тарту, екіншісі жолы - білімге құштар сауатты жастарды қысқа мерзімді курстардан өткізу, үшіншісі, арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу арқылы мұғалім даярлау. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А.Байтұрсынов тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкіл Қазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие жұмысы, т.б. оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралды.