Қазақстан Республикасы



жүктеу 5.03 Kb.

бет9/14
Дата07.02.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Түйін
 
98 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
Мақалада педагогикалық кадрлардың қосымша оқу бағдарламалары 
арқылы кәсіби біліктілігін жетілдірудің және ақпараттық ресурстарды 
пайдаланудың жаңа модельдері қарастырылады. Бұл білім беруді 
модернизациялау барысында педагогикалық кадрлардың сапасын жақсартып, 
бәсекеге қабілеттілігін арттырады. 
 
Summary.
 
 
The new model of professional qualification's development and information 
resources usage through the additional education program of pedagogical skilled 
workers is considered in the article. It improves the quality of pedagogical skilled 
workers, gives the ability to be in competition with and increases the education in 
the course of modernization
.
 
 
 
Араб-қазақ фразеологизмдердің тәрбиелік мәні 
 
 
Әмірбекова С.К. 
 
Аннотация:
Мақалада араб-қазақ тілдеріндегі тәрбиелік мәні бар фразеологизмдер 
қарастырылып отыр. Бұл сөз орамдары араб фразеологиясында маңызды рөл атқарады  
және араб әдеби тілінің көркем сөз байлығы мен бірегейлігін  айқын да, толық көрсетеді. 
Фразеологиялық бірліктердің құрылымдық ерекшеліктерінің зерттелуі араб тілін терең 
және жан-жақты білуге мүмкіндік береді.   Жұмыстың басты мақсаты – араб-қазақ 
паремияларындағы мінез-құлыққа байланыстыфразеологизмдер  салыстырмалы талдау 
жүргізу арқылы олардың  ерекшеліктері мен мағыналық үйлесімділігіне классификация 
беру. 
Кілт сөздері: фразеологизмы, мақал-мәтел, тәрбие, араб-қазақ тілдері. 
 
 
 
Парамиологиялық  фольклор,  нақтылай  айтқанда  ауыз  әдебиеті, 
қарастырылып  отырған  қай  ұлт,  халықтың  да  өмір  шындығына  деген 
айрықша көзқарасын айқындайды. Қоршаған орта, жалпы әлемді тану тарихы 
үрдісі табиғатынан, әлеуметтік, поэтикалық дүние шындығынан ұғып біледі. 
Жалпы  шығыс  халықтарының  (оның  ішінде  арабтардың)  тарихи-
әлеуметтік  тәжірибесі  басқа  әлем  халықтары  тәжірибесіне  (нақтылай 
айтқанда  қазақтардың)  өмір  тәжірибесіне  ұқсас.  Өйткені  қай  әлеуметтік 
еңбекшілір  ортасы  да  әлеуметтік  тарихи  дамуды  материалдық  игіліктермен 
байыта түсуді мұрат тұтады. Қоғамның әр мүшесі – жеке адам өзіндік қабілет 

қарымымен  ерекшеленетіні  белгілі.  Жан-жақты  талдауға  алынып  отырған 
қос халық өкілдері, яғни араб пен қазақтың фразеологизмдерінің өзіне ғана 
тән  психологиялық  таным,  әртүрлі  жағдайдағы  көңіл-күй  және  сол  оқиғаға 
деген нақты көзқарасы  бейнеленеді. 
 
99 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
 
Әдеп, адамгершілік жөніндегі қағидалар қашан да халқымыздың  өлең-
жырларынан,  тапқыр,  шешендік  сөздерінен,  ауыз  әдебиеті  үлгілерінен, 
бабалар 
өсиеттерінен 
тиісті 
орын 
алып 
отырған. 
«Адам арын ойлайды , надан дүниеге тоймайды »,«Ақыл қайрат білімді тең 
ұстаған  –  зор  болар»,  «Ойсыз,  жігерсіз,  білімсіз  өмір  кешкен  қор  болар», 
«Ақылды  ұл-білім  іздер,  ақылсыз  ұл-шылым  іздер»,  «Ақыл  тозбайтын  тон, 
білім-таусылмайтын кен», «Бос өткізу өмірді-ақымаққа көңілді», «Ойға-терең 
бол,  өсекке-керең  бол».  Осындай  адамгершілікке,  имандылыққа  баулитын 
нақыл сөздер халқымызда өте көп. Халық даналығы осылый тізбектеліп кете 
береді. 
       
Араб  әлемі  мен  дініміздегі  аса  көрнекті  қайраткер,  әрі  ғұлама  хазіреті 
Әли  өзінің  хикметтерінде,  яғни  маржан  сөздерінде:  «Даналықтан  асқан 
байлық жоқ, тербиеден асқан мұра жоқ, кеңестен асқан қорған жоқ», - деген 
екен. 
Араб тілінде  ﺔﯩﺑﺮﺗ  «тәрбие» сөзінің үш түрлі мағынасын кездестіруге 
болады.1.  Көбейту, арттыру  
2. 
Бала өсіру, асырау, тәрбиелеу  
3. 
Реттеу, 
басқару 
мағыналарында 
келеді. 
بر  сөзі,  тәрбиелеуші,  реттеуші,  нығмет  беруші  деген  мағынадағы  Аллаһ 
Тағаланың  есімдерінің  бірі.  Бұл  сөз  Құранда  965  рет  айтылады.  Сондай-ақ 
Құранның  алғашқы  түскен  5-аятында  да  бар.  Құранда  ең  көп  айтылатын, 
яғни Аллаһ сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында Раб сөзі тұрады. 
Сонымен, 
қазақ-араб 
паремияларындағы 
тәрбиелік 
мәні 
бар 
фразеологизмдердегі қарастырып өтейік.  
Жеке тұлғалық 
жағымды мінез-құлыққа жатқызатынымыз:  
1.Ар-ұят.  Қазақ,  араб  паремияларында  да  ар-ұят  мәселесі  жоғары 
адамгершілікпен, мақтанышпен өрнектеледі. Араб тілінде: ﻚَﺿ ْﺮَﻋ ْﺮَﺘْﺳِو،ﻚَﺿ ْرﺄْﺤَﻠْﻓإ 
«Жеріңді  егіп,  арыңды  сақта»,  ف َﺮﱠﺸﻟﺎُﺟ ِراَﺪَﻣُﺔَﻤﯾ ِﺮَﻜﻟﺎُﺤِﻛﺎَﻨَﻤﻟا  «Ар-ұятты  әйелге 
үйленген құрметке батады». 
Қазақ  паремиялары:  «Өзге  елді  сұлтан  болғанша,  өз  еліңде  ұлтан  бол!», 
«Табы бірдің, тәңірісі бір», «Ақылың болса, арыңды сақта, Ар-ұят керек әр 
уақытта»,  «Жақсы  адам  –  елдің  ырысы,  жақсы  жер  –  жанның  тынысы»,  
«Тәнім – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», «Жақсы әйел - 
ырыс», «Ұят – иманның қабы», «Өлімнен ұят күшті». 
2.Жомарттық  (қол  ашықтық).  Қазақ,  араб  фразеологизмдердің  бір 
парасы  адамның  өз  жақынына  деген  қатынасында  жомарттығы,  қолының 
ашықтығы  айрықша  бағаланатыны  айтылады.  Араб  фразеологизмдері: 
ﻦﯩﻨْﺛﺈﯩﻔَﻛﺪ ِﺣاﻮﯩﻔَﻛﺎﻣ  «Біреуге  жеткен,  екеуге  де  жетеді»,  ﺮَﺠَﺣﻮﻟﻮﻜِﻠْھ ِﻸﻣِّﺪَﻗﺮَﻔﱠﺴﻟﺎﻨِﻤﺘْﻌَﺟ َراذإ 
«Саяхаттан оралғанда жанұяңа тас болса да әкеп бер». 
Қазақ  халқымыз:  «Менде  болсын,  менде  болмаса  да  елде  болсын»,  «Көпке 
жақын – көкке жақын», «Көппен көрген – ұлы той», «Бір кісі мың кісіге олжа 
салар», «Кең болсаң, кем болмайсың»,«Жартыны жарып жеген – татулықтың 
белгісі». 
3.Жауапкершілік. Өз жақыны, туысқандары үшін жауапкершілікі 
екенін аңғарттырар нақыл сөз, мақал-мәтелдер де жеткілікті. Мұхаммед 
 
100 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
(с.ғ.с) Пайғамбарымыздың бір хадисінде: 
وﺎﮭ ِﺟو َﺰِﺘﯿَﺒﯿﻓٌﺔﱠﯿﻋارةأﺮَﻤﻟاو،ِﮫِﺘﱠﯿِﻋ َﺮْﻨَﻌٌﻟوُﺆﺴَﻣﻮِﮭِﻠْھﺄﯩﻔٍﻋاﺮُﻠُﺟﱠﺮﻟا،ِﮫِﺘﱠﯿِﻋَﺮْﻨَﻌٌﻟوُﺆﺴَﻤْﻤُﻜﱡﻠُﻛ،ٍعاﺮْﻤُﻜﱡﻠُﻛ
وُﺆﺴَﻣ
ﺎﮭِﺘﱠﯿِﻋ َﺮﻨَﻋﺔﻟ
 
«Кімде-кім бақташы және әрқайсысы өз бағымына жауапкершілік арқалайды. 
Ер адам өз шаңырағының бақташысы, сол себепті өз қарауындағыларға 
жауапкершілікте. Әйел заты да өз ерінің шаңырағына жауапкершілікпен 
қарайтын бақташы». Бұл хадис отбасының әрбір мүшесінің шаңырағындағы 
өзіне жүктелген міндет, іс-шарасына жауапкершілікпен қарауды тапсырады. 
Немесе:
 
ﻚﻠﻔط ﺐﺣ
 
كﺪﯾﺎﺑ ﮫﯿﺑرو ﻚﺒﻠﻘﺑ
«Баланы жүрегіңмен сүйіп, қолыңмен тәрбие». 
Қазақтарда: «Туысы бірдің – уысы бір», «Ағаның үйі –ақ жайлау», «Інісі 
бардың – тынысы бар». 
4.Өнегелі  тәрбие.  Қазақ-араб  фразеологизмдердің  бір  парасынан  
адамның  өнегелі  тәрбиесі,  үлгілі  өмір  сүрі  салтын  аңғару  қиын  емес.  Абду 
аль-Құддұс  Салихтің бір сөзінде:  ُهﻮﮭُﻨَﺒِﮭِﺘَﯿْﺸِﻤَﻠْﻜَﺷَﺪﱠﻠَﻘﻔﺟﺎﺟِﻮْﻋﺎﺑﺎﻣ ْﻮَﯿُﺳوؤﺎﻄﻟﺎﯩﺸَﻣ 
هﻮﺑﺄُھَد ﱠﻮﻌﻧﺎﻛﺎﻤﯩﻠﻋﺎﱠﻨِﻤِﻧﺎﯿْﺘِﻔﻟاءﻰﺷﺎﻧُﺄﺸْﻨَﯾو  «Баланың  кішкентай  кезінде  алған  өнегелі 
тәрбиесі,  болашағында  да  қатты  көмектеседі.  Жас  өскін  бұтақты  түзеуге 
болады, ал қатып қалған  бұтаны ию тіпті мүмкін емес», - деген екен /26,17/. 
Қазақтар  тәрбие  туралы:  «Балапан  ұяда  не  көрсе,  ұщқанда  соны  алады»,  
«Тауда  туған  құлынның  екі  көзі  таста  болар»,  «Әдептілік  ар-ұят  – 
адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, тағы, жат – надандықтың белгісі»,  «Бір 
елі  ауызға  екі  елі  қақпақ»,  «Өз  мінін  білген,  өзгеге  төрелік  береді»,  «Сіз» 
деген – әдеп,  «Біз» деген - көмек». 
5.Сабырлық, төзімділік, шыдамдылық қазақ-араб фразеологизмдердің 
қай-қайсысы  да  ерлі-зайыпты,  ағайын-туған,  көрші-қолаң,  үлкен-кішілердің 
өзара  сыйластығын  үзіп  аламау  ниетінде  бір-біріне    кеңдеу  көңілмен, 
кешіріммен  қарауға  үйретеді.  ﻚِّﻤَﮭﻤﻠﯾﻮﻜِّﻤِﻠﯿﻜِّﻤﻋﺪﻟو  «Көкеңнің  ағасы  сені  де, 
қылығыңды  да  шыдар», 
 َﺣ ْﺮَﯾﺎﻣإ،ءﻮﺴﻟارﺎﺠﻟﺎﯩﻠﻋﺮﺒْﺻا
تﻮﻤَﯾﺎﻣ ُﻺ
 
«Көршіңе  сабырлық  ет, 
ерте ме кеш па ол көшіп кетер, не өлер». 
Қазақтар: «Ырыс алды – ынтымақ, ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ халықты 
асырар»,  «Алтау  ала  болса,  ауыздағы  кетеді,  Төртеу  түгел  болса,  төбедегі 
келеді»,  «Күшенген  жеңбейді,  күші  көп  жеңеді».  «Татулық  -табылмас 
бақыт»,    «Саусақ  бірікпей,  ине  ілікпейді»,  «Үйіңе  келгенге,  үйдей  өкпеңді 
айтпа». 
6.Имандылық. Құдайдың қаһарынан қорқу қарастырылып отырған қос 
тілде де Алла Тағала тыйым салған нәрселерден бойыңды алыс ұстау кеңінен 
насихатталады.   ُﮫَﻠْھأ ُﺮُﻜْﺸَﯾﻼﻨَﻤﮭﻠﻟاُﺮُﻜْﺸَﯾﻻ  «Жанұясына  шүкірлік  етпеген,  Алла  оған 
шүкіршілік етпейді», ﻦْﯾَﺪِﻟ َﻮﻟاﺎﺿ ِﺮِﺑ ّﻻﺈﮭﻠﻟاﺎﺿرﺎﻣ «Әке-шешесінің разылығысыз, Алла 
разылығы болмайды». 
Қазақ халқымыз: «Бекерден бекер жатқаннан Тәңірім безінер», «Аллаға 
жағайын десең азаның болсын», «Тойсаң «тәуба!» қыл»,  «Көп қайда болса, 
құдай сонда». 
7.Жағымпаздық,  жарамсақтық,  қошаметшіл.  Қазақ-араб  нақыл  сөз, 
мақал-мәтелдер де сынап-мінегеннен гөрі кең пейіл білдіргенді жөн санайды. 
Кешірім еткенді, тіпті жарамсақтанып, қошамет көрсетіп өкпе-наздың жігін 
білдірмей  жібергенді  дұрысырақ  көретіні  байқалады.  ءاﺪْﻋﻷﺎِﻨِھادوءﺎﻔﻛﻷﺎﺧآ 
«Ағайындылықты жақсы адамға көрсет, жағымпаздықты жауларыңа көрсет». 
 
101 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
Қазақшасы: «Жаманыңды жақсы десең, көңілін өсіресің», «Адасқанның 
алды  жөн-арты  соқпақ»,  «Жақсылыққа  жақсылық,  әр  кісінің  ісі  дүр, 
жамандыққа  жақсылық  ер  кісінің  ісі  дүр»,  «Жеңім  жаман  болса  да,  жағам 
жақсы, өзім жаман болсам да ағам жақсы». Қай нақылда да  араздастырудан 
гөрі татуластыру басым. Қазақ осыны ақылдылыққа баулайды. 
8
.Ықтияттылық  -  адам  тәрбиесіндегі  жақсы  қасиетеріне 
жатады. ْﺐِﺳﺎﺤْﺒِﺳﺎﻨَﺗﺎﻤﻠْﺑأ  «Үйленер  алдында  абайла»,
ﮫﺟوﺮﺧ  يز  ﺶﻣ  مﺎﻤﺤﻟا  لﻮﺧد
 
«Моншаға    кірмес  бұрын  шыққаныңды  ойла»  (Ауырып  қалмаудың  амалы). 
Қазақ  мақалдары:  «Асып  қарама,  басып  қара»,  «Көргенім  -  көріскенім», 
«Көңілдегі  сырды  көз  білдіреді»,  «Әділ  істің  арты  –  арты  игілікті», 
«Сәттілікке - тәттілік». 
9.  Сақтық.  Адамзаттық  игіліктің  осы  бір  қырына  орай  Ибн  Мағруф:    
ة ﱠﺮَﻤﻔْﻟﺎﻜَﻘﯾﺪَﺻ ْرَﺬْﺣاوةﱠﺮَﻤﻛ ﱠوﺪَﻋ ْرَﺬْﺣا «Дұшпаныңнан бір рет сақтансаң, ең жақын санаған 
досыңнан мың сан сақтан, дос деп санағаның дұшпаныңа айналуы да, ал ол 
саған  зияндық  жасаудың  ең  оңтайлы  тұсын жақсы біледі»  -  депті.  Қазақша 
мағынасында:  «Жаманға  сырыңды  айтпа,  сырыңды  айтсаң  да,  шыныңды 
айтпа»,  «Адам туа жаман емес, жүре жаман», «Жолдасты жол айырады». 
10.Қарапайымдылық.Қарапайымдылық – адам бойындағы асыл 
қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-
қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген 
киімінен де аңғарылып тұрады.Қарапайымдылық — менмендікке мүлдем 
қарама-қарсы қасиет. Қарапайым адам өзінің қабілеттері мен қасиеттерін 
дұрыс бағалайды, әрі мұндай адам атаққұмарлықтан аулақ.Қазақ 
фразеологизмдерінен:  «Менмендік жігіттің соры, төменшік жігіттің қоры, 
кшіпейіл, кеңжайлау – жігіттің зоры», «Бұрынғының кісісі, бүгінгінің 
кішісі». Араб фразеологизмі: 
إﱠ
 ْﺎﻧ
ﻦَﻣِ ﺎﺼَﻌَﻟ
 ْا
ﺔِﯿﱠﺼَﻌُﻟ
 
«Таяқ та шыбық болған». 
11.  Еңбекқорлық.  Адамды  адам  ететін  еңбек.  Еңбексіз,  тер  төгусіз 
ешбір  жақсылық  келмейді.  Сол  себепті  де  қарастырылып  отырған  қос  ұлт  
тілінде  де еңбекқорлыққа қатысты нақыл есепсіз көп. Мысалы, «Еңбек түбі - 
береке», «Бейнет түбі - зейнет», «Еңбек етсең - емерсің», «Кәсіп түбі - нәсіп», 
«Жан қиналмай жұмыс бітпес,Талап қылмай,Мұратқа жетпес », «Кім еңбек 
етсе, сол тоқ», «Өзімдікі дегенде – өгіз қара күшім бар. Кісінікі дегенде анау-
мынау ісім бар», «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда дәулет бер», «Еңбек 
ерлікке  жеткізер,  ерлік  елдікке  жеткізер».  Арабшасы:
 َأ
َ  ﻰﻘَﻠْﺗَ  ﺎﮭﻣَﺎﻣ
 َأ
ﺎﮭﻠَﻤَﻋَ  ﺔٌﻣ
 
«Құлдың жұмысы алдында» (әркез жұмыс табылады). 
 
Қарастырылып  отырған  қос  тілдегі    фразеологизмдерде  сынала 
айтылатын  келесідей 
жағымсыз,  келеңсіз  мінез-құлық  әр  қырынан  кеңірек 
талданып, түрлі сөздерге өзек болады. 
1.Сараңдық. Араб фразеологизмдерде ата-аналарының өз балаларына 
қол  ұшын  беруде,  күйеу  баласын  мақтап-мадақтауда  сараңдық  жасайтыны 
басымырақ  байқалады.  Олар:  ما َﺮَﺤﻟاادﻻﻮﻤِّﻠَﻌَﺘِﺑﺔﻠﯿﺨَﺒﻟاةأﺮَﻤﻟا  «Сараң  әйел  балдарын 
харамдыққа үйретеді», ﻞﯿﻠَﻘﺌَﺷﺪَﻟ َﻮﻟاةﺎﺿ ْﺮَﻤﻠﯿﺨَﺒﻧﻮﻜَﺗﻻ «Балаңа сараң болма, ол азына да 
разы  болады»,  Қазақша  мағынасында:  «Алтын  тыққан  адам  аштан    өлер», 
 
102 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
«Қас  екеніңді  қабағыңнан  танимын,  сараң  екеніңді  табағынан  танимын», 
«Сараң да бір, сасық су да бір». 
2.Қаталдық.  Бір  қызығы,  араб  фразеологизмдерде  ата-ананың 
балаларына қаттырақ талап қоюын айыптаудан гөрі оң тәлім-тәрбие беруде 
қажеттігін баса көрсетеді. Қазақ нақыл сөздер де ұрпақ тәрбиесіне қатысты 
жоғары    жауапкершілікті,  қатаң  талапты  қалайтыны  айна-қатесіз  көрінеді. 
وﺪْﻟ َﻮﯩِّﺑَﺮﯿﺑﺎﻣ،ﻮﺒْﻠَﻘﯩِّﺴَﻘﯿﺑﺎﻤﯩِّﻟا  «Егер жүрегің қатаң болмаса, баланы тәрбие алмайсын», 
 ْﻣأ
ﻚِﺗﺎﻜ ِﺤْﻀُﻣ َﺮﻣأﻻ،ﻚِﺗﺎﯿِﻜْﺒُﻣﺮ   «Күлдіріп  айтқанды  емес,  жылатып  айтқанды  тыңда». 
Қазақ нақылдары: «Күнсіз гүл өспес, күтімсіз ұл өспес», «Бала жастан, әйел 
бастан», «Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы». 
3.Бірбеткейлік.  Мұхаммед  (с.ғ.с)  Пайғамбарымыздың  әйел  затына, 
табиғатына  байланысты  айтқан  бір  сөзі  қазақ  халқының  ежелден  бар 
мақалындағы  «қисық  қабырғаны  түзеймін  деп  сындырады»  мазмұнына 
саяды:   ٌج َﻮَﻋﺎﮭﯿﻓو،ﺎﮭِﺒْﺘﻌَﺘْﻤَﺘْﺳإﺎﮭِﺒْﺘﻌَﺘْﻤَﺘْﺳﺈﻧإو،ﺎَﮭَﺗ ْﺮَﺴَﻛﺎﮭَﺘْﻤَﻗﺄﻧإ:ِﻊْﻠ ِّﻀﻟﺎﻛُةأﺮﻤﻟا  «Әйел  –  қабырға 
сияқты,түзетем  деп  сындырып  аласын,  қисықтығына  қарамай  оны  жақсы 
көр».  Сол  себепті  де  ерлі-зайыбының  туғалы  бойына  қалыптасқан  мінез-
құлқын түзетемін деп, әуреленіп, одан бетер қиындатып алмауын алдын ала 
ескертетіндей.  Бұл  жерде  «сындыру»  ажырасып  тынумен  бірдей 
қарастрылады.  Еркектің  ақылдылығы  сол  «қабырғаны  қисық  қалпында 
мүддесіне  сай  қолдана  білуінде  дерек.  Қазақ  фразеологизмдері:  «Әркімді 
өзіне,  ай  көрінер  көзіне»,  «Өз  жарыңды  жаттай  күт,  жат  көрсін  де 
түңілсін».«Әйел  жерден  шыққан  жоқ,  О  да  еркектің  баласы,  ерлер  көктен 
түскен жоқ,Әйел оның анасы». 
4.Жеккөрініштілік. 
Қарастырылып 
отырған 
қазақ-араб 
фразеологизмдерде  бұл  теріс  мінез-құлықты  қолдамайды.  Барынша  бойды 
алыстау  ұстауды  тіпті  шаңырағыңның  есігін  мүлдем  басқа  жағынан  ашып 
алуды  да  қалайтындай.  Ежелгі  тунистіктердің  ауыз  әдебиетінде 
ك ِراﺪﺑﺎﺒْﻟِّﻮَﺤﻛُرﺎﺠﻜَﻀَﻐَﺑاذإ «Адамдарды соншалық зиян жасамасам да олардың маған 
көрсеткен  зәбірі  шаш-етектен    екені  несі  екен!»  деген  ой-тұжырымы  көп 
жәйттен  хабар  беретіндей.  Яғни  адамзат  табиғаты  тек  жақсылық  жасаумен  
айналысатын  пендесіне  күншілдікпен,  көре  алмаушылықпен  соншалық 
дәрежеде қарсылық көрсететіні де баяндалады. 
 
Қазақша:  «Күншілдің  күні  тумайды,  өте  жаман  болмаса»,«Жаманды 
асқа  тартсаң  да  іске  тартпа»,  «Жаман  ісінен  көрмейді,  кісіден 
көреді»,«Жамандықты  көп  қуған,  бір  бәлеге  жолығар.Жақсылықты  көп 
қуған,  бақ  –дәулетке  молығар»,    «Жаман  көлдің  суы  ащы,  жаман  адамның 
тілі ащы», «Жаманның берген асынан, жақсының айтқан сөзі артық». 
5.Опасыздық,  көзге  шөп  салушылық.  Адамзаттық  бұл  теріс  қылық 
қазақ-араб  фразеологизмдердің  қай-қайсысында  да  ұнамсыз    қасиет ретінде 
қаралады. Арабтар: لﺎﱠﺟﺮﻠﻟاﺮَﻤﻟﺎﻨِّﻣْﺄﺘِﺑ،لﺎﺑ ْﺮِﻐﻟﺎﺒﯩَﻤﻟﺎﺘٍﻄْﺒَﻀْﻧإ «Еркекке сену, елеуіште суды 
сақтап қалумен тең». 
Қазақшасы: «Бетіне келер ұятын, өзі біліп жуса игі», «Бір жаман мың 
қолды ірітер, Бір құмалақ бір қарын майды шірітер», «Еркекке сенгенше, екі 
қабырғаңа  сен»,«Жаманның  тұзға  бардым  дегені,  қызға  бардым  дегені», 
 
103 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
«Нәпсіңнің  тізгінін  тартпасаң,  адамдық  кетер,  ар  кетер,  Өмірге  өрнек 
салмасаң, дүниеде болма бар бекер».  
6.
Боссөзділік, мылжың, сөзуарлық.  Адами бұл теріс қылық та қазақ-
араб мақал-мәтелдерде  жеріне жеткізіле сыналады. Әсіресе, араб әйелдерінің 
сөзуарлығына  қатысты  төмендегі  мысалды  келтіреді:
إ
َﺎﯾ
َ نْأوَ ك
َﺮِﻀْﯾ
ِ ب
َﻘَﻨُﻋُ  ﻚَﻧُﺎﺴَﻟ
 
«Тілің  үшін  мойын  кесілмесін»,ثﱠﺪَﺤُﺘﯿﱠﻣأو،وﺰْﻐَﯿﯿﺑأ  «Соғыстан  қайтқан  ерінің 
мүлдем  басқаша  мағынада,  көзімен  көріп,    қолымен  ұстағандай  етіп, 
көршілеріне  әңгімелеген  анасына  таңданған  баласы:  -Соғысқан  әкем  болса 
да,  көзімен  көргендей  тілге  тиек  еткен  анам  қандай!  –  дейді».  Болмағанды 
болғандай етіп, көзімен көргендей етіп айтуды қос халық нақылы да қатты 
сынға алады. 
Қазақ мақалдары: «Қылыш тәнді жаралайды, өсек жанды жаралайды», 
«Өтірік айтқан жерде көп тұрма», «Көп сөз – боқ сөз», «Бос күбі - күңгірлек», 
«Өтіріктің  шиесін шын  шешеді»,«Былшылдамаса,  мылжыңның іші  пысады, 
біреу «мылжың!» дей ме деп, зәресі ұшады». 
7.Іштарлық,  көреалмаушылық.  Қазақ-араб  фразеологизмдердің  қай-
қайсысы да бұл теріс қылықты барынша жеккөрінішті сипатта бейнелейді.  
اﺮْﯿَﺠﻟﺎﻨْﯿَﺑﺪَﺴَﺤﻟاﻮﺒﺋاﺮﻘﻟﺎﻨﯿﺒﻀﻐﺒﻟا
ن
 
«Арауыздықтуыстардың  арасында,  іштарлық 
көршілер  арасында»,  ﺖﯿﺒﻟا َﺮْﺴ ِﺠﻌَﻄْﻘَﯾﺪَﺴَﺤﻟا  «Көреалмаушылық  үйлерді  қосатын 
көпірді сындырады». 
 
Қазақшасы: «Іші тар адам өзі бола алмайды, болғанды көре алмайды», 
«Пейілі  жаман  кісі,  өз  асын  өзі  жасырын  ішеді»,  «Пейілі  тар  пәлеге 
жолығады,бітпейтұғын  жалаға  жолығады»,  «Көреалмаушылық  көрге 
сүйрейді». 
8.Мақтаншақтық.  Араб  нақылы:  ﻰﻟﺎﺨُﺳ َﺮَﻔﻟﻻﺎﻗ؟َكﻮﺑﺄْﻨَﻤﻠْﻐَﺒْﻠِﻠﻠﯿﻗ  «-Сенің  әкең 
кім?» - деген молланың сауалына оның: - Менің нағашы ағатайым  – тұлпар» 

деп жауап беруі ол ешектің  мақтаншақтығын тайға таңба басқандай  етіп 
көрсетеді. Ақиқатына жүгінгенде әкесімен я ағатайымен  мақтанғаннан гөрі 
әркім өзінің жетістігімен жүргенді, сөз  еткенді қазақша-араб нақылдар қош 
көреді.  
Қазақтар:  «Жақсымын  деп  мақтанба,  халық  айтпай,Батырмын  деп 
баптанба,  барып  қайтпай»,  «Менмен»    жігіттің  соры,төменшік  –  жігіттің 
қоры,кішіпейіл, кең жайлау – нар жігіттің зоры»,«Қайратым болса қолымда, 
ханға сәлем бермеймін, қайырым болса жолымда, жұрт тезегін термеймін». 
9.Қорқақтық
 َﺠﻟﺎﱡﻣُأ
 ُن َﺰْﺤَﺗﻻﻮُﺣ َﺮْﻔَﺗﻼﻧﺎﺒ
 
«Қорқақтың анасы ештемеден 
қорқпайды», 
إﱠ
ﺎﻧ
َﺎﺒَﺠﻟ
 َ ن
ِﻗِﻮْﻓَ ﻦْﻣِ ﮫُﻔُﺘْﺣ
«Қорқақтың өлімі үстінен». Қазақша: «Қорқақ өз  
көлеңкесінен де қорқады», «Өзі істеген өкінбес, жаудан қорқып бекінбес». 
10.Әуесқой.  ﺔﯾﺎﺒْﺨِﻤﮭﯿﻠﻋﺎﻣﺔﯾاﺪﻟﺎﻨْﺑإ  «Бала  тудыратын  әйелдің    баласынан 
ештеңке  жасыра  алмайсын».  Қазақ  мақалдары:  «Назары  аштың  ақыры 
оңбас», «Әйелдің көзінен сақтан, Ақылдының сөзінен сақтан». 
11.Ұялшақтық,  ұяттылық.  Араб  фразеологизмдерде  ерлі-
зайыптылардың  өзара  ұялшақтығын  сынға  алады.  Өйткені  оларды  дәстүр 
бойынша  үлкендер қосады.  Бір-біріне  етене  жақын,  таныс болмағандықтан, 
тіпті үйлену тойларында екінші-ақ рет жүздесуі де.  ﺖﻠﺒﺣﺎﻤﮭِّﻤﻌﺘﻨﺒﻨﻤﯩﺤَﺘْﺳﺈﻨﻣ 
«Кім көкесінің қызынан ұйялса, баласыз қалады».  
 
104 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
Қазақша: «Ұяң адам ұялшақ келеді», «Ұялған ұрпақсыз қалады».  
12.Әдепсіздік
надандық, 
қарабайырлық. 
Араб 
нақылы: 
ﮫِﻠْھﻸٌﺗﻮﻤِﺗ ْﻮَﻤﻟ َﻼْﺒَﻘِﻠْﮭَﺠﻟﺎﯩﻓو  «Надандықтың  отбасына  өлгенінше  өлім,  денелеріне 
қабірге дейін қабір». 
 
Қазақшасы:  «Әдептілік,  ар-ұят,  адамдықтың  белгісі,тұрпайы  мінез, 
тағы, жат –надандықтың белгісі», «Қараң адам күншіл, мекер адам міншіл», 
«Саналы  адам  сағыңды  сындырмас,  санасыз  адам  жағыңды  тындырмас», 
«Ақылсыз адам айғайлап, жан-жағын жайпай келеді, ақылды адам жай-жай 
келеді, жан-жағын байқай келеді». 
13.Сатқындық.  Қазақ-араб  фразеологизмдердің  қай-қайсысы  да  бұл 
бір теріс қылықты әшкерелейді. Мысалы: Ал арабтың өкілі Аш-Шагир аль –
Карави:   ٌﺔَﺛﻼَﺜﺣﻼِﺴﻟا ﱡﺮَﺷ 
ﻖﱠﺗﺎﻔﻤھاﻮﺴﯩﻠﻋوﺎﮭﺑﺎﺤﺻأ***ﻰﻠﻌﯩﺸْﺨُﯾ 
ﻖﻤْﺣﻷﺎّﻔﻜﺒٌﻟﺎﻣوﻷﺬّﻨﻟا*** ّﻒﻜِﺒﻤﻠﻗوﻼﻔﻄﻟﺎّﻔﻜِﺒﯩﺳﻮﻣ  «Үш  қауіпті  қару  бар.Олар:  қаруы  бар 
достар,  қолында  пышағы  бар  бала,  қаламы  бар  сатқын,  ақымақ  адамның 
қолындағы  ақшасы»,-  деген  екен.  Немесе  لﺎﻤﺳأرﻻﻮْﺒَﺴْﻜَﻣﻻ،لاﺬْﻧﻷاﺮِﺷﺎﻋ  «Пейілі 
жаман  адаммен  жолықсан,  пайдасы  да,  ақшаң  да  болмайды».  Қазақ 
нақылдары:    «Пейілі  жаман  пәлеге  жолығады,  бітпейтұғын  жалаға 
жолығады»,  дейді.  Немесе:  «Жаманға  сырыңды  айтсаң,  жарға  жығады», 
әйтпесе «Жаман ерден жайдағым жақсы», «Жаман ашса – көрмес, айтса дым 
білмес»,«Халқын  алдаған  би  оңбас»,  «Жаманға  сырыңды  айтпа,сырыңды 
айтсаң да шыныңды айтпа», «Шығысы жаман қамысты, су ішінен өрт шалар, 
пейілі жаман адамды,түйе үстінен ит қабар». 
14.Табалаушылық. Араб   хадисінде: 
(ﻒﯾﺮﺸﺜﯾﺪﺣ)  َﻚِﻠَﺘْﺒَﯾﻮﮭﻠﻟﺎُﮭَﻤَﺣ ْﺮَﯿَﻓ،َﻚﯿﺧﻷَﺔَﺗﺎﻤﱠﺸﻟاﺮِﮭْﻈﺗﻻ  «Ағайыныңның  басына  туған 
бақытсыздықты  табалай  көрме,  Аллаһтың  оған  мейірімі  түсіп,  бәлекетті  өз 
басыңа  жіберуі  бек  мүмкін»,-  дейді.  Ал  қазақта:  «Жаман  болса  туысың, 
туыспай-ақ  құрысын»,«Қайғыны  көп  болып  бөліссе,  азаяды»,  «Бұлттан 
шыққан  күн  ащы,  жаман  адамның  тілі  ащы»,  «Жаман  адам  өзі 
болмайды,болғанды көре алмайды». 
15.
Әділетсіздік.  Арабшада:  ﻢَﻈْﻋﻷاُءﻼَﺒﻟاﻮﮭﺒﯾﺮَﻘﻟاُر ْﻮَﺟ  «Ең  ауыр  жамандық  – 
ағайын  туғанның  әділетсіздігі»  деген  қанатты  сөз  бар.  Қазақ  халқы  да 
әділетсіздікті  жөн  санамайды:  «Ердің  сыны  сырында  болады,сөздің  сыны 
шынында болады», «Ел болып тұрып, жау болғаннан сақта, етек астынан дау 
болғанынан сақта», «Алмастың жауы – қорғасын, әділетсіздік қор болсын». 
16.Ұмытшақтық. Адамзат атаулыға тән бұл кем-кетік қарастырылып 
отырған  қос  тілдегі  де  фразеологизмдерде  ұшырасады.  Мысалы: 
 ُﺘْﻨُﻛ :ﺖﻟﺎﻗ؟ﺔِﻨِﻜِﺘْﻨِﻛﺎﻣﺎﻤﺣﺎﯾ
 ُﺖﯿِﺴَﻧﻮ
 
«Енеден сұрапты: Сен де келін болдын ғой? Ол жауап 
беріпті: -Болғам, бірақ ұмытып қалыптым». 
17.Жалқаулық.  Қазақ-араб  халықтары  ұрпағын  кішкентайынан 
еңбекқорлыққа  тәрбиелеуге  талап  қойған.  Жалқаулықты  өз  мақал-
мәтелдерінде мінеп-сынаған. Мысалы:Арабтар: ﺮﯿﻤﺤﻟا فﻮﺴﯾ ﻦﻤﻓ ﺮﯿﻣا ﺖﻧاو ﺮﯿﻣا ﺎﻧا 
«Мен ханшамын,сен ханшасын, Кім ешектібағады?» 
Қазақтар:  «Еріншектің  ерні  жібімес»,  «Жалқаудың  ісі  мандымас», 
«Жалқаулық  аздырады,еңбек  оздырады»,  «Сен  салар  да  мен  салар,  атқа 
 
105 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
жемді кім салар?», «Еріншекке бүгіннен ертең оңай», «Жалқау байымас, сұқ 
семірмес»,  «Сіз  тұрыпсыз  тікейіп,  біз  тұрыппыз  тікейіп,  Жерге  түскен 
қамшыны кім алады еңкейіп?». 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал