Қазақстан Республикасы



жүктеу 5.03 Kb.

бет1/14
Дата07.02.2017
өлшемі5.03 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрлігі 
 
 
 
 
 
 
 
 
_______________________________________________________________________ 
 
Қайнар университетінің  
 
ХАБАРШЫСЫ 
_______________________________________________________________________  
 
ВЕСТНИК 
 
университета Кайнар  
 
_______________________________________________________________________  
 
 

басылым 
 
 
 
АЛМАТЫ 
ҚАЙНАР АКАДЕМИЯСЫ 
2016 
 
 
 
ISSN 2226-1052 
 
 
 1 
 

ТРЕБОВАНИЯ К ОФОРМЛЕНИЮ СТАТЕЙ, ПУБЛИКУЕМЫХ  
В «ВЕСТНИКЕ УНИВЕРСИТЕТА КАЙНАР» И  
В ЖУРНАЛЕ «КАЗАХСКАЯ ЦИВИЛИЗАЦИЯ» 
 
Объем  статьи  –  5-8  страниц,  набранных  на  компьютере  12  шрифтом  через  один 
интервал с соблюдением издательской рамки (поля – 3см слева, 2 см снизу и сверху, 1,5 
см  справа).  Необходимы  аннотация  и  ключевые  слова  на  языке  статьи,  список 
используемых  источников  указывается  в  конце  статьи  по  мере  цитируемости,  ниже  на 
казахском  (түйін),  русском  (резюме),  английском  (summary)  языках  с  включением 
названия  статьи  на  соответствующем  языке.  Магистранты,  докторанты  предоставляют 
рецензию на статью. 
К  статье  прилагаются  следующие  сведения  об  авторе  (авторах):  фамилия,  имя, 
отчество;  ученая  степень  и  звание;  место  работы  и  должность  или  место  учебы; 
служебный и домашний адреса; номера служебного и домашнего телефонов, электронный 
адрес. 
Рукописи статей передаются в редакцию журналов лично автором, или нарочным, на 
бумажном и электронном носителях (диск). 
Ответственность  за  концептуальное  содержание  статьи  несет  автор  (авторы). 
Редакционный  Совет  оставляет  за  собой  право  публикации,  редактирования  или 
отклонения  рукописи.  Рукописи  статей  не  возвращаются,  не  рецензируются  и  не 
восстанавливаются. Ссылка при перепечатке на наше издание обязательна. 
 
ВЕСТНИК УНИВЕРСИТЕТА КАЙНАР  
07.00.00 –
Исторические науки 
08.00.00 –
Экономические науки 
09.00.00 –
Философские науки 
10.00.00 –
Филологические науки  
12.00.00 –
Юридические науки 
13.00.00 –
Педагогические науки 
19.00.00 –
Психологические науки 
23.00.00 – 
Политические науки 
 
КАЗАХСКАЯ ЦИВИЛИЗАЦИЯ  
07.00.00 –
Исторические науки 
09.00.00 –
Философские науки 
23.00.00 –
Политические науки 
 
 
Журналы выходят ежеквартально.  
Статьи принимаются по адресу: ул. Сатпаева 7а.  
Справки по тел.87077233784; e-мail: 180710@mail.ru 
 
 
 


 
ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  
ХАБАРШЫСЫ 
 
ВЕСТНИК 
УНИВЕРСИТЕТА КАЙНАР
 
ISSN 2226-1052 
№1/2016 
 
1997 жылдан бастап шығады 
Жылына 4 рет шығады 
 
Издается с 1997 года 
Выходит 4 раза в год  
 
Учредитель: университет Кайнар 
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ: 
Курманалиев К.А.–главный редактор, доктор филологических наук, чл.-корр. НАН РК 
Еркинбекова М.А. –ответственный редактор, кандидат психологических наук, доцент 
 
МЕЖДУНАРОДНЫЙ РЕДАКЦИОННЫЙ СОВЕТ: 
НысанбаевА.Н. – доктор философских наук, академик НАНпредседатель 
ОмаровЕ.С. – профессор, академик КазНАЕН, зам.председателя 
Еркинбекова М.А. – кандидат психологических наук, ответственный секретарь 
ЧЛЕНЫ СОВЕТА: 
Абдильдин Ж. – доктор философских наук, профессор 
Айдаралиев А.А. – академик НАН КР, ректор Международного Университета Кыргызстана 
(Республика Кыргызстан) 
Айтбаев О.А. – доктор филологических наук, академик НАН  
Албагли Кл. – директор института СЕДИМЕС (Франция) 
Ахметов А.К. – доктор педагогических наук, профессор 
Ашитов З.О. – доктор юридических наук, профессор 
Баймаханов М.Т. – доктор юридических наук, профессор 
Гества К. – профессор Тюбингенского университета (Германия) 
Григорьев  В.К.  –  доктор  исторических  наук,  профессор  Российского  государственного 
гуманитарного университета (Россия)  
Жумагулов К.Т. – доктор исторических наук, профессор 
Зайниева Л.Ю. – доктор политических наук, профессор КазНТУ им.К.Сатпаева 
Иришев Б.К. – доктор экономических наук, профессор 
Каиржанова С.Е. – доктор юридических наук, профессор 
Калюжнова Е. – директор Центра евро-азиатских исследований Редингского университета 
(Великобритания) 
Козлов Г.Я. – доктор исторических наук, профессор, зав. кафедрой политологии Рязанского 
государственного университета (Россия) 
Маклин  Дж.  –  профессор,  председатель  Правления  международного  совета  по 
исследованию философии и ценностей в Вашингтоне (США) 
Маусымбаев С.С. – доктор педагогических наук, профессор 
Мусаев  К.М.  –  доктор  филологических  наук,  профессор,  главный  научный  сотрудник 
Института языкознания РАН (Россия) 
Нгуен Чонг Тьуан – профессор, директор Института философии (Вьетнам) 
Оразбекова М.С. – доктор филологических наук, профессор 
Романова Н.В. – доктор политических наук, профессор КазНПУ им. Абая 
Сапарбаев А.Д. – доктор экономических наук, профессор, почетный академик НАН РК 
Сарыбаев Ш.Ш. – доктор филологических наук, академик НАН РК 
Саметова Ф.Т. – кандидат филологических наук, профессор 
Сластенин В.А. – доктор педагогических наук, профессор Московского государственного 
педагогического университета (Россия) 
Сулайманова  Р.Т.  –  профессор,  директор  Института  целевой  подготовки  педагогических 
кадров при Кыргызском Национальном университете имени Баласагына (Кыргызстан) 
Тлеуов Т.Х. – доктор исторических наук, профессор, академик КазНАЕН 
Токсанбаева Н.К. - доктор психологических наук, профессор 
Узакбаева С.А. – доктор педагогических наук, профессор 
Хафизова К.Ш. – доктор исторических наук, профессор 
Шабельников  В.К.  –доктор  психологических  наук,  профессор,  зав.  кафедрой  пед. 
психологии Российского государственного гуманитарного университета (Россия) 
Шерьязданова Х.Т. – доктор психологических наук, профессор 
Югай Г.А. – доктор философских наук, профессор, директор НЦ евразийских исследований 
РАЕН (Россия) 
 
 
 
 
 
Свидетельство №43 
от 10.04.1996 г.  
Национального Агентства по 
делам печати и массовой 
информации Республики 
Казахстан 
 
 
Издательство  
Академии Кайнар 
 
Адрес: 
г.Алматы, ул.Сатпаева 7а, 
тел: 255-86-72, 87016252626 
Факс: (7272) 558366 
E-mail: 
180710@mail.ru
 
 
 
Сдано в набор 18.03.2016. 
Подписано в печать 
25.03.2016. 
Бумага офсетная. 
Гарнитура «Таймс». 
Усл.печ.л. 8,5. 
Усл.кр.отт. 8,7. 
Уч.-изд.л. 8,3. 
Тираж 500 экз. 
 
 
Отпечатано в типографии 
Академии Кайнар 
Ответственный – Бакыт Б. 
 

Академия Кайнар, 2016 
 3 
 

МАЗМҰНЫ 
 
 
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТАРИХ, САЯСАТТАНУ, ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 3 
 

Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
 
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ФИЛОЛОГИЯ 
 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ КӘСІБИ 
ДАЯРЛЫҒЫ 
 
п.ғ.д., профессор Қалыбекова Асма Ахметқызы 
магистр Қайыпова Ақнұр 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ 
 
Мақалада  педагог-психологтың  кәсіби  даярлығы  мәселелері  қарастырылған.Болашақ 
педагог-психологтың  педагогикалық  немесе  кәсібилік  шеберлігін  арттыру  мәселесі  бүгінгі  күнгі 
жоғары  оқу  орны  алдында  тұрған  маңызды  міндеттердің  бірі.  Өйткені  болашақ  маманның 
кәсіби даярлығы оқу жылдары кезінде кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қатар кәсіби іс-
әрекетке дайындаумен тікелей астарласуы тиіс.  
Түйін сөздер: педагог-психолог, кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік. 
 
Қазіргі  заманның  кезекті  даму  сатысында  жоғары  білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім 
кеңістігінде бәсекеге қабілетті сапаға сәйкестенуі қажет. Жоғары білімнің мақсатына жаңа түсінік 
тұрғысынан  қарасақ,  оны  дамытудың  басты  стратегиялық  бағдары  –өмірге  жауапкершілікпен 
қарайтын,  дүниетанымдық  мәдениеті  жетілген,  шығармашылық  ойлауға  дағдыланған,  іскерлік 
қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, заманауи білім беру технологияларымен қаруланған, 
адамгершілік  қасиеттері  жоғары  білікті  мамандардың  жаңа  ұрпағын  қалыптастыру  болып 
табылады.  Болашақ  маманның  кәсіби-әдістемелік  даярлығын  қалыптастыру  үшін  мамандығына 
сай  арнайы  ғылыми  пәндерден  терең,  жан-жақты  білімі  болуы  қажет.  Білім  беру  саласындағы 
негізгі құжаттарды, білім беру стандарты, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулық, оқу-әдістемелік 
ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ озық ойлы педагогикалық тәжірибелерді меңгеруі тиіс. 
Қазіргі  таңда  психология  ғылымына  аса  үлкен  мән  беріліп,  педагог-психологқа  деген 
сұраныстың артқанын байқаймыз. Жаһандану процесі барысында менталитеті бойынша әр түрлі 
мәдени  бірлестіктердің  байланыс  қарқындылығы  адамдардың  өзара  түсінушілігінің  негізгі 
факторы  бола  бастады.  Қоғам  үшін  болашақ  педагог-психологтардың  біліктілік  тәжірибесінің 
қалыптасу  маңыздылығы  арта  түсті.  Қазіргі  қоғамда  әр  түрлі  салалардың,  әр  деңгейлі 
мамандардың біліктілігі, кәсібилігі үлкен маңызға ие болып отыр.  
К.К.Платонов  маманның  кәсіби  даярлығы  оқу  барысында  кәсіби  шеберлікке  мақсатты 
даярлаумен қоса, кәсіби іс-әрекетке дайындаумен тікелей астарласуы тиіс деп пайымдайды [1].  
Бұл  білім  саласы  қызметкерлеріне  де  қатысты,  өйткені  біріншіден,  педагог  өз  іс-әрекет 
саласында білікті маман болуға міндетті, екіншіден, кәсіби білім алу қоғамдық өндіріске белсенді 
әрі  тиімді  қатысу  мақсатында  тұлғаны  жан-жақты  дамытуға  бағытталады.  Болашақ  педагог-
психологтың  біліктілік  тәжірибесін  қалыптастыру  процесі  педагогика  ғылымында  теориялық 
жағынан  толық  зерттелмеген.  Бұл  тұрғыда  біліктілік  тәжірибесі  категорияларының  негіздерін 
Л.И.Гришаева,  Л.В.Цурикова,  Н.В.Янкина  құруда,  қазіргі  білім  беру  процесінде  өзара  қатынас 
педагогикасының  ерекшеліктерін  В.А.Беликов,  Е.В.Короткова,  Н.В.Родионова  зерттеуде, 
В.В.Горшкова  мен  Р.Ш.Царева  болашақ  педагог-психологтардың  оқу  процесі  барысындағы 
қарым-қатынастың кәсіби даярлықтың басты шарты екенін негіздеуге ұмтылуда. 
«Біліктілік  өз  ісін,  орындайтын  жұмысын,    процесс  пен  кұбылыстың  күрделі 
байланыстарын,  сонымен  бірге  экономика  мен  басқару  ғылымын,  психологияның  әлеуметтік 
заңдылықтары  мен  заңдарын  жетік  білу».  Бұл  жағдайда  біліктілік  «білім»  және  «іс-әрекет» 
түсініктері арқылы беріледі [2]. 
Мұғалімнің  педагогикалық  –  психологиялық  біліктілігі  –бұл  тұлғаның  белгілі 
сапаларыныңжиынтығы.  «Біліктілік»  термині  «білікті»  сөзінен  құралған  түсінік.  «Білікті» 
дегенімізcompetens латын тілінен аударғанда, сәйкес, қабілетті деген мағынаны білдіреді: 
Біліктілік  түсінігі  педагогикалық  кәсібилік  құрылымында  маңызды  болып  табылады. 
Маманның  сапалығын  бағалауда  біліктілік  ерекше  орын  алады.  Біліктілікті  ешқандай  басқа 
сапамен алмастыруға болмайды, өйткені өз ісінің шебері болу оңай емес [3].  
 


Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
А.К.Маркова  «Оқытушы  еңбегінің  психологиясы»  атты  еңбегінде  «жоғары  деңгейде 
атқарылған  педагогикалық  іс-әрекет,  педагогикалық    қарым-қатынас,  оқушылардың  білімділігі 
мен тәрбиелілігі мұғалімнің кәсіби біліктілігінің көрсеткіші болып табылады» дейді. Бұл жағдай 
мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке қажет тиімділік пен біліктілікке ие екендігін дәлелдейді[4]. 
Педагог-психологтың  негізгі  іс-әрекеттеріне  түзету-жетілдіру,  оқытушылық,  ғылыми-
әдістемелік,  мәдени-ағартушылық  және  басқарушылық  түрлері  жатады.  Түзету-жетілдіру  іс-
әрекеттері  оқу,  жаттығу  немесе  кеңес  беру  формасында  жүзеге  асырылады.  Оқытушылық  және 
мәдени-ағартушылық  іс-әрекет  педагог-психолог  жұмысының  негізгі  бөлігі  болып 
табылады.Оқытушылық  жұмыс  төмендегі  принциптер  негізінде  жүргізіледі:білім  процесінде 
оқушылардың  белсенділігін  арттыру;зерттелетін  пәнге  оқушылардың  қызығушылығын 
дамыту;жеке  және  топтық  жұмыстардың  әр  түрлі  формаларын  қолдану;оқу  процесінде 
оқытушылардың белсенділігі мен жауаптылығын жетілдіру;оқыту барысында балалардың өзін-өзі 
бағалау, жеке және мәдени ұқсастығын дамыту. 
Педагог-психологтың  ғылыми-әдістемелік  іс-әрекеттеріне  балалар  мен  балалар  ұжымын 
зерттеу,  әдістемелік  тақырыпты  таңдау  мен  даярлау  жатады.  Педагог-психолог  жеке  тұлғаны 
диагностикалау  әдістемелерін,  оның  жеке  тұлғаны  қалыптаструдағы  рөлін,  білім  беру 
мекемелеріндегі  оқушыларды  зерттеу  мақсаты  менміндеттерін  түсініп,  кешенді  бағдарламаны 
пайдалана  білуге  міндетті.  Жеке  тұлғаны  зерттеуде  қолданылатын  әдістер  мен  тәсілдер, 
әдістемелер  туралы  білімін  толықтырып,  әр  түрлі  тәсілдердің  мақсатқа  бағытталуын  қадағалап, 
оқу-тәрбие  процесінде  жаңа  әдістер  мен  тәсілдерді  тиімді  пайдалануға  тиіс.  Сонымен  бірге 
педагог-психолог  әдістемелерді  қолдану  жолдарын  білуге  міндетті.  Жеке  тұлғаны  зерттеу 
формасы  мен  әдістерін,  мазмұнын,  өзара  байланысын,  түрлі  зерттеу  формаларын  қолданудың 
мәнін анықтау, зерттеу құралдарын білу оның маңызды міндеті болып табылады. Оқушылардың 
оқу-танымдық  әрекеттерін  дамытуда  оқу  құралдарының  рөлін  жете  түсініп,  олардың 
қызығушылығын оятуда басқа педагогикалық міндеттерді шешу мүмкіндіктерін де ескергені жөн. 
Әлеуметтік-педагогикалық  іс-әрекетінің  басты  бағыттылығы  адамның  жеке  тұлғалық 
қасиеттерін  қалыптастыру  болып  табылады.  Педагог  әр  тұлғаның  бойындағы  мүмкіндіктерді 
толық пайдалану мен қиын жағдайда тығырықтан шығарар жол табу сенімділігін арттыруы қажет. 
Тәрбие процесіндегі педагог-психологтың атқаратын рөлі қандай?  
Біріншіден,  педагог  ата-аналарға  тәрбие  процесінде  қажет  білімдерді  береді.  Екіншіден, 
оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі мен қайта тәрбиелеуіне педагогтың түзету-дамыту жұмысы оң 
әсерін тигізеді.  
Үшіншіден, педагог-психолог оқушыларды өзіңің жеке іс-әрекетімен тәрбиелей алады.  
Педагог-психологтың  басқарушылық  іс-әрекеттерінің  негізгі  мақсаты  –  мектеп  пен 
ұжымның  арасында  үйлесімділікті  қамтамасыз  ету.  Басқарудың  келесі  негізгі  принциптерін 
ажыратуға 
болады:біртұтастық;иерархиялық;мақсат 
бағыттылық;ғылыми 
негіздеу;демократияландыру. 
Білім  беру  мекемесіндегі  педагог-  психолог  этикалық  нормаларға  сәйкес  кәсіптік 
міндеттердің  шешілуін  қамсыздандыруға,педагог-  психолог  пен  клиент  арасындағы  сенімділікті 
сақтауға, тәрбиеленушілер арасында психологиялық қызметтің беделін арттыруға ұмтылуы қажет. 
Ол  сақтауға  міндетті  негізгі  этикалық  принциптер  мыналар:құпиялылық  принципі;біліктілік 
принципі;жауаптылық  принципі;этикалық  және  заңды  құқылық  принципі;психологияны  кәсіби 
насихаттау  принципі;клиенттің  амандығы  принципі;кәсіби  бірлесу  принципі;клиентті  тексерудің 
мақсаты мен қорытындылары туралы ақпараттандыру[5]. 
Педагог-  психологсабақ  беруде  сендіру  әдісін  таңдаған  жағдайда  аталған  принциптерді 
сақтай алады. Білім беру мекемесінің қызметкері болып табылатын педагог- психолог іс-жүзінде 
тәрбиеленушілердің,  олардың  ата-аналарының,  мұғалімдердің  және  басқа  оқу  процесіне 
қатысушылардың  психикалық  және  психологиялық  денсаулықтарын  сақтауға  бағытталған 
психологиялық 
алдын 
алу, 
психологиялық 
диагностика, 
психологиялық 
түзету, 
психологиялықкеңес беру, психологиялық ағартушылық іс-әрекеттерді атқарады. 
Педагог-  психологты  даярлайтын  жоғары  оқу  орындары  иек  артатын  нормативті  құжат  –
білім беру стандарты болып табылады. Болашақ маманның кәсіби сапалары оның социумда бекіп 
қалыптасқан нормалар мен мемлекеттік стандартта берілген кәсіби-педагогикалық функцияларды 
орындауға тиянақты дайындығы. Голландия зерттеушісі Дж.Х.Вонк педагогтың кәсіби дамуының 
мынадай  кезеңдерін  белгілейді:маманның  бастапқы  кәсіби  дайындық  кезеңі  (жоғары  немесе 
арнаулы  оқу  орнында  білім  алу);бастапқыкәсіби  кезең  (бірінші  жұмыс  жылы);мамандыққа  ену 
 


Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
кезеңі  (2-5  жыл  жұмыс  істеу  жылдары);алғашқы  кәсіби  кезең  (мұғалім  40  жасқа  толғанға  дейін 
жалғасады); 
кәсіби қайта бағдарлану кезеңі (орта жас күйзелісі мен одан кейінгі жылдар);инерция кезеңі 
(зейнеткерлікке үш жыл қалғанда басталады). 
Тарасов С.В. пікірінше, болашақ педагог-психолог өзінің практикалық іс-әрекеті үшін кәсіби 
маңызды қасиеттерді (КМҚ) анықтауықажет. КМҚ қатарына келесі маңызды қасиеттер енгізілген: 
комуникативті болжамдылық – тұлғаралық қатынастарды саралау қабілеті мен әр түрлі педагог-
оқушы,  педагог-ата-ана,  оқушы-ата-ана,  психолог-ата-ана,  психолог-оқушы  қарым-қатынастарға 
ену  мүмкіндігі,  комуникативті  ептілік  -тұлғаралық  қатынастарды  кең  ауқымды  дұрыс  қабылдау 
шеберлігі,  эмпатия-басқа  адамның  ішкі  жан-дүниесін  түсіну  оралымдығы,  жылы  шырайлылық, 
көмек беруге дайын болу мен адамның эмоциялық реакциясын алдын ала болжау[6]. 
Болашақ  маман  психологтың  кәсіби  іс-әрекетінде қолданылатын  психикалық  механизмдер 
көмегімен  (сараптау,  синтез,  прекогниция,  шешім  қабылдау,  т.т.б.)  үлгі  шеңберінде  берілген 
міндеттерді айқындауы керек. Нәтижесінде студент өзін психологиялық зерттеу субъектісі ретінде 
қабылдап,  санасында  кәсіби  өзін-өзі  тану  мен  кәсіби  іс-әрекет  түсінігі  қалыптасады.  Оның 
психологиялық мәселелері шешіліп, «Мен»  -өзі туралы түсінігі нақты құрылымдалады, болашақ 
педагог-психологтың кәсіби рефлексиясыдамып, кәсіби іс-әрекет механизмініңформасы жетіледі. 
Жас  педагог-психолог  жұмыс  барысында  бірнеше  маңызды  да  күрделі  міндеттерді  шеше 
білуі керек: жаңа міндеттер (жұмыс өтілінде басқа ұстаздармен бірге жауапкершілікке ие болу); 
әрбір мектепке тән орта (ешкім түсіндірмейтін ерекше дәстүрлер мен жазылмаған заңдар); мектеп 
басшылары  мен  әріптестер  тарапынан  ұсынылатын  жұмыс  түрлері  (кейде  жас  маман  өзінен 
некүтіліп  тұрғанын  түсінбеуі  немесе  білмеуі);  ұстаз  және  оқушы  рөлін  қатар  атқару(ұстаз  бола 
тұра, тәжірибелі әріптестерінің ақылын тыңдап, оқушы рөліне ене білу) [7]. 
Жас педагог-психологтың маман болып қалыптасуының үш жолы ажыратылады: дәстүрлер 
мен ережелер жүйесін қарапайым және сөзсіз қабылдау; оқу процесіне өз көзқарасын өзгертпей, 
әріптестер  мен  оқушыларға  бейімделу  шеберлігінбірден  көрсету  үшін  мектеп  өмірін  мақсатты 
түрде  зерттеп,  қабылдау;  ережелержүйесін  қайсар  қабылдамау  (бұл  стратегия  педагог-психолог 
тәуелсіз,ал қоршаған ортатөзімдіболса ғана мүмкін). 
Педагог-психологтың  тәжірибені  жинақтағаны,  мектеп  өміріне  үйренгені  оқушылармен 
еркін араласып, олардың өзін мұғалім ретінде мойындауынан, мамандықты дұрыс таңдаған сенімі 
күшейгенінен,  өз  пәнін  түсінікті  жеткізгенінен,  әрбір  сыныппен  өзгеше  байланыс  жолдарын 
қалыптастырғанымен, өзін дұрыс бағалай білген белгілермен айқындалады. 
Өмір жолын бастаған педагог шындықпен жанасқанда ерекше қиындықты басынан өткереді. 
Кәсіпті  меңгеру  үшін  оған  өзіндік  ұстанымы  көмектеседі.  Неғұрлым  әріптестерімен  қарым-
қатынасты  дұрыс  құра  біліп,  мектеп  өміріне  тығыз  араласса,  соғұрлым  кәсіби  іс-әрекеттері 
жылдам  қалыптасады,  әрі  жұмысына  қызығушылығы  артып,  қуана  жұмысқа  кіріседі.  Алғашқы 
кезде  жас  ұстаздарға  мектепте  арнайы  бағдарламалар  (мектеп  дәстүрімен  байланысты  кәсіби 
мерекелер) көмек береді [8]. 
 
Мемелекеттік  стандартта  айқындалған  педагог-психологқа  қойылатын  талаптар  жүйесін 
қамтамасыз  ету  үшін  жоғары  оқу  орны  студенттерітөмендегі  білім  деңгейлерін  меңгеруге 
міндетті:пәннің  ғылыми  теориялық  негіздері;пәннің  ғылыми  әдістері;ғылымның  тарихи  дамуы 
мен жетістіктері;оқушылар психологиясын зерттеу;жеке тұлғаны зерттеуде қолданылатын әдістер 
мен  тәсілдер;  әдістемелерді  қолдану  жолдары  мен  зерттеу  құралдары;оқушылардың 
психологиялық ерекшеліктері;педагогиканың теориялық негіздері;педагогикалық технология [9]. 
Білікті  педагог-психологты  үзіліссіз  даярлау  жүйесін  жетілдіру  қажеттілігі  бұл  бағытта 
біртұтас  кәсібилік  тұжырымдаманы  құруды  қажет  етеді.  Іс  жүзінде  педагог-психологты  кәсіби 
даярлау жүйесі бойынша қолданылып отырғантұжырымдамалар жеткіліксіз. Педагог-психологтың 
кәсіби 
дайындығына 
деген 
ғылыми 
қызығушылықтың 
артуы 
олардың 
іс-
әрекеттеріндегікемішіліктердің,  объективті  мәселелердің  орын  алуымен  байланысты.  Дегенмен, 
педагог-психологтарға мектеп тарапынан қойылатын талаптарға жалпы сипаттылық тән. 
Отандық психология аясында педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетіне сараптама жасау мен 
психолог  тұлғасының  кәсіби  қалыптасуына  арналған  іс-әрекет  теориясы  туралы  Ю.М.Забродин, 
Г.М.Зараковский,  А.Н.Леонтьев,  кәсіби  қалыптасу  теориялары  жөнінде  Е.А.Климов,  И.С.Кон, 
тұлғаның  психологиялық  теориясы  жайлы  А.Г.Асмолов,  В.С.  Мерлин  және  т.т.б.,  көптеген 
жұмыстары белгілі. 
Сонымен  қатар  практикалық  мәселелер  шешімін  таппай  отыр,  мәселен  педагог-психолог 
жұмыс  мазмұнының  екі  жақтылығы:  бір  жағынан  психолог,  екінші  жағынан  –педагог;  іс-
 


Вестник университета Кайнар, №1/2016
 
әрекетінің  пәні;  жоғары  оқу  орнындағы  дайындығы,  біліктілігін  жетілдіру.  Тәжірибе  жүзінде 
педагог-психологқа  кездесетін  міндеттерді  шешу  де  оңай  емес.  Себебі  міндеттер  анықталып, 
ерекшеліктері  жүйеге  келтірілмеген.  Сондықтан  теория  мен  практика  арасындағы  вакуум 
толтырылуы үшін ерекше зерттеу логикасы, ерекше жүйелі идея қажет. 
Педагог-психологты  даярлауда  практикалық  міндеттерді  шешу,  оларды  жүзеге  асыру 
варианттарын  қарастыруды  қамтамасыз  ету  аса  маңызды.  Педагог-психологтың  бірінші  кезекте 
қажеттілігі  мұғалімнің  балаларды  дамыту  жұмысын  біртұтас  емес  тек  белгілі  бір  бағытта  ғана 
орындауы  себепті  туындайды.  Бүгінгі  күні  психологтың  білім  бағдарламалары  мен 
технологияларын даярлауға қатысу құқығына ешкім күмән келтіре алмайды. 
Педагог-психолог  оқу  циклын  жоспарлауға  байланысты  іскерлік  жүйесін  меңгеруге 
міндетті:оқу мақсатын сындарлы сипаттау; оқытушыларды іс-әрекетке қалыптастыру үшін қажет 
психологиялық  көрсеткіштерді  есептеу;  көрсеткіштерге  сәйкес  жаттығуларды  жинақтау; 
психологиялық, және дамыту әдістерін таңдау, т.т.б. Арнаулы іскерлік жүйесі оқушылардың жеке 
ерекшеліктерін анықтаумен, бейімделу мен меңгеру процесін түзетумен  байланысты. 
 
Қазіргі күні педагог-психологтың дайындығын сараптауда оның мазмұны, формалары мен 
әдістері психолог-зерттеуші немесе психология оқытушысын даярлауға бағытталған жоғары оқу 
орны тәжірибесінен немесе оқу процесінде практикалық психология құралдары: психодиагностика 
әдістерін меңгеруден жинақталғанын байқаймыз. 
Педагог-психологтың  кәсіби  дайындық  сараптамасының  мақсаты  барлық  кемшіліктерді 
анықтау  емес,  бірінші  кезекте  тұжырымдаманы  жүзеге  асыру  нәтижесінде  жөнделуі  мүмкін 
бөліктерін анықтауды қарастырады. 
Сонымен,  педагог-психологтың  дайындық  сапасын  жетілдіру  үшін  мектеп  психологының 
мектептің  жалпы  оқу-тәрбие  процесі  жүйесінекіретін  іс-әрекеті  мазмұны  мен  шешетін 
практикалық  міндеттерін  зерттеу  арқылы  жоғары  оқу  орнында  кәсіби  дайындықтың  теориялық 
және практикалық құрылымын жетілдірудің әдістемелік -теориялық негіздемесін беру қажет. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал