Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі 6М060700-биология



жүктеу 337.45 Kb.

бет1/4
Дата11.09.2017
өлшемі337.45 Kb.
  1   2   3   4

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



6М060700-БИОЛОГИЯ  

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАННЫҢ  

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қостанай, 2016 

 


 

НЕГІЗГІ БӚЛІМ  



 

БОТАНИКА 

 

Ботаника - ӛсімдіктердің құрылысы мен тіршілігі және биосфера компоненті 

ретінде.  Ӛсімдік  жабынының  экологиялық  ролі,  табиғатта  энергия  алмасуы  мен 

заттарды  айналымының  тасымалдауындағы  ӛсімдіктердің  маңызы.  Ӛсімдіктердің 

шаруашылық маңыздылығы.  

Ботаниканың  қысқаша  даму  тарихы.  Ботаниканың  негізгі  бӛлімдері  және 

олардың  мазмұны:  морфология,  физиология,  биохимия,  систематика,  экология, 

фитоценология және т.б. 

Ӛсімдіктің 

жалпы 


құрылысы. 

Прокариоттар 

және 

эукариоттар, 



автотрофтылар  және  гетеротрофты  ӛсімдіктер.  Біржасушалы,  коллониялы  және 

кӛпжасушалы  ӛсімдіктер.  Ӛсімдіктер  эволюциясындағы  кӛпжасушалылардың 

пайда болу жолдары.  

Ӛсімдіктер  жасушасының  құрылысы  жайындағы  қазіргі  кӛзқарастар, 

жануарлар жасушаларынан айырмашылығы.  

Тірі ағзалардың қасиеттерінің бірі кӛбеюі. Вегетативті, генеративті тұқымды 

кӛбею  жайында  ұғымдар.  Ӛсімдіктер  тіршілік  цикліндегі  мейоздың  орны. 

Жынысты  кӛбею  процестерінің  типтері  (изогамия,  гетерогамия,  оогамия)  және 

тіршілік 

циклдері 

(гагатонтты, 

диплонтты, 

гетероморфты, 

изоморфты, 

дикарионды). Спорофит және гаметофиттер жайында ұғымдар.  

Ӛсімдіктердің  жалпы  құрылысы  мен  даму  заңдылықтары.  Симметрия, 

полярлық.  Конвергенция  корреляция,  редукция,  атавизм.  Аналогия  және 

гомология. 

Ӛсімдіктер  систематикасы,  оның  маңыздылығы,  биологиялық  ғылымдар 

және  адам  қоғамындағы  орны.  Ӛсімдіктер  систематикасының  міндеттері.  Тірі 

ағзалар  кӛптүрлілігін  жіктеу  мен  зерттеуіндегі  жұмыс  масштабтары. 

Систематиканың басқа биологиялық пәндермен, ғылымдармен байланысы.   

  

Систематиканың  бӛлімдері.  Диагностика  және  таксономия.  Микро-және 



макро-(мега-) 

систематика. 

"Биосистематика". 

Ұғымдардың 

қатынасы: 

систематика, эволюция, филогенез, филогенетика; систематика және флористика. 

 

Таксономиялық  категориялар  және  таксономиялық  бірліктер  (таксондар). 



Ботаникалық номенклатураның негізгі принциптері мен ережелері. 

Қазіргі 


систематиканың 

әдістемесі. 

Филогенетикалық 

жүйенің 


жалпыбиологиялық  және  философиялық  маңыздылығы,  оның  құрылысының 

мүмкіндіктері.  

Эволюциялы-систематикалық ақпараттың кӛздері.  

 

Монофилия  және  полифилия.  Морфологиялық  ұйымдастырудың  деңгейлері 



мен  филдері.  Эволюциялық  процесстің  үзінділері;  арогенез  және  аллогенез 

ұғымдары. Дивергенция, парафилия. Гетеробатмия принципі. Белгілер эволюциясы 

мен таксондар эволюциясының қатынасы. 


 

Жоғары  және  тӛменгі  сатыдағы  ӛсімдіктер  туралы  ұғымы,  олардың 



филогенетикалық 

байланыстары. 

Органикалық 

әлем 


жүйесінде 

саңырауқұлақтардың орны.  

 

 

          Тӛменгі сатыдағы ӛсімдіктер 



«Тӛменгі  сатыдағы  ӛсімдіктер»  (балдырлар,  саңырауқұлақтар,  қыналар) 

тобына  кіретін,  ағзалардың  алуантүрлілігі,  олардың  бір  бірімен  және  басқа 

топтармен (жоғары ӛсімдіктермен, омыртқасыз жануарлармен) байланысы.  

Саңырауқұлақтар  мен  балдырлардың  шығу  тегі;  олардың  экожүйедегі  және  адам 

ӛміріндегі  ролі.  Саңырауқұлақтар  және  балдырлар  –  экологиялық  зерттеулер  мен 

экспериментті биологияда модельді объектілер.  

 

 

          Альгология 



 

Балдырлардың жалпы сипаттамасы  

 

Балдырлардың  негізгі  бӛлімдері  (Cyanophyta,  Phodophyta,  Cryptophyta, 



Chlorophyta,  Euglenophyta,  Dynophyta,  Chrysophyta,  Bacillariophyta,  Xantophyta, 

Phaeophyta). 

 

Химиялық  құрамы:  пигменттер,  қор  заттары;  олардың  әртүрлі  балдырлар 



тобында таралуы және филогенетикалық байланыс құрудағы маңыздылығы. 

 

Жасуша  құрылысы:  жасушалық  жабындылар,  ядро  және  митоз  типтері, 



хлоропласттар мен балдырлар бӛлімдерінің талшыұтардың  құрылысы. 

 

Балдырлар морфологиясы. Талломдардың ұйымдастырылуы; морфологиялық 



эволюция. Әртүрлі балдырлар бӛлімдеріндегі морфологиялық параллелизмдер.  

Кӛбеюі.  Балдырлар  бӛлімдеріндегі  вегетативті,  жыныссыз  және  жынысты 

кӛбеюдің ерекшеліктері.  

Тіршілік циклдері және олардың әртүрлі бӛлімдеріндегі варияциялары.  

Балдырлар  экологиясы.  Су  және  құрлық  формаларының,  планктонды  және 

бентосты  балдырлардың  морфологиялық  және  химиялық  адаптациялары. 

Балдырлардың  сан  мӛлшеріне  және  кӛптүрлілігіне  судың  химиялық  құрамы  мен 

жарықтың әсері. Балдырлардың практикалық маңыздылығы.  

Балдырларға систематикалық шолу. 

Цианофиттер – родофиттер 

Cyanophyta  бӛлімі,  класстарға  бӛлінуі,  гормогониялы  балдырлардың 

эволюциялық тенденциялары.   

        Phynophyta  бӛлімі.  Bangiophyceae  және  Florideophyceae  ұқсастықтары  мен 

айырмашылықтары. Флоридеялардың негізгі белгілері және олардың эволюциясы.  

Прохлорофиттер - хлорофиттер - метафиттер 

 

Chlorophyta 



бӛлімі: 

жасыл 


балдырлардың 

морфологиялық 

және 

филогенетикалық  жүйелері.  Chlorophyceae,  Ulvophyceae  және  Charophyceae, 



Prasinophyceae  класстары,  жасыл  балдырлардан  шыққан  топ  ретінде.  Жоғары 

сатыдағы ӛсімдіктердің шығу тегі гипотезалары.  

Хромофиттер 

 

Сары-жасыл,  диатомды  және  қоңыр  балдырлардың  жүйелік  құрлымының 



принциптері.  Олардың  биологиялық  алуантүрлілігі  және  эволюциялық 

 

байланыстары.  Euglenophyta,  Cryptophyta,  Dynophyta  аралас  белгілері  бар 



балдырлар. Морфологиялық примитивизмдері мен эндосимбиотикалық  шығу тегі. 

Топтың биологиялық алуантүрлілігі.  

 

          Микология 

 

Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы 



 

Осмотрофты  қоректену  және  оның  саңырауқұлақтың  морфологиясына, 

физиологиясына,  тіршілігіне  әсері.  Саңырауқұлақтардың  ӛсімдіктер  мен 

жануарлардан  ажырататын  химиялық,  цитологиялық  және  физиологиялық 

ерекшеліктері. Бӛлімдерге бӛлінуі.  

Саңырауқұлақтарға систематикалық шолу. Миксомицеттер 

 

Плазмодиальдылардың,  псевдоплазмодиальдылардың,  торлылардың  және 



фитопаразитттік миксомицеттердің талломдарының ұйымдастырылу ерекшеліктері 

мен тіршілік етуі. Негізгі ӛкілдері. Оомицеттер 

 

Әртүрлі  талшықты  балдырлардың  ұқсастықтары.  Су  және  құрлық 



оомицеттерінің  кӛбею  жолдары  мен  талломдарының  құрылысы.  Қатарға  бӛлінуі. 

Хитридиомицеттер 

 

Талломдардың  формалары  және  олардың  дамуы.  Су  және  құрлық 



хитридиомицеттердің негізгі ӛкілдері. Зигомицеттер 

         Mucorales  қатары:  талломдарының  құрылысы,  тіршілік  етуі,  жынысты  және 

жыныссыз 

кӛбею 


эволюциясы. 

Гетероталлизм. 

Энтомопатогенді 

және 


эндомикоризді зигомицеттер. Аскомицеттер.  

Жынысты  процесс  және  қалталардың  түзілуі.  Класс  тармағына  бӛлінуі. 

Ашытқы  және  тафринді  саңырауқұлақтар,  жалаңашқалталылар  ӛкілі  ретінде. 

Құрылысы, тіршілік етуі, тіршілік циклдері.  

 

Жемісқалталы 



саңырауқұлақтар: 

клейстомицеттер, 

пиреномицеттер, 

дискомицеттер. Жемісті денелердің эволюциясы және спораларды шашу тәсілдері. 

Негізгі  қатарлар.  Қуысқалталы  саңырауқұлақтар,  қалталар  мен  аскостромалардың 

құрылысы, негізгі ӛкілдері. Базидиомицеттер. 

 

Тіршілік  ету  ерекшеліктері,  базидий  құрылысы,  класс  тармағына  бӛлінуі. 



Холобазидиомицеттер:  гимена-  және  гастеромицеттердің  жемісті  денесінің 

құрылысы мен олардың эволюциясы. Негізгі қатарлар. 

 

 

Телиобазидиомицеттер:  паразиттікке  бейімделуі.  Қаракүйе  және  тат 



саңырауқұлақтарының  негізгі  ӛкілдері  мен  тіршілік  ету  циклдері.  Жетілмеген 

саңырауқұлақтар (Дейтеромицеттер) 

Жіктеуі.  Кондиогенез  типтері.  Гифомицеттер  мен  целомицеттер.  Негізгі 

ӛкілдері 

 

Саңырауқұлақтардың  экологиялық  топтары.  Топырақты  сапротрофтылар, 



микоризатүзушілер  және  паразиттер;  филлоплан  саңырауқұлақтары;  олардың 

паразиттік  ету  ерекшеліктері;  сулы,  ксилотрофты  және  копротрофты 

саңырауқұлақтар. 

 

Тіршілік етуге бейімделуі. Лихенизирленген саңырауқұлақтар. 



 

Қыналар  құрамдары,  қыналардың  морфологиясы,  анатомиясы,  экологиясы 



және  физиологиясы.  Қыналардың  морфологиялық  топтарының  негізгі  ӛкілдері. 

Лихеноиндикация принциптері. Саңырауқұлақтардың практикалық маңыздылығы.  

 

          Жоғары сатыдағы ӛсімдіктер 

Жоғары сатыдағы ӛсімдіктердің жалпы сипаттамасы, олардың балдылар мен 

саңырауқұлақтардан  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары.  Жер  тарихындағы 

жоғары  сатыдағы  ӛсімдіктердің  пайда  болу  уақыты,  олардың  шығу  тегі 

гипотезалары. Споралы және тұқымды, архегониялы және гүлді ӛсімдіктер туралы 

ұғымы.  


 

 

Жоғары сатыдағы ӛсімдіктердің морфологиясы мен анатомиясы  

Жоғары 

сатыдағы 



ӛсімдіктердің 

жалпы 


морфоого-анатомиялық 

ерекшеліктері.  Жоғары  сатыдағы  ӛсімдіктердің  ежелгі  ӛкілдері  (риния, 

хорнеофитон,  псилофитон  және  т.б.),  олардың  құрылысының  ерекшеліктері. 

Таллом  мен  телом  ұғымдары.  Құрлықта  тіршілік  етуіне  байланысты  дененің 

морфологиялық 

дифференциациясы. 

Жоғары 

сатыдағы 



ӛсімдіктердің 

эволюциясындағы 

жапырақтың 

пайда 


болуы: 

энационды 

және 

кладодийліжапырақтар. Бұтақтану, оның типтері мен биологиялық маңыздылығы. 



Ӛсімдіктер эволюциясындағы тамырдың пайда болуы. Құрылық ӛсімдіктердің ішкі 

құрылымдарының күрделенуі.  

Ұлпалар және олардың жіктеу принциптері.   

Түзуші  ұлпа  (меристемалар),  олардың  ӛсімдік  тіршілігіндегі  маңызы. 

Жасушаның  цитологиялық  ерекшеліктері.  Меристеманы  жіктеу  принциптері. 

Меристема  түзетін  клеткалардың  ӛсуі  мен  мамандануы.  Атқаратын  қызметіне 

байланысты клеткалардың мамандануы.  

Тұрақты  ұлпалар,  олардың  жіктелуі.  Бірінші  және  екінші  ұлпалар,  күрделі 

және жай.  

 

Идиобластар  туралы  ұғым.  Ӛсімдіктердің  функционалды  жүйелер  және 



оларды  құрайтын  ұлпалар.  Жабын  ұлпалар  жүйесі.  Эпидерма,  оның  қызметі, 

құрайтын  жасушалардың  типтері.  Кутикула,  ӛсімдік  тіршілігінде  ролі.  Қылтандар 

(трихомдар)  және  эмергенцтер.  Тамыр  экзодермасы,  оның  құрылысы  мен  шығу 

тегі.  


Тығын  соңғы  жабын  ұлпа  ретінде,  тығынның  түзілуі  оның  қасиеттері. 

Перидерма. 

 

Заттарды  сору  жүйесі.  Ризоидтар.  Олардың  құрылысы  мен  орналасуы. 



Ризодерма (эпиблема), тамыр шашақтарының дамуы. 

Заттарды  ӛткізу  жүйесі.  Заттарды  жоғарға  және  тӛменге  бағытталған 

ағыстары,  ӛткізуші  ұлпалар:  ксилема  (сүрек)  және  флоэма  (луб).  Мүктердің 

гидроидтары.  Алғашқы  және  соңғы  ӛткізуші  ұлпалар,  оларды  түзетін 

меристемалар.  Алғашқы  ӛткізгіш  ұлпалардың  дифференциациясы:  прото-  және 

метаксилема,  прото-  және  метафлоэма;  олардың  құрылысының  ерекшеліктері. 

Ксилеманың  трахеидтері  және  трахеясы,  олардың  дамуы  мен  құрылысы. 

Окаймленные  поры  және    перфорациялар.  Перфорациялар  типтері.  Сүзгілі 



 

жасушалар  мен  флоэманың  сүзгілі  түтіктер,  олардың  дамуы  және  құрылыс 



ерекшеліктері.  Сүзгілі  поле  және  сүзгілі  пластинкалар  туралы  ұғым.  Сүзгілі 

элементтердің  паренхималық  жасушалармен  ассоциациясы,  оның  маңызы. 

Жабықтұқымдылардың флоэмасының сүйемелдеу жасушалары. 

 

Механикалық 



жүйе. 

Колленхима, 

Склеренхима. 

Талшықтар 

мен 

склереидтердің морфологиялық ерекшеліктері. Ӛсімдіктердің әртүрлі мүшелерінде 



механикалық ұлпалардың орналасу ерекшеліктері. Тереом туралы ұғым.  

 

Фотосинтездейтін  және  қорлық  ұлпалар  жүйесі,  ӛсімдіктерде  орналасуы, 



жасуша құрылысының ерекшеліктері. 

Заттарды  шығару  жүйесі.  Сыртқы  (экзогеннді)  және  ішкі  (эндогеннді) 

шығару  орындары,  олардың  түзілу  мен  құрылыс  ерекшеліктері.  Безді  қылтандар, 

шірнеуліктер, смола және шырын жолдары. Сүтті шырынның (латекстің), құрамы, 

маңызы мен тәжірибеде қолдану. Гидатодтар. 

Желдету  жүйесі.  Клеткааралықтар,  ауа  жүргізетін  қуыстар,  олардың  түзілу 

тәсілі.  

 

Аэренхима.  Лептесік,  оның  құрылысы  мен  қызметі.  Чечевички,  жоғары 



сатыдағы  ӛсімдіктердің  вегетативті  мүшелері  мен    споралы  және  тұқымды 

ӛсімдіктердің  ұрықтары,  олардың  дамуы  мен  құрылысы.  Тұқымның  ӛсуі,  дамуы, 

ӛскіннің  құрылысы.  Ӛсімдіктер  онтогенезінде  тамыр  жүйесімен  ӛркеннің 

қалыптасуы.   

Ӛркен.  Ӛркеннің  морфологиялық  мүшелеу.  Қысқарған  және  ұзарған  ӛркен. 

Бүршік, олардың құрылысы, орналасуы, және ӛсімдіктер тіршілігінде ролі. Бүршік 

жаңаруы,  ӛркеннің  дамуы.  Споралы  және  тұқымды  ӛсімдіктерде  ӛсу  конусының 

қызметі мен құрылысы.  

Ӛркеннің тӛбелік және  интеркалярлы ӛсуі.  

Сабақ.  Қызметі,  морфологиясы  мен  анатомиясындағы  ерекшеліктер. 

Сабақтың  топографиялық  аймақтары:  алғашқы  қабық,  орталық  цилиндр  (стела), 

олардың құрылысы.  

 

Стелярлық  теориясы.  Стелаларды  жіктеу  принциптері  және  олардың 



эволюциясының  негізгі  факторлары.  Әртүрлі  стела  типтерінің  дамуындағы 

протоксилеманың дифференциациясы және прокамбийдің қалану ерекшеліктері.  

Ӛткізгіш  ұлпалардың  орналасуы.  Ӛсімдікте  ерекше  құрылымдық  ӛткізгіш 

жүйесін қалыптастырғанда жапырақтардың, бүршіктердің ролі.  

Сүректі  ӛсімдіктердің  кӛпжылдық  бұтақтарының  құрылысы.  Перидерманың 

қалыптасуы.  Жапырақ,  оның  қызметі.  Жапырақ  морфологиясы.  Жапырақтардың 

ярустық  категориялары.  Гетерофиллия.  Жапырақорналасуы  (филлотаксис). 

Жапырақ мозаикасы. 

Жапырақ  пластинкасының  анатомиясы.  Эпидерма,  мезофилл,  оның 

құрылысы  мен  әртүрлі  ӛсімдіктер  жапырақтарында  орналасуы.  Механикалық 

ұлпалар. Жүйкелену, оның типтері, ӛткізгіш шоқтардың құрылысы.  

Жапырақ  құрылысына  сыртқы  ортаның  әсері.  Жапырақтың  тіршілік  ету 

ұзақтығы. Жапырақ түсуі, оның ӛсімдік тіршілігіндегі маңызы.  


 

Тамыр, оның қызметі. Негізгі, қосалқы және жанама тамыр, олардың шығуы. 



Тамыр  жүйесінің  типтері.  Жас  тамырдың  функционалды  аймақтары.  Тамыр 

меристемасы, әртүрлі ӛсімдіктегі құрылыс ерекшеліктері.   

Тамыр  оймақшасының  қызметі.  Ӛсу  аймағы,  заттарды  сору  аймағы  мен 

негізгі ұлпаларды шығару. Ризодерма, тамыр түктерінің қалыптасуы.  

Тамырдың  алғашқы  құрылысы  заттарды  сору  мүшесі  ретінде.  Алғашқы 

қабық, эндодерманың құрылысы. Тамырдың орталық цилиндрі. Камбийдің түзілуі 

және тамырдың екінші рет жуандауы. Бұл процестегі перициклдің ролі. 

Вегетативті мүшелердің метаморфоздары, олардың құрылысы мен ӛсімдіктер 

тіршілігндегі  ролі.  Ӛсімдіктердің  кӛбеюі.  Диаспоралар  туралы  ұғым.  Кӛбею 

типтері. Регенерацияға қабілеттілік вегетативті кӛбеюдің негізі ретінде, вегетативті 

кӛбеюдің тәсілдері. Жоғары сатыдағы ӛсімдіктер даму цикліндегі гаплоидты және 

диплоидты  генерацияның  (гаметофит  пен  спорофит)  кезектесуі.  Жыныссыз  спора 

арқылы  кӛбею.  Спорангийлер,  оның  құрылысы  мен  жоғары  сатыдағы  ӛсімдіктер 

ӛкілдерінде  орналасуы.  Спорофиллдер,  стробилдер,  сорустар,  синангийлер. 

Гаметофиттердің дамуы мен құрылысы.  

Жоғары  сатыдағы  ӛсімдіктердің  жынысты  кӛбеюі.  Гаметангий,  олардың 

құрылысының  ерекшеліктері  мен  орналасуы.  Аналық  және  аталық  гаметалар. 

Жынысты процесс және оны жүзеге асыру жағдайлар. Ұрықтың дамуы.  

Жоғары 

сатыдағы 



ӛсімдіктер 

эволюциясындағы 

споралардың 

дифференциациясы.  Изо-  және  гетероспория.  Микроспоралар  мен  мегаспоралар 

(макроспоралар).  Гетероспорияға  байланысты  гаметофиттер  мен  гаметангияның 

редукциялануы.  

Жоғары сатыдағы ӛсімдіктердің тұқымды кӛбею. Тұқымбүршік туралы ұғым. 

Тұқымбүршіктің табиғаты, құрылысы мен орналасуы.  

Жалаңаштұқымдылардың  мега-  және  микроспорофиллдері.  Мегаспорогенез 

және микроспорогенез, аналық және аталық гаметофиттердің дамуы.  

Гүл жабықтұқымды ӛркеннің ӛнімі ретінде. Ӛсімдіктерде гүлдің орналасуы.  

Гүлшоғырдың  құрылысы.  Цимозды  және  рацемозды,  жай    және  қүрделі 

гүлшоғырлар. Антодий. 

Гүлшоғырдың биологиялық маңызы. 

Гүлдің  құрылысы.  Гүлсерік,  андроцей,  гинецей,  олардың  элементтерінің 

гүлтабанында орналасуы.  

Спиралды, 

шеңберлі, 

жартылай 

шеңберлі 

гүлдер. 

Симметриясы. 

Диаграммалар мен гүлдің формуласы.  

Гүлсерік,  оның  құрылысы,  шығу  тегі  мен  қызметі.  Жай  және  қосарлы 

гүлсерік.  

Күлте  және  тостағанша.  Қосарлы  гүлсеріктің  шығуы.  Гүлсерік 

элементтерінің тұтасып ӛсуі.  

Андроцей.  Тозаң  микроспорофиллдің  гомологы  ретінде,  оның  құрылысы. 

Микроспорогенез.  Тозаң  дәнектері  жоғары  сатыдағы  ӛсімдіктердің  аталық 

гаметофитінің  шеткі  дәрежелі  редукциясы  ретінде.  Тозаң  дәндерінің  құрылыс 

ерекшеліктері. Тозаңқаптың құрылысының алуантүрлілігі. Стаминодий. 


 

Гинецей.  Жеміс  жапырақшасының  морфологиялық  табиғаты.  Аналықтың 



құрылысы.  Гүл  түйіннің  биологиялық  маңызы,  оның  гүлде  орналасуы. 

Стилодиялар және  бағандар. Гинецей типтері: апокарпты, синкарпты, паракарпты, 

лизикарпты. Тұқым бүршігінің құрылысы, плацентация типтері. Мегаспорогенез. 

Ұрық  қапшығы  жабықтұқымдылардың  аналық  гаметофиті  ретінде.  Гүлдеу 

және  тозаңдану.  Клейстогамия  және  хазмогамия.  Тозаңдану  агенттері.  Гүлдердің 

әртүрлі  тозаңдану  тәсілдеріне  бейімделуі.  Айқастозаңдану  мен  ӛздік  тозаңдану. 

Дихогамия мен гетеростилия, олардың биологиялық маңызы.  

Қосарлы  ұрықтану,  ұрық  пен  эндоспермнің  дамуы,  жеміс  пен  тұқымның 

түзілуі,  олардың  биологиялық  маңызы.  Қор  заттардың  жиналуына  байланысты 

тұқымдардың құрылысы. Перисперм, оның шығу тегі. Тұқым қабығының қызметі. 

Гетероспермия. Ариллустар, олардың шығу тегі және бейімделушілік маңызы.  

Жеміс, оның дамуы. Жемістердің морфологиялық алуантүрлілігі мен оларды 

жіктеу принциптері.  

Перикардий,  оның  құрылысы  мен  биологиялық  маңызы.  Жемістер  мен 

тұқымдардың таралуға бейімделуі.   

 

ЖОҒАРЫ САТЫДАҒЫ ӚСІМДІКТЕРДІҢ СИСТЕМАТИКАЛЫҚ 



ШОЛУЫ 

 

Мүктәрізділер мен түтіктілер – жоғары сатыдағы ӛсімдіктер эволюциясында 

екі негізгі линиялардың ӛкілдері.  

Олардың  арасындағы  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтар,  мүмкін  бола 

алатын туыстық байланыстары. Жоғары сатыдағы ӛсімдіктерді жіктеу. 

Архегониалды ӛсімдіктер  

Түтіксіз ӛсімдіктер 

Мүктәрізділер  бӛлімі  (Bryophyta).  Мүктәрізділердің  жалпы  гаметофит  пен 

спорофиттің морфологиялы-анатомиялық сипатамасы. Класс үсті және класстарды 

бӛлуде пайдаланатын негізгі белгілері.  

Антоцерот  тәрізділер  класс  үсті.  Антоцеротозды  класс.  Гаметангиялардың 

дамуы 


мен 

қалыптасу 

ерекшеліктері. 

Сперматозоидтің 

симметриясы 

антоцероттардың маңызды айырмашылық белгілердің бірі ретінде. Спорогонийдің 

құрылысы  мен  дамуы.  Споралар  мен  элатералар.  Мүктәрізділер  жүйесінде 

антоцероттардың орны.  

Юнгерманниялықтар  класс  үсті  немесе  Бауырмүктер.  Гаметангиялардың 

даму  ерекшеліктері.  Сперматозоидтың  симметриясы.  Спорогоний  құрылысының 

негізгі белгілері. Споралар және элатерлер. 

Юнгерманниялық классы. Оның ӛкілдерінің морфологиясы мен анатомиясы. 

Вегетативті кӛбею. 

Маршанция  классы.  Оның  ӛкілдерінің  морфологиясы  мен  анатомиясы. 

Вегетативті  кӛбею.  Гаметангийлердің  орналасуы.  Спорогоний  құрылысы  мен 

ашылу тәсілдері. 

Юнгерманниялықтар мен маршанциялардың туыстық байланысы. 


 

Мүктер  немесе  мүктәрізділер  клас  үсті.  Спора,  протонеманың,  ӛркеннің 



(гаметофордың)  құрылысы.  Антеридий  мен  архегонийдың  құрылысы  мен 

орналасуы.  Спорогонийдың құрылысы мен  дамуы.  Қорапшаның  ашылу  тәсілдері. 

Перистом, оның типтері.  

Политрихтілер,  Андреев,  Сфагнум  класстарының  қысқаша  сипаттамасы. 

Палеозой  мен  мезозой  мүктәрізділері.  Мүктәрізділердің  су  режимі,  жыныстық 

процесс және кӛбеюіне байланысты таралуы мен экологиясы. Адам ӛмірінде және 

табиғатта мүктәрізділердің ролі.  

Түтікті ӛсімдіктер 

Түтікті  ӛсімдіктер  систематикасында  пайдаланатын  белгілер:  ұрық 

құрылысы, латеральді меристеманың типтері, жапырақ табиғаты, спорангийлердің 

құрылысы мен орналасуы.  

    


 Плаунтәрізділер бӛлімі (Lycopodiophyta). Жалпы сипаттамасы мен жіктеуі.  

Зостерофиллділер  класы.  Стела  құрылысы,  спорангийлердің  ашылу  тәсілі 

мен орналасуы.  

  

Протолепидодендрондылар  класы.  Жапырақтары  мен  осьтің  құрылысы. 



Спорангийлердің орналасуы.  

Плаунтәрізділердің жапырағының морфологиялық табиғаты. 

Плаундар  класы.  Гомо-  және  гетерофилльді  плаундар.  Вегетативті  және 

жыныссыз кӛбеюі. Ұрық, ӛскін және ӛскіншелердің типтері. Тӛменгі палеозойдың 

плаундардың ежелгі ӛкілдері. 

Селагинеллалылар  класы.  "Ризофордың"  морфологиялық  табиғаты.  Гомо- 

және  гетерофиллия.  Тілшенің  құрылысы.  Спорангий  мен  споралар.  Аналық  және 

аталық  ӛсіндінің  эндоспоралық  дамуы  мен  оның  құрылысы.  Ұрық    құрылысы. 

Жоғары палеозойдың селагинеллалылар. 

Полушниктер  класы.  Қазіргі  полушниктердің  тіршілік  түрі.  Жапырақтары 

мен  осьтің  (ризофор  мен  кормустың)  құрылысы.  Спорангий  мен  споралар.  Ұрық 

пен  ӛскіннің  құрылысы.  Палеозой  полушниктерінің  анатомиялық  құрылысы  мен 

ӛсу  сипаты.  Тіршілік  формаларының  эволюциясының  екі  тенденциялары.  Микро- 

және  мегаспорангийлердің  құрылысы.  Гаметофиттердің  таралуы  мен  қорғану 

тәсілдері.  Мезозой  полушниктерінің  осінің  дедукциясы.  Плаунтәрізділердің 

филогениясы.  

Қырықбуындар  (Equisetophyta)  бӛлімі.  Жалпы  сипаттау  мен  жіктелуі. 

Палеозойдың  қырықбуындары,  олардың  сыртқы  түрі,  анатомиялық  құрылысы, 

жайғасуы  және  спорангийлердің  орналасуы.  Қырықбуындар  класы.  Қазіргі 

қырықбуындарда  ксероморфизм  және  гигроморфизм  белгілері.  Эпидерма  мен 

лептесіктердің  құрылысының  ерекшеліктері.  Жапырақ  қызметі.  Спорангийлер 

және споралар. Ӛскіндердің құрылысы. Қырықбуындардың филогениясы.   

Папоротниктәрізділер  бӛлімі  (Pteridophyta).  Жалпы  сипаттамасы  мен 

жіктелуі.  Ринилер  және  Тримерофиттер  кластары.  Спорофиттердің  құрылыс 

ерекшеліктері. Телом және ризомоид. Кладодий жапырағының қалыптасуы.  

Псилоттар  класы.  Псилот  және  тмезиптеристің  спорофиттер  мен 

гаметофиттердің  анатомиялық  және  морфологиялық  құрылысы.  Басқа  да 

папоротниктәрізділермен туыстық байланыстары.  



10 

 

Жылантіл  класы.  Жапырақ  пен  тамырсабақтың  құрылыс  ерекешеліктері. 



Жылантілдердің  вегетативті  кӛбеюі.  Спорангийлердің  құрылысы  мен  орналасуы. 

Споралардың  ӛсу  ерекешеліктері.  Ӛскіншенің  биологиясы  мен  морфологиясы. 

Жоғары 

сатыдағы 



ӛсімдіктер 

систематикасында 

жылантілдердің 

орны. 


Мараттиялар  класы.  Спорофиттің  морфологиясы  мен  анатомиясы,  сорустар  мен 

синангийлер.  Ӛскіншенің  морфологиясы.  Басқа  да  папоротниктәрізділермен 

байланыстары. Тіршілік формасының әртүрлілігі.  

Кӛпаяқтылар класы. Жапырақ морфологиясы. 

Теңспоралы  кӛпаяқтылар.  Спорангийлердің  құрылысы  мен  орналасуы. 

Сорустар мен ценосорустар. Ӛскінше типтері. 

Су  папортниктері  немесе  әртүрліспоралы  шаңжапырақтар.  Спорофиттің 

морфологиясы мен . Сорустар мен спорокарпийлер. 

Гаметофиттердің 

редукциясы. 

Азолланың 

цианеямен 

симбиозы. 

Папоротниктәрізділердің филогенеясы.  

Тұқымды ӛсімдіктер.  

Жалпы  сипаттамасы  мен  жіктелуі.  Про-,  ашық-  және  жабықтұқымдылар. 

Тұқымбүршіктің морфологиялық табиғаты.   

Ашықтұқымдылар  немесе  қарағайлар  (Gymnospermae,  немесе  Pinophyta) 

бӛлімі. Жалпы сипаттамасы. 

Археоптеристер  класы,  немесе  Проашықтұқымдылар.  Діңінің  құрылысы. 

Жапырақ морфологиясы. Спорангийлердің құрылысы мен орналасуы.    

Тұқымды  папоротниктер,  немесе  Лигиноптеристтер  класы.  Тіршілік 

формалары.  Лигиноптеристілер  және  Медуллозалар  қатарының  сабақтары  мен 

жапырақтарының  құрылысы.  Лигиноптеристілердің  тұқымбүршігінің  эволюциясы 

мен  құрылысы.  Медуллозалардың  тұқымбүршігі.  Лигиноптеристілер  және 

Медуллозалардың  микроспорофилдері,  синангийлері  және  синангийлердің 

жиналуы.  

Беннеттиттер  немесе  цикадеоидтар  класы.  Діңдері  мен  жапырақтарының 

морфологиясы мен анатомиясы. Стробилдердің құрылысы. 

Саговниктер класы. Тіршілік формалары мен қазіргі цикадалардың екіншілік 

жуандауы.  

Мегастробилдердің,  мегаспорофилдердің  және  тұқымбүршігінің  құрылысы. 

Спорогенез.  Аналық  гаметофиттің  дамуы  (эндосперм).  Микростробилдердің, 

микроспорофиллдердің, және микроспорангийлердің құрылысы. 

Аталық  гаметофиттің  (тозаң  дәндерінің)  дамуы.  Тозаңдану  және  ұрықтану. 

Тұқымның құрылысы мен ӛнуі. Қазбалы саговниктер. 

Гинкогалар  классы.  Екіқалақшалы  гингконың  жапырағы  мен  діңінің 

құрылысы.  Мегастробилдер  мен  тұқымбүршіктер.  Аналық  гаметофиттің  дамуы. 

Микростробилдер,  микроспорофиллдер  мен  микроспорангийлер.  Тозаң  дәнектері. 

Тозаңдану мен ұрықтану. Тұқымның құрылысы мен ӛсуі.  

Қарағайлар  немесе  қылқандылар  классы.  Тіршілік  формалары.  Жапырақтар 

мен  ӛркендерінің  морфологиясы.  Мегастробилдердің  мен  тұқымбүршіктің 

құрылысы. 

Аналық 


гаметофиттің 

дамуы. 


Микростробилдер 

мен 


микроспорофиллдердің  құрылысы.  Микроспорлардың  құрылысы.  Аталық 

11 

 

гаметофиттің  дамуы.  Тозаңдану  мен  ұрықтану.  Ұрықтың  дамуы.  Тұқымның  ӛсуі 



мен  құрылысы.  Қазбалы  қылқандылар:  кордаиттер  мен    валхиевтілер.  Жалпы 

морфология.  Сүрекдіңнің  құрылысы.  Микро-  және  мегастробилдер.  Қазіргі 

қылқандыларда тұқым бүр қабыршағының шығу тегі.  

Гнеталар  немесе  Қабықтұқымдылар  класы.  Гнетумның,  эфедраның  және 

вельвичияның  морфо-анатомиялық  ерекшеліктері.  Тозаңдану  және  ұрықтану. 

Микростробилдердің,  микроспорофилдердің  (гнетум  мен  велвичия)  және 

антерофораның  (эфедрада)  құрылысы.  Тозаң  дәндері.  Тозаңдану  және 

ұрықтандыру. Тұқым құрылысы. 

 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал