материалдан 
қоректік ортаның бетінде оқшауланған колониялар алу мақсатында 
микроорганизмдерді механикалық əдіспен бөлу əдісі. 
Сонымен  қатар  бөліп  алатын  микроорганизмдердің  өсуін 
стимулдайтын элективті қоректік орталар қолданылады. 
Микробтардың  кейбір  түрлері  сыртқы  ортаның    белгілі  бір 
факторлардың 
əсеріне 
жоғары 
сезімталдық 
танытады. 
Микробтардың осы қасиеттерін таза өсінді бөліп алу кезінде аралас 
микрофлораның кейбір өкілдерін жою үшін қолданады. Бұл əдіспен 
көбінесе 
жоғарғы 
температураға 
төзімді 
спора 
түзуші 
бактерияларды бөліп алады. 
Патогенді  микробтардың  таза  өсіндісін    басқа  микробтармен 
ластанған  патололгиялық  зағадаттан  бөліп  алу  үшін  кейде  сол 
микробқа бейім зертханалық жануарларды зақымдайды. 
Кохтың  ең  танымал  əдісінің  бірі,  бұл  таза  өсінді  мен 
жекелеген  колонияларды  бөліп  алумен  сипатталады.  Таза  өсіндіні 

 
 
33
бөліп  алу  үшін,  ауаны  микробиологиялық  зерттеу  кезінде  алынған 
микроорганизмдердің жекелеген колонияларын қолданады.  
1.
 
Қоректік  ортада  микробтарды  механиалық  жолмен  
айыру принциптеріне негізделген. Бұған мыналар жатады.  
1.1.
 
Сериялап (пластинкалы) сұйылту əдісі 
1.2.
 
Үш пластинкалы сұйылту əдісі 
1.3.
 
Дригальский  (Петри  аяқшасына  фракциялап  себу) 
əдісі 
1.4.
 
Линднер  əдісі  –  бір  тамшы  бір  клетка  болатындай 
жолмен алу.  
1.5.
 
Перфильев – Габенің микроселекция əдісі 
2.
 
Толық  оңашаланған  жағдайда  микробтар  қауымынан 
бізге  қажетті  микробтар  өсуіне  айрықша  қолайлы  жағдай  туғызуға 
көмектесетін  биологиялық  принципке  сүйену.  Бұған  мыналар 
жатады.  
2.1.
 
Элективті қоректік орталарға себу əдісі 
2.2.
 
Шукевич əдісі 
2.3.
 
Жоғары 
температурада 
өсіру 
(бактериялар, 
спорасына арналған) əдісі 
2.4.
 
Химиялық 
заттарды 
қолдану 
(туберкулез  
бактерияларына арналған Аликаев əдісі) 
2.5.
 
Зертханалық жануарларды зақымдау əдісі 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал