Қазақстан Республикасы



жүктеу 5.03 Kb.

бет6/14
Дата07.02.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Мектептегі   информатика пәнін оқытудың технологиялық 
ерекшеліктері 
   
 
Қосбармақова Әлия Нурғалибекқызы 
Алматы обл. Жаркент қаласы  
«Елтінді батыр атындағы орта мектебі»  коммуналдық 
мемлекеттік мекемесінің   информатика  пәнінің оқытушысы 
 
   
  
Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім 
беру  мәселесі  республикамызда  ғылыми-педагогикалық  тұрғыда  ізденіспен 
әлемдік  жинақталған  тәжірибеге,  отандық  қол  жеткен  табыстарды  саралай 
отырып,  ұлттық  ерекшеліктерді  ескере,  оқыту  мен  тәрбиелеуді  жаңаша 
ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр. 
Информатика  –  адам  өмірінің  әртүрлі  салаларында  ақпараттың  құрылымы 
мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану 
мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән. 
Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық 
байланысты  және  олардың  өте  үлкен  көлемдегі  ақпараттарды  туғызуы, 
сақтауы  және  автоматтандыруы  ақпараттық  үрдістерге  ғылыми  қөзқарасқа 
мүмкіндік  пен  қажеттілікті  туғызады.  Бұл  ерекшелік  көбінесе 
информатиканы  компьютермен  жұмыс  істеу  әдістері  мен  тәсілдерінің 
жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады. Шындығында қазіргі замандағы 
информатика  —  өте  көлемді,  динамикалы,  эмпирикалық  материалдарды 
жинақтау  және   ойдан  өткізу  кезеңін  кешіп  отырған,  бірнеше  іргелі  және 
қолданбалы  пәндердің  қиылысында  қаланған  ғылым.  Қазіргі  замандағы 
 
47 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
информатиканы  1978  жылы  Халықаралық  информатика  конгресінде 
төмендегідей түрде анықтады: 
Информатика ұғымы  ақпараттарды  өңдеу  жүйелерін  құру,  жасау,  қолдану 
және  материалды  –  техникалық  қызмет  етумен  байланысты  облыстарды 
қамтиды,  мұнда  машиналар,  жабдықтар,  математикалық  жасақтама, 
ұйымдастырушалық  аспектілері,  сонымен  қатар,  өндірістік,  коммерциялық, 
әкімшіліктік және әлеуметтік әсер ету кешені де енеді. 
Екінші  бір  көзқарас  бойынша, информатика –  жаңа  білім  алу  мақсатында 
есептеу  техникасының  көмегімен  жинақталған  білімді  сипаттау,  беру, 
интерпретациялау, формальдау және қолдану туралы ғылым. 
Кең  мағынада, информатика –  ақпараттық  іс-әрекет,  ақпараттық  үрдістер 
және  олардың  адам-машина  жүйелерінде  ұйымдастырылуын  зерттейтін 
ғылым. 
Жоғарыда берілген жалпы анықтамалардан информатиканың тек қана «таза 
ғылым»  ғана  емес  екендігін,  ал  оның  маңызды  ерекшеліктерінің  бірі  – 
адамзат  қызметінің  барлық  салаларында:  өндірісте,  басқаруда,  ғылымда, 
білім  беруде,  саудада,  қаржы  аумағында,  медицинада  және  т.б.  кең 
колданылуы,  яғни  технологиялық,  қолданбалық,  практикалық  аспектісінің 
маңыздылығын көреміз. 
Кейбір  батыс  Европа  елдерінде  және  АҚШ-да  бұл  ғылымға  басқа  термин 
қолданылады – «Computer science» (компьютерлік ғылым). 
Қай  қазақ  болса  да  баласы  компьютерді  тез үйреніп  алып,  өркениеттің 
өрге  басқан  өрендерінен  қалмайтынын  танытса,  кәдімгідей  марқайып, 
қуанып қалатыны анық. Тозалаңы шығып көше таптап, болмаса есірткі мен 
ішімдікке  бейім  ортаға  түсіп,  жанбай  жатып  өшкенше,  баланың  үйде, 
компьютердің алдында отырғанын қай ата-ана жек көрсін. Әрине, кәрі дүние 
компьютерге  құшағын  айқара  ашқалы  ол  адамзаттың  өмірін  жеңілдетіп, 
айлық алыс жерлерден көзді ашып-жұмғанша ақпарат алатын ғажап мүмкін-
дік  беріп,  қағазбастылықтан,  бюрократиядан  құтқарғаны  анық.  Бұл  күні 
ғылым,  техника,  білім,  тіпті  қай  саланы  алсаңыз  да  компьютер  қызметінсіз 
елестету  мүмкін  емес.  Олай  болса,  «еңку-еңку  жер  шалмай,  компьютерді 
қолға  алмай,  ерлердің  ісі  бітпейтін»  заманда  баланың  бәрін  білетін  «әулие 
жәшіктің»  алдына  байланғанына  әке  -  шешенің  қуануы  заңды  құбылыс. 
Содан  болар  бала  интернетті  шарлаудан  немесе  өзіне  таныс  ойындарды 
күнде ойнаудан жалығып кетпесін деп компьютерлік ойындардың неше ата-
сын үйіп-төгіп  әкеп  беретін  «жомарттары»  да  жоқ  емес.  Ата  -  ананың  ішкі 
пікірін мұндайда «Доп ойнаған тозады, бәрінен де компьютердің құлағында 
 
48 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
ойнаған  озады»  дегенге  де  сыйғызуға  болар  еді.  Алайда  уақыт  өте  келе 
компьютер алдында көп отырудың көз жанарына, адамның қан айналымына 
кері әсер ететінін былай қойғанда, ол ойын құралына, онда да адам жүйкесін 
бұзатын құмар ойын құралына айналды. 
Қоғам  сұранысынан  туындап  отырған  талапқа  сәйкес  оқушының  ой-өрісін 
дамытып,  алған  білімдерін  өз  тәжірибесінде  жаңа  жағдайларда  қолдану 
біліктілігін,  ізденімпаз,  шығармашыл  тұлға  қалыптастырудың  бірден-бір 
жолы  жаңа білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеуде. 
Қазіргі таңда республикамызда  информатикалық білім беруге көшуге   жан-
жақты  талқылануда.  Мұндағы  біздің  басты  ұстанымымыз  -  тұлғаның  жеке 
дамуына  негізделген,  жан-жақты  зерттеліп,  сараланған  білім  беру  үлгісінің 
басым  бағыттарын  айқындау,  нәтижесінде  еліміздің  әлемдік  өркениетке 
негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. 
 
Мектептегі  информатика  пәнін  оқытудың  технологиялық  ерекшеліктерін 
білім беру жүйесінде  - қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы 
қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды 
қалыптастыруды  көздеген  заман  талабы.  Әлемдік  білім  кеңістігіндегі 
оқытудың  озық  технологияларын  қамтитын  жаңа  білім  мазмұны  шынайы 
жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. 
 
Мектептегі  информатика  пәнін  оқытудың  технологиялық  ерекшеліктерін 
оқытудағы басты мақсаты 
.
қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; 
.
өзін-өзі дамытуға; 
.
өз ойын еркін айта білуге
.
өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;  
.
жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру. 
Қазіргі  ғылым  мен  техниканың  қарыштап  дамыған  кезінде  оқу-білімнің, 
соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі 
маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес 
қоса  алатын,  өзіндік  ой-пікірі  бар,  жан-жақты  дамыған,  білімді  де  білікті 
тұлғаны  дайындап,  тәрбиелеу-аса  құрметті  қоғамдық  міндет.  Себебі,  ел 
тұтқасын  жан-жақты  білімді  ұрпақ  ұстанған  шақта  ғана  өркениет  алға 
дамымақ. 
  
Жас  ұрпаққа  білім  беруде,  оларды  болашақ  еліміздің  тұтқасы  етіп 
тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді 
орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер 
өрістеуде.  
 
49 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім 
беруде  кезең-кезеңімен  өтетін  және  алынған  нәтижелерге  сәйкес  түзету 
енгізіліп,  талданатын  өзгерістер.  Сонымен  қатар  білім  беруді    мектептегі 
информатика  пәнін  оқытудың  технологиялық  ерекшеліктерін  үрдісі  салт-
дәстүрді,  мәдени  мұраны,  жалпы  ұлттық  құндылықтарды  көздің 
қарашығындай  сақтауды  талап  ететін  тұрақты  жүйелерден  тұрады. 
Сондықтан  да      мектептегі  информатика  пәнін  оқытудың  технологиялық 
ерекшеліктерін    көшуді  жүзеге  асыру  –оның  қажеттілігі  мен  тиімділігін  әр 
педагогтың,  әр  ата-ананың  саналы  түрде  түсінуін,  қабылдауы  мен  оған 
белсенді  түрде  араласуына  мүмкіндік  беруді,  асқан  ұқыптылық  пен 
сезімталдықты қажет ететін үрдіс. 
    
Қазіргі  кездегі  мектептегі  информатика  пәнін  оқытудың  технологиялық 
ерекшеліктері  баланың  интеллектісіне,  дербес  ойлауын  дамытуға 
бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге 
болады.  Балаларды  мектепке  дайындау,  мектепке  бейімделуін  және 
оқытудың  жетістігін  қамтамасыз  ететін  маңызды  құрамы  психологиялық 
дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму 
мәселесін  шешу,  оқытудың  тиімділігін  арттыру,  балалардың  мектепте 
оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек. 
Интеллектуалдық  дайындық  –  баланың    мектептегі  информатика  пәнін 
оқытудың  технологиялық  ерекшеліктерінің  компоненті  оның  ой  -  өрісін, 
нақты  білім  қорын  қарастырады.  Жалпы  айтқанда,  мектепте  оқытуға 
интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады: 

 
Дифференциалдық қабылдау; 

 
Аналитикалық ойлау; 

 
Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі); 

 
Есте сақтау; 

 
Білімге қызығушылық; 

 
Ести отырып сөйлеу және түсіну, әр түрлі символдарды қолдана білуі; 

 
Қол қимылдарының,көру, қимыл кординацияларының дамуы. 
 
Оқу  процесінде  информатика  пәнін  оқыту  технологиясы    ерекше   орын 
алады.      Информатиканы    оқытудың    технологиясын  қолдану  –  оқушының 
оқудағы  танымдық  іс  -  әрекетін  және  қалыпсыз  жағдайларда  өз  білімін 
қолдануға мүмкіндік береді. 
  
Дамыта  оқыту технологиясы –  шығармашылық  ойлауға,  сапалы дамуға, 
қиялдауға,  есте  сақтау,тіл  дамытуға  бағытталған.  Бұл  технологияның 
ерекшелігі:  оқығанын  пікірсайысқа  салу,  сабақ  құрылымының  тиімділігі, 
дидактикалық  ойындар,  өзіндік  іс  -  әрекет  қарқындылығы,  сабақта  әр 
 
50 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
оқушыға өзін - өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру. 
Бұл технологияның бір ерекшелігі «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, 
барлық баланың ой  -  өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат 
тұтуы. 
Коммуникативті  оқыту  технологиясы  –  сабақта  диалогтық  және 
монологтық  оқытудағы  жағдайды  жасайды.  Коммуникативтік  әдіс 
оқушылардың  танымдық  оқу  іс  -  әрекетін  ұйымдастырудың  негізгі  құралы 
болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым – қатынас 
дағдысы,  тұлғаның  адамгершілік  қасиеті,  өзінің  ортақ  мақсаты  тілегіне 
бағына білуін қалыптастырады. 
Интернет  –  білімдер  мен  ақпараттардың  орасан  зор  қоймасы  болып 
табылады,  сондықтан  ол  ақпараттардың  үздіксіз  берілуін  қамтамасыз  етеді. 
Интернетті  пайдаланудың  оң  жағымды  жақтарынан    Clark  пен  оның 
әріптестері өзіне деген сенімділіктің жоғарылығын, жанұя мүшелерімен және 
достарымен  жиі  қарым-қатынас  жасау,  сонымен  бірге  өкілеттілік 
берілгендігін  сезінуді  бөліп  алды.  Басқа  зерттеушілер  ойындармен 
ойнағанның  арқасында  қатынастар  қалыптастыру  мен  достар  табу  сияқты 
Интернеттің пайдалы қасиеттерін зерттеді [3]. 
 
Жоғарыда  көрсетілген  барлық  технологияларды  орынды,  шеберлікпен 
қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық 
жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан – 
жақты  дамытуда  жеке  тұлғаға  бағытталған  сабақ  құрылымының 
технологиясы да,мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс. 
Жеке  тұлғаға  бағытталған  сабақ  дегеніміз  –  оқушыға  деген  құрмет,  ізгі 
қатынас,  оқушылардың  тұлғалық  ерекшеліктері  ашылатын,  қасиеттері 
қалыптасатын,  мүмкіндіктері  жүзеге  асырылатын  оқыту  жағдаяты, 
«сахналық  алаң».  Осындай  сабақты  жобалау  және  өткізу  технологиясы 
мұғалімді жаңа, бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке 
даму  процесіне,оның  тұлғалық  қалыптасуына  кешенді  педагогикалық 
бақылау жүргізетін, ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс. 
 
Әдебиеттер; 
 
 
51 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
 
1.  Гоулман  Д.  Эмоциональное  лидерство:  искусство  управлять  людьми 
на  основе  эмоционального  интеллекта.  -  М.:  Альпина  Бизнес  Букс,  2005.  - 
302 c. 
2. Журавлев А.Л. Влияние коммуникативных качеств личности руководителя 
на эффективность руководства коллективом // Психология личности и образ 
жизни. - М: Наука, 1987. – 219 с. 
3.
Сейтешев  А.П.Профессиональная  направленность  личности:  теория  и 
практика воспитания.Алматы:Наука,1990. 
4. Равен Дж.Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и 
реализация. М., 2002.  
 
 
Оқушылардың  сөйлеу мәнері және интеллектуалдық ептілігін 
дамытуға  арналған жұмыстардың маңыздылығы. 
Джанаманова Құрбангүл Балтабайқызы 
 
«Ж.Бусаков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын 
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры,  
қазақ  тілі мен әдебиет пәні мұғалімі  
 
Білім беру жүйесін ізгілендіру қазіргі кезеңдегі даму жағдайында педагог 
кадрлардың  жалпы  және  кәсіби  даярлығына,  олардың  жеке 
шығармашылығына жоғары талаптар қоюда. 
   
Қазақстан 
Республикасы 
Президенті 
Н.Ә. 
Назарбаевтың 
«Интеллектуалды  ұлт  –  2020»  идеясын  ұсына  отырып  «...  Заманауи 
прогрестің  мәнін  білуіміз  керек.  Қазіргі  шындық:  бүгінгі  мемлекет  өзінің 
интеллектуалды ресурстарымен бәсекеге түседі. «Интеллектуалды ұлт-2020» 
идеясының  мақсаты  –  жаңа  қазақстандықтарды  тәрбиелеу.  Елді  адам 
капиталы  арқылы  бәсекеге  қабілетті  ету.  Бәсекенің  бастысы  -  білімнің 
бәсекесі. Бұл үшін біріншіден, білім жүйесінің инновациялық дамуына жол 
ашу,  екіншіден,  электронды  қызмет  көрсетуді  жаңа  заманға  сәйкестендіру 
керек» - деп көрсеткен құнды пікірлері   өте жаңашыл. 
 
Қазіргі  уақытта  мектептерде  халықаралық  интеграциялық  процестер 
білімдер жүйесінде білімдерді адекватты және эквивалентті өлшеу жүйелерін 
 
52 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
кіргізуді  қажет  деп  санап,  әлемдік  стандарттарға  сай  оқытудың  кредиттік 
жүйесі нақты жүйелік сипат беріп отыр, рационалды логикалық бірізділікпен 
енгізіліп  оны  сәтті  басқару  механизмі  қолға  алынып,  творчестволық 
ізденістермен жүзеге асуда.  
Педагогикалық  әрекет  –  күрделі,  әрі  көпжақты.  Оның  көптеген 
компоненттерінің  ішінен    үш  негізгісін  бөліп  көрсетуге  болады:  мағынасы, 
әдістемесі  және  әлеуметтік-психологиялық  компоненттері.  Осы  үш 
компоненттің  біртұтастығы  мен  өзара  байланысы  педагогикалық  жүйенің 
міндеттерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз етеді. 
Интеллект  таным  арқылы  дамиды.  Таным  дегеніміз:    «білім  алу, 
объективті әлем заңдылығын түсіну, қандай да болмасын бір саладағы білім 
жиынтығы»; 
«шынайы  өмірді  білдірудің  ең  жоғарғы  формасы.  Жеке  тұлға  сезімдік, 
эмпирикалық  және  ойлау  сияқты  танымның  әртүрлі  деңгейлері,  сондай-ақ 
қабылдау,  елестету,  ғылыми  мәтіндер,  заттар  сияқты  таным  формалары 
арқылы ұжыммен жасалған білімнің объективтік жүйелерін меңгере отырып 
таниды». 
Адамның шынайы өмірді білдіруші процесі, танымның, яғни заттар мен 
тұтастай құбылыстарды білдіретін қабылдаудың құрамына кіретін түйсінудің 
алғашқы  сатысы.  Осыған  орай,  таным  объектілерінің  негізгі,  тікелей 
қабылдай  алмайтын  қабілеттерін  білуге  ойлау  жолымен  қол  жеткізуге 
болады.  Ойлау  сатысындағы  таным  табиғат  заңы  деген  негізгі,  нақты  
факторлардан  негізгі  құбылыстарға  және  абстрактыға  деген  нақтылықтан 
қоғамға қарай жылжиды. 
Ал,  Дж.  Рензулли    өзінің  еңбегінде  «интеллект»  түсінігін  әртүрлі 
салаларда кездесетін орта деңгейден жоғары қабілеттер ретінде қарастырады. 
Оларға: 
Негізгі интеллектуалдық қабілеттер; 
Арнайы академиялық қабілеттер; 
өнімді және шығармашылық ойлау қабілеттері; 
психологиялық оқып-үйрену; 
визуалдық қабілеттер; 
өнерге деген қабілетттер жатады. 
 
53 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
интеллектуалдық қабілет – жеке өмірді құруға және тұлғаның өз бетінше 
дамуына өз кезегінде әсер ететін, жалпы оның өмірлік іс-әрекетінің өзіндік 
сипатын  ойлаудың  жеке  тұлғалық  қабілетін  құрайтын  жеке  тұлғаның 
ерекшелігі. 
Оқушылардың интеллектуалдық дамуының 5 деңгейін анықтайды: 
Оқушылық  деңгей,  яғни  дайын  күйінде  көрсеткенде  оқылған 
материалды  санамен  танып  білу  және  осы  негіздегі  типтік  тапсырмаларды 
шешу; 
Алгоритімдік  деңгей,  яғни  типтік  жағдайларда  жиналған  дағдыларды 
өзбетінше  қолдану;  осы  екі  деңгей  репродуктивтік  ойлау  іс-әрекетін 
білдіреді,  ең  қолайлы  ортақ  нәтижелерді  таңдай  отырып  өзбетінше 
кескіндерді, кестелерді, алгоритм диаграммаларын, блоктарды құрастыру. 
Қайта  жасаушы  деңгей  күрделі  тапсырмаларды  шешуде  бірнеше 
алгоритмдерді,  алдын-ала  зерттелген  материалдары  қолдану,  пән  аралық 
байланыс.  Оқушылардың  пайдалы  интеллектуалдық  әрекеттерінің  ең 
жоғарғы  осы  деңгейі  аталған  ғылым  мәселелерін  толық  көру 
материалдарының  алдын-ала  зерттеуін  талдауды  талап  ететін  тапсырманың 
күрделік  деңгейі  байланысты  дифференциялау  сияқты  әдістер  көмегімен 
құрылады; 
Эврикалық деңгей  -  ақылдық жұмыстар нәтижесімен стандарттық емес 
тапсырмаларды  шешу,  яғни  тұлғалық-маңызды  жаңалықтар;  зерттелген 
материалдардың  бірнеше  тақырыптарын  бойға  сіңіруді  талап  ететін 
проблемалық-логикалық  тапсырмаларды  шешу;  қосымша  тізім  бойынша 
ақпараттық  жинақ  жасау,  ұйқас  ойлауды  талап  ететін  жұмыс,  себеп-
салдарлық байланыстар орнату, ғылыми әдістерді біртіндеп қолдану. 
Шығармашылық деңгей - мәселелер қою және оны шеше білу, ғылыми 
жұмыс деңгейі,  нәтижесінде қоғамдық маңызға ие болатындай жаңалық ашу. 
Біз,  профессор  Н.Қ.Тоқсанбаеваның  пікірін  бөлісеміз, интеллектуалдық 
қабілеттер  деп  сапалы  түрде  қабылдау,  есте  сақтау,  назарға  алу,  қиял  және 
ойлау сияқты қабілеттерді айта аламыз; және жалпы білім беруші мекемелер 
оқушыларының алғашқы интеллектуалдық мәліметтерін топтастыра отырып 
біз  «интеллектуалдық  қабілет»  түсінігінің  келесі  дефинициясын  береміз: 
интеллектуалдық  қабілет  дегеніміз  -  оқушылардың  алған  білімдері  мен 
дағдыларын  өзбетімен  үйрену  және  тереңдету  мақсатында  сапалы  түрде 
 
54 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
қабылдау, есте сақтау, назарға алу, қиял мен ойлау қабілеттеріне әсер ететін 
рационалдық таным қызметтерінің жиынтығы. 
Біліммен  тексерілген  қоғамдық-тарихи  тәжірибе  және  логикамен 
дәлелденген  нақтылықта  таным  процесінің  нәтижесінен  тұрады,  сондай-ақ 
елестету,  сын  түсініктері,  теориялар  түрінде  адамның  санасындағы  оның 
адекватты бейнесі.   
Адамның  ойы  білімсіздіктен  білімге,  үстірттіктен  адамның  қызметін 
қалыптастыратын  жағдай  қызметіне  қажет  білімнің  тереңдігі  мен  жан-
жақтылығына тұрақты түрде қозғалыста болады. Сондықтан, оқытушы нақты 
байланыс бейнелерінің психикалық үдерісі және объективті әлемнің  заттары 
және  құбылыстарының  қатынастары  деп  түсінетін  ойлауды  дамытумен 
белсенді айналысуы керек. 
Ойлау қабілеті төмендегідей мазмұндардан тұрады: 
1)
 
ойлау  операциялары  (талдау,  синтездеу,  салыстыру,  жалпылау 
абстрактылау, нақтылау); 
2)
 
формалар (түсінік, сынау, ой қорытындысы); 
3)
 
түрлері  (көрнекі-құралдық-әрекеттік,  бейнелік,  алаңғасарлы 
ойлау); 
4)
 
әдіс-тәсілдер (индукция, дедукция).  
Шығармашылық  ойлауды  табысты  дамыту  шарттарының  бірі  
педагогтың  сөйлеу  мәнері  жалпы  интеллектуалдық  ептілікпен  қамтамасыз 
ету  болып  келеді.  Интеллектуалдық  қабілеттер  мен  ептіліктер  ойлауын 
дамыту  мәселелері  әрқашанда  дидак-ғалымдардың  басты  назарында. 
Жетістіктер 
негізінде 
философ-психологтар 
төмендегідей 
ойлау 
операцияларынан  тұратын  интеллектуалдық  ептіліктерді  қалыптастырудың 
әдіс-тәсілдерін  ұсына  отырып  осы  мәселенің  педагогикалық  аспектісін 
қарастырады: 

 
талдау,  яғни  зерттеу  объектісінің  тұтас  құрылымын 
құрастырушы бөлшектерге ойша бөлу; 

 
жинақтау, яғни  бөлшектерді  біріктіре  отырып  тұтас  құрылым 
жасау; 

 
салыстыру,  яғни ұқсастық пен  айырмашылық байланыстарын 
анықтау; 

 
жалпылау,  яғни  мәнді  қасиетер  мен  ұқсастықтарды  біріктіру 
негізінде жалпы белгілерді ерекшелеу; 

 
абстрактылау, яғни іс жүзінде өзбетінше өмір сүре алмайтын 
құбылыстардың кейбір жақтары мен аспектілерін ерекшелеу; 
 
55 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 

 
нақтылау,  яғни  жалпы  белгілерден  ерекшелену  және  жеке, 
дара белгілерді ерекшелеу; 

 
жүйелеу  немесе  жіктеу,  яғни  заттар  мен  құбылыстарды ойша 
топтар мен топтамаларға бөлу. 
 
С.М.Жақыповтың  еңбегінде  біз    педагогтың  зияттық  ептілігін 
қалыптастыру мәселесіне жүйелілік тұрғыдан қарағандығын байқады. Оның 
ұсынып  отырған  теориялық  мәліметтерін,  практикалық  нұсқауларын  біз 
оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда қолданамыз. 
I. талдау мен синтездеуге үйрету үшін, ең алдымен: 
1) объектілерді құрамдас бөліктерге бөлу керек; 
2) объектінің кейбір мәнді жақтарын ерекшелеу; 
3) әрбір бөлікті (жақтарды) бір тұтас элемент ретінде зерттеу; 
4) объекті бөліктерін бір тұтас етіп біріктіру . 
Оқушылардағы  талдау  мен  синтездеу  дағдыларын  дамытуды,  ең 
алдымен  оқу,  ғылыми-көпшілік  және  ғылыми  әдебиетерді  оқу  процесінде 
жүзеге асыруға болады. Мазмұны мектептік оқулықтардан тыс кітаптар мен 
қосымша әдебиеттерді оқу оқушылардың білімге деген қажеттілігінің пайда 
болуымен 
байланысты 
және 
танымдық 
қызығушылықтарды 
қанағаттандандыру,  қабілеттілік  пен  бейімділік  құралдары  ретінде  қызмет 
етеді.  Әдебиетпен  жұмыс  істеу  ғылыми-зерттеу  жұмысының  бір  әдісі. 
Өзбетінше білім алуда кітап білімнің негізгі көзі болып саналады. 
Оқушылар  үшін  кітаппен  жұмыс  істеудің  ең  кең  тараған,  яғни  мәнді, 
ойлы топтарды айқындау, жоспар, конспект, тезис, кескін, кесте, диаграмма, 
қорытындылар жасау секілді тәсілдерден тұратын танымдық деңгей қолайлы. 
Сөйлеу мәнері – бұл ауызша мәлімет беруде дауыс пен денені қолдану, 
яғни  біз  көретін  және  еститін.  Біз  мәнерді  көрсететін  «терезе»  деп 
қарастыруға  болады.  Егер  ол  сынық,  тұманданған,  таза  емес  болса,  онда 
мазмұнды  түсінуге  кедергі  келтіреді,  ал  ол  таза  болса,  «сөздің»  барлық 
аспектілерін жан – жақты қабылдауға мүмкіндік береді. 
 
Мектебіміздің негізгі басты идеясы аясында оқытушы

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал