Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы



жүктеу 0.55 Mb.

бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы 

Президентінің Жарлығы

Мен  Парламент  Мәжілісі  депутат­

тарының  өкілеттігін  мерзімінен  бұрын 

тоқтату  және  жаңа  сайлау  тағайындау 

туралы ұсынысын талдап қарадым.

Бұл  күндері  менің  атыма  бастамаға 

қолдау  көрсеткен  көптеген  хаттар  мен 

жеделхаттар  келіп  түсті.  Кезектен  тыс 

сайлау өткізу қажеттігі туралы пікірді сая­

си партиялар мен кәсіподақтар, үкіметтік 

емес  ұйымдар,  кәсіпорындардың,  ме­

кемелер  мен  оқу  орындарының  еңбек 

ұжымдары  құптады.  Сондай­ақ,  оған 

ардагерлер  мен  жастардың  ұйымдары, 

бизнестің, ғылыми және шығармашылық 

зиялы қауымның өкілдері, көптеген жеке 

азаматтар қолдау білдірді. Менің атыма 

келіп  түскен  бұл  үндеулерде  келтіріл­

ген  барлық  дәлел­дәйектемелер  маған 

түсінікті.  Оларда  елге  деген  қамқорлық, 

саяси  науқанды  тездетіп  аяқтауға  және 

қойылған  міндеттерді  іс  жүзіне  асыруға 

кірісуге деген қажетсіну бар.

Бүгінде  біздің  ел  күрделі  жаһандық 

саяси  және  экономикалық  үдерістерге 

тартылып  отыр.  Энергия  қуатын  бе­

ретін  өнімдер  бағасының  құлдырауы 

нәтижесінде көптеген елдерді жайлаған 

экономикалық  дағдарыс  бүкіл  әлемдік 

экономикаға және оның ажырамас бөлігі 

ретінде  біздің  елімізге  де  елеулі  ықпал 

етуде. Осы бір қиын уақыт ел алдына өте 

күрделі  міндеттер  мен  сын­қатерлерді 

тосып отыр.

Халықаралық  ахуал  да  күрделілене 

түсті. Жетекші мемлекеттер арасындағы 

қайшылықтар 

ұлғайып, 

олардың 


санкциялық  текетіресі  күшейе  түсуде. 

Сарапшылардың  көпшілігі  әлемдік  дер­

жавалар  арасындағы  келіспеушілік 

«қырғиқабақ  соғыс»  аяқталғаннан  бері 

дәл қазіргідей ушығуға жетпеген еді де­

ген  пікірде.  Осындай  жағдайда  өңірлік 

жанжалдардың  жаңа  ошақтары  пайда 

болуда. Террорлық қатер де ұлғайып ке­

леді. Босқындардың жаһандық толқыны 

планетаның  жаңа  өңірлерін  бірінен  соң 

бірін басып қалуда. Әлемдік сауда көлемі 

төмендеп,  қор  нарықтары  құлдырауда. 

Іс  жүзінде  әлемнің  барлық  валюталары 

девальвацияға  ұшырады.  Осының  бәрі 

өңірлік  және  ұлттық  экономикаларға 

теріс ықпалын тигізеді.

Әлемнің жаңа бет­бейнесі қалыптасып 

келеді, ол жөнінде мен халыққа таяудағы 

Жолдауымда айттым. Бұл дегеніміз ин­

дустрияландыруды,  шағын  және  орта 

бизнесті дамытуды белсенді жалғастыра 

отырып, шикізат бағасы төмен жағдайда 

өмір  сүруге  бейімделуді  білдіреді.  Осы 

бір  күрделі  ахуалда  біздің  бәріміз  үшін 

ең  маңыздысы  –  ысырапсыз  өмір  сүру, 

ресурстарды  үнемдеу,  жұмыс  орында­

рын сақтау екенін түсіну. Үкімет пен Пар­

ламентке бұл жағдайда бірлесіп, жинақы 

жұмыс  істеп,  жедел  шешім  қабылдау 

қажет.  Біздің  халқымызға  бұрынғыша 

бірігіп,  осы  күрделі  уақытта  кез  келген 

ықтимал  арандатуларға,  қажет  болса, 

заңнамалық  тұрғыдан  тойтарыс  беру 

керек.  Ол  жағдайдың  нашарлауына 

кінәлілерді  іздеп,  саясиландырғысы  ке­

летіндерге де қатысты. Бұл – жаһандық 

үдеріс,  оған  бірде­бір  ел,  соның  ішін­

де  Қазақстан  да  ықпал  ете  алған  жоқ. 

Сондықтан бәріміз топтасып, бір­біріміз­

ге көмектесуіміз керек. Қазір елдің әрбір 

азаматының патриоттығы сынға түсуде. 

Бізде  тағдырға  мойынсұнып,  әйтеуір 

бір  уақыттары  бәрі  орнына  келетіні­

не,  мұнай  бағасы  көтеріліп,  жағдайдың 

жақсаратынына үміттеніп отыруға уақыт 

жоқ.


Бүгінде  кез  келген  жаһандық  сын­

қатерге үнемі жүйелі әрі алдын ала жа­

уап беру және тиісті шаралар қабылдау 

маңызды. Бізге «Қазақстан­2050» Стра­

тегиясының  бағытын  жалғастырып, 

дағдарысқа  қарсы  бағдарламаны  іске 

асыру,  Ұлт  Жоспарын  орындау  керек. 

Мыңдаған  азаматтарымызға  жұмыс 

бере отырып, «Нұрлы Жол» бағдарлама­

сын  белсенді  жүзеге  асыру  қажет.  Үкі­

мет, министрлер мен барлық деңгейдегі 

әкімдер  бұрынғы  дағдарыс  тәжіри­

бесі  мен  инфрақұрылымдық  құрылыс 

мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмыс 

орындарын ұсыну арқылы шығындарды 

қысқарту, аппаратты оңтайландыру үшін 

резервтер іздестіруі тиіс.

Халыққа Жолдауда мемлекетті, эконо­

мика мен қоғамды терең жаңғырту, бюд­

жет  саясатын  үнемдеу,  ұсынықтылық 

және  қайтарымдылық  қағидаттары  не­

гізінде  оңтайландыру  жөнінде  ауқымды 

міндеттер қойылды. Парламенттің қазіргі 

құрамы  Ұлт  Жоспарына  сәйкес,  өнімді 

және  ауқымды  заң  шығару  жұмысын 

атқарды.  Ендігі  жұмыс  Үкімет  пен  елдің 

барлық  атқарушы  органдарына,  сон­

дай­ақ,  бизнес­қоғамдастыққа  тиесілі. 

Дағдарысқа  қарсы  шаралар  мен  Ұлт 

Жоспарын  дер  кезінде  және  сауатты 

жүзеге асыру солардың тиімді жұмысына 

байланысты болады. Бұл біздің елімізді 

әлемдік  қоғамдастық  алдында  тағы  да 

биіктетіп,  инвестиция  тартады,  еліміз­

ге  деген  сенімді  нығайтады.  Біз  мұны 

жасауға тиіспіз.

Қазір  біздің  қоғамымыз  1991  жылы 

мүлдем  бейтаныс  ахуалға  тап  болған 

кездегідей  абдыраған  адамдар  тобы 

емес.  Біз  Тәуелсіздіктің  ширек  ғасырға 

жуық  абыройлы  жолын  жүріп  өттік.  Біз 

жасампаз  еңбекте  шыңдалып,  табыс­

ты,  қалыптасқан  және  әлемге  сый­

лы  мемлекет  құрған  біртұтас  халыққа 

айналдық. Мен депутаттардың бастама­

сын Қазақстан мен қазақстандықтардың 

тағдырына 

отаншылдық 

тұрғыдан 

қамқорлық  танытудың  көрінісі  деп 

қабылдаймын.  Мәжілістің  кезектен  тыс 

сайлауы  (оның  ішінде  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  да  депутаттары  бар) 

және  өңірлік  мәслихаттардың  кезекті 

сайлауы бірге өтуі уақытты да, қаржыны 

да үнемдейді. Барша депутаттарға мем­

лекетшіл  ұстанымы  мен  аса  жоғары 

тарихи  жауапкершілік  танытқаны  үшін 

алғысымды айтамын.

Ел  Конституциясының  талаптарына 

сәйкес,  мен  Парламент  Палаталары 

төрағаларымен, 

Премьер­Министр­

мен және Конституциялық Кеңес төра­

ғасымен  кеңестім.  Ақылдаса  келіп 

депутаттардың бастамасын қолдау ту­

ралы шешім қабылданды. Билік саласы 

өкілдері құрамының жаңартылуы еліміз 

бен  халқымыздың  мүддесіне  сай  ке­

летіндігіне сенімім кәміл. Саяси партия­

лар күн тәртібіндегі міндеттерді түсіне 

білетін сауатты, іскер және ел мүддесіне 

адал кандидаттарды ұсынуға тиіс. Бүгін 

мен  Бесінші  шақырылымдағы  Парла­

мент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен 

бұрын  тоқтату  туралы  Жарлыққа  қол 

қойдым.  Мәжілістің  кезектен  тыс  сай­

лауы  2016  жылғы  20  наурызға  белгі­

ленді.

Бүкіл  қазақстандықтарды,  қоғамның 



барлық  әлеуметтік  топтарын  уақыт 

талап 


еткен 

шешімді 


қолдауға 

үндеймін.  Баршаңызды  сайлауға  бел­

сене  қатысуға,  еліміздің  болашағы 

жолындағы  тұтастығымыз  бен  бір­

лігімізді  тағы  да  танытуға  шақырамын. 

Конституцияның кепілі ретінде Орталық 

сайлау  комиссиясына  және  барлық 

өкілетті  мемлекеттік  органдарға  алдағы 

сайлауда заңдылықты, ашықтықты және 

әділеттілікті  қамтамасыз  етуді  тапсыра­

мын.  Дауыс  беру  науқаны  және  сайлау 

күрделі кезеңде ұлтты ұйыстырып, біздің 

Қазақстанымызды жаңа белестерге алып 

шығуға көмектеседі деп сенемін.

Баршамыздың  бір  ғана  мақсатымыз 

бар, ол мақсат – халық пен елдің игілігі! 

Бәріміз  Қазақстанның  өсіп­өркендеуі 

жолында еңбек етіп, бар күш­жігерімізді 

жұмсаймыз.  Біз  бірлесе  отырып,  бүгінгі 

заман алдымызға тосып отырған барша 

қиындықтар мен сын­қатерлерді міндет­

ті түрде еңсеретін боламыз. Мен барша 

қазақстандықтарды,  барлық  саяси  пар­

тияларды біздің ортақ шаңырағымыздың 

тағдырына  жауапты  қарауға  және 

Отаншылдығымызды  нығайта  түсуге 

шақырамын. 

Тәуелсіздіктің 

ширек 

ғасырлық мерейлі белесін мызғымас бір­



лікпен қарсы алайық!

Астана, Ақорда,

2016 жылғы 20 қаңтар.

http://egemen.

kz/2016/01/21/18649

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 5-ші 

шақырылымдағы Парламент Мәжілісін тарату туралы 

Жарлыққа қол қоюына, сондай-ақ ҚР Парламенті 

Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс  сайлауын 

тағайындауға байланысты ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ

Қолдауға тұрарлық 

бастама

Мемлекет 



басшысының 

депутаттардың 

кезектен 

тыс 


Мәжіліс  және  барлық  деңгейдегі 

мәслихаттардың  кезекті  сайла­

уын  өткізу  туралы  бастамасына 

байланысты  Үндеу  жасағанын,  5­

ші  шақырылымдағы  Парламент 

Мәжілісін тарату туралы Жарлыққа 

қол  қойғанын  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  арқылы  естіп,  біліп  жа­

тырмыз. 

Ал, халық қалаулыларының бас­

тама  көтерулеріне  бірнеше  себеп 

бар.  Мемлекеттер  арасындағы 

қайшылықтар мен келіспеушіліктер 

халықаралық жағдайды барған сай­

ын қиындата түсуде. Мұнай бағасы 

да  төмендеп  барады.  Ертең  қалай 

болары белгісіз. Жасыратыны жоқ, 

сайлау  науқаны  біраз  қаржыны 

қажет  ететіні  хақ.  Сондықтан  тездетіп,  екі  сайлауды  –  Мәжіліс  пен 

мәслихаттар сайлауын өткізіп алсақ, көп нәрседен ұтарымыз айқын. 

Оның  үстіне  «жаңа  сыпырғыш  таза  сыпырады»  демекші,  заман 

ағымын пайымдай алатын, жаңашыл, іскер, ұлтжанды жандарды ірік­

теп, дұрыс таңдау жасасақ қоғамның бірлігі мен ынтымағы арта түспек. 

Біздің аудандық мәслихатқа да бұл жолы істе шыңдалған, өз ой­пікір­

лерін ашық жеткізе алатын белсенділігі жоғары жерлестеріміз сайла­

нар деген ойдамын. Осылайша әркез сабырлылық пен парасаттылық 

таныта  білетін  қазақстандықтардың  осынау  саяси  науқанда  да  биік 

деңгейден көрінеріне бек сенемін.



Чарльз ҚОЙШЫБАЕВ,

еңбек ардагері,

ауданның Құрметті азаматы.

Сайқын ауылы.

Уақытпен үндес үн



Бесінші шақырылған Қазақстан 

Республикасы Парламентінің 

Мәжілісін тарату және Қазақстан 

Республикасы Парламенті 

Мәжілісі депутаттарының  

кезектен тыс сайлауын 

тағайындау туралы

Қазақстан 

Республикасы 

Конституциясының 

44­бабының 

2) 


тармақшасына, 

63­бабының 

1­тармағына, 

«Қазақстан 

Республикасындағы  сайлау  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Конституциялық заңының 85­бабына сәйкес қаулы етемін:

1.  Бесінші  шақырылған  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің 

Мәжілісі таратылсын.

2. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республика­

сы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 

жылғы 20 наурызға тағайындалсын.

3.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  сайлайтын  Қазақстан  Респуб­

ликасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 

2016 жылғы 21 наурызға тағайындалсын.

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан 

Республикасы  Парламенті  Мәжілісі  депутаттарының  кезектен  тыс 

сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.

5.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі,  Астана  және  Алматы 

қалаларының,  облыстардың  әкімдері  Қазақстан  Республикасы  Пар­

ламенті  Мәжілісі  депутаттарының  кезектен  тыс  сайлауын  ұйымдық, 

материалдық­техникалық  және  қаржылық  қамтамасыз  ету  жөніндегі 

барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

6.Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 20 қаңтар.

№ 181.

http://egemen.kz/2016/01/21/18723

Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым

№4 (6986)    26 қаңтар    2016 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

Орда жұлдызы

-8

-18



Сәрсенбі, 27.1.2016

-2

-7



Бейсенбі, 28.1.2016

0

-5



Жұма, 29.1.2016

0

-2



Сенбі, 30.1.2016

0

-1



Жексенбі, 31.1.2016

+1

-3



+1

-2

Дүйсенбі, 1.2.2016



Сейсенбі, 2.2.2016

26 қаңтар 2016 жыл

2

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Республика  халқына  «Қазақстан 

жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, 

реформалар, даму» атты кезекті Жол­

дауын    ұсынған    Елбасымыз  ондағы  

міндеттерді  жүзеге  асыруда  «Нұр 

Отан» партиясына ерекше орын бере­

тінін,  Жолдау  барлық  партия  мүшесі 

үшін  іс­қимыл  негізі  және  таяудағы 

жылдарға  арналған  бағдарлама  бо­

луы  тиістігіне  тоқталып,  оларды  кең 

көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 

адамдарды  жұмылдыру,  қойылған 

барлық міндеттерді орындауға бірікті­

ру  керектігін  атап  көрсеткен­ді.  «Нұр 

Отан»  партиясының  ауданымыздағы 

филиалы  осы  талаптар  деңгейінен 

шығуға  ұмтылуда.  Түрлі  сала 

қызметкерлерімен 

кездесіп, 

«дөңгелек үстелдер» ұйымдастырып, 

үгіт­насихат  ісін  өрістетуде.  Соның 

бірі жақында жастармен оздырылған 

«Біздің  қазақстандық  арманымыз» 

тақырыбындағы  Елбасы  Жолдауы 

мен  «Ұлт  жоспары  –  қазақстандық 

арманға  бастайтын  жол»  еңбегіне 

арналған «дөңгелек үстел».

Бұл  жорықтағы  шараға  «На­

рын  жастары»  қоғамдық  бірлес­

тігі  мүшелері,  Бөкей  Ордасы  кол­

леджі  студенттері  мен  ұстаздары, 

М­С.Бабажанов 

атындағы 

орта 


мектеп 

мұғалімдері 

шақырылыпты. 

Партияның 

аудандық филиалы төрағасының 

бірінші 


орынбасары 

Тіле­


ген  Арыстанбеков  кіріспе  сөз 

сөйлеп, 


«Нарын 

жастары» 

ЖҚБ  төрағасы  Жалғас  Әшенов, 

жастармен  жұмыс  жөніндегі 

ресурстық  орталықтың  басшы­

сы  Исатай  Құрмашев,  колледж 

директорының тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары  Нұргүл  Омарова, 

студенттер 

Ж.Қарағойшина, 

Н.Шәңгерей, 

М­С.Бабажанов 

атындағы  орта  мектептің  мұғалімі 

Гүлбаршын Қайырбекова өз ойларын 

ортаға салып, ресми түрде басталған 

басқосу  сәлден  соң  тартымды 

пікірталасқа  айналды,  жастардың 

еңбекке көзқарасынан бастап, тәлім­

тәрбие ісіне дейін сөз болды.

Елбасымыздың  Жалпыға  Ортақ 

Еңбек  Қоғамын  құру  хақындағы 

толғамдарын тілге тиек еткен үлкендер 

жағы  өздерінің  мектеп  оқушысы 

кезінен  жазғы  каникулда  тіркемеші 

болып,  мал  азығын  дайындауға 

араласқандарын,  еңбектің  дәмін 

алғаш солай татқандарын қозғап, сол 

кезеңдегі  октябрят,  пионер,  комсо­

мол ұйымдарының жастардың басын 

қосып,  ізгі  істерге  жұмылдырудағы 

оң  тәжірибелерін  қайта  жаңғыртуға 

болмас  па  еді  деген  ой  тастады. 

Ал,  ұстаздар  соңғы  уақытта  теле­

дидардан,  әсіресе,  112  хабарынан 

беріліп  жатқан  қыздардың  ерте 

жүктілігін,  қайсыбірі  шақалақ  сәбиді 

жол үстіне лақтырып тастай салатын 

қатыгездіктеріне  алаңдаушылық  біл­

діріп, келеңсіз жайттардың алдын алу 

қажеттігін әңгімеледі.

−  «Айтуға  оңай»  телебағдарла­

масынан  қалада  бірі  базарда  арба 

сүйреп,  бірі  аяқ  киім  тазалап,  отба­

сын  асырап,  ортаңқол  тұрмыс  кешіп 

отырған қос жігітті көрсетті, – деді Тіле­

ген  Керейұлы  –  Іздеген,  тырбынған 

адам  қай­қай  кәсіпті  де  меңгереді 

екен.  Мамандықтың  жаманы  жоқ. 

Ауылымызда шөп басын сындырмай, 

бос  сенделіп  жүргендер  жоқ  емес. 

Қыстақтардағы  малшыларға  көмекке 

бару  былай  тұрсын,  орталықтағы 

тұрғындарға  жалданып  бір  күн  қой 

бағып келуге шықпайды. Сөйтіп, қол­

аяқтары балғадай жандар (жігіт деуге 

аузым  бармай  тұр)  отбастарына  ма­

сыл болып отыр.

Сөзден  сөз  туындап,  әңгіме  тие­

гі  ағытылды.  Отбасындағы  ұлттық 

тәрбиенің,  ақыл  айтар,  еңбекке  ба­

улыр  үлкендердің  жоқтығы,  бала 

санын 


шектеген 

ата­аналардың 

ұл­қызын  бетінен  қақпай  өсіріп,  бұл 

күнде  бармақ  тістеп,  «қайсыбірі»  да­

лада  қалып  жатқандарын  келтірді. 

Тоғышарлық,  жалқаулық  неге  етек 

алуда? Оларды жауапкершілікке тар­

татын заң жоқ па? Әлде мұндай кем­

шілік бізде ғана ма?

Біз  кімнің  не  айтқанын  тәптіштеуді 

мақсат  тұтпадық.  Бәрі  де  нақты 

өмірден  алынған  жайттар.  Олар­

ды  үлкен­кіші  деп  айыруға  болмай­

ды.  Аяқтан  тартар  осы  ұсақ­түйек 

кінәраттардан 

арылмай 


тұрып, 

үлкен  армандарға  қол  созу  абырой 

әпермейді. Ел арманы, қазақстандық 

арманымыз  орындалу  үшін  аталған 

кемшіліктерді  жойғанымыз  абзал. 

«Дөңгелек  үстелге»  қатысушылар 

осындай түйін жасады. Сіз қалай ой­

лайсыз, құрметті оқырман.



К.ҒАЙСИН.

Тоғышарлық пен жалқаулық



жастарға жараспас қасиет

Қос жігіттің ұйғарымы...

Кәсіпкерлік  палатасы  аудандық  филиалы  жұмыссыз  жүрген  жастарды 

еңбекке  тартып,  өз  кәсіптерін  ашуларына  жәрдемдесуде.  Жүргізілген  үгіт­

насихат  жұмыстарының  нәтижесінде  сайқындық  Асан  Құттығалиев  пен 

мұратсайлық Ерден Харесов бизнеске бет бұрып, өз жобаларымен жақында 

аудан  әкімі  Нұрлан  Рахымжановтың  қабылдауында  болды.  Олармен  бірге 

әкімнің қабылдауына қатысқан орынбасары Лариса Қайырғалиева, аудандық 

жұмыспен  қамту  орталығының  директоры  Берқайыр  Қарағойшин  және 

кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бибігүл Жұмағұлова 

жастардың бастамасына қолдау білдіріп, сәттілік тіледі. Нұрлан Сағынтайұлы 

қолдан келген көмегін көрсететіндігін жеткізді.

Бірнеше  жыл  Тайпақ  ауылындағы  көкөніс  өсірушілерге  жалданып,  қарбыз 

бен  қауын  егудің  жай­жапсарына  қаныққан  Ерден  қыс  түсе  Орал  қаласына 

келіп, «екі қолға бір күрек» деп өз күнін өзі көруге жастай дағдыланған екен. От­

басы мен ата­анасын да қалаға көшіріп алғанымен, әлі күнге жеке баспанаға 

қол жеткізе алмапты. Енді туған жерге оралып, бағбан болмақ ниетте.

Ал,  отбасымен  қаладан  келіп,  ата­анасымен  бірге  тұрып  жатқан  Асан 

дәнекерлеу  ісін  жақсы  меңгерген  көрінеді.  «Ауылдастарымыздың  жағдайы 

жылдан­жылға  жақсарып  келеді.  Үйлерін  сыңғырлатып  қойған  олар  енді  дуал 

тұрғызып,  аулаларын  жаңарту  үстінде.  Темір  қақпа  мен  есікке  тапсырыс  бе­

рушілер де көбеюде. Несие алып, кәсібімді кеңейтпекпін», – дейді ол. Баласының 

ойын кұптаған әкесі кепілдікке тұрғын үйін қоюға да келісімін беріпті. 

Еңбекқор жігіттерге іске сәт дей отырып, өзгелердің де бизнеске батыл бет 

бұруын қалаймыз.

Гүлжаз БАДЕЛОВА,

кәсіпкерлер палатасы 

аудандық филиалының кеңесшісі.

Ауылдық тұтынушылар 

кооперативі (АТК) туралы 

алғаш  «Орда  жұлдызы» 

газетінен 

оқығанмен 

онша  терең  мән  бере 

қоймағанбыз.  Бізге  ол 

бұрынғы совхоз, бөлімше 

орталығы  тұрғындарына 

ғана  қатысты  нәрседей 

көрінген. Әрі «...коопера­

тивке ешкімді мәжбүрлеп 

кіргізбейді.  Оған  кіру 

де,  одан  шығу  да  ерік­

ті»  деген  жолдар  қазақы 

ж а й ба с а рл ы ғ ы мы з ғ а 

тіптен  қолайлы  тиген­

дей.  Тек  кейін  аудандық 

ауыл  шаруашылық  бөлімі  басшысы 

Сүйінбек Хайроллин мен кәсіпкерлер 

палатасы аудандық филиалы директо­

ры Бибігүл Жұмағұлова қыстағымызға 

арнайы  келіп,  егжей­тегжейлі  түсінік 

бергеннен соң ойлана бастадық. Ко­

оперативті екі үй, 50 немесе одан да 

көп  үй  бірігіп  құра  алатын  көрінеді. 

Басты талап − аналық сиыр саны 30­

дан кем болмауы, әр 30 аналыққа бір 

асыл  тұқымды  бұқа  қосылуы  керек. 

Мүшелікке  кірушілердің  тізімі,  ортаға 

қосқан  малының  саны  (соған  сай 

пай  есептеледі)  хатталып,  жарғы  да 

тұрғызылады екен.

Шаруа 

қожалығымыз 



шағын 

болғандықтан біз көрші ауылдардағы 

шаруа  қожалық  иелері  Елтай 

Қонақбаев,  Тайыр  Бөкеновпен  бір­

лесе отырып, «Жәңгір» кооперативін 

құрдық.  Елақаң  төраға  ретінде  бүкіл 

құжаттарды  ретке  келтірді,  әділет 

басқармасына  тіркетті.  Міне,  соның 

нәтижесінде ірі қараның әр басына 18 

мың  теңгеден  қайтарымсыз  қаражат 

қолымызға тиді. Бұл біздің жем сатып 

алуымызға  толық  мүмкіндік  жаса­

ды.  Егер  біз  кооперативке  кірмесек, 

мұндай  жеңілдікті  пайдалана  алмас 

едік.  Осы  жайды  салғырттыққа  са­

лынып,  өзімен­өзі  оқшау  күй  кешіп 

отырған  малшыларға  жеткізсем  бе 

деген  оймен  қолыма  қалам  алдым. 

Олар  да  кәсіпкерлер  палатасының 

аудандық    филиалына  не    ауыл 

шаруашылық  бөліміне  жолығып, 

қажетті  құжаттарды  жинап,  коопе­

ратив  құрып,  әділет  басқармасына 

тіркетсе  жетіп  жатыр.  Тек  ерінбей, 

белсенділік таныту, сілкіну қажет. Сіл­

кінбесек,  қимылдамасақ,  жаһандық 

дағдарыстың  құрсауына  ілігуіміз 

мүмкін.


Айнагүл ТАУБАЕВА,

«Жәңгір» АТК мүшесі.

Сайқын ауылдық округі.

Жыл  қорытындысына  арналған  брифингте 

аудандық  соттың  төрайымы  Г.Т.Сағитова  мен 

кеңсе  меңгерушісі  З.К.Зайноллина  хабарлама 

жасап, сот қызметкерлері өзара пікір алмасты.

2015  жылы  сот  өндірісінде  43  тұлғаға  қатысты  38 

қылмыстық  іс  қаралса,  жеке  айыптау  бағытындағы  6 

арызды қабылдаудан бас тартылып, кері қайтарылды. 33 

тұлғаға қатысты 28 үкім шығарылып, 6 қылмыстық іс ҚР ҚК­

нің 68­бабымен және ҚР ҚПК­нің 35­бабымен, 4 қылмыстық 

іс  медиация  қолдану  арқылы  өндірістен  қысқартылды. 

Апелляцияға  жолданған  3  қылмыстық  іс  өзгеріссіз 

қалдырылып,  кассациямен  қаралған  1  қылмыстық  іс 

өзгертілді.  Азаматтық  іс  бойынша  да  апелляциядағы 

2  азаматтық  іс,  1  ұйғарым  өзгеріссіз  қалдырылды.  Бұл 

саладағы  арыздар  бойынша  26  сот  бұйрығы,  87  шешім 

шығарылып,  оның  17­і  қысқартылып,  16­ы  медиация 

тәртібімен қаралса, 4­і қараусыз қалдырылды. 

Сондай­ақ, жыл ішінде 335 әкімшілік құқық бұзушылық іс­

тер қаралып, оның 3­і басқа аудандық соттарға жолданса, 

78 іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды. 

Ал, 28 тұлғаға ескерту берілсе, 74­іне айыппұл салынды. 

Әрі 107 адам қамауға алынып, 44­і көлік жүргізу құқығынан 

айырылды.

Кеңсе бойынша кіріс, шығыс және ішкі құжат айналымы 

БААТЖ  жүйесінің  серверіне  уақтылы  енгізіліп,  қаралған 

қылмыстық,  азаматтық,  әкімшілік  істердің  статистикалық 

есебі осы бағдарламаға сай шығарылды. 



Жандос ҚАНАТҰЛЫ,

аға сот приставы.

Аудан әкімдігінде

Еңбек – бәрін жеңбек

Кооперативтің көмегі




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал