30
Жастық ерекшеліктерді есепке алу. Кіші мектеп жасындағы балалармен оқыту-
тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін олардың мынадай ерекшеліктерін есепке
алған жӛн: сӛз бен істің сәйкесті болуын талап етеді; жӛнсіз кінәлаудан жиіркену
сезімі туады; ересектердің жіберген қателігін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл
болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік іздейді; ӛз мүмкіндіктерін, күшін асыра
бағалайды; түрлі спорт ойындарына ӛте ықыласты болады т.б. Кіші мектеп
жасындағы оқушының белгілі бір нәрсеге қатынасын анықтауда ең алдымен
мұғалімнің пікірі әсер етеді.
Жеткіншек шақта баланың ағзасының және тұлғасының дамуында тез сандық
ӛзгерістер және сапалық қайта құрулар болы жатады. Ересектер бұл кезеңді
«ӛтпелі», «қиын» тіпті кейде «дағдарыстық» деп атап жатады.
Бұл балалармен жұмыс істегенде мынадай ерекшеліктерді есепке алу керек: ағза
мүшелерінің тез жетіле бастауы; үлкендермен қарым-қатынас; мүмкіншіліктерін
ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау; қоғамға пайдалы істерге ықыласты;
ұжымшыл, жолдастық, достық сезім нығаюда; кітап оқуға, кинофильмдерді кӛруге
ынталы, спортпен айналысқанды ұнатады т.б.
Жасӛспірімдік жас – бұл дүниеге кӛзқарас, сенім, мінез және ӛмірлік ӛзін-ӛзі
анықтайтын кезең. Бұл жастағы балалар ӛмір жолына кӛз жібереді, ӛздерінің
келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа
ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін
арттырады.
Поделитесь с Вашими друзьями: