Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



жүктеу 39.71 Kb.

Дата12.09.2017
өлшемі39.71 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ 

 

 



 

 

 



      

 

КЕЛІСІЛДІ                                                                                    БЕКІТЕМІН 



Бөлім  меңгерушісі                                                                       Директордың  ТІ жөніндегі 

_________ Г.А.Алибаева                                                             орынбасары 

«___»_________2016 ж.                                                               __________ А.К. Қалымбет 

                                                                                              «___»__________2016ж. 

 

 

 



 

 

 



 

 

МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДІҢ СЦЕНАРИІ 



 

«Бірлескен еңбек нәтижелі»  

Ата аналар жиналысы 

 

 

 



 

 

 



 

                                                                                                         Құрастырған: Сарсенбаева Ж. Б. 

 

 

 



 

 

 



Орал қаласы, 2016 жыл 

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында адамгершілікті дамытып, белсенді, жеке тұлға болып 

қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс -тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатыныс 

орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.  

1. Білімділік: тәрбие туралы жан-жақты таныстыру, оқушы бойында дұрыс ой, жаңа ұғым 

қалыптастыру, жақсы әдеп, әдет қасиеттерін арттыру. 

2. Дамытушылық:   оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылыққа баулу, 

ойлау, іздемпаздық, тапқырлық қабілетін дамыту. 

3. Тәрбиелік:  ұлттық салт-дәстүр арқылы мәдениетке тәрбиелей отырып, отбасындағы 

сыйластықты құрметтеуге тәрбиеленушілердің санасын қалыптастыру. 

 

Өткізу әдісі:  ата-аналар жиналысы 

 

Өтетін орны: 302 кабинет 

Өтетін күні:   28.04.2016 ж 

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнеленген слайдтар. 

 

Жоспар:   

 

1.



 

Ұйымдастыру  кезеңі  «Бірлескен  еңбек  нәтижелі»  шағын  баяндама  топ  жетекшісі: 

Сарсенбаева Ж. Б. 

2.

 



2015-2016 оқу жылының  ІІІ-IV семестрдегі сабақ үлгірімі мен оқушылардың сабаққа 

қатысуды  ата-аналарды  таныстыру.  Бөлім  меңгерушіге  сөз  беру.  Сабақ  беретін 

мұғалімдердің оқушылар туралы пікірлерін ата-аналарға айтуы. 

3.

 



Ата-аналарға сөз беру. 

4.

 



Әр түрлі мәселелер. 

5.

 



Қорытындылау. 

 

Өту барысы: (келесі бетте). 

 

 

 



 

 

 



 

 

Хаттама 

Күні: 28. 04. 2016 ж. 

Қатысқандар саны: 20 ата-ана, 26 оқушы,  бөлім меңгерушісі,  оқытушылар. 

Топ: МІ-13 

Күн  тәртібінде:  МІ-13  тобының  ата-аналар  жиналысы,  топ  мәселелері,  2015-2016  оқу 

жылының  ІІІ-IV семестрдегі сабақ үлгірімі мен оқушылардың сабаққа қатысуы. 



Сөйлегендер: Топ жетекшісі:  

Сәлематсыздарма.  Мен  МІ-13  тобының  кураторы  болам.  Мен  өзімнің  «Бірлескен  еңбек 

нәтижелі»  шғын баяндамаммен бастағым келеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде 

көрері  ата-ана,  ал  ата-ана  өмірінің  жалғасы  –  бала.  Өмірінің  жалғасы  баласының  керемет 

ғалым болмаса да, тәрбиелі, үлгілі, ақылды, кішіпейіл, бауырмашыл, қайырымды, мейрімді, 

қанағатшыл  болып  өсуін  кім  қадағалайды?!  Солай  өсуіне  ендеше  ортақтасып  ықпал 

жасайық. «Тәрбие басы – тал бесігі», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Тәрбие ата-

ана  тәлімінен»,  «Қызға  қырық  үйден  тыю»  деген  сияқты  арғы  ата-бабаларымыз  өсиет  етіп 

қалдырған  дана  сөздері  текке  айтылмаса  керек.  Оқушы  тәрбиесіне  ата-ана  тәрбиесі  үлкен 

ықпал етеді. Енді сіздердің назарларыңызға тобыма жалпы мінездеме бергім келеді. 

Оқушыларды 

оқу 


графигімен 

таныстыру 

жүргізілді. 

Семестрлердегі 

сабақтар 

таныстырылып,  сынақ,  саралау  сынақ  және  емтихандардың  қай  уақытта  болатыны 

таныстырылды. Сабақты жіберу процесі қандай себептерге әкелетіндігін түсіндіріп өттті. 

Осы  2015-2016  оқу  жылының    ІІІ-IV  семестрдегі  ішінде  бірнеше  сабаққтар  өткізілді. 

Солардың ішінде сіздердің мамандықтарыңызбен тікелей байланысты анатомия, физиология 

пәндері.  Басқа  пәндер  бойынша  да  оқытушылардан  топ  бойынша  білім  көрсеткіштері 

сұралынды.  Нәтижесінде  кәсіптік  мамандықтар  бойынша  кейбір  оқушылардың  сабақ 

үлгерімдері төмен екендіктері айтылды., атап айтсақ: Еркінова Н, Сағындықова Ш, Днишева 

Д,  Жармуханова  Д.-    анатомия,  физиология  пәндері  бойынша.  Сол  себептен  пән 

оқытушыларын жиналысқа шақырып отырмыз. 

 

Бөлім  меңгерушісі:  Алибаева  Г.  А.    Құрметті  ата-аналар    бүгін  бейсенбі  күні 

жоспарлап  жиналып  отырмыз.  Осындай  жиналыстарға  көбінесе  жақсы  оқитын  балалардың 

ата-анасы  келеді,  жаман  оқитын  балардың  ата-аналары  келмей  жатады.    Колледждің  өзінің 

ережелері бар. Колледж болғасын  топ жетекшілері жиналыстар өткізіп жатады.   

Кураторларыңыз  есебінен  айтылған  ақпараттар  сіздерге  көп  мәлімет  берді  деп 

ойлаймын.  Сіздердің  ең  бірінші  мақсаттарыңыз  колледж  қабырғасында  білім  ала  отырып, 

кәсіби  білікті  маман  болып  шығу.  Сондықтан  да  тәртіппен  білімді  қатар  ала  жүріп  қана 

сіздер мақсатқа жетесіздер. 

Колледжде білім алу өте қиын екендігі туралы сіздерге  айтылған болатын, бірақ осы 

қиыншылықтарды жеңу сіздерге байланысты. Бүгінгі аты аталған оқушылар алдағы уақытта 

сабақ үлгерімдерін дұрыстауы қажет, өйткені төмен үлгеріммен медицина маманы болу өте 

қиын. 


Жалпы балалар жан-жан жақты, ән айтады, ашық тәрбие сағаттар өткізеді. Тәртіп бар, 

кешіккен  оқушылар  сабаққа  қатыса  алмайды.  Тәжірибе  сабақтарында  база  орталықтарына 

барып,  білім  алады.  Оқуды  бітіргесін  балаларыңыз  емханада,  ауруханада  жұмыс  жасай 


алады.  Сұрақтарыңыз  болса  қойыңыздар.  Келіп  балалардың  жағдайларын  білгендеріңіз 

жақсы болды. 



Физиология пәнінің оқытушысы: Абужалитов А. З.  Бұл топқа бір жыл бойы сабақ беріп 

келем.  Бұл  топты  жалпы  айтқанда  жақсы  дегім  келеді,  маған  ұнайды.  100  %  білім  алуға 

тырысады.  Күнделікті  сабақты  жаттап,  оқып  келіп  баға  алады.  Білімдеріне,  тәртіптеріне 

көңілім толады. Бірақ топтың арасында сабаққа үлгермейтін оқушылар бар. Олар: Еркінова 

Н, Сағындықова Ш, Днишева Д, Жармуханова Д.  

Физиология  пәнінің  оқытушысы:  Тажманова  М.  Мен  1  тобына  анатомия  пәнінен 

практикалық  сабақ  жүргіземін.  Жалпы  айтқанда  оқушылар  өте  жақсы.  Сабаққа  күнде 

дайындалып  келеді.  Сонын  ішінде  Болатова  Ж.,  Айтжанова  Р.,  Ерғалиева  Б.,  Бақытова  Л., 

Дәулетова Л. Бірақ топ ішінде сабаққа үлгермейтін оқушыларымыз бар. Олар Днишева Д ., 

Еркінова  Н.,  Жасболатова  А.  Осы  оқушыларды  назарға  алуыңызды  сұралады.  Өйткені 

алдағы уақытта, осы пәндер бойынша емтихан болады. 



Ата-аналар:  Бегалиев  Ж.  –  әкесі:  Ата-аналар  жиналысы  болғанына  қуаныштымын.  Мен 

Болатова  Ж.  әкесімін.  Қызымның  сабақ  үлгеріміне  қанағаттанамын.  Мектепті  де  сабақты 

жақсы  бағамен  аяқтады.  Сабаққа  екі  автобуспен  келеді.  Қызым  сабаққа  дайындалған  кезде 

қиындықтар  байқаған  жоқпын.  Сабағын  үнемі  қадағалаймыз.  Баламызды  белсенді,  сабаққа 

жақсы деп естігеніме қуаныштымың. 

Темірова  М.  -  анасы:  Мен  Темірова  А.  анасымын.  Бүгін  ата-аналар  жиналысы  екенін 

естігенде  қуана  келдім.  Қуандым  мектеп  кезінде  де  сабаққа  жақсы  болып,  қоғамдық 

жұмыстарға  да  жиі  қатысып  жүрді.  Сабағын  үнемі  қадағалаймыз.  Баламызды  белсенді, 

сабаққа жақсы деп естігеніме қуаныштымың. Енді сабағын әлі жақсарту үшін қадағалайтын 

боламыз. 

Орынбаев Қ.- әкесі: Мен Наргизаның әкесі боламын. Қызым мектеп кезінде сабаққа жақсы 

болып,  қоғамдық  жұмыстарға  белсенді  қатысатын  еді.  Студент  болғаннан  кейін  сабағы 

қиындап,  қоғамдық  жұмысқа  қатыспай  жүргені  сол  болар.  Жалпы  қызымның  сабақ 

үлгеріміне,  тәртібіне  қанағаттанамын.  Анотоми  және  физиология  пәндері  өте  қиын  деп 

айтып келеді. Бірақ жақсы баға алуға тырысамың дейді. 

Айткалиев  Т.  -  әкесі:  Мен  Динараның  әкесімін.  Үйде  сабақ  оқуға  жағдай  жақсы.  Өзінің 

бөлмесі  бар,  бос  уақытында  сабағын  оқиды.  1  курста  1  семестірді  жақсы  бағамен  бітірп 

шықты. Қазір жағдайын жасап отырмыз. Жалпы тәртібіне, сабақ үлгеріміне қанағаттанамын.  

 

 



Қорытынды 

Құрметті  ата-аналар,  ұстадар,  оқушылар  қатысқандарыңызға  көп-көп  рахмет.  Осы 

жиналыста  жасап,  балаларыңыздың  жағдайын  айтып  алдарыңыздан өтіп  отырмыз,  артынан 

реніш  болмасын.  Бала  бәрімізге  ортақ.  Сіз  үйден,  біздер  колледжден  осылардың  жақсы 

маман  болып  шығуларына  алдағы  уақытта  тиянақты  жұмыс  жасауларына  атсалысуымыз 

керек. Олар үшін сіздер де, біздер де ұялмайтындай болайық. Жаңа бәріңіз балаларыңыздың 

жағдайымен таныстыңыздар. Енді сол бағытпен жұмыс жасайсыздар деген үміттеміз. Келіп 

тұрыңыздар. Ал біз осы жиналыстың нәтижесін күтеміз.  

 

 


 

 

 



 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал