Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысының білім беру басқармасы «Ертіс дарыны»



жүктеу 117 Kb.
бет3/7
Дата01.11.2022
өлшемі117 Kb.
#23129
1   2   3   4   5   6   7
Аружан5 Зерде
жоба3
Зерттеу міндеттері:

  • Қазақстан жеріндегі тарихи – мәдени ескерткіштер жайлы жалпы мағлұматтарға тоқталу;

  • сәулет өнерінің шығу тарихы, дизайн – әсемдеу жолдарын саралау;

  • тарихи – мәдени ескерткіштерді сақтау және қалпына келтіру жолдарын ұсыну.

Зерттеу пәні: Қазақ халқының тарихи-мәдени ескерткіштері
Зерттеу әдістері: Талдау, зерттеу, іс-тәжірибеде қолдану.
Ғылыми жаңалығы: «Мәдени мұра» бағдарламасын негізге ала отыра, реставрацидан өтпеген тарихи ғимараттарымызды сақтау жолдары ұсыну


І Сәулет өнерінің шығу тарихы

Ертедегі адамдар алғашқыда үнгірлерде тұрған. Содан кейін олар өздеріне баспана тұрғыза бастаған. Ол кездерде адамдар баспананың әдемілігіне көңіл бөлмеді. Ең бастысы ол адамды сыртқы жаулар мен табиғат апаттарынан қорғауы керек болды. Баспаналар бір-біріне өте ұқсас еді. Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан, аң терісі мен сүйектерінен кейінірек саз балшықтан тұрғызылды. Уақыт өте келе, өмір сүру шарттары өзгерді. Сонымен бірге баспана құрылысы да басқаша сипатта өрбіді. Бай адамдар өзінің ыңғайлы да жайлы баспанасын місе тұтпай, сәулетті сарайларда тұрғысы келді. Ондай күрделі құрылыстарды тұрғызу үшін шынайы шеберлік пен терең білім қажет болды. Тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар – адамдар жаратқан сиынатын ғибадатханалар бой көтерді, сонымен қатар стадиондар, театрлар, кітапхана, мұражайлар салына бастады. Мұндай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды «сәулетші» деп, ал олардың туындыларын сәулет деп аталады. Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызыметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, сондай-ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды, немесе құрылысты жобалау, оған көркемдік бейне өнеріде жатады. Қай елге, қалаға барсақ та, тіпті ауылдада біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын — «сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрылысшы» деген мағына береді. Немесе «архитектура» латынша «archіtectura», ал грекше «аrchіtekton», яғни «құрылысшы» деген мағынаны білдіреді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Жеке ғимараттардан ансамбль құру мәселесі, қаланың қайталанбас кескін-келбетін жасауға тырысуға ескі құрылыс пен жаңа құрылыстың үйлесімді шешімін табу асқан шеберлікті қажет етеді. Сәулет өнері – салынатын ғимаратты жобалау, сызба бойынша салу және оған әсемдік бейне берудің өнері. Сәулет өнерінің керемет туындылары адамзаттың күнделікті тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: адамдарың түрлі мұқтаждықтарын атқаратын және әр адамның өзіндік стилі мен талғамына сай салынған үйлер, қоғамға арналып салынған ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – ғылыми техникалық революцияның, қоршаған орта туралы ілімнің, және өнердің тоғысқан жері. Римнің атақты сәулетшісі Витрувийдің айтуынша «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын үш қасиет болуы керек» деген. Олар:


а) беріктік – инженерлік есеп;
ә) қолайлылық – тұрмыс жағын білуге байланысты;
б) әдемілік – талант-талғамға байланысты [1,102-105б].
Сәулет өнері мен дизайнер — суретшілердің жұмысында басты қағидалары ұқсас. Дизайнер – суретші заттың пішінін ойластырады, әсерлі сызықтар мен түс реңктерін іздестіреді. Заттың түсі де оның қандай қажеттілікке арналғандығына қарап таңдалады. 5- сыныптан оқытылатын «Қазақстан тарихы», «Дүние жүзі тарихы» пәндерінде өтіп жатқанымыздай алғашқы адамдар біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастап құрылыспен айналысқан. Күнделікті қажеттіліктерін толықтыру үшін үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан — ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары архитектуралы ескерткіштер қатарына жатады. Сәндік қолданбалы өнер кейінгі орта ғасырдағы қазақ халқының құрылыс, сәулет өнерінде айқын орын алғандығын байқауға болады. Мәселен, кейбір күмбездердің әшекейленіп жасалуы немесе тұскиіздер мен текеметтегі оюлар қолданбалы өнердің дамығандығын көрсетеді.
Тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді. Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер, дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де Мысырдағы, Орталық Америкадағы құрылыстар сияқты астрономиялық заңдылықтар ескерілгендігі, сол кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы байқалады. Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Осы тайпалық одақтар еліміздің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар шоғырланған. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан («сақ пирамидаларынан») бөренелерден тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. «Алтын адам» табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10-14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады.
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи ханақасы XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басындағы сирек кездесетін бірден бір архитектуралық ескерткіш болып табылады. Ғимаратты әсемдеуге ғанышқа, ағашқа, сүйекке ою-өрнек салу, тас пен металды көркемдеп өңдеу тәсілдері, халықтық бейнелеу өнері мен етене байланысты өрнектер үлгісі кеңінен қолданылды. Бұл тамаша ескерткіште Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көп ға сырлық құрылыс өнерінің жетістіктері пайдаланылған. Қазақтың халықтық сәулет өнерін дамытуда ескерткіштің маңызы орасан зор болды.
XIII-XIV ғасырларда Қазақстанда архитектураның одан әрі дамуы Орта Азия мен Қазақстан халықтарының сәулет өнерін өркендетудің жалпы бағыт-бағдарын бейнеледі. Күмбез астындағы құралымдар жетілдірілді, құрылыстардың композициялық құрылымын өзгерткен қос қабатты сымбатты барабандар, ғимараттарға әсемдік және архитектуралық өзіндік түр беретін алуан түсті жылтыр кірпіштер, қаптағыш тақталар пайда болды [2,688-689б].
XV-XVIII ғасырларда Қазақстанның далалық аймақтарында салынған діни және мемориалдық ескерткіштер 3 негізгі топқа бөлінеді: 1) күмбезді мазарлық; 2) қоршаулар (сағана там, төртқұлақ там); 3) қабір үстіндегі ескерткіштер және қабір үстіндегі ұстындар (сыпа, үштас, бестас, қойтас, құлпытас, т.б.). Мазарлар композициясына қарай: мұнаралы, порталды-күмбезді, орт. білікті; жабу түріне қарай: сфералық немесе барабаны бар яки барабаны жоқ, шатырлы (сопақша), күмбезді болып бөлінеді. табалдырығы аласа. Мұндай құрылыстардың шығуы көшпелі баспананың (күйменің) тууына себеп болды. Дөңес жерлерге салынған бұдан ертеректегі мұнаралы құрылыстардың – Қызылорда облысындағы Ақсақ қыз, Сараман-Қосы, Бегім ана (10-12 ғасырлар) секілді бірсыпыра ескерткіштер пішіндерінің композициясы мен құрылымы ежелгі қорған құрылыстарынан алынғаны дәлелденді.



жүктеу 117 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет