Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министірлігі



жүктеу 136.66 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі136.66 Kb.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министірлігі 

КЕАҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті»  

Жылуэнергетика факультеті 

Өнеркәсіптік жылуэнергетика  кафедрасы 

 

 



                                                                       «Бекітемін» 

 

ЖЭФ деканы_________Зияханов М.У. 

                                                           «       » ________2016 ж. 

 

 



 

SYLLABUS 

Ehi

 

1211 - Электрохимия  пәні бойынша 

 

5В071800 – «Электрэнергетикасы»  мамандығына 



 

 

 



Курс                                  - 1 

Семестр                            - 2                            

Барлық кредит:                - 2  

Барлық ECTS кредит      - 3          

Барлық сағат:                  - 90  

Аудиториялық: 

Дәріс                                - 15 сағ.                                         

Зертханалық сабақтар    - 15 сағ. 

Машықтану сабақтары   -  8 сағ.  

СӨЖ                                 - 52 сағ. 

СОӨЖ                              - 15 сағ.  

ЕСЖ                                 -  2 

Сынақтау түрі                 - емтихан 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы, 2016 



Syllabus  5В071800  –  Электр  энергетикасы  мамандығы  жұмыстық  оқу 

жоспарының негізінде жасалды. 

Құрастырғандар:    х.  ғ.  к.,    доцент    Тұманова  А.А.,  х.  ғ.  к.,  доцент. 

Идрисова К.С.,  х. ғ. к., доцент Султанбаева Б.М.  

Syllabus  Өнеркәсіптік жылуэнергетика кафедрасы  отырысында 

қаралды және бекітілді  (" 21 "   06    2016 ж.,   №  7 хаттама). 

 

 

 



Кафедра меңгерушісі ___________ Мусабеков Р.А. 

 

 



Syllabus  жылуэнергетика факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының 

отырысында қаралды және бекітілді  (" 22 "  06   2016 ж.,   №  4 хаттама). 

 

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Оқытушылар туралы мәлімет: 

 

Туманова Айтбала Айтеновна, х.ғ.к., ӨЖЭ кафедрасының доценті.  

Офис:  А 508, А 409 аудитория. 

Контакты: 8 (727) 2 92 53 80, pte@aipet.kz 

 

Идрисова Карлыгаш Садыровна, х.ғ.к., ӨЖЭ кафедрасының доценті.  



Офис:  А 508, А 409 аудитория. 

Контакты: 8 (727) 2 92 53 80, pte@aipet.kz 



 

Султанбаева Болдых Мирсадыковна, х.ғ.к., ӨЖЭ кафедрасының доценті.  

Офис:  А407, А 409 аудитория. 

Контакты: 8 (727) 2 92 53 80, pte@aipet.kz 



 

2.  Пән бойынша аудиториялық сабақтарды өткізудің уақыты мен 

орны:    Сабақтар  кестесіне  сәйкес  өткізіледі.  СОӨЖ  консультациялар 

кестесі  электрэнергетика  факультеті  деканаты  (С-209)  және  өнеркәсіптік 

жылуэнергетика кафедрасының хабарландыру тақталарында ілінген. 

 

3.  Оқу пәнінің сипаттамасы: 

Атом  құрылысы.  Д.И.  Менделеевтің  периодтық  заңы  мен  элементтердің 

периодтық  жүйесі.  Химиялық  байланыс.  Электролит  ерітінділері.  Тотығу-

тотықсыздану реакциялары.      Электрохимиялық процестер. Гальваникалық 

элемент.  Аккумуляторлар.    Отын  элементі.  Электролиз.  Металдар 

коррозиясы және одан қорғау әдістері.  



3.1  "Химия"  пәнінің  мақсаты:    Энергетик-бакалаврларды  кәсіптік 

дайындау  процесінің  құрама  бөлігі  болып  табылатын  электрохимия  және 

жалпы химия бөлімдерін жете меңгерту. 

      

Пәнді оқу арқылы студент білуі қажет: 

1.

 



Атомдар құрылысын; 

2.

 



Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі мен заңын, оның атомдар 

мен молекулалар құрылысы теориясымен байланысын; 

3.

 

Химиялық байланыстың негізгі түрлері мен сипаттамаларын, 



периодтық жүйедегі құрылысы мен атом ішіндегі орналасуының 

байланысының себебін; 

4.

 

Электролит ерітінділерінің теориясын; 



5.

 

Тотығу-тотықсыздану реакцияларын; 



6.

 

Электродтық потенциалдар теориясы мен электролиз теориясын; 



7.

 

Аккумуляторлар және отын элементтерінің жұмыс істеу  



қағидаларын; 

8.

 



Металдардың коррозиясын және одан қорғау әдістерін. 

 

Пәнді оқу арқылы студенттің алатын білік дағдысы

1.

 



Элемент атомдарының валенттіліктерін анықтау; 

2.

 

Периодтық жүйедегі элементтердің орналасуын сипаттау; 



3.

 

Молекулалардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін жазу, 



электролит ерітінділерінің рН мәнін, диссоциациялану дәрежесін, иондық 

күшін, активтілігін  есептеп білу; 

4.

 

Тотығу-тотықсыздану реакцияларына теңдеулер жазу; 



5.

 

Электродтық потенциалдар мен ЭҚК есептеуде металдардың кернеу 



қатарын пайдалана білу; 

6.

 



Токтың  химиялық көздерін;  I және II ретті өткізгіштерін  білу; 

7.

 



Ерімейтін және еритін анодпен электролиз кезінде анодта және 

катодта жүретін процестерді сипаттау, ток шығымын есептеу

8.

 

 Металдардың коррозиялану процестерінің теңдеулерін құрастыру. 



 

 

«Электрохимия» пәнін оқу нәтижесінде студенттер келесі кәсіптік  



компетенцияларға ие болуы қажет: электрохимия  саласында кәсіптік  

мәселелерді шешу. 



3.2  Қайта деректемелері

:

: қажет емес. 

 

  3.3  Кейінгі деректемелері: экология және тұрақты даму

электртехникалық жадығаттану, электртехникалық материалдар және 

бұйымдар. 

 

4. Пәннің мазмұны мен құрылымы   

      

 4.1 Теориялық дайындалу 



Тақы 

рып 


№  

Тақырыбы (модульдер, бөлімдер) 

 

Әдебиет 


нөмірі 

(*) 



 

Атомдар  құрылысы.  Д.И.Менделеевтің  периодтық 

заңы  мен  элементтердің  периодтық  жүйесі.  Атом 

мен  ядросы  туралы  негізгі  түсініктер.  Атом 

құрылысының  квант-механикалық  теориясы.  Квант 

сандары.  S-,  p-,  d-,  f-атомдық  орбитальдарының 

түрлері.  Паули  қағидасы,  Хунд  және  Клечковский 

ережелері,  энергияның  кішірею  қағидасы.  Иондану 

потенциалы, 

электронға 

тартқыштық, 

электртерістілік.  Д.И.  Менделеевтің  периодтық  заңы 

мен периодтық жүйесі. (2 сағ) 

Конспект 

[1,2,6-

8,11] 


  

(*) 



Химиялық  байланыс.  Зат  құрылысы.    Химиялық 

байланыстардың түрлері. Валенттік байланыстар әдісі 

(ВБ). 

Коваленттік 



байланыс. 

Коваленттік 

байланыстың  энергиясы,  ұзындығы,  қанығушылығы 

және  бағытталғандығы.  Иондық  байланыс.  Сутектік 

байланыс.  Металдық  байланыс  туралы  жалпы 

түсініктер.  Молекулалардың  гибридтену  түрлері.  

Молекулалық  орбитальдар  әдісі  туралы  түсінік 

Конспект 

[1,2,6-

8,11] 


  

 


(МОӘ). (2 сағ) 



Электролит  ерітінділері.  Ерітінділер  анықтамасы 

мен    сипаттамасы.  Электролиттік  диссоциациялану 

теориясы. 

Электролиттердің 

электролиттік 

диссоциациялану 

тұрақтысы 

мен 

дәрежесі. 



Оствальдтың 

сұйылту 


заңы. 

Электролит 

ерітінділерінің электрлік өткізгіштігі. Кольрауш заңы. 

Ерітінділердің  иондық  күші.  Судың  электролиттік 

диссоциациялануы.  Ортаның  сутектік  көрсеткіші. 

Ерітінділердегі иондық реакциялар. (2 сағ) 

 

Конспект 



[1,2,6-

8,11] 


 



Тотығу  -  тотықсыздану  реакциялары.  Тотығу-

тотықсыздану  реакцияларының  жіктелуі.  Тотығу-

тотықсыздану  реакцияларын  құрастыру  әдістері. 

Негізгі тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар. 

Реакция 


шарттарына 

байланысты 

тотығу-

тотықсыздану реакцияларының бағыты. (2 сағ) 



Конспект 

[1,2,6-


8,11] 

 



 

  Электрохимиялық 



процестер. 

Электродтық 

потенциал 

туралы 


түсінік. 

Якоби-Даниэльдің 

гальваникалық  элементі.  Гальваникалық  элементтің 

ЭҚК.  Потенциалдардың  сутектік  шкаласы.  Металл 

және  газ  электродтарының  потенциалдары.  Redox 

потенциал.    Электродтық  процестердің  кинетикасы. 

Полярлану. Токтың химиялық көздері. I және II ретті 

өткізгіштер.  Аккумуляторлар.  Отын  элементтері. 

Электрохимиялық энергоқондырғылар. (2 сағ) 

Конспект 

[1,2,6-

8,11] 


 

(*) 



 

Электролиз. 

Электролит 

ерітінділері 

мен 


балқымаларының  ерімейтін  анодпен  электролизі.   

Фарадей  заңдары.  Ток  бойынша  шығым.  Еритін 

анодпен  электролиз.  Электролизді  іс  жүзінде 

пайдалану. (2 сағ)  

Конспект 

[1,2,6-


8,11] 

 



(*) 

 

 



 

 

 



 

Металдар  коррозиясы  және  одан  қорғау.  Өту 

механізмі мен бүліну түріне байланысты коррозиялық 

процестердің  жіктелуі  мен  анықтамасы.  Химиялық 

коррозияның  термодинамикасы  мен  кинетикасы.  

Электрохимиялық  коррозияның  термодинамикасы 

мен  кинетикасы.  Қаңғыма  токтарының  әсерінен 

коррозия.  Коррозиядан  қорғау  әдістері:  легірлеу, 

қорғаныс 

қабаттар, 

электрохимиялық 

қорғау, 

коррозиялық ортвның қасиеттерін өзгерту.  (3 сағ) 



 

Конспект 

[1,2,6-

8,11] 


 

 

 



 

 

 



                                                   Барлығы: 15 сағат 

 

(*)  - сырттай оқу бөлімі үшін 



 

 

4.2 Тәжірибелік дайындалу 



4.2.1 Зертханалық жұмыстардың тізімі 

 

Тақы 


рып  

№  


Тақырыбы 

Әдебиет нөмірі  

(*) 


 

 

Зертханада жұмысты орындау кезіндегі 



қауіпсіздік ережелерімен танысу.  

№ 1 жұмыс. Бейорганикалық  қосылыстардың 

кластары. (4 сағ) 

[1,2,6-9,13] 

 



(*) 



№ 2 жұмыс. Тотығу - тотықсыздану реакциялары. 

(2 сағ) 


[1,2,6-9,11,13] 

 



 

№ 3 жұмыс. Металдардың кернеу қатары мен 

гальваникалық элементтердің жұмысы. (4 сағ) 

[1,2,6-9,13] 

 



(*) 



№ 4 жұмыс.  Электролиз. (2 сағ)   

[1,2,6-9,13] 

 



 



№ 5 жұмыс.  Металдардың коррозиясы және одан 

қорғау. (3 сағ) 

[1,2,6-9,13] 

 

(*)  - сырттай оқу бөлімі үшін                                       Барлығы:     15 сағат



 

 

4.2.2 Машықтану сабақтарының тақырыптары 



 

Тақырып 


№ 

Сабақтың тақырыбы 

Әдебиет 

Нөмірі 


Электролит ерітінділерінің қасиеттері. (2 сағ) 

[3-5,10] 

2 (*) 


 

 Металдардың кернеу қатары. Гальваникалық 

элементтер. (2 сағ) 

[3-5,10] 

 



 



Электролит балқымалары мен ерітінділерінің 

электролизі.  (2 сағ)  

[3-5,10] 

 



(*) 

Металдар коррозиясы. (2 сағ) 

[3-5,10] 

 

* - сырттай оқу бөліміне арналған

   

                         



Барлығы:       8 сағат 

 

 

   4.2.3   Есептік-сызба жұмысы 

4.2.3.1  Есептік-сызба жұмысы №1.  

Тақырыптар:    Атом  құрылысы.  Химиялық  байланыс.  Электролит 

ерітінділері. 

          [14]-ші  әдістемелік  нұсқаулықтарға  сәйкес  орындалады.  Тапсырма  1 

аптада беріледі, қорғау семестрдің 7-ші аптасында жүргізіледі. 



4.2.3.2  Есептік-сызба жұмысы №2. 

Тақырыптар:    Электрохимиялық  процестер.  Гальваникалық  элемент. 

Электролиз.  Металдардың коррозиясы және одан қорғау.                    



[14]-ші  әдістемелік  нұсқаулықтарға  сәйкес  орындалады.  Тапсырма  7 

аптада беріледі, қорғау семестрдің 14-ші аптасында жүргізіледі. 



 

4.3 Аралық бақылау кестесі 

Аралық 


бақылау 

   


Мазмұны 

Өткізу мерзімі 

және түрі 

№ 1 


Атом  құрылысы.    Д.И.  Менделеевтің  периодтың 

заңы  және  химиялық  элементтердің  периодтық 

жүйесі.    Химиялық  байланыс.  Электролит 

ерітінділері. 

7-ші аптада 

№ 2 


Тотығу 

тотықсыздану 



реакциялары. 

Электрохимиялық 

процестер: 

гальваникалық 

элемент,  аккумуляторлар,  электролиз,  металдар 

мен құймалар коррозиясы.  

15-ші аптада 

 

 

4.4 Студенттер өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыптары 

№ 

п/п 



СӨЖ тақырыптары 

1*  Атом құрылысы. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен жүйесі. 

2*  Химиялық  байланыс.  Химиялық  байланыстың  түрлері.  Атомдық 

орбитальдардың гибридтенуі. Молекулалардың кеңістіктік құрылысы. 

3*  Электролит  ерітінділері.  Күшті  электролиттер.  Ерітіндінің  иондық 

күші.  Судың  диссоциациялануы.  Судың  иондық  көбейтіндісі.  Иондық 

реакциялар. 

4*  Электродтарда  өтетін  электрохимиялық  процестер.  Нернст  теңдеуі. 

Химиялық  және  концентрациялық  гальваникалық  элементтер.  Токтың 

химиялық көздері. 1 және 2 ретті өткізгіштер.    

5*  Электролиз.  Электродтық  процестердің  реттілігі.  Электролизді  іс 

жүзінде пайдалану. Аккумуляторлар. 

6*  Металдар  коррозиясы.  Металдарды  коррозиядан  қорғау  әдістері: 

қорғаныш жабындары, протекторлық қорғау, электрохимиялық қорғау, 

ингибиторлар. 

(*)  - сырттай оқу бөлімі үшін 

 

4.5 Студенттің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) 

№ 

 



Өзіндік жұмыстар мазмұны 

Әдебиет нөмірі 

1*  Химияның негізгі түсініктері. Химияның негізгі 

заңдары.  Химиялық формулалар мен теңдеулер 

бойынша есептеулерді жүргізу.  

[3-5,10,14] 

 

2*  Электролиттердің диссоциациялануы.  



Иондық реакциялар. Иондық теңдеулерді жазу, 

 

ион алмасу реакцияларының жүру мүмкіндігін 

анықтау. 

3*   Күшті және әлсіз электролиттер. Күшті 

электролиттер ерітінділерінің иондық күшін, 

активтілігін, рН және рОН мәндерін есептеу.  

[3-5,10,14] 

 

4*  Әлсіз электролиттер ерітінділерінің 



диссоциациялану дәрежесін, рН және рОН 

мәндерін есептеу. 

[3-5,10,14] 

 

5*  Гальваникалық элементтер. Электродтық  

потенциал. Нернст теңдеуі. Электродтық  

потенциалға есептерді шығару. Гальваникалық 

элементтің ЭҚК. Аккумуляторлар. Отын 

элементтері. 

[3-5,10,14] 

 

6*  Электролиз  процесінің  негізі.  Электролиздегі 

иондардың  разрядтану  ережелері.  Электролиттер 

сулы ерітінділерінің ерімейтін анодта электролизі. 

Еритін анодпен электролиз. Электролиз процесінің 

теңдеулерін жазу. Жаттығулар.  

[3-5,10,14] 

 

7*  Металдар коррозиясы. Металдардың 

электрохимиялық коррозиясы. Катодтық және 

анодтық процестердің теңдеулерін жазу.  

[3-5,10,14] 

 

 (*)  - сырттай оқу бөлімі үшін 

 

4.6 Студенттер өзіндік жұмысының кестесі 

 

№ 



п/п 

 

СӨЖ тақырыптары 



СӨЖ 

тапсыру 


мерзімдері 

Әдебиет 


нөмірі мен 

бөлімі 


 



 

 

 



 

3  


Дәрістер 

 

Зертханалық 



жұмыстар 

 

 



 

Есептік-


сызба  жұмыс 

№1 


 

Есептік-


сызба  жұмыс 

№2 


 Алдыңғы дәрістер 

материалдарын меңгеру. 

Жасалатын зертханалық 

жұмыстың теориясын 

оқу, жұмысты орындауға 

дайындалу. 

 

Тапсырмалар бойынша 



теорияны оқып, 

есептерді шешу 

 

Тапсырмалар бойынша 



теорияны оқып, 

есептерді шешу 

 

Апта сайын 



 

Апта сайын 

 

 

 



 

Тапсырылуы  

-    1-2  апта, 

қабылдануы 

-   6-шы апта 

Тапсырылуы  

-    7-ші  апта, 

қабылдануы 

-   13-ші апта 

[1,2,6-8,11] 

 

[1,2,6-9,11,13] 



 

 

 



 

[1-8,10,14] 

 

 

 



[1-8,10,14] 

 


4.7   Қорытынды бақылау сұрақтарының тізімі 

1. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық 

жүйесі, оның құрылымы. Атом құрылысымен байланысы. 

2. Атом құрылысының квант-механикалық моделі.  

3. Электрондық бұлт туралы түсінік. Кванттық сандар. 

4.

 



Орбитальдарды электрондармен толтыру реті. Энергияның  

кішіреуі принципі. Паули принципі. Хунд ережесі. Клечковский ережесі. 

5.

 

Энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелердің сиымдылығы. 



Атомдардың  электрон  қауыздарының  құрылысы.  Периодтық  жүйенің  атом 

құрысымен байланысы. 

6.

 

  Иондану энергиясы, электронға тартқыштық, 



электртерістілік.  

7.

 



 Химиялық байланыстың табиғаты. Валенттік байланыстар  

теориясы. Тотығу дәрежесі туралы түсінік. Орбитальдардың гибридтенуі. 

8.

 

 Коваленттік байланыс. Қанығушылығы мен 



бағытталғандығы. 

9.

 



 π  және  σ-байланыстар. Байланыс ұзындығы мен энергиясы. 

10.


 

  Иондық байланыс. 

11.

 

 Металдық байланыс. 



12.

 

 Сутектік байланыс. Оның түзілуінің механизмі. 



13.

 

Ерітінділер, анықтамасы, жіктелуі. Ерітінділердің 



концентрациялары туралы түсінік, оларды өрнектеу жолдары. 

14. Электролиттік диссоциациялану теориясы. Электролиттік 

диссоциацияланудың дәрежесі мен тұрақтысы. Оствальдтың сұйылту заңы. 

15. Күшті және әлсіз электролиттер теориясы. 

16. Су. Судың иондық көбейтіндісі. Ортаның сутектік көрсеткіші (рН). 

17.  Активтілік,  активтілік  коэффициенті.  Ерітінділердің  иондық  күші. 

Активтілік  коэффициент  пен  ерітіндінің  иондық  күшінің  арасындағы 

байланыс. 

18.  Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-тотықсыздану 

реакцияларының 

жіктелуі. 

Типтік 


тотықтырғыштар 

мен 


тотықсыздандырғыштар.  Тотығу-тотықсыздану  реакцияларын  теңестіру 

әдістері: электрондық және ион-электрондық баланс.  

19.  Әр  түрлі  топтар  мен  периодтар  элемент  атомдарының  валенттік 

мүмкіндіктері. 

20. Электрохимиялық процестер, анықтамалары мен жіктелуі. 

Электродтық  потенциал  туралы  түсінік.  Стандартты  электродтық  

потенциал. Металл электродының потенциалын есептейтін  Нернст теңдеуі. 

21.  Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің электр 

қозғаушы күші. Концентрациялық  элемент. 

22.  Газ электродтары. Сутектік және оттектік электродтардың 

потенциалдарын есептеу. 

23. Тотығу-тотықсыздану потенциалы (Redox- потенциал). 



24. Электродтық процестердің кинетикасы. Концентрациялық  

және электрохимиялық  полярлану. 

25.  Токтың химиялық көздері. Аккумуляторлар. Отын элементтері. 

26.  Электролиз.  Фарадей  заңдары.  Еритін  және  ерімейтін  анодпен 

электролиздеу. Ток бойынша шығым. Электролизді іс жүзінде пайдалану. 

27.  Коррозия.  Коррозияның  негізгі  түрлері:  химиялық,  электрохимиялық, 

қаңғыма токтарының әсерінен  коррозия. Коррозиядан қорғау әдістері.  

28.    Химиялық  және  электрохимиялық  коррозияның  термодинамикасы  мен 

кинетикасы. 

 

6  Баға бойынша ақпарат 

6.1  Бағалау жүйесі 

Сіздің  білім  деңгейіңіз  оқудың  кредиттік  технологиясында 

қабылданған   курс бағдарламасы бойынша қорытынды бағалар шкаласына 

сәйкес бағаланады (1 – кесте).  

 

  1 – кесте 



Баға 

Балдың сандық 

эквиваленті 

Пайыздық 

мазмұны 

Бағаның бұрынғы түрі 

А 

4,0 


95-100 

Үздік 


А- 

3,67 


90-94 

В+ 


3,33 

85-89 


Жақсы 

В 

3,0 



80-84 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағат 


С 

2,0 


65-69 

С- 


1,67 

60-64 


 

 

D+ 



1,33 

55-59 


1,0 


50-54 



0-49 

Қанағаттанарлықсыз 

Рұқсат  рейтингісінің  бағасы  семестр  бойына  жинақталады. 

Жұмыстардың  әр  түрі 100  баллдық  шкаламен бағаланады және  2  –  кестеге 

сәйкес  коэфиициенттік  деңгей  рұқсаты  ағымдағы  бақылаудың  орташа 

бағасына қосылады. 

2 – кесте. Әр жұмыс түрінің маңыздылығы. 

Параметрлер 

Коэффициент салмағы 

Зертханалық жұмыстардың 

орындалуы 

0,4 


Курстық жұмыс 

0,5 


Дәріс сабақтарына қатысуы 

0,1 


Ағымдағы бақылаудың орташа 

бағасы (Ор) 

1,0 

 

Аралық бақылау (АБ) академиялық күнтізбеге сәйкес семестрде екі рет 



өткізіледі.  Әр  АБ  (А1  және  А2)  100-баллдық  шкаласымен  бағаланады, 

ақпараттық жүйемен АБ бағасының орташа мәні есептеледі 

Б

ор

=(Б



1

2



)/2 

және 0,2 салмақ коэффициентпен қабылдау бақылауына қосылады: 

БР = 0,2Бор+0,8Ор. 

Пән бойынша қорытынды баға шығарылады 

Қ=0,6БР+0,4Е, 

Е – емтихандық бағасының сандық баламасы. 



6.2 Балл қою саясаты: 

     3,4-кестелердегі  бағалардың  балдары  максималды  болып  саналады. 

Дәрістерге  қатысу  балдары  қатыспаған  дәрістердің  санына  байланысты 

болады. 


 

6.3  Университет  оқушыларының  академиялық  мобильдігін 

ұйымдастыруда бағаларды аудару 

      ҚР  оқушыларының  оқу  жетістіктерінің  бағаларын    ECTS  бойынша  

балдық-рейтингтік жүйеге аудару 3 және 4 кестелер бойынша жүргізіледі.  

                                                                                                        

Кесте  3    -    ҚР  оқушыларының  оқу  жетістіктерінің  бағаларын    ECTS 

бойынша  балдық-рейтингтік жүйеге аудару 

  

ECTS 

 б-ша баға 

 

Әріптік жүйе 

б-ша баға 

Баллдың 

сандық 

эквиваленті 

%-дық 

мөлшері 

Дәстүрлі жүйе 

бойынша баға 

А 

А 

4,0 



100 

Өте жақсы

 

В 

В+ 


3,33 

85 


Жақсы

 

С 

В 

3,0 


80 

С 

2,0 



65 

Қанағат


 

1,0 



50 

FX, F 



Қанағатсыз

 

 

 Кесте  4    -    ҚР  ECTS  бойынша    балдық-рейтингтік  әріптік  жүйенің 



бағаларын ECTS бағаларына аудару 

 

 



Әріптік 

жүйе б-ша 

баға 

Баллдың 

сандық 

эквиваленті 

%-дық 

мөлшері 

Дәстүрлі жүйе 

бойынша баға 

ECTS 

 бойынша 

баға 

 

А 

4,0 



95-100 

Өте жақсы 



А 

А- 

3,67 


90-94 

В+ 


3,33 

85-89 


Жақсы 

В 

В 

3,0 



80-84 

Жақсы 


С 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағат 


С 

2,0 


65-69 

Қанағат 


С- 


1,67 

60-64 


D+ 

1,33 


55-59 

1,0 



50-54 

Қанағат 




0-49 

Қанағатсыз 



FX, F 

 

7. Пән саясаты: 

- сабақтарға кешікпей келу, қалдырмау; 

- сабақтарға белсенді қатысу;   

- орынды себептермен қалдырған зертханалық сабақтарды өтеу  (деканаттың 

рұқсатымен); 

- семестрлік жұмысты уақытында орындап, тапсыру: 

-  сабаққа кітапхана мен үйде өзіндік дайындалу. 

8. Академиялық этика ережелері: 

тәртіптілік; 

- әдептілік; 

- тілектестік; 

- адалдық; 

- жауапкершілік; 

- аудиторияда ұялы телефондарды өшіріп қою.  

  Келіспеушілік жағдайлар оқу топтарында оқытушымен, эдвайзермен 

ашық  талқылану  керек.  Шешілмейтін  жағдайда  деканат  қызметкерлеріне 

жеткізілуі қажет.  

 

          9.  Ұсынылатын әдебиет: 

Негізгі: 

1. Пірәлиев С.Ж., Бутин Б.Н., Байназарова Г.М., Жайлау С.Ж. Жалпы 

химия. –Алматы, 2003.-т.1-2.  

2. Коровин Н.В. Общая химия. - М.: Высшая школа, 2005. 

3.  Гольбрайх  З.Е.,  Маслов  Е.И.  Сборник  задач  и  упражнений  по 

химии. - М.: Астрель, 2004. 

4.  Глинка  Н.Л.  Задачи  и  упражнения  по  общей  химии.  -  М.:  Кнорус, 

2012. 


5. Задачи и упражнения по общей химии под ред. Коровина Н.В. - М.: 

Астрель, 2006. 



Қосымша: 

6. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. –А.: Мектеп, 2001. 



7.  Аханбаев  К.А.  Жалпы  және  анорганикалық  химия.  –  А.:  Мектеп, 

1987. 


8.  Харин  А.Н.,  Катаева  Н.А.,  Харина  Л.Г.  Курс  химии.  -  М.:  Высшая 

школа,1983. 

9. Даулетов Б.Д., Ильясов Е.Г. Тотығу-тотықсыздану реакциялары  

және  электрохимиялық процестер. - АЭЖБИ, Алматы, 2001. 

  

Әдістемелік  материалдар: 

          10. Сұлтанбаева Б.М., Тұманова А.А. Химия. Энергетикалық  

мамандықтарының студенттеріне  арналған оқу  құралы.  – Алматы,  АЭжБУ, 

2012.  


11.  Каленова  Ж.А.,  Сұлтанбаева  Б.М.  Химия.  Дәрістер  конспектісі.  –

Алматы, АЭжБУ, 2014. 

12.    Туманова  А.А.,  Идрисова  Қ.С.  Химия.  Тест  тапсырмалары.  –

Алматы, АЭжБИ, 2005. 

13.  Каленова  Ж.А.,  Сұлтанбаева  Б.М.  Химия.  Зертханалық 

жұмыстарды  орындауға  арналған  әдістемелік  нұсқаулар.–Алматы,  АЭжБУ, 

2014. 

14.  Туманова  А.А.,  Идрисова  Қ.С.  Электрохимия.  Есептік-сызба 



жұмыстарын орындауға  арналған  әдістемелік  нұсқаулар.

  - 


Алматы:АЭжБИ, 

2010,  -18 б. 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал