Қазақстан Республикасы



жүктеу 5.03 Kb.

бет5/14
Дата07.02.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 
Өрісбек Ә.С. – 2-шы оқу жылы магистранты 
Қайнар Академиясы 
(Алматы, Қазақстан) 
 
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ  ЭТНОСТЫҚ  БІРДЕЙЛІК  ТИПТЕРІНДЕГІ  ЖЕКЕ 
ҚАСИЕТТЕР ЖАЙЛЫ 
Мақалада  жасөспірімдердің  этностық  бірдейлік  типтеріндегі  жеке  қасиеттері 
қарастырылған. 
Негізгі сөздер: этностық бірдейлік, жасөспірімдік кезең, жеке қасиеттер 
 
Жасөспірімдердің этностық бірдейлік типтеріндегі жеке қасиеттер жайлы 
Жасөспірімдік кезеңнің маңызды психологиялық процесі – өзіндік сана мен тұрақты «Мен» 
бейнесінің  қалыптасуы.  Л.С.Выготскийдің  бекітуінше,  өзіндік  сананың  қалыптасуы 
квинтэссенцияны құрайды және бұл жастың негізгі нәтижесі [1].  О.П.Солодилова жасөспірімнің 
өзіндік санасының дамуының жаңа деңгейін сипаттайтын факторларды бөліп көрсетеді: өзінің 
ішкі  әлемін,  оның  барлық  жеке-дара  тұтастығы  мен  өзгешелігін  ашу;  өзін-өзі  тануға  тырысу; 
тұлғалық  бірдейлігінің,  өзін  ұқсату  сезімінің,  жүйелілік  пен  бірліктің  қалыптасуы;  жеке 
болмысының қалыптасуы («мен бұл үшін өзім жауап беремін») [2]. 
Этностық  бірдейлену  тұлғаның    ішкі  психологиялық  қайшылықтарға  қарым-
қатынаста  өз  этномәдениетін  жатсыну  мен  оған  жаулық  сезімін    туғызатын  дауларға, 
әртүрлі  әлеуметтік  фрустрацияға  әкеледі  (ұлттық  нигилизм,мәңгүрттену)  -  деген  ойды 
Қ.Б.Жарықбаев  пен    Ж.С.Нүкежановтар  тұжырымдаған.  Әрине  бұл  пікірдің  түбірі 
 
34 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
этностық бірдейленуді жан-жақты зерттеп, оның ерекшеліктерін ашуға ізденіс жасауға ой 
салды. 
Осыған  орай,  біз  зерттеуімізде  жасөспірімдердің  этностық  бірдейлік  типтеріндегі 
жеке қасиеттерін зерттеп көруді мақсат тұттық.  Этностық бірдейлікті анықтаудың негізгі 
құралы Г.У.Солдатованың әдістемелік өңдеуы болды [3]. Бұл әдістеменің негізгі мақсаты 
– 
этносаралық шиеленістің өсу жағдайында этностық өзіндік сананың трансформациясы 
тенденциясын анықтау [4]. 
Зерттеуге  Қайнар  колледжінің  17ден  21  жасқа  дейінгі  200жасөспірімдері  қатысты. 
Жалпы жасөспірімдік топтарға этностық бірдейлікті типтерге бөлудің келесі суреттемесі 
байқалады: сыналушылардың 55% - позитивті этностық бірдейлікке, 25% гипербірдейлік 
типтері  бойынша  этностық  бірдейліктің  бұрмалануы.  №3  суретте  біздің  зерттеуімізде 
әртүрлі  ұлттық  жасөспірімдік  кезеңдегі  өкілдер  арасында    этностық  бірдейліктің 
көрінуінің пайыздық көрсеткіші көрсетілген. 
 
3-
сурет Этностық бірдейлік типтері бойынша студенттерді ұлтқа бөлу 
 
Бұл  суретте  жасөспірімдік  кезеңнің  сыналушылар  арасында  позитивті  этностық 
бірдейлігі 25%-дан аз адамдар арасында осындай этностар мен ұлттар өкілдері кездеседі. 
Барлық  этностық  топтар  арасында  сыналушылардың  орыс  тобында  позитивті  этностық 
бірдейліктің  (84%)  ең  жоғары  пайызы,  ал  сыналушылардың  татарлар  тобында  (5%) 
позитивті этностық бірдейліктің ең төменгі пайызы байқалады.  
Жасөспірімдік  топтар  және  орыс  топтары  секілді,  позитивті  этностық  бірдейліктің 
көрінуінің  ең  жоғарғы  көрсеткіші  байқалды.  Ең  жоғары  көрсеткіш  татарлар  тобына 
тиесілі,  бірақ  жасөспірімдік  топтармен  салыстырғанда,  көрсеткіш  50%-ға  жуық,  бұл 
қалыпты  жағдайды  көрсетеді.  Бұл  жас  тобында  келесі  бірдейлік  типтері  анықталды: 
этностық  индифференттілік  -  17%,  этноэгоизм  -  13%,  этноизоляционизм  -  7%, 
этнофанатизм  -  2%,  қалыпты  этностық  бірдейлік  -  61%.Нигилизм  сияқты  этностық 
бірдейлік типі бұл жас тобында анықталған жоқ. Барлық сыналушылар тобын аффилиация 
бойынша  екі  топқа  бөлуге  болады:  аффилиациялық  тенденцияға  бейім  (23,5%), 
антиаффилиациялық тенденцияға бейім (76,5%). 
 
35 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
5-
сурет Нигилисттерде жеке қасиеттерді орташа мән бойынша бөлу 
 
№5  суреттегі  талдау  нигилисттерде  ашықтық  (8,00),  спонтанды  ашушаң  және 
ұяңдық (7,50), реактивті ашушаң (7,00), эмоциялық тұрақсыздық және күйгелектік (6,80) 
қасиеттерінің  жоғары  деңгейде  көрінуіне,  көпшілдік  (3,00)  қасиетінің  төменгі  деңгейде 
көрінуіне  негіз  болады.  Көрсеткіштер  бұл  топ  сыналушыларында  сыртқы  әлеуметтік 
ортаға  ашық,  бірақ  ұяңдықтың  жоғары  деңгейімен  бекітілген  қарым-қатынасқа  төменгі 
қажеттілікті  көрсетеді.  Осындай  адамдар  тобы  эмоциялық  жағынан  тұрақсыз,  ашу  мен 
өшпенділіктің  өршуімен  қатар  жүретін  фрустрацияға  реакция  ретіндегі  агрессия  да, 
спонтанды агрессия да көрінуі мүмкін.  
6-
сурет Этностық индифференттілігі бар адамдарда  жеке қасиеттерді орташа мән 
бойынша бөлу 
 
Жеке  қасиеттерді  орташа  мән  бойынша  бөлу  графикалық  суретінен 
индифференттілік  типіндегі  адамдарда  реактивті  ашушаң  (7,20),  ұяңдық  (6,60)  және 
ашықтық (6,20) қасиеттерінің жоғары деңгейде көрінуі, көпшілдік қасиетінің (3,8) төменгі 
деңгейде  көрінуін  байқаймыз.  Осындай  жолмен,  индифференттілер  тобы  этносаралық 
шиеленіс жағдайында этносаралық қарым-қатынаста шиеленісті жою жолымен жүрмейді 
және басқа этностық топ өкілдеріне өзінің өшпенділігі мен жеккөрушілігін ашық көрсете 
отырып, агрессивті әрекет етеді.  
 
 
36 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
7-
суретПозитивті этностық бірдейліктегі адамдарда  жеке қасиеттерді орташа мән 
бойынша бөлу 
 
№7  суреттегі  талдау  позитивті  этностық  бірдейліктегі  адамдарда  ашықтық  (7,00), 
спонтанды  ашушаң,  реактивті  ашушаң  (6,66)  қасиеттерінің  жоғары  деңгейде  көрінуіне, 
көпшілдік  (4,20)  қасиетінің  төменгі  деңгейде  көрінуіне  негіз  болады.  Бұл  топтағы 
сыналушыларда барлық жеке қасиеттер шамамен орташа көріну деңгейінде болды, жеке 
қасиеттердің көрінуінің орташа мәнінің көрсеткіштерінде ауытқушылықтар байқалмады. 
Позитивті  этностық  бірдейліктегі  сыналушыларда  этносаралық  шиеленіс  жағдайында 
басқа этнос өкілдеріне қатынасы бойынша қандай да бір ашушаң спонтанды әрекеттер тән 
емес деп қорытынды жасауға болады. 
 
8-
суретЭтноэгоисттерде жеке қасиеттерді орташа мән бойынша бөлу 
 
Этноэгоисттерде  жеке  қасиеттердің  орташа  мән  көрсеткіштеріне  бөлу  әртүрлі 
деңгейде байқалады. Ашықтық (7,50), реактивті ашушаң (6,50), эмоциялық тұрақсыздық 
(6,60)  қасиеттерінің  жоғары  деңгейде  көрінуі,  көпшілдік  (3,90)  қасиетінің  төменгі 
деңгейде  көрінуі  анықталды.  Бұл  топтың  сыналушылары  экстроверттілікке  қарағанда, 
интроверттілікке  жақын.  Ашықтықтың  жоғары  көрсеткіші  зерттеу  барысында  адалдық 
деңгейінің жоғары болуы жайлы мәлімет береді. Сонымен қатар, бұл топ сыналушылары 
жайында  әлеуметтік  ортаға  ашушаң  қатынасы,  басым  болуға  тырысу  және  стресс 
жағдайында эмоциялық тұрақсыздығын айтуға болады.  
 
37 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
9-
сурет Этноизоляционисттерде жеке қасиеттерді орташа мән бойынша бөлу 
Этноизоляционисттер  сияқты  этностық  бірдейлік  түріндегі  сыналушыларда  жеке 
қасиеттердің  көрінуінің  орташа  мәні  бойынша  графикалық  суретінде  ашықтық  (7,50), 
күйгелектік (7,40), реактивті ашушаң (7,00) жеке қасиеттері анық көрінеді. Көрсеткіштер 
сыналушылардың  бұл  тобында  стерсстік  жағдайда  аффектілік  әрекет  етуге  әкелетін 
эмоциялық  тұрақсыздық  күйіне  бейімділіктің  болмауы  жайлы  мәлімет  береді. 
Нейротизмнің  (2,60)  ең  төменгі  көрсеткіші  –  жоғарыда  аталған  жеке  қасиеттер  стресс 
жағдайында көріну мүмкіндігі жайлы айтады.  
 
10-
сурет Этнофанатиктерде жеке қасиеттерді орташа мән бойынша бөлу 
№9 суретте бейнеленген график алуан түрлі бейнені көрсетеді. Этностық фанатизм 
сияқты этностық бірдейлік түріндегі сыналушыларда ашықтық (7,80) (зерттеу барысында 
адалдық  деңгейінің  жоғары  болуы),  күйгелектік  (7,40),  реактивті  ашушаң  (7,10) 
қасиеттерінің  жоғары  деңгейде  болуы,  көпшілдіктің  (4,4)  төменгі  деңгейде  көрінуі 
байқалады.  Көрсеткіштер  бұл  топтағы  адамдардың  аффектілік  әрекет  етуге,  эмоциялық 
тұрақсыздыққа,  эгоцентрлікке,  авторитарлыққа,  өз  ойынан  бас  тартуға  бейімдігі  және 
басқа  этностық  топ  өкілдерімен  достық  қатынас  орнатуды  қаламауы  жайлы  мәлімет 
береді.  Жасөспірімдік  кезеңде  этностық  бірдейліктің  әртүрлі  типтерінің  өкілдерінде 
белгілі  бір  жеке  қасиеттердің  көрінуін  талдау  үшін  алынған  нәтижелері  тұлғаның  жеке 
қасиеттерінің орташа мәні кестесіне түсірілді. 
 
5-
кесте  Жасөспірімдік  кезеңде  этностық  бірдейлік  типтері  бойынша  жеке 
қасиеттердің орташа мәнінің индекстерін бөлу 
Тұлға қасиеттері  (РР1 
 
Этностық бірдейлік типтері 
 
38 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
 
 
нигилизм  индиффе 
ренттілік 
позитивті  этно 
эгоизм 
этноизоля 
ционизм 
этно 
фанатизм 
-
невротикалық 
6,5 
5,2 
5,8 
6,2 
2,6 
6,3 
-
спонтанды ашушаң 
7,5 
5,6 
5,3 
6,2 
6,2 
6,2 
-
депрессиялық 
6,3 
5,5 
5,6 
6,2 
4,2 
6,6 
-
күйгелектік 
6,8 
6,2 
5,9 
4,9 
7,4 
7,4 
-
көпшілдік 

3,8 
4,2 
3,9 
3,4 
4,4 
-
байсалдылық 
6,5 
5,7 
6,1 


6,4 
-
реактивті ашушаң 

7,2 
6,6 
6,5 

7,1 
-
ұяңдық 
7,5 
6,6 
5,9 
6,1 
6,5 
5,9 
-
ашықтық 

6,2 

7,5 
7,5 
7,8 
-
экстраверсия -интроверсия 

5,5 
5,3 

6,6 
5,5 
-
эмоциялық тұрақсыздық 
6,8 
5,5 
5,7 
6,6 
6 
6,2 
-
маскулиндік-феминдік 
3,5 
4,5 
4,5 

6,4 
6,8 
 
Бұл нәтижелер спонтанды ашушаң, күйгелектік, ашықтық сияқты жеке қасиеттердің 
индексі  гипербірдейлік  типі  бойынша  позитивті  этностық  бірдейліктің  бұрмалануы 
бойынша  көтеріледі.  Позитивті  этностық  бірдейліктегі  сыналушыларға  қарағанда, 
этноэгоизмге  және  этнофанатизмге  бейім  сыналушыларда  «невротикалық»  индексі  тым 
жоғары. Бірақ этноизоляционизм сияқты этностық бірдейлік типтеріндегі сыналушыларда 
«депрессиялық» сияқты жеке қасиеттердің көрінуінің көрсеткіштері де байқалады. барлық 
сыналушыларда  көпшілдк  индексі  шамамен  бір  деңгейде  тұр.  Көпшілдік  сияқты  жеке 
қасиеттің даму деңгейі мен этностық бірдейлік типтері арасында тәуелділіктің жоқтығын 
дәлелдейді. 
Алынған  мәліметтерді  жиілік  талдау  көмегімен  тексерейік.  Алынған  қисық  сызық 
нәтижелерді өңдеуде параметрлік емес тесттерді қолдану қажеттігі жайлы айтады. 
 
 
 
 
 
Меап = 3,08 5М. Ов\1- = 0,9 М = 180 
Этностық бірдейлік типтері 
 
 
 
11 сурет - Жасөспірімдік кезеңде этностық бірдейлік типтерін бөлу қисығы 
 
 
39 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
Алынған  қисық  сызық  нәтижелерді  өңдеуде  параметрлік  емес  тестерді  қолдану 
қажеттігі жайлы айтады. «Манн-Уитнидің тесті» параметрлік тестінің көмегімен алынған 
нәтижелерді  тексеру  спонтанды  ашушаңдық  (0,032)  және  реактивті  ашушаңдық  сияқты 
жеке  қасиеттердің  маңызды  көрсеткіштерінің  ауытқулары  этноэгоизм  мен  қалыпты 
бірдейлік  сияқты  тұлғаның  этностық  бірдейлігі  типтерінде  байқалатынын  көрсетті. 
Этноизоляционизм және қалыпты бірдейлік сияқты этностық бірдейлік типтері үшін жеке 
қасиеттердің  шкала  көрсеткіштерін  талдау  ашықтық  (0,001)  көрсеткішінің  ең  жоғарғы 
ауытқуы,  реактивті  агрессия  қасиетінің  көрсеткіштерінің  ауытқуы  байқалады.  Этностық 
фанатизм және қалыпты бірдейлік сияқты этностық бірдейлік типтері үшін жеке қасиеттер 
шкаласының  көрсеткіштері  реактивті  ашушаң  (0,024),  спонтанды  ашушаң  (0,028), 
ашықтық  (0,049)  қасиеттері  көрсеткіштерінің  ауытқуы  жайлы  мәлімет  береді.  Сонымен 
қатар,  жасөспірімдік  кезеңдегі  сыналушылардан  бірдейлік  типтеріне  ер  адамдардың 
бейімдігі анықталды.  
Сонымен,  статистикалық  талдаудың  бірнеше  типін  қолдана  отырып,  жасөспірімдік 
кезеңнің өкілдеріне келесі жеке қасиеттер жиынтығы тән деген қорытынды жасай аламыз: 
экстрапунитивті  әрекет  етудің  көрінуі  (өзіне  емес,  этносқа  бағдарлану)  этносаралық 
қолайсыздық  және  фрустрация  жағдайында  импульстік,  ашушаң  әрекет  етуде  көрінетін 
қоршаған әлеуметтік орта әсеріне ашықтық, эмоциялық тұрақсыздық.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Кон И.С. Психология предрассудок  (О социально-психологических корнях этнических 
предубеждений) // Новый мир. 1966. №6. С. 188-204. 
2.
 
Солодилова О.П. Возрастная психология в вопросах и ответах: учебное пособие. М: ТК 
Велби, Изд-во Проспект, 2005. 
3.
 
Солдатова Г.У. Психология межэтнической напряженности. М.: Смысл, 1998. 
4.
 
Солдатова   Г.У.    Социально-психологические   аспекты   межэтнической напряженности // 
Духовная культура и этническое самосознание / Под ред. Л.М.Дробижевой. -М.: ИЭА, 
1991. С. 178-200. 
 
Ғылыми жетекші: психол.ғ.к., доцент Комекбаева Л.К. 
 
 
Өрісбек Ә.С. – магистрантка 2 года обучения 
Академия Кайнар 
(Алматы, Казахстан) 
 
ОСОБЕННОСТИ ИНДИВИДУАЛЬНЫХ ПРОЯВЛЕНИЙ ЭТНИЧЕСКОЙ 
ИДЕНТИЧНОСТИ У ПОДРОСТКОВ 
 
40 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
 
В  статье  рассмотрены  особенности  индивидуальных  проявлений  этнической 
идентичности у подростков. 
Ключевые  слова:  этническая  идентичность,  подростковый  период,  индивидуальные 
качества. 
 
 
Orisbek AS. - 2 year graduate student 
Kainar Academy 
(Almaty, Kazakhstan) 
FEATURES INDIVIDUAL MANIFESTATIONS OF ETHNIC IDENTITY IN 
ADOLESCENTS 
The article describes the features of the  individual manifestations of ethnic identity among 
teenagers. 
Keywords: ethnic identity, adolescence, individual qualities. 
 
 
 
Әмірбекова С.К. 
 
 
 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 
магистранты 
 
Араб  және қазақ тілдеріндегі жанұяға байланысты фразеологизмдердің 
мағыналық үйлесімділігі. 
 
 
Аннотация: Мақалада араб-қазақ тілдеріндегі жанұяға байланысты фразеологизмдер 
қарастырылып отыр. Жұмыстың басты мақсаты – араб-қазақ тілдеріндегі жанұяға байланысты 
фразеологизмдердің  салыстырмалы талдау жүргізу арқылы олардың ортақ және 
дифференциалдық ерекшеліктері менмағыналық үйлесімділігіне классификация беру.  
Кілт сөздері: фразеологиялық сөз тіркес,стилистика,, мақал-мәтел, жанұя. 
 
Жалпы  фразеология  лингвистика  ғылымының  айнымас  бір  бөлшегі 
бола  тұра,  ауызекі  сөйлеу  тілінің  де  бір  құрамдас  бөлігі  болып  есептеледі. 
Фразелогияның  материалы  әртүрлі  генетикалық,  функционалдық  жағынан 
жан  жақты  болғандықтан  оны  белгілі  бір  шеңберге  келтіру  қиынға  түседі. 
 
41 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
Сондықтан  да  барлық  айналымдарды  белгілі  бір  терминмен  атау  үшін 
«фразеологиялық бірлік, сөз тіркесі» термині қолданылады. 
Негізі  фразеологиялық  тіркестер  қай  тілде  болмасын  мақал-мәтелмен 
қатарласа  өмір  сүріп,көркем  сөз  қорының  мәйегі  болып  табылады.  Мақал-
мәтелдер  бұрын  да  қазір  де,  көбінесе  ауыз  әдебиетінің  кіші  жанры  ретінде 
әдебиетшілердің  зерттеу  нысанасы,  ал,  фразеологиялық  тіркес  тіл  фактісі 
ретінде  негізінен  тіл  мамандарының  зерттеу  объектісі  болып  келеді.[3] 
Фразеологизмнің  зерттеу  объектісі  туралы  ғалымдардың  пікірлері 
әртүрлі.Фразеологизмдерді  тар  мағынада  түсінушілер  оның  құрамына 
номинативті  қызметі  бар  фразеологиялық  тіркестерді  жатқызады  да,  ал 
фразеологияны  кең  мағынада  қарастыратындар  номинативті  сөз  тіркесімен 
бірге  коммуникативті    сипаттағы  сөйлем  түрінде  келген  фразеологиялық 
тізбектерді,  яғни  мақал-мәтелдерді  де  фразеологизмдердің  құрамына 
қарастырады.[4]Қазақ ғалымы І.Кеңесбаев мақал-мәтел мен фразеологияның 
арасындағы  ерекшеліктер  мен  ұқсастықтар  туралы  былай  деді:  «Тілдегі 
мақал-мәтелдер  тұрақты  сөз  тіркесіне  жатады.  Бірақ,  барынша  тар  ұғымда 
алынатын ФЕ мен мақал-мәтелдер арасында үлкен айырым бар.Мақалдардың 
фразеологизмнен  айырмашылығы  мақалдар  тура  және  ауыспалы  мағынада 
бір  уақытта  қолданылуы  мүмкін.Тура  мағынада  қолданылатын  мақал-
мәтелдер    жеке  лексикалық  мағынасы  бар  сөздерден  тұрады,  ал 
фразеологизмдер  компоненттері  толық  немесе  жартылай  семантикалық 
мәннен айырылған.[3] 
Мақал-мәтелдер  фразеологизмдерден,  қанатты  сөздер  және  жай 
сөйлемдерден ерекшеленеді. Н.М. Шанскийдің айтуынша, мақал сөз тіркесі 
емес  және  фразеологиялық  бірліктен  логикалық,  синтаксистік  –  сөйлем 
формасы  бар,  прагматикалық  –  дидактикалық  мақсатта  қолданылуымен 
ерекшеленеді, ал фразеологиялық бірліктер бұлай мінезделмейді. Мақалдар – 
бұл дискурсқа кіріккен автосемантикалық мәтіндер.[7] 
Мақал  мен  мәтелдірдің  құрамына  кіретін  сөздер  көбіне  ойдың 
жинақтап    мәнін  бөліп  тұрады  немесе  логикалық  жағынан  сол  мән-
мағынасына екпін түсіруі мүмкін. Фразеологизімнің бірде бір компонентіне 
логикалық  тұрғыдан  екпін  түсіруге  болмайды.  Сол  себепті  де 
фразеологизмдер мағыналық жағымен бөлінуге келмейді.  
Қазіргі  таңда  көптеген  әлем  тілдерінде  мақал-мәтелдер  көп  тараған, 
соның ішінде араб тілінде де. Араб мақал-мәтелдерін жазбаша және ауызекі 
сөйлеу  стилінде  жиі  пайдалануы,  оның  ойды  жинақы  келтіруі,  мазмұнын 
мәнді  етіп  көрсететіндігінде.  Араб  тілінде  эмоционалдық  және 
стилистикалық  ерекшеліктеріне  байланысты  мақал-мәтелдер  тілдің 
коммуникативтік қызметін толықтай атқарады.  
Араб мақал-мәтелдердің фразеологизмдерден ерекшелігі - оның ойдың 
нақты  әрі  жинақы  болуымен  қатар,  мағыналық  және  интонациялық 
түйіндеумен,  сонымен  бірге  толық  сөйлем  болып  берілуімен  ерекшеленеді. 
Ал фразеологизмдер тек бір сөзбен немесе сөз тіркесімен беріледі.  
Белгілі араб филологтары Халил, Сибавейхи, аз-Замахшари, ал-Аби т.б. 
араб  мақал-  мәтелдерін  жинақтай  отырып,  олардың  арасындағы 
 
42 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
ерекшеліктерді  ашып  көрсеткен.  Сонымен  қатар,  А.Сафратт,  А.Кири,    аш-
Шанти, У.Буғаними сияқты араб паремиолог ғалымдары мақал-мәтелдердің 
семантикасы  мен  стилистикалық  жүйесін  зерттеп,  لﺎﺜﻣا  «әмсал»  сөзінің 
аясында  қамтылатын  әртүрлі  даналық  сөздер,  фразеологиялық  тіркестер, 
мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, қысқа әңгімелер мен анекдоттарды жеке-жеке 
қарастырмай,  бәрін  бір  топқа  жатқызып,  ортақ  анықтама  берді.[4]  Араб 
тілінде  لﺎﺜﻣا  мақал  сөзінен  басқа   ٌﻢْﻜ ِﺣ  «даналы  сөз»,   ُرِداﻮَﻧ  «сирек  кездесетін 
әңгімелер»,  ُﺪﺋاﺮَﻓ «өнегелі сөз »,  ٌل ْﻮَﻗ «сөз»,   ٌﺰْﻋ َو «өсиет» деген терминдерімен 
мақал-мәтел мен фразеологизмдерді атайтынын атап кету керек. 
Ғалымдар  лексиология  мен  фразелогияның  мәселелерін  зерттеу 
барысынды  тұспа-тұс  жүруі  міндеттідеп  есептейді,  себебі  ол  ары  қарай 
синтаксистік  ғылымның  дамуына  алып  келеді.  Фразологиялық  бірлік 
құралған  сәтте  оған  бастапқыда  екі  мағына  бірігеді:  бірінші,  бастапқы 
(этимологиялық)  және  екінші,  практикалық  (актуалдық).[7]  Көп  жағдайда 
метафоралар  пайдаланылады.Лексикада  мақал-мәтелдер  үлкен  орын  алады. 
Өзінің 
қысқа 
мағыналық 
жинақтылығында 
және 
логикалық,синтаксистік,прагматикалық  жағынан  олардың  фразеологиялық 
бірліктен ерекшелігі жатыр. 
Қазақ  тілінің  фразеологиялық  бірліктеріне  мысал  келтіріле  отырып, 
«Жанұя»  тобына  жататын  сөз  тіркестеріне  төмендегідей  анализ  жасауға 
болады: 
5.
 
Көптеген  фразеологиялық  сөз  тіркестер  халықтың  шығармашылық 
ауызекі стилинде жинақталып І.Кеңесбаевпен сараланған. 
6.
 
Барлық  фразеологиялық  бірліктер  бір  немесе  бірнеше  әрекеттің 
мағынасын  сипаттап  немесе  оған  баға  берумен  сипатталады.  Ол  баға 
әртүрлі  болуы  мүмкін.  Мысалы:  «Бала  балдан  тәтті,  оттан  ыстық, 
күннен жарық, мамықтан жұмсақ» мұнда жағымды,жақсы баға берілсе, 
ал теріс баға боп «Баласыз үй мазар» деген мақалмен тұспа тұс келеді.  
7.
 
Әрбір  фразеологизм  адам  бейнесінің  немесе  оның  қарым  -
қатынасының  белгілі  бір  сапаларын  сипаттайды.  Фразеологиялық 
бірліктер  «Жанұяға»    байланысты  болғандықтан,  оны  келесі  
ұғымдармен  сипаттап  бейнелеуге  болады:  жақсылық,мейірімділік, 
махаббат, 
балаларды 
жақсы 
тәрбиелеу, 
ата-аналарды 
сыйлау,құрметтеу.  Жағымсыз  тұстағы  да  кездеседі:  әдепсіздік, 
жалқаулық, балалардың жоқ болуы және тағы басқа. 
8.
 
Қазақтіліндегі мақал-мәтелдерінде келесідей құрылым байқалады: 
Нақтылау:  «Әйел-  үйдің  көркі,еркек-түздің  көркі»,  «Баланың  бас 
ұстазы- ата-ана», «Ағаны көріп іні өсер, апаны көріп сіңлі өсер», «Ердің 
анасы-елдің анасы», «Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді». 
Антитеза  (қарама-қайшылық):  «Балалы  үй-  базар,баласыз  ұй-  қу 
мазар»,  «Ата-анаңды  сыйласаң,  көп  жасарсың,  сыйламасаң  жан 
қинарсың», «Жақсыдан үйрен, жаманан жирен», «Ағайын бірде араз, бірде 
тату», «Жақсы әйел зейнет, жаман әйел бейнет».  
Салыстыру:  «Отбасы  баласыз,  қыстау  отынсыздай»,  «Жаман  әйел 
алғанша,  әйелсіз  жүрген  жақсырақ,  ақымақ  балаң  болғанша,  баласыз 
 
43 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
жүрген  жақсырақ,  жаман  атқа  мінгенше,  жаяу  жүрген  жақсырақ», 
«Баласыз ана – гүлсіз ана». 
Метафора:  «Ананың  сүті-бал,  баланың  тілі-бал»,  «Аузынан  ана  сүті 
кеппеген,  белінен  бесік  табы  кетпеген»,  «Қарғайын  десем  жалғызым, 
қарғамайын десем жалмауызым». 
Мақал  мен  мәтелдер    мән-мазмұнының  тереңдігімен,  өткірлігімен, 
өміршеңдігімен, бейнелі фраеологиялық бірліктер нақты да күрделі ойдың 
себеп-салдарын,  халықтың  өмір  тәжірибесінің  қорытындысы  мен  
бірлескен іс-әрекетінің көрінісімен ерекшеленеді.  
«Жанұя»  тобына  жататын  араб  тілінен  алынған  фразеологиялық 
бірліктердің мысалдарының анализі бойынша: 
5.
 
Көптеген араб мақал-мәтелдері халық арасында ауыз екі тілде тарап 
кеткен,  ал    фразеологиялық  тіркестер  көбісі  Құранан,  хадистерден 
алынған.  Қазақ  тіліне  тән  құбылыстың  бірі:  ﷲ  ﺮِﻔْﻐَﺘْﺳٱ  астапыралла,  
ﷲ  ﻚُﻤَﺣﺮَﯾ  жәрекімалла,  ﷲ  نﺎَﺤْﺒُﺳ  сұбханалла,  ﻢُﻜْﯿﻠَﻋ  مﻼﺴﻟا 
ассалаумағалейкум, مﻼﺴﻟا ﻢﻜﯿﻠﻋو әлейкумсәлам, � ﺪﻤﺤﻟا әлхамдулла,  ﻢْﺴِﺑ
ﷲ бисмилла т.б. діни формулаларды жатқызуға болады.[1]Сонымен 
қатар,  данышпан,  ойшыл  адамдардың  айтқан  халық  даналығы, 
шешендігі  мен  асқан  сөз  шеберлігін  танытатын  ұлттық  сипаты  бар 
фразеологиялық оралымдар.  
6.
 
Араб  тіліндегі  фразеологиялық  бірліктерді  келесі  топтарға  бөліп 
қарастыруға болады. Олар: 
"
ﻲﻠھأﺔﻨﺟﻻﻮﯿﺟوﺰﻤﻨﮭﺟ  –  «Ата-атаңмен  жұмақта  болғанан  көрі,  күйеуіңмен 
тозақта  болған  жақсы».  Бұл  мысал  қазақ  тіліндегі  фразеологиялық 
бірліктердің жағымды және жағымсыз бағасына жатқызуға болады. 
7.
 
Барлық фразеологизмдер адамның немесе адамдық қарым-қатынастың 
белгілі  бір  мінезін,әлде  бір  бағалығын  көрсетеді.  Фразеологиялық 
бірліктердің басым бөлігі жақсы жар таңдау туралы айтады, себебі ол 
мұсылман қоғамында жақсы отбасы болудың бірден бер себебі болып 
келетіндігін  көресетеді.Мысалы:
 ٍﺪﯾِﺪَﺤْﻨِﻤﱞﻠﻏُءﻮﱡﺴﻟاُةأ ْﺮَﻤﻟا
«Бейпіл  ауыз  тентек 
әйел  –  ол  темір  кісенмен  пара-пар»,    ﺎھﺮﮭﻣ  ﻞھﺎﺘﺴﺗ  ﺎﻣ  ﺎھﺮﮭﺿ  ﻰﻠﻋ  ﺔﻤﯾﺎﻧ  ﻲﻟا  
«Еріншек  әйел-  қалың-малына  да  тұрмайды»,  ﺮﺘﺧأ"ﺦﯿﺸﻧﻮﯿﻌﺒﻜﺘﺟوز 
«Әйеліңді  шейхтың  көзімен  (ақылдылығымен)  таңда»  –  яғни  әйеліңді 
дұрыс  таңда  деген  нұсқаулық  сипаттағы  фразеологизмдер  тобына 
жатқызамыз.   
8.
 
Араб тіліндегі мақал-мәтелдердің келесідей құрылымы кездеседі: 
Нақтылау: ﺔﺤﻟﺎﺼﻟا ﺔﺟوﺰﻟا ةﺎﯿﺤﻟا عﺎﺘﻣ ﺮﯿﺧو عﺎﺘﻣ ةﺎﯿﺤﻟا«Өмір бұл қанағат, ал ең 
басты  қанағат  иманды  әйелдің  болуы»,  ﺔﻤﻜﺤﺘﺴﻣةواﺪﻋﺔﻨﻜﻟاوةﺎﻤﺤﻟﺎﻨﯿﺑو  «Ене  мен 
келін арасында- дұшпандық бар» 
Салыстыру: " 
ﺪﻟﻮﻟا  ﻦﻣ  ﻰﻠﻏأ
 
ﺪﻟﻮﻟا  ﺪﻟو
  «
Немере,  баладан  да  қымбат», 
 ٍﺪﯾِﺪَﺤْﻨِﻤﱞﻠﻏُءﻮﱡﺴﻟاُةأ ْﺮَﻤﻟا  «Жаман  әйел  темір  шынжырдан  да  жаман» �ﻲﺒَﺼْﻨِﻤُﻠَﺨْﺑأ 
«Баладан да сараң» 
 
44 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
Метафора:  "ةﺮﯿﺼﺤﻟا  ﻰﻠﻋ  ﺪﻌﻗاو  ﺔﻠﯿﺻﻻا  ﺬﺧأ.«Тектіден  әйел  алып,  жақсы 
кілемде отыр»,
ﻗ؟ َكﻮُﺑﺄْﻨَﻣ؛ﻞْﻐَﺒْﻠِﻠَﻠﯿِﻗ
ﻲِﻟﺎَﺨُﺳ َﺮَﻔﻟا؛لﺎ
 
«Ешектен сұрапты: сенің әкең кім? – 
Асыл тұқымды жүйрік тұлпар,-депті». 
Антитеза: ِﮫﯿِﻓوُﺪْﻐَﺗ َﻮﱠﯿَﻐْﻟﺎْﻨَﻋﺎَﻨﱡﻣأﺎَﻧﺎَﮭْﻨَﺗ «Анамыз күнә жасауға тыйым салады, өзі 
күнәға  батады»,   ِﻦِﻧﺎﺧﻷﺎَﻛاﻮُﻠَﻣﺎَﻌَﺗ َو،نا َﻮْﺧِﻹﺎﻛاوُﺮَﺷﺎَﻌَﺗ«Ағайын  болып  өмір  сүр, 
бөтен адам боп жұмыс істе». 
 
Екі  тілде  де  мақал-мәтелдер  мән-мазмұнының  тереңдігімен, 
өткірлігімен,  өміршеңдігімен  ерекшелене  отырып,  көлемнің  ықшамдығына 
қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп-салдарын, 
халықтың  өмір  тәжірибесінің  қорытындысы  мен  дәлелін  қатар  айтып 
отырады.  Мұнда  халықтың  тарихы,  саяси  өмірі,  тұрмыс-тіршілігі, 
дүниетанымы,  рухани  және  материалдық  мәдениеті  жан  –  жақты  көрінісін 
білдіреді. 
Фразеологизмдердібасқа  тілге  аудару  барысында қиындық  тудыратын 
мәселенің  бірі  ол  фразеологиялық  бірліктерді  аударылуы  болып  табылады. 
Сондықтанфразеологизмдердің  аудармасы  фразеологиялық  бірліктердің 
мазмұндық  құрамына кіретін сөз тіркестерінің анализі негізінде жүргізілген 
тиянақты жұмыс нәтижесі болатындығы сөзсіз.[6] 
Араб фразеологиялық сөз тіркестерін аудару барысында оның бастапқы 
мағынасын келтіре отырып, оның кейіпін бейнелеп, қазақ тілінде соған сай 
келетін  аналогиялық  мағыналық  ой  тұжырымды  таба  отырып,  оның 
стилистикалық  қызметін  жоғалтып  алмау  керек.  Мәтіндегі  фразеологиялық 
аударма  бастапқы  мағыналық  жағынан  араб  тілдің  фразеологиялық  бірлігі 
есебінде  аударыла  отырып,  қазақ  тілі  арасында  мағыналық  тұстары  болуы 
шарт  болып  келеді.  Ол  мәтіннің  стилистикалық  қызметін  сақтай  отырып, 
ойдың аударма тілінде нақты жеткізілуін көрсетеді. Қазақ тілінде сол ұғымға 
байланысты нақты мағыналық сөздер жоқ болған сәтте, аудармашы сол сөзге 
қатысты жақын, туыстас сөздерді, ұқсас бейнелік мәтінін табуға тырысады.  
Фразеологиялық тұрақты сөз тіркестерін аудару барысында алдымен 
нені айтқысы келетініне назар салу керек, сол арқылы белгілі бір жәйт, іс-
әрекетті сомдау шеберлігін сақтай отырып, қазақ тілінде бейнелей жеткізу 
фразеологизмнің  стилистикалық  ерекшелігін  бұзбайтыны  анық. 
Фразеологиялық  сөз  тіркестері  белгілі  –бір  бейнелік  образ  немесе  оқиға 
желісінен  хабар  беретіндіктен,  басқа  халық  тілінде  дәл  сондай  бейнелік 
жәйт  ұшыраспауы  әбден  мүмкін.Фразеологиялық  аударма  барысында 
қолға алынған қай тілдегі мәтін мазмұнын жан-жақты түсінікті әрі нақты 
жеткізуде  өзге  тілдерде  бар  фразеологиялық  ұқсас  сөз  тіркестері  кеңінен 
қолданылады. 
 
Фразеологиялық  сөз  тіркестерін  араб  тілінен  қазақ  тіліне  аудару 
барысында  фразеологизмнің  құрылымдық  түрімен  қатар  мазмұндық- 
функционалдық  айырмашылығын  назарда  ұстап,  тәржімалау  аса  қажетті. 
Мұндай  сауатты  ұстаным  түрлі  тіларалық  қатынаста  өзара  сәйкестік 
үлгілері, классификациялары, түрлері көп ғалымдармен зерттелген. 
 
Араб  фразеологизмдерді  қазақ  тіліне  аудару  барысында  араб  тілінің 
лексикасын,  мәтінде  айтқысы  келген  ойды  түсініп  анализдеу,  халықтың 
 
45 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
әдет-ғұрып,  дәстүрінен,  мәдениетінен  хабардар  болу,  тарихын  жете 
меңгеру аса қажетті. 
Фразеологизмдер  түрлі,  жан  жақты  факторлардың  әсеріне  төтеп  бере 
алатын,  халықтық  идеологиясын  айқындайтын  бір  бөлшек.  Әрбір  елдің  тіл 
байлығы  мен  мәдени  ерекшелігене  байланысты  фразеологизмдер  сол  елдің 
материалдық,  әлеуметтік  және  де  рухани  мәдени  жағынан  ажырамас 
байланысы  бар.  Ал  ол  өз  кезегінде,  оның  тарихи  ұлттық  тәжірбиесі  мен 
дәстүрінің көрінісі мен бейнесі ретінде көрсетеді.  
«Жанұяға»  қатысты  араб  және  қазақ  тілдеріндегі  фразеолгизмдеріне 
жүргізілген  зерттеу  қорыта  келе  мақал-мәтелдердіңұлттық  этникалық 
ерекшеліктері  мен  мазмұндық  құрылымы  -  мағыналық  жағынан,  семантика 
және  де  стилистикалық,  әрі  құрылымдық  жағынан  өзгешеліктерімен  қатар, 
біраз  ұқсастықтары  да  табылды.  Фразеологизмдерді  салыстыру  жан  жақты 
мүмкіндіктерді ашты, сол халықтың мәдениетін, тарихын тереңірек түсінуге 
оның сезінуге, сол дәстүрден хабардар болуға  көрініс береді. 
Сонымен,  екі  тілді  фразеологизмдердің  ортақ  мәдени  компонентердің 
бар  екендігін  көрсетеді,  ал  ол  адам  затының  ойлау  қабілетінің  бір  арнадан 
шығатындығын айқындап отыр. Әрбір индивидтің жеке өмірлік іс-әрекетінің 
көрінісі және оның ұлтының рухани өмірінен, этнос менталитентінен көрініп, 
этномәдени ерекшеліктерді анықтау мақсатын да жүзеге асырады. 
 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Б.Н.Жұбатова Қазақ тіліндегі араб, парсылық кірме фразеологизмдер Алматы,2014-314 б 
2.
Ушаков  В.Д.  Фразеология  Корана:  Опыт  сопоставления  фразеоречений  Корана  и  арабского 
классического языка / В.Д. Ушаков. - М., 1996. -203 с. 
3.І.Кенесбаев Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі ,Алматы, 1977-711б 
4. Донбаева А.Б. Даналықтың түбі бір- Алматы,2004-314б 
5. 
Кухарева Е.В. Арабские пословицы и поговорки. Словарь с лексико-фразеологическими 
комментариями / Е.В.Кухарева. - М.: ACT: ACT МОСКВА: Восток - Запад, 2008. - 303с. 
6.Н.Д.Финкельберг Арабский язык. Теория и технология перевода-М.;Восточная книга,2010г.-
400с 
7.Эшанкулов  А.У.  Фразеология  в  тексте  и  в  словаре  /Паремиология  или  фразеология/. 
Сбор.науч.труд.-Смарканд,1986-59с 
8.  
ﺔﺒﺘﻜﻣ.ﻂﯿﺳﻮﻟا ﻢﺠﻌﻤﻟا
344
،ﺮﺼﻣ ـ ةﺮھﺎﻘﻟا ـﺔﯿﻟوﺪﻟا قوﺮﺸﻟا ص
2008
 
 ـ
1200
ص
 
9. 
 ﻰﻧاﺪﯿﻤﻟا ﺪﻤﺤﻣ ﻦﺑ ﺪﻤﺣا ﻞﻀﻔﻟا ﻲﺑﻻ.لﺎﺜﻣﻻا ﻊﻤﺠﻣ
1955
 .
462
ص
 
 
 
В статье рассматриваются смысловые аналоги описания фразеологизмов 
о семье в арабском и казахском языках. Ставятся следущие задачи: сделать 
сравнительный  анализ  фразеологизмам  о  семье,  определить  общие  и 
дифференциальные отличияи функционально-смысловые классификации. 
 
46 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
 
The article describessemantic analogues 
of phraseological  units about  family 
 in the Kazakh and Arabic languages.
 
The following problem are put: make  comparative analysis of 
phraseological  units about  family
 , define 
general and differential differencesand 
with functional semantic classifications
 
 
 
 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал