Қазақстан Республикасындағы құқықтық нигилизм мен идеализм мәселелері Орындаған: Жақсылық Ұ. Б жетекші: Сарымбетов Е. А



жүктеу 19.17 Kb.
Дата02.11.2022
өлшемі19.17 Kb.
#23168
ҚНИ

Қазақстан Республикасындағы құқықтық нигилизм мен идеализм мәселелері
Орындаған: Жақсылық Ұ. Б
Жетекші: Сарымбетов Е. А
Қазіргі заманғы қоғам көптеген қарама – қайшылықтармен сипатталады. Олардың арасында құқықтық нигилизм мен идеализмде көрініс тауып жатады.
Құқықтық нигилизм «құқықтық немқұрайлық» деп қарастырылатын термин. Ол азаматтардың әлеуметтік өміріндегі заң мен құқықтардың маңызын теріске шығару дегенді білдіреді. Әсіресе құқықтық актілерді білмеу, өзгерістерден хабарсыз болу, немесе оларды саналы түрде бұзу. Құқықтық нигилизм заңның қажеттілін жоққа шығарады. [1]
Құқықтық нигилизм кезінде заңдар ашық түрде еленбейді, бұзылады, орындалмайды, оларды бағаламайды құрметтемейді. Ал оның түпкілікті себептері халықтың басым бөлігінің құқыққа надандығымен, артта қалғандығымен және құқықтық тәрбиесінің төмен болуымен байланысты. Яғни, бұл жағдайда қоғам тарапынан құқыққа деген сұраныстың болмауы байқалады. И.А. Ильин айтып өткендей, «өз елінің заңдарын білмейтін халық құқықтан бөлек өмір сүреді немесе құқықтың тұрақсыздығына көнуге мәжбүр болады. Халық заңдарды білуі қажет, бұл құқықтық өмірдің құрамдас бөлігі. Сондықтан халықтың құқықты түсінбеу жағдайындағы тәртіп қауіпті. Адам рухани тіршілік иесі ретінде құқықсыз өмір сүре алмайды». Біздің елімізде құқықтық нигилизмге қолайлы жағдай бар, және ол кеңінен қанат жаюда. Біз әліде заңсыздықтың ортасында өмір сүрудеміз. Ол көп жағдайда ұлттық апат сипатын иеленіп, қоғамға орны толмайтын зиян әкелуде.
Құқықтық нигилизм – әлеуметтік қатынастардың өнімі, ол көптеген себептермен және салдармен байланысты. Ол түрлі деңгейдегі көшбасшылардың айлакерлігі, өзімшілдік пен атаққұмарлықтың күресі сияқты жағымсыз істердің нәтижесінде өрши түсті. Пушкиннің «шен алудың негізінде ақылынан айырылған» деп айтқан сөзі күнделікті өмірде расталуда. Шала сауаттылық пен надандық кез келген құқықтық жағдай мен саналы заңды ережелерді бұзады.
Құқықтық нигилизмнің көрініс табу нысандары; ең алдымен бұл қолданыстағы заңдарды және нормативтік құқықтық актілерді әдейі бұзу; құқықтық ережелерді жаппай сақтамау және орындамау; заңдардың қарама – қайшылығы, құқықты ашық түрде жоққа шығару, оның қағидалары мен нормаларын елеусіз қалдыру, құқықтық нормаларды біле тұрып оларды өз мақсатына пайдалану.
Құқықтық нигилизмді жеңу жолдары азаматтардың жалпы және құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын көтеру, заңнаманы жетілдіру, заңдылық пен құқықтық және мемлекеттік тәртіпті нығайту, халықты жаппай ағарту және құқықтық тәрбиелеу, жоғарғы білікті заңгерлерді даярлау, құқықтық реформаны жылдам қарқынмен жүргізу қажет. Біз құқықтық нигилизмді жоюды алдымен мектептерден бастау қажет деп санаймын. Оларға сабақ барысында жұмыс жасата отырып түсіндіру қажет. Қазір мектептер гуманитарлық және жаратылыстану бағыты болып бөлінеді. Жаратылыстану бағытында адам қоғам құқық пәні оқытылмайды, гуманитарлық бағыттағы сыныптардың өзіне адам қоғам құқық пәні аптасына бір рет ғана жүргізіледі. Оның өзінде де география тарих пәндерінің мұғалімдері сабақ өтеді. Менің ойымша бұл дұрыс емес мектептерде де білікті заңгерлер сабақ өткені жөн деп санаймын. География тарих пәнінің мұғалімдері құқықты жетік білмейді сол себептіде оқушыларға дұрыс жеткізіп түсіндіре алмайды. Мектепте 9 – 10 сыныптарға аптасына кемінде 2 рет адам қоғам құқық пәні жүргізілуі қажет, және одан білікті мамандар сабақ өкені дұрыс.
М. Рассоловтың ойынша, құқыққа деген құрмет бір дегеннен қалптаспайды. Ол үшін адамдар бойында құқыққа деген оң көзқарас қалыптастырып, оған дұрыс баға берушілікті қамтамасыз ететіндей адамдардың өміріне, еркі мен санасына әсер етуді жақсарта алатын тиімді жүйе қажет. Бұл процесс тек сырттай ықпал ету арқылы жүзеге аспайды. Себебі, адамның құқыққа деген құрметі оның қоғамда жарияланған саяси, әлеуметтік қағидалардың құндылығын жеке басынын мойындауы нәтижесінде пайда болады [2]. Біздің елдегі орын алған жағдайларды түзетіп, халықтың құқықтық санасын арттыру үшін келесідей мәселелер шешімін табуы тиіс. Ең алдымен мемлекеттік билік құқықтық мемлекет қағидалары бойынша қызмет етуі тиіс, яғни құқықтың тек қоғамды басқару құралы емес, мемлекеттік билік үшінде міндетті ережелер жиынтығы екендігін мойындау қажет. Екіншіден, мемлекетке кәсібилік қағидасы басты орынға шығуы тиіс, жоғарғы лауазымды саяси қызметшілер өз бастамалары мен реформаларының нәтижесінде жауапты болуы тиіс. Үшіншіден, сыбайлас жемқорлықпен күрес тек көрсетпелік сипаттан арылып, жоғарғы дәрежеде жүзеге асырылуы керек, осы саясатты жүргізушілер тексерісті алдымен өздерінен бастауы тиіс. Осы мәселелер шешімін тапқан жағдайда жалпы қоғамдағы құқықтық нигилизмді жеңіп, азаматтардың құқықтық санасының көтерілуіне қол жеткізуге болады деп тұжырымдаймын. Алайда құқықтық нигилизмді бір мезетте жою мүмкін емес, бұл ұзақ, күрделі процесс.
Құқықтық нигилизм құқықты бағаламауды, елемеуді білдірсе, құқықтық идеализм оны асыра бағаламау мен дәріптеуді білдіреді. Құқықтық идеализм сырттай көзге көрінбегенімен, бұл құбылыстан мемлекетке және қоғамға келетін зиян құқықтық нигилизмнен келетін зияннан кем емес. Әдетте қоғам оны кеш түсінеді. Құқыққа шектен тыс сенім артуға болмайды, құқықтың мүмкіндіктері шектеулі [3]. Құқықтық идеализм көрінуінің барлық аспектілерінде құқықты асыра бағалау болып табылады. Бұл құбылыстың негізінде заңды надандық жатыр, бұған адамдар құқықтың не екенін, оның қоғамдағы рөлі туралы білмейтін нашар дамыған құқықтық сананы жатқызуға болады. Құқықтық идеализмнің себептері оларға құқықтық сауаттылық пен құқықтық сананың төмен деңгейі, құқықтық мәдениеттің жеткіліксіз дамуы жатады. Құқықтық идеализмнің теріс салдарына тоқталар болсақ, адамдар заңдардың күшіне сеніп, жағдайды оң жағынан тез өзгертуге мүмкіндік береді деп ойласа және іс жүзінде бұл орын алмаса, адамдар арасында заң мен мемлекетке деген сенімсіздік қалыптасады. Жұмыс істемейтін заңдар азаматтық қоғам тарапынан билікке теріс көзқарастың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Іске асырылмаған құқықтық нормалардың көп болуы оларды іске асыру мүмкін емес деген сенімнің қалыптасуына әкеледі, нәтижесінде заңның маңыздылығы төмендейді. Осы факторлардың әсерінен халық мемлекетке, оның институттарына теріс қарай бастайды. Басқаша айтқанда, құқықтық идеализм ұзақ мерзімді перспективада оңшыл нигилизмнің пайда болуына және таралуына, оның қоғамда пайда болуының катализаторына айналуы мүмкін. Тәжірибеде көрсеткендей, тек заңдардың көмегімен қысқа уақыт ішінде өмірді өзгерту мүмкін емес.
Барлық деңгейдегі құқықтық идеализм мәселесін шешудің міндетті шарты-құқықтық процестердің тұрақты жүруіне қиындықтар туғызатын себеп-салдарлық байланыстарды егжей-тегжейлі талдау. Бірінші кезекте халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған жұмысты ұйымдастыру маңызды. Бұл тәсіл құқықтың рөлі мен маңыздылығын дұрыс қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі.[4]
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. adyrna.kz сайты;

  2. Ғ. Сапарғалиев, А.С. Ибраев «Мемлекет және құқық теориясы» 2007;

  3. «Мемлекет және құқық теориясы» Н.И. Матузов, А.В. Малько 2013;

  4. Dnevnik-znaniy.ru

жүктеу 19.17 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет