Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



жүктеу 0.6 Mb.

бет1/7
Дата11.02.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін 

істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау 

орталығы» РММ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ИСЛАМДЫҚ ТЕРМИНДЕР 

СӨЗДІГІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана – 2015 

 


 

УДК 28 (038) 



ББК 86.38я2 

И 87 


 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері 

комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау 

орталығының» РММ  Ғылыми-сараптамалық кеңесі ұсынған 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері 



комитеті мақұлдаған 

 

Өңделіп, толықтырылған екінші басылымы 

 

 

 



Жалпы редакциясын басқарған: А.Әбдірәсілқызы, филол.ғ.к.  

 

 



И  87  Исламдық  терминдер  сөздігі  /  Құраст.:  М.Исахан,  М.Муслимов, 

С.Көкенай, Б.Сыддықов. – Астана: Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу 

және талдау орталығы, 2015. – 60 б. 

 

ISBN 978-601-7571-33-7 



 

Дін  мәселелері  жөніндегі  ғылыми-зерттеу  және  талдау  орталығы 

тарапынандайындалған  бұл  еңбекте  исламға  қатысты  қазақ  тілінде  жиі 

кездесетін  діни  терминдер  мен  түсініктер  жинақталып,  оларға  ықшамды 

түсіндірме  жасалған.  Сондай-ақ,  сөздікте  араб  тілінен  енген  кірме  сөздердің 

түпнұсқалық  жазуы  көрсетіліп,  барлық  сөздер  мен  сөз  тіркестері  әліпби 

тәртібімен жүйеленіп берілген. 

Сөздікдіни 

қатынастар 

саласының 

мамандарына, 

мемлекеттік 

қызметкерлерге,  дін  қызметкерлеріне,  АНТ  мүшелеріне  және  дін 

мәселелеріне қызығушылық танытушы қалың көпшілікке арналған. 

 

УДК 28 (038) 



ББК 86.38я2 

 

 



 

 

 



 

         © 

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы, 2015 

 


 

ИСЛАМДЫҚ ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ 



 

А 

 

Абид (دباع): ғибадат жасау, парыздар мен уәжіптерді орындағаннан кейін 

нәпілдерді орындап және сауап болатын істерді жалғастыру.  



Адаб  (بدأ):  әдептер,  көркем  мінез  құлық,  байсалды  қарым-қатынас, 

Қандай  жағдайда  да  өзін  ұстап  салқын  қандылық  таныту.  «Әдепке 

бағынбай істелген қызметтің пайдасы жоқ» (Мұхаммед Мағсум Фаруқи) 

Адала (

ةلادع

-

لدع

): Әділет,әр нәрседе ақиқатты ұстанып, орта жолда болу.  

Ақысы  бардың  ақысын  беру.  Хақсыздықтан  сақтану.  Зұлымдықтың 

антонимі, ата заң алдында әркімнің тең дәрежелі болуы.  

Адалети  ижтимаия  (ةيعامتجا  ةلادع):  әлеуметтік  әділет;  әркімнің  жұмыс 

істеуі, білім алуы, жұмыс істеудегі дәреже және қабілетіне қарай ақысын 

алуы, ешкімнің тапталып езілуіне жол бермеу.  

Адет-Әдет (ةداع): 

1.

 



Бір  мемлекет  немесе    қала  тұрғындарының  күн  сайын  қайталап 

жатқан  әдістемелері,  әдеттері,  үйреншікті  әдеттері.  Мұхаммед 

пайғамбардың  істеген  және  бойын  аулақ  ұстаған  істері  екіге  бөлінеді: 

біріншісі  ғибадат  ретінде  істеген  және  бойын  аулақ  ұстаған  нәрселері, 

әрбір  мұсылманның  бұларға  бойұсынуы  міндет.  Екіншісі  өмір  сүрген 

мемлекетінің әдеттері. Бұларды істеу міндет емес.  

2.

 

Кітап, сүннет, ижма және қиястан кейінгі екінші дәрежедегі діни 



дәлелдердің  бірі. Діннің және ақылдың құптаған әдеттері. Дінде насста 

(Құран және Хадисте) анықталмаған бір үкімді түсіну және таныту үшін 

жалпы әдеттер дәлел ретінде қабыл етіледі. Әдеттің жалпы болуы үшін 

сахабалардың  заманынан  қалуы  және  мүжтәһидтердің  (Құран  мен 

хадистен үкім шығара алатын ұлы ғұламалардың) қолданған болуы және 

жалғасын  табуы  керек.  Муғамалатта  (сауда  -саттық,  кепілдік, 

мирасқорлық,  жалға  алу,  өкілеттік  және  т.б.)  үкімдер  үшін  бір  өлкенің 

нассқа қайшы болмаған әдеттері дәлел ретінде қабылданады. Заманның 

өзгеруімен  әдет  ғұрыпқа  негізделген  үкімдер  өзгерулері  мүмкін.  Бірақ 

нассқа негізделген үкімдер заманның өзгеруімен ешқашан өзгермейді. 



Ақырет  (ةرخلآا):  Алла  Тағала  адамдарды  есеп-қисап  үшін  қабірлерінен 

тірілтіп,  олардың  арасында  төрелік  етіп,  іс-амалдарының  қарымтасын 

беретін мезгіл. Ақыретке иман келтіру – діннің басты тіректерінің бірі.    

Ахкам  (ماكحأ):  үкімдер,  Алла  Тағаланың  бұйрықтары  мен  тыйымдары. 

«Иман мен  ахкамды (үкімдер) үйренбеген және балаларына үйретпеген 

адам  –  адамгершілік  жауапкершілігін  орындамаған  адам»  (Имам 

Ғазали). 



 

Ахками  шариға  (ةعيرشلا  ماكحأ):  ислам  дінінде  бір  істің  орындалу-

орындалмауын  білдірген  үкімдер.  Бұйрықтар  мен  тыйымдар.  Бұларды 

«ахками  илаһия»,  «ахками  исламия»,  «ахками  құрания»  деп  те  атайды. 

Шариғат  үкімдері  сегізге  бөлінеді:  Парыз,  уәжіп,  сүннет,  мүстаһаб, 

мүбах, харам, мәкруһ, мүфсид. 



Ахками  ижтиҺадия  (ةيداهتجا  ماكحأ):  Құран  мен  хадисте  нақты 

білдірілмегендіктен,  мүжтахид  ғұламалардың  нақты  дәйектерге  сүйене 

отырып қол жеткізген үкімдері.  

Ахлақ (قلاخأ): адамның бойынан табылатын мінез-құлық.  

Ахсани  тақуим  (ميوقت  نسحأ):  ең  жақсы  түр  мен  сурет.  Тәнімен  және 

рухымен ең көркем болу.  



Ақайд (دئاقع): ислам дінінде иман келтіруге міндетті негіздер. Иманның 

шарттары. Балиғат жасына толған әр мұсылманның бірінші міндеті әһли 

сүннет  (сүннет  жұртшылығы)  ғалымдарының  жазған  ақида  кітаптарын 

оқып-үйрену және соған сай иман келтіру.  

Әһли сүннеттің  ақидада екі саласы бар. Олар:  Матуриди мәзһабы және 

Әшғари мәзһабы. Біріншісінің имамы Әбу Мансур Матуриди, ал әшғари 

имамы  Әбул  Хасан  Әшғари.  Екеуінің  де  иман  негіздері  жайлы 

айтқандары  бірдей,  араларындағы  айырмашылық  талдауларындағы 

түсіндірмелерге  байланысты 

қолданған  әдістемелерінде  болып 

табылады.  

Ақайд  (ақида)  ілімі  (دئاقعلا  مولع):  діни  сенім,  ұстаным.  Ислам  ақидасы 

деген  –  Аллаға,  ақырет  күніне  т.с.с.  сену  сияқты  оның  нанымдарын 

білдіреді.  Бұл  сенім-нанымдар  мен  ұстанымдар  өз  алдына  бір  ғылым 

ретінде қалыптасқан. 



Ақд  (دقع):  сөздікте  «түйін,  келісім»  мағынасында  келеді.  Ислам 

құқығында неке қиюда келісу, сауда-саттық және т.б. істерде екі жақтың 

бірінің ұсынысын екіншісінің қабыл етуімен келісілген келісім шарт.  

Ақил  (لقاع):  ақылды,  саналы  адам.  Жақсы  мен  жаманды,  пайдалы  мен 

зияндыны бір-бірінен ажырата білген адам.  Бала жеті жасына толғанда 

ақылы  толық  қалыптасады.  Жеті  мен  он  бес  жас  арасында  ақылды  әрі 

саналы  бала  деп  аталады.  Ислам  ақидасында  пайғамбарлар  мен 

момындар ақылы мен кәпірлердің ақылы бірдей еместігі айтылады. 

Ақил-балиғ  (غيلبلا  لقاعلا):  пайдалы  және  зиянды  болған  нәрселерді  бір-

бірінен  ажырата  білетін  балиғат  жасы.  Шариғат  амалдары  міндеттеле 

бастаған кезең.   

Ақиқа: бала туылғанда жасалатын той (шілдехана). Шариғатта ұл бала 

үшін екі қой, қыз бала үшін бір қойды сойып, ақиқа жасаған абзал.   



Ақл  (لقع):  түсіну  қабілеті,  дұрысты  бұрыстан,  жақсыны  жаманнан, 

пайдалыны зияннан ажырата білетін қабілет. 



 

Ақли  сақим  (ميقس  لقع):  тар  көзқарастағы  ақыл.  Ойлаған  нәрселерінде 

және істеген істерінде жаңылған көбінесе өкінішке себеп болатын ақыл.  

Ақли  сәлим  (ميلس  لقع):  дұрыс  ақыл,  еш  жаңылмайтын,  қателік 

жібермейтін ақыл. 



Аләуи (يولع): Бұл терминді мынадай екі мағынада түсінуге болады:  

1.

 



Тарихи  тұрғыдан  алғанда  хазірет  Әли  және  оның  Фатимадан 

туылған  ұлдары  Хасан  мен  Хұсейін,  сондай-ақ  олардың  кейбір 

ұрпақтарын  (он  екі  имам)  бойына  Құдайдың  құты  дарыған  деп 

қабылдаушылар. 

2.

 

Исламның  шиғалық  бағытындағы  ғұлат  тобына  жататындардың 



ішіндегі  хазірет  Әли  мен  оның  ұрпақтарына  әсіре  құрмет  көрсетіп, 

шариғатқа  қайшы  өмір  сүру  салтын  ұстанушы  діни  топтар.  Мысалы 

Түркия,  Сирия,  Ливан  елдеріндегі  нусайрия,  дүрзия,  исхақия  және  т.б. 

топтар.   



Амал  дәптері:  адамдардың  осы  дүниеде  жасаған  амалдары  жазылған 

дәптер.  



Арафат (تافرع): Мекке қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан үлкен 

жазық.  Ол  жазықтың  аумағында  Рахма  тауы  бар.  Кейбір  риуаяттарда 

Адам ата мен Хауа ана жерге түскеннен кейін осы тауда кездескен. Көп 

адамдар осы тауды Арафат тауы деп те атап кеткен. Зул-хижжа айының 

тоғызыншы  күні  күн  батқанға  дейін  Арафатта  тұру  қажылықтың  ең 

маңызды парызы.   



Арапа  күні  (ةفرع  موي):  Құрбан  айт  күнінің  алдындағы  күн,  яғни  зул-

хижжа  айының  тоғызыншы  күні  «арафа  күні»  деп  аталады.  Бұл  күні 

қажылар  күн  батқанға  дейін  Арафат  аймағында  тұрады.  Қажылыққа 

бармаған мұсылмандар үшін бұл күні ораза ұстау сүннет.   



Асхаб  (باحصأ):  Мұхаммед  пайғамбардың  көзін  көріп,  ол  тірі  кезінде 

ислам дінін қабылдаған және сол сенімде дүниеден өткен мұсылмандар.  



Ашара  мубашшара  (ةرّشبملا  ةرشعلا):  жәннатпен  сүйіншілендірілген  он 

сахаба. Мұхаммед пайғамбардың көзі тірісінде ол сахабаларды жәннатқа 

кіреді деп сүйіншілендірген. Олар: Әбубәкір, Омар, Осман, Әли, Талха, 

Зубайр,  Абдуррахман  ибн  Ауф,  Сағд  ибн  Әбу  Уаққас,  Сайд  ибн  Зәйд 

және Әбу Ғубайда ибн Жаррах. 

Ашура  күні  (ءاروشاعلا):  «Ашура»  сөзі  «оныншы  күн»  деген  мағынаны 

береді.  Хижра  жыл  санауы  бойынша  жыл  басы  болып  саналатын 

мухаррам айының оныншы күні. Ислам тарихында Адам пайғамбардың 

тәубесі  қабыл  болуы,  Нұһ  пайғамбардың  кемесінің  тоқтаған  күні, 

Ибраһим  пайғамбардың  оттан,  ал  Мұса  пайғамбардың  дұшпандардан 

құтылған  күні,  Жақып  пайғамбар  өз  ұлы  Жүсіппен  қауышқаны  секілді 

оқиғалар ашура күнінде болған. 


 

Аят (ةيآ): Құран сүрелерінің бір шумақ (сөйлем) тәрізді бөлігі. Құран 114 

сүреден  тұрады.  Ал  әрбір  сүре  аятқа  бөлінеді.  Аятты  сөйлем  немесе 

сөйлемнің бір бөлшегі, яғни, сөз тіркестері деп те айтуға болады. 



Айнал-Яқин  (نيقيلا  نيع):  көзбе-көз  көріп  білу.  Мысалы,  экваторда 

орналасқан мемлекеттерде өмір сүретін қар көрмеген адамның кітаптан 

оқып  немесе біреуден есту арқылы қардың қандай болатындығын білуі 

илмал-яқин,  қарды  көріп  білуі  айнал-яқин,  қарды  қолына  алып  немесе 

дәмін татып білуі хаққал-яқин деп аталады.  

Азап  (باذع):  Аллатағаланың  адамдардың  істеген  күнәлары  үшін  осы 

дүниеде және ақыретте беретін жазасы. 



Ажал (لجأ): адам өмірінің аяқталу мерзімі, өлім.   

Ансар (راصنأ): жәрдем етушілер. Меккеден Мадинаға көшкен Мұхаммед 

пайғамбарға  және  мұсылмандарға  қол  ұштарын  беріп  көмектескен 

Мәдиналық мұсылмандар. 

Азан (ناذأ): мұсылмандарды ғибадатқа шақырып, арнайы сөздер арқылы 

намаз уақыты кіргенін жариялайтын үндеу. «Азан» сөзінің араб тіліндегі 

лексикалық мағынасы: «жариялау», «хабар тарату».  

Ант  кәффараты  (نيميلا  ةرافك):  айтқан  антында  тұрмай,  бұзған 

мұсылманға міндетті болған жаза. Анттың кәффараты, яғни жазасы: бір 

құлды  азат  ету,  он  кедейге  киім  беру  немесе  аш  болған  он  кедейді  бір 

күнде  таңертең  және    кешке  тамақтандыру.  Бұл  үшеуінің  ешқайсысын 

орындай  алмайтын  кедей  адам  үш  күн  бойы  қатарынан,  үзбестен 

жалғастырып ораза ұстауы керек. 



 

Ә 

 

Әдеп  (بدأ):  көркем  мінез-құлыққа  ие  болу,  ұятқа  қалдыратын 

әрекеттерден  бойын  аулақ  ұстау,  әр  жағдайда  өз  орнын  біліп,  шектен 

шығудан абай болу. 

Әмәнту (تنمآ): ислам дінінде сенуге міндетті болған алты негізгі шарт.  

Әмин  (نيمأ):  «Уа,  Алла!  Дұғамызды  қабыл  ет»  деген  сөз.  Бұл  сөз  дұға 

жасалғанда,  намазда  «Фатиха»  сүресін  оқығаннан  кейін  айтылады.  



Әзрейіл  (ليئارزع):  төрт  үлкен  періштенің  бірі.  Жан  алуға  міндеттелген 

періште. 



Әһли  бәйт  (تيبلا  لهأ): Мұхаммед  пайғамбардың  жанұясы,  ет  жақын 

туыстары және олардың ұрпақтары.  



Әһли  Қыбыла  (ةلبقلا  لهأ):  қағбаны  құбыла  санағандар,  мұсылманмын 

дегендер.  



Әһли  кітап  (باتكلا  لهأ):  кітап  иелері.  Ислам  дінінде  мұсылмандардан 

басқа  Алла  тағала  оларға  кітап  түсірген  үмбетті  «кітап  иелері»  деп 

атайды. Олар – яһудилер мен христиандар.  


 

Әһли рай (ئارلا لهأ): ижтиһадта, діни үкімдерді анықтауда Имам Ағзам 

мен  Ирак  ғұламаларының  жолын  ұстанғандар.  Бұларды  «әһли  қияс» 

немесе «асхаби рай» деп те атайды. 



Әһли  риуаят  (ةياورلا  لهأ): д

  іни  негіздерден  үкім  шығарғанда  Хижаз 

ғұламаларының  жолын  ұстанғандар.  Бұларды  «әһли  хадис»  немесе 

«әһли әсәр» деп те атайды. 



Әһли  суффа  (ةّفصلا  لهأ):  Мәдина  қаласында  туыстары  мен  үйлері 

болмаған, Мұхаммед пайғамбардың мешітінің суффа деп аталатын, үсті 

құрма ағаштарымен жабылған бөлмесінде тұрған сахабаларды атайды. 

Әһли сүннет ғұламалары: «Әһли сүннет уал жамағат» сенімдік жүйесі 

мен  ұстанымдарын  қабылдап,  солармен  амал  еткен  ғалымдар.  мИан 

келтіруі міндет болған діни мағлұматтарды сахабалардан дұрыс үйреніп, 

кітаптар жазған және әһли сүннет ақидасында болған ислам ғұламалары.  



Әнбия  (ءايبنأ):нәбилер,  пайғамбарлар.  «Нәби»  сөзінің  көпше  түрі.  Жаңа 

дінмен  жіберілмеген,  өзінен  бұрынғы  пайғамбардың  дініне  шақырған 

Алланың елшілері. 

Әсбаби  нузул  (لوزنلا  بابسأ):  Құран  кәрім  аяттарының  Мұхаммед 

пайғамбарға түсу себептері. 



Әшғари (يرشعلا): 

1.

 



Әһли  сүннет  уәл  жамағат  (сүннет  жұртшылығы  және  жамағат) 

жолының  екі  үлкен  ғалымының  бірі.  Әбул  Хасән  Әли  ибн  Исмайл 

Әшғари  879-жылы  Басрада  дүниеге  келіп,  941-жылы  Бағдатта  қайтыс 

болған.  Имам  Әшғари  мен  Имам  Матуриди  алғашқы  кезеңдегі 

мұсылмандардың сенім  жөнінде берген мағлұматтарына түсініктемелер 

беріп,  бөлімдерге  айырып,  қарапайым  мұсылмандарға  түсінікті  түрге 

келтірген. 

2.

 



Әһли  сүннет  уәл  жамағат  сенімін  Әбул  Хасән  Әшғаридің 

түсіндірген формасында үйреніп иман ету. 



Әтбау  таба-и  табиғин  (نيعباتلا  عابتأ):сахабалар  мен  табиғиндардан  кейін 

келетін  Мұхаммед  пайғамбар  мақтаған  үшінші  буын  өкілдері.  Тәбә-и 

табиғинды  көргендер.  Тәбә-и  табиғин  ғасыры  835-жылмен  аяқталады. 

Ахмед ибн Ханбал, Имам Бұхари, Имам Мүслим, Имам Тирмизи әтбәу 

тәбәи табиғин буынына жатады. 

Әулие (ءايلوأ): «уәли» сөзінің көпше түрі. 1)  Достар. 2) Алла Тағаланың 

сүйген  құлдары,  нәпсісінің  тұтқынынан  құтылып,  рухани  кемелдеген 

тұлғалар. Алла Тағаланы естен шығармай үнемі зікір еткендер. 

 

Б 

 

Бабилік:  19  ғасырдың  екінші  жартысында  Иранда  әл-Баб  Әли 

Мұхаммед  тарапынан  негізі  салынған  адасушы  ағым.  Өзін  Мәһди  деп 



 

жариялаған,  көптен  күткен  имамға  ашылатын  бір  баб  (есіктің)  бар 



болғандығын  айтқан  Әли  Мұхаммед  –  «әл-Баб  атанған»,  оның  жолы 

«бабилік» делінген. Кейіннен бұл ағым Бахаилік атымен жалғасты. 



Батыния  (ةينطاب):  мәжусилік  және  басқа  діндердегі  сенімдерді  ислам 

дініндегідей  етіп  көрсетуге  әрекет  еткен  Ирандық  Мәймун  ибн  Дәйсан 

әл-Қаддах тарапынан құрылған адасушы ағым. 

Бахаилік:  Әл-Баб  Әли  Мұхаммедтің  шәкірті  болған  Бахаулла  құрған 

әртүрлі  діни  сенімдер  негіздерін  аралас  қолданған  синкретті  ағым. 

Бахаилердің  түсінігінде  намаз  –  Хайфа  жаққа  қарап  тұрып,  Алланы 

ойлау.  Намаз  жалпы  құлшылық  болып  саналады,  дұға  етуден  ғана 

тұрады.  Ораза  2-наурыздан  басталып  21-наурыз  аралығында  19  күн 

тұтылады.  21-наурыз  ораза  айт  мейрамы,  Бахаилік  жыл  санауының 

алғашқы  күні.  Қажылық  –  әл-Баб  Әли  Мұхаммедтің  Шираздағы  үйін 

немесе  Бахаулланың  Бағдаттағы  үйін  барып  көру.  19  санын  киелі  деп 

есептеген  Бахаилерді  «жалпы  әділет  үйі»  деп  аталатын  жоғарғы 

мәжілісте тағайындалған 19 адам басқарады. Бахаилік сенімін ұстанушы 

әрбір адам жылдық табысының бестен бірін осы кеңеске беруі керек. 

Барзақ әлемі (

ع

ا

خزربلا مل ): қайтыс болған адамдардың әлемі.  

Бәдәуи (يودب):сахарада, шөл далада мал шаруашылығымен айналысатын 

араб. 



Бәдір  ғазауаты  (ردب  ةوزغ): Мәдина  қаласының  оңтүстік-батысында  150 

шақырым  қашықтықта  орналасқан  жердің  аты.  Ол  жерде  һижраның 

екінші  жылы  мұсылмандар  мен  меккелік  мүшріктер  арасындағы 

алғашқы үлкен қақтығыс болған. Бұл соғыс «Бәдір соғысы» деп аталады. 

Бұл шайқаста мұсылмандардың саны үш жүз он үш, мүшріктердің саны 

бір мың адам болған.  



Бәләғат (ةغلاب): 

1.

 



Сөйлеген  сөздің  дұрыс,  еш  кемшіліксіз  және  орнын  тауып 

айтылуы. 

2.

 

Сөйлеген  сөздің  дұрыс,  еш  кемшіліксіз  өз  орнын  тауып 



айтылуын  қамтамасыз  еткен  әдеби  ғылымның  атауы,  яғни  шешендік 

өнер. 


Бәни  Хашим  (Хашим  ұрпақтары)  (مشاه  ونب):Мұхаммед  пайғамбардың 

атасы Хашим ибн Әбдіманаптан тараған ұрпақ. 

Құрайыш  тайпасы;  Хашим,  Әмәуи,  Нәуфәл,  Абдуддар,  Әсәд,  Тәим, 

Махзум, Адий, Жумах және Сәхим деген он руға бөлінеді. Зәмзәм суын 

тарату,  қағбаны  жөндеу  және  безендіру  іс-шаралары,  Бәни  Хашим 

ұрпақтарына берілген. 



Бәни Исраиыл (ليئارسا ونب): Исраил ұрпақтары, яһудилер.  

Бәраат кеші (ةءاربلا ةليل):Шағбан айының он бесінші кеші. Мұсылмандар 

үшін қасиетті кештердің бірі болып саналады. 



 

Бәйтуллаһ (  تيب



الله

): 

1.

 



Мекке қаласындағы Харам мешітінің ортасында тұрған киелі үй. 

Қағба;  мұсылмандардың  құбыласы,  қасиеттілігімен  құрметке  лайық 

екендігін білдіру үшін «Бәйтуллаһ» деп аталған. 

2.

 



Мешіт. 

Бәйтулмал  (لاملا  تيب):ислам  мемлекетінің  қазынасы,  қаржы  қоры. 

Бәйтулмал  мемлекеттің  қаржысын  сақтап,  пайдалы  орындарға 

жұмсайды.  Мемлекеттің  шығыны  мен  кірісі  арасындағы  тепе-теңдікті 

сақтап, бюжеттің барлық міндеттерін атқарады. 



Бәйғат  (ةعيب):  келісім  анты.  Ислам  мемлекеті  басшысына  бағынуға, 

шығарған заңдарына мойынсұнуға келісім беру.  



Бидғат (ةعدب):дінде негізі жоқ құлшылық пен діни жоралғы. Яғни Құран 

мен сүннетте негізі жоқ, шариғат амалы деп енгізілген жаңалық.  



Бидғат  әһлі  (ةعدبلا  لهأ):Мұхаммед  пайғамбардың  және  сахабаларының 

жолынан айрылғандар. Діннің негіздеріне қайшы келуші жаңалықтарды 

дінге енгізушілер. Бидғатшылар. Сенімде және ғибадатта ислам дінінде 

болмаған,  дінге  қайшы  келетін  жаңалықтарды  ортаға  шығарғандар, 

дінде жаңашыл реформаларды жасағандар. 

Бидғат  хасана  (ةنسحلا  ةعدبلا):  Мұхаммед  пайғамбардың  және  төрт 

халифасының  заманында болмаған,  дінге кейіннен қосылған, қандай да  

бір  сүннеттің  ұмытылуына  себеп  болмаған  мұнара,  медресе,  мектеп 

салу,  ислам  бағытындағы  және  пайдалы  кітаптар  жазу  сияқты  жақсы 

істер. 

Бидғат 

сәийя 

(ةئيسلا 

ةعدبلا):Мұхаммед 

пайғамбардың 

және 

сахабаларының заманында болмаған дінге кейіннен қосылған, қандай да 



бір  сүннеттің  ұмытылуына  себепші  болған,  әрі  дін  негіздеріне  қайшы 

келетін жалған сенім мен құлшылық ретінде істелген іс-шаралар. 



Бұрақ  (Пырақ)  (قاربلا):Мұхаммед  пайғамбарды  Меккеден  Құдысқа, 

Құдыстан көкке алып шыққан, миғраж түнінде мінген көлігінің аты. 



 

Ғ 

 

Ғайыб  (بئاغ):  көмескі,  жасырын,  көзбен  көру  мүмкін  емес 

жаратылыстар.  Шариғатта  Алла  тағалаға  ғана  аян  және  Өзі  қалаған 

құлына  ол  туралы  білдіретін,  басқалардан  жасырын,  көмескі 

жаратылыстар «ғайып» деп аталады.  



Ғайбат  (ةبيغ):қасында  жоқ    адамды  ол  жақтырмайтын  сөздермен  еске 

алу.  Яғни  біреудің  сыртынан  өсек  тарату,  жалған  сөйлеу.  Шариғатта 

ғайбат айтуға қатаң тыйым салынған.  

Ғұлат  (طلاغ):астамшылық  танытқан  баукеспе.  Адасқан  ағымдардан 

күпірлікке түскендер. 



10 

 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал