Балалар-жастар спорт мектебi– кешенді /2-5спорттың түрі/ немесе спорттың бір
түріне арналған мекеме. Қосымша білім беру жүйесіне жатады.
Баяндама - докуметтерге негізделген тақырып бойынша хабарлама. Б. қойылатын
талаптар: ақпараттылық пен ойды аз сӛзбен мейлінше тұжырымды, анық етіп
жеткізу шеберлігі, ықшамдылық,айқындылық. Базистiк оқу жоспарының вариативтiк /ӛзгермелi/ бӛлігі - базистiк оқу
жоспарының бӛлiмi, ұлттық, аймақтық және жергiлiктi әлеуметтiк мәдени
ерекшелiктерi мен дәстурлерiн есепке алу мақсатына сай келетiн, оқушылардың
бағытталғандығына және қызығушылығына сәйкес олардың дамуының жекелiк
сипатын қамтамасыз етедi.
Бакалавр - жоғары кәсiптiк бiлiмнiң тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын меңгерген
адамдарға берiлетiн академиялық дәреже мен бiліктiлiк.
Басқару - әрекеттердің тобы: процестi жоспарлау, үйымдастыру, бақылау, ол
процеске ынталандыру және оның нәтижесiн талдау.