Қазақстан республикасының білім жəНЕ



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/10
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қажетті
  материалдар мен құрал – жабдықтар 
Биологиялық  микроскоптар,  самырсын  майы,  əр  түрлі 
бактериялардан даярланып боялған препараттар. 
 
 
Тақырып
Бактериялар морфологиясы 
 
Сабақтың
 мақсаты: 1. Бактериялардың негізгі  пішіндерімен 
танысу.  
                                      2.   Морфологиялық белгілеріне қарай  
                                           бактерияларды      
                                           ажырату  
 
Бақылау
 сұрақтары 
1.
 
Бактерия дегеніміз не? 
2.
 
Бактерия  клеткасының  тұрақты  жəне  тұрақсыз  мүшелерін 
атаңыз. 

 
 
13
3.
 
Сыртқы  пішініне  байланысты  бактериялар  неше  топқа 
бөлінеді? 
4.
 
Боялған  препараттан  бактериялардың  негізгі  пішіндерін 
зерттеу.  
 
Сабақтың
 мазмұны 
 
Бакетриялар пішінінен қарай кок, таяқша жəне ирек тəрізділер 
болып бөлінеді. 
Коккалар
  (гр.  Kokkos  -  дəн)  -  дөңгелек  пішінді.  Олар 
бөлінгеннен  кейінгі  клетка  орналасуына  байланысты  өз  ішінде 
топқа  бөлінеді.  Микрококтар  -  Micrococcus  –  коктар  бір 
жазықтықта  бөлінеді  жəне  бөлінгеннен  соң  клеткалар  шашырап 
орналасады.    Диплококтар  –  Diplococcus  (гр.  Diplos  -  екі  жақты)  – 
бір  жазықтықта  бөлінетін  коктар  жəне  бөлінген  соң  олардың 
клеткасы  жұптап  орналасады.  Стрептококтар  -  Streptococcus  (гр. 
Streptos  -  тізбек)  –  бір  жазықтықта  бөлінген  соң,  клетка  арасында 
байланыс  қалады  жəне  тізбек  тəрізді  орналасады.  Тетракоктар  
Tetracoccus  (гр.  Tetra-төрт)  –  перпендикулярлы  екі  жазықтықта 
бөлінген  соң  тетрада  түзеді,  яғни  төрттен  орналасады.  Сарцина  – 
Sarcina (лат. Sarcio-біріктіремін) – 3 перпендикулярлы жазықтықта 
бөлініп болған соң 8, 16, 32, 64 клеткадан пакет тəрізді орналасады. 
Стафилококтар  -  Staphylococcus  (гр.  Staphyle  -  жүзім  шоғыры)  – 
реттсіз  бағыттарда  бөлінгеннен  кейін  клеткалар  жүзім  шоғыры 
тəрізді орналасады.  
Таяқшалар
.  Бактерияның  цилиндрлі  түрі  (гр.  Bacteria  
бактерия,  лат.  Bacillum  -  таяқша)  көпшілік  бактерияларға  тəн. 
Таяқша тəрізді бактериялар эндоспора түзетін (Bacillus, Clostridium
жəне  түзбейтін  (Pseudomonas,  Xanthomonas,  Chromobacterium
болып  бөлінеді.  Таяқша  тəрізді  бактериялар  ұзындығы,  көлденең 
диаметрі  бойынша  жəне  орналасу  қасиетіне  байланысты  бөлінеді. 
Ұзын  таяқшалар  (3  мм  артық),  мыс,  Bacillus  megaterium  -  шірік 
бактериясы, Clostridium botulinum - ботулизм қоздырғышы, C.tetani 
қоздырғышы,  қысқалары  -  1  мкм  (ішек  бактерияларының  тобы) 
жəне  өте  қысқалар  (1  мкм-ден  қысқа),  ұзындығы  клетка  диаметрін 
сəл  жоғарлатады,  сондықтан  коккобактериялар  деп  аталады 
(Yersinia  pestis  -  оба  қоздырғышы,  Brucella  abortus  -  бруцеллез 
қоздырғышы,  Francisella  tularensis  -  туляремия  оқздырғышы). 
Көлденең  диаметрі  бойынша  олар  жіңішке  (Mycobacterium 
tuberculosis  -  туберкулез  қоздырғышы,  M.lepra  қоздырғышы  жəне 

 
 
14
қалың (Bacterium subtilis - таяқша, Escherichia coli - ішек таяқшасы, 
Clostridium  perfringens  -  газды  гангрена  қоздырғышы)  болады. 
Таяқшаның  ұшы  домалақ,  дизентерия,  оба),  шеті  кесілген  (сібір 
жарасының  қоздырғышы),  ұшты  (Cytophaga),  қалың  (дифтерия 
қоздырғышы)  болып  бөлінеді.  Таяқшалар  бір-біріне  ұқсас  болып 
келеді  (Serratia  marcescens  -  тамаша  таяқша),  2  клеткадан 
(диплобактерия  немесе  диплобациллдар,  мысалы,  Pseudomonas), 
тізбекті  (стрептобактериялар  немесе  стрептобациллдар,  мысалы, 
Bacillus  mycoides  -  типтік  топырақ  бактериясы,  B.anthracis  -  сібір 
жарасының  қоздырушысы).  Кейбір  таяқшалар  бір-біріне  бұрыш 
астында 
орналасады, 
Χ
 
ұқсас 
денелер 
түзеді, 
мыс, 
артробактериялар, 
коринебактерилар, 
нокардибактериялар, 
микобактериялар.  
Бактерияның
  спиральді  түрі  клетканың  мөлшері  жəне  ирек 
сандары, 
ұзындығы, 
қалыңдығы 
бойынша 
ерекшеленеді. 
Вибриондар (лат. Vibrare - тербелу, дірілдеу) иілген таяқша немесе 
үтір тəрізді, мысалы, Vibrio cholerae - холера қоздырғышы.  
Спириллалар  (лат.  Spiro  -  иіліс)  спиральді  иілген  клеткалар, 
көлденең  диаметрі  үлкен  жəне  ұзын  иірілімдерінің  саны  аз, 
мысалы,  Spirillum  volutans  -  сапрофитті  бактериялар,  S.minus  
патогенді спирилла.  
Спирохеталар  (лат.  Spira  -  иіліс,  гр.  Chaite  -  жал)  жіңішке, 
спиральді 
иілген 
клеткалар. 
Олар 
сыртқы 
қабықтан, 
протоплазматикалық  цилиндрден  жəне  аксиальді  жіптен  тұрады. 
Аксиальді  жіптер  протоплазматикалық  цилиндрді  орап,  клетка 
ішілік 
құрылымды 
құрайды 
(периплазматикалық 
кеңістікте 
орналасқан). 
Спирохетаның 
аксиальді 
жіптері 
бактерия 
талшықтарының  аналогы  болып  табылады.  Спирохетаға  мысал 
болатын  Spirochaeta  plicatilis  –  тұщы,  теңіз  суларының  қарапайым 
мекендеушісі.  Treponema  pallidum  –  сифилис  (мерез)  қоздырғышы, 
T.macrodentium - тіс спирохетасы (тіс жегісі кезіндегі ауыз қуысын 
мекендеуші).  
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
 
Таяқша,  кок  жəне  ирек  тəрізді  бактериялардан  жасалынған 
дайын 
препараттарды 
микроскоп 
арқылы 
қарап, 
олардың 
морфологиясымен танысып, жұмыс дəптерлеріне суретін салу. 
 
 

 
 
15
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
Микроскоптар,  шар  тəрізді,  таяқша  тəрізді  жəне  ирек  тəрізді 
бак териялар препараттары, самырсын майы.  
 
 
Сабақтың
 тақырыбы: Саңырауқұлақтар морфологиясы. Зең 
саңырауқұлақтары жəне дрожжылар 
 
 
Сабақтың
 мақсаты: Кейбір зең саңырауқұлақтардың (мукор,   
                                          аспергилла, 
пеницилла) 
жəне 
дрожжылардың                        
                                          морфологиясымен танысып, суретін салу           
                                           
 
Бақылау
 сұрақтары 
1.
 
Зең  саңырауқұлақтарының  морфологиясының  жəне  көбею 
ерекшеліктері 
2.
 
Дрожжылардың морфологиясының жəне көбею ерекшеліктері 
3.
 
Зең саңырауқұлақтары мен дрожжылардың өндірістік маңызы 
4.
 
Зең саңырауқұлақтары мен дрожжылардың зиянды жақтары 
 
Сабақтың
 мазмұны 
 
Саңырауқұлақтар  дегеніміз  əртүрлі  субстарттардың  бетінде 
өсетін 
хлорофилсіз 
микроорганизмдер. 
Саңырауқұлақтар 
клеткасының  жеке  ядросы  бар  ,  сондықтан  оларды  эукариоттарға 
жатқызады. Зең саңырауқұлақтары қоректік ортаға талғампаз емес, 
бірақ олардың көбісінің өсуіне оттегі қажет. Төменгі температураға 
төзімді, 
тоңазытқыш 
камераларында 
да 
өсе 
береді. 
Саңырауқұлақтар  арасында  сапрофиттермен  қатар  паразиттер  де 
кездеседі.  Олардың  көбісінің  өндірістік  маңызы  зор,  яғни 
органикалық  қышқылдар,  ферменттер,  антибиотиктер,  витаминдер 
жəне  ірімшіктің  кейбір  түрлерін  өндіруде  қолданады.  Ал 
кейбіреулері  тағамдық  өнімдердің  жəне  өндірістік  тауарлардың 
ақауларына  əкеліп  соқтырса,  енді  біреулері  өсімдіктердің, 
жануарлардың, адамдардың ауруларын тудырады. 
 
Көптеген  саңырауқұлақтардың  денелері  өзара  шиеленіскен 
жіңішке  бұтақталған  жіпшелерден  тұрады.  Жіпшелер  гифтер,  ал 
олардың  шиеленісуінен  пайда  болған  саңырауқұлақ  денесін 
мицелий деп атайды. 

 
 
16
        Саңырауқұлақтар  бір  клеткалы  жəне  көп  клеткалы  болып 
бөлінеді. Бір клеткалы саңырауқұлақтардың бұтақталған мицелийлі 
бір  ғана  клеткадан  тұрады,  ал  көп  клеткалы  саңырауқұлақтардың 
гифінде  аралық  перделер  болады.  Олар  бірнеше  жолмен  көбейеді. 
Көпшілігінде  көбеюге  қажетті  арнаулы  мүшелер  бар.  Негізінен 
саңырауқұлақтар  споралар  арқылы  көбейеді.  Саңырауқұлақтарда 
спора  түзілу  жынысты  жəне  жыныссыз  жолдармен  жүреді. 
Жыныссыз  жолмен  көбейгенде  спора  ерекше  гифтердің  ұшында, 
яғни 
конидий 
тасымалдаушылар 
мен 
спорангий 
тасымалдаушыларда пайда болады.  
        Көбею қабілетіне байланысты саңырауқұлақтар жетілген жəне 
жетілмеген  болып  бөлінеді.  Жетілген  саңырауқұлақтар  жынысты 
да, 
жыныссыз 
да 
жолмен 
көбейе 
алады. 
Жетілмеген 
саңырауқұлақтар жынысты жолмен көбеюге қабілетсіз болады. 
Дрожжылар 
  бір  клеткалы,    қозғалмайтын  организмдер. 
Клеткаларды  дөңгелек,  сопақша  жəне  элипс  формалы.  Cырты 
қабықпен  қапталған.  Олар  протоплазмадан  тұрады    жəне 
микроскоппен  анық  көрінетін  ядросы  бар.  Клеткалары  əр  түрлі 
қосындылардан тұрады. Май тамшылыры, волютин жарықты күшті 
сындырады. Сонымен бірге гликоген, белокты заттар, ұсақ жылтыр 
дəн  түйршіктері  түрінде  жəне  клетка  шырынына  толы  вакуольдер 
кездеседі.  Дрожжылар  табиғатта  кең  тараған:  топырақта,  піскен 
жемісте 
жəне 
өсімдіктердің 
жапырақтарында. 
Көптеген 
дрожжылардың  шаруашылықта  жəне  өндірістерде  маңызы  зор.  Ал 
бір  жағынан  олар  тағамдардың  бұзылуына  əкеліп  соқтырады. 
Дрожжылардың  техникалық  маңызы  олардың  қантты  этил  спирті 
мен көмір қышқыл газына ыдырату қабілетіне байланысты. 
Дрожжылардың  маңыздылығы  олардың  құрамында  белок 
жəне кейбір витаминдердің мол болуында. 
Дрожжылар көбіне жыныссыз жолмен көбейеді. Бұл процестің 
нəтижесінде  сыртқы  бетінің  кейбір  жері  ісінеді  де,  бүршіктердің 
пайда  болуына  əсер  етеді.  Бүршіктің  өсу  деңгейіне  байланысты 
аналық клеткамен қосылған жерінде  қалқа түзіледі де, бірте  бірте 
жуандап,  жас  клетка  аналык  клеткадан  бөлініп  шығады. 
Дрожжылардың  бүршіктену  процесі,  көбінде  анаэробты  жағдайда 
жəне  жеткілікті  мөлшерде  қоректік  заттар  қоры  болған  кезде 
жүреді.  Қоректік  заттар  мөлшері  азайғанда  жəне    О
2
    жеткілікті 
кезінде  дрожжылардың  жынысты  көбейуі  басталады.    Жыныстық 
көбею  кезінде  екі  клетка  қосылып  кетеді.  Жаңадан  түзілген 

 
 
17
зиготадан клетка дамиды да,  олардан көбінде                спора пайда 
болады.  Дрожжылардың  арасында  спора  түзбейтін  түрлері  де 
кездеседі.    Сондықтан  дрожжылар    спора  түзетін  жəне  спора 
түзбейтін  болып  екіге  бөлінеді.  Дрожжылар  моносахаридтерді 
(глюкозаны,  фруктозаны)  жəне  дисахаридтерді  (сахарозаны, 
мальтозаны) 
ашытады, 
азоттың 
көзі 
ретінде 
пептондар, 
аминқышқылдар жəне аммонийлі тұздарды пайдаланады. 
 
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
Дрожжы  жəне  зең  саңырауқұлақтар  өсінділерінің  жаншылған 
тамшысынан  даярланған  боялмаған  препараттарды  микроскоптың 
аздап күңгірттенген  аясында микроскоптау. Дрожжы клеткасының 
жəне зең саңырауқұлақтары құрылысының суретін салу.  
 
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
Микроскоптар, 
дрожжылар 
мен 
саңырауқұлақтар 
өсінділерінен 
даярланған 
препараттар 
(жапқыш 
əйнекпен 
жаншылған), саңырауқұлақ жəне дрожжылар культуралары. 
 
 
Тақырып
. Актиномициттердің  морфологиясы 
 
Сабақтың
 мақсаты: Актиномициттер морфологиясын 
микроскоптау 
                                     арқылы зерттеп, жұмыс дəптерлеріне суретін 
салу  
                            
Бақылау
 сұрақтары 
1.
 
Актиномицеттердің құрылысы, көбеюі жəне ерекшелігі.  
2.
 
Актиномицеттердің өндірістік маңызы 
3.
 
Актиномицеттердің зиянды жақтары  
 
Сабақтың
 мазмұны 
Актиномицеттердің  аталуы  латын  сөздерінің  (Actis  –  сəуле, 
myces – саңырауқұлақ) негізінде шыққан. 
Актиномицеттердің  негізгі  тіршілік  ортасы  –  топырақ.  Олар 
гетеротрофтар, 
яғни 
дайын 
органикалық 
қосылыстармен 
қоректенеді,  соның  нəтижесінде  олар  табиғаттағы  зат  алмасу 
процесіне  қатынасады.  Актиномицеттердің  басым  көпшілігі 

 
 
18
сапрофиттер, 
бірақ 
адамдар 
мен 
жануарлар 
организмінде 
актиномикоз ауруын туғызатын өкілдері кездеседі.  Олар тағамдық 
өнімдерде де кездесіп олардың бұзылуына əкеліп соқтырады.  
Актиномицеттердің 
денесі 
саңырауқұлақтарға 
ұқсас, 
тармақталған  жіпшелерден  –  мицелийлерден  тұрады.  Кейбір 
актиномицеттердің мицелийлері бөлінген кезде таяқша тəрізді жəне 
сферикалық бактерияларға ұқсас клеткаларға бөлінеді. 
Актиномицеттер  грам  оң,  клеткалары  қозғалмайды,    көбі 
түсіне  байланысты  əр  түрлі  пигменттер  түзеді  жəне  спорамен 
немесе  жай  бөліну  арқылы  көбейеді.  Кейбір  актиномицеттердің 
мицелийлерінің ұшында бірнеше спорасы бар спороносецтер пайда 
болады. 
Топырақта  тіршілік  ететін  актиномицеттердің  көпшілігі 
клеткаларының 
пішіні 
мен 
түстеріне, 
спороносецтерінің 
құрылысына  жəне  антибиотиктерді  түзуіне  байланысты  бірнеше 
топқа бөлінде. 
Жоғарғы  сатылы  актиномицеттердің  көбісінің  антибиотик 
продуценті ретінде маңызы зор. 
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
Актиномициттер 
культурасынан 
жасалған, 
боялған 
«жаншылған  тамшы»  даяр  препаратты  микроскоппен  қарау.  Ол 
үшін  препаратты  90х  объективпен  аз  ғана  күңгірттенген  фонда 
қарайды. Препараттың суретін салады. 
  
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
Микроскоптар,  заттық  шыны,  жапқыш  əйнек,  Пастер  түтігі, 
актиномицеттің сұйық культурасы 
 
Тақырып
Бактериялар өсінділерінен препарат даярлау, жай бояу 
əдісі. 
 
Сабақтың
 мақсаты: Қатты сұйық ортада өсірілген бактериялар 
өсінділерінен препарат даярлауды үйрену.  
 
Бақылау
 сұрақтары 
1.
 
Қатты  жəне  сұйық  орталарда  өсірілген  бактериялар 
өсінділерінен препараттарды қалай даярлайды? 

 
 
19
2.
 
Тірі  бактериялардан  препарат  қалай  даярланады  жəне 
қандай мақсатта бактерияларды тірі күйінде зерттейді? 
3.
 
Бактерияларды жай əдіспен бояу дегеніміз не жəне қандай 
мақсатта бактерияларды жай əдіспен бояйды? 
 
Сабақтың
 мақсаты 
Микроорганизмдерді  микроскопиялық  зерттеу  үшін  олардан 
тірі    жəне  өлтірілген  күйінде,  боялған  жəне  боялмаған  əр  түрлі 
препараттар даялайды.  
Тірі  күйінде  препарат  жасау  олардың  формасы  мен 
қозғалысын  анықтауға  мүмкіншілік  береді.  Тірі  микробтардан 
препарат  жасау  үшін  «жаншылған  тамшы»  жəне  «ілінген  тамшы» 
əдістерін қолданады. 
«Жаншылған  тамшы»  препаратын  даярлау  үшін  заттық 
əйнектің  ортасына  ілмешекпепен  сұйық  ортада  өсірілген  өсіндінің 
бір  тамшысын  тамызып,  оны  жапқыш  шынымен  жаншып, 
самырсын  майының  бір  тамшысын  жабынды    əйнектің  үстіне 
тамызады,  аздап  күңгірттенген  көз  аясында  микроскоптайды. 
Микробтарды тірі күйінде зерттегенде құрғақ жүйені де қолданады.  
Өлтірілген  микробтардан  жасалынған  препараттарды  бояу 
арқылы  олардың  морофлогиясын  жəне  орналасуын  зерттейді.  Жай 
бояу  əдісімен  тек  қана  микробтың  морфологиясын  көре  алсақ, 
күрделі  бояу  арқылы  микроб  клеткасының  кейбір  структуралық 
элементтерін  (капсула,  спора,  денешіктер)  көру  мүмкіншілігі 
туады. 
Бактериялардан  препарат  жасау  негзгі    төрт  этаптан  тұрады: 
жағынды дайындау, кептіру, бекіту жəне бояу. 
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
Жағынды
  даярлау.  Алдын  ала  майдан  тазартылған  заттық 
əйнекке  ілмекпен  бір  тамшы  физиологиялық  ерітіндіні  тамызып, 
содан  соң  оған  пробиркадағы  қатты  қоректік  ортада  өсірілген 
бактерия  өсіндісінен  осы  ілмешекпен  алып  салады.  Материалды 
ерітіндіде  жақсылап  езіп,  оны  заттық  əйнек  ауданының  1  –  2 
шаршы  сантиметр  бетіне  жұқалап  жаяды.  Сонда  жағынды 
даярланғаннан кейін азғана уақытта кебеді.  
Егер  де  препарат  сұйық  қоректік  ортада  даярланатын  болса, 
онда ілмешекпен өсіндіден бір тамшы алады да, құрғақ таза заттық 
əйнек ортасына тамызып, бірқалыпты етіп жұқалап жағады.  

 
 
20
Препаратты  даярлап  болған  соң  ілмешекті  спиртовка 
жалынында күйдіреді.  
Кептіру
. Жағындыны бөлме температурасында ауалы жерде 
кептіреді.  
Бекіту
.  Даяр  болған  препаратты  1.  Бактерияларды  əйнекке 
жабыстыру, 
2. 
Зарарсыздандыру 
жəне 
3. 
Бояуды 
қабылдағыштығынарттыру үшін спиртовка жалынында кем дегенде 
3 – 6 рет шарпып алады. Олардың арасы кем дегенде 5 – 6 секунд 
болу  керек,  микроб  клеткасында  тұрпайы  өзгеріс  болмауы  үшін 
жағындыңы қатты қыздырып жіберуге болмайды.  
Бояу
.  Микробтарды  бояу  əдістерін  жай,  күрделі  немесе 
дифференциалды деп ажыратады.  
Бояудың жай əдісі бактериялардың жалпы морфологиясымен 
тез  жəне  біршама  жақсы  танысуға  мүмкіндік  береді.  Жай  əдіспен 
боялғанда  тек  бір  ғана  бояу  –  көбінесе  қызыл  –  фуксин  немесе 
көгашметилен 
көгі 
қолданылады. 
Жағындыны 
Пфейфер 
фуксинімен 1 – 2 минуттай мерзімде ғана, ал Леффлер көгімен 3 – 5 
минут  аралығында  бояйды.  Бояу  мерзімі  өткеннен  соң  оны 
препараттан  төгіп,  сумен  шаяды,  ауалы  жерде  кептіреді,  сумен 
шаяды,  ауалы  жерде  кептіреді,  судың  қалдығын  сүзгіш  қағазбен 
абйлап  сорғытып  алады.  Боялған  жағынды  əбден  құрғаған  болуы  
керек. Олай бомаса жағындығы тамызылған самырсын майымен ол 
қосылып  эмульсия  түзеді  де,  микроскоптау  процесінде  кеселін 
тигізеді.  Даяр  болған  препаратқа  самырсын  майын  тамызып,  оны 
90х объективпен микроскоптайды.  
 
Сабаққа
 қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар  
Қатты  жəне  сұйық  қоректік  орталарда  өсірілген  бактериялар 
өсінділері, 
спиртовкалар, 
платинадан 
жасалған 
ілмешектер, 
жағынды  жəне  жабынды  əйнектер,  физиологиялық  ерітінді  анилин 
бояулары (Пфейрфер фуксині, Леффлер көгі) дистилденген су. 
 
 
Тақырып
Бактерияларды дифференциалды бояу 
 
Сабақтың
 мақсаты: 1. Дифференциалды – диогностикалық 
бояудың мəнін студенттерге үйреті.  
                         2. Бактерияларды дифференциалды бояудың 
техникасын үйрену.  

 
 
21
Бақылау
 сұрақтар 
 
1.
 
Бактерияларды  бояудың  дифференциалды  əдісін  қандай 
мақсатта қолданады? 
2.
 
Грам əдісі бойынша мəні неде? Кім оны ұсынды? 
3.
 
Капсуланы бояудың ерекшелігі қандай? 
4.
 
Спораны химиялық жəне физикалық факторлардың əсеріне 
жоғары төзімділігі неге байланысты? 
5.
 
Спораны бояу ерекшелігі қандай? 
 
Сабақтың
 мазмұны 
 
 
Микробтарды  күрделі  бояу  кезінде  жағындыны  екі  бояумен 
бояйды, оның біреуі негізгі, ал екіншісі қосымша болып табылады. 
Күрделі 
бояу 
кезінде 
бояғыш 
заттардан 
басқа 
əртүрлі 
түссіздендіретін заттар (спирт, қышқылдар ж.т.б)  қолданады. 
Грам
  əдісі  бойынша  бояу.  Бактериялардың    грам  оң  жəне 
грамтеріс  əр  түрлі  боялуы,  олардың  клетка  қабықшасының 
құрылысына 
байланысты, 
яғни 
грамтеріс 
бактерияларымен 
салыстырғанда  грамоң  бактериялардың  клетка  қабықшасы  қалың, 
пептидогликан  полимері  көп  орналасқан,  генцианвиолетпен  жақсы 
боялады,  30  –  40  секунд  ішінде  спирт  əсерінен  түссізденбейді.  Ал 
грамтеріс бактерияларда клетка қабықшасы жұқа, пептидогликан аз 
мөлшерде  орналасқан,  бояуды  əлсіз  қабылдайды,  сондықтан 
спирттің əсерінен шапшаң түссізденеді.  
1.
 
Бекітілген  жағындыға  бір  тілім  сүзгіш  қағазды  салады  да, 
үстіне генцианвиолет ерітіндісін құйып 3 минут ұстайды.  
2.
 
Содан  соң  бояуды  қағазбен  бірге  төгіп  тастайды  да  (сумен 
шаймау керек), препарат бетінеиодталған спиртті тамызып, 30 
секундтай ұстайды.  
3.
 
Сумен шаяды, аздап кептіреді.  
4.
 
Екі минуттай уақыт Пфейрфер фуксинімен қосымша бояйды.  
5.
 
Бояуды  төгіп,  препаратты  сумен  шаяды,  сүзгіш  қағазбен 
кептіріп микроскоптайды.  
Микроскоптық  бейне:  грамоң  бактериялар  –  күңгірт  –  күлгін 
түсті, грамтеріс бактериялар – қызыл түсті.  
 
Михин
  əдісі  бойынша  капсуланы  бояу.  Капсула  муцин 
тəрізді 
зат, 
жоғары 
молекулалы 
полисахарид, 
клетка 

 
 
22
қабықшасының  сыртқы  қабатының  өнімі  болып  табылады. 
Капсулалық 
зат 
нашар 
боялады, 
капсуланы 
бояу 
үшін 
метахромазия  құбылысының  пайда  болуына  сүйенетін  əдіс 
қолданылады.  Бұл  кезде  бір  бояу  қолданғанда  цитоплазма  бір 
түске,  ал  капсулалық  зат  басқа  бір  түске  боялады.  Əдетте 
капсуланы  потогендік  микробтар  жұққан  организмде  түзеді.  Ауру 
қоздырғыш  патогендік  бактерияларда  капсула  түзілу,  олардың 
қолайсыз ортаға қайтарған реакциясы болып табылады. (7 - сурет). 
1.
 
Бекітілген препаратты 5 минут уақытқа 5% - ті бояйды.  
2.
 
Сумен  шайып, сүзгіш қағазбен тез арада сорғытып  құрғатады 
да микроскоппен қарайды.  
Микроскоптық  бейне:  капсула  –  қызғылт,  ал  бактерия 
клеткасы – көк түсті.  
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал