ҚазаҚстан Республикасы инвестициялаР және даму министРлігінің бұйРығы



жүктеу 2.78 Mb.

бет29/29
Дата14.09.2017
өлшемі2.78 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

3-тарау. Зоотехникалық талаптар

Дене бітімінде ақауы жоқ қояндар элита сыныбына және бірінші сыныпқа, бір ақауы бар екінші 

сыныпқа, дене бітімінде екі және одан да көп ақауы бар үшінші сыныпқа жатады. Кемшіліктері бар 

қояндарды бөліп алады және асыл тұқымды қояндарға қоспайды. Үй қояндарын түк жабынының 

қалыңдығына қарап бағалап сыныбын анықтау талабы 3-кестеде келтірілген. 

3-кесте. Үй қояндарын түк жабынының қалыңдығына және теңеулеріне қарап бағалау

Сыныбы

Талабы


Элита Барлық дене бойындағы түк жабыны серпінді және икемді осьімен біркелкі, өте 

қалың, түгі өте қалың. «Дегелек» түбінен түк жабынын үрлегенде терінің үсті 

көрінбейді деуге болады, табандарында өте қалың түк бар.

1

Барлық дене бойындағы түк жабыны серпінді икемді осьімен біркелкі қалың. 



«Дегелек» түбінен түк жабынын үрлегенде терінің үсті 2 миллиметрге дейін 

ашылып қалады, табандарында қалың және серпінді түк бар.

11

Түктің қалыңдығы біркелкі емес, жонында жотасы мен бүйіріне қарағанда түбіті 



қалыңдау. «Дегелек» түбінен түк қабатынан үрлеген кезде 2-ден 4 миллиметрге 

дейін тері бетінің ауданы көрінеді. Табанының түгі сирек әрі жұмсақ.

111

Түктің қалыңдығы жеткіліксіз -«Дегелек» түбінен түк жабынын үрлеген кезде 



4-ден 6 миллиметрге дейін тері бетінің ауданы көрінеді. Табанында түгі сирек-

теу, сирек әрі жұмсақ түк,табан түктерінің қажалу белгілері бар.

Түк жабынының қалыңдығы және бір қалыптылығы. Оны қалыңдығы бойынша «дегелек» 

түбінен үрлеу кезінде қалыптасатын көлемін, сауырындағы, жотасы мен бөксесіндегі «дегелек» 

түбін салыстыра отырып айқындалады (8-сурет). 

(1 сурет) өте қалың ,(2 сурет ) қалың , (3 сурет ) сәл қалыңдау, (4сурет)сирек .

8-сурет. Дегелек әдісімен түкті жамылғының қалыңдығын анықтау.

Түбітті тұқымның негізгі табындағы түбіт өнімділігі, жыл бойы жиналған түбітінің санымен 

бағаланады ,ал көжектердің өнімділігі - 2 және 4 айлық жасында алғашқы екі жиналым бойын-

ша, ал элита сыныбына үлкен қояндардан түбіттің 500 грамм, еркегінен – кемінде 450 грамм, 

бірінші сыныпқа тиісінше 450, 400 грамм, элита сыныбындағы көжектерден – 60, бірінші сы-

ныптан 50 грамм, екінші сыныптан 40 және үшінші сыныптан -30 грамм жинағандар жатады.

Түк  жабынының  реңкі  күндізгі  жарықта  көзбен  бағаланады.  Аймақтық  бояуы  бар  үй 

қояндарында олардың айқындылық дәрежесін жонындағы, арқасы мен бүйіріндегі «дегелек» 

сипатына қарай айқындайды. 

Үй қояндарын бөлек белгілері бойынша бағалағаннан кейін олардың кешенді белгілері 

бойынша жалпы сыныбын белгілейді. 

Элита сыныбына дене бітімі мықты, таза тұқымды, барлық көрсеткіштер бойынша дене 

бітімінде ақауы жоқ элита бағасын алған үй қояндары жатады. 

Бірінші сыныпқа дене бітімі мықты таза тұқымды, дене бітімінде ақауы болмаған кезде 

барлық көрсеткіштер бойынша алған немесе қалған белгілерін жоғары бағалау кезінде біреуі 

бойынша бірінші сыныптың бағасын алған үй қояндары жатады. Екінші сыныпқа дене бітімі 

мықты, барлық белгілері бойынша екінші сыныптың бағасын алған немесе біреуі бойынша 

ғана,ал қалғандары бойынша одан жоғары баға алған үй қояндары жатады. 

Үшінші сыныпқа дене бітімі мықты, барлық белгілері бойынша үшінші сыныптың бағасын 

алған  немесе  біреуі  бойынша  ғана,  ал  қалғандары  бойынша  одан  жоғары  баға  алған  үй 

қояндары жатады.

 Етті терілік тұқымдағы үй қояндарына сыныпты берген кезде түбіт түсін бағалау жиынтық-

тағы сыныбын бір балдан артық төмендете алмайды.

 2-3 айлық жастағы көжектің сыныбын қағидалар бойынша, асыл тұқымдылығы, тірі мас-

сасы, дене бітімі, табанындағы түк жабынының қалыңдығы ескеріле отырып белгіленеді.Осы 

бонитирлеу деректерінің негізінде көжектердің қорытынды іріктеуін жүргізеді және олардың 

мақсатын айқындайды. Жоғары бағаланған жануарларды тұқымдық ядроны толықтыру үшін 

бөліп алады, бірінші және екінші сыныптағы жануарлар өндірістік топқа жіберіледі. Үшінші 

сыныптың қояндарын негізгі табынға ерекше жағдайда жібереді.

 Тұқымдық ядроның (селекциялық топтың) қалыптасуы. Қоян басын толықтыратын көжектер 

ұрпақ сапасы бойынша ұрғашы және еркек қояндарды тексеру кезінде алынған деректерді еске-

ре отырып асыл тұқымды ядро жануарының көжектерінен іріктеледі. Қоян басын толықтыратын 

көжектерді алу үшін жұптарды іріктеу жоспарын жасау кезінде әдетте ұрғашы қояндарға ата-

енелерінің ең үздік көрсеткіштерін үйлестіретін және ұрпағын көбейтетін жоғары сапалы еркек 

қояндарды іріктеген жөн. 

  Көжектерді  тұқымдық  ядро  аналықтарынан  40-45  күнде  бөліп  алады.  Қоян  басын 

толықтыратын көжектерді бөлек отырғызғанда немесе 3 ай бұрын алдын ала таңдап алады. 

Еркектері мен ұрғашыларын бірінші кезекте өміршеңдігі жоғары, жақсы дамыған, тірі салмағы 

жоғары және дене бітімі жақсы бір анадан туған көп көжектердің ішінен таңдап алады. Осылайша 

таңдап алынған жануарларды өз тобын толықтыру үшін және басқаларға сату үшін пайдалана-

ды. Шаруашылықта қалдырылатын 2-3 айлық көжектердің саны табынды толықтыруға арналған 

басынан шаруашылықтағы қажеттілік шамамен 1,2-2 ретке көп болуы тиіс. 

  Негізгі  табынды  толықтыру  бір  жылдың  ішінде  жүргізіледі.  Жас  аналықтарды  алғаш 

көжекте геннен кейін, айдың соңғы күнінде негізгі ( ересек) табынға, ал жас аталықтарды 5 

айлық жасында ауыстырады.

 Асыл тұқымдық ядродан негізгі табындағы ең жақсы төлдерін бөліп алады.Оның мөлшері 

қоян  басын  толықтыратын  көжекке  деген  қажеттілікке  байланысты  айқындалады  және 

фермадағы негізгі табындағы қоян басының кемінде 50 пайызын құрайды.

 Асыл тұқымдық ядродан бөлініп алынатын төлдің, шағылысу басталғанға дейін 2-3 ай 

бұрын жыныстық белсенділігін тексеріп алу керек. Содан соң ең үздік аталықтарының шама-

мен 80-85 пайызын ұрпақ сапасына тексереді. Ол үшін әр аталыққа жастары мен өнімділік 

сапасы  бірдей  8-10  аналық  іріктеледі.  Аталықтардың  төл  бойынша  сапасын  алғашқы  екі 

көжектеуінен кейін тексереді.

 Тексерілетін аналықтардан алынған төлдерді 3 айлық кезінде асыл тұқымдық, еттілігі, 

дене бітімі, өміршеңділігі, тірілей салмағы, өсу жылдамдығы, жас кездегі азық шығымдылығы 

және табан сезімділігі көрсеткіштері бойынша бағалайды. 

«Өте  жақсы»  деген  бағаны  ұрпағы  бір  жастағы  асыл  тұқымды  ядродағы  төлге  талап 

етілетін көрсеткіштерден асып түскен аталықтар алады. «Жақсы» деген бағаны ұрпағы асыл 

тұқымды  яро  жануарларынан  алынған  қатарластарының  орташа  көрсеткіштеріне  сәйкес 

келетін аталықтар алады. 

Негізгі табыннан үй қояндарын бөліп тастау. Негізгі табыннан бөліп тастау кезінде қажетті 

талаптарға жауап бермейтін жануарлар алынып тасталады. Бұл жұмысты жыл бойы және 

бонитирлеу кезінде жүзеге асырады. Бонитирлеу кезінде өнімділік көрсеткіштері екінші сынып-

тан төмен, сапасы бойынша шаруашылықтағы жоғары талаптарына сәйкес келмейтін және 

ветеринариялық талаптарды қанағаттандырмайтын үш жастан асқан жануарлар (ең құндысын 

қоспағанда) бөлініп алынады. Сонымен қатар бір жыл ішінде алғашқы екі көжектеуінде бес 

көжектен кем көжек өсірген, екі жыл көжектемеген (стерильді аталықтар жағдайларын қоспағанда) 

аналықтар және аналықтардың 30%-дан астамы ұрықтанбай қалған аталықтар бөлініп тасталады. 

Жұптарын  іріктеу.  Іріктеу  мақсаты  -  ұрпақтарында  ата-енесінің  жақсы  қасиеттерін 

қалыптастыру және арттыру. Біркелкі (біртекті) және әр түрлі (гетерогенді) іріктеу айырады. 

Біркелкі іріктеу ұрпағында ата-енелерінің жақсы қасиеттерін қалыптастыруға және арттыру 

үшін қолданылады. Бұл ретте аталыққа жануарлардың өнімділігі бойынша біркелкілерін бекітеді. 

Біркелкі іріктеу асыл тұқымды фермалардың негізгі табынында және тауарлы фермалардың 

асыл тұқымды ядроларында қолданылады. 

Біркелкі іріктеудің жоғары нысаны – туыстық шағылыстыру. Бұл іріктеу кейде желіні төсеу 

кезінде пайдаланылады. Әдетте, ондай жағдайларда қалыпты туыстық шағылыстыруға (3-4, 

4-3, 2-5, 5-2, 4-4) жүгінеді. Туыстық шағылыстыру кезінде жануарларға ұстау, азықтандыру 

бойынша жақсы жағдай жасап, қатал таңдаудан өткізу қажет.

Әр түрлі іріктеу кезінде әр типті белгілері бар жануарларды шағылыстыруды жоспарлай-

ды. Оң қасиеттерімен қатар нақты бір кемшіліктері бар аналықтарды онда кемшіліктері жоқ 

аталықтармен шағылыстырады. Кемшіліктері бірдей немесе қалыпты типтен бірден ауытқып 

кеткен жануарларды іріктеуге болмайды. 

Қоян шаруашылығындағы асыл тұқымдық және зоотехникалық есеп. Селекциялық жұмысты 

дұрыс ұйымдастыру үшін жақсы зоотехникалық есеп қажет. Есепке алу құжаттарының бес ны-

саны бар:1. Негізгі табындағы аталықтың карточкасы. 2. Негізгі табындағы аналықтың карточ-

касы.3. Негізгі табындағы мал басының ведомості.4. Өндірістік журнал. Бұл журналда негізгі 

табындағы үй қояндарының нөмірі жазылады және тексерілетін жас үй қояндары тордағы орын-

дары бойынша жазылады. Асыл тұқымды шаруашылықта аналық басқа жеке-жеке бір жылға ша-

мамен 35 жол қалдырылады, ал тауарлы шаруашылықтарда 6 - 8 ( төлдерін бонитирлемейді). 

Аталықтарын ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау ведомості. Бұл асыл тұқымды ферма-

ларда жүргізіледі. Осындай есепті жүргізуге арналған құжатқа төмендегілер жатады. 

1.Ұрпақтарын тіркеудің жинақтық актісі. Туылған көжектерді бірінші күннен бастап тексереді. 

Трафареткада тірі немесе өлі көжектерге санақ жүргізеді. Көжектерді туылған күнінен кейін 

екінші күннен бастап тіркеуге алады,мәліметтерді жинақтық актіге және трафаретке енгізеді. 

Айдың соңында жинақтық актіні бухгалтерияға жібереді. Шаруашылық бухгалтерлігі тек тірі 

қояндарды саралайды.

2. Аңдарды топтан топқа өткізу туралы акті. 

Оны тек айдың соңғы күндері толтырады. 

Жас аналықтарды бөлгеннен кейін алғаш көжектегеннен соң, жас аталықтарды – бес айлы-

ғында негізгі табынға ауыстырады. Актіні бригадир немесе ферманың басқарушысы жасайды.

3. Топтың ведомості. Оны дайындау пунктіне жөнелтілетін әрбір қояндар партиясына 3 

данадан жасайды (ферма меңгерушісі, бригадир, зоотехник). 

4. Үй қояндарын есептен шығару (өлім-жітім) актісі. Қоян шаруашылығында құрамында зо-

отехник, мал дәрігері, ферма меңгерушісі немесе бригадирі бар комиссия болады. Құлауы не-

месе мәжбүрлі өлтіру салдарынан жануарды есептен шығару кезінде актіде себебі көрсетіледі. 

Актіні құлау немесе мәжбүрлі өлтіру күні толтырады, оны шаруашылық басшысы бекітеді. Актіде 

терісін пайдалану жолдары көрсетіледі(қоймаға тапсырылды немесе жойылды).

5. Үй қояндарының қозғалысы туралы есеп. Жануарлардың келуі және есептен шығуы 

туралы алғашқы құжаттар мен жазба негізінде зоотехник, ферма меңгерушісі немесе бри-

гадир жасайды.

6. Талап-жүкқұжаты мен ерекшелігі – тиелген асыл тұқымды төлге, сондай-ақ қояндардың 

терісіне арналған ілеспе құжат. Ерекшелік құжатын екі данада, ал жүкқұжаты үш данада жасайды. 

Асыл тұқымдық жұмысты жоспарлау. Асыл тұқымды жұмыс жоспарын жасаудағы негізгі 

мақсат – үй қояндарының тұқымын аса маңызды шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша 

одан әрі асыл тұқымдық жетілдіру перспективаларын және әдістерін айқындау. Асыл тұқымдық 

жұмыс жоспары 3-5 жылға келесі схема бойынша дайындалады:

1. Шаруашылықтың жалпы мінездемесі. Бұл бөлімде үй қояндарын ұстау және азықтандыру 

бойынша мінездеме беріледі.

2. Табын мінездемесі – табынды жасақтау, жас және жыныстық құрылымы туралы дерек-

тер келтіріледі, жануарлардың негізгі шаруашылық-пайдалы белгілері бойынша сипаттама 

беріледі (тірі массасы, түк жабынының қалыңдығы мен тегістігі, дене бітімі, түсі, жануарлардың 

сыныптылығы мен өнімділік қабілеті).

3. Үйірдің генеологиялық құрылымы және туыстығына талдау. 4. Іріктеу және саралау жүйесі

5. Сандық және сапалық көрсеткіш жоспары

6. Сандық және сапалық көрсеткіштерінің қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 мау-

сымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13832 

болып енгізілді.

ҚазаҚСтан РеСпуБликаСы

ауыл шаРуашылығы миниСтРлігінің БұйРығы

2016 жылғы 16 қыркүйек           №392             Астана қаласы



«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық 

актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл 

шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы 

№ 7-1/559 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

бұйырамын:

1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына 

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген, 2014 

жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінің № 232 (28455) санында жарияланған) мы-

надай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген  бұйрықпен  бекітілген  Жануарлардың  және  адамның  денсаулығына  қауiп 

төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып 

қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiнде:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ірi қара малдың аурулары – нодулярлық дерматит (экзотикалық ауру)*, iрi қара малдың 

обасы, қарасан, қатерлi iсiк, кемiктәрiздес энцефалопатия;»;

мынадай мазмұнында ескертпемен толықтырылсын:

«Ескертпе: * алып қою және жою ауыл шаруашылығы жануарлары өлген кезде жүзеге 

асырылады.».

2.  Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы  министрлігінің  Тамақ  қауіпсіздігі 

департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы  бұйрық  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінде  мемлекеттік  тіркелген 

күнінен бастап онкүнтізбелік күні ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдары-

на және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан 

Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін 

«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық 

мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интер-

нет-ресурсында  және  мемлекеттік  органдардың  интранет-порталында  орналастырылуын 

қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының 

Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 



жылғы 4 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралады.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары – 

Қазақстан Республикасының 

Ауыл шаруашылығы министрі А. МЫРЗАХМЕТОВ

 «КЕЛІСІЛГЕН»  

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының 

ҚазақстанРеспубликасының

Қаржы министрі 

 

Ұлттық экономика министрі

____________ Б. Сұлтанов   

____________ Қ. Бишімбаев

2016 жылғы 19 қыркүйек 

 

2016 жылғы 27 қыркүйек

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 қа­

занда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14371 

болып енгізілді.


1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал