ҚазаҚстан Республикасы инвестициялаР және даму министРлігінің бұйРығы



жүктеу 2.78 Mb.

бет14/29
Дата14.09.2017
өлшемі2.78 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29

(Жалғасы 18-бетте) 

18

 22 ТАМЫЗ 2017 жЫл

ресми

жабдықталады. Бұл ұңғымаларды конструкцияларды орналастыру, бақылаулардың мерзімдері 



және материалдарды өңдеу жұмыстар бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

46. Мелиорациялық жағдайы қиын алқаптарда режимдік желіге ыза суларының деңгейін бір 

реттік өлшеу мен ауалану аймағындағы жыныстарды сынамалау үшін қосымша ұңғымаларды 

қосады, олар агромелиорациялық зерттеп-қарауды жүргізу барысында бұрғыланады.

47. Бақылау ұңғымаларының барлығы топографиялық негізге немесе жерпайдалану жо-

спарына енгізіледі және олардың кеңістік және биіктік байланысы құрылады. 



3-параграф. Бақылау ұңғымасының конструкциясы мен элементтері

48. Бақылау ұңғымалары қамтамасыз етеді: 

1) деңгейлерді, температураны өлшеу мен жерасты суларының сынамаларын стандартты 

жабдықпен алуды жүргізуді; 

2) коррозия мен химиялық суффозияға қарсы тұрақтылықты; 

3) сүзгілерді қалпына келтірудің механикалық және химиялық әдістерін қолдануды

4) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындаудың мүмкіндігін.

49.  Ұңғыманың  параметрлері  мақсатымен,  ауалану  аймағы  мен  су  сақтағыш  жиектің 

күштілігімен, ыза сулары ауытқуының амплитудасымен, төмен жатқан су сақтағыш жиектер-

мен гидравликалық байланыс арқылы анықталады. 

50. Су сақтағыш жиектің қалыңдығы 10 метрге дейінгі суармалы алаңдар үшін ұңғыма 

бірінші сутіректің шатырындағы кенжармен ашу әдісі бойынша жетілген болып келеді. Егер 

жиектің қалыңдығы 10 метрден асса, онда жетілмеген ұңғыма жабдықталады, оның түбі су 

сақтағыш жиекте соңғы 3-5 жыл ағымында бақыланатын ыза суларының ең төмен деңгейінен 

5-8 метрге төмен болуы тиіс. 

51. Бақылау ұңғымасының типтік конструкциясы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген 

және жерүсті және жерасты бөліктерінен тұрады, оларға қақпағымен бірге қорғаныш тысы, 

арнайы бекітетін қақпағы бар бас, бетонды негіз, сүзгінің саңылаусыз бөлігіндегі шегендеу 

құбыры, сүзгі, тығыны бар тұндырғыш кіреді. Бақылау ұңғымаларын бүлінулерден сақтауды 

күшейту үшін қорғаныс қоршауы жасалады.

52. Ыза суларының деңгейін өлшеу үшін шегендеу құбырының жоғарғы бөлігі (бас) жердің 

бетіне 1 метрден аспайтын биіктікке шығарылады, бірақ тасқын кезіндегі олардың мүмкін су 

басуы мен қыста қардың жиналуы ескеріледі.

53. Суармалы жайылымдар мен төмен террасаларда бақылау ұңғымаларын жабдықтау ба-

рысында келте құбыр мен шегендеу құбырының арасындағы жіктің бітелуі қамтамасыз етіледі.

54. Жерүсті суларының құбыр сыртындағы кеңістікке ағуының алдын алу үшін барлық 

бақылау ұңғымаларының айналасындағы шеңберлі кеңістік 1 метрге жуық тереңдікке бентонитті 

сазбен тығыздалады.

55. Бетонды негіз қорғаныс құралының міндетін атқарады және ұңғыманың су қабылдайтын 

бөлігіне  суару  суларының,  еріген  сулардың,  атмосфералық  жауын-шашындар  мен  басқа 

ағындар сүзілуінің алдын алады.

56. Бақылау ұңғымаларын сақтауды күшейту үшін металл құбырлардан қорғаныш тыс пен 

қорғаныс қоршауы жасалады.

57. Бақылау ұңғымалары үшін шегендеу құбырлары ретінде металл, асбесті цемент, по-

лихлорвинил және қыш материалдары пайдаланылады. 

58. Сүзгінің конструкциясы мен типі сусыйымды жыныстардың литологиялық құрамына 

байланысты  таңдалады.  Бақылау  ұңғымасына  арналған  сүзгінің  жұмыс  істейтін  бөлігінің 

ұзындығы бір метрден кем болмайды. Жыныстардың су молшылығы әлсіз болғанда және 

тікелей аймақтылықты зерттеу қажеттілігі туындағанда, сүзгінің ұзындығы сусақтағыш жиектің 

ашылған қуатына ұлғайтылады. Тұндырғыштың ұзындығы бір мерден кем болмайды. Ұңғыма 

бағанасын бекітуге арналған металл құбырдың диаметрі – 76, 89, 108 миллиметр, пластикалық 

құбырдың диаметрі – 100 миллиметр.

59. Құрамында агрессивті химиялық элементтер үлесі жоғары ыза суларының режиміне 

бақылауларды ұйымдастыру үшін қыш және полиэтиленді блоктардан жасалған коррозияға 

қарсы сүзгілерді қолдану ұсынылады. Коррозияға қарсы сүзгілер пластмассалы тор немесе 

шыны талшықпен қапталған, тесілген полиэтилен құбырдан дайындалады.

60. Түбімен жұмыс істейтін пьезометр ұңғымаларын жабдықтау барысында жерасты су-

ларын жерүсті суларынан қатаң оқшаулау қажет. Қол бұрғысымен бұрғыланған ұңғымаларға 

сыртқы диаметрі бұрғылау диаметрінен асатын шегендеу құбырларын басады немесе қағады. 

Ұңғылауды жеңілдету үшін құбырдың төменгі жағын конус сияқты етіп үшкірлейді. Жабдықтау 

барысында пьезометрдің түбіне міндетті түрде ірі құм мен ұсақ қиыршық тас салынады.

4-параграф. Ыза суларының деңгейін стационарлы бақылаулар

61. Ыза суларының деңгейін стационарлы бақылаулар суармалы жерлер мен оларға 

іргелес аумақтардағы бақылау ұңғымаларында жүргізіледі.

Суармалы жерлердің 1000 гектарға жұмыстардың құрамы, көлемі мен бақылау ұңғыма-

ла рын дағы  ыза  суларының  деңгейін  өлшеудің  кезеңділігі  осы  Қағидаларға  3-қосымшада 

келтірілген.

62. Ыза суларының деңгейін өлшеу міндетті түрде оларды жүргізудің әдістемесіне сәйкес 

жүзеге асырылады.

Ыза  суларының  деңгейін  өлшеуден  бұрын  өлшеу  аспаптарына  тексеру  жүргізу  және 

ұңғыманың жанын тазарту, ұңғыма сағасының ілмекті құрылғысын ашу және бақылау бирка-

сын алу жолымен жұмыс орнын дайындау қажет.

Ұңғымалардағы  ыза  суларының  деңгейін  өлшеу  аспапқа  қоса  берілетін  нұсқаулыққа 

сәйкес жүзеге асырылады.

Ұңғымадағы  су  деңгейін  өлшеу  шегендеу  құбырының  тиянақталған  жазықты  жоғарғы 

кесігінің тұрақты маркасынан немесе ұңғыма басынан жүргізіледі. Өлшейтін құралды шегендеу 

құбырының жоғарғы кесігінің немесе ұңғыма басының бір нүктесіне қою керек.

Ұңғымадағы ыза сулары деңгейінің орналасу тереңдігі: гидрогеологиялық өлшеуішпен 

өлшеу барысында шартылдақтың ұңғыма ішіндегі судың бетіне тиген сәттегі дыбысы бойынша, 

ал электр деңгей өлшеуішпен өлшеу барысында тетік су деңгейіне жеткендегі жарық және/

немесе дыбыс сигнализациясы бойынша белгіленеді.

Бастапқыда сантиметрлер (1 сантиметрге дейінгі дәлдікпен), ал кейін метрлер саналады. 

Деңгейді өлшеу процедурасы ұңғымада екі-үш рет жүргізіледі. Бақылап өлшеу барысындағы 

деңгей санақтарының түрлілігі 0,5 сантиметрден аз болса, онда бірінші өлшеу дұрыс болып 

есептеледі. Кері жағдайда, кемінде екі рет қайталанған өлшеу дұрыс деп саналады.

Деңгейлерді өлшеу нәтижелері далалық журналға енгізіледі, ондағы ыза сулары деңгейінің 

жату тереңдігі өлшеу аспабының түзетулері мен ұңғыманың жерүстіндегі бөлігінің биіктігі 

ескере отырып есептеледі.

Бақылаушы өлшеу жүргізе отырып, нәтижені бақылау ұңғымасының басына бекітілген 

биркаға жазады.

63.  Бақылау  ұңғымаларындағы  ыза  суларының  температурасын  бақылау  су  деңгейін 

өлшеумен бірге орындалады.

Ыза суларының температурасы ұңғымаға арқан немесе өлшеуіш арқылы су деңгейінен 

төмен түсірілетін мерзімді термометрдің көмегімен анықталады.

Термометр бойынша санақ, оны көтергеннен кейін бірден алынады.

Температураны өлшеудің дәлсіздігі – 0,1°С.

Температураны өлшеулердің нәтижелері ыза суларының деңгейін бақылаудың далалық 

журналына енгізіледі.

Судың температурасын өлшеумен бірге далалық журналға өлшеу кезіндегі ауа-райы ту-

ралы мәлімет енгізіледі.

5-параграф. Ыза суларының минералдануы мен химиялық құрамын

стационарлы бақылаулар

64. Ыза сулардың минералдануы мен химиялық құрамын бақылауыза суларының сына-

маларын бақылау ұңғымаларынан алу жолымен жүргізіледі.

Суармалы  жерлердің  1000  гектарға  ыза  суларының  минералдануы  мен  химиялық 

құрамын зерттеуге арналған жұмыстардың құрамы, көлемі мен кезеңділігі осы Қағидаларға 

4-қосымшада келтірілген.

65. Бақылау ұңғымаларынан су сынамаларын алу кезінде сақтау және бастапқы құжаттарды 

іріктеу жөніндегі талаптар сақталуы тиіс.

Бақылау ұңғымаларынан су сынамаларын алу олардың алдын ала айдалуынан кейін 

жүргізіледі, ол механикалық әдіспен немесе қол сорғымен жүзеге асырылады. Ұңғымадан су 

бағанының кемінде 2-3 көлемі айдалады. Айдаудың көлемі мен уақытын ұңғыманың тереңдігі 

мен диаметрі, су деңгейі мен сорғының өнімділігін ескере отырып есептейді.

Ұңғымадан ыза суларының сынамасын алу айдау мен арнайы құралдардың төменгі клапаны 

бар, не жоқ қауғаның көмегімен олардың деңгейінің алдағы қалпына келуінен кейін жүргізіледі.

Судың аз ғана бағанында (5 метрге дейінгі), әсіресе диаметрі 100 миллиметрге дейінгі 

ұңғымаларда қауғалауды «стакан» типіндегі қауғамен жүргізген дұрыс, яғни төменгі клапан-

сыз, әдетте ұңғымалардың кенжарында болатын жүзгінді көтермеу және алмау мақсатында.

Сынама алу үшін, қауға су деңгейінен, кемінде 1-2 метрге төмен тереңдікке ұңғымаға 

түсіріледі. Су сынамасының әрқайсысының мөлшері 2 литрден аз болмауы тиіс.

Су сынамалары ілеспе ведомостпен бірге химиялық талдауларды орындау үшін зертханаға 

жеткізіледі. 

66. Ыза суларының сапасы минералдануы және химиялық құрамының дәрежесі бойын-

ша бағаланады.

Ыза  суларының  сапасын  анықтау  үшін  олардың  құрамындағы  аниондардың  мөлшері 

бойынша химиялық құрамы анықталады: НСО

3

, S0



4

, Сl және катиондар - Са, Mg, Nа, Ктекше 

грамм/дециметр немесе миллиграмм/эквивалентпен көрсетіледі. Аниондар мен катиондардың 

жиынтығы минералдану немесе судағы тұздың мөлшерін анықтайды. Минералдану дәрежесі 

бойынша ыза сулары тұщы (тұздардың шоғырлануы 1 текше грамм/дециметр дейін), аздап 

сортаңданған (1-3), күшті сортаңданған (3-5), тұзды (5-50) және тұзды су (>50) болып бөлінеді.

Судың  химиялық  құрамы  мен  минералдануы  тұз  құрамының  формуласы  бойынша 

көрсетіледі. Осы формула арқылы басым аниондар мен катиондар бойынша судың химиялық 

типі анықталады. Судың типі бастапқыда аниондардың, ал сосын катиондардың құралуы 

бойынша азаймалы ретпен анықталады. Компонент мөлшері 10%-дан аз болғанда, олар су 

типін анықтауға қатыспайды.

6-параграф. Гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізуге арналған аспаптар мен 

жабдықтар

67. Гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізу үшін тасымалды және стационарлы аспапттар 

мен жабдықтар пайдаланылады.

68. Өлшеудің тасымалды құралдарына шартылдағы бар гидрогеологиялық өлшеуіш, электр 

деңгей өлшеуіш жатады, олар құрылымдық элементтердің бірқатар ерекшеліктері мен пайда-

лану шарттарымен өзгешеленеді:

1)  тасымалды  акустикалық  гидрогеологиялық  өлшеуіш.  Мұндай  өлшеуіштің  негізгі 

элементтері: 1 және 0,5 сантиметр бөліктері бар өлшеу бауы, ұзындығы – 20 метрге жуық; 

өлшеу бауының басында орналасқан шартылдақ; тұтқасы мен бауды орауға арналған жинал-

малы тұтқасы бар өлшеуіштің корпусы болып табылады. Су деңгейін бақылаудың дәлсіздігі – 1 

сантиметр, өлшеулердің ең үлкен тереңдігі – 20 метрді құрайды;

2) дыбыс пен жарық сигналы бар тасымалды электрлі деңгей өлшеуіштер. Өлшенетін 

тереңдіктің ауқымы – 0 бастап, 50 метрге дейін. Деңгей өлшеуіштің жол берілетін негізгі 

дәлсіздігінің шегі – 3 сантиметрге жуық. Тетік ретінде, диаметрі 20 миллиметр электрод қызмет 

атқарады, ол бақылау ұңғымаларының барлығында дерлік өлшеу жүргізуге мүмкіндік береді.

69. Өлшеудің стационарлы құралдарына ыза сулары деңгейінің өзгерістерін уақытында 

үздіксіз тіркеу мақсатында дискреттік әсердегі түрлі деңгей өлшеуіштер жатады.

Ұзақ  уақыт  бойы  бақылау  ұңғымаларындағы  ыза  суларының  деңгейі  мен  температу-

расын автоматты түрде өлшеу мен үздіксіз тіркеу мақсатында деңгей өлшеуіш-дайверлер 

пайдаланылады. 

Жұмыс қағидасы – деңгейдің батырылатын тетіктері құрылғының үстінде орналасқан, 

сұйықтық  бағанымен  пайда  болатын  гидростатикалық  қысымды  өлшеу  негізінде  жұмыс 

істейді. Қысымның пьезорезистивті сенсоры деңгейден төмен батырады және шығу сигна-

лы деңгеймен өзара байланысқа түседі; гидростатикалық қысымның алынған белгілері су 

бағанының метрімен өлшенеді.

Бақылау ұңғымаларының алыстан өлшеу жүйесін тікелей оқу кабелінде орналасқан стаци-

онарлы деңгей өлшеуіш - дайверлер бақылау объектісінен айтарлықтай қашықтықтағы өлшеу 

мәліметтеріне лезде қол жеткізудің үнемді әрі тиімді әдісін қамтамасыз етеді. 

70. Бақылау ұңғымалары мен пьезометрлерден қажет мөлшердегі су сынамаларын алу 

үшін гидрогеологиялық сынама алғыш, яғни тот баспайтын, болаттан немесе полихлорвинил-

ды коррозияға қарсы материалдардан жасалған, төменгі кері клапанмен немесе клапансыз 

желонка арналған.



7-параграф. Бақылаулар, өңдеулер мен ақпаратты ұсыну жүйесіне қойылатын 

талаптар

71. Далалық журналға жазулар жай қаламмен енгізіледі, әрі қате немесе бұрыс жазулар 

сызылады және үстінен түзетілгендері жазылады. Далалық журналдағы әр жазу бақылаушының 

қолымен куәландырылады.

72.  Далалық  журналдарға  бақылауларды  жазу  өлшеу  орнында  далалық  мәліметтер 

құжаттарының әдеттегі ережелерін сақтай отырып жүргізіледі. 

73. Өлшеу жүргізуді қадағалау үшін ұңғымаларға бирка орнатылады. Бақылаушы өлшеуді 

жүргізе отырып, нәтижені далалық журнал мен ұңғымада қалатын биркаға жазады. Биркадағы 

жазу жай қаламмен жүргізіледі.

8-параграф. Бақылау ұңғымаларының күтімі мен жөнделуі

74. Бақылау ұңғымасының жоспарлы жөндеуаралық кезеңі жөндеу түрінің әрқайсысының 

орташа ұзақтығы ескеріліп, жоспарлы - алдын алу жөндеулерінің жоспарланған күніне бай-

ланысты белгіленеді.

75.  Жөндеуаралық  кезең  –  бұл  екі  жоспарлы  жөндеу  арасындағы  уақыт  аралығы. 

Жөндеуаралық кезең бақылау ұңғымаларының құрылымдық элементтеріне біртіндеп жүргізілген 

екі жөндеудің арасындағы жұмыс уақытын анықтайды.

76. Бақылау ұңғымаларын ағымдық жөндеу сақтық іс-шараларын іске асыру мен ұсақ 

бүлінулер мен ақауларды жою жолымен құрылым элементтерін жүйелі әрі уақтылы сақтау 

бойынша жұмыстарды жүргізуді көздейді.

77. Бақылау ұңғымаларын ағымдық жөндеуіне олардың жер үстіндегі конструкцияларының 

металл  элементтерін  бояу,  құлыптар  мен  қақпақтарды  жөндеу  мен  ауыстыру,  бақылау 

нүктелеріндегі нөмірлердің жазуларын қалпына келтіру, сүзгі тіректерін лай мен құмнан та-

зарту жатады.

78. Бақылау ұңғымаларын ағымдық жөндеу жөніндегі жұмыстар:

1) алдын ала жоспарланатын профилактикалық жұмыстар

2) пайдалану барысында анықталған қосымша жұмыстар (болжанбаған жұмыстар, апаттық 

жұмыстар) болып бөлінеді. 

79.  Бақылау  ұңғымаларын  ағымдық  жөндеу  жыл  бойы  жүйелі  түрде  кесте  бойынша 

жүргізіледі,  ол  құрылыстар  мен  жабдықтарды  пайдалануға  жауапты  линиялық  гидрогео-

логиялық-мелиорациялық қызмет жұмысшыларының қарап-тексерулері мен сұранымдарының 

негізінде жасалады.

80.  Бақылау  ұңғымаларына  ағымдық  жөндеу  жүргізу  барысындағы  жоспарлы  жөндеу 

аралық кезең бір жылды құрайды. Пайдалану барысында анықталған, болжанбаған қосымша 

жұмыстар ағымдық жоспарлы жөндеу аралық кезеңде орындалады.

81. Бақылау ұңғымаларының күрделі жөндеуі құрылымның тозған элементтерін қалпына 

келтіру немесе ауыстыруға бағытталған техникалық іс-шаралардың кешенінен тұрады.

82. Бақылау ұңғымаларының күрделі жөндеуіне қақпағы бар қорғаныш тысын, құлыпты 

ұңғыманың басын, қақпағын, бетонды негізді, ұңғыма бағанасын, сүзгі бөлігін толық ауыстыру, 

қалпына келтіру, сонымен қатар қайта бұрғылау кіреді.

83. Бақылау ұңғымаларының күрделі жөндеуі кешенді немесе іріктемелі болады. Кешенді 

бақылау ұңғымаларының толық жөнделуін, ал іріктеме-конструкцияның жекелеген элементтерін 

жөндеуді көздейді.

84. Бақылау ұңғымаларын кешенді күрделі жөндеуі барысында жөндеуаралық кезең – 14 

жылды құрайды.

85. Бақылау ұңғымаларын іріктемелі күрделі жөндеу барысында жөндеуаралық кезең 

–  бақылау  ұңғымалары  бойынша  конструкция  элементтерінің  қызмет  мерзіміне  сәйкес 

белгіленеді, ол 7 жылды құрайды.



9-параграф. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындау кезіндегі құжаттама

86. Бақылау ұңғымаларының жұмысқа жарамдылығы мен техникалық жай-күйін тексеру, 

жылына 1 рет суару кезеңі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Бақылау  ұңғымаларының  техникалық жай-күйі  тексеріледі, судың  деңгейі, ұңғыманың 

түбіне дейінгі тереңдік бақыланып, өлшенеді. Бұл үшін сүзгі тұндырғышының түпкі тереңдігі 

бақыланып, өлшенеді, ол ұңғымаға сүзгі орнатылғаннан кейін, бірден орындалған сондай 

өлшеудің нәтижелерімен салыстырылады.

Айырма бойынша түптің тереңдігінде тұндырғыш пен сүзгінің құм және лаймен ласта-

нуы мен оның дәрежесі анықталады. Өлшеулердің нәтижелері далалық журналға енгізіледі.

Егер ұңғыманың түбін бақылап өлшеу ластанудың бар екендігін көрсетсе, суды қауғаның 

көмегімен уақытша айдау жолымен тазалау жүргізіледі.

87. Бақылау ұңғымаларының жұмысқа жарамдылығын аспаппен тексеру және техникалық 

ахуалын көзбен байқау нәтижелері бойынша ақау актілері жасалады. 

88. Бақылау ұңғымаларында ағымдық және күрделі жөндеудің ауқымы мен түрлері ақау 

актілеріне  сәйкес  жүргізіледі,  олар  пайдалануға  берілген  сәттен  бастап,  барлық  кезеңде 

одан бұрын жүргізілген жөндеу жұмыстары бойынша ақпараттан тұрады, олардың негізінде 

орындалған жұмыстарының актілері жасалады.

10-параграф. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау мен

қауіпсіздік техникасы

89. Бұрғылауға жарықтандыру және ілеспе бұрғылау жабдықтарымен толықтай жарамды 

бұрғылау қондырғысы ғана жіберіледі. 

90. Бұрғылау бригадасының әр жұмысшысы өзі оқыған жұмысты орындайды. Тиісті оқу мен 

қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамасыз басқа жұмыстарды орындауға тыйым салынады.

91.  Бұрғылау  шебері  ай  сайын,  жұмысты  бастар  алдында  бұрғылау  жабдығы  мен 

құралының дұрыстығын, жұмыс орнының жай-күйін, қорғаныс және қосалқы құралдардың және 

құрылғылардың дұрыстығын тексереді.

92. Бұрғылау құралына нұсқаулық, қауіпсіздік техникасы бойынша ескерту жазбалары мен 

белгілер ілінеді; бұрғылау білдектері жерге тұйықталады.

93. Еңбектің жаңа технологиялық процестері мен әдістерін енгізу, жабдықтар, аспаптар 

мен механизмдердің жаңа түрлерін қолдану кезінде жұмысшылар қауіпсіздік техникасы бой-

ынша қосымша нұсқамадан өтеді.

94. Барлық жұмысшылардың қауіпсіздік техникасы бойынша қайталама нұсқамасы, жы-

лына кемінде бір рет жүргізіледі.

Қайталама нұсқама арнайы кітапта тіркеледі, ол қауіпсіздік техникасы бойынша жауапты 

адамда сақталады.

95.  Барлық  жұмысшылар  еңбекті  қорғау  мен  қауіпсіздік  техникасының  талаптарында 

көзделген, жеке қорғаныс құралдарымен қамтылады және пайдаланады.

(Жалғасы. Басы 17-бетте) 

6-тарау. Топырақ-мелиоративтік жұмыстар

1-параграф. Топырақ-тұздық түсірілім

96. Топырақ-тұздық түсірілімді жүргізу кезінде суармалы топырақтың сортаңдану химизмінің 

дәрежесі мен типі, сортаңданған жерлердің кеңістіктік таралуы белгіленеді, сондай-ақ тұз жи-

налу процестерінің даму себептері, топырақ сортаңдануының су шаруашылығы жағдайлары 

мен ыза суларының режимімен өзара байланысы анықталады.

97. Суармалы жерлердің 1000 гектарға топырақ-тұздық түсірілімі кезіндегі жұмыстардың 

құрамы мен көлемі осы Қағиданың 5-қосымшасында келтірілген.

98. Топырақ-тұздық түсірілімнің масштабы мен кезеңділігі табиғи және ирригациялық-

шаруашылық  жағдайлардың  күрделілігіне,  аэрация  аймағындағы  топырақтар  мен  жер 

қыртысының сортаңдану дәрежесіне байланысты. 

99. Суармалы жерлердің топырақ-тұздық түсірілімі, кемінде 5 жылда бір рет жүргізіледі 

және ол үш кезеңнен тұрады – дайындық, далалық және камералды.

100. Дайындық кезеңінде бірінші кезектегі алқаптарды таңдау жүргізіледі және тұздық 

түсірілімдерді жүргізудің мерзімдері мен көлемдері анықталады. Қорлы материал жинала-

ды және сараланады, топографиялық негіз таңдалады. Түсірілім жүргізу барысында мерзімі 

2-жылдан аспайтын аэрофото түсірілімдердің (фотосызбалар және жанасқан таңбалар) ма-

териалдарын пайдаланған дұрыс. Тұзды түсірілімді жүргізу кезінде сондай-ақ топографиялық 

карталар, жерпайдалану жоспарлары, топографиялық түсірілім материалдары пайдаланыла-

ды. Топонегіздің масштабы тұздық түсірілімнің масштабына сәйкес болады немесе одан бір 

градациядан артық аспайды. Топонегіз географиялық координаттармен қамтамасыз етіледі.

101.  Далалық  кезеңде  нысанды  алдын  ала  тексеру  жүргізіледі.  Алдын  ала  тексе-

ру  процесінде  сортаңданған  жерлердің  ең  ірі  кескіндерін  табу,  топырақтың  түрлері  мен 

түршелерінің шекараларын анықтау жүргізіледі. Тексеру материалдары бойынша топырақ 

қазбаларының салыну тығыздығы мен саны анықталады.

102. Қазбалардың 1 шаршы шақырымының тығыздығы 1:10000 масштабы үшін 12-ден 

кем болмайды, 1:5000 және 1:2000 масштабтары үшін 30 және 60. Алайда, жеке жағдайларда 

топырақ жамылғысының біртектілігі мен сапа шартына сай қор материалдары мен жоғары сапа-

лы топографиялық негіз болғанда, заманауи техникалық құралдарды қолдану барысында, егер 

ол жұмыстардың сапасына әсер етпеген жағдайда, қазбалардың санын азайтуға жол беріледі,. 

Сортаңдану картасында белгіленген әрбір кескін қазбамен сипатталады, бірақ біртекті ұсақ 

кескіндер көп болған жағдайда, олардың алынған нәтижелерінің басқа кескіндерге экстрапо-

ляциясымен ішінара сипатталуына жол беріледі. Топырақ қазбаларының орнын топонегізге 

түсірудің дәлдігі 1 миллиметрден кем болмайды.

103. Топырақ жамылғысы күрделілігі дәрежесі бойынша үш санатқа бөлінеді:

1-санат – топырақ жамылғысы біртекті аудандар, топырақ кешендері алаңдардың 15%-ын 

алады. Сортаңданған және лайланған жерлердің алаңы –5%-ын құрайды.

2-санат – әртекті топырақ түзуші жыныстары бар аудандар, топырақ кешендері алаңдардың 

30%-ын алады. Сортаңданған және лайланған учаскелердің алаңы –20%-ын құрайды.

3-санат – дамуы 30 пайыздан асатын алаңдар, жайылымдар, дельталар, күріш егістігі 

айналымдары. Сортаңданған учаскелер – 20%-дан астамды құрайды.

104. Топырақ-тұздық түсірілімдердің масштабы олардың нысаналы мақсатына, тексерілетін 

алаңдардың өлшеміне, топырақ жамылғысының әртектілігі мен кешенділігінің дәрежесіне 

байланысты. Сортаңданған топырақтардың даму аудандарында тұздық түсірілімдер 1:10000 

масштабында орындалады. Аса ірі масштабтағы (1:5000 – 1:2000) топырақ-тұздық түсірілімдер 

негізгі учаскелерде, стационарларда мелиоративтік шаралардың тиімділігі мен жобалауын 

бақылау барысында орындалады. 

105. Қазбалар мен су сүзінділерінің саны түсірілімнің масштабы мен топырақ жамылғысының 

күрделілігіне байланысты. Топырақ-тұздық түсірілімдердің 1 шаршы шақырымға ұсынылатын 

топырақ қазбаларының саны осы Қағидалардың 6-қосымшасында келтірілген.

106. Су сүзінділеріне үлгілерді алу қол ұңғымаларын келесідей тереңдіктен бұрғылау 

барысында жүргізіледі: 0-30, 30-70, 70-100, 100-150, 150-200 сантиметр. Топырақ кескіндері 

бойынша химиялық талдаулардың топырақ үлгілері барлық қалыңдықпен генетикалық жи-

ектер бойынша тұтас бағанмен алынады. Егер жиектің күштілігі 50 сантиметрден асса, онда 

жиектен екі үлгі алынады.

107.  Топырақтардың  физикалық  қасиеттерін  сипаттау  үшін  қолмен  бұрғыланатын 

ұңғымаларды қоспағанда, зерттелетін аумақта тереңдігі 2 метрге дейінгі топырақ кескіндері 

жасалады.  1  шаршы  шақырым  бойынша  топырақ-тұздық  түсірілімдер  кезіндегі  топырақ 

кескіндерінің саны осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген.

108. Топырақ-тұздық түсірілім кезіндегі топырақ қазбаларын сипаттау мен құжаттауды ар-

найы журналдарда жүргізеді. Далалық жұмыстардың нәтижелері бойынша материалдарды 

камералды өңдеу кезінде далалық топырақ картасы мен сортаңдану картасы жасалады, олар 

химиялық талдаулар орындалғаннан кейін түзетіледі.

109. Далалық жұмыстар барысында алынған топырақ үлгілеріне тізім жасалады, онда 

қазбалардың нөмірлері, үлгілер алудың тереңдігі, химиялық талдаулардың түрлері мен саны 

көрсетіледі. Сынамалар химиялық зертханаға жіберіледі. 



1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал