Қазақстан республикасының білім жəНЕ



жүктеу 5.01 Kb.

бет10/10
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
Студенттер 
қоректік 
орталарда 
өсіп 
шыққан 
топалаң 
қоздырғышының 
өсіндісінен 
жағынды 
жасайды. 
Пфейфер 
фуксинімен 1 минут жəне Грам ідісі бойынша бояйды. Препаратты 
микроскоптайды, қоздырғыштың мрфологиялық ерекшелігіне көңіл 
аударады.  Ұзын  тізбектер,  споралары,  сопақша  клетканың 
ортасында  орналасқан,  жас  вегетативті  клеткалары  Грам  əдісі 
бойынша оңға боялады.  
 
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
 Вакциналық штамның ЕПА жəне ЕПС – өсіп шыққан тəуліктік 
культурасы,  колонияларды  көрсету  үшін  петри  аяқшасында 
өсірілген культуралар, алдын ала даярланған препараттар, бояулар, 
микроскоптар. бактериялогиялық  ілмешектер, спиртовкалар.  
 
 
Тақырып
. Бруцеллездің, туберкулездің қоздырғыштары 
 
Сабақтың
 мақсаты: 1. Бруцеллаларды Козловский əдісі бойынша   
                                         бояу  
                                      2. Микобактерияларды Циль – Нильсен əдісі   
                                        бойынша бояу 
                                      3. Бруцеллез, туберкулез қоздырғыштарының   
                                          морфологиялық қасиеттерін зерттеу 
 
Бақылау
 сұрақтары 
1.
 
Бруцеллез қоздырғышының морфологиясы мен биологиясы.  
2.
 
Бруцеллаларды Козловский əдісі бойынша бояу.  
3.
 
Бруцеллезді балау əдістері.  

 
 
98
4.
 
Туберкулез 
қоздырғышының 
морфолгиясы, 
қоректік 
орталарда өсуі.  
5.
 
Микобактерияларды Циль – Нильсен əдісі бойынша бояу.  
6.
 
Туберкулезді балау əдістері.  
 
Сабақтың
 мазмұны 
Бруцеллез  –  созылмалы  түрде  өтетін,  іш  тастау,  шуы  түспеу, 
эндометрит,  орхит  жəне  жануарлардың  жыныстық  қабілетінің 
бұзылуымен сипатталатын ауру.  
Қоздырғышы: бруцеллезді ір түрлі түлікте Brucella туыстығына 
жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады.  
1.
 
B.  melitensis  –  қой  мен  ешкі  бруцеллезінің  қоздырғышы 
жəне адам үшін зардапты.  
2.
 
B. abortus – ірі қара бруцеллезінің қоздырғышы.  
3.
 
B.  suis  –  шошқа,  солтүстік  бұғы  бруцеллезінің 
қоздырғышы.  
4.
 
B. neotomae – шөлейттегі егеуқұйрықта кездеседі.  
5.
 
B.  ovis  –  қой  үшін  зардапты,  қошқардың  жұқпалы 
эпидидимитінің қоздырғышы.  
6.
 
B. canis – ит үшін зардапты.  
Морфологиясы.  Бруцеллалар  өте  ұсақ  полиморфты,  сыртқы 
пішіні  коктар  тəрізді,  сопақшалау,  таяқшаға  ұқсас  болып  келеді. 
Спора  жəне  капсула  түзбейді,  қозғалмайды,  грамтеріс.  Козловский 
əдісімен  ажырату  үшін  бояғанда  бруцелла  сафранинмен  боялған 
қызыл  түсін  сақтайды.  Ал  сол  сəтте  басқа  бактериялар 
бриллиантгрюнмен жасыл түске боялады.  
Себінділік  қасиеттері.  Бруцеллалар  қарапайым  қоректік 
орталарда жақсы өседі, əсіресе, соның ішінде Хоттингер ортасында, 
ЕПА,  ЕПС,  бауырдан  жасалған  глицерин  мен  глюкоза  қосылған 
ортларда  алғашқы  ұрықтары  бачу  өседі,  осыған  байланысты 
олардың  өсінділерін  1  айға  дейін  37°С  температурадағы 
термостатта  ұстайды.  Агарда  бруцелла  колониялары  түссіз,  сəл 
ғана  жалтыраған,  пішіні  дөңгелек,  дөңес,  сыртқы  келбеті  дұрыс, 
гемогенді  немесе  диаметрі  0,1  –  0,5  мм  –  ден  3  –  4  мм  –  ге  дейін 
нəзік  түйіршіктері  бар.  Сорпа  сепкенде  біркелкі  лайлану 
байқалады, үлпілдек қабықша түзілмейді, тек қана ескі себінділерде 
ғана  шынының  шетінде  сүйықтық  деңгейінен  азғана  көтеріңкі 
шығырық тəрізді өсін байқалады. Диссоциация құбылысы кезінде S 

 
 
99
жəне  R  –  пішінділердің  пайда  болуы  мүмкін,  оны  бруцеллалардың 
түрін анықтағанда есептеу шарт.  
Биохимиялық  қасиеттері.  Бруцеллалар  сүтті  ұйытпайды, 
желатинаны  сүйылтпайды,  углеводтарға  əр  түрлі  қатынасын 
көрсетеді.  Тек  қана  глюкозаны  ашытады,  B.  Abortus  глюкозаны, 
мальтозаны,  маннозаны  жəне  трегалозаны  ыдыратады.  Белоктарды 
ыдыратқанда  аммиакжəне  күкіртті  сутегін  бөліп  шығарады. 
Əсіресе,  күкіртті  сутекті  B.  Suis  жақсы  түзеді.  B.  Abortus  азырақ 
түзеді, ал B. Melitensis күкіртті сутегін түзбейді. Бруцеллалар индол 
түзбейді.  
Төзімділігі.  Бруцеллалар  сыртқы  орта  факторларына  төзімді. 
Олар  төменгі  температурада  7  айға  дейін,  ұрғашы  малдың  жыныс 
жолдарынан 
бөлінген 
сұйықтықта 
120 
күнге 
дейін, 
залалсыздандырылған сүтте 40 күнге дейін, топырақта 9 – 150 күн, 
қой  етінде  30  күнге  дейін,  жануарлардың  жүнінде  3  айға  дейін, 
сүтте 6 – 8 күн, суда 20 – 100 күндей сақталады. Қайнаған суда сол 
сəтте – ақ қырылып қалады.  
Балау.  Зертханаға  бактериологиялық  тексеру  үшін  тастанды 
төлді ұрық қабығымен бірге немесе төлдің қарнын екі жағын буып 
ішіндегісімен 
бауыр, 
көк 
бауырдың 
кесінділерін, 
енін 
қосалқысымен  бірге,  жатырдың  өзгеріске  ұшыраған  тұстарынан 
кесінді  жəне  сөл  тұйіндерін  жібереді.  Бактериологиялық  диагноз 
қою  үшін  жағындыны  микроскоппен  қарап,  ауру  қоздырғышының 
таза өсіндісін бөліп алады, ауру қоздырғышының өсіндісінен езінді 
жасап теңіз шошқасына биологиялық сынама қояды.  
Серологиялық  реакциялар  бруцеллезге  жаппай  тексеру  үшін 
қолданылады. Бұлардың ішінде ең танымал əдістері. Агглютинация 
реакциясы,  комплемент  байланыстыру  реакциясыкомплементті 
ұзақ байланыстыру реакциясы сонымен қатар Розбенгал сынамасы.  
Аллергиялық тексеру үшін бруциллин аллергені қолданылады. 
Оны тері ішіне немесе тері астына жібереді.  
 
 
Туберкулез
  –  созылмалы  түрде  өтетін,  əр  түрлі  мүшелер  мен 
ұлпаларда  өзгеше  іруге  бейім  бұдырмақтар  пайда  болуымен 
ерекшеленетін ауру.  
Қоздырғышы.  Туберкулездің  қоздырғышы  Mycobacterium 
туыстығына  жатады.  бұл  туыстықта  ауру  қоздыратын  микробтың 
негізгі  үш  түрі  бар.    M.  Tuberculosis,  M.  bovis,  M.  Avium.  Сирек 

 
 
100
кздесетін 
төртінші 
түрі 

M. 
Pescium 
балықты 
ауруға 
шалдықтырады.  
Морфологиясы.  Микобактериялар  жіңішке,  аздап  иілген 
таяқшалар,  кейде  бұтақтанған,  жіпше  созылған  немесе  коктар 
тəрізді дөңгеленген бөлшектері болады. грам əдісімен нашар боялса 
да,  грамоң  болып  есептеледі.  Қозғалмайды,  спора  мен  капсула 
түзбейді.  Айрықша  қасиеті  –  қышқылға  төзімділігі,  ол  микробтың 
құрамында  микол  қышқылының  болуының  нəтижесі.  Циль  – 
нильсен  əдісімен  бояудың  доагностикалық  мəні  бар.  Бұл  əдіс 
бойынша  микробактериялар  ашық  қызыл.  Ал  басқа  микробтар  көк 
түске боялады.  
Туберкулез  қоздырғышының  түрлерінің  пішіндері  əр  түрлі 
болады. ірі қара микобактериялары қысқа жəне жуан болып келеді. 
Адамдардікімен  салыстырғанда  Циль  –  Нильсел  əдісімен  біріңғай 
боялмайды,  адам  микобактериялары  өте  жіңішке,  нəзік,  сəл  ғана 
иілген  таяқшалар,  Циль  –  Нильсел  əдісімен  біріңғай  боялады.  Құс 
микобактериялары бəрінен де кіші жəне көп пішінді  болып келеді. 
Бірақ  бұлардың  жоғарыда  көрсетілген  ерекшеліктері  тұрақты  деп 
айтуға болмайды.  
Себінділік 
қасиеттері. 
Туберкулез 
қоздырғышы 
өзінің 
қоректенуіне  керекті  заттарды  көптеген  ортадан  алып  өсе  береді. 
Бірақ олардың клеткалрының толық дамуына құрамында глицерин, 
картоп,  аспарагин  бар  қоректік  орталарды  көбірек  қажет  етеді. 
Оларды  өсіру  үшін  глицеринді  ЕПА  мен  ЕПС,  Петраньянидің, 
левенштейн 
– 
иенсеннің, 
Гельбергтің 
қоректік 
орталары 
қолданылады. Микобактериялар өте баяу өседі. Адамға тəн түрі 11 
– 15 күннен соң өсін береді.  
Биохимиялық  қасиеттері.  Туберкулез  қоздырғышы  өзіне  
керекті  витаминдердің  барлығын  қоректік  орта  құрамынан  түзуге 
қабілетті.  Синтетикалық  орталардан  В  тобындағы  витаминдерді 
өндіреді.  Микобактериялар  қоректенетін  азот  көзі  аммиак,  амин 
қышқылдары жəне амидтер. Азоттық қоректік көзі – ыдыраған қан 
белогы,  казеин  жəне  т.  б.  құрамында  белок  бар  қорлар  болып 
табылады. Углеводтар көзі. Глюкоза, глицерин. Қоздырғышы рН = 
6,5 - 6,8 болғанда жақсы өседі.  
Микобактериялар  құрамында  липидтар  бар,  олардың  бөліктері 
фосфотидтерден,  майлардан,  балауыздардан  тұрады.  Микол 
қышқылдары мен күрделі полисахаридтарде балауыз бар.  

 
 
101
Төзімділігі:  микобактериялардың  төзімділігі  өте  жоғары. 
Кепкен  қақырықта  бірнеше  жыл  бойы,  пісірілген  сүтте  екі  аптаға 
дейін, сары майда 250 күнге дейін, қыста 5 ай, кей жағдайда одан да 
ұзақ  сақталады.  Ең  төзімді  түрі    -  M.  Avium.  Кептіруге,  шіруге, 
төменгі  температураға  өте  төзімді.  Күн  сəулесі  жəне  жоғары 
температура тез жойып жібереді.  
Балау.  Туберкулезге  тексеру  үшін  зертханаға  қақырықты, 
кеңірдек  тармақтарының  кілегейін,  сүтті,  қынап  жалқаяғын, 
шəуетті, зəрді, өлген жануардан – зақымдалған мүшелерді жібереді. 
Олардан  жағынды  даярлап,  Циль  –  нильсен  əдісімен  бояйды. 
Себінді жасап, зертханалық жануарларды зақымдайды.  
Жануарларға  тірі  кезінде  диагноз  қоюдың  негізгі  əдісі  – 
аллергиялық  зерттеу.  Ол  үшін  туберкулездің  қоздырғышының 
өсінінен 
алынған 
дəрмек 
– 
туберкулин 
қолданылады. 
Туберкулиннің  үш  түрі  болады.  альтуберкулин,  сүт  қоректілерге 
арналған  құрғақ  тазартылған  туберкулин,  құсқа  арналған  құрғақ 
тазартылған  туберкулин.  Туберкулинді  тері  ішіне  жəне  көз 
коньюнктивасына жібереді.  
Серологиялық əдіс өте сирек қолданылады. Мұнда комплемент 
байланыстыру 
реакциясы, 
конглютиндеуші 
кешенді 
ұзақ 
байланыстыру реакциясы тиімді болып саналады.  
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
1 тапсырма 
Студенттер  аурудың  қақырығынан  жəне  БЦЖ  культурасынан 
даярланған  препараттарды  циль  –  нильсен  əдісі  бойынша  бояйды. 
Боялған препараттарды микроскоппен қарайды. Препараттың анық, 
жақсы  көрінетін  жерін  көрсету  үшін  таңдап  алады.  Көріністі 
суретке салу.  
2 тапсырма 
Студенттер  ЕПА,  ЕПС  қоректік  орталарында  өсіп  шыққан 
бруцелла 
культураларынан 
препарат 
даярлайды. 
Пфейфер 
фуксинімен 
нашар 
боялатын 
типтер 
– 
коккобактериялар. 
Стафилококк  қосылып  даярланған  бруцелла  суспензиясынан 
жағынды даярлап, спиртовка жалынында бекітеді. Козловский əдісі 
бойынша  бояйды,  микроскоппен  қарайды,  көріністің  суретін 
салады.  
 
 

 
 
102
Қажетті
 материалдармен құрал – жабдықтар 
Бруцеллалардың 
өсінділері, 
өлтірілген 
бруцеллалар 
суспензиясы,  қақырықтан  немесе  БЦЖ  культурасынан  даярлап, 
бекітілген 
прапараттар, 
туберкулез 
микобактерияларының 
өсінділері,  бояулар,  бактериологиялық  ілмешектер,  самырсын 
майы, микроскоптар, спиртовкалар. 
 
Тақырып
. Сальмонеллездің, ботулизмнің қоздырғыштары 
 
Сабақтың
 мақсаты: 1. Сальмонеллез жəне ботулизм    
                                         қоздырғыштарын микроскопиялау.  
    2.Сальмонеллез, батулизм   
       қоздырғыштарының морфологиялық жəне   
       культуралдық қасиеттерін зерттеу.  
 
Бақылау
 сұрақтары 
1.
 
Сальмонеллалар қоздырғыштарын атаңыз.  
2.
 
Сальмонеллалардың 
морфологиялық, 
культуралық 
жəне 
биохимиялық қасиеттері.  
3.
 
Сальмонеллезді балау əдістер.  
4.
 
Батулизм қоздырғышының морфологиялық жəне культуралық 
ерекшеліктері.  
5.
 
Батулизмді балау.  
 
Сабақтың
 мазмұны 
Сальмонеллез  –  жіті  өткенде  қызбамен  жəне  іш  өтумен,  ал 
созылмалы өткенде өкпенің қабынымен ерекшеленетін төл ауру.  
Қоздырғышы. 
Сальмонеллалар 
Salmonella 
туысы,  
Enterobacteriaceae  варианттарға  жатады.  олар  2200  –  ден  астам 
серологиялық 
варианттарға 
бөлінеді. 
Сальмонеллалардың 
əрқайсысы белгілі бір жануарларға бейімделген бұзауға – S. Dublin, 
шошқа  -  S.  cholera  –  suis  жəне    S.  Typhi  –  suis,  тауыққа  -    S. 
Gallinarum – pullorum, үйрекке -  S. Enteridis, жылқыда -  S. Abortus 
–  eqvi,  қойға  -    S.  Abortus  –  ovis,  тышқанға,  басқа  да  кемірушілер 
мен су құстарына -  S. Typhimurium. 
Морфологиясы.  Сальмонеллалардың  барлығы  да  қысқаша 
таяқша,  ұштары  жұмыр,  грамтеріс,  спора  жəне  капсула  түзбейді, 
кейбір варианттарынан басқаларында жіпшелері бар қозғала алады. 

 
 
103
Бір – бірінен ажырату үшін төсеніш шыныда монорецепторлық О – 
жəне Н – қан сарысуларымен агглютинация реакциясын қояды.  
Себінді себу. Сальмонеллалар – аэробтар немесе факультативті 
анаэробтар. Əдетте қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Ең 
керекті өсу температурасы 37°С орта рН – ы = 7,2 – 7,6. Жылтыр S 
–  пішінділері  сорпада  беркелкі  лайланып  тұрады,  тығыз  орталарда 
– дөңгелек, жылтыр, шығыңқы, ылғалды, шет жағы айқын білінген, 
көгілдірлеу  колониялар  түзеді.  Кедір  –  бұдыр    R  –  пішінділері 
сұйық  мөлдір  ортада  шөгінді  түзеді.  Колониялары  дұрыс  пішінді 
емес, шеті толқын тəрізді, ортасы тығыздалған,  реңсіз жəне құрғақ. 
Сальмонеллалардың кейбіреулері ЕПА – да ұсақ тығыз колониялар 
түзеді.  
Биохимиялық  қасиеттері.  Сальмонелллардың  барша  түрлері 
дерлік  глюкозаны,  мальтозаны  жəне  манитті  ферменттеп,  лактоза 
мен 
сахарозаны, 
ферменттемейді. 
Басқа 
углеводтарға 
сальмонеллардың  дарығыштығы  өзгеріп  тұрады.  Мысалы,    S. 
Typhimurium  рамнозаны  ыдыратпайды.  Көптеген  штамдары  газ 
түзеді. Сальмонеллалар мочевинаны ыдыратпайды, метилротпен оң 
реакция, Фогес – проскауэр бойынша – теріс реакция береді. Индол 
түзбейді.  
Төзімділігі. Сыртқы ортада өте төзімді. Топырақта, көңде, суда 
9 – 10 ай сақталады, 70 - 75°С – та 30 минут қыздырғанда өледі, ал 
100°С  –  та  сол  сəтте  қырылады.  Тұздалған  жəне  қақталған 
тағамдарда  бірнеше  айға  дейін  сақтала  береді.  Сондай  –  ақ  піскен 
етте де ұзақ уақыт сақталады.  
Балау. Сальмонеллезге күдік туған жағдайда бактериологиялық 
зерттеулер  жүргізіледі.  Ол  үшін  зертханаға  сойылмаған  өлексе 
немесе  ішкі  мүшелер,  іш  тастаған  кезде  тастанды  төл,  малдың  тірі 
кезінде  нəжіс,  қан,  іш  тастаған  малдың  жатырынан  аққан  бөлінді 
жіберіледі.  
Потологиялық  зағататтан  жағынды  дайындап,  Грам  əдсі 
бойынша  бояп,  микроскоптайды.  Сондай  –  ақ  ЕПА  –  ға,  ЕПС  –  ға 
элективті орталарға себінді себеді. Керек жағдайларда зертханалық 
жануарларға  биологиялық  сынама  қойылады.  Бактерия  алып 
жүретін  жануарларды  анықтау  үшін  агглютинацияреакциясы 
қойылады.  Бөлініп  алынған  сальмонеллаларды  айқындау  үшін 
иммунофлуоресценция 
əдісі 
жəне 
монорецепторлық 
қан 
сарысуларымен пластикалық агглютинация реакциясы қойылады. 
  

 
 
104
Ботулизм
  –  жіті  өтетін,  орталық  жүйке  жүйесінің  ауыр 
зақымдануы,  жұтқыншақтың,  тілдің  төменгі  жақтың  жəне  бұлшық 
еттердің салдануымен сипатталатын ауру.  
Қоздырғышы – Clostridium botulinum. 
Морфологиясы.  Ботулизм  қоздырғышы  –  грамоң,  токсин  жəне 
спора  түзетін,  қозғалмалы  анаэроб,  тұрқы  таяқша  тəріздес.  Өзіне 
қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда, рН 6 – дан жоғары, 
жағымсыз  температура  жағдайында,  қоректк  ортада,  суда, 
топырақта,  басқа  да  ортада,  бір  жақ  ұшына  қарай  орналасқан  ірі, 
сопақша  келген  спора  түзеді.  Спорасы  бар  таяқша  теннис 
ракеткасына ұқсас келеді.  
Қоздырғыш  7  типке  бөлінеді.  А.  В.  С.  Д.  Е.  F  жəне  G.  Олар 
өздерінің  антигендік  құрылымымен  жəне  бөліп  шығаратын 
токсиндерімен ерекшеленеді.  
Себінді себу жəне биохимиялық қасиеттері. Қатал анаэроб, өсу 
температурасы 18 - 37°С, рН = 7,3 – 7,6. Қанды агарда колониялары 
дұрыс  пішінді  емес,  жіп  тəрізді  бұтақтары  бар.  Колония 
айналасында  гемолиз  құбылысы  байқалады.  Қоздырғышты  өсіру 
үшін  арнайы  қоректік  орталар.  Цейсслер  агары,  глюкоза  қосылған 
бауыр  агары,  Китт  –  Тароцци  ортасы,  Хоттингер  сорпасы 
қолданылады.  Китт  –  Тароцци  ортасы  алдымен  лайланады,  одан 
соң  шөгінді  пайда  болып  мөлдірленеді,  өсінділер  шіріген  май 
тəріздес  иіс  шығарады.  Протеин  ыдырататын  ферменті  бар,  сүтті 
паптондайды.  Глюкозаны,  левулозаны,  мальтозаны,  глицеринді 
ферменттейді.  
Токсині  өте  күшті  экзотоксин.  Токсин  себінділерде,  тағам 
өнімдерінде жəне организмде түзіледі.  
Төзімділігі.  Ботулизм  клостридиясының  споралары  жоғары 
температураға өте төзімді. 100°С кезінде тек 5 сағат өткенде, 105°С 
–  2  сағаттан  кейін  120°с  –  10  минутта  өледі.  Химиялық  заттар 
спораның  өнуін  тоқтатады.  Ботулизм  токсині  сұйық  ортада 
қайнатқан  кезде  15  –  20  минутта,  ал  тығыз  ортада  2  сағат  өткенде 
күшін  жояды,  сонымен  бірге  ауаның,  азоттың,  көмір  қышқыл 
газының əсерінен, сілтілігі аса жоғары ортада иондағыш сəуле мен 
тура  түскен  күн  сəулесінің  əсерінен  белсенділігін  жояды. 
Протеолиздік ас қорыту ферменттері токсинді ыдырата алмайды.  
Балау.  Диагноз  қою  үшін  бактериологиялық  тексеру  жүргізіп, 
аурудың  қоздырғышын  бөліп  алады  жəне  батулизмнің  токсинін 
анықтайды.  Ондай  зертеу  үшін  зертханаға  қарынды  100  –  200  мл 

 
 
105
ішіндегісімен, ішкі мүшелер бөліктерін жəне 100 г кем емес күдікті 
мал  азығын  жібереді.  Материалды  консервілемей  мұз  салынған 
термоспен,  ал  азықты  жарық  өткізбейтін  ыдысқа  салып,  кептіріп 
алмай жібереді.  
 
Студенттердің
 өзіндік жұмыстары 
1 тапсырма 
Студенттер  ботулизм  қоздырғышының  морфологиялық  жəне 
биохимиялық қасиеттерін, қоректік ортада өсуін анықтайды.  
Китт – Тароцци ортасында өсірілген ботулизм қоздырғышының 
өсіндісінен  жағынды  жасап,  бояйды,  микроскоптайды.  Споралар 
түріне,  теннис  ракеткасына  ұқсас  пішіндердің  болуына  назар 
аударады, суретін дəптерге салады.  
2 тапсырма 
Студенттерді  S.  Dublin,  S.  cholera  –  suis,  S.  Typhimurium  S. 
Gallinarum 
өте 
кең 
тараған 
түлерінен 
препарат 
даярлап, 
микроскоптайды.  S.  Dublin,  S.  cholera  –  suis,  S.  Typhimurium  S. 
Gallinarum – сальмонеллалар колониясын микроскоптың кішкентай 
үлкейткішімен  қарап,  негізгі  ерекшеліктерінің  көрінісін  дəптерге 
салады. 
 
Қажетті
  материалдар мен құрал – жабдықтар 
ЕПА,  ЕПС  жəне  Энжо  ортасында  өскен  сальмонеллалар 
өсінділері,  монорецепторлы  қан  сарысулары,  Китт  –  Тароцци 
ортасында  өскен  ботулизм  қоздырғышының  өсіндісі,  бояулар, 
шыны  əйнектер,  бактериологиялық  ілмешектер,  спиртовкалар, 
микроскоптар.  
 
Тақырып
. Балық ауруларының қоздырғышытары 
 
Сабақтың
 мақсаты: Аэромоноз, сепсистік псевдомоноз, көктемгі 
вирус аурулары қоздырғыштарының 
морфологиялық жəне культуралық қасиеттерін 
зерттеу.  
 
Бақылау
 сұрақтары 
1.
 
Аэромонадалардың 
морфологиялық 
жəне 
культуралдық 
қасиеттері.  
2.
 
Аэромонозды балау.  

 
 
106
3.
 
Псевдомонозды 
қоздырғыштарының 
морфологиялық, 
культуралдық жəне биохимиялық ерекшеліктері.  
4.
 
Псевдомонозды балау.  
5.
 
Көктемгі  вирус  ауруының  қоздырушысын  анықтау  үшін 
зағадатты тексеру тəртібі.  
6.
 
Көктемгі вирус ауруын балау.  
 
Сабақтың
 мазмұны 
Аэромоноз  –  балықтың  терісі  мен  ішкі  мүшелерінің  қанталап 
қабынуымен,  қабыршақтарының  сыдырылып,  құрсақ  қуысына 
сұйықтық жиналып, көзі шарасынан шығып, кейде денесінде ойық 
жарақаттар пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру.  
Қоздырғыштары – Aeromonas punctata 
Морфологиясы.  –  Aeromonas  punctata  бактериясы  қысқаша 
келген  грамтеріс,  қозғалмалы,  шеткері  орналасқан  жіпшелері  бар 
таяқша.  
Себінді  себі.  Жартылай  аэробты,  спора  жəне  капсула  түзбейді. 
Қарапайым  қоректік  орталарда  20  -30°С  –  та  өседі.  ЕПС  –  да 
өскенде  біркелкі  лайланады,  пробирканың  түбінде  ақшыл  –  сұр 
түсті  тұнба    түзеді.  Қоректік  ортаныңбетінде  жұқа  қабық  түзіледі. 
ЕПА  –  да  өскен  бір  тəуліктік  өсіндіде  домалақ,  шеттері  тегіс, 
үлпілдеген,  жарқырауық,  жартылай  жалтыраған,  көкшіл  немесе 
ақшыл  түстес  колониялар  байқалады.  A.  hydrophila  –  ның  тұқы 
балыққа арналған жоғары уытты штамын ақ тышқандардың құрсақ 
қуысына екі тəуліктік сорпадағы өсіндісін 0,01 – 0,1 см
3
 мөлшерде 
еккенде  өлім  –  жітіммен  аяқталады,  əлсіз  уытты  штамы  –  0,025  – 
0,5 см

көлемінде ақ тышқандарды өлтіреді.  
Балау.  Бактериологиялық  зерттеулердің  нəтижелері  бойынша 
жүргізіледі.  Бөлініп  алынған  А.  Punctata  өсіндісінің  уыттылығын 
салмағы  150  –  250  гр  тұқы  балықтарға  жəне  ақ  тышқандарға 
жұқтырып  тексереді.  Зардапты  аэромонадаларды  агглютинация 
реакциясы арқылы айқындауға болады.  
 
Сепсистік
 псевдомоноз – балықтың əлсіреп, көзі  бадырайып, 
денесінде  ошақты  қанталаулар  пайда  болып,  іші  кебумен 
сипатталатын жұқпалы ауру.  
Қоздырғышы  –  Pseudomonas  capsulta  жəне  Pseudomonas 
cyprinisepticum    грамтеріс,  қозғалмалы,  монотрих,  мөлшері  1  –  2  х 
0,5 – 0,7 мкм таяқша. Спора түзбейді, қанда капсула түзеді.  

 
 
107
Себінді  себу.  Қоздырғыш  ЕПС  –  да  өскенде  қоректік  ортаны 
лайлайды, пробирка түбінде көрінер – көрінбес тұнба түзеді. ЕПА – 
да  өскенде  жартылай  жарқыраған  үлпілдек,  шеттері  тегіс. 
Бетіберкелкі  колониялар  түзеді.  Қоректік  ортада  өсуіне  қолайлы 
температура 20 - 25°С. 
Биохимиялық  қасиеттері.  Бактерия  қатты  қоректік  ортада 
сарғыш – жасыл түсті флуоресцентті пигмент түзеді. Сүйық ортада 
пигмент  түзуі  баяу  жүреді.  Бактерия  глюкоза,  лактоза,  маннит, 
сахароза,  мальтоза,  глицерин,  рефинозаны  ферменттейді.  Индол 
мен  күкірт  сутегін  түзбейді.  Желатинаны  ыдыратады.  Лакмус 
қосылған сүттің түсі өзгермейді, амилолитикалық қабілеттілігі бар, 
нитратты нитридке ауыстырмайды,  
балау.  Бактериологиялық  зерттеу  үшін  тек  тірі  ауру  балықты 
алады. Ауру қайталап шыққан жағдайда 5 балықтан алып тексереді. 
Қаннан, бауырдан, талақтан, бүйректен зағадат алып рН – ы = 7,2 – 
7,4  ЕПА  мен  ЕПС  –  ға  себінді  жасайды.  Əсіресе  қаннан  жасалған 
себіндіге  көп  көңіл  бөледі,  содан  кейін  одан  беркелкі  өскен  таза 
өсіндіні  бөліп  алады.  Жекелеген  колонияларды  бөліп  алу  үшін 
алдымен  алғашқы  культураны  ЕПА  –  ға  себеді,  одан  соң  көмірсу 
қосылған ортаға, ЕПЖ – ға лакмус қосылған сүтке, ЕПС – ға жəне 
басқа  да  дифференциалды  орталарға  қайталап  себеді.  Бөлініп 
алынған  культураның  зардаптылық  жəне  уыттылық  қасиеттерін 
анықтау  үшін  салмағы  100  гр  мөлшердегі  тұқы  балықтарға 
биосынама қояды.  
 
Көктемгі
  вирус  ауруы  –  балықтың  дене  қимылын  меңгере 
алмай,  көзі  бадырайып,  іші  кеуіп,  терісі  зақымдануымен 
сипатталатын жіті өтетін жұқпалы ауру.  
Қоздырғышы  –  рабдовирустар  құрамында  РНҚ  –  лы  бар 
вирустар тобына жатады. пішіні оқ тəрізді, мөлшері 105 – 125 х 70 
–  85  нм.  Вирус  тұқы  балықтан  жасалған  алғашқы  трипсинделген 
клетка  өсіндісінде  жəне  қайта  –  себілмелі  клетка  линиясында 
көбейеді.  Вирустың  көбеюі  2  –  4  күн  аралығында  айқын  көрінетін 
цитопатогендік  əсер  ету  арқылы  байқалады.  Вирус  клетка 
өсіндісіне 19 – 22 °С – тан 25°С – қа дейін көбейеді, ал 4°С – та ол 
өзінің  көбеюін  тоқтатады.  Эфир  мен  хлороформға  сезімтал, 
қышқыл  ортаға  төзімді.  Вирус  60°С  –  та  қыздырғанда  30  минут 
аралығында  өледі,  рН  =  7,4  –  7,6 ортада  4°С  –  та  бір  жылға  жуық, 
50%    -  ті  глицериннің  фосфатты  буферлі  ерітіндісімен 

 
 
108
консервіленген  ауру  балықтың  мүшелерінде  6  айға  жуық 
сақталады.  
Балау.  Зертханалық  зерттеулер  нəтижесі  вирусты  бөліп  алу 
негізінде  жүргізіледі.  Қажет  болғанда  биологиялық  сынама 
қойылады.  
Студенттің
 өзіндік жұмыстары 
1 тапсырма 
Студенттер  аэромоноз  қоздырғышының  морфологиялық  жəне 
биологиялық қасиеттерін, қоректік ортада өсуін анықтайды. ЕПА – 
да өсірілген аэромонодалар өсіндісінен жағынды жасап, Грам əдісі 
бойынша  бояйды,  микроскоптайды.  Микроскоптық  бейненің 
суретін дəптерге салады.  
2 тапсырма 
Студенттер  Pseudomonas  capsulta,  Pseudomonas  cyprinisepticum 
–  түрлерінен  препарат  даярлап,  микроскоппен  көреді.  Суретн 
салады.  
3 тапсырма 
Студенттер 
вирусологиялық 
зерттеу 
үшін 
балықтың 
зақымдалған  мүшелерінің  кесіндісін  алып,  ішінде  2  –  3  мл 
стерильді  физиологиялық  ерітіндісі  бар  фарфор  түйгішке  салады. 
Қайшымен  кескілейді,  одан  соң  түйгішке  стерильді  құм  қосып 
ұнтақтайды,  оған  1  :  10  есебімен  Хенкс  ерітіндісін  немесе 
физиологиялық  ерітінді  қосады,  минутына  2000  –  3000  айналым 
жасайтын  центрифигамен  10  –  15  минут  айналдырады.  Тұнба 
үстіндегі мөлдір езіндіден вирус іздейді.  
 
Қажетті
 материалдар мен құрал – жабдықтар 
 ЕПА,  ЕПС  –  да  өскен  аэромонадалар  мен  псевдомоноз 
қоздырғышының өсінділері, балықтың зақымдалған терісі мен ішкі 
мүшелері,  фарфор  түйгіштер,  қайшылар.  Құм,  физиологиялық 
ерітінді,  центрафуга,  пробиркалар,  бактериологиялық  ілмешектер, 
спиртовкалар, бояулар, микроскоптар.  
 
 
 
 
 
 
 

 
 
109
 
Л
 И Т Е Р А Т  У Р А 
 
1.
 
Толысбаев  жəне  басқалар.  Мал  дəрігерлік  микробиология. 
Алматы, 1999 
2.
 
Сайдулдин Т.С. Ветеринариялық індеттану. Алматы, 1999. 
3.
 
Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық вирусология. Алматы,2004 
4.
 
Мишустин Е.Н., Емцев В.Т.  Микробиология. М; Агропромиздат, 
1987, 347 с. 
5.
 
Егоров Н.С. Промышленная микробиология. М. Высш.шк., 1989, 
688 с. 
6.
 
Теппер  Е.З.,  Шильникова  В.К.,  Переверзева  Г.И.  Практикум  по 
микробиологии. М., Агропромиздат, 1987. 
7.
 
Канетере  В.М.  Теортеические  основы  технологии  микро-
биологических производст. М.: Агропромиздат, 1990, 271 с. 
8.
 
Толысбаев Б.Т.,  Иванова Г.М.,  Музапбаров Б., Тулемисова Ж.К. 
Практикум  по  микробиологии  и  ветеринарной  санитарии. 
Алматы, РИМЦ Минсельхоз РК 1996. 
9.
 
Загребельный 
С.Н. 
Биотехнология. 
Учебное 
пособие. 
Новосибирск, 2001. 
10.
 
Тулемисова  Ж.К.  Учебное  пособия  по  сельскохозяйственной 
микробиологии.  Алматы.,  Издательский  Центр  АГУ  им.Абая 
2001. 
11.
 
Сюрин В.Н. и др. Ветеринарная вирусология, изд. Колос,1984 
с.107-110. 
12.
 
Справочник.  Методы  лабораторной  диагностики  вирусных 
болезней животных. М.Агропромиздат,1986, с.66-78. 
13.
 
Горский  Б.В.,  Нуриев  Г.Г.,  Гумеров  Н.К.  Основы  общей 
ветеринарной вирусологии. М., Колос, 1978 с.172-173. 
14.
 
Троценко  Н.И.,  Белоусова  Р.В.,  Преображенская  Э.А. 
Практикум 
по 
ветеринарной 
вирусологии 
М.ВО 
«Агропромиздат», 1989 с. 59-79. 
15.
 
 Ш.Б.Мырзабекова. Общая вирусология. Алматы, 1993.  
 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал