Қазақстан Республикасы



жүктеу 5.03 Kb.

бет2/14
Дата07.02.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
К.К.  Платонов,  А.Д.  Глоточкин.Структура  и  развитие  личности:  психология  личности. 
Москва: Наука, 1986. С.256  
2.
 
Турчинов И.П. Профессионализация и кадровая политика: проблемы развития теории и 
практики. М.: 1998. С. 245 
3.
 
Русинов Ф.М.,Никулин Л.Ф., Фаткин Л.В. Менеджмент в системе рыночных отношений. 
Учебное пособие- М.: ИНФРА-М,1996. С.295. 
4.
 
Маркова А.К. Психология труда учителя. – М.: Просвещение. 1993.С. 8 
5.
 
Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе.М.:Совершенство,1997. 
6.
 
Тарасов  С.В.  Развитие  профессионально  важных  качеств  педагогов-психологов  в 
процессе обучения в вузе: Дис. канд.психол. наук:19.00.07.Самара.2004.211 с. 
7.
 
Сотрудничество  учителя  и  школьного  практического  психолога.  Сборник  научно-
методических трудов. Под ред. А.К. Марковой. М., 1993. 
8.
 
Дубровина И.В. Практическая психология образования. Учебник для вуза., 4-е изд. 
СП.:Питер,2004.С.592 
9.
 
050103 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Қазақстан 
Республикасының білім беру мемлекеттік стандарты. Астана, 2005. 
 
Резюме  
В  статье  расмотрены  проблемы  профессиональной  подготовки  педагогов-психологов. 
Повышение  педагогического  или  профессионального  мастерства  будущих  педагогов-психологов 
является важнейшей задачей высших учебных заведений. Наряду с профессиональной обучением 
будущих специалистов необходимо подготовить к практической профессиональной деятельности.  
 
Summary  
In article problems of vocational training of teachers-psychologists. Increase of pedagogical or 
professional skill of the future teachers-psychologists is the major problem of higher educational 
institutions. Along with professional training of the future experts is necessary to prepare for practical 
professional work.  
 
 
 


Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
Ж.АЙМАУЫТОВТЫҢ «АҚБІЛЕК» РОМАНЫНДАҒЫ АҚБІЛЕК БЕЙНЕСІНІҢ 
СУРЕТТЕЛУ ШЕБЕРЛІГІ 
 
Мұхтарова Ә.С. - Қайнар академиясы, пғк, доцент 
Чубаева Э., магистрант 
 
Мақалада  Ж.Аймауытовтың  «Ақбілек»  романындағы  Ақбілек  бейнесінің  суреттелу 
шеберлігі туралы қарастырылады. 
Түйін сөздер: Ж.Аймауытов, роман, бейне, суреттеу, Ақбілек.  
 
Жазушының  суреттеуіндегі  Ақбілек  бейнесі  романның  басынан  соңына  дейін  оқиғалар 
тізбегімен  өріліп,  қажетті  дәлелдермен  шынайы  өрнектеліп  бейнеленеді.  Шығарма  басындағы 
Мамырбайдың  ерке,  сұлу,  өмірді  әлі  түсіне  қоймаған  алаңсыз  қызы  аңғырттығымен, 
биязылығымен көп көзіне түсіп, әдемі бейнеленеді. Автор басты кейіпкердің сырт сұлулығын ішкі 
әлемінің  көркемдігімен  астастыра  бейнелейді.  Жазушы              Ж.Аймауытов  Ақбілек  бейнесіне 
қатысты оқиғалардың бәрін логикалық, психологиялық дәлелдермен бере білген. Ақбілек бейнесін 
академик С.Қирабаев пікірімен былай қорытуға болады: «Әрине, Ақбілектің бұл күйге жетуі оңай 
бола салған дүние емес. Жазушы оның қайшылықты тағдырын жеңілдетпей, үлкен психологиялық 
образ дәрежесіне дейін жан-жақты бейнелеп көтере білді.» [1,15б.]. 
Жастайынан  қызын  еркелете  өсірген  әкесі  Ақбілектің  басына  түскен  трагедиядан  соң 
перзентінің  психологиялық  жағдайын  түсінбей,  одан  сырт  айналады.Тіпті,  оны  үйіне  кіргізбей, 
сыртқа  қуып  жібермек  болады.  Осындай  қатыгез  ойларда  болған  Мамырбай  кейін  қызын  басқа 
түрде көрем деп ойлаған жоқ еді. Ақбілек оқу оқып, жар тауып, бес жыл дегенде еліне келгенде 
ақсақал өз қызын өзі танымай қалады. 
Шығармада Ақбілектің кейінгі келбеті былайша суреттелген:«Ақбілек баяғы емес, өзгерген: 
өнер  тапқан,  жетілген,  ысылған,  әйелдерге  көсем  болған.  Бұрынғы  бұйығы,  ұялшақ,  сызылған, 
мұңайған Ақбілектің ізі де жоқ. Ақбілектің қылығын, ісін көргенде ақсақал таңданады: «Бұл қалай 
боп кеткен? Қаланың не қасиеті бар? Жұп-жуас, ұялшақ бала емес пе еді!» деп ойлайды. Қалайда 
Ақбілек жат. Енді ақсақал одан именеді. Баяғы өзінің қаталдығын ойлағанда, өзінен-өзі ұялады. 
Кешірім сұрасам қайтер еді деп бір сәт ойланып та қалады.»[2,197б.] 
Жазушы  Ақбілек  бейнесін  туындыдағы  өзге  кейіпкерлермен  қатар  алып,  пареллель  түрде 
шынайы  суреттейді.Сондай  бейненің  бірі-  Бекболат.  Суреткер  Бекболат  басындағы  үрейленуді 
бейнелі түрде көз алдымызға елестетеді. Ол көп уақыттан кейін Ақбілекті көріп, өз оған жасаған 
қиянаты  есіне  түсіп  шошып  кетеді.Қыздың  қазіргі  бейнесін  жас  күніндегі  келбетімен 
салыстырады.  Бекболат  Ақбілекті  алғаш  көргенін  есіне  алады:  «Маңдайы  қасқиып,  мойны 
қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып тұр еді-ау! Тал бойында бір 
міні жоқ, жаңа шығып келе жатқан сүйріктей еді. Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түрегелгені, 
тізесімен  ақ  көйлегін  серпе  тастап,  аяңшыл  бедеудей  кербездене  аяқ  басқаны,  дауысы  күмістей 
сыңғырлап  тәп-тәтті  күлгені,  …  нәп-нәзік  торғын  қолымен  қолтықтап  көтеріп  аттандырғаны  – 
бәрі-бәрі  сондағыдай  сайрап,  барлық  жағдай  өзгерместен    көз  алдына  келді»[2,200б.]. 
Ақбілектің сұлулығы, сымбаттылығы, нәзіктігі, әдептілігі, ақылдылығы, Бекболаттың көз алдынан 
кетпейді.  Таразы  басына  сезімі  мен  жұрт  талқысы  қатар  салынады.  Қандай  шешім  қабылдарын 
білмей, біраз құбылады. Бәрін сарапқа салады: «Орыстардың талқысынан қалған қызды бұл ала 
ма? Алмай ма? Дүйім елге әйгілі боп, абиұры кеткен қызды қалай алады. Екі сөздің бірінде құрбы-
құрдас  бетіне  басады  ғой.  Бірақ  құдайшылыққа  келгенде  Ақбілек  сорлыда  не  жазық  бар?  …Ел 
өсегінен  қорқып,  шынымен  алмай  кетпегі  ме?  Қой,  өмірде  қызық  болмас.  Өзге  қызды  алса  да, 
оның  суреті  көз  алдынан  кетпес.  Өмір  бойы  өкінер  де  жүрер»  [2,  201  б.].  Сөйтіп,  Бекболат 
қабырғасымен  кеңесіп,  Ақбілектің  жолында  бәріне  көнуге  тоқтайды.  Мұнда  Бекболаттың  ішкі 
тартысын  жазушы  шынайы  көрсетеді.Ойы  оймен  жалғасып,  өзіндік  шешім  жасай  алмайды.Осы 
бір  ішкі  дүниедегі  арпалысқан  ойларды  қаламгер  шебер  танытады.Боскемік Бекболат  ақыры бір 
тоқтамға келе алмайды. Қазақшылығы басым жігіт жазықсыз өмір тауқыметіне ұшыраған қызды 
кешіре алмайды. 
Жазушы  шығармада  аярлығымен  көзге  түсетін  долы  мінезді      Өрік    бейнесі  арқылы  да 
Ақбілектің ішкі толғаныстарын барынша шынайы беруге тырысқан. Өрік –Мамырбайдың екінші 
әйелі. Ақбілекті ұнатпайтын ол қызы  мен әкесін өтірік сөз арқылы араздастыра түсуге белсене 
араласады.Ақбілекті  жақсы  көргенсіп  оның  көзінше  жылы  сөйлемек  болып,    әр  түрді  аярлық 
әрекеттерге барады. Өріктің осындай қылықтарын көрсете отырып, жазушы басты кейіпкеріміздің  
 


Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
жақсы қылықтарын танытуға тырысқан. Өріктің жағымсыз іс-әрекетін біле тұра Ақбілек оған еш 
қарсы  болмайды,  әкесінің  жан  тыныштығын  ойлап,  оның  жаман  қылықтарын  жасырып  жүреді. 
Жазушы  Өрікті  Ақбілектің  жақсылығын  көрсету  үшін  шығармаға  әдейі  енгізгендей.  Өрік  
Ақбілектің  аяғы  ауыр  екенін  білу  үшін  «түймеңді  салып  шық»  деп  өтірік  қамқорсыған  болады. 
Өзіне камзол пішпек боп, Ақбілекке «түймеңді салшы, қиғанын көрейін» деп аярлық істейді. Тіпті 
болмаған соң Ақбілек ұйықтап жатқанда ішін ұстап көреді. «Ақбілекпен өштігі әуелде өткен күнін 
көксеуден  туса  да,  жүре-жүре  ол  себеп  ұмытылып,  енді  тек  өштіктің  қызығына  түскендіктен 
өшігуші  еді.  Жығылғанды  жұдырықтау  оған  өнер,  мақтан  есепті  көрінуші  еді.  Үйткені  адам  – 
айуанның  айуаны  ғой.  Кімнің  басына  күн  туса,  соны  табалауға,  мұқатуға,  одан  әрі  батпаққа 
батыруға құмартып тұрады: табаласа, аяғымен таптаса, сонда айызы қанады. Әсіресе, ел мақтаған, 
кірсіз адамды кірлеуге жаны өш болады. Үйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды, күндейді; 
өзіндей  қылуға  тырысады»  [2,  280  б.].  Жүсіпбектің  «Адам  –  айуанның  айуаны»  дегені  де 
Достоевскийдің адамның қатыгездігі туралы айтатын тұжырымымен үндес келеді. 
Суреткер  қыз  әкесі  Мамырбайды  да  бейнелей  отырып  бас  кейіпкеріміздің  жақсылығын 
арттыруға қолданады. Ақбілектің әкесі Мамырбай бұрын да тұйық адам болады. Ақбілекке бұрын 
шешесінен  артық  бәйек  боп  жүретін.  Орыстардан  келгелі  Ақбілекке  қарамайды,  сөйлеспейді. 
Ақбілектің өзінен болса бір сәрі, кінәсыздығын біле тұра қатыгездік көрсетеді. Бұл жағдай онсыз 
да  қарабет  боп  жүрген  қызының  қайғысын  одан әрі  ауырлата  түсіп, қайғы  үстіне жамай  түседі. 
Мамырбайдың салқындауының себебі: «Бұрынғы нәрестедей бала, ақ қағаздай таза көріп жүретін 
Ақбілегі  енді  күйе  жаққан  қағаз,  бала  емес  қатын  боп  қалды.  Ақсақал  баласын  құдай  қосқан 
күйеуінен де қызғанатын іші тар кісі еді, баласы кірсіз, таза болғанын қалаушы еді. Енді Ақбілек 
баласы емес, бөтен әйел іспетті. Кімнен қалған әйел десейші! Қазақ, қазақ болса бір сәрі ғой. Ол о 
ма? Келген-кеткен кісінің көзі Ақбілекте болатынын алдымен әкесі сезеді. Бәрі де: «Мамырбайдың 
орыс талқылаған қызын қара!» деп, ақсақалды көзге шұқыған тәрізденеді. Енді Ақбілегі әкесіне 
масыл  болды.  Бала  ұстаған  емес,  жұртқа  тамашалауға  маймыл  ұстап  отырған  кісі  тәрізденді. 
Ақбілектің қырсығынан ақсақал масқара боп абыройынан, адамдығынан түгел айрылғандай халде 
қалған сияқты болды».[2,246б.]. 
Ақбілек басына іс түскенде әкесі демеу бола алмады. Сонда да қызы әкесіне соншалықты  
кектенбейді,  қайта  онымен    табысқанына  қуанады.  Романда  жазушы  Ақбілекпен  бірге   әр  түрлі 
әйелдер  бейнесін  шеберлікпен  жасаған.Бұны  сыншыТ.Кәкішев  сөзімен  дәлелдеуге  болады. 
«Ж.Аймауытов  сомдаған  әйелдер  бейнесінің  нанымдылық  күші  жоғары.  Жазушы  түсінігінде 
әйелдер жақсылықтың да, жамандықтың да бастау-бұлағы. Жазушы негізінен қазақ жағдайындағы 
жаулық  жамылған  жандардың  тіршілік-дағдысын  сыйына  дәріптеу  орнына  сыни  көзбен 
мысқылдай, әшкерелей, сықақ ете суреттеуге бейім екендігін ашық байқатады». [3,39б.]. 
Ақбілек жап-жас бола тұра өмірдің талай қиындығынан өтеді. Жас жаны қиналады, қиянатқа 
төзгісі  келмей,  шырқырып  ,  көптен  көмек  сұрайды.Бірақ  ол  кездегі  қазақ  қоғамы  қыз  басынан 
өткен қиындықты түсіне алмайтын, түсінгісі де келмейтін соры қалың заманда өмір сүріп жатыр 
еді.  Ақбілектің  жанын  түсінетін  зиялы  жандар  өте  аз  болатын.Осының  бәрін  жазушы  асқан 
дәлдікпен,  шеберлікпен  нақты  таныта  алған.  Замана  шындығын  дөп  басқан  Ж.Аймауытовтың 
кейіпкерлері де шынайы ақиқатпен суреттеле білг                      
Ақ  офицерінің  қолынан  босанған  Ақбілектің  одан  кейінгі  тіршілігі  адам  айтқысыз 
қиындықта болады. Осы сәттен кейінгі өмірі психологиялық ар азабында өтеді. Бұл сәтті жазушы 
асқан  шынайылықпен  бейнелеген.    Кейіпкеріміз    ұзақ  азаптанып,  Көркембай  кемпірдің  жаман 
үйінде ұл босанады. Бірақ оған қуанатын Ақбілек емес. Аналық сезімін туғанға дейін көрген азап, 
қорлығы  тұмшалап  тастағандай.  Кемпірге  «баланың  көзін  жоғалт»  деп  өзі  де  ойланбай,  не 
айтқанын өзі де ұқпай  , еркінен тыс бұйрық айтады. Бар ойы-баладан айрылса, бар дүние қайтадан 
қалпына  келетіндей  сезінеді.  Бүкіл  дүниенің  кінәсы  осы  сәбиде  жатқандай,  одан  құтылғанша 
асығады. Жазушы осы арада Ақбілектің ішкі әлемін әсерлі, табиғи қалпында бере білген. Сыншы 
Д.Ысқақтың  бағалауынша:  «Ақбілек  те  Ескендірден  (сәбиін  білмей  тұрып)  қашқан.  Ұяттан 
қашқан. Моральдық фактор үстемдік көрсеткен. Бәрінен бұрын өзін сүйген жандарын, өзін аяған 
кісілерін, әкесін, жақынын аяған. Баласын тастап кетсе де Ақбілек бейнесі  тартымды. Оған себеп 
– 
жазушының  ұлттық  орта,  психология  талаптарын  айқын  сезіне  біліп,  кейіпкерін  жағдай  мен 
мінез  бірлігі  тұрғысынан  сенімді  түрде  суреттеуі»  [4,  38б.].  Бірақ    оның  жан  дүниесін  ешкім 
түсінгісі келмеді, оны ешкім аяғысы да келмей, тек оны мысқылдап, келекелеп, мазақтап жүрді. 
Бұның  бәрі  Ақбілекке  аяздай  бататын.  Сонда  да  қыздың  байсалды  мінезі  ешкімге  өкпе  айтуға 
жібермей, өз қайғысымен жападан жалғыз қала беретін. 
 


Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
«Жығылған үстіне жұдырық» дегендей Бекболат та  «екіқабат екенің рас болса, түңілейін» 
деп хат жазады. Әйтпесе ол Мамырбайдың бермеймін дегеніне қарамай Ақбілекке үйленбек боп 
жүреді.  Осы  бір  сәттегі  Ақбілектің  өмірін  жазушы    былай  суреттейді:«Бір  қайғының  үстіне  бір 
қайғы  жамылып,  Ақбілек  ең  соңғы  алданышынан  айрылғандай,  ойын  қара  тұман  басты;  кешегі 
баладан  неге  өліп  кетпедім  екен  деген  ой  тағы  келді.  Өзін  бұл  дүниеге  керексіз,тіпті    артық, 
ешкімге  қажет  емес  адамдай  көрді»[2,283б.].  Бұл  суреттеу-Ақбілек  қайғысының  шырқау  шегін 
көрсетеді.  
                                                                          
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Қирабаев С.Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері.Алматы-.Білім,1998. 2.Аймауытов Ж. Ақбілек 
роман.Алматы.-1991. 
3.Кәкішев Т.Оңашы отау.Алматы.-ҚазМУ,2007. 
4.Ысқақ Д.Әдеби сын тарихы.Оқу құралы.-Алматы:»Таңбалы»баспасы,2012.-580б. 
                                                              
Резюме  
В  статье  дан  анализ  образа    главной  героини  романа  Ж.Аймауытова  “Ақбілек”.  Правдиво 
показаны  счастливые  и  трудные  периоды  жизни    Ақбілек.    Всесторонне  раскрыты  этапы 
эволюционного  развития  героини.  Ее  душевные  переживания  мастерски  выражены  в 
психологическом аспекте. 
Summary  
The article analyzes the image of the main hero of the novel Zh.Aimauytov “Akbilek”. It is 
truthfully shown the happy and the difficult periods of life Akbilek. The stages of evolutionary 
development of the heroine are comprehensively revealed. Her spiritual experiences masterfully 
expressed in the psychological aspect. 
 
 
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС ТҮРІН 
МЕҢГЕРУІНІҢ ҰТЫМДЫ ЖАҚТАРЫ 
                                                                                                                                
Санатова М.А., Қайнар Академиясы, 2 курс магистранты 
 
Мақалада  мұғалімдердің  қарым-қатынастың  вербалды  емес  түрін  меңгеруінің  ұтымды 
жақтары туралы айтылады. 
Түйін сөздер: қарым-қатынас, мұғалім, педагог, вербалды емес қарым-қатынас. 
 
«Ең  жалғыз  шынайы  байлық  –  бұл  адамдық  қарым-қатынас  байлығы»,  -  Антуан  де  Сент-
Экзюпери. 
Вербалды  емес  қарым-қатынас  –  бұл  қандай  да  бір  ақпаратпен  дыбыс,  сөз  арқылы  емес, 
экспрессивтік  белгілер,  яғни  мимика,  пантомимика,  кейіптер,  сенсорлық  және  денелік 
байланыстар арқылы алмасу. 
Сабақ кезінде вербалды емес қарым-қатынастың тәсілдерін қолдану тек оқу материалын аса 
терең түрде ұғыну мен оқушылардың зейінін белсендіруге ғана емес, баланың коммуникативтік 
мүмкіндіктерінің дамуына да ықпал етеді, оның салдарында бала тұлғааралық байланыстарға аса 
икемді  бола  бастайды  және  өзі  үшін  тұлғалық  дамудың  кеңейтілген  мүмкіндіктерін  ашады. 
Танысу  кезінде  қарым-қатынастың  алғашқы  он  екі  секунд  уақыты  ішінде  қабылданатын 
ақпараттың шамамен 92%-ы вербалды емес сигналдарды қамтитыны туралы деректер аса белгілі. 
А.А.Горелова,  Е.А.Петрова  және  басқаларының  зерттеулерінде  вербалды  емес  қарым-
қатынастың  әртүрлі  классификациялары  жасалған,  оларға:  дененің  бүкіл  қимылдары,  дауыстың 
интонациялық  сипаттамалары,  тактильдік  әсер  ету,  қарым-қатынастың  кеңістікте  ұйымдасуы 
жатады [2]. 
Вербалды емес қарым-қатынастың негізгі құрамдас бөліктері 
Қарым-қатынастың кеңістіктік құрылымы 
Американдық  антрополог  Э.Холл  алғашқылардың  бірі  болып,  адамның  адамға 
жақындасуының нормаларын сипаттаған: 
-
 
интимді қашықтық (0-45см) – ең жақын адамдар арасындағы қарым-қатынас; 
-
 
жеке даралық (45-120см) – әртүрлі мәртебеге ие адамдардың серіктестік қатынастары; 
 
10 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
-
 
әлеуметтік  (120-400см)  –  ресми  қарым-қатынас,  мысалы,  басшы  мен  қызметкер 
арасындағы қатынас; 
-
 
көпшілік (400-750см) – аудитория алдында сөз сөйлеген кездегі қарым-қатынас. 
Әңгімелесушілердің өзара орналасуы 

 
бетпе-бет  позиция,  бір-біріне  қарама-қарсы  орналасу  –  қызу  және  шиеленіскен 
қатынастарды білдіреді; 

 
«іргесі тиіп тұру» позициясы – ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты білдіреді. 
Мимика 
Мимика  ақпаратпен  алмасу  процесінде  орасан  зор  рөл  атқарады.  Бет  –  адамның 
психологиялық күйі туралы ең басты ақпарат көзі, өйткені мимикалық белгілер, денеге қарағанда, 
әлдеқайда жақсы саналы түрде басқарылады. Мұғалімнің беті қозғалмайтын күйде болғанда 10-
15% ақпарат жоғалатыны туралы факт аса белгілі. 
Эмоциялық күйлердің  алты  негізгі  түрі  бар:  қуаныш,  қорқыныш,  таң  қалу,  ашу,  жек  көру 
және  уайым.  Бұл  күйлердің  мимикалық  көрінуінде  бет  бұлшық  еттерінің  барлық  қимылдары 
үйлестірілген.  Негізгі  жүктемені  қас,  көз  айналасы  аймағы  және  көзқарастың  өзі  атқарады. 
Психолог-ғалымдардың  айтуынша,  қарым-қатынас  кезіндегі  көзқарас  бағыты  жеке  даралық 
ерекшеліктерге,  қарым-қатынас  мазмұны  мен  бұл  өзара  қатынастың  бұдан  бұрынғы  дамуына 
байланысты.  Адам  ой  қалыптастырғанда  жиі  көзін  басқа  жаққа  бұрады,  ал  ой  дайын  болғанда, 
көзқарасы әңгімелесушіге бұрылады.  
Визуалдық  байланыс  қарым-қатынасқа  деген  ықыласының  дәлелі  болады.  Егер  оқушылар 
сабақ кезінде мұғалімге мұқият қарап отырса, бұл – сабаққа деген қызығушылығының, мұғалімге 
және оның айтып отырған сөзі мен істеп жатқан қимылдарына жақсы қатынасының көрсеткіші. 
Және  керісінше.  Көз  арқылы  адам  күйлері  туралы  ең  дәл  сигналдар  беріледі,  өйткені  көз 
қарашығының  кеңеюі  мен  тарылыуы  саналы  түрде  басқарылмайды.  Мысалы,  оқушы 
қызығушылық  танытып,  көтеріңкі  көңіл-күйде  болса,  оның  көз  қарашықтары  төрт  есе  кеңейеді. 
Керісінше, ашулы, жабыңқы көңіл-күй көз қарашығын тарылтады. 
Кейіп 

 
жабық (адам дененің алдыңғы бетін жабуға және кеңістікте мүмкіндігінше аз орын алуға 
тырысады) – сенімсіздікті, келіспеушілікті, қарсылықты, сынды білдіреді; 

 
ашық  (тұрған  кезде:  қол  алақанмен  жоғары  бағытталған,  отырған  кезде:  қолдары  екі 
жаққа  жазып  жіберілген,  ал  аяқтары  созылған)  –  сенім,  келісім,  ақкөңілдік,  психологиялық 
жайлылық. 
Ымдар 
Қоштасу, сәлемдесу, зейін аударту, жағымды, жағымсыз, сенімділік, абыржушылық ымдары 
ерекшеленеді. 
Алаңдау,  күйзеліс,  қобалжу  күшейгенде  ымдардың  саны  көбейеді,  абыржушылық 
туындайды. 
Дауыс 
Тембр, жоғарылылық, дауыс қаттылығы, акценттер сияқты дауыс сипаттамалары адамның 
бейнесін және оның эмоциялық күйін жасайды: 

 
көтеріңкі дауыс – энтузиазм, қуаныш; 

 
жұмсақ, бәсеңдетілген дауыс – қайғы, уайым, шаршағандық; 

 
баяу сөйлеу – жабырқаңқы көңіл, уайым, тәкаппарлық; 

 
жылдам сөйлеу – қобалжушылық, мазасыздық, жеке мәселелерді бастан кешіру. 
Осыдан,  мұғалім  тек  тыңдап  қана  қоймай,  баланың  интонациясын,  дауысының  күші  мен 
тонын,  жылдамдығын  ести  білуі  керек.  Бұл  оған  оқушылардың  сезімдерін,  ойларын,  ниеттерін 
түсінуге көмек көрсетеді. 
Тактильдік әсер етулер 
Оларға қол алысу, шапалақтау, жанасу, сүйісу, және т.б. жатады. Олар басқа вербалды емес 
құралдардан гөрі рөлдік қатынастар индикаторы қызметін атқарады. Тек сөз арқылы ғана мұғалім 
мен  оқушылардың  қарым-қатынасын  елестету  мүмкін  емес.  Ым,  мимика,  көзқарас,  кейіп  кейде, 
сөздерге  қарағанда,  аса  күшті  әсер  қалдырады.  Американдық  психолог  Ф.Селженің  пікірінше, 
әңгімелесу  кезінде  сөздердің  маңыздылығы  тек  7%-ды,  ал  интонация  38%,  ым  және  мимика  – 
55%-
ды құрайды. 
Вербалды  емес  қарым-қатынас  мәселесі  психологияда  таяудағы  күннен  бастап  қана 
қарастырылады. Оған Х.Миккин, И.Н.Горелов, А.Пиз және Б.Пиз және т.б. жүгінген [3]. Ол қазіргі 
 
11 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
мектепке  де  өзекті  болып  қала  береді  және  педагогикалық  қарым-қатынастың  бөлігі  болып 
саналады. Әдебиеттерді талдау көрсетіп отырғандай, вербалды емес мінез-құлық: 

 
айтылған сөздің эмоциялық қанықтығын күшейтеді; 

 
рөлдік қатынастардың көрсеткіші болып саналады; 

 
мұғалім мен оқушының бейнесін жасайды; 

 
сабақ кезінде тиімді психологиялық климатты сақтайды. 
Педагогикалық қарым-қатынас 
Ш.А.Амонашвили педагогикалық қарым-қатынасты бүкіл тәрбие сүйенетін негіздердің бірі 
деп  айтқан  [1].  Осыдан,  тек  педагогикалық  қарым-қатынас  түсінігі  ғана  құрылым,  қызметтер, 
мақсаттар және т.б. жан-жақты сипаттауға көмектеседі.  
Бүгінгі  күні  педагогикалық  қарым-қатынас  деп  мұғалім  мен  оқушының  өзара  әрекетінің 
тәсілдері мен ептіліктерінің жүйесі түсініледі, ал оның мазмұны ретінде ақпарат алмасу, тұлғаны 
тану,  өзара  қатынасты  ұйымдастыру  болып  саналады.  Педагог  оқыту  процесін  белсендіруші 
ретінде шығады, оны ұйымдастырады және басқарады.  
Педагогикалық қарым-қатынас педагогтың қандай да бір дағдыларының болуын талап етеді: 

 
сабақтың өзгермелі жағдайларына дұрыс және жылдам бейімделу; 

 
сөздік әсер етуді дұрыс жүзеге асыру; 

 
оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне сәйкес келетін коммуникативтік құралдарды тез 
арада табу. 
Әлеуметтік  психологияның  авторларының  бірі  А.Маслоу  байланыстарда,  махаббатта, 
қадірін  арттыруға  деген  қажеттіліктерді  бастапқы  адамдық  қажеттіліктерге  жатқызады. 
Эмоциялық  қолдау  мен  жеке  өзін-өзі  танытуда  қажеттілікті  тек  оқушылар  ғана  сезінбейді. 
Мұғалімге де балалардың қолдауы, беделін ашық түрде мойындауы маңызды. Ш.Амонашвилидің 
айтуы  бойынша,  педагогтың  өз  оқушыларының  қорғанысын  қажетсінуі  олардың  мұғалімнің 
қолдауын қажетсінуінен әлдеқайда жоғары.  
Сабақ  кезінде  мұғалім  мен  оқушылардың  сәтті  қарым-қатынасының  көрсеткіші  ретінде 
сыныптағы  жағымды  моральді-психологиялық  климат,  шығармашылық  және  өзара 
ынтымақтастық атмосферасы болады. 
Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі құрамдас бөлігі болып кәсіби мораль шығады, ол 
әрбір баланың ар-намысын, оның тұлғалық бірегейлігін құрметтеуде көрініс табады.  
Сабақ  кезінде  педагогикалық  қарым-қатынастың  сәттілігі  мұғалімнің  жеке  даралық 
экспрессивтік 
мүмкіндіктерін 
иеленуімен 
байланысты: 
мимикалық, 
ым-ишаралық, 
пантомимикалық,  сөздік.  Дауысты  көрсете  білу  қажеттілігі  туралы  кезінде  А.С.Макаренко  да 
айтып кеткен: « «кел мұнда» дегенді жиырма алты түрлі тәсілмен айтып үйренгенде ғана, нағыз 
педагог болып атана аласың». 
И.А.Рыданова  өзінің  «Қарым-қатынас  педагогикасының  негіздері»  атты  кітабында 
мұғалімдерді  олардың  сөйлеу  мәнері  бойынша  үш  топқа  бөлуге  болатыны  жайлы  айтып  кеткен 
[4].  Біреудің  сөйлеуі  қалыпты,  оны  тыңдауға  болады.  Басқасының  сөйлеуі  дауысының  сипаты 
жағынан соншалықты жағымсыз болуы, оны тыңдауға болмайды. Үшіншінің сөйлеуі соншалықты 
әуенді,  мәнерлі,  оны  тыңдамауға  болмайды.  Мұғалімнің  сөйлеу  әрекетінің  сипаттамаларына 
сүйене отырып, ол дауыстың үнділігіне, жылдамдығына, сөз сөйлеуіне және тембріне байланысты 
болады.  
Мұғалімнің сөйлеуі тек дыбыстау аппаратының табиғи ерекшеліктерімен ғана байланысты 
емес,  сонымен  қатар  эмоциялық  күйіне  де  байланысты.  Уайым  дауысқа  бәсеңдетілген  дыбыс 
береді,  қуаныш  –  көтеріңкі.  Дауыстың  дыбыстауы  оның  сөз  сөйлеудегі  мәнерлігіне  де 
байланысты. 
Мұғалім  сөйлегенде  паузаларды,  лексикалық  акценттерді,  ырғақ  пен  екпінді  қолданып, 
мазмұндық  бөліктерді  бөле  отырып,  негізгіге  зейін  аудартады.  Зерттеушілер  аллегро-сөйлеуді, 
престо-сөйлеуді,  ритенуто-сөйлеуді  бөледі.  Сөйлеудің  артикуляция  және  дикция  сияқты 
қасиеттері  сөйлеу  жылдамдығына  байланысты.  Сөйлеу  жылдамдығын  таңдаған  кезде  мұғалім 
балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеру  қажет:  бастауыш  сынып  оқушысы  минутына  40-60  сөз 
естілгенде материалды қабылдай алады, жасөспірім – 60-100 сөзді, ал жоғары сынып оқушысы 80-
120 сөзді қабылдай алады. 
Педагогикалық  қарым-қатынастың  маңызды  құралы  ретінде  дауыс  динамикасы  шығады. 
Мысалы,  әрбір  сөйлемнің  басында  дауысты  көтере  және  күшейте  отырып,  қарым-қатынастағы 
инициативаны сақтаймыз, монотонды мәтінді одан да әсерлі етіп, зейіннің шоғырлануын сақтап 
отырамыз.  
 
12 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
Мұғалім  оқушылармен  тек  сөйлеген  кезде  ғана  қарым-қатынас жасамайды,  сонымен  бірге 
үнсіздік  сақтағанда  да  қарым-қатынасы  жалғасады.  Жиі  көп  уақытқа  созылған  педагогтың 
үнсіздігі  тым  шулап  кеткен  сыныпқа  жақсы  тәртіптік  құрал  ретінде  шығады.  Вербалды  емес 
сигнал ретінде үнсіздік: 
-
 
өзара түсіністіктің болмауын; 
-
 
белгілі бір іс-әрекетті орындауға келісімді немесе келіспеушілікті; 
-
 
зейін аудартуды; 
-
 
келесі сөзге салмақтық беруді білдіреді. 
Сөйлеу  мәнерлігі  мұғалімнің  вербалды  емес  қарым-қатынасты  –  мимика,  ым-ишара, 
пантомимиканы  дұрыс  қолдануымен  тікелей  байланысты.  Олар  естіліп  жатқан  сөздің  әсерін 
күшейтеді, сабақ уақытын үнемдейді, мазмұндық реңктер қосып, негізгіні ерекшелеуге мүмкіндік 
береді. 
Мұғалімнің  көзқарасы  маңызды  вербалды  емес  қызметті  атқарады.  Көзқарас  арқылы 
сөйлемнің  басталуын  көрсетуге,  акценттер  жасап,  маңызды  бөліктерді  белгілеуге,  оқушыларға 
деген  қатынасты көрсетуге болады.  Қадалған  көзқарас  сөздің  иландырушы  әсерін  күшейтеді,  ал 
қатал  көзқарас  алаңдатады  және  жиіркеніш  сезімін  тудырады.  Әрбір  бала  мұғаліммен  визуалды 
байланыс орнатуды, оның зейінін аудартуды қажетсінеді. Дегенмен, 10 секундтан ұзақ көзқарас 
кез-келген әңгімелесушіде жайсыздық сезімін тудыратынын ұмытпау қажет. 
Л.Н.Толстой күлімсіреудің 100-ге жуық түрлерін сипаттаған. Мұғалім мысқылды, келемеж, 
өзін-өзі  жоғары  көрсететін  мимикалық  экспрессия  балаларда  жиіркенішті  тудыратынын,  және 
керісінше, ашық, шынайы, жайдары күлімсіреу баланы баурайтынын үнемі ойда ұстағаны жөн. 
Мұғалімнің  сыртқы  келбеті  жалпы  әсер  етуде  маңызды  рөл  атқарады.  Визуалды 
тартымдылық, әсерлілік балалармен эмоциялық байланыстарды орнатуды жеңілдетеді, негативті 
әсер  ету  қарым-қатынасты  қиындатады.  Вербалды  емес  мінез-құлықтың  құрылымына,  сонымен 
қатар, ольфакторлық көріністер жүйесі, яғни иістер де кіреді – табиғи және жасанды, олар педагог 
мәдениетінің қосымша индикаторы болып табылады.  Ондай иістерге: дене иісі және косметика 
иісі жатады. 
Осыдан,  вербалды  емес  қарым-қатынас  құралдары  ішінде  келесі  маңызды  факторларды 
бөліп көрсетуге болады: 
 
интонация (бірсарынды-монотонды, өзгермелі-динамикалық); 
 
дикция (анық, анық емес); 
 
сөйлеу екпіні (қалыпты, баяу, жылдам); 
 
сөйлеу тембрі (жағымды естілетін, қатаң, ұяң); 
 
мимика (статикалық, динамикалық, әсерлі); 
 
көз байланысы (сақталады, сақталмайды); 
 
ым-ишара (біқалыпты, ұстамды, тым артық); 
 
кейіптер (босаңсыған, еркіндігі жоқ, еркін); 
 
сыртқы келбет (эстетикалық, эстетикалық емес). 
Педагогикалық  қарым-қатынастың  вербалды  емес  құралдарын  қолдану  мәдениеті 
мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігінің  деңгейін  көрсетеді.  Педагогикалық  қарым-қатынастың 
негіздерін  кәсіби  өзін-өзі  тәрбиелеу  процесінде  меңгеруге  болады.  Шебер-педагогтардың 
жұмысын бақылай отырып, біз педагогикалық әсер ету тәсілдерінің шыңдалғандығын байқаймыз. 
Мұнда  оқушыларды  танымдық  әрекетке  жұмылдырудың,  дұрыс  сұрақ  қоя  білудің,  жеке 
оқушымен және бүкіл сыныппен қатынас жасай білудің, бақылау жасап, өз мінез-құлқын, көңіл-
күйін,  дауысын,  мимикасын,  қимылдарын  игере  білудің  арнайы  ептіліктеріне  маңызды  рөл 
бөлінеді. Педагогикалық техника – бұл тәсілдердің жиынтығы. Оның құралдары – қарым-қатынас 
және оның вербалды емес құралдары. Ал мұндай тәсілдерді дұрыс әрі жетік пайдалана білу кез-
келген оқыту процесін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге мұғалім мен оқушылар арасындағы 
өзара қатынасты  байыта түседі. Мұндай  жағдайдың  орасан  зор  ұтымды  жақтары  педагогикалық 
процесті әлдеқайда дамыта түседі.  
Көптеген  зерттеулердің  пәні  ретінде  педагогтар  мен  оқушылардың  арасындағы  өзара 
қатынастың  психологиялық  сипаты,  олардың  вербалды  емес  қарым-қатынастың  тәсілдері  мен 
белгілерін қаншалықты білетіні, ажырататыны және күнделікті өмірде қолданатыны болып отыр. 
Әсіресе,  мұғалімдердің  оқушылардың  вербалды  емес  қарым-қатынастағы  мәселелері  туралы 
білуінің  деңгейі,  педагогтар  мен  оқушылардағы  бұл  қарым-қатынастағы  қабылдаудың 
қалыптасқан  таптаурындары,  сонымен  қатар,  ұжымда  сенімді  қатынастарды  орнатуға  деген 
олардың әсері аса қызықтыратын жәйт болып табылады [5].  
 
13 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Амонашвили Ш.А. Педагогическое общение. – М., 1989. 
2.
 
Горелов И.Н. Невербальные коммуникации. – М., 1980. – 104 с. 
3.
 
Миккин  Х.Х.  Роль  коммуникативных  движений  в  межличностном  общении.  Автореф. 
Дисс. … к. псих. н. – М., 1979. – 172с. 
4.
 
Рыданова  И.А.  Основы  педагогики  общения:  (Учебное  пособие).  –  Минск:  Беларус. 
навука,1998. – 319с. – Библиогр.: с. 317. 
5.
 
Смирнова Е.Е.. Психология общения: Курс для cтарших классов средней школы.  – СПБ: 
КАРО, 2005. -336 с. 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  о  выгодных  сторонах  усвоения  учителями  невербального  вида 
общения. 
Summary 
In article is considered about the benefits of mastering teachers non-verbal form of communication. 
 
 
ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚТАР ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ  «МАХАББАТ» КОНЦЕПТІСІ 
 
Мекебаева А., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2 курс магистранты 
Абдрахманова К.Х., ф.ғ.к.,ун.проф. 
 
Ежелгі қазақтардың  мифтеріндегі «махаббат» концептісі.  Мақалада ежелгі мифтердегі 
махаббат  мәселесі  әлемдік  мифологиядағы  бейнелермен  салыстырыла  қаралады.Түркі 
жұртының ой-толғамдар тарихында махаббат мәселесі қарастырды. Автор грек,  қытай және 
қазақ мифтеріндегі ұқсас сюжеттерді саралауға тырысқан.  
Түйін сөздер: махаббат, концепт, ой-толғам, сенім, Ұмай, Тәңір.   
 
Ежелгі  қазақтардың  дәстүрлі  дүниетанымы  да  әлемдік  философиялық  ойлау,  архаикалық 
стиль,  логикалық  сана  машығы  бойынша  қалыптасты.  Онда  діни  сенімдердің,  мифтің, 
философияның,  астрологияның,  алғашқы  медицинаның  синкретикалық  түбірлестігі  түрінде 
құрылғандық  жүйе  бар.  Сондықтан  халқымыздың  көне  дүниелік  ой-толғамдарының    танымы 
мифтерден  бастау  алатын  болғандықтан  әлемдік  және  байырғы  түркілік    бастапқы  ой  ұяларына 
құрылымдық-  талдау    мен  танымдық-прагматикалық    түсініктемелер  арқылы  тоқталуды  қажет 
етеді. 
Түркі  жұртының  ой-толғамдар  тарихында  махаббат  концептісі,    өмірлік-философиялық 
призмадан  қарауға  болатындай  мәнді  құбылыс.  Сондықтан  махаббат  концептісін  ой-толғамдық 
объект бола отырып, практикалық мағыналы деңгейлермен тоғысады. 
Миф бойынша қазақ дүниетанымындағы махаббат ұғымын зерделеу тарихи-философиялық 
ой  таразысын  дәуірлер  тұрғысынан  сараптап  алуды  қажет  етеді.  Себебі  көптүрлі    ғылыми-
философиялық    сала  таралымдарының  тамырларының  бірі  осы  мифтерден  бастау  алады.  Көне 
қазақтар  махаббатты  терең  эмоциямен,  өміршеңдігімен  сүйенілген  толғаныстармен,  түйсінген. 
Бұнда  адам  мен  әлемді  байланыстыратын:  олардың  үйлесімділігі,  адамды  ғарыштың  шағын 
қайталанған  үлгісі  деп  ұғынатын  ғарыштық  түсінік,  адам  мен  әлемнің  генетикалық-туыстық 
байланысы  тұлғаның  әлемдегі  орнын  айқындайтын  идеяларын  парасаттылықпен  ашу  – 
қазақтардың дүниетанымындағы махаббат концептісін сараптаудың бастапқы ой түрткісі екендігі 
даусыз. 
Байырғы  қазақтарда  да  адам  –ықшамғарыш,  әлем  –  адамның  ұлы  жобасы  тәрізді  деп 
түйсінілген.  Сондықтан    біз  әуелі    космологиялық  мифтік дүниетанымдағы  махаббат  концептісі 
туралы  алғы  түсініктерге,  археиптік  махаббатық  сезімдерге  табан  тіреуіміз  қажет-ақ.  Демек, 
махаббат  яғни,  сүйіспеншілік  бұл  жерде  мазмұны  мен  формасы  жөнінен  жерлік-тұрмыстық 
әрекеттен космологиялық асқақ феноменге айналады деуімізге болады. 
Көне  дәуір  қазақтарындағы  ғарыштық  мифтердің  бірінде  махаббат  концептісі  мынадай: 
«Үркер аталатын шоғыр жұлдыздың қызын «Жетіқарақшы» аталатын шоғыр жұлдыздар қоршай 
аңдып, олардан қашқан Үркер аспан бойында жылжып қашып жүреді-мыс. "Шолпан" да қыз. Ол 
да қашып жүріп, жылына бір рет Айдың бауырына паналайды. Шолпанның сенімді сақ күзетшісі - 
 
14 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
Темірқазық» [2]. Ғасырлар бойғы сақталып халық жадында бұлжымастан  орын тепкен осы мифтік 
картинаны  образдар  мен  символдарды  ашу  бойынша  зерделесек,  бұның  логикалық  мәні  – 
махаббат  сәтсіздігінің  алдын-алудың,  сәттілікке  дайындалудың,  өзінің  өміршеңдігінің  мәңгілік 
картинасын беретін этикалық – ғибраттық ереже тәріздес. Мәселен,  өзінің қол жеткізілмейтіндік 
асқақтығы  арқылы  сақталады.  «Үркер-Қыз»  мәңгілік  шынайы  махаббатқа  ғана  дайын,  өзін  –өзі  
табиғи-әлеуметтік    түрде  ашудың  сәтін  күтуде.  Өз  рухын  сақтау  әрекетінде  символдық  түрде 
ғарыштық  кеңістіктегі  қозғалысы  арқылы  –  психологиялық-рухани  кеңістіктегі  адами 
кейіптердегілерді  елестетіп  ескертеді.  Бұл  Аспан  әлемінің  мәңгілік  тұрақтылығына  сүйенген 
аналогия. Себебі, мәңгі бар болатын, бұлжымай сақталатын жоғарғы әлем және ондағы  процестер 
мызғымастықтың жердегі адам үшін кепілі болып табылады.  Ал  «Жетіқарақшы»   сәтсіздік пен 
нәтижесіздіктің мүмкіндігін беретін символ, «қарақшы-адамдардың» прототипі, арғы образдары.  
Ежелгі  қазақ  сахарасындағы  ізгілік  пен  зұлымдық  дилеммасына  сүйенген  зорастризмдік 
түсінік  жағымдылық  пен  жағымсыздық  қасиеттерін  де  осы  ғарыштық  мифтер  арқылы  махаббат 
концептісінде ұсынып өткен. Мысалы:жоғарыда айтылғандай, «Шолпанның сенімді сақ күзетшісі 

Темірқазық» болса, «Шолпан» үшін сенімділік, еркіндік орнап, таңдау ашылады. Бұнда өзін-өзі 
толық  дәрежесінде  ашу  үшін  шарт  жасалады  –  ол  ситуация  да  жерлік-тұрмыстық  үшін  реалды 
мүмкіндік. Бұл жерде «Үркер» мен Шолпан бір ұғым, жалпылық жобалар. 
Яғни,  ізгілік  пен  зұлымдық  қайшылығы  іске  асқан  түрінде  емес,  мүмкіндік  түрінде 
ұсынылады. Болмыспен бетпе-бет кездесуге, «шекаралық жағдайға» дайындайды. – «Үркер» мен 
«Шолпан»  кейпіндегі  қазақ  қыздарының  тұрмыс  пен  әлеуметтік  болмыс  қайшылығындағы 
кездесуі  мүмкін  оқиғаларды  ескертеді.  Демек,  мәселен  көне  грециядағы  мифтерде  «қыздардың 
панасы» - Хаос болса, қазақ дүниетанымында – «Шолпан» жұлдызы және оның қозғалысы жерлік 
адамдарды  сақтандыратын,  ескерту  арқылы  қамқорлайтын  әлемдік    мәңгілік  сарын  болып 
табылады. Яғни, өзін ғарышқа орналастыру мен ғарыштан өзін танудың ғарыштық дүниетанымы 
махаббат  мәселесіне  осылай  ойысады  деп  тұжырымдауымызға  болады.  Сондықтан  қазақ  халқы 
қыздарының  атын  «Үркер»  деп  емес,  «Шолпан»  деп  асқақтандырған.  Еркіндік  пен    тәуелсіздік, 
үрей  мен  сенімділікті  туғызған,  азаттық  пен  тыныштықтың  мәңгілігін  аңсаған.  Кейінгі 
зерттеушілер  айтқандай:  «Бүгінгі  қазақ,  оның  фольклорлық  жады  Шолпанды  тек  қана  әйел 
кейпінде  деп  білген»  [3].    Осы  ғарыштағы  «Шолпанның»  тағдыры  жердегі    Шолпанның  өмірі 
екендігін үнемі ескеріп отыру қажет екендігін ұсынған. 
Бұндай мифтік  таным-түйсіктің бастауы батыстық ой оралымы бойынша -  ойлаудағы жан 
азабының  жеңілденуі  мызғымас  сенімділіктің  көзі  Көк  Тәңірлік  аспан  әлеміне  «алаңдау»  мен 
аспан  алдындағы  дәрменсіздігін  сезінуі:    Себебі  танымдық  дәстүрі  бойынша  жердегі  сәтсіз 
махаббат  шарттары,  қыз  тағдыры  мен  оның  үрейі  сияқты  өмірбаяндық  оқиғаларды  нақты   
тұлғаның болмысын аңыз түрінде жеткізу, оны аспан денелері  қозағылысынан салыстырып таба 
білу  –  күйзелген  сана  мен  психология  үшін  жеңілденетін,  мәселе  шешілетіндей  болатын  ой-
пікірлерді тудырады.  
Егер  шығыстық  түркілік  ойы  бойынша  талдасақ,  «Әлем  мен  адамның»,  өзі  және  әлемнің 
бетпе-бет  екендігін  сезінуінің,  оған  деген  эмоционалды  қатынасындағы  махаббат  концептісін 
ашуға  тырысуы,  келер  ұрпаққа  бағытталған  түркі  жұртының  бақилық  өсиеттері.  Бұл  әлеммен 
тікелей  байланыс,  әлдебір  дәнекер  немесе    жолдау  түрінде  емес,  тура  көшіру  бойынша  жүзеге 
асырылғандығы  арқылы  анықталады.  Ал  өзінің  көңіл-  сезімін    әлемге  әйгілеу  мен  көкке 
«шағымдану» - оған деген эмоционалды қатынасты көрсетеді. Осы құбылыстардың нәтижесі жас 
ұрпақтар  үшін  үлгі  алатындай  маңызды  болып  табылады,  сүйіспеншілік  мәселесіндегі 
практикалық  қажеттілік ретінде тұжырымдалады. 
«Күн  астындағы  Күнсұлу»  мифінде  Күннің  де  бақылауынан  босатпайтын  қызы  бар  [4] 
болса, сәйкесінше «Ай астындағы Айсұлу» екеуінен сұлулықты асқақтандыратын , Күнмен, аймен 
теңескен,  аспан  шырақтарынан  нәр  алған  адами  тұлғаларды  аңғарамыз.  Айға  табынған  ата-баба 
танымының биік талғамы. Сондай-ақ, Ай толысқан шағында одан қыздың бейнесінің  көрінетіндігі 
туралы визуалды мифтік картина – сұлулықты бейнелеудің кульминациясы, махаббаттағы қарсы 
жақты    (нәзік  жанды)  асқақтандырудың  айқын  көрінісі,  қасиетті  Көкке  орналастырудың 
мистикасы, идеалданған арман-мұраттардың реалдылығы болумен қатар түркі дүниесіндегі әйелді 
құрмет  тұтудың  этикасы,  сұлулық  талғамы,  махаббат  сағынышының,  аңсаудың,  қайғырудың 
мифтік логикасы. Сондықтан халқымыздағы –  «Айбарша»,  «Айсұлу»,  «КүмісАй» есімдері оның 
ішкі  рухани  дүниесіне  биік  рух  пен  жігер  орнатудың  тұтас  комплекстік  ниеті,  ашылмаған 
тылсымдықтың мәдени-әлеуметтік жобасы. Себебі Ай мен Күнге орналасуда мәңгілік тазалық пен 
пәктікте сақталған, әрі олардың сұлулығынан нәр алған және  ол аспан денелеріне теңестірілген 
 
15 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
қыздың алыстағы армандаған бейнесі берілген. Бұл сондай-ақ ұмытылмас үшінгі қызықтырғыш-
еліктіргіш  үнемі  көрінетін  анық  бейне  түрінде  берілген  мифтік  мазмұн.  Мәселен  Шығыс 
елдеріндегі аңыздарда жер қорлығын көріп, Айға қашқан қыз (әйел) – Зуһра [4] туралы оқиғада ол 
әуелі  жерлік-тұрмыстық,  табиғи-әлеуметтік  жан  сатысында  болып,  ғарыштың    рух  бейнесіне 
енеді.  Себебі  оқшауланған  жалғыздық  трагедиясы  –  барша  адамзаттқа  махаббаттағы  әділеттілік 
сарынын жолдайды. Ол өзін мәңгілік жалғыздыққа «құрбан еткен»  жердегі қыздардың «рухы». 
Онда  ол  аспан  тәңірлерінің,  әлдебір  құдырет  иелерінің  жұбайы,  күңі  емес,  өзінің  еркіндігі  мен 
азаттығын , адалдығын кеңістік пен уақыт бойынша бақилық дәлелдейді.. Демек, «махаббат қалай 
басталу керектігінің» жердегі өмірге нақты араласпайтын пассивті үлгісі, мәндік айқын бейнесі, 
себебі  ол  да  шартты  түрде  жан  мен  тәннен  құралған  әлеуметтік  адамның  ғарышқа 
орналастырылған  әйел  кісісі.  Сондықтан  оның  жерге    түскендігі  туралы  жалғасқан  миф  түркі 
дүниетанымында  болған  емес.  Оның  Ай  бетінен  жерге  түсуі  мәңгілік  тұрақтылық  картинаның 
мазмұнын солғындатар еді. 
Бірақ бұндай түркі жұртындағы махаббаттың ой-талғамы жерлік деңгейде де ұсынылады, ол 
әуел  бастан  жерде  болып  құрылған  мифтік  логика.  Мәселен,  қазақ  аңыздарындағы  тауда 
мекендейтін «қар қызы» күн жылына жер астына сіңіп кетеді немесе келесі бір нұсқаларында ел-
жұртсыз жердегі үнемі ән салып жүретін  ешкімге көрінбейтін қыз. 
Осы  мифтік  сюжеттің  махаббат  концептісі  екендігі  –  олардың  әйел,  кемпір  емес,  «қыз» 
болып  бейнеленуімен  айғақталады.  Олар  да  «үнсіздікпен»  сүйіспеншілік  арынын  жырлайды, 
«әлсіз»  жыныстың  әлеуметтік-мәдени  әлсіз  түрін  романтикалық  формада  береді.  Демек,  түркі 
дүниетанымы  даналықпен  «оқшаулану  бүлігін»  ұсынады,  себебі  ол  «қыздар»  қоғамнан  салт-
дәстүрді  бұзып,  ережелерді  сақтамай  аластатылған  жағымсыз  бейнелер,  діни  тақуалықтағы 
аскеттер,  ғарышқа  орналасу  арқылы  құдайланған  өш  алу  бағытындағы  «жасырын  жау»    немесе 
өзіне  тең  жар  таба  алмай    жүрген  кезбе  емес,  махаббат  адалдығын  іздеген,  жалған  дүние 
зұлымдығына төзбеген, табиғат-ананы паналаған рухани-рухтық жан иесі. Қоғамдағы әйел затын 
бағалатуға  ұмтылған,  әлеуметтік  әйел  теңсіздігіне  қарсылық  білдірген  өзінің  сайын  даласынан 
қамқорлық  күткен,  ішкі  дүниесінің  тазалығы  бұл  өмірмен  келіспегендіктен  оқшауланып  ғұмыр 
кешуге бел буған «бар да емес, жоқ та емес» рух. Себебі ол даланың ән салып жүретін «қызы» өзін 
елес  түрінде  ғана  көрсетіп  отырған:  оның  әнін  баз-біреулер  естіпті-мыс  делінеді  кейінгі  қазақ 
аңыздарымен жалғасқан формасында. 
Оқиға  адам  болмысындағы    дүниетанымындағы  махаббат  мәселесінің  ұсынылуы  мен 
махаббат мәні көрсетіледі. Себебі ол орындалмаған мақсаттардың иегерінің оқшаулануы, өзін-өзі 
ашуға ниеттелген жалғыздық, ішкі рухани әлемінің талабын қанағаттандыра алмаудан туған өзіне 
үңілушілік. Сондықтан біздің ата-бабамыздың дүниеге көзқарасы оған тәндік-рухтық мәңгі «жан» 
сыйлаған, төзімділік пен парасаттылықтың даналығын берген. 
«Қыз»  -  махаббаттың    тұрмысмәнділік  табиғатын  ашқан,  ғұмыр  кешудегі  оның 
оғашқылығын  түйсінген,  эстетикалық  тазалығын  таразылаған,  ішкі  рухани  жігерді  берік  ұстану 
этикасын  меңгерген,  махаббат  әлеміндегі  асқақтық  пен  асылдықты  байыптаған,  теңдік  пен 
сәйкестік,  адамдар  арасындағы  үйлесімділікті  ұғынған,  қала  берді  түркі  жұртындағы  «қыз 
намысы»  мен  «жүрек  қалауын»  берік  ұстанған  жан.  Онда  тағдырға  көнбістік,  теңі  емес  адамға 
төзушілік, күйінгеннен өзін-өзі өлтіру сияқты рухани әлсіреу емес, керісінше пәктікке сүйенілген 
биік жігерлі-намысты тұлғаны елестетеді. 
Кейіннен  бұған  салыстырмалы  түрде  тазалықтың  және  махаббаттың    мархабатын 
байытатын,  құндылығын  арттыратын  қарсы  жағымсыз  бейнелер:  кеңістіксіз  әлемдегі  перінің 
қызы,  кеңістіксіз-уақытсыз  әлемдегі  су  перісі  мифолонгияланған.  Олар  жағымсыз  адасқан 
махаббаттың,  прагма  түрінің,  жыныстық  махаббаттың  субъектілері  ретінде  елестетілген.Бұл 
аталған мифтерден махаббат, сүйіспеншілік мәселесіндегі образды ой-толғамдарды көреміз. 
Халқымыздың  көнеден  жалғасқан  діни  сенімдерінің  бірі  –  Тәңіршілік,  яғни  көкке  табыну 
мен  оның  жұбы  болып  есептелетін  Жерді  құрмет  тұту  Ұмай  анаға  сиынудың  да  махаббаттық 
солғын дүниетанымы екендігін аңғаруға болады. 
Осы  қазақтардың  ежелгі  дүниетанымындағы  көне  мифологиядағы  махаббат  концептісінде 
«Аспан мен жердің» жұбы да дәстүрлі әлемдік классикадағы  ой иірімдеріне сәйкес: «Құдай Ана 
жермен (кейде - теңізбен), (жұбы – аспанмен)  ...» [1] делінсе, немесе қытайлық философиядағы 
Инь  мен  Ян  субстанциясы  бойынша  құрылған  әйелдік-ерлік  бастамалар,  олардың  өзара 
әрекеттесуі,  одан  туындайтын  әлемдік  процесстер  –  махаббаттық  қарама-қарсы  құрылымдарды 
меңзейді.  Себебі  әлемдік  зерттеушілер  оны  былай  тұжырымдайды:  «Жұптардың  өзара  әрекеті 
шынайылықты  даостық  елестетудің  негізгі  тақырыбы  болғаны  таң  қалдырмайды.  Инь-Ян 
 
16 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
дуалистік  концепциясы  ерлік  және  әйелдік  бастамалардың  әрекеттесуін  қамтамасыз  ететін 
энергияны бейнеледі»[1]. Сондықтан Көк Тәңірі – ер адамдық, әкелік сипатта, Ұмай  ана – жерлік, 
әйелдік  сипаттағы,  Табиғат  –  ана,  Жер  –  ана  сәйкестендірулері  бойынша.  Кейіннен  бұндай 
түсініктер:  «Жоғарыда  Көк  Тәңірі,  Төменде  Қара  Жер»  түсінігінен  «Көк  Тәңірі  –  Ұмай  ана» 
рухани  мәдениеттке    өткен.  Бірақ  бұл  байырғы    дүниетанымда  Аспан  мен  Жердің  сакральды 
некесі,  Инь  мен  Ян  тәрізді  өзара  әрекеттесу  қатынастары айтылмайды, себебі  Көк Тәңірі  әкелік 
болғанмен  аса  антроморфты  емес,  жерлік  қажеттіліктерді  қажетсінбейді,  ал  Ұмай  ана  – 
адамзаттың әйел бейнелі арғы пана – анасы, Жердің рухы. Бұл көне Зорастризмдік  түсініктерден 
бастау алатын  сабақтастық тәрізді.  
Бұнда  Аспан  билігі  мен  Жер  билігі  бәсекелес  немесе  Көк  Тәңірі  мен  Ұмай  ана  қарама    - 
қарсы бастама де емес, Аспанның тәңірісі – Жердің киесі болып  тылсмым ғажайып қатынасты 
береді, әрі екеуі органикалық бірлікті тұжырымдайды. Бұл тұтастықты Ұмай Тәңірінің құрамдас 
бөлігі немесе Жердегі өкілі. Себебі Тәңірі тұтас Көк, яғни әлем, ал Жер әлемнің бөлшегі екендігі 
түсінікті.  Ұмай  мен  Тәңірінің  арасындағы  сезімдік  қатынас  алғыдүниетаным,  ойлауға  дейінгі 
тылсымдық,  сондықтан  түркілік    мифологиялық  ойлау  мен  діни  сенімдер  бұл  «жақтарды» 
персоналдандыру  қажеттігін  өзектендірмеген:  ұмтылу,  құмарлық,  тілек  процестері 
қарастырылмаған. Олар махаббаттың айқын екі жағы немесе арнайы қарсы қойылған адам кейіпті 
тұлға,  сүйіспеншіліктің  символдық  субъектілері  бола  алмайды.  Бұл  да  ежелгі  түркі  ұлағатының 
түп  махаббат  танымының  даналық  бастаулар.  Рухтар  мен  құдайларды  әрекеттестіре  бейнелеу, 
адами құмарлықтарлы оларға таңу халқымыздың архетипіне тән емес. Осыған байланысты көне 
Грециялық  мифтердеәйел  мен  ер  құдайлардың  адамша  қатынастары  олардың  Рухтық-құдайлық 
деңгейлерін  шығыстық  менталитет  бойынша  көтере  қоймайды.  Түркілік  осы  жұпты 
адамдандыруға  жақындату,  адамдық  белгілерді  оларға  таңу  логикасы  халқымыздың 
дүниетанымына сәйкес емес екендігін түйсінеміз. 
Сонымен  қатар,  Тәңір-әке  мен  Ұмай-ана  махаббаттан  тысқары,  өз  мәселесіне,  болмысына 
ғана алаңдаулы, дегенмен бұны ер адамдық және әйелдік бастамалар деп тануымызға болатын ұлы 
жобалар. 
Қорыта  айтқанда,  махаббат  туралы  аңыздар  мен  мифтер  ежелден  бастау  алады.  Көне 
замандағы  қазақ,  грек,    және  қытай  мифологиясында  әйелдерді  жебеп,  демеп  жүретін  аналар 
символдық  бейнеге  көтерілген,  олар  өмір  сыйлаушы,  әрі  ошақтың  киесі  ретінде  әспеттеледі. 
Сонымен қатар, Тәңірге сиыну, сүйіспеншілігі қалыптасқанын білеміз. 
 
Әдебиеттер: 
1
 
Ғабитов Т. Мәдениеттану. − Алматы: Қаржы-қаражат, 2003. − 408 б. 
2
 
 
Мифы народов мира. − Москва: Советская энциклопедия, 1988. − 2-том. К-Я. 
3
 
Қасқабасов С. Елзерде: әржылғызерттеулер. − Алматы: Жібекжолы, 2008. − 504 б. 
4
 
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1-том. А-Ә. − Алматы: «Қазақэнциклопендиясының» бас 
редакциясы, 1998.  
5
 
 
Мифы древней Индии. − Москва: Наука, 1975. − 238 с. 
6
 
Жанайдаров О. ЕжелгіҚазақмифтері. − Алматы: «Аруна» баспасы, 2008. − 256 б.   
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  концепт  «любовь»  в  мифологии  древних  казахов.  Автор 
сопоставляет  схожие  сюжеты  в  казахских,  китайском  и  греческих  мифах.  Все  мифы  о 
происхождении  земли  носят  схожий  характер,  в  них  проявляется  мировоззрение  и  прознание 
народов.  
Summary  
In the article observed concept of love of the mythology. Author is trying to compare of mythology 
in Kazakh, Chines  and Greek people’s mind. All myths about a geogenesis have similar character, in 
them the outlook and pro-knowledge of the people is shown.  
 
 
 
 
 
 
17 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ФОРМИРОВАНИЯ  ГОТОВНОСТИ СТУДЕНТОВ К  
САМООБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ В СИСТЕМЕ ПОДГОТОВКИ УЧИТЕЛЕЙ 
ИНОСТРАННОГО ЯЗЫКА 
 
Рахимбердиев А., магистрант 
 
Для того чтобы уточнить содержание и  структуру самообразовательной деятельности, 
необходимо  рассмотреть  понятия  образование  и  самообразование  и  определить  их 
взаимосвязь.Именно в процессе обучения, когда идет развитие и становление личности учебная 
деятельность  является  ведущей  деятельностью.  Овладением  опытом  и  использование  его  для 
приспособления к новым условиям жизни – это и есть сущность и главная цель обучения. Таким 
образом, обучение представляет собой системное взаимодействие в учебном процессе педагога с 
обучающимися,  направленное  на  достижение  поставленной  цели.    Процесс  обучения  является 
одним  из  нескольких  одновременно  и  взаимосвязано  текущих  процессов:  воспитания,  развития, 
формирования.  
Ключевые 
слова: 
институциализированный, 
самодвижение, 
самоактуализаци, 
индивидуализированность.   
 
В  обучении  переплетаются  когнитивный,  интеллектуальный,  психологический, 
физиологический  и  другие  компоненты.  Оно  состоит  из  процессов  восприятия  и  накопления 
информации,  опознания  и  узнавания,  усвоения,  систематизации,  переработки,  сравнения, 
припоминания,  поиска  и  нахождения  информации,  запоминания  и  понимания  знаний.  Обучение 
ведет  к  изменению  поведения  и  улучшению  приспособления  к  окружающей  среде.  Обучение  в 
свою  очередь  является  фундаментом  образования,  которое  представляет  собой  систему 
приобретенных в процессе обучения знаний, умений, навыков, способов мышления. 
В настоящее время в жизни современного человека образование  играет значительную роль. 
Это своего рода «путевка» в дальнейшую профессиональную жизнь. Образование дает человеку 
свободу, уверенность в завтрашнем дне, самоутверждение в своих глазах и в глазах  окружающих, 
возможность заработка. Полученная профессия в процессе обучения дает возможность получения 
работы, без которой невозможна достойная и уважаемая жизнь. Именно в процессе образования 
человек  получает  необходимые  навыки  самоконтроля,  самовоспитания,  саморазвития, 
самосовершенствования.  Происходит  самовыражение  и  самоутверждение  личности.  Таким 
образом,  образование  становится  «фундаментом»  для  подготовки  молодого  человека  к 
образованию самого себя, к самообразовательной деятельности в течение всей своей жизни.  
Понятие «образование» - сложное явление. Так, в социологии под образованием понимается 
«институциализированный  (формальный)  процесс,  на  основе  которого  общество  передает 
ценности,  умения  и  знания  от  одного  человека,  группы,  сообщества  другим».  Это,  достаточно 
общая  формулировка,  где  не  отражено  значение  образования  для  каждого  отдельного  человека. 
Е.П. Белазерцев подчеркивает, что в условиях системы образования «… естественно происходит: 
развитие – саморазвитие, воспитание – самовоспитание, обучении - учение - самообучение».  
Социальная  психология  (отрасль  психологической  науки,  изучающая  факты, 
закономерности и механизмы поведения, обучения и деятельности, которые обуславливаются их 
включенностью в социальные общности, а так же психологические особенности этих общностей), 
рассматривает в качестве необходимого условия формирования личности процесс социализации. 
Социализация  –  это  продолжающийся  всю  жизнь  процесс  усвоения  культурных  (социальных) 
норм  освоения  социальных  ролей.  Человек  обучается  и  переобучается  всю  свою  жизнь  -  это 
требования  общества.    Социализация  осуществляется  путем  усвоения  индивидом  социального 
опыта и воспроизведения его в своей деятельности. В процессе социализации индивид становится 
личностью и приобретает необходимые для жизни среди людей знания, умения, навыки [138].   
В.А.  Сластенин,  И.Ф.  Исаев  и  другие  считают  процессы  образования  и  социализации 
тождественными.  Под  образованием  понимают  «единый  процесс  физического  и  духовного 
формирования  личности,  процесс  социализации,  сознательно  ориентированный  на  некоторые 
идеальные  образы,  на  исторически  обусловленные,  более  или  менее  четко  зашифрованные  в 
общественном сознании социальные эталоны». 
В.Г.Онушкин,  определяя  образование,  пишет:  «Образование  представляет  собой 
органическое  единство  обучения  и  воспитания  и  в  этом  качестве  служит  важнейшей  составной 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал