Қазақстан республикасының білім жəНЕ



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/10
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
 
ҚАЗАҚСТАН
 РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ 
ҒЫЛЫМ
 МИНИСТРЛІГІ 
 
ҚАЗАҚ
 ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
Микробиология, вирусология жəне иммунология кафедрасы 
 
 
 
«Микробиология жəне вирусология» пəні бойынша ауыл 
шаруашылық жəне биотехнология  мамандықтарының 
студенттеріне арналған  
 
 
ОҚУ
 ҚҰРАЛЫ 
 
 
 
              
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2009 

 
 

 
Авторлар

Төлемісова
  Ж.К.  ҚазҰАУ-нің  микробиология,  вирусология  жəне 
иммунология кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы  
Касенова
  Г.Т.    ҚазҰАУ-нің  микробиология,  вирусология  жəне 
иммунология  кафедрасының  аға  оқытушысы,  ветеринария  ғылымдарының 
кандидаты 
 Мұзапбаров  Б..    .    ҚазҰАУ-нің  микробиология,  вирусология  жəне 
иммунология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты 
 
 
Оқу  құралы.  «Микробиология жəне  вирусология»  пəні  бойыншы  ауыл 
шаруашылқ жəне биотехнология мамндықтарының студенттеріне арналған 
Алматы, 2009. – 109 б. 
 
Оқу  құралында  микробиология  жəне  вирусология  пəнінен  ұсынылған 
тақырыптар  бойынша  теориялық  мəліметтермен  негізделген  зертханалық-
тəжірибелік  сабақтар  жүргізу  үшін  методикалық  нұсқаулар  келтірілген.  Оқу 
құралы  жалпы  микробиология  мен  вирусология  (микрорганизмдер  жəне 
вирустар морофлогиясы жəне оларды зерттеу əдістері, микроорганизмдердің 
физиологиясы,  экологиясы,  генетикасы)  жəне  жеке  микробиология  мен 
вирусология 
(кейбір 
бактериалдық 
жəне 
вирустық 
инфекциялар 
қоздырушыларының кейбір қасиеттері, оларды анықтау əдістері) сұрақтарын 
қамтыған. 
 
 
Ауыл  шаруашылқық  жəне  биотехнология  мамндықтарының 
студенттеріне, аспиранттарына жəне ғылыми қызметкерлерге арналған 
 
 
 
Рецензенттер
:  
Махмудова
  Г.С.  -  ҚР  БҒМ  ҒК  «Биологиялық  зерттеулер  орталығы» 
РМК 
«Микробиология 
жəневирусология 
институты» 
ЕМК, 
микроорганизмдер коллекциясы зертханасының меңгерушісі, профессор                 
Ахметсадыков
  Н.Н.  –  ҚазҰАУ  эпизоотология  жəне  ветеринария  ісін 
ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі, профессор 
 
Ветеринариялық медицина жəне биотехнология  факультетінің ғылыми 
кеңесінде қарастырылып баспаға ұсынылған (хаттама №      
 
 
                                                                          
                                                                      
 
© Тулемисова Ж.К., 2009 
                                                                                                              © Касенова Г.Т., 2009 
                                                                                                                ©Музапбаров Б., 2009 
                                                                                                            © Нур-Принт, 2009 
 

 
 

МАЗМҰНЫ
 
 
Микробиологияға кіріспе 
 

Микроорганизмдер жəне олардың жіктелуі 
 

Микробиологиялық  зертханада  жұмыс  істеу  тəртібі. 
Микроскоптың құрылысы жəне микроскоптау техникасы  
 

Бактериялар морфологиясы 
 
12 
Саңырауқұлақтар  морфологиясы.  Зең  саңырауқұлақтары 
жəне дрожжылар 
 
15 
Актиномициттердің  морфологиясы 
 
17 
Бактериялар өсінділерінен препарат даярлау, жай бояу əдісі   
18 
 Бактерияларды дифференциалды бояу 
 
20 
Аэробты микробтарды өсіру əдістері 
 
23 
Анаэробты микробтарды өсіру əдістері 
 
26 
Микроорганизмдердің биохимиялық   қасиеттерін зерттеу 
 
28 
Ауа микрофлорасы 
 
30 
Микробтардың таза өсіндісін бөліп алу əдістері 
 
32 
Су микрофлорасы. Судың коли – титрін анықтау 
 
34 
Топырақ микрофлорасы 
 
37 
Генетикалық  зерттеулердің  сызбасы.    Бактериоциногендік 
құбылыс 
 
38 
Микробтардың морфологиялық жəне культуралдық өзгергіштігі 
 
42 
Тазалықты-көрсеткіш микрорганизмдері 
 
44 
Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдер-энтерококтар 
 
48 
Өсімдіктің эпифитті жəне ризосфералы микрофлорасы 
 
51 
Азық микрофлорасы 
 
53 
Мал организмінің микрофлорасы 
 
54 
Жануарлар шикізаттарының микрофлорасы 
 
56 
Сүт жəне сүт өнімдерінің микрофлорасы 
 
61 
Ет жəне ет өнімдерінің микрофлорасы 
 
65 
Жұмыртқа жəне жұмыртқа  өнімдерінің микрофлорасы 
 
71 
Бал микрофлорасы 
 
76 
Зертханалық жануарлар, оларды зақымдау əдістері 
 
78 
Агглютинация реакциясы (АР) 
 
82 
Преципитация реакциясы (ПР) 
 
84 
Вирусология зертханасында жұмыс істеу тəртібі 
 
86 
Вирустардың морфологиясы 
 
88 
Вирустарды қолдан өсіру 
 
90 
Бактериофагтар 
 
94 

 
 

Топалаң қоздырғышы 
 
95 
Бруцеллездің, туберкулездің қоздырғыштары 
 
97 
Сальмонеллездің, ботулизмнің қоздырғыштары 
  102 
Балық ауруларының қоздырғышытары 
  105 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

Микробиологияға
 кіріспе 
 
Микробиология  –  микроорганизмдер  туралы  ғылым  (mikros
bios,  logos  –  кіші,  ұсақ,  өмір,  ілім).  Микробиологияның  зерттеу 
объектісі  –  0,1  мм  көлемді  микроорганизмдер  болып  табылады. 
Микробиологияға 
кейбір 
қарапайымдылар, 
бір 
жасушалы 
балдырлар, 
микроскопиялық 
саңырауқұлақтар, 
бактериялар, 
вирустар  кіреді.  Микроорганизмдердің  көпшілігі  аспапсыз  көзбен 
көрінбейді,  олардың  мөлшері  əдетте  бірнеше  микрометрді  немесе 
нанометрді  құрайды.  Оларды  зерттеуде  3000  есе  үлкейтетін 
оптикалық  микроскоптар,  жүз  жəне  жүз  мың  есе  үлкейтіп 
көрсететін электронды микроскоптарды қолданады.  
Микроорганизмдер  табиғаттың  барлық  жерінде  таралған: 
топырақта,  суда,  ауада,  жануарлар  мен  өсімдіктердің  үстінгі 
бетінде,  жануарлар  мен  адамдардың  ішегінде,  қоршаған  ортадағы 
барлық  заттарда  кездеседі.  Сонымен  қатар  микроорганизмдер 
шөлдегі  құмда,  Арктика  мен  Антрактидағы  қар,  мұз  бен  суда, 
шахта  мен  теңіз  түбінде,  бірнеше  километрлік  биіктіктегі 
стратосферада кездеседі. Олар əлемнің тірі зат ретінде айтарлықтай 
бөлігін  құрайды.  Мысалы,  1  мл  лас  суда  бірнеше  жүз  миллион 
микробтар,  ал  1  грамм  тыңайтылған  топырақта  бірнеше  миллиард 
микробтар кездеседі. 1 гектар тыңайтылған топырақтың жыртылған 
қабатында  5–10  тонна  микроорганизмдердің  массасы  құралады. 
Алайда  көп  ғасырлар  бойы  адамдарға  микроорганизмдер  туралы 
ешнəрсе белгісіз болды.  
 
Микробиология
 дамуының морфологиялық кезеңі  
Микробтар  əлемін  голландық  табиғат  зерттеушісі  Антони  Ван 
Левенгук  (1632  –  1723  жж)  ашқан.  Линзаларды  микроскопқа 
қолдану  арқылы  əр  түрлі  биологиялық  объектілерді  зерттеді, 
Левенгук  сперматозооналар,  эритроцит  жəне  капиллярларды 
зерттеп,  сипаттама  берді  жəне  де  У.Гарвейдің  қан  айналудағы 
зерттеуін 
аяқтады. 
Левенгук 
бірінші 
рет 
көптеген 
ұсақ 
жануарлардың құрылымын, өсімдіктер мен жануарлардағы əр түрлі 
жүйелер 
мен 
ұлпалардың 
микроструктуралық 
құрылысын 
сипаттады.  Алайда  оның  ең  көрнекті  жетістік  табыстары  1676 
жылы микробтарды ашуы еді.  
Левенгук өзінің ашқан жаңалығын былай сипаттайды. «Қандай 
күштер  тамырға  əсер  етіп  жəне  оны  тітіркендіретін  барлық 

 
 

əдістерден кейін білуге болады. Мен суға тамырды салдым, суда ол 
шамамен  3  аптадай  тұрды.  24  сəуірде  1676  жылы  суды  микроскоп 
астында  қарағанымда  өте  танқалдым,  онда  орасан  көп  мөлшерде 
ұсақ тірі жануарларды көрдім.  
Кейбіреуінің  ұзындығы  3  –  4  есе  үлкен  болды,  көлденеңіне 
қарағанда бірақ та олар шаш қалыңдығындай емес. Кейбіреуі сопақ 
пішінді  болды.  3-шісінің  құйрығы  бар.  Жануарлардың  төртінші 
типінің  ұсақтығы  соншалықты  оны  құммен  теңестіру  қиын.  Оны 
салыстыру үшін осындай тірі жанның мыңдаған саны керек».  
 
ХХ ғасырда Микробиологияның дамуы  
ХІХ  ғасырдың  аяғында  микробиология  Пастердің,  Кох, 
Мечников,  Виноградский  мен  Бейеринктің  еңбектерімен,  əдістері 
негізінде өз бетінше ғылым болды. Бұл кезеңде Ч.Дарвиннің жалпы 
биологиядағы  эволюциялық  теориясы  аяқталды.  Зерттеулердің 
жаңа  əдістерінің  арқасында  ХХ  ғасырдың  1-ші  жартысында 
микробтардың  əр  түрлі  фрамалары,  құрылымы  мен  метоболизм 
типтері ашылды.  
30 жылдары Бейеринктің шəкірті А.Клюйвер мен оның мектебі 
əр  түрлі  микроб  топтарының  физиологиялық  қатынасын  зерттеу 
нəтижесінде  өмір  сүру  типі  биохимиялық  процеске  үйлесетіндігін 
түсіндірген.  Ол  негізгі  заттардың  –  белок,  май,  көмірсу  жəне 
нуклейн  қышқылының  құрылымдық  бірлігі  болып  саналады.  Олар 
микробтарда,  өсімдіктер  мен  жануарларда  энергетикалық  жəне 
конструктивтік бірлік болып табылады.  
Соңғы  жылдары  микробиологияның  қолданбалы  бағыттары 
дамыды,  оларды  практикалық  тапсырмаларды  шешуде  кеңінен 
пайдаланды.  Микробиология  осы  уақытта  ауыл  шаруашылық, 
малшаруашылығы,  медицина,  биосфераны  тазалау,  энергетика  т.б. 
мəселелерімен айналысады.  
Бұл  мəселелерді  шешудің  негізгі  ролі  микробиология  жəне 
биотехнология  өндірістері  болып  табылады.  Микробиологиялық 
өндіріс  арзан  жəне  қысқа  мерзімде  көптеген  заттар  алуға  өте 
қолайлы сала. Біздің елде микробиология өндірісінің даму қарқыны 
жоғары.  Микроб  штамдарын  өндіру,  генетикалық  инженерияны 
кеңінен  қолдану,  əр  түрлі  бактериялардың  түрлерінен  ДНҚ-ның 
рекомбинантты  молекулаларын  құру,  бактерия  мен  жануарлар, 
бактерия  мен  адам,  вирус  пен  адамның  тірі  клеткадағы 
функциялану  əдістерін  қамтамасыз  етеді.  Д.И.Менделеевтің 

 
 

болжамы бойынша бұрын микробтардың синтетикалық икемділігін 
қолдану  арқылы  барлық  заттардың  химиялық  синтезі  ауысқан. 
Микроорганизмдерді 
химиялық 
реагент 
ретінде 
қолдану 
мүмкіншілігі шектеусіз.  
 
МИКРООРГАНИЗМДЕР
 ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ 
Прокариоттардың
 
ерекшеліктері
 
мен
 
тірі
 
ағзалар
 
жүйесіндегі
 жағдайы.  
«Табиғат  жүйесі»  кітабында  К.Линней  (1758)  микродүниенің 
барлық  өкілдерін  бір  топқа  біріктіріп,  оған  «хаос»  деген  ат  берді. 
Бірақ  1767  жылдың  өзінде  К.Линней  бұл  топ  ішінен  біреуін,  яғни 
Infusorium-ді  бактерияға  жатқызды.  Неміс  ботанигі  Ф.Кон  (1859) 
морфологиялық,  функционалдық,  экологиялық  белгілері  негізінде 
оларды  өсімдіктер  патшалығына  жатқызды.  ΧΙX  ғасырдың  2-ші 
жартысында неміс биологы Э.Геккель мынадай қорытындыға келді, 
микроорганизмдер жануарлар мен өсімдіктерден ерекшеленетіндігі 
соншалықты,  оларды  Protista  патшалығына  (гр.  Protos  -  бірінші)  – 
протисталарға,  бірінші  өмір  сүретіндерге  жатқызу  керек.  Бұл 
термин осы уақытқа шейін микробиологияда қолданылады.  
XΙX  ғасырдың  аяғынан  бері  протисталардың  біртекті  еместігі 
туралы  мəліметтер  жинақтала  бастады,  бұл  осы  топтың  жоғарғы 
жəне төменгі сатыдағы протисталардың бөлінуіне əкеліп соқтырды. 
Жоғарғы 
сатылардағы 
протисталарға 
қарапайымдыларды, 
микроскопиялық  балдырларды  (көк-жасылджарынан  басқа)  жəне 
саңырауқұлақтарды  (мүктер,  ашытқылар),  ал  төменгі  сатыға 
бактериялар  мен  цианобактерияларды  (көк-жасыл  балдырлар) 
жатқызды.  Жоғарғы  сатыдағы  протисталар-эукариот,  төменгі 
сатыларды-прокариот деп атады. Қазіргі кезде тіршіліктің клеткалы 
формаларын  Procaryotae  патшалығы  жəне  Eucaryotae  патшалығы 
деп 
бөледі. 
Эукариоттарға 

жануарлар, 
өсімдіктер, 
саңырауқұлақтар, 
прокариоттарға 
– 
бактериялар 
мен 
цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) жатады.  
Р.Виттекер  барлық  клеткалы  тірі  организмдерді  5  патшалыққа 
бөлді.  Оның  сызбасы  (2-сурет)  тірі  табиғаттың  клетка  жиынтығын 
үш  деңгейде  көрсетеді:  1)  Monera  -  прокариоттар,  клетка 
жиынтығының  нағыз  деңгейінде  орналасқан;  2)  Protista  - 
микроскопиялық  бір  клеткалы  прокариоттар;  3)  Eucaryotae  - 
Plantae  (жоғары  сатыдағы  өсімдіктер),  Fungi  (жоғары  сатыдағы 
саңырауқұлақтар)  жəне  Animalia  (жоғары  сатыдағы  жануарлар) 

 
 

топтарын  ұсынады.  2-сурет.  Тірі  табиғаттың  5  патшалығының 
сызбанұсқасы. Соңғы 3 топ қоректену əдісі бойынша ерекшеленеді: 
1)  фототрофты  қоректену  типі  Plantae  тобына  тəн;  2)  Fungi 
осмотрофты  (органикалық  заттардың  ерігендерімен);  3)  Animalia  
голозойлы  қоректену  (ұстап  алып,  қатты  тамақты  қорыту). 
Фототрофты  жəне  осмотрофты  қоректену  типтері  эволюция 
үрдісінің  Monera  деңгейінде,  Protista  деңгейінде  өзінің  ары  қарай 
дамуын алып, осы жерде қоректенудің голозойлы-3 типі құрылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

Тақырып
.  Микробиологиялық  зертханада  жұмыс  істеу  тəртібі.    
Микроскоптың 
құрылысы 
жəне 
микроскоптау 
техникасы  
 
Сабақтың
 
мақсаты

1. 
Студенттерді 
микробиологиялық    
зертханада 
жұмыс 
істеу 
тəртібімен 
таныстыру.  
                                        2.  Микроскоптау  техникасы  жəне  оның 
иммерсиялық жүйесімен таныстыру.  
 
Бақылау
  сұрақтары 
1.
 
Микробиологиялық зертхана жəне онда жұмыс істегенде 
қауіпсіздік техникасын сақтау шарттарымен танысу.  
2.
 
Микроскоптың механикалық жəне оптикалық бөлімдерінің 
құрылысын қайталау.  
3.
 
Микроскоптың иммерсиялық жүйесімен танысу.  
4.
 
Иммерсиялық объектив көмегімен фиксацияланған жəне 
боялған бактерияларды қарау тəртібі.  
 
Сабақтың
 мазмұны 
 
Микробиологиялық  зертханада  жұмыс  істегенд  жұмыс 
істейтін  адамдар  зардапты  материаладармен,  патогенді  микроб 
культураларымен,  ауру  жұқтырылған  жануарлармен  тікелей 
байланыста 
болатынында. 
Сондықтан 
бактериологиялық  
зертханада жұмыс істеу кезінде мынандай ережелерді қатаң сақтау 
керек:  студенттер  микробиологияның  əдістерін  игереді,  топырақ, 
су,  ауа  т.б.  бізді  қоршап  тұрған  айналадағы  субстраттардағы 
микроорганизмдердің  таралуы,  биологиясы  жəне  басқа  да 
қасиеттерімен танысып, зерттейді.  
Зертханадан шығатын есікте қол жуғыш, дезинфекциялаушы 
ерітіндісі бар бутил, сабын жəне сүлгі болуы шарт.  
Микробиологиялық  зертхананың  ауасында,  зертханадағы 
құралдардың  беткі  жағында,  адамның  киімінде  жəне  қолында 
микроорганизмдердің  əр  түрлі  көп  мөлшерде  үнемі  кездеседі. 
Сондықтан 
микробиологиялық 
зертханада 
жұмыс 
істегенде 
міндетті түрде тəртіпті сақтау керек. 
-  Микробиологиялық  зертханаға  кірер  кезде  жəне  жұмыс 
істегенде міндетті түрде халат кию керек.  

 
 
10
-
 
Жұмыс  уақытында  тазалықты  сақтау,  сабақтың 
соңында  жұмыс  орнын  жəне  қолданылған  құралдарды  ретке 
келтіру керек.  
-
 
Зерттелінетін  материалмен  жұмыс  істеу  барысын 
спиртовка жалынының қасында орындайды.  
-
 
Əр  түрлі  реактивтерді  қолдану  тəртібімен  сақтау 
керек.  
 
Микроскоптың
 құрылысы жəне микроскоптау 
техникасы

 
Микроскоп  –  көзге  оңай  көрінбейтін  объектілерді  зерттеуге 
арналған оптикалық аспап. Микробиологияда микроскоп көмегімен 
тірі  жəне  алдын  ала  жансыздандырылған  микроорганизмдер 
клеткаларын боялған жəне боялмаған күйінде тексереді.  
МБР  –  1  немесе  Биолам  Р  –  1  микроскопының  құрылысы. 
МБР  –  1  микроскопының  механикалық  бөлігі  заттық  үстелі  бар 
штатив  орналасқан  екі  бұранда  винттің  көмегімен  горизонтал 
жазықта  жылжи  алады.  Препараттағы  кез  келген  нүктені  көру 
аймағының  ортасына  ығысып  əкелуіне  көмектеседі.  Үстел  бетіне 
объектіні  қысып  ұстап  тұратын  екі  қысқышы  (клеммасы)  бар. 
Заттық  əйнек  астында  штативке  конденсорлық  кронштейн, 
штативтің  жоғары  жағына  тубусты  ұстап  тұрғыш  бекітілген,  ол 
штатив  бекітілген  механизм  көмегімен  тубусты  50  мм  тік  көтеріп, 
одан  соң  төмен  түсіріп  тұруға  жəрдем  етеді.  Бұл  механизм 
макрометр  жəне  микрометр  винттердің  айналуынан  қозғалысқа 
түседі.  Сөйтіп,  зерттейтін  объектілерді  анық  көрсетуге  мүмкіндік 
туады.  Сағат  тілінің  айналысына  осы  винттерді  бұрағанда  тубус 
ұстағыш  төмен  түседі,  ал  оған  керсінше  айналдырғанда  жоғары 
көтеріледі.  Тубус  ұстағыштың  жоғары  жағында  өз  осінен  айналып 
тұратын  револьер  бар.  Оның  тесігінде  объективтер  мен  тубус 
бекітіледі.  
Микроскоптың  оптикалық  бөлігі  окуляр,  объектив  жəне 
жарық  бергіш  қондырғыдан  тұрады.  Жарық  бергіш  қондырғыға 
айна  жəне  заттық  əйнектің  астына  орналасқан  диафрагма  мен 
конденсор жатады. айна екі жақты жəне қозғалып тұрады, бір жағы 
дөңес, екінші жағы ойыс болады. күн сəулесі түскенде дөңес бетін, 
ал жасанды жарық ойыс бетін қолданады.  

 
 
11
Конденсор  екі  линзадан  тұрады.  Ол  арқылы  айнадан 
шағылыстырып  келген  сəуле  конденсацияланып  препараттың  тегіс 
бетіне бағытталады.  
Күн  сəулесімен  препаратты  қарағанда  конденсор  заттық 
əйнекке дейін көтеріліп қойылады. Ал жасанды жарық болғанда ол 
препарат 
орналасқан 
жерде 
жарық 
көрінетіндей 
деңгейде 
төмендетіледі. Жарық күштілігі конденсордың астында орналасқан 
диафрагмамен  реттеледі.  Ол  рычаг  күшімен  адам  көзі  сияқты 
ашылып  –  жабылып  тұратындай  етіп  жасалған.  Объектіні  көру 
үшін  тубус  екі  жүйемен  қозғалтылады.  Алғашқы  көру  үшін 
макровинтті  қолданады.  Соңғы  нəзік  болады.  сондықтан  онымен 
жұмыс істегенде аса сақтық керек.  
Объективтер  микроскоптың  ең  маңызды  бөлігі,  ол  оның 
оптикалық  қуаттылығын  көрсетеді.  Объектив  металл  қорапқа 
орналасқан  линзаның  екі  жүйесінен  тұрады.  Ең  бастысы  сыртқы 
линза.  Оның  фокустық  қашықтығына  объективтіңүлкейткіштігі 
байланысты.  Объективтің  үлкейткіштік  шамасы  оның  сыртқы 
қорабына жазылған. МБР – 1 микроскопының 8,40 (құрғақ) жəне 90 
(иммерциялы) рет үлкейтетін объективтіктер болады.  
Микроорганизмдерді  зерттегенде  үнемі  иммерсиялы  немесе 
майға батып тұратын объективтерді қолданады. Бұл үшін объектив 
пен  заттық  əйнек  арасына  самырсын  (кедр)  майы  тамызылады. 
Сонда  препарат  шынысы  –  самырсын  майы  –  объектив  шынысы 
болып  біртұтас  көру  жүйесін  түзеді.  Осының  арқасында  барлық 
сəуле  сынбай    жəне  бағытын  бөгде  жаққа  өзгертпей  объективке 
бірден  бағытталады.  Да  ұсақ  объектілердің  көрінуін  анақұрылым 
жақсартады.  
Объективтер  тубустың  төменгі  бөлігі,  яғни,  револьверге 
бұралады.  Микроскоптың  жалпы  үлкейткіштігін  білу  үшін 
объективтің  жəне  окулярдың  өздеріне  жазылып  қойылған  жеке 
үлкейткіштеріне көбейтеді.  
Окуляр  екі  көздік  (жоғары  жағы)  жəне  жинаушы  (төменгі 
жағы)  линзалардан  тұрады.  Окулярдың  негізгі  міндеті  объектив 
жіберген  кесіндіні  үлкейту.  5,  7,  10,  12,  15  жəне  20  есе  үлкейтетін 
окулярлар  болады.  Мысалы,  алынған  объектив  көрсеткіші  90х, 
окулярдікі 7х болса, онда үлкейту – 630 есе деген сөз.  
Микроскоптау  ерекшеліктері  мен  иммерсиялық  жүйеде 
жұмыс істеу техникасы: 

 
 
12
-
 
Микроскопты  алдымен  жұмысқа  дайындайды.  Ол  үшін  8  есе 
үлкейтетін  кіші  объективті  қояды.  Конденсорды  жоғары 
тірелгенше  көтереді.  Айнаны  қойып,  окулярға  қарай  отырып, 
айнаны  айналдырып  ең  күшті  жарықты  табады.  жарықтың 
күшін конденсордың көмегімен бəсеңдетеді.  
-
 
Алдын ала дайындалған препараттың үстіне самырсын майын 
тамызып, заттық үстелге қояды.  
-
 
Иммерсиялық  объективті  (90х)  қойып,  көзбен  бақылау  жасай 
отырып,  оны  самырсын  майының  тамшысына  ептеп  түсіріп 
заттық əйнектен жанастырады.  
-
 
Одан  соң  окулярға  қарай  отырып  макровинттің  көмегімен 
боялған фон көрінгенше тубусты ептеп көтереді.  
-
 
Макрометрлік винтпен зерттелетін объектіні жақсы көрінгенге 
дейін реттеп келтіреді. Заттық үстелді қозғай отырып бірнеше 
көру алаңын қарап шығады.  
Микроскоптау  біткеннен  соң  тубусты  көтереді,  револьверді 
айналдырады.  Иммерсиялық  объектив  линзасындағы  майды 
сүзгіш  қағазбен  тазалайды  да,  оны  арнайы  фланель  матамен 
жақсылап  сүртеді.  Микроскопты  қалпақ  астына  немесе 
матадан тігілген қаптамамен жауып қояды.  
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал