68
в) логопедия (тілінің кемістігі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын
зерттейді).
Емдеу педагогикасы (валеология) – интеграцияланған медициналық-педагогикалық
ғылым, оның негізгі пәні ауыратын, нашар күйдегі, сырқаттанатын балалармен
педагогтың білім берушілік, тәрбиелеушілік іс-әрекетінің жүйесі болып табылады.
Әлеуметтік педагогика балалар мен ересектердің мектептен тыс тәрбие және білім
беру аясындағы теориялық және қолданбалы ұсынбалардан тұрады.
Әскери педагогика әскери оқу орындарындағы және қарулы күштер бӛліміндегі
әскери қызметкерлердің оқытуы және тәрбиеленуін теориялық негіздеп,
принциптерін, әдістерін, формаларын жасайды.
Этнопедагогика – теориялық ойлаудың, ғылымның үрiсiне қатынасты. Ол халық
бұқарасының ӛсiп келе жатқан ұрпақтың тәрбиелеу тәжiрибесi, олардың
педагогикалық кӛзқарастары, тұрмыстық, педагогика, семьялық, рудың, тайпаның,
халықтың және ұлттық педагогика туралы ғылым.
Түзетушілік еңбектің педагогикаға жасалған қылмыстары үшін қамаудағы
адамдарды қайта тәрбиелеудің теориялық негіздемесі және практикалық
ұсынбалары жатады.
Салыстырмалы педагогика - ғылыми пән: объектiсi - әртүрлi елдердегi тәрбиелiк
және бiлiм берушiлiк жүйелер; пәнi – сол жүйелердiң iс атқаруының және
дамуының заңдылықтары. Әртүрлi халықтардың тәрбиелеушiлiк-бiлiм берушiлiк
жүйелерiн салыстырып талдау, ондағы жалпы және жекелiк ерекшелiктердi
анықтау, халықаралық тәжiрибенi саналы қолдану ұлттық педагогикалық мәдениеттi
байытады.
Поделитесь с Вашими друзьями: