Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi №319 Заңы



жүктеу 0.87 Mb.

бет1/12
Дата14.09.2017
өлшемі0.87 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бiлiм туралы 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi № 319 Заңы. 

 

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 



"Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз № 254-256 

 

 



      Ескерту. Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 68-баптан қараңыз.

 

МАЗМҰНЫ



 

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша:

 

      "соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектерiне" деген сөздер "Ұлы Отан 



соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

 

      "Оқу және тәрбие процесiн", "оқу және тәрбие процесi", "оқу және тәрбие 



процесiн", "Оқу және тәрбие процесi", "оқу және тәрбие процесiнiң" деген 

сөздер тиiсiнше "Оқу-тәрбие процесiн", "оқу-тәрбие процесi", "оқу-тәрбие 

процесiн", "Оқу-тәрбие процесi", "оқу-тәрбие процесiнiң" деген сөздермен 

ауыстырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн 

күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "ауыл (село)", "ауылдың (селоның), ауылдық 



(селолық)", "ауылдың (селоның)" деген сөздер тиiсiнше "ауыл", "ауылдың, 

ауылдық", "ауылдың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V 

Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он 

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

 

      Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, осы 



саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және Қазақстан 

Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты 

тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм алуға 

конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 



 

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми 

жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 

енгiзiледi);

 

      1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру 



бағдарламаларын iске асыратын шетелдiк әскери оқу орындарында бiлiм алып 

жатқан адам; 

      2) академия – мамандықтардың бiр-екi тобы бойынша жоғары және жоғары 

оқу орнынан кейiнгi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын жоғары 

оқу орны; 

      2-1) академиялық оралымдылық – бiлiм алушыларды немесе оқытушы-

зерттеушiлердi оқыту немесе зерттеулер жүргiзу үшiн белгiлi бiр академиялық 

кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзiнiң жоғары оқу орнында немесе оқуды 

жалғастыру үшiн басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрiнде меңгерген оқу 

бағдарламаларынан, пәндерден мiндеттi түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа 

жоғары оқу орнына (ел iшiнде немесе шетелге) ауыстыру; 

      2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттердi) әзiрлейтiн 

және өздерi әзiрлеген стандарттар (регламенттер) негiзiнде бiлiм беру 

ұйымдарын аккредиттеуден өткiзетiн заңды тұлғалар; 

      2-3) аккредиттеу стандарттары (регламенттерi) – аккредиттеу органының 

аккредиттеу рәсiмiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн құжаттары; 

      3) атаулы стипендия - тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын ойдағыдай 

меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, 

мәдени және спорттық өмiрiне белсене қатысатын неғұрлым қабiлеттi бiлiм 

алушыларды көтермелеу үшiн жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын 

стипендия; 

      3-1) әдiстемелiк кабинет – бiлiм берудi басқару органдарының бiлiм беру 



процесiнiң ұйымдастырушылық-әдiстемелiк қамсыздандырылуын, нәтижелiлiгiн 

талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуiне және олардың 

кәсiптiк тұрғыдан өзiн-өзi жетiлдiруiне жәрдемдесетiн инновациялық 

педагогикалық тәжiрибенi жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететiн құрылымдық 

бөлiмшесi; 

      3-2) әскери, арнаулы оқу орындары – Қазақстан Республикасының ұлттық 

қауiпсiздiк органдарына, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне, 

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан 

Республикасының Қорғаныс министрлiгiне ведомстволық бағынысты бiлiм беру 

ұйымдары; 

      4) бакалавр – жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын меңгерген 

адамдарға берiлетiн дәреже; 

      4-1) бакалавриат – тиiстi мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесiн бере 

отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары бiлiм, бiлiм беру 

бағдарламалары; 

      5) бейiн алды даярлық - бiлiм алушының жеке бiлiм беру траекториясының 

негiзгi орта бiлiм берудi таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау; 

      5-1) бейiндiк мектеп – жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу 

бағдарламасын iске асыратын оқу орны; 

      6) бейiндi оқыту - бiлiм алушылардың мүдделерiн, бейiмдiлiгi мен 

қабiлеттерiн ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесi, бiлiм беру 

процесiн ұйымдастыру; 

      6-1) бейiнi бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан 

тысқары жерлерде кәсiптiк қызметтiң тиiстi саласы бойынша докторантураның 

бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берiлетiн, 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен танылған дәреже; 

      7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы 

азаматтарының шетелдiк жетекшi жоғары оқу орындарында күндiзгi оқу нысаны 

бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық 

комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердiң шетелдiк ұйымдарда 

тағылымдамадан өтуi үшiн Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын 

стипендия; 

      7-1) бiлiктiлiктi арттырудың ваучерлiк-модульдiк жүйесi – бiлiм беру 

қызметкерiне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзiмдерiн таңдауға мүмкiндiк 

беретiн, мемлекет белгiлеген және белгiлi бiр ақша сомасымен қамтамасыз 

етiлген, атаулы құжат (ваучер) түрiнде ресiмделген жан басына шаққандағы 

норматив негiзiнде қаржыландырылатын бiлiктiлiктi арттыру нысаны; 

      7-2) бiлiктiлiктi арттыру институты – үздiксiз бiлiм беру жүйесiнде 

кадрлардың кәсiптiк бiлiктiлiгiн арттырудың және оларды қайта даярлаудың 

актуалды бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, бiлiм берудегi әдiстемелiк 

жұмыстың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн инновациялық процестердi қолдауды 

жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымы

      7-3) бiлiктiлiктi беру – нақты мамандық бойынша тиiстi кәсiптiк қызмет 

түрiнiң шеңберiнде жұмысты орындау үшiн қажеттi жеке қабiлеттiлiк, кәсiптiк 

бiлiм, шеберлiк пен дағдылар жиынтығын растау рәсiмi; 

      7-4) бiлiм алу үшiн арнайы жағдайлар – ерекше бiлiм берiлуiне 

қажеттiлiгi бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы бiлiм беретiн оқу және 

бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруi мүмкiн болмайтын, арнайы оқу 

бағдарламаларын және оқыту әдiстерiн, техникалық және өзге де құралдарды, 

тыныс-тiршiлiгiн, сондай-ақ медициналық, әлеуметтiк және өзге де көрсетiлетiн 

қызметтердi қамтитын жағдайлар; 

      8) бiлiм алушыларды аралық аттестаттау - бiлiм алушылардың бiр оқу 

пәнiн оны зерделеп бiтiргеннен кейiнгi бiр бөлiгiнiң немесе бүкiл көлемiнiң 

мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм; 

      9) бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау - тиiстi бiлiм беру 

деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартында көзделген оқу пәндерiнiң 

көлемiн олардың меңгеру дәрежесiн айқындау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм; 

      9-1) бiлiм беру – имандылық, зияткерлiк, мәдени, тәндiк жағынан дамыту 

және кәсiби құзыреттiлiктi қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын 

тәрбиелеу мен оқытудың үзiлiссiз процесi; 

      9-2) бiлiм беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелерi мен 

мазмұнын, бiлiм беру процесiн ұйымдастыруды және оларды iске асыру тәсiлдерi 

мен әдiстерiн, оқыту нәтижелерiн бағалау өлшемшарттарын қамтитын бiлiм 

берудiң негiзгi сипаттамаларының бiртұтас кешенi; 



      10) бiлiм беру гранты - жоғары бiлiм алуға төлеу үшiн Қазақстан 

Республикасының заңнамасымен белгiленген шарттармен бiлiм алушыға берiлетiн 

ақшаның нысаналы сомасы; 

      10-1) бiлiм беру кредитi – қаржылық ұйымдар мерзiмдiлiк, ақылылық және 

қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшiн қарыз алушыға беретiн ақша; 

      11) бiлiм беру қызметi - бiлiм беру субъектiлерiнiң мақсатты, 

педагогтiк негiзделген, дәйектi өзара iс-қимылы барысында жеке адамды оқыту

дамыту және тәрбиелеу мiндеттерi шешiлетiн процесс; 

      12) бiлiм беру мониторингi - бiлiм беру процестерiн жүзеге асырудың 

жай-күйiн және нәтижелерi мен шарттары өзгеруiнiң серпiнiн, бiлiм алушылар 

контингентiн, бiлiм беру ұйымдары желiсiн, сондай-ақ олардың қызметi 

жетiстiктерiнiң рейтингiлiк көрсеткiштерiн жүйелi түрде байқау, талдау, 

бағалау және болжау; 

      13) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган - бiлiм беру саласындағы 

басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан 

Республикасының орталық атқарушы органы; 

      14) бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi - бiлiм беру сапасының 

мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам 

мен мемлекеттiң қажеттiлiктерiне сәйкестiгiн белгiлеудiң институционалдық 

құрылымдары, рәсiмдерi, нысандары мен әдiстерiнiң жиынтығы

      15) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, 

халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм 

алған адамдарға берiлген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында 

жүргiзiлетiн рәсiм; 

      16) бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу – бiлiм беру қызметтерiнiң сапасы 

туралы объективтi ақпарат беру және оны арттырудың тиiмдi тетiктерiнiң бар 

екенiн растау мақсатында аккредиттеу органының белгiленген аккредиттеу 

стандарттарына (талаптарына) сәйкестiгiн тану рәсiмi; 

      17) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау - бiлiм беру ұйымдары 

көрсететiн бiлiм беру қызметтерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт 

талаптарына сәйкестiгiн бақылау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм; 

      17-1) жоғары оқу орнының ерекше мәртебесi – Қазақстан Республикасының 

заңнамасында көзделген, бiлiм беру мазмұнын өзi дербес айқындау және бiлiм 

беру қызметiн ұйымдастыру құқығын беретiн бiлiм беру ұйымы жұмыс iстеуiнiң 

ерекше режимi; 

      18) гимназия – бiлiм алушылардың бейiмдiлiгi мен қабiлеттерiне сәйкес 

қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және 

тереңдете бiлiм берудi қамтамасыз ететiн бастауыш, негiзгi орта және жалпы 

орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және қосымша бiлiмнiң 

бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орны; 

      18-1) ғылыми-әдiстемелiк жұмыс – ғылым жетiстiктерi мен озық 

педагогикалық тәжiрибеге негiзделген және үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң жұмыс 

iстеуiн және оны дамытуды жетiлдiруге бағытталған қызмет түрi; 

      18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – iзденушiлердiң диссертациялар 

қорғауы негiзiнде берiлген ғылыми дәрежелер; 

      18-3) докторант – докторантурада бiлiм алатын адам; 

      18-4) докторантура – бiлiм беру бағдарламалары философия докторы (PhD), 

бейiнi бойынша доктор дәрежесiн бере отырып, ғылыми, педагогтiк және (немесе) 

кәсiптiк қызмет үшiн кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейiнгi 

бiлiм беру; 

      19) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен;

 

      19-1) дуальды оқыту – кәсiпорынның, оқу орнының және бiлiм алушының 



жауапкершiлiктерi тең болған кезде бiлiм беру ұйымындағы оқытуды кәсiпорында 

бiлiм алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемiн төлей 

отырып оқыту мен практиканың мiндеттi кезеңдерiмен ұштастыратын кадрлар 

даярлау нысаны; 

      20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен;

 

      21) жалпы бiлiм беретiн мектеп – бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта 



бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ бiлiм алушылар 

мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске 



асыратын оқу орны; 

      21-1) жоғары колледж – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi 

бiлiмнiң интеграцияланған модульдiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын 

оқу орны; 

      21-2) зерттеу университетi – Қазақстан Республикасының Үкiметi 

бекiткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын және даярлық (мамандықтар) 

бағыттарының кең спектрi бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi 

бiлiмнiң өз бетiнше әзiрленген бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, жаңа 

бiлiмдi жинақтау мен трансферттеу үшiн iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеу 

нәтижелерiн пайдаланатын жоғары оқу орны; 

      21-3) ерекше бiлiм беруге қажеттiлiгi бар адамдар (балалар) – 

денсаулығына байланысты бiлiм алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көрiп 

жүрген, арнайы, жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары мен қосымша бiлiмнiң 

бiлiм беру бағдарламаларын қажет ететiн адамдар; 

      21-4) инклюзивтi бiлiм беру – ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi мен 

жеке-дара мүмкiндiктерiн ескере отырып, барлық бiлiм алушылардың бiлiм алуына 

тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн процесс; 

      22) инновациялық - бiлiм беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми 

ұйымдар мен өндiрiс саласында жұмыс iстейтiн басқа да заңды тұлғалар iргелi, 

қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негiзiнде жоғары 

бiлiктi мамандар даярлау үшiн зияткерлiк, қаржылық және өзге де ресурстарды 

бiрiктiретiн, бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiндегi ерiктi тең құқықты 

бiрлестiк; 

      23) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен;


 

      24) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен;


 

      25) институт – жоғары бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын 

iске асыратын жоғары оқу орны; 

      26) институционалдық аккредиттеу – бiлiм беру ұйымы сапасының 

мәлiмделген мәртебесiне және аккредиттеу органының белгiлеген стандарттарына 

сәйкестiгiн аккредиттеу органының бағалау процесi; 

      26-1) интеграцияланған бiлiм беру бағдарламалары – бiлiм беру 

бағдарламаларының тиiстi мазмұнды аспектiлерiн бiрiктiру негiзiнде әзiрленген 

бiлiм беретiн оқу бағдарламалары; 

      27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын берiле отырып, белгiлi бiр 

санаттағы адамдардың бiлiм алу құқықтарына мемлекеттiк кепiлдiктердi 

қамтамасыз ететiн бiлiм беру ұйымдары; 

      28) интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшiн бiлiм 

алушыларды базалық жоғары медициналық бiлiм беру шеңберiнде клиникалық 

мамандықтар бойынша даярлау нысаны; 

      28-1) кадет – әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсiптiк 

немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм 

алып жатқан адам; 

      28-2) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе 

басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi 

қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн 

болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың 

қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы 

балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-

анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып 

қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, 

сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан 

қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды 

қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру 

органдарының қарамағындағы ұйым; 

      29) кәсiптiк бағдар - бiлiм алушының кәсiптiк қызығушылықтарына, жеке 

қабiлеттерi мен психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне сәйкес бiлiм беру 

және кәсiптiк мүмкiндiктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркiн және 

саналы таңдау құқықтарын iске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек 

беру; 

      29-1) кәсiптiк бiлiм – бiлiм алушылардың белгiлi бiр салада кәсiптiк 



қызметтi жүргiзуiне және (немесе) нақты кәсiп немесе мамандық бойынша жұмысты 

орындауына мүмкiндiк беретiн бiлiмдердi, машықтарды, дағдыларды және 

құзыреттердi алуына бағытталған бiлiм беру түрi; 

      29-2) кәсiптiк даярлау – техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң 

бiлiктi жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған 

мерзiммен оқытатын бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруды көздейтiн бөлiгi; 

      30) кәсiптiк даярлықты бағалау – техникалық және кәсiптiк, орта 

бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру 

ұйымдары түлегiнiң бiлiктiлiк (қабiлетi) деңгейiнiң тиiстi кәсiптiк қызмет 

түрi шеңберiнде жұмысты орындауға сәйкестiгi дәрежесiн айқындау; 

      30-1) кәсiптiк практика – болашақ кәсiптiк қызметпен байланысты белгiлi 

бiр жұмыс түрлерiн орындау процесiнде теориялық бiлiмдердi, дағдыларды 

бекiтуге, практикалық машықтар мен құзыреттердi иемденуге және дамытуға 

бағытталған оқу қызметiнiң түрi; 

      31) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен;

 

      32) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми 



жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен;


 

      33) кешендi тестiлеу - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 

қолданылып, бiрнеше оқу пәндерi бойынша бiр мезгiлде өткiзiлетiн емтихан 

нысаны; 


      34) клиникалық база - жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау 

ұйымының жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс iстейтiн, 

материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейi болатын, ұйымдық-әдiстемелiк, 

оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазiргi заманғы 

әдiстерi негiзiнде дәрiгерлердi, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта 

даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектiң барлық түрлерiн 

көрсететiн клиникасы; 

      35) колледж – жалпы орта және техникалық пен кәсiптiк бiлiмнiң немесе 

орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу 

орны; 


      35-1) кооперативтiк оқыту – мемлекеттiң, жұмыс берушiлердiң және оқу 

орындарының корпоративтiк жауапкершiлiгiне негiзделген, кадрларды кәсiптiк 

даярлауды ұйымдастыру нысандарының бiрi; 

      36) кредиттiк оқыту технологиясы - бiлiм алушының және оқытушының оқу 

жұмысының көлемiн өлшеудiң сәйкестендiрiлген бiрлiгi ретiнде кредиттi 

пайдалана отырып, бiлiм алушылардың пәндердi оқып зерделеу дәйектiлiгiн 

таңдауы және дербес жоспарлауы негiзiндегi оқыту; 

      36-1) курсант – әскери, арнаулы оқу орнында жоғары бiлiмнiң бiлiм беру 

бағдарламалары бойынша бiлiм алып жатқан адам; 

      37) қабылдау квотасы – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi 

және жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру 

ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның 

iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны; 

      37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының "Өркен" 

бiлiм беру гранты (бұдан әрi – "Өркен" гранты) – "Назарбаев Зияткерлiк 

мектептерi" дербес бiлiм беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу 

үшiн Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi тағайындайтын грант; 

      37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – бiлiм беру 

саласындағы уәкiлеттi орган беретiн ғылыми атақтар; 

      38) қашықтықтан бiлiм беру технологиясы - бiлiм алушы мен педагог 

қызметкердiң жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара iс-қимылы 

кезiнде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық 

құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту; 

      38-1) қолданбалы бакалавриат – бiлiм беру бағдарламалары "қолданбалы 

бакалавр" бiлiктiлiгiн бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта 

бiлiмнен кейiнгi бiлiм; 

      38-2) қолданбалы бакалавр – орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру 

бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн бiлiктiлiк; 

      38-3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – бiлiм алушылар мен 

тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын 

оқу-тәрбие ұйымы; 


      39) қосымша бiлiм беру – бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлер мен 

мамандардың жан-жақты қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жүзеге 

асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесi; 

      40) лицей – бiлiм алушылардың бейiмдiлiгi мен қабiлеттерiне сәйкес 

оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық бiлiм 

берудi қамтамасыз ететiн негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм 

беретiн оқу бағдарламаларын және қосымша бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын 

iске асыратын оқу орны; 

      41) магистр – магистратураның бiлiм беру бағдарламаларын меңгерген 

адамдарға берiлетiн дәреже; 

      41-1) магистрант – магистратурада бiлiм алатын адам; 

      41-2) магистратура – бiлiм беру бағдарламалары тиiстi мамандық бойынша 

"магистр" дәрежесiн бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу 

орнынан кейiнгi бiлiм беру

      41-3) маман – адамдарға жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламасын 

меңгергеннен кейiн берiлетiн бiлiктiлiк; 

      42) мамандандырылған аккредиттеу - бiлiм беру ұйымы iске асыратын 

жекелеген бiлiм беру бағдарламаларының сапасын бағалау; 

      43) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен;

 

      44) мемлекеттiк атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президентi 



және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын стипендия; 

      45) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы - мектепке дейiнгi тәрбие мен 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал